Шағын жинақты мектептегі «Жаңартылған үздік сабақ»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалындаүстіміздегі жылдың 26 қазаны күні шағын жинақты мектептің бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру үдерісі арқылы мұғалімнің шығармашылық шеберлігін көтеру мен инновациялық идеяларын жетілдіру  мақсатында «Жаңартылған үздік сабақ» облыстық байқауы өткізілді.  

Байқау екі кезеңнен тұрды. Конкурстың  сырттай кезеңіне 65 бастауыш сынып   мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарлары ұсынылды, сараптама комиссиясының шешімімен облыстың барлық аудандарынан 12 мұғалімнің жұмысы «Үздік сабақ» деп танылып байқаудың екінші кезеңіне  жолдама алды.

Байқаудың қорытынды кезеңінде үздік мұғалімдер қазіргі заманғы интерактивті технологияларды, Б. Блум таксономиясын, критериалды бағалау тәсілдерін қолдана отырып Шебер-сыныптар өткізді. Мұғалімдердің үздік сабақтары диплом және алғыс хаттармен марапатталды. І орынға  Смагулова Жанаргул Дихановна  (Темір  ауданы, Алтықарасу  мектеп-балабақшасы), ІІ орын - Матяш Людмила Алексеевна  (Мұғалжар ауданы,   К.Жұбанов ат. орта мектеп), Бикирова Гүлім Тургалиевна (Ойыл ауданы,   Саға мектеп-балабақшасы), ІІІ   орын  - Рутковской Галина Артуровна – (Қарғалы ауданы, Ащылысай   мектеп-балабақшасы), Ешпанова  Айгүл  Кeңшілікқызы   (Ырғыз ауданы,    Мaмыр негізгі орта мектебі), Усенгалиева Айгерім Қонысбайқызы   Ойыл ауданы, Қаракемер  мектеп-балабақшасы) ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік тәжірибе деп танылған жұмыстар «Өрлеу» білім беру каналына  жариялануға жолданады.

Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймыз!!!

«100 жаңа есім»: педагогтердің Шахан Жолдасбаевпен кездесуі

        ҚР  Білім және ғылым министрлігі мен ҚР ақпараттық-коммуникациялық министрлігінің бұйрығымен бекітілген Қазақстанның 100 жаңа есімі  «Жол картасы» жобасын іске асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, «Мамандандырылған әлеуметтік кәсіпорын «Пандус-Ок» жобасының жетекшісі,  мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустар шығаратын жалғыз лицензияланған кәсіпорын жетекшісі Шахан Жолдасбаев пен Ақтөбе облысы педагогтерінің кездесуін ұйымдастырды.

        Шахан – бүгінгі күннің батыры, мыңдаған адамдарға шыдамдылық пен ерік-жігердің  үміт үлгісі болған жан. Оны мүгедек адам деп атауға болмайды, өйткені ол жүзуден паралимпиада ойындарының бірнеше мәрте жеңімпазы ғана емес, сондай-ақ, үлгілі отбасы иесі, әлеуметтік кәсіпкер және Қазақстанның қоғам қайраткері.

       Шахан облыс мұғалімдерімен жүздесуде өз өмірбаянымен, өмірінде кездескен қиындықтармен және оларды жеңудегі тәжірибесімен бөлісті. Оның   өмірге деген құлшынысы өмірлік құндылықтарды қайта ойлап, қоғамда ерекше қолдауды қажет ететін адамдарға деген көзқарасты өзгертеді.

      «Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы Шахан Жолдасбаевқа ризашылығын білдіріп, оған  жеңістер мен табыстар тіледі!

 

Әлемді рухы мықты адамдар ғана өзгертеді!

 

 Матсалаева Ж.,

жетекші маман

Педагог құзіреттілігіндегі тәжірибелік іс-әрекет

Институт жоспарына сай  өтіп жатқан «Биология пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» базалық курсы аясында, 24 қазан күні Ақтөбе қаласы №56 орта мектепте курс тыңдауышылары үшін көшпелі тәжірибелік сабақ өтілді. Сабақ мақсаты – цифрлық ресурстар және виртуальды лабораториялар мен құрылғыларды қолдану әдістерін үйрену.

Практикалық сабақты Ақтөбе қаласы №10 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Есенова Нурила Кобылановна IT технологиясы арқылы ақпараттық білім беру кеңістігінде лабораториялық құрылғылар жұмыс жасау ерекшеліктерімен әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісті. Практикалық сабақ биология пәнінен практикалық жұмыстар жасаумен қортындыланды. Қатысушылар өтілген көшпелі тәжірибелік сабақтың  практикалық маңызының тиімділігін жоғары деңгейде бағалады.

 

Каплиева А.К.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.

Кітапхана: жаңа бағыттар мен жаңалықтар алаңы

«Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ақпараттық орталығының меңгерушісі  Н.Н.Ермекова Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Жастар кітапханасы - жаңашылдық аймағы» атты аймақтық кітапханашылар конференциясына қатысып, тәжірибе алмасу алаңында  кітапханалық тренинг өткізді.

Тренинг аясында оқырмандарға қызмет көрсетудің сапасын арттырудың жаңа әдіс-тәсілдері мен   кітапхана жұмысын жаңартудың үрдісі, әлеуметтік белсенділікті  арттыруға көмектесу, оқу мәдениетін қалыптастырудағы  мазмұнды мәселелер  кітапхана ісіндегі инновациялық бастамалар туралы ой жалғауға жетеледі.  

Іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ақпараттық, практикалық кеңестер мен ұсыныстар айтылған жаңа лептегі ой-талқы жиналғандардың көңілінен шықты.

 

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША СЕРІКТЕСТІКТІҢ НӘТИЖЕСІ

«Казроботикс», «STEM centr», Ақтөбе қаласы Назарбаев зияткерлік мектебімен өзара серіктестік туралы Меморандум аясында «Сандық Қазақстан» бағдарламасы идеясын енгізу бойынша жүйелі, көп жоспарлы жұмыстар жалғасын тауып келеді.

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні институтта жоғарыда көрсетілген серіктестіктің нәтижесі ретінде отандық білім беру жүйесінде робототехниканы тарату және дамыту мәселесі бойынша белсенді талдау жүргізілген «Робототехника: табысты болашақ жолында» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева шараны ашып, қатысушыларды бір мақсатқа бағыттады.

Робототехниканың болашақтағы бағыттары мен мәселелері ортаға салынған  пленарлық отырыста Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары, п.ғ.к. Н. К. Кибатаева,  «Қазақстандық білім және спорттық робототехника «КазРоботикс» Федерациясының вице-президенті А. С. Гончаров, «IT және "STEM center" инженериясы» мектебінің жетекшісі А. У. Иманкулов, НЗМ информатика пәні мұғалімі, «Қазақстандық білім және спорттық робототехника «КазРоботикс» Федерациясының Ақтөбе облысы филиалының директоры                   Б. С. Шоқанов,  Ақтөбе қаласы №52 «Құлагер» МДҰ әдіскері В. Т. Көпешова, Ақтөбе қаласы, №56 ЖББОМ, информатика пәні мұғалімі Ж. Қ. Тұрсынбаев, Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжі, информатика пәні мұғалімі  С. Т. Алтыбай баяндама оқыды.

     Конференция тақырыбының өзектілігі мен ғылыми-практикалық бағыты  қатысушы педагогтердің үлкен қызығушылығын туғызды,  материалдар жинағына енуге  120-дан астам өтініштер келіп түсті.

     Белсенділікпен ерекшеленген  секция отырыстарында  сындарлы диалог, пікірлер мен тәжірибе алмасу қатар жүрді. Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді, нәтижесінде материалдардың электрондық жинағын жариялау жоспарланып, тиісті ұсыныстар берілді

     

  

Абдиров Р.Т.,

  робототехника бойынша сертификатталған тренер

 

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ

Ақтөбе облысының  ақпараттық-насихаттау тобықазан айының 11-12 күндері Байғанин ауданының шалғайдағы Алтай, Миялы, Диар, Оймауыт елді мекендерінде Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысын түсіндіру жұмыстарын бастады. Ақпараттық-насихаттау тобының құрамына институттың кафедра меңгерушісі, п.ғ.к, доцент  А.Қ. Дүйсенбаев енді.

Насихаттау тобы Елбасы Жолдауында айтылған адами капиталды дамыту міндетін жүзеге асыру, білім берудің озық үлгісін қалыптастыруға үлес қосу, алдағы уақытта қабылданатын «Педагог мәртебесі туралы» заңы, жастар саясатын белсенді ету секілді ауқымды міндеттерге тоқталып өтті .  Түсіндіру тобымен бірге п.ғ.к, доцент А.Қ.  Дүйсенбаев тұрғылықты халықпен кездесіп, олардың өзекті сұрақтарына жауап берді.

Мұндай кездесулер алдағы уақытта облыстың басқа  аудандарында да өтетін болады.

Дуйсенбаев А.К.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.

Өзін-өзі тану шебер – класын өткіземіз...

Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ жоспарына сай, «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру мен тәрбиелеу пилоттық жобаны іске асыру мақсатында, институттың сертификатталған тренері Л.А.Құлтаева № 7 «Арман» мектепке дейінгі ұйымында Шебер – класс ұйымдастырды.
Шебер – класс тәжірбиелік бағытта тренингтік режимде өтіп, тәрбиешілерді шығармашылық жұмыспен ынталандырды.
Мектепке дейінгі ұйымда өзін - өзі тануға үйрету – бұл өзіндік сабақ, оқушылар сүйіп оқитын, түсініп және қабылдау басқаларын, өз мүмкіншіліктерін қолдана отырып, Шебер – кластын барлық қатысушылары осындай қортындыға келді.

Куканова Ж.М.
жетекші маман , магистр

«Туған жер. Туған ел. Туған глобал»: қашықтықтан талқылау

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ 2018 жыл 12 қазан күні «Қоғамды рухани жаңғырту контекстінде педагогтердің біліктілігін арттыру: өлкетану аспектісі»тақырыбында Республикалық қашықтықтан teach-in ұйымдастырып  2000нан аса республика педагогтері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы  бойынша ПҚ БАИ профессорлық-оқытушылық құрамы, облыс педагогтері белсене қатысты.

 Ақтөбе филиалынан  кафедра аға оқытушысы, магистр  Б.Х.Бухарбаев пен  п.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі А.Қ.Каплиева пікірлесу алаңында география  сабағында туған өлке материалдарын қолданудың дидактикалық негіздері мәселесі бойынша өзіндік көзқарастарын білдірді.

Web-алаңына келушілер өздерінің пікірлері мен сұрақтарын қойды, жалпы адамзаттық мәдениет, тарих және ұлттық дәстүр құндылықтарына баулу негізінде оқушыларға құзырлы тұлғалық тәрбие беру, өлкетану жұмыстарын жүргізу бойынша тәрбие шараларын ұйымдастырудың заманауи түрлері, мұражай педагогикасын кіріктіру, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу құралы ретінде қатысушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Teach-in қортындысы бойынша барлық қатысушылар сертификат алады. «Астана-Өрлеу» филиалы ғылыми-педагогикалық ұжымына өзекті мәселені көтергендері үшін алғыс білдіреміз!

 

Куканова Ж.М.,

жетекші маман

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ...

Институттың жоспарына сәйкес 2018 жылдың 24.09 – 5.10 аралығында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту процесін жобалау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы болып өтті.Курс жұмысына қала, аудан  мектептерінің  қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің  мұғалімдері қатысты.

Курс барысында пән мұғалімдері білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақ процесін қалай жоспарлау керектігін, оқушы жетістіктерін критериалды бағалаудың маңыздылығын түсінді. Курста  топтық, жұптық жұмыс кезінде қолданылатын белсенді оқыту әдістерін үйреніп, қысқа мерзімді  сабақ жоспарын жасаудың тәсілдерін меңгерді.Критериалды бағалау қағидаттары, тілдік дағдыларды меңгертудегі тиімді стратегиялар тақырыбында әріптестерімен бірлескен білім ортасында тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби тұрғыда шыңдала түсті.

М.Т.Адилханова.

аға оқытушы, магистр

Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы жүзеге асырылуда

Институт жоспарына сай  2018 жылдың қыркүйек  айының 28-і күні  «Өрлеу» БАҰО»  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру»тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар Ақтөбе қаласындағы №39 «Достық» мектепке дейінгі ұйым  базасындаұйымдастырды.

Балабақша меңгерушісі А.Уркембаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын барлық білім беру үрдісіне интеграциялау жолдарына  тоқталды. Пилоттық білім беру мекемесінің  тәрбиешілері В.Чипегина, Г.Дүйсенқұлова баланың ішкі әлеуетін ашу мақсатындағы сабақта жалпыадамзаттық құндылықтарға зор мән беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

«Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік  білім беру Бағдарламасын тәжірибеде жүзеге асырудағы пайдаланылған ізгі  әдіс-тәсілдер семинарға қатысушы педагогтерді шабыттандырғанын  айтып, алғыстарын білдірді. Семинар соңында  барлық  қатысушылар «Мейірімділік  шуғы» әнін орындады. 

Култаева Л.А.,

 «Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік  білім беру Бағдарламасының тренері

«Ақтөбе – Өрлеу» шетелдік әріптестерімен кездесті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында                                   1-24 қараша аралығында  ағылшын тілінде химия, биология, информатика және физика пәндерінің оқытушыларына арнайы  өткізіліп жатқан үштілділік  курсының қатысушылары  шетелдік әріптестер  Евангелия Коури мен Иоанна Тереза Стоурнарамен кездесті.

Кездесу барысында   институт ұжымы  мен  шетелдік оқытушылар арасында кәсіби шығармашылық  қарым-қатынас орнатып, одан әрі институттың оқу материалдық және техникалық базасымен танысты.

 

Түменбаев Ш.Б.,

бөлімінің жетекші маманы

Мектептерге кітап сыйланды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  «Кітапханаға кітап сыйла!» аттықайырымдылық акциясы аясында   профессорлық - оқытушылық құрамы және мұғалімдердің  көмегімен 1500 аса кітап жиналды. Жиналған кітаптарды қаланың жаңадан ашылған №62, №66, №64, №63, №65 орта мектептеріне сыйға тартылды. Шараны  институт директоры,ф.ғ.к. Абишева Н.М. ашып, кітап құндылығының мәніне, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басым міндеттерінің бірі екендігіне тоқталды.

Оқу процесіне қажетті оқу құралдары, көркем  әдебиеттері, энциклопедиялар жаңа мектептердің кітап қорын толықтыруына зор көмегін тигізері сөзсіз. Бұндай қайырымдылық акциялардың алдағы уақытта да өз жалғаса беретінін сенімділікпен айтуға болар. 

  Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

«Өрлеу» мен ТжКБ беру ұйымының ынтымақтастығы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжі арасындағы өзара ынтымақтастықаясында 2017 жылғы 26 қазанда «Жалпы- гуманитарлық пән оқытушыларының нәтижеге бағытталған білім беру моделінде қызмет жасауға кәсіби-тұлғалық дайындығы»тақырыбындағы біліктілікті  арттыру  курсы аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында  нәтижеге бағытталған заманауи технологияларды қолдану тиімділігі» тақырыбындағы  облыстық  семинар  ұйымдастырылды.        

ТжКБ беру ұйымдарының жалпы-гуманитарлық пән оқытушыларына  арналған  семинар жұмысы барысында  институт кафедрасының аға оқытушысы Г.Е.Абулхайрова  курс тыңдаушыларымен тренинг өткізді. Сонымен қатар колледж оқытушылары Д.Ж.Симанова, Ш.Ш.Еримбетова, Б.Қ.Тлепбергенова, Н.Т.Прзадаева,  Ж.У.Жанабаева  өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-сынып көрсетті.

Семинарда жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушылардың   қызығушылықтарын тудырды.

 

Утаров Бакытбек Серикович,

инновациялық  дамуды  әдістемелік 

қамтамасыз  ету  бөлімінің бас маманы

 

ПЕДАГОГТІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖОБАЛАУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  2017 жыл  қазан айының   26-ы күні «Педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамытуда инновациялық және ақпараттық білім беруді жобалау» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық он-лайн конференция өткізді.

Онлайн-конференция жұмысында  институт директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева бәсекеге қабілетті  педагог тұлғасын қалыптастырудың өзектілігі  мен маңыздылығына тоқталып, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.  

Конференция бағдарламасы педагогтердің интеллектуалдық қабілеттері мен  кәсіби мүмкіндіктерін   ашуға бағытталған пленарлық мәжілістен  және үш секция жұмыстарынан   құралды.

Он-лайн-конференциясының қатысушылары «Нұр» Отан партиясы Ақтөбе қалалық филиалының кеңесшісі, п.ғ.к. М.С.Ержақыпов,  Абай ат. ҚазҰПУ, институт директоры орынбасары, ф.ғ.к., доцент А.Т. Ақжолова, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы ПҚ БАИ оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары,п.ғ.к., доцент И.И.Халитова, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның директоры, п.ғ.к., доцент  Н.Ғ Даумов,  Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ аға оқытушысы, филос.ғ.к. Д.А.Мацюк және  филология магистрі, аға оқытушы Р.Р. Жұмағалиева, Жамбыл ПҚ БАИ аға оқытушылары Г.А.Байтенова және Г.С.Аманова,  Қарағанды ПҚ БАИ аға оқытушысы З.К.Разбекова, Ақтөбе политехникалық колледжі ғылыми және оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері С.Б.Есқалиевалардың әріптестік ынтымақтастықтағы бірлескен  жұмысы жоғары нәтиже көрсетті.  

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша   әдістемелік ұсыныстар қабылданып, материалдар жинағы шығарылды. Конференция қатысушылары алғыс хат,  сертификаттармен марапатталды.

 Конференция жұмысына белсенді қатысып, диалогтық қарым-қатынаста жоғары деңгейде кәсіби шеберліктерін көрсете білгені үшін барлық қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.

  

Г.Жапақова,

кафедра аға оқытушысы

  

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА ОҚУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ 2017 жылдың 25 қазан күні Ақтөбе қаласындағы №29 «Достық» МДҰ базасында тәрбиешілеріне  арналған семинар,  шебер-класс форматында тәжірибелік сабақтар көрсетті.

Педагогтер Д.У.Тайжанова, А.М.Мусабек, Л.И.Олешко Г.С.Бахманова, З.Р.Епишкина, Л.А.Зулкакова, А.В.Самойленко М.Монтессори әдістемесі  бойынша дидактикалық ойындар мен үштілде музыкалық сабақтардың үзінділерін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Балалар және ата-аналармен бірге ұйымдастырылған тұлғаны тәрбиелеудегі рухани-адамгершілік құндылықтар сабағы, «Неге? Не үшін? Қалай?» зияткерлік ойыны  жоғары деңгейде өтті. Кәсіби деңгейде тәрбиеші В.А.Чипегина «Мен және менің құқығым» тақырыбында авторлық  бағдарламасын  ұсынды.  Семинар соңында тәрбиеші З.А.Баекова мектепалды даярлық топтарымен «Притча о чистом сердце» театр қойылымын көрсетті. 

Тәжірибелік сабақтар жоғары деңгейде өткізіліп, тыңдаушылармен тиімді кері байланыстар жүргізілді. Ынтымақтастық әріптестікті нығайтуға бағытталған тәжірибелік сабақтарда курс тыңдаушылары өз пікірлерін ортаға салып, ой бөлісіп, мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілі пәнін сапалы ұйымдастыруда инновациялық тәсілдерді тиімді пайдалануға үлкен мүмкіндік алды.            

 

Табынбаева А.К.,

кафедра аға оқытушысы 

Кітап сыйлау акциясы басталды

«Кітапханаға кітап сыйла!» атауымен бастау алған акция ағымдағы жылдың 23 қазанынан өз жалғасын табуда. Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы және  қызметкерлер акцияға гуманитарлық бағыттағы, көркем әдебиеттер мен тарих құндылықтарын дәріптейтін жинақтарды сыйға тартып акцияға үлкен қолдау көрсетті. Кітап қорын толтырар әдебиеттерді сыйлау ауқымды көлемде жүргізілу үстінде. Кітапхана қызметкерлері болашақта осы кітаптардың ел игілігіне қызмет етуіне жағдай жасайтындарына сенім білдірді. Акцияға сіз де өз үлесіңізді қосыңыз!

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Креативті РОБО-ЖОБАЛАРДЫҢ қорытындысы шығарылды!

... Өткен жүзжылдықта мақтанышпен аталатын "Атом ғасыры" мен "Ғарыш эрасын" қазіргі таңда  қалай атауға болады? Мүмкін «Робот ғасыры» деп атауға болар? Роботтандыру күнделікті өмірде қарқынды дамып келеді. Мұны  креатив робо-жобаларының қатысушылары да шын мәнінде дәлелдеді!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ»  «Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «КазРоботикс» федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника  «КазРоботикс» федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымымен бірге  2017 жылдың      20-қазаны күні облыстық креативті робо-жоба байқауын ұйымдастырды.

Байқау орта, қосымша және кәсіптік білім  беру мекемелерінің оқушылар мен студенттердің бойында робот құрастыру және бағдарламалау, білім беру үдерісінде геоақпараттық жүйелерді, сандық зертханаларды, виртуалды конструкторларды пайдалануда ғылыми-техникалық шығармашылық пен инженерлік қабілеттерінің деңгейлерін анықтау және жетістіктерін насихаттау мақсатындаөткізілді.

Байқауға оқушылар мен студенттердің өз шығармашылықтарынан туындаған айдағы космостық станция, катапульто, лабиринт, Home Robots, Desert Fighter және т.б. креативті робо-жобалар ұсынылды. Жүлделі жұмыстар дипломдар мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының сыйлықтарымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

1. ТжКБ мекемелері

Гран-при – Ақтөбе политехникалық колледжі

І орын - Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі

ІІ орын - Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі

ІІІ орын - Ақтөбе гуманитарлық колледжі

2. Қосымша білім беру мекемелері

Гран-при – «RoboLand» робототехника клубы

І орын - «РОБОТРЕК» робототехника клубы

ІІ орын - «РОБОТРЕК» робототехника клубы

ІІІ орын - Мектептен тыс білім беру орталығы

3. Жалпы білім беру мекемелері

Гран-при – Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

І орын - М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернат, Ақтөбе  облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернаты

ІІ орын - Ақтөбе қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектеп, №41 жалпы білім беретін орта мектеп

ІІІ орын - Хромтау ауданы, Дөң орта мектебі

Байқаудың қатысушылары мен жетекшілеріне, қазылар алқасына, робототехника эксперттеріне алғыс білдіреміз!

  

М.Ш.Нұрмұханбетова,

кафедраның аға оқытушысы, сертификатталған тренер,

жаратылыстану магистрі

Орыс тілі сабағында критериалды бағалауды қолдану

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында орыс тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімдеріне арналған  «Орыс тілі сабағында критериалды бағалауды қолдану»  тақырыбында  семинар өткізілді. 

Семинар барысында критериалды  бағалауды қолданудың тиімділігі, қалыптастырушы және жиынтық бағалау сонымен қатар  Блум таксономиясын орыс тілі  сабақтарында  қолданылудың  мәселелері талқыланып,  семинар қатысушылары өздерінің  орыс тілі сабағында критериалды бағалауды қолданудың әдіс – тәсілдері туралы  практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

 

Уразымбетова А.Б.,

кафедра аға оқытушысы, п.ғ.к., доценті

ҰЖЫМДЫҚ РУХ – ТАБЫС КІЛТІ!

«Өрлеу» АҚ Ақтөбе филиалының оқытушы-профессорлық құрамы мен институт қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің негізі –  үздіксіз жеке өсу.

Бұған  бүгінгі ұйымдастырылған  «Педагогтың кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбындағы коучинг-мектеп тренингінің ықпалы зор болды.

Тренинг қорытындысында қатысушылар «Өрлеу»  білім беру қызметін ұсыну жүйесіндегі өзіне тән брендті қолдауға және табысты бәсекеге қабілетті, әлеуметті бейімделген  педагогтің қалыптасуына ықпал ететін жайлы рефлексия жасалды.  

Матсалаева Ж.К.,

 бөлімінің жетекші маманы

«Кітапханаға кітап сыйла!» қайырымдылық акциясына қатысыңыз!

Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басым міндеттерінің бірі. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасы 2017 жылдың қазан айының 23-30 аралығында «Кітапханаға кітап сыйла!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырады. Акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз!

Сыйға берілген кітаптар 30 қазан күні сағ.11.00-де Ақтөбе қаламыздағы жаңадан ашылған мектептерге салтанатты түрде табыс етіледі. Байланыс телефондары: 8(7132)245414; 87023924131- институт кітапханасы.

 

Ұйымдастыру комитеті

«Өрлеуге» 5 жыл: кітапхана дамуының жаңа белестері

«Білім беру ұйымдары кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары және мүмкіндіктері» тақырыбында аймақтық он-лайн семинар «Өрлеу» БАҰО» АҚ құрылғанына 5 жыл толуына орай Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында  өткізілді.

Семинардың мақсаты - ақпараттық кеңістікті кеңейту мен білім берудің рөлін арттыру жағдайында білім жүйесі  кітапханаларының жұмысын жаңа тәсілдерге бағдарлау, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.         Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары, қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері қатысты. Семинарды ақпараттық сауаттылықты арттыру мен білімді ұрпақ тәрбиелеуде  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры, ф.ғ.к., Н.М.Абишева ашты.

 Бұдан әрі институттың  кітапхана бөлімінің бастығы Н.Н. Ермекова  білім беру ұйымдары кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттарына тоқталды.Семинар кітапханашылардың кәсіби құндылығын қалыптастырудағы өзіндік тәжірибелерімен  бөліскен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс өңіріндегі  филиалдары Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарындағы  ПҚБАИ кітапханаларының жұмыстарыменжалғасты.

Қатысушылар WEB 2.0.технологиясын қолдану, кітап қорының электрондық құжаттарын қалыптастыру, кітап оқуда жаңаша тәсілдерді қолдану барысындағы т.б. өзекті мәселелерді талқылады.

Семинар соңында кітапхана пайдаланушыларының білім алудағы қажеттілігін ақпараттық технологиялар негізінде қанағаттандыруға жағдай жасау секілді  ұсыныстар қабылданып,сертификаттар табысталды.  

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ - ТӘЖІРИБЕДЕ

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ мен «Сымбат» білім беру кешенінде «Білім мазмұнын жаңарту - тәжірибеде» тақырыбында мектеп мұғалімдерінің қатысуымен семинар өткізілді.

 Семинар барысында сертификатталған тренерлер - Қ.З.Сансызбаева мен  Г.К.Жапақова Қазақстандағы орта білімді дамытудың заманауи үрдістері, білім мазмұнын жаңарту үдерісі, жаңартылған білім мазмұны бойынша мұғалімдерге арналған оқу бағдарламалары мен әдістемелік кешендердің ерекшеліктері, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқушы жетістігін критериалды бағалау, оқушылар уәжін көтеру, SMART - оқытуға көшу, мектепте қауіпсіз білім беру ортасын құру, тұлғаның ізгі адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыруда  өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі реттеудің өзекті мәселелеріне тоқталды.     Семинарға қатысушылар білім мазмұнын жаңарту аясында  тұлғаның өз бетінше іздену дағдылары мен танымдық белсенділігін арттыратын дәстүрлі репродуктивті оқытудан сындарлы оқыту теориясына негізделгенін тәжірибеден байқады.

Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыратын диалогтық оқыту, АКТ-ны қолдану, пәнаралық байланысты дамыту, саралап оқыту, белсенді оқыту жағдайында тиімді  оқу орта құруды талап етеді құрылған.

Семинар іскерлік және достық атмосферада өтті. Талқыланған мәселе бойынша сындарлы диалог өткізіліп, шара мақсатына жетті. Тиісті әдістемелік ұсыныстар қабылданды.

 

Жапақова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы, магистр

Білім беру мазмұнының өзгеруі жағдайында педагогтардың кәсіби өсуі - заман талабы

 2017 жылдың қазан айының 12-і күні №57 ОМ базасында «Білім беру мазмұнының өзгеруі жағдайында педагогтардың кәсіби өсуі -  заман талабы» тақырыбында  экспериментатор мұғалімдер қатысымымен облыстық  семинар өткізілді. Семинар модераторлары: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кафедрасының аға оқытушылары - Сулейменова С.К., Ермекбаева Л.Ж. «Білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында мұғалімдер мен оқушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Семинар мақсаты педагогтер іс-әрекетіндегі инновациялық мазмұнында әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдер жұмысының инновациялық тәжірибелерін кеңейту, мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен әдістемелік құзыреттілігін жетілдіру.

Cеминар барысында мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен әдістемелік құзыреттілігіне арналған «Педагогтардың кәсіби қызметінде психологиялық әдістерді, тәсілдерді, қағидаларды қолдана білу біліктілігін дамыту жолдары» тақырыбында  А.Б.Жубангарина коучинг өткізді. Семинар аясында А.А. Мамбетова мен Ж.Т. Докина бастауыш класс мұғалімдері«Жас ерекшелік психологиясын ескере отырып білім беру –сапалы білімді қамтамасыз ету», «Балалардың белсенділігін арттыруға ынталандыра алу педагогикалық қызметтің манызды құраушысы» тақырыптарында жаңа мазмұндағы білім бағдарламасы аясында өз жұмыстарындағы тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қорытындысында мұғалімдер алдағы жұмыстарына ақпараттық-әдістемелік материалдар мен  инновациялық құзыреттіліктерін қалыптастыруда ұсыныс кеңестер алды.

 

Ермекбаева Л.Ж.

кафедра аға оқытушысы

Жаңартылған бағдарлама – сапалы білім негізі

 «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» тренер А.С.Сугурбаеваның жетекшілігімен 2017 жылы қазан айының 2-і мен 13-сі аралығында облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту үдерісін жобалау»тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырып, өткізілді.

Курс тыңдаушылары жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша  жаңа ақпараттар алып, оқытудың тиімді тәсілдерін, белсенді оқу стратегияларын, оқу үдерісіне критериалды бағалау жүйесін енгізу мәселелері, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрлері, жаңашыл сабақ құрылымы, рефлексия жүргізу жұмыстарын игеріп, өз білімдерін толықтырды. Сондай-ақ, түрлі психологиялық-педагогикалық тренингтер, қазақ тілі сабағында төрт дағдыға негізделген оқыту мен оқудағы заманауи стратегиялар негізінде топтық, жұптық және өзіндік жұмыстар жұмысалды.

Курс аясында Ақтөбе қаласы №51 гимназиясында және №56 жалпы білім беретін мектепте семинар-практикумдар өткізілді. Семинар-практикумда жаңартылған білім бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен сертификатталған тіл мамандары заманауи форматта үздік сабақ үлгілерін көрсетті. Курс тыңдаушыларының кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық шеберлігін арттыруға негізделген семинар-практикумдар өзара тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік туғызды.

Курстың қорытындысында тыңдаушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталып, мұғалімдер институт ұжымына, курсты сапалы ұйымдастырған тренер А.С.Сугурбаеваға өзіндік алғыстарын білдірді.


Түменбаев Ш.Б.

баспа қызметі және қоғамдық ортамен

байланыс бөлімінің жетекші маманы

Жаңартылған білім беру бағдарламасы: шығармашылық пен шеберлік жолында

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы АО ПҚБАИ жоспарына сәйкес Назарбаев зияткерлік мектебінің  базасында 2017 жылдың қазан айының 11-і күні «Робототехника негіздері» бойынша «Жаңартылған білім беру бағдарламасы: шығармашылық пен шеберлік жолында» тақырыбында диалогтық алаң өткізілді. Диалогтық алаң барысында робототехника тренерлері С.К.Сулейменова, Р.Т.Абдиров, М.Ш.Нурмуханбетова, НЗМ робототехника және информатика пәні мұғалімдері мен «Робототехника негіздері» курсының тыңдаушылары қатысты.

Диалогтық алаң қатысушылары білім беру ұйымдарында мұғалімдер жұмысының инновациялық тәжірибелерін кеңейту аясында  робототехниканы дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.  

НЗМ оқытушылары жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық бағыттар бойынша робототехниканың пәндермен кіріктірілген идеяларымен таныстырса, ал оқушылары өздерінің бірегей плат Arduino негізінде құрылған роботты техникалық жобаларын тәжірибеде дәлелдеді.

Өзара педагогикалық тәжірибе алмасудағы  белсенді диалогта  қатысушылар НЗМ ұжымына ерекше ризашылықтарын білдіріп, нәтижесінде мұғалімдер алдағы жұмыстарына ақпараттық-әдістемелік материалдар мен  инновациялық құзыреттіліктерін дамытуда ұсыныс кеңестер алды.  

С.К.Сулейменова,

кафедра аға оқытушысы, робототехника тренері

Қазіргі қоғам шығармашыл тұлғаны қажет етеді

2017 жыл 11 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  №7 «Арман» МДҰ базасында тәрбиешілерге арналған «Кіші жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды жобалау» тақырыбында  семинар-практикум  ұйымдастырылып,  өткізілді.

Кіші жастағы балалардың ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін жапсыру, сурет салу арқылы дамыту бойынша өзінің тәжірибесімен, тәрбиешілер Г.Е.Казиева, Г.О. Имангалиева  және  А. Қ. Насыровалар бөлісті. Денешынықтыру инструкторлары: Е. В. Бескровная және С. Х.Кенжеғұлова  тыңдаушыларымен   сауықтыру  гимнастикасын  өткізді.

Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушыларға мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылып жатқан жобалардың нәтижелері және тәжірибелерін талқылауға мүмкіндіктер берілді.     

Табынбаева А.К.,

кафедраның  аға оқытушысы

SMART-педагогтың кәсіби табысы

2017 жылғы 11 қазан  күні  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» Республикалық байқауының облыстық  кезеңі өткізілді.

Республикалық конкурс «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы және «Microsoft Kazakhstan» ұйымының бірлесуімен ұйымдастырылды.

Байқауға  қатысушылар «Microsoft Kazakhstan» білім беру порталынан  қашықтықтан оқыту курсынан өткен педагогтер болып табылады.

Конкурс мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларының ақпараттық технологияларды пайдаланудағы  педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату мақсатында өткізіліп отыр.

Облыстық байқауға қатысушы педагогтер институттың оқытушы-профессорлық құрамы мен мамандарынан құрылған Өңірлік ұйымдастыру комитетінің алдында өз жұмыстарын қорғады.

Байқау қорытындысында  Хромтау ауданы №2 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тюлемисова Ғайни Сайнгалиевна және Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің информатика және арнайы пәндер оқытушысы Курманова Марина Есболатовна  жеңімпаз атанды.

Олар өздерінің жеке жұмыстарын 2017 жылғы 23-24 қарашада Алматы қаласында өтетін Республикалық байқауға ұсынады.

 

Облыстық байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Шығармашылық ізденіс пен сәттілік тілейміз!

 



 

Ж.К.Матсалаева,

әдістемелік қамтамасыз ету және

инновациялық даму бөлмінің жетекші маманы

Ақтөбеде ««Өрлеуге» 5 жыл - 5 атаулы шара» айлығы басталды ...

«Өрлеу» БАҰО» АҚ құрылғанына бес жыл толуына байланысты Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ««Өрлеуге» 5 жыл-5 атаулы шара» айлығы өз жұмысын бастады. 

Айлықты институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.К. Кибатаева  ашып, 2017 жылдың 10-қазаны мен 10-қарашасы аралығында өтетін келесі шараларды атап өтті:

  • Инклюзивті білім беруде тиімді әдістерді қолдану әдістемелік нұсқауын презентациялау;
  • Білім беру ұйымдары кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары және мүмкіндіктері аймақтық семинары;
  • Креативті робожобалар  көрмесінің байқауы;
  • Педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамытуда инновациялық және ақпараттық білім беруді жобалау республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы;
  • Білім берудің жаңа парадигмасы: SMART мұғалімнен-SMART мектепке облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

Алғашқы шара институттыңмұғалімдердің психологиялық –педагогикалық кәсіби дамуын жетілдірукафедрасының меңгерушісі А.Қ.Қаплиева мен аға оқытушысы Қ.А. Даутова дайындаған  «Инклюзивті білім беруде тиімді әдістерді қолдану» әдістемелік нұсқауының презентациясына арналды.  

Әдістемелік нұсқаулық жалпы бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, психологтеріне, дефектологтеріне және арнайы (түзету) білім беру ұйымдары мамандарына, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың мұғалімдеріне арналғандықтан презентацияға қатысушылар да аталған саладан болды.

Қатысушылар инклюзивті білім беруде ерекше білім беруге кажеттілігі бар балалардың дені сау балалармен бірдей білім алуына жағдай жасай отырып, олардың қосымша мүмкіндігі мен қажеттілігін қанағаттандыруда тиімді әдістерді оқу процесіне қолданудың ерекшеліктері туралы сұрақтарына авторлар тарапынан жауап алды.

Осылайша, біліктілікті арттыру жүйесінің басым бағыттарының бірі болып келетін инклюзивті білім беру мәселелері айлықтың келесі шараларына жол ашып берді.

 

 

Рахатова К.Ж.,

бөлімінің басшысы

«Ақтөбе – Өрлеу» : «Бір ел – бір кітап» акциясы аяқталуда...

Биылғы жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының  таңдауына ие болған С.Торайғыров шығаршылығына арналған «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты апталық соңы «Әдебиет айдынындағы жарық жұлдыз» атты әдеби панораманы  ұйымдастыруымен аяқталды.

Институт қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысқан бұл шара кафедраның аға оқытушысы Ә.Ж.Қайдасов оқыған ақынның еркіндікке ұмтылған «Шәкірт ойы» шығармасымен басталды.Жетекші маман Ш.Б. Түменбаев Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өнегелі афоризмдерінің мағынасына жіті мән беріп, осы орайда өзіндік түйген ой-толғамын жеткізді. Институттың аға оқытушысы А.С.Сүгірбаева  әлі де зерттеліп жатқан С.Торайғыров шығармаларының  тәлімдік-тәрбиелік  бағытындағы  өзектілігіне тоқталды. Көсемсөз шебері, арманы асқақ С.Торайғыровтың жыр тізбегін қатысушылар өз пікірлерімен өрнектей отыра тебірене толғады. Ақын еңбектерінен рухани нәр алған тыңдаушылар А.Н.Казиева, А.Утеуова, Н.М.Утарбаева, А.С.Бекбаев т.б.  панораманы өздері шығарған өлеңдерімен жалғады. Соның ішінде Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің мұғалімі А.Н.Календиров ақынға арнаған өзінің «Бір тілек»атты өлеңін оқыды.

 

Бір тілек

  Елім деп соғып жүрегі,

Жетелеп алға жүр еді.

Жете алмай кеткен мақсатын,

Ұрпағы бүгін біледі.

 

 Ойлары анық, жүйелі,

Өмірдің басты тірегі.

    Болған ақын жырлары,

 Халқына болды киелі.

 

Еске алып түрлі кезеңде,

  Танымды аты бар елге.

Сұлтанмахмұттың игі ісі,

Танылсын енді әлемге!

 

Шараға қатысушылар Сұлтанмахмұт есімі мен оның шығармашылығының жыр-дариясы арналы поэзия өзеннің бірі болып қалатынын мақтан етті.

 

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Пәндерді кіріктіре оқытудың тиімді тәжірибесі

2016 жылдың 28 қазанында «Өрлеу» БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы базасында «Пәндерді кіріктіре оқыту тәжірибесі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. «ӨРЛЕУ»  БАҰО  Акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының деңгейлік бағдарламалар орталығының меңгерушісі, п.ғ.к. Е.С.Давлеткалиева«Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін таратудағы ынтымақтастық» тақырыбы аясында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасады. Кафедраның аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Андирова В.Т. жаңартылған мазмұн жағдайында пәндерді кіріктіре оқыту моделімен таныстырып, тәжірибелік маңызын мұғалімдермен бірлесе талқылады. Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназия директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Н.Қ Меделбаева мектеп-гимназиядағы кіріктіре оқыту тәжірибесімен бөлісті. Назарбаев зияткерлік мектептерінің  мұғалімдері Ж.М.Асанова мен У.С.Дузбаева «CLIL» - тіл мен пәнді кіріктірудің тиімді әдісі» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті. Оқыту семинары барысында пәндерді кіріктіре оқытудың тиімді тәжірибесі ортаға салынды.

 

Андирова В.Т.,

«Өрлеу» БАҰО АҚФ

Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ

кафедраның аға оқытушысы 

Ғылыми Кеңестің күн тәртібінде

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының ғалымдары мен профессорлық - оқытушылық құрамы Ғылыми  кеңесте бас қосып, бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірегейіне айналып отырған педагогтың кәсіби дамуына ғылыми –ізденушілік жұмыстың әсерін  талқылады. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  ДБО жетекшісі, п.ғ.к. Е.С.Давлеткалиева институтта кафедралармен бірігіп атқарылып отырған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталып, қаралған мәселе  бойынша эксперимент жұмыстарының жетекшісі ретінде көпшілікке өз талдауын ұсынды. Аталмыш  мәселеге қатысты  сөз алған п.ғ.к., доцент, мұғалімдердің педагогикалық–психологиялық дамуын жетілдіру  кафедрасының  меңгерушісі А.К.Каплиева және п.ғ.к.,мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасының меңгерушісі А.М.Тоқсанбаев кафедра тарапынан жасалған жұмыстарын ғылыми кеңес мүшелерімен ортаға салды. Келесі кезекте көпшілік назары Филиалдың жедел жоспарының тиімді орындалуын жүзеге асыру, зерделеу және талдауға аударылды. Бұл мәселеге қатысты өз баяндамасын инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету  бөлімінің бас маманы А.К.Табынбаева ұсынды.  Сонымен қатар баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімінің ұйымдастыру – үйлестіру жұмыстарының жаңа мүмкіндіктері, талдауы мен нәтижелері бойынша баспа бөлімі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімі басшысы М.Ш.Нурмуханбетова филиалда жасалған жұмыстарға тоқталды. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер қызу талқыланғаннан кейін  ғылыми кеңес мүшелері баяндамашылар ұсынған кеңес шешімдерінің жобасын бірауыздан қабылдап, ұжым болып атқарылатын жұмыстарды жаңа серпіліспен орындауға бір мәмілеге келіп   тарқасты.

 

 Абулхайрова Г.Е.

 «Өрлеу» БАҰО АҚФ

Ақтөбе облысы бойынша

ПКБАИ бөлімінің жетекші маманы 

Үштілді білім беру: ізденіс, проблемалар және даму болашағы

2016 жылдың 27  қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚфилиалы «Ақтөбе облысы  бойынша  педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты «Үштілді білім беру: ізденіс, проблемалар және даму болашағы»тақырыбымен  on-line режимінде  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты -  білім беру саласында үштілділікті басым бағыт ретінде ұстанудың қазіргі жайы мен болашағын талқылау. Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.

Конференция жұмысына шекаралық, аймақтық серіктестікті нығайту мақсатында көршілес Ресей мемлекетінен Орынбор Мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік педагогика және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д, профессор Сальцева Светлана Васильевна; п.ғ.д., профессор Жданова Светлана Николаевна қатысты.

Инновациялық тәжірибе алмасу мақсатындағы  зерттеу мәселелері бойынша Конфуций институтының директоры, Цин Зун академигі, профессор  Ли Цзяньхун,  Конфуций институтының директоры ф.ғ.д., профессор Шоқым Гүлжан Тынышбайқызы, Ақтөбе қаласы «Назарбаев зияткерлік мектебі» директорының  орынбасары  (АҚШ) азаматы  Нейтон Лоурер, Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының директоры (Түркия азаматы) Мызрак Якуп, Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының тілдер кафедрасының меңгерушісі Баймуратова Зинаида Жахиевна,  ААМУ ф.ғ.к., доцент Жубанова Ардақ Есетовна,  сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалдарының мамандары мен жетекшілері сөз қозғады.

Пленарлық мәжілісті институт директоры м.а. ф.ғ.к. Абишева Н.М. ашып, білім мазмұнын жаңарту аясында көпмәдениетті ортада тұлға дамуының негізі  үштілділік мәселелеріне баса назар аударылды.

 On-line режиміндегі конференция жұмысына: «Өрлеу» БАҰО АҚФ Тараз қаласы бойынша ПҚБАИ Жуматаева Меруерт Муратовна; Орынбор облыстық  Нежинск лицейінің директоры  Жоламанова Жанчак Болабековна; Қытай Халық Республикасының Іле педагогикалық университетінің профессоры Жүніс Нурсара; Әл-Фараби атындағы КазҰУ  ф.ғ.д., профессоры Жубанова Айнаш Ахметовна,  Алматы қаласы Сүлеймен Демирел атындағы университетінің п.ғ.к., профессор Сыздықов Канат Әлімбекұлы қатысты.

Конференцияның екінші жартысы 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды:

  1. Үштілділік – әлемдік білім кеңістігінде полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі.
  2. Үштілділік тұжырымдамасы жоғары білімді мемлекеттің бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау құралы ретінде.
  3. Тіл пәндері мұғалімдерінің үштілділікке бағытталған кәсіби құзыреттілігін дамытуда біліктілікті жетілдіру жүйесінің рөлі.
  4. Жаңартылған мектеп бағдарламасы жүйесінде үштілділікті тиімді енгізу жолдары.
  5. CLIL кіріктірілген оқыту бағдарламасы негізінде ғылыми - жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі.

Панельдік сессия форматында зерттеліп отырған тақырып бойынша эксперттік дискуссияға түсіп, модераторлар қатысушыларға сұрақтар қою негізінде диалогтық қарым-қатынасқа түсіп белсенділік танытты.

Конференция қорытындысында Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті және Қытай халық Республикасынан Конфуций атындағы институтпен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Конференция  жұмысы  ұсыныстар қабылдаумен, белсенді қатысушыларды марапаттаумен аяқталды.

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

Дүйсенбаев А.К.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ

Ақтөбе облысы бойынша

ПКБАИ кафедрасының меңгерушісі 

 

Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі

Ағымдағы жылдың 24-ші қазанынан бастап жалпы білім беретін мектеп кітапханашыларының кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі»тақырыбында ұйымдастырылған курс өз жұмысын бастады. Біліктілікті арттыру курсында жаңартылған білім беру жағдайында мектеп кітапханашыларының кәсіби біліктілігін көтеру, автоматтандырылған ақпараттық–кітапхана жүйесі негізінде кітапхана жұмысын жаңаша  ұйымдастыру мәселелері қаралады.

 

«Тәжірибелік оқытуды өндірісте ұйымдастырудың тиімді жолдары» атты облыстық тәжірибелік-семинар

2016 жылдың 25 қазаны күні  «Дуалды оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру процесін ұйымдастыру»тақырыбындағы арнайы пән оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы аясында Тәжірибелік оқытуды өндірісте ұйымдастыру арқылы  білім алушылардың кәсіби біліктер мен  дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп,  жан-жақты кәсіби дамуына жасалатын  мүмкіндіктерін көрсету, теориялық білім мен тәжірибенің  өзара байланысын, бір-біріне  әсерін,  өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы  кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыруға  үлес қосу мақсатында тәжірибелік-семинар  өткізілді.

Семинарға Ақтөбе облысының кәсіптік және техникалық оқу орындарының арнайы пән оқытушылары қатысты. Шараны«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПКБАИ инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Г.Е. Абулхайрова ашып, еліміздің экономикасының қарыштап дамуы, бәсекелестікке төтеп беруі үшін сапалы маман қажеттігіне тоқталды. Маман дайындаудың маңызды шарты кәсіптік тәжірибені өткізу болашақ мамандардың кәсіптік құзыреттілігін қалыптасуына іскерлік пен кәсіби дағдыларын меңгерудегі роліне және мұның маман даярлаудағы маңызды да шешуші фактор екендігіне жиналғандардың  назарын аударды.   Сапалы кәсіби білім беру – әлеуметтік серіктестіктің нәтижесі екендігіне тоқталған «Рауан» көпсалалы колледжінің директоры  М.О.Косымбаева оқу орны мен серіктестікпен бірлескен жұмыстар туралы айтып өз тәжірибесімен бөлісті. «Бізбен бірге бар әлем!» тәрбиеленушілер мен  аталмыш колледж студенттерінің музыкалық композициясынан (музыкалық сәлемдесуінен) кейін кезек «Рауан» ЖТДО-ң әдіскері С.С.Дошимоваға берілді. Ол болашақ педагог мамандарды кәсіби қалыптастыруда кәсіптік практиканың рөліне тоқталды. Өндірістік тәжірибені әдістемемен жабдықтау – жас маманның жетістікке жету кепілі  тақырыбында ой қозғаған   «Рауан»  ЖТДО-ң жоғары санатты тәрбиешісі Г.А. Тимошенко тәжірибеден өту барысында  болашақ маманның қызығушылықтарын арттыратындығын, өздігінен білім алуын арнайы пәндер бойынша  білімін бекіту іскерлігін қалыптастыруға көмектесетіндігіне тоқталды.

«Рауан» көпсалалы колледжінің ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары А.Т.Турмаганбетованың  Тәжірибелік  оқытуды  өндірісте ұйымдастырудың  тиімді  жолдары тақырыбындағы дәрісі және  Арнаулы пән оқытушыларының интерактивті сабақтар жүргізудегі кәсіби құзыреттілігі бойынша  өткізген тәжірибелік сабағы мен шебер-класы курс тыңдаушыларының  бойында қызығушылық  тудырып, өздерінің тәжірибелік маңызды ақпарат алып қана қоймай , сабақта пайдалануға қажетті тиімді әдістерді меңгергені үшін ризашылықтарын білдірді. Шара соңында рефлексиялық нысана арқылы семинар нәтижесі  қорытындыланды.

 

   Абулхайрова Г.Е.

 «Өрлеу» БАҰО АҚФ

Ақтөбе облысы бойынша

ПКБАИ бөлімінің жетекші маманы 

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ САПАСЫ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  Педагогикалық шеберлік орталығы және физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе отырып  Ақтөбе қаласында 2016 жылы 25-қазанда «Қазіргі білім беру жағдайындағы білім сапасы: талдау және даму бағыттары»  тақырыбындаоблыстық оқу семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: біліктілікті арттыру  деңгейлік  бағдарламалар  идеясын  жүзеге асыруда,педагог  қызметкерлер  арасында  тәжірибе алмасуды  ұйымдастыру және   педагогтардың шығармашылық әлеуетін  кеңейту.

Семинарға деңгейлік бағдарламалар курсынан өткен сертификатталған мұғалімдер, Ақтөбе қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі педагогтары, профессорлық-оқытушылар құрамы, педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ тренерлері қатысты.

Оқу-тәрбие үдерісіне деңгейлік Бағдарламалар идеясын енгізе отырып, мұғалімдер кеңесшінің, көмекшінің, тәрбиешінің барлық функцияларын игеруде.

Семинар оқыту 3 сессия түрінде өткізіліп, білім берудегі өзекті мәселелер қаралды:

- Өзін-өзі реттеп оқыту жағдайындағы критериалды  бағалау.

- «Action research» жобасы аясында мұғалімдерді зерттеу».

- Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту CLIL.

Өтілген семинар қорытындысы бойынша:

- Бағдарлама идеяларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізуші мұғалімдерге қолдау және олардың белсенді кәсіби және азаматтық көзқарасын ынталандыру жүзеге асырылды.

- мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық және шығармашылық әлеуетін дамытуда және іске асырудакөмек көрсетілді,талантты педагогтар анықталды.

Сонымен қатар,  семинар қатысушылары білім берумазмұнын жаңарту жағдайында деңгейлік Бағдарламаның маңыздылығынатап өтті.

Бағдарламада ұсынылған жаңа тәсілдер оқыту мен оқу  үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді: мұғалімдер үнемі жаңа педагогикалық идеялар іздеу үстінде болып, мектеп оқушыларының пәндік білімдері мен тұлғалық дамуына көмектеседі,оқыту үрдісіне ықпал етудіңбастамашысы, үйлестірушілері болып табылады.

Семинар сонында ұсыныстар қабылданды.

Давлеткалиева Е.С.

Ақтөбе облысы бойынша

ПКБАИ деңгейлік бағдарламалар

орталығының меңгерушісі

 

Тәрбиенің ең тамаша мектебі мұғалімнің өзінен басталады

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар - отансүйгіштік рухында, мораль мен парасаттылық ұлтаралық келісім мен толеранттылық, физикалық және рухани даму нормаларына сай тәрбиелеу сияқты жауапкершілігі мол мақсат қойылды. Бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілу тиіс»   деп  көрсетілген. Өйткені, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамын кушейтуде  болашақ ұрпақты рухани білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,  жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуді  қамтиды.

Әдістемелік көпір барысында «Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда 2015 жылы деңгейлік курстан өткен сертефикатталған мұғалімдер мен 2016 жылы курстан өтіп жатқан педагогтардың әдістемелік байланысы орнады. Мұғалімдердің рухани-адамгершілік тұрғыда ішкі жан дүниесін өзгертуіне ішкі әлеуетінің ашылуына  және ойы, сөзі, ісі бірлікте болудың іс-тәжірибедегі маңыздылығы мен рухани-ізгілік  құзыреттілігін дамытудың негізгі факторлары талқыланды.

Облыстық әдістемелік көпірде «Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» директордын орынбасары Кибатаева Нұрсұлу Қазанғапқызы жігерлі, жүректі тербетер сөзімен тыңдаушыларға ерекше шабыт сыйлады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы практикада қалай жүзеге асып жатыр, қандай нәтижеге қол жеткізуде?» деген пікірлер төңірегінде тебірене сөйлеген өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері барша жанды толқытты. Үлкен әсерге бөлеген семинар керемет көңіл-күй сыйлады. Әдістемелік көпірді ұйымдастырушы тренерлер Тоқбасова Айжан Серікбайқызы мен Култаева Ләззат Аймағанбетқызына деген ыстық ықыластарын пән мұғалімдері «Золотое сердце», «Ұстазым-ай» әндері арқылы жеткізіп, дөңгелене биледі. «Жақсыменен өткізген жарты сағат бүкіл ғұмырыңа татиды» деген осы да...

Култаева Л.А.,

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша

ПКБАИ тренері 

 

 

 Табынбаева Алма,

гл. специалист инновационного отдела

филиала «НЦПК «Өрлеу»

Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқыту

03.10.2016ж.-14.10.2016ж. аралығында «Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқыту»тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшын тілі педагогтеріне арналған қысқа мерзімді курс өткізілді.

Курс  мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының жаңаруы жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Курс барысында тыңдаушылардың білімдерін бақылау мен бағалау мақсатында өзіндік жұмыстар, жоба жұмыстары, шағын сабақ көрсетілімі және қорытынды тестілеу жүргізілді.

 

 

 

Кенжегалиева Д.К.

Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

кафедрасының аға оқытушысы

 

Біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагог қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамыту

2016 жылдың17 жұлдызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Токушев курс тыңдаушыларымен кездесуі өтті.  Кездесу барысында ынтымақтастық келісімшартқақол қойылды.Кездесу барысында аталған Департаментпен өзара  келісімшарт жоспарланды. Келісімшарт аясында «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагог қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамыту» тақырыбындағы Жоба талқыланып, интерактивті режимдегі дәрістер, оқу семинар-тренингтер сериялары, зерттелетін мәселе аясындағы шығармашылық жобалар мен дистанционды конкурстар тізбегінен тұратын Жоба 2 жылға жоспарланған.

Кездесудепікір алмасу барысында педагогтар аталмыш Жобаға белсенді қолдау көрсетті.

Нурмуханбетова М.Ш.

Ақтөбе облысы бойынша

ПКБАИ бөлім бастығы

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.