«Ақтөбе–Өрлеу» институтының тәжірибелі тренері Б. К. Бухарбаевтың жетекшілігімен дене тәрбиесі, бейнелеу өнері, технология, сызу пәндеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды. Оқу процесі теориялық және практикалық сабақтардан құрылған. Педагогтар жаңартылған бағдарлама негізінде сабақтар құру әдістерін меңгеруге қызығушылық танытып, белсенді қатысуда. «Ақтөбе–Өрлеу» тірек алаңдары болып табылатын мектептерге - №51 ОМГ, №24ОМ, №70 ОМ біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруда бірлескен қызметі үшін алғыс білдіреді!!

Joomla Plugins

Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевтың «Құрылымды қоғамдық сұхбат - Қазақстан тұрақтылығы мен көркеюінің негізі» тақырыбындағы жолдауын іске асыру аясында, педагогтердің мәртебесін арттыру және серіктестік мемарандумды жүзеге асыру мақсатында «5ке» білім беру орталығында педагогтер мен оқушылар Cambridge (Young Learners А1 Movers, B1 Preliminary for Schools)  сертификатымен салтанатты түрде марапатталды. 

Марапаттау рәсіміне АӨМУ ректоры, ф.ғ.д., профессор Б.А.Ердембеков,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы директоры ф.ғ.к. Абишев Н.М., Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы С.С.Сүлейменов,  сонымен  қатар Ақтөбе облыстық білім беру ұйымдарының директорлар корпусынан тұратын әлеуметтік серіктестіктер қатысты. Бұдан бұрын Ақтөбе қаласының №21, 24, 11, 31 мектептері Cambridge Assessment English мен ҚР БжҒМ арасындағы меморандум аясында Қазақстан Республикасының «50 пилоттық мектеп» жобасына кірген болатын. 

Сертификатталған оқушылар мен педагогтерді құттықтаймыз!!!

Joomla Plugins

Ақтөбе қаласы №23 мектеп-лицейінде"Өрлеу" БАҰО " АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері А.К.Айпеисованың  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің ресурстарын пайдалану бойынша ақпараттық семинар өткізілді. Семинар барысында ағылшын тілі кафедрасының мұғалімдерін  https://americanenglish.state.gov/.  сайтында орналастырылған материалдардың құрылымы мен мазмұнымен таныстырылды. Мұғалімдер үздіксіз кәсіби дамуда он-лайн курстарына, вебинарларға қатысу, виртуалды кітапхананы пайдаланудың мүмкіндігі туралы білді. Осындай семинарлар мұғалімдер үшін өте қажет, өйткені кәсіби шеберлікті арттыруда қазіргі заманғы материалдарды қолдануды талап етеді , сондықтан оларға қол жеткізу туралы ақпарат қолжетімді болуы тиіс.

Айпеисова А.К., 

кафедра аға оқытушысы

Joomla Plugins

«Өрлеу» БАҰО АҚ «Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д. Ботағариев Төлеген Амиржановичті  60 жасқа толуымен құттықтады. Мерейтой иесін шын жүректен құттықтай отырып, облыс педагогтарының біліктілігін арттыру ісіне атсалысып, мәнді де мағыналы дәрістер, жаңа форматта өткізілген сабақтарыңызға алғыс білдіреміз! Сізге зор денсаулық, кәсіби жетістіктер, инновациялық тың идеялар мен қуанышты кездесулер тілейміз!!!

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.