Мектептегі тәжірибелік- эксперименттік жұмыс

2018 жылдың 29 қарашасында "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыстық тәжірибелік –эксперименттік алаң аясында Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта мектебінде "Акмеологиялық орта-педагогтердің интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін дамытудың табысты негізі" тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум модераторы мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасының аға оқытушысы-тренер, магистр С.М.Шаштыгарина ашты.

Мектептің тәжірибелік –эксперимент жетекшісі С.Есеналина семинардың теориялық бөлімінде оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіруде саралау тәсілдерін қолдану мәселелерінің өзектілігіне тоқталды. Семинар-практикумға қатысушылар мұғалімдердің оқу процесін ұйымдастырудағы шығармашылық көзқарасы, саралау әдістерінің мәні, олардың жіктелуі, педагогтардың кәсіби кемелденуінде АКМЕ шыңға жетуге бағытталғандығына тоқталды. Ал практикалық бөлімде - Ақтөбе қаласының № 39 орта мектебінің экспериментатор мұғалімдері Ж. Г. Қуан, А.Ж.Қалманғарина, Н.Д.Калмурзаева білім беру мазмұнын жаңарту аясында сабақта саралау тәсілдерін қолдану тәжірибесін көрсетті.

Семинардың қорытынды сәтінде экспериментатор-мұғалімдер, педагогтың акмеологиялық моделінің технологиялық құрамдас бөлігі басымдықта екенін атап өтті. Жалпы, семинар жұмысы теориялық және тәжірибелік талаптарды қанағаттандырып, мақсатына жетті.

 

Шаштыгарина С.М.,

кафедра аға оқытушысы

Тұңғыш Президент күніне арналады....

«Төл тарихын білетін, бағалайтын жəне мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін». Бұл  Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақ мəдениетінің дамуы мен кең құлаш жаюына барынша мүмкіндік жасаған дана басшы Нұрсұлтан  Назарбаевтың халқына арнаған жүрекжарды сөзі. Елін бейбітшілікке, парасаттылыққа жетелеген, кеңістік пен уақыт тарихнамаларын саралаған  Елбасы –Қазақстан халқының ерен тұлғасы.

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ақпарат орталығында «Менің елім – Қазақстан» тақырыбындағы Тұңғыш Президент күніне арналған интерактивті сабақ өткізілді. Сабақ мақсаты: рухани жаңғыру құндылықтарын дамыту, ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ізеттілік, ұлттық дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағаттың шыңдалуына өзіндік  үлес қосу.

Интерактивті сабақты Ақтөбе қаласы гуманитарлық колледж студенттерінің тарихи деректерге сүйене отырып дайындаған Ұлы даланың жусан иісі аңқыған алғашқы баспалдақтары мен әлеуметтік қоғамның  жаңаруы мен жаңғыруындағы     құндылық көздерінің жауһарларына тоқталуы көрнекілендіре түсті. Пікірлесу барысында студенттер мен қатысушылар рухани жаңғырудың болашақтағы бағыттарын қызу талқылап, өз ойларын нақтылай жеткізді.

Бұдан әрі сабақ «Ақтөбе - Өрлеу» ұжымында жалғасын тауып, филиал директоры Н.М. Абишева Тұңғыш Президент күнімен барлық қатысушыларды құттықтады.Ұжым мүшелері Ақтөбе қаласы әкімі    мен  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі атынан кәсіби еңбектері үшін алғыс хаттармен марапатталды. Өрлеуліктер тобы Ақтөбе облысы әкімияты ұйымдастырған «Мәңгілігін мәнерлеген Елбасы» атты мерекелік шараға  шақырылды. Құттықтаймыз!!!

 

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

"АҚТӨБЕ-ӨРЛЕУ" НАЗАРЫНДА: ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруге байланысты 2018-2020 жж. арналған кезеңдік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2018 жылғы 29 қараша күні «Латын әліпбиі – келешектің кілті» тақырыбындареспубликалық on-line семинар өткізді.

 Онлайн семинаржаңа қазақ әліпбиінің негізгі емлелік ережелерін түсіндіруде   туындаған өзекті мәселелер мен әдістемелік ұсынымдарды талқылауға арналған пікірлесу алаңын құруға бағытталды.

Семинарды институт директорының орынбасары,п.ғ.к. Н.К.Кибатаева  ашып, жаңа қазақ әліпбиі тіл саясатының басты ұстанымы екендігіне назар аудартты.

Республикалық семинар жұмысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультеті деканы, АӨМУ профессоры, ф ғ.д.  Г.К.Садирова,  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің  аға оқытушысы Б.Ө.Ербатыр, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің маманы Д.Нурмухамедова, Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы М.Жанасова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен сертификатталған тренерлері және  жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері онлайн режимінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, латын графикасына негізделген жаңа әліпбиіне қатысты  әзірленген емле ережелерінің мазмұны мен құрылымы,  ондағы басты жаңалықтар республикалық семинар барысында талқыланып,  педагогтер арасында ғылыми-танымдық терең көзқарас  қалыптасты.

Нәтижесінде, ғалымдар мен педагогтердің  талқылауы арқылы қатысушылар  жаңа әліпбидің емле ережесі жобасының ерекшеліктері мен жаңалықтарын түсінуге мүмкіндік алды.   Тіл жанашырлары «Өрлеу» біліктілігін арттыру институтының профессор-оқытушылар құрамына шынайы алғысын білдірді. 

 

Г.К.Жапакова,

кафедра аға оқытушысы

Тағылымды кездесу

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасындағы «Coworking» орталығында  «Жас Отан» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалымен бірлескен «Тәуелсіздікке тағзым – ақындық ұстаным» тақырыбында белгілі ақынГүлімай Қуанышеваменкездесу өтті.

Бүгінгі кездесу Гүлімай Қуанышеваның поэзиясын, шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру, ақынның шығармаларынан өзінше ой түюге және өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға, тәрбиелеуге бағытталды.Кездесуге келгендер өрнекті жырларға барынша сусындап, поэзия құдіретінің қыр сырына қанықты, ақынның шығармашылығымен жақынырақ танысты.

Сырлы сөз иесіне кітапхана ұжымы оқырмандар атынан алғыс айтып,шығармашылық табыс тіледі.

 

 

М.Т.Адилханова

Аға оқытушы, магистр

Елбасы мақаласы талқыланды...

«Білім беру  ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі» тақырыбында өткізілген курс барысында Елбасының жаңадан жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кітапханашылар мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қызу талқылады.

Қатысушылар екі бөлімінен тұратын мақалада айтылған «Архив-2025», түркітанушылардың Дүниежүзілік конгресі, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын» ашу,  «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік кітаптар сериясы, «Ұлы дала» ежелгі өнер және технологиялар мұражайы, «Дала фольклорының антологиясын»   жасау  міндеттерін орындау өз тарихын бағалайтын жас ұрпақ тәрбиелеуге жасалған нақты қадам екендігіне тоқталды.

Мақаланы талқылау барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Тарихқа негізделген бағдарламалық мақала  - бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеудің негізі бола отырып, еліміздің тарихы мен мәдениетін насихаттауға бағыт беретіндігін айтты. Мақалада айтылған 6 жобаны ризашылықпен қабылдайтынын айтып, аса маңызды әрі жауапты міндеттерді жүзеге асыруға белсенділік танытып, бірлесе атқаруға шақырды.

 

Ермекова Н.Н.,

ақпараттық орталық

ӨЗ ТАРИХЫНА ШЫНАЙЫ КӨЗҚАРАС ...

 Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы – Ақтөбе облысы педагогикалық қоғамдастығының ерекше қызығушылығын туғызды. Мемлекет басшысы  Н.А.Назарбаевтың мақаласы –  заманауи Цифрлы Қазақстанды дамыту жағдайында ата-баба мұрасы мен Ұлы дала тарихын терең тануға  мүмкіндік беретін  терең де мазмұнды талдау.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала ұлттық сананы жаңғыртып қана қоймай, рухани жаңғыру жолында ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының дүниетанымын, өткені мен бүгінін, келешегі мен болашағының  іргелі негіздерін ұғынуға көмектесетін бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруды ұсынады. Бұл дегеніміз,  ұрпақтар сабақтастығын жете түсіну.

Педагогтер бәсекеге қабілетті табысты тұлғаны дайындауда  Мәңгілік елдің болашақ азаматын оқытуға және дамытуға бағытталған жобаларға ерекше назар аударды. Біз үшін өткенді зерттеу  – алға жылжудың маңызды қадамы.  Әрине, Президенттің мақаласы – әрбір қазақстандыққа арналған жеке үндеу.

Осы мақаланы талқылауға арналған семинарда облыс педагогтері өз тарихына шынайы  көзқарасты көрсететін Президенттің идеясын ерекше ықыласпен қабылдап, қолдады.

Жапакова Г.К.

кафедра аға оқытушысы

 

Педагогтардің назарына!

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА КІТАПХАНАШЫЛАР АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ОБЛЫСТЫҚ ИНТЕРНЕТ- САЙЫСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ереже

1.1.Білім беру жүйесі кітапхана мамандарына арналған “Ең үздік кітапхана сайты” атты облыстық онлайн-конкурс өткізіледі.

1.2Бұл Ереже  сайыстың өткізілу тәртібін, сайысқа ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптарды, сайыс қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттауды анықтайды.

2. Конкурстың мақсаты және талаптары 

2.1. Сайыс мақсаты: Кітапхана пайдаланушыларының қызметін тиімді ұйымдастыратын ең үздік кітапхана сайттарын анықтау және қолдау. Кітапхана қызметкерлерінің АКТ-ны қолдану шеберлігін жетілдіру.

2.2. Сайысміндеттері:

  • кітапханашылардың  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда кәсіби құзіреттілігін дамыту;
  • кітапхана қызметтерін алға жылжытуда озық тәжірибені насихаттау; 
  • кітапхана жұмысындағы инновациялық іс-тәжірибелерді енгізуде кітапханашылардың  кәсіби  біліктілігін жетілдіру. 

3.     Конкурстың өткізілу тәртібі

3.1.  Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын  қазақ және орыс тілдерінде жібере алады.

3.2. Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын электронды түрде 2018 жылдың 26 қарашасынан  12 – ші желтоқсанына дейін жібере алады.

3.3.Бекітілген уақыттан кейін жіберілген конкурстық жұмыс қабылданбайды.

3.4.Ұйымдастыру комитетінің функциясы:

  • cайысты ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • сайыс жұмыстарын қабылдау;
  • ереже талаптарына сай келмейтін сайыс жұмыстарын қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығару;
  • сайыстың талаптарға сай өтуін қадағалау;

3.5. Сайыс жеңімпаздарын  Ұйымдастыру комитетінің мүшелері анықтайды.

3.6. Сайысқа қатысу сайыс талаптарына  келісімін    білдіреді.

3.7 Сайыс материалдарын Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. электронды поштасына жіберу қажет.

4. Бағалаукритерийлері

Жазбаларды бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
4.1 мазмұны: көрнекілігі, өзектілігі, ақпараттылығы, таныстырудың қолжетімділігі, материалдардың практикалық құндылығы, түрлі материалдар категориялары (жаңалықтар, мақалалар, презентациялар, фото галереялар және т.б. сайттағы материалдардың жалпы саны);
4.2 қазақ, орыс тілдері ережелерінің сақталуы –сайт контентінің сауатты болуы;
4.3 сайт навигацияларының қолайлылығы –міндетті тіркеуден өтпей қарау қолайлылығы;
4.4 дизайн: стилдің бірлігі, түсі мен пішіні, сайттың стилистикалық тұтастығы.
Материалдарды құру және жобалауға шығармашылық көзқарас, өзіндік пішіндерді және орындау элементтерін пайдалану;
4.5 интерактивтілік - сайттан іздеу, сауалнама, кері байланыс, қонақ кітабы, форум және т.б.

5.     Марапаттау

5.1. Сайыс жеңімпаздарының материалдары «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz жарияланады.

5.2. Интернет-сайыстың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.

 

                                                                                                Ұйымдастыру комитет

Жаңа әліпбиі – тіл жаңғыруының басты тетігі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» саяси бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 2018 жылы 22-қарашада облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен «Қазақ тілінің жаңа әліпбиі – тіл жаңғыруының басты тетігі» тақырыбында сұхбаттық алаң өткізді.

Жұмыстың мақсаты:облыстың филологтарымен қазақ тілінің жаңа әліпбиі, сондай-ақ, жаңа әліпби бойынша қазақ тілі емлесінің ережелері (жоба), ондағы ерекшеліктер мен жаңалықтарды талдау, пікірлесу.  

Сұхбат  барысында  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ф.ғ.к. К.Ә.Қондыбай  және Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту» орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы, «Рухани жаңғыру» жоба кеңсесінің менеджері Д.Б.Нұрмұхамедова жаңа әліпбидің емле, ережелерімен таныстырып, олардың ерекшелігі туралы талдаулар жасады. Шараға қатысушы филологтар да жаңа әліпбидің емлесі туралы кейбір мәселелі сұрақтарды қойып, айтылған ойға өздерінің пікірлерін де қосып отырды.

Жұмыстың қорытындысы қатысушылармен жаңа әліпбиі бойынша құрастырылған мәтіндерді бірлесе оқып, үйренуге бағытталды. Мұғалімдер мәтіндерді қызыға оқып, белсенділік танытты. Сонымен қатар,  шара соңында барлық қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

А.С.Сугурбаева,

кафедра аға оқытушысы, п.ғ.м.

Кездесу өткізілді...

«Өрлеу» БАҰО АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасы қызметкерлері мен «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру  кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың ролі» тақырыбындағы курс тыңдаушылары Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасында өткен кездесуге қатысты. Тыңдаушылар кітапхана ресурстарымен, рухани шығармашылық – шеберлік бағыттарындағы  кітап көрмелерімен танысты. Заманауи бағдарда өткізілген «Адамзаттың Айтматовы» атты таным сағаты қатысушылардың әдебиет саласынан қойылған сұрақтарға  жауаптарымен қызықтырды.

Бұндай кездесулер  кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін, оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыруға көп көмегін тигізері сөзсіз.

 

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Білім беру мәселелері талқыланды…

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Республикалық бейнеконференция байланысы шеңберінде  Партиялық куратор комиссиясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, комиссия төрағасы А. Е. Бектұрғановтың, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асыловтың,  ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің орынбасары С. Н. Қабимолдаевтың қатысуымен "Нұр Отан" сайлауалды партиясының "Білім" бағыты бойынша отырыс өтті.

Отырыс жұмысына "Өрлеу" БАҰО " АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Білім сапасын бақылау департаменті, жоғары оқу орнының басшылары мен мектеп директорлары қатысты.

          Оқушыларға жүктемені төмендету және жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу, ынталандыру жүйесін құру мәселелері талқыланды. Бейнеконференция байланысынан кейін Ақтөбелік әріптестер облыста жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық режимде жұмыс істейтін 5 білім беру ұйымы (Ақтөбе қаласының №1,3,16, 32 ,39 мектептері) бар екенін атап өтті.

Жоғарыда талқыланған мәселелер бойынша жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу үдерісінің сапасына бағытталған ұсынымдар қабылданды.

 

Куканова Ж.М.

жетекші маман

Республикалық байқау жеңімпазы анықталды

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында сертификатталған бастауыш сынып мұғалімдерініңжоғары кәсіби құзыреттілігін көрсететін озық тәжірибелерін анықтау мақсатында, 2018 жылдың 28.09-16.11 аралығында,«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша ПКБАИ «Қысқа мерзімді  жоспардың видеопрезентациясы» тақырыбында республикалық қашықтық байқауын өткізді.

Байқау қорытындысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысыбойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының»курс тыңдаушысы,Ақтөбе қаласы № 51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Булекеева Э. А. жүлделі бірінші орынды иеленді.

Жеңімпаз Булекеева Эльмира Ақмырзақызына және курс тренері Рахатова Куляйм Жетпісбайқызына шығармашылық табыстар тілейміз!

Жүлде құтты болсын!


Займолдина Ж. Г.

кафедраның аға оқытушысы, п.ғ.м.

 

Сәті түскен кездесу…

         «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасындағы «Coworking» орталығында  «Жас Отан» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалымен бірлескен «Тәуелсіздік - толағай» тақырыбында «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, белгілі ақын Б.Б.Өтеулиевпен кездесу болды.

 Кездесуге қатысқан жастар Бауыржан Бабажанұлына қазақ журналистика саласы, өмір философиясы, қазақ әдебиеті туралы, сөз өнері, ақындық жол, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты сұрақтар қойып, сүбелі жауап алып, кемел ой, құнды              ой-пікірлерімен  танысты. Өзара сұқбаттасу негізінде шығармашылыққа жаны құмар жастар ақынның өлең-жырларын қанық боп, шалқар шабыт алды.

Соңында жастар ақынға өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Сугурбаева А.С.

кафедра аға оқытушысы

Сайыс мәресіне жетті

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ақпарат орталығы патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, ұлттық рухты сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағытталған «Рухани жаңғыру – ұлт мұраты» атты облыстық онлайн конкурсының жеңімпаздарын жариялайды.

 «Рухани жаңғыру – болашақ бағыты» номинациясы бойынша

1 дәрежелі диплом - Куатова Нургул Тулеповна - Мәртөк ауданы №3 Мәртөк орта мектебінің кітапханашысы

2 дәрежелі диплом

Аманжолова Гүлнәр Шакизақызы - Шалқар қаласы №2 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі

Мырзағұлова Майра- Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

3 дәрежелі диплом

Ларина Нейля -Ақтөбе қаласы №9 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі

 

«Туған өлкеңді өзгеден бұрын таны» номинациясы бойынша

1 дәрежелі диплом

Баймуханова Аксауле Шайхиновна - Қобда ауданы, Қобыланды батыр атындағы Қобда орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Тризно И.А. - Ақтөбе қаласы, Пригород орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

2 дәрежелі диплом

Абдрахманова Ляззат Мутигуллиновна - Қарғалы ауданы,Әлімбет орта мектеп-бақшасының кітапханашысы

Айжарикова Майра Бидуллаевна – Қобда ауданы, Бегалы негізгі мектебінің кітапханашысы

3 дәрежелі диплом

Тажмуратова Светлана Сагандыковна - Калиновка селосы І.Білтабанов атындағы орта мектебінің кітапханашысы

Дудник Светлана Алексеевна - Қобда ауданы, Жарсай негізгі мектебінің кітапханашысы

Ящук Любовь Николаевна - Қобда ауданы, Қызылжар орта мектебінің кітапханашысы

«Цифрлы кітапхана – мектепте» номинациясы бойынша

1 дәрежелі диплом

Балқашбаева Гүлнар -Ақтөбе қаласы №8 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

2 дәрежелі диплом

Емжарова Жұлдызай – Қандыағаш қалалық мектеп-гимназиясының кітапханашысы

 

«Рухани жаңғыру – болашақ бағыты» номинациясына колледж бойынша

1 дәрежелі диплом

Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжінің кітапханасы

Қатысқаны үшін сертификат:

1.Ищенко Елена Ивановна- Калиновка орта мектебінің кітапханашысы

2. Сатыбалдиева Мерует Сергалиевна - Ақырап орта мектебінің кітапханашысы

3.Жұмабаева Мейрамгүл Айтқұлқызы -Ақтөбе қаласы №65 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханашысы

4. Бағдатқызы Аяжан - Ақтөбе гуманитарлық колледжі « Кітапхана ісі» факультетінің 3курс студенті

5. Ақболатқызы Үміт - Ақтөбе гуманитарлық колледжі « Кітапхана ісі» факультетінің 3курс студенті

6. Берік Гүлдәурен - Ақтөбе гуманитарлық колледжі« Кітапхана ісі» факультетінің 3курс студенті

7. Шутеева Ұлболсын -Ақтөбе гуманитарлық колледжі « Кітапхана ісі» факультетінің 3курс студенті

 

Құрметті әріптестер! Еліміздің ертеңі - өскелең ұрпақты тәрбиелеуде кәсіби шеберліктің шыңына жете беріңіздер! Құттықтаймыз!

 

Назарбаева Р.К.,

ақпарат бөлімінің маманы

СӘТТІ АЯҚТАЛҒАН ЖЫЛ...

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ 2018 жылды табысты аяқтады. Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстарында  барлығы 877 педагог, оның ішінде 72% - ауылдық білім беру ұйымдарынан оқытылды.

Курс аясында  шығармашылық топтарда жұмыс істей отырып  тренингтік оқыту режимінде, педагог-психологтар, мектепке дейінгі және интернаттық ұйымдардың тәрбиешілері, алғашқы әскери дайындық, мемлекеттік тіл, математика, физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері өздерінің кәсіби білімдерін жаңартты. Робототехниканы дамыту, мектепте өлкетану жұмыстарын тиімді ұйымдастыру бойынша білімдерін толықтырды. Курсты институттың сертификатталған тренерлері мен  профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізді.

«Өрлеу» БАҰО»  АҚ Басқармасының басшылығымен облыстың жас педагогтері үшін бірқатар жобалар іске асырылып, мектепке дейінгі  ұйымдардың  70 әдіскерлері мен тәрбиешілері, робототехника  дамыту бойынша 125 педагог біліктілігін арттырған курстар оң нәтиже берді.          Біліктілікті арттыру курстарында оқитын барлық педагогтар үшін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Есет батыр мемориалдық кешеніне, Ә.Молдағұлова мұражайына, «Жұбановтар әлемі»  мұражай үйіне  және т. б. экскурсиялар ұйымдастырылды.

Әрбір курста өткізілген рефлексия нәтижесінде  мұғалімдер қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырудың өзектілігі мен маңыздылығын, мазмұндылығын ерекше атап өтті, сондай – ақ ұйымдастырушылар  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасына және оның филиалына шынайы  ризашылықтарын білдірді.

Курс соңында педагогтар курстан кейінгі кезеңде кәсіби деңгейде кездесу мен қарым-қатынастың маңыздылығын бірауыздан мойындады. Облыс мұғалімдеріне жаңа әдістемелік идеялар мен  жобаларды іске асыруда,  инновациялық тәжірибе алмасуда табыс тілейміз.

А.Айбусиновa,

академиялық бөлімінің бас маманы

Әлемді өзгерту үшін оны көру керек....

Демалыссыз еңбек ету мүмкін емес! Білім және ғылым саласы бойынша облыстық кәсіподақ тарапынан «Мерке» санаторийіне жолдама алған біздің әріптестеріміздің көңіл-күйі жарқын. Демалыстан оралған соң облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру ісіне жаңа ынтамен, зор ықыласпен кіріседі деген сенімдеміз. Облыстық кәсіподақ ұйымына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз! Әріптестер, аман-есен келулеріңізге тілектеспіз!

Білім беру үдерісіндегі АКТ

«Өрлеу»  БАҰО» Ақтөбе Филиалында «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану, жаңартылған мазмұн аясында тұлғаның функционалдық сауаттылығы төңірегінде ой қозғалды.

Семинар қойылған мақсатына жетті. Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар табысталып, әдістемелік ұсынымдар қабылданды.

                                                                                               

Абдиров Р.Т.,

кафедра аға оқытушысы

Президенттің қозғалмалы көрме мұражайымен танысу

Тұңғыш Президент Күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының ұжымы, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдер облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» атты көрме мұражайында  болды.

Біздің назарымызға мемлекеттің Тұңғыш Президентінің қызметін, қазіргі Қазақстан тарихын ашатын бірегей мұрағаттық құжаттар, ғылыми материалдар, кітаптар, марапаттар коллекциясы және  көптеген қызықты заттар ұсынылды.

Басқа мемлекет басшыларының Президентке сыйлаған сыйлықтары ерекше назар аударуды  қажет етеді. Біз үшін, мұғалімдер үшін  көрме мұражайына  болу Қазақстан Республикасының ең дамыған 30 елдің қатарына ену жағдайында жас ұрпақты, «Мәңгілік ел» болашақ азаматтарын тәрбиелеу мен дамытудың  тәсілдерін қайта қарастыруға мүмкіндік берді!

Матсалаева Ж.К.,

бөлімінің жетекші маманы

Ақтөбе облысы ПЕДАГОГТЕРІНЕ қолдау көрсетейік!

«Педагогикалық идеялар панорамасы - 2018» конкурсының көптен күткен республикалық кезеңі де келді. Ақтөбе облысының мұғалімдері білім беру мазмұнын жаңарту аясында кәсіби шеберлігі мен кәсіби дамуын көрсете отырып, байқауға белсенді қатысты.

Біздің облысымыздан республикалық кезеңге 22 бағыт бойынша 66 бейне-сабақ жіберілді. Бейне-сабақтар «Өрлеу» БАҰО» АҚ білім беру каналында жарияланған. Конкурстың шарттары бойынша бейнероликтер он критерий бойынша бағаланады. Олардың біреуі – «YouTube» сайтындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ  білім беру  каналындағы қаралымдардың санына байланысты (сілтеме https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g/playlists?view=50&sort=dd&shelf_id=8).

Сондықтан біз барлық педагогикалық ұжымдарды, студенттерді, ата-аналарды, жұртшылықты бейнероликтерді қарауға, өз пікірін білдіруге, басқа қоғамдық желілермен бөлісуге, біздің шығармашыл ұстаздардың жұмысына баға беруге шақырамыз!

Бейнеролик 1000-нан астам пікірлерді, комментарийлер мен хабарламаларды жинаса, жақсы деңгейден көрінеді (қаралымдар саны - 500 - 0 ұпай, 501-ден 1000-ға дейін - 1 ұпай, 1001-ден астам  - 2 ұпай).

Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша ең жақсы жұмыстар марапатталады.

Құрметті педагогтер! Ақтөбе облысы мұғалімдерінің – біздің  әріптестердің кәсіби жұмысын бағалауда белсенді болыңыздар! Олар сіздің қолдауыңызды күтуде!

Президенттік оркестр Ақтөбеде …

"Ақтөбе-Өрлеу" ұжымының  "Рухани жаңғыру" идеясын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысында өткізілетін ауқымды мәдени іс-шараларға қатысуы игі дәстүрге айналды. Ағымдағы жылдың 14 қарашасында біздің ұжым Президенттік оркестрдің мерекелік концертіне қатысты. Оркестр  музыканттарының жоғары кәсібилігіне,  руханилығы  мен өз халқына қызмет етуге зор ықыласы  үшін бас иеміз!  Осындай мазмұнды іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!!! 

Трнабаева Н.С.,

бөлім бастығы, магистр

Бастауыш мектепте оқытудың белсенді әдістері

"Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  ағымдағы жылдың 14 қарашасында Ақтөбе қаласы №26 орта мектепте "Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында сабақта оқытудың белсенді әдістері" тақырыбында облыстық семинар – практикум өткізді.

Мектептің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары А.Е.Смагулова семинардың теориялық бөлімінде оқытудың белсенді әдістерін оқу үрдісінің тиімділігін арттыру құралдарының бірі ретінде қолдану мәселелерінің өзектілігін атап өтті.  Осы кезеңде семинарға қатысушыларға оқытудың белсенді әдістерінің мәні ашылып, аталған әдістердің жіктелуі көрсетілді, оқытудың белсенді әдістерінің белгілері белгіленді. Ал практикалық бөлімде - Ақтөбе қаласының № 26 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері С. В. Багачук, Г. К. Әбдіқалықова, М. К. Дандыбаева, Г. А. Куриченко, Ш. К. Маракова, Д. С. Есенаманова білім беру мазмұнын жаңарту аясында сабақта оқытудың белсенді әдістерін қолдану тәжірибесін көрсетті.

Рефлексия жүргізу барысында семинардың өз мақсатына жеткендігі анықталды. Сондай-ақ, қатысушылар 1-4 сынып оқушыларының оқуға деген жоғары уәждемесін, оқытылатын пәндерге деген қызығушылықтарын атап өтті.

 

                               Нуганова А.Г.,

кафедра аға оқытушысы

Туған өлкенің тарихын зерделейміз …

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың: «Еліміздің мәдени өмірінде  мұражайлардың рөлі ерекше. Біздің тарихымызды терең зерттеу және оның тәжірибесін үйрену, Қазақстанда патриотизмді қалыптастырудың және еліміздің лайықты азаматын тәрбиелеудің негізгі шарттарының бірі болып табылады...»,-деген сөздері облыс педагогтері үшін институт мұражайына, Ә.Молдағұлова атындағы музейге экскурсияларды ұйымдастыруға және өткізуге негіз болып отыр.

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында педагогтер Есет батыр мемориалдық кешеніне барды. Есет батырдың есімі парсы тілінен аударғанда "лайықты" дегенді білдіреді. Тарихтың сарғайған беттерінде және халық жадында 1667 жылы туған Көкі батырдың ұлы есімі және жарты ғасыр бойы туған жерін Еділ қалмақтарынан және жоңғарлардан қорғаған ерлігі мәңгі есте қалды…

Туған жердің қасиетті орындарына бару   педагогтерді  шабыттандырып, білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын мақсатты жүргізуге негіз боларлық  эмоционалдық қуат берді.

Трнабаева Н.С.,

бөлім меңгерушісі, магистр

Өзін-өзі тану: Мен әлемді сүйемін!

«Өрлеу» БАҰО»  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ   2018 жылдың қараша айының 14-і күні  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындаоқыту-семинарын Ақтөбе қаласындағы №39 «Достық» мектепке дейінгі ұйымының  базасындаұйымдастырды. Пилоттық білім беру мекемесінің  тәрбиешілері Ж.Мандыбаева, Ә.Балқұл өзіс-тәжірибелерімен бөлісті.  «Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік  білім беру Бағдарламасын тәжірибеде жүзеге асырудағы пайдаланылған ізгі  әдіс-тәсілдер семинарға қатысушы педагогтердің білімін тереңдетуге ықпалын тигізгендерін айтып, алғыстарын білдірді.

 

Култаева Л.А.,

 «Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік  білім беру Бағдарламасының тренері

М. Монтессоридің әдістемесін қолдану

Ағымдағы жылдың 14  қарашасында «Өрлеу» БАҰО АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізінде № 11 «Ақбота» балабақшасында  «М. Монтесоридің мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытудағы әдістемесін қолдану: тәжірибе және даму болашағы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. 

Семинарды меңгеруші  Ж.Ж. Исмаева ашып, семинар қатысушыларын педагогикалық жүйенің негізгі идеясы - әр баланың табиғи әлеуетін барынша ашып көрсету болып табылатынын түсіндіріп өтті.

Тәрбиешілер  Г.Е. Құрманова, Сүйінбаева Б.Ж. балалардың Монтессори ортасында когнитивті және коммуникативті шеңберлерді қолданумен есепті оқытуға, сөйлеуді дамытуда сабақ-жаттығуларын көрсетті.

Педагогтар тәжірибе жүзінде  Монтессори әдісінің  жұмыс қағидаларымен танысуға мүмкіндік алды.

Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға осы тәжірибемен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіріп, шығармашылық шеберлікке ұмтылған педагогтерді атап өтті.

 

Букенова С.С.,

кафедра аға оқытушысы

Дарындыны дамытудағы ұстаз еңбегі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2018 жылдың 14 қараша  күні институт жоспарына сәйкес курс аясында "Дарынды оқушыларға – талантты ұстаз"тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық  шебер-сынып өткізілді.

Шебер-сыныпқа Ақтөбе облысы бойынша 45 бастауыш сынып мұғалімдері қатысып,   оқушылардың табысты оқуына кедергі жасайтын факторларды анықтап, оны шешу стратегияларын ұсынады. Дарынды   оқушыларды оқытуда  ұстаздарға қажетті  әдіс - тәсілдер түрлерін   талдады.  

Шебер сынып   қорытындысы бойынша қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Ж.Г.Займолдина

кафедраның аға оқытушысы, п.ғ.м.

Жана әдіс-тәсілдер мектеп тәжірибесінде

2018 жылдың 13 қараша  күні институт жоспарына сәйкес курс аясында "Сабақ  беруде жаңа әдістерді тиімді енгізу жолдары" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар  өткізілді.

Семинар Ақтөбе қаласында №31 жалпы білім беретін орта мектеп базасында ұйымдастырылды. Жұмыс барысында семинарға қатысушылар  өз іс-тәжірибесімен бөлісіп,білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдерді  талқылап, кәсіби шеберліктерін көрсете білді.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар Тауанова Лаззат Бекмуратовна,  Бугыбаева Нурсулу Наурызбаевна, Сегіз Гулжан Сәдуақасқызы,  Нижанова Назипа Ергуатовна, Өтеп Гүлмира Бейбітқызы    алғыс хаттармен марапатталды.

Ж.Г.Займолдина

кафедраның аға оқытушысы, п.ғ.м.

Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары

         Институттың жоспарына сәйкес №9 ОМГ базасында  «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі пәнінен оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамыту» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті. Семинарға қала, аудан  мектептерінің  қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің  мұғалімдері қатысты.

         Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі мен оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы интербелсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы шеберлік сыныптары, коучинг, шығармашылық диалог, практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытындағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Жаңашыл ұстаздар өз сабақтарында оқушы білімін критериалды бағалау және оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың түрлері мен тәсілдерінен өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.

         Семинар қатысушылардың кәсіби шеберлігінің шыңдалуына,  өзара тәжірибе алмасуына септігін тигізді.


  М.Т.Адилханова

Аға оқытушы, магистр

Білім сапасын жақсарту жолында

Ақтөбе облысының ардагер ұстаздары мен Білім сапасын бақылау департаментінің, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының, Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мамандары Ақтөбе облысының Байғанин, Темір аудандары педагогикалық қауымдастығымен бірқатар жұмыстар жүргізді.

Білім беру мекемелерінің басшыларымен болған кездесуде Елбасының биылғы Жолдауындағы мәселелер ортаға салынды, проблемалық сұрақтар   шешімі  табылды. Қоғамдық қабылдауда ата-аналар мен ұстаздар өздерінің мәселелік сауалдарына жауап алды.  Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өткізілген сабақтарға қатысып,  ұсыныстарын айтты.    Қамқоршылық кеңес төрағаларымен, мүшелерімен кездесіп, тиісті кеңес берді.

Екі күндік бетпе-бет жұмыс нәтижесі бойынша ұсыныстар қабылданды.

К. Рахатова,

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.м.

СLIL технологиясы – пәндік үйлесім табудың жолдары

Ағымдағы жылдың 12 қарашасы күні география, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің  оқытушыларына арналған  «CLIL  әдістемесін қолдану аясындағы педагогтердің жаңашылдық әрекеті» атты әдістемелік құралды талдау барысында  дөңгелек үстел өткізілді.

Мамандар пән мен тілді кіріктіріп оқытудағы жаңа бағдар СLIL әдісінің мән-мағынасын анықтады. Пәнаралық байланыс, шетел тілі арқылы оқушылардың өз ойын білдіруі, олардың дүниетанымын арттырып, әлемді тануға деген құштарлығын кеңейтеді. Қатысушылар осындай ерекшеліктерді инновациялық-педагогикалық қызметте CLIL пән мен тілді кіріктіре оқытудың және игеру дағдыларын пайдалану үшін қолданылатындығы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, кәсіби білімдері мен мүмкіндіктердің кеңейту құралдары ретінде екінші тілді меңгеру қажеттігінің уақыт талабы екендігін ашық жеткізді.

Білім берудің  мазмұнын жаңарту аясындағы жетістіктерге жетудің басты мақсаты – оң тәжірибені қабылдап, оқушылардың пәнаралық байланыс негізіндегі ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды өзекті мәселені шешу. 

Ермекбаева Л.Ж.,

кафедра аға оқытушысы,

магистр

ШЖМ-те білім беру мазмұнын жаңарту мәселелерін талқылау

2018жылдың 12 қараша күні   «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы  бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институтында  «Шағын жинақты мектеп проблемалары мен оны шешу жолдары»  тақырыбында облыстық панельді сессия  өтті.

Панельдік сессия жұмысында шағын жинақты мектептің бастауыш класс мұғалімдері Ажмухамбетова Тамара Иксановна  (Ойыл ауданы, Жаксыбайкөл НМ), Жолшина Батима Сатановна  (Ойыл ауданы, Қарасу НМ), Ташенова Амина Конысбаевна (Хромтау ауданы, Қызылсу ОМ), Беркутшина Алла (Мұғалжар ауданы, Елек НМ), Романкулова Толқын Ерешовна (Ақтөбе қаласы №54 ОМ), Мустафин Бауржан Жанбаевич (Мартук ауданы, №1 ОМ), Юденко Юлия Юрьевна-(Мартук ауданы, Хазрет ОМ)  белсенділік танытты.  

Панельдік сессиядағы мәселелерді талқылау  барысында шағын жинақты мектепте  білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасын енгізудегі қиындықтар мен оны шешудің жолдары қарастырылды. Сессия жұмысын қорытындылауда білім беру мазмұнын жаңарту аясында   оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруде  әдістемелік ұсынымдар қабылданды. 

Аталған шараны қорытындылауда қатысушылар  тақырыптың өзектілігін,  тәжірибеге бағытталғандығын атай келе,  «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушыларына  ризашылықтарын  білдірді.

 

Шаштыгарина С.М, Нуганова А.Г.,

кафедра аға оқытушылары

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРТЕ ДАМУЫ

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша  ПҚ БАИ жоспарына сәйкес  10.11. 2018ж. «Балаларды ерте дамыту бойынша педагогикалық жүйелерінің негіздері мен әдістері» тақырыбында курс аясында  семинар ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты: мектепке дейінгі балаларды ерте дамытуына сәйкес   тиімді әдістерді пайдалану, тәрбиешілердің жұмысының сапасын арттыру.

Семинардың ашылуында   Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директорының орынбасары, п.ғ.к., доценті Н.К. Кибатаева  мектепте дейінгі білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыруды,  бала тұлғасын ерте  дамытудың инновациалық әдістері мен технологияларын қолдану арқылы тәрбиешілердің кәсіптік құзыреттілігін жетілдіру қажетт екендігі айтып өтті.

Семинардың барысында  мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш біілм беру кафедрасының аға оқытушысы С.С. Букенова балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру туралы сөз қозғады.

Тәрбиеші  Ф. Искакова мектеп жасына дейінгі балалардың ерте дамуына бағыттылған З.Дьенеша текшелерін,  Д.Кюизенер таяқшаларын  қолдана отырып, тәжірибелік жұмыс ұйымдастырды.

А. Асылжанова мен   У. Тукешова  мектеп жасына дейінгі балалармен  оқу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін машықтандыру жаттығуларын  асықтар арқылы көрсете білді.

Тәрбиеші А.Умарова    5 жастағы балалардың графо-моторлық дағдыларын қалыптастыру бойынша өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында балаларды ерте дамытуда дамытушылық  ойындардың орны ерекше екенін атап өтіп, мазмұнды тәжірибелік матриал  үшін алғыс білдірді.

Букенова С.С.,

кафедра аға оқытушысы

Тәжірибедегі жаңартылған сабақ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы  бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институты жоспарына сай осы жылғы 9 қарашада «Тиімді сабақ, белсенді әдіс, нәтижелі тәжірибе»  тақырыбында жаңартылған білім беруді жүзеге асыруда орта мектептердің жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық пәндердің сертификатталған мұғалімдері үшін байқау өткізілді.

 Байқау мақсаты: жаңартылған білім беру жүйесінде жұмыс жасайтын облыстың сертификатталған педагогтардың инновациялық тәжірибесін насихаттау  шығармашылық белсенділігін дамыту.

Байқау екі кезеңнен тұрды.   Конкурстың бірінші сырттай кезеңіне 67 пән мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарлары ұсынылды, сараптама комиссиясының шешімімен облыстың барлық аудандарынан  27 мұғалімнің жұмысы «Үздік сабақ» деп танылып байқаудың екінші кезеңіне  жолдама алды.  2 кезеңге өткен байқауға қатысушылар «Үздік сабақ, озат тәжірибе» тақырыбында  панорамалық сабақтарын қорғады.

Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды:

I дәрежелі диплом:

  1. Абилгазина Гүлшара Баяновна- Қандыағаш№1ОМ, Мұғалжар ауд.
  2. Кадралина Гаухар Саматовна – ХСШ№4 Хромтау ауд.

II  дәрежелі диплом:

  1. Тургумбаева Акмарал Маратовна – ХОМ №4,Хромтау ауд.
  2. Баймурзина Гүлден Кадирбаевна – Шалқар №5 МЛ

III  дәрежелі диплом:

  1. Иванцова Ольга Ивановна – ХСШ №4, Хромтау ауд.
  2. Асауова Акнур Сенбиевна – Мұғалжар Қандыағаш №1ОМ

Номинациялармен:

«Тиімді сабақ»

  1. ЖанұзақоваТорғын Зағитқызы- ХОМ №5, Хромтау ауд
  2. Шонаева Курбанай Калдыбаевна – Сағашилі ОМ Мұғалжар ауд.

«Белсенді әдіс»:

  1.  Кудайбергенова Айғанша Аскаровна - №18ОМ Ақтөбе қаласы
  2. Жолдасбаев Нұрлыбек Жалайырұлы – Т.Жаманмұрынов ат.ОМ Ырғыз ауданы

«Нәтижелі тәжірибе»:

  1. 1.    Курманалина Айгуль Сейдалиевна -№9ГМ Ақтөбе қ.,
  2. 2.    Сапаргалиева Улболсын Дюсеновна – Ақтөбе №41МГ

Алғыс хаттармен:

  1. Аймағанбетова Илмира Кожановна - №41ОМ Ақтөбе қ.,
  2. Урбисинова Актоты Есеновна – М.Арын ат.ОМ Ақтөбе қ.,
  3. Кенжегалиева Мариягуль Нурлыбековна –ХОМ №4, Хромтау ауд.
  4. Спаганбетова Гульбану Зуфаровна- Шалқар №5,Шалқар ауд.
  5. Сәрсенова Нәписа Ысқаққызы- №41ОМ, Ақтөбе қ .,
  6. Қазангапова Шынаргуль Абдигалиевна - №9 ГМ Ақтөбе қ.,
  7. Баешова Жанаргуль Айсагимовна – Ақтөбе ОДБАММИ
  8. Абишева Гулмира Аскаровна -№24ЛМ Ақтөбе қ.,
  9. Ермекқарина Гүлзат Қалдыбайқызы – ХОМ №4, Хромтау ауд.
  10. Оспанова Зура Кусайыновна – Ақтөбе №16ОМ
  11. Полякова Лариса Викторовна – Ақтөбе №9 ГМ
  12. Бердигалиева Гүлдара Орыновна- Теректі ОМ Темір ауд.
  13. Куанышбаева Алтынай Кадирбековна –Ақтөбе №9Г
  14. Сохарь Светлана Григорьевна – Ақтөбе ОМ


Каплиева А.К.,

п.ғ.к., доцент

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ - ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында  латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін айтып өткен болатын. Осыған орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы бекіткен  қазақ тілі  әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшірудің   іс-шаралар жоспарына сәйкес (2018-2020 ж.ж.)   «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе Филиалы   латын графикасына көшу бойынша «Қазақ тілінің жаңа әліпбиі  - тіл жаңғыруының басты тетігі» тақырыбында 2018 жылдың 9 қараша күні   облысы педагогтерімен А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтынан курстан өткен сертификатталған тренерлері облыстық пікірлесу алаңын өткізді.    Алаңда  жаңа   қазақ әліпбиіне көшу жағдайында туындаған өзекті мәселелер мен әдістемелік ұсынымдар бірлесе талқыланды.

Пікірлесу алаңындағы басты мақсат – облыс педагогтерін «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесі ережелерінің» жобасымен  таныстыру болды. Жұмыс барысында қатысушылар 3 фокус топтарға біріктірілді, «Жаңа әліпби емлесі» әріп, дыбыс, түбір, бөлек, бірге, дефис арқылы жазылатын сөздердің ерекшелігіне тоқталса,  «Жаңа қазақ әліпбиі – біздің өмірімізде» фокус тобы тыңдалым және оқылым материалдары бойынша тәжірибелік жұмыстар жасалынды. «Жаңа  әліпби – біздің мектебімізде» фокус тобы латынға негізделген қазақ әліпбиін дамыту жұмыстары бойынша бірнеше идеяларымен бөлісті. Атап айтсақ, өз мектептерінде «Ustaz» хештэгіне  өз тәжірибелерімен бөлісу, желілік қауымдастық құру, QazLatyn-Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің конвертерін басшылыққа алу.

Қазақстанның жаңа әліпбиі мемлекетімізді халықаралық өркениет кеңістігіне жетелейтін үлкен істердің бірі болатынына сеніммен қарап, маңызды басқосуда   облыс педагогтері  қолдау білдіретіндігін атап өтті. 

 

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы, магистр

Тарих тереңіне үңілсек...

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтының  ақпарат орталығы мамандары  «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жобалау» тақырыбындағы курсқа келуші  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін педагогикалық музеймен таныстырды.

Басты мақсат - оқу-тәрбие ісіндегі тәжірибе мұраларына қастерлі түрде қарым-қатынас жасауды қалыптастыру болды.

 Келушілер музей жәдігерлерімен, ардагер ұстаздардың еңбек жолдарымен, институт мақтаныштары туралы, «Өрлеуде» өткізілген ғибадатты сәттерді бейнелейтін  фото – суреттер көрінісімен танысып, ұстаздық  озық тәжірибедегі тарих беттерінің парақтарына көз жіберді.

Экскурсия соңы институттың қалыптасу тарихынан жүйелі түрде мағлұмат беретін «Институт тарихы беттерінен» атты кино-фильмді  көрумен аяқталды. Тыңдаушылар мағыналы ақпарат пен мәнді экскурсияға ризашылықтарын  білдірді.

                                                                                                  

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Назарбаев Университеті өкілімен кездесу

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында «Өрлеу» БАҰО АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізінде жас мамандарға арналған Назарбаев Университеті өкілімен   кездесу өтті. 

Шара барысында Назарбаев Университеті  абитурент қатарына қабылдау Департаментінің  менеджері К.С.Пайзова 2019-2020 академиялық жылдарға арналған Назарбаев Университеті дербес білім беру ұйымының бакалавриат бағдарламасы бойынша  магистратура және докторантураға түсу мақсатында  бакалавриат бағдарламасына конкурстық іріктеу, оқуға түсу, сынақтар тапсыру, мемлекеттік грант және ақылы оқытудың талаптары мен құжаттамалары туралы бейнеролик көрсетті.

Қатысушылар  айтылған нақты   мәліметтермен бірге  өздері қызықтырған сұрақтарға толықтай жауап алды.

 

Назарбаева Р.,

ақпарат орталығы маманы

Бағалаймыз, дамытамыз…

«Б.Блум таксономиясы – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында оқытудың тиімділігін бағалау әдісі»тақырыбында 2018 жылдың 8 қарашасында «Өрлеу БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ»   базасында   облыстық әдістемелік семинар- практикум  өткізілді.

Семинар  мақсаты:  Жаңартылған білім беру мазмұны аясында математиканы оқытуда  Блум таксономиясы негізінде  оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту және тиімді бағалау біліктерін жетілдіру.

Семинар жұмысына облыстың 25 мұғалімі қатысты.

Семинар  аясында мұғалімдер  белсенді оқыту стратегияларын қолданып, өздерінің шағын сабақтарына оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалары, сонымен қатар критериалды бағалау жөнінде іс-тәжірибесімен  алмасты.

Семинар жұмысының кері байланыс парағында мұғалімдер Блум таксономиясы негізінде бағалауды нақты түсінгендерін, сындарлы кері байланысты, рефлексияның маңыздылығынсжәне осы семинардан   оң әсер алғанын, мазмұнының терең болғанын, көптеген мәселелер бойынша нақты ақпараттар ала алғанын баяндады. 

 

Сулейменова  С.К.,

кафедра аға оқытушысы 

«Біз өзгереміз, айқын мақсаттан табысты нәтижеге» облыстық идеялар панорамасы

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша  ПКБАИ №40 ЖОББМ бірлескен педагогтердің критериалды бағалау бойынша кәсіби құзіреттілігін дамытуға бағытталған идеялар панорамасын өткізді.

Идея алмасу барысында ашық сабақтар өткізіп, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жетістіктері бойынша өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған  тапсырмаларды әзірлеу және білім мазмұнын жаңартуды енгізу аясында критериалды бағалаудағы мұғалімдердің қызметін анықтайтын жаңа нормативті –құқықтық  құжаттар бойынша  әдістемелік көмек және практикалық сағаттар өткізілді. Критериалды бағалау жүйесінің оқыту сапасын көтерудегі тиімділігін көрсететін жасалып жатқан жұмыстар көрсетілді.

Сонымен бірге, оқушылардың креативтілігі мен сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтар, коучингтер, тренингтер қатысушылар назарына ұсынылды.

Қатысушы педагогтер «Сұхбат алаңына» шақырылып ұсыныстар мен  пікірлерін айтуға мүмкіндік алды, әдістемелік көмек көрсеткен «Өрлеу» ұжымының тренерлеріне, мектеп мұғалімдеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.


Г.К.Жапакова,

кафедра аға оқытушысы, магистр

Гендерлік теңдік мәселесі талқыланды...

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Институтта бірлескен жоспар негізінде бірқатар ауқымды шаралар да өткізілді. Ақтөбеде өткен тәжірибелік семинарда гендерлік теңдік тақырыбы өз жалғасын тапты.

Семинарда БҰҰ қазақстандық өкілі Гүлнар Смайлова және халықаралық эксперт Светлана Горащенко гендерлік теңдік және әйелдердің құқы мен мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық-әлеуметтік жобаларға гендерлік көзқарастың маңыздылығы және гендерлік қаржыландырудың мақсаты, кезеңдері туралы мәселелерді талқыға салды.

Тәжірибелік семинарға қатысқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе филиалының бөлім маманы Матсалаева Ж.К. гендерлік саясатты жүзеге асыру бойынша институттың педагогтермен жүргізіп жақтан жұмыстарымен таныстырды. Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіреді!

 

Матсалаева Ж.,

бөлімнің жетекші маманы

КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІ ПЕДАГОГТАН ТАБЫСТЫ ТҰЛҒАҒА...

Бүгінгі өзгермелі ақпараттық қоғам өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, медиа технология саласын жетік меңгерген табысты тұлғаны қажет етеді.

Осы артылған міндеттерді орындау, жүзеге асыру үшін ағымдағы  жылдың  7 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы АО ПК БАИ 10 ЖББОМ   «Білім мазмұнын  жаңарту аясында тиімді қысқа мерзімді жоспарлау» тақырыбында бірлескен  облыстық семинар өткізді.  

Семинардың мақсаты мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудегі табысты тұлғаны дамытудың  ерекшеліктері мен  оқушы, мұғалім қызметіндегі рефлексияның маңызын талдау болды. Семинарда мектептің мұғалімдері ықшамсабақтар, коучинг-сабақтар, тренингтер өткізді.   

Семинар  барысында педагогтер оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлері, Б.Блум таксономиясына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейі, түрлі деңгейдегі сараланған тапсырмаларға дескрипторларды құру мен сындарлы кері байланыс жөнінде тәжірибе алмасты.

Семинар жұмысының кері байланыс парағында рефлексия мен кері байланыстың айырмашылығын нақты түсінгендерін, сындарлы кері байланысты, рефлексияның маңыздылығын, мұғалімдердің рефлексиялық күнделік жүргізу арқылы өз тәжірибесін жетілдіретінін, сынып сағаттарындағы рефлексия түрлерімен танысқандарын, компьютерлік бағдарламалық жасақтама арқылы кері байланыс алу тәсілдерін атап көрсетті.

Г.К.Жапакова,

кафедра аға оқытушысы, магистр

Сапалы білім беру- уақыт талабының деңгейі

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында 5-6 қарашада Ойыл, Хобда аудандарында Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті күніне орай педагогикалық десант ұйымдастырылды. Департамент күніне аудандардың білім саласының басшылары, директорлардың орынбасарлары, психологтар, аудандық білім бөлімінің әдіскерлерімен қатар, департамент мамандары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Университетінің ғалымдары, «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалынан кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.Қ.Қаплиева, Ақтөбе қаласының білім бөлімі әдіскері және Ақтөбе қаласының ардагер-ұстаздары қатысты. Департамент күнінің модераторы Б.Б.Кузембаева сөз сөйледі.

Департамент күні кездесу форматында өтілді, онда сапалы білім беруді қамтамасыз етудегі педагогтардың жауапкершілігі, жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді жүзеге асыруда педагогтардың қоғамдағы орны, сабақты өткізудегі белсенді инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігін арттырудың маңызы туралы кеңес берілді. Педагогтың бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуде орынының жоғары екені атап көрсетілді.  Әр ауданда өткен департамент күнінде «Қамқоршылық кеңесін ұйымдастыру қызметі» туралы семинар өтілді. Сондай ақ, жаңартылған білім беру мазмұнының курсынан өткен сертификатталған мұғалімдер сабағына қатысылды.

  

Каплиева А.К.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

Білім берудегі жаңашыл үдеріс – мұғалім ізденісінде

Білім беру жүйесіндегі жаңа жүйе бойынша интербелсенді әдістер арқылы педагогтердің тәжірибе алмасуын шыңдау мақсатында 2018 жылдың 6 қарашасы күні, Ақтөбе қаласы №60 ЖББОМ те «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы интербелсенді әдістер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Мендегі көңіл-күй...» тренингінен бастау алған шара барысында «Келешек» желілік қауымдастығы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПКБАИ, педагогикалық шеберлік орталығы, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық мамандары және педагогтер «Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас», «Интербелсенді оқыту әдістерінің орта-кәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктері», «Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті», «Жаңартылған сабақ жоспарын құру», «Жаңартылған бағдарлама бойынша қолданыста жүрген әдіс-тәсілдер», «Интербелсенді әдістерді тәжірибеге енгізу арқылы жеткен жетістіктер» тақырыптарында жұмыс түрлері жүргізіліп, өзекті мәселелер ортаға салынды.

Рефлексия кезеңінде «Сыйға тартқан желпуіш...» әдісімен кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар бүгінгі күні қозғалған түйткілді мәселелер мен тәжірибеде қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің тиімділігін талқылап, ойларын ортаға салды, семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Семинарға келушілер ұжым ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, тың тақырыптар аясына қанығып, біліп қоржындарын толықтырғандарын алға тартып, ерекше көңіл-күймен тарасты.

 

Жұбаева Ж.О.,

кафедра аға оқытушысы, магистр

Ұжым еңбегі бағаланды…

 Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Нұр отан партиясы облыстық есеп беру - сайлау конференциясын өткізді. Конференцияда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Нұр отан партия мүшелері өткен екі жылдағы жұмыстырын қортындылап, жаңа міндеттер белгіледі. Партияның басты рөлі әрбір қазақстандыққа жаңа жобаларды түсіндіріп, тұжырымдамаларды ерекше бақылауға алып,  іске асыру.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын орындау контексінде басты рөлді білім беру ұйымдары, педагогикалық және ата-аналар қауымдастығы атқарады. Нұротандықтар білім сапасын, педагог мәртебесін арттыруға, "Сандық Қазақстан" бағдарламасын енгізуге, оқытудың жаңа стратегияларына қатысты мәселелер қозғалды.

Ақтөбе облысының әкімі ең белсенді нұротандықтарды қоғамдық қызметі үшін марапаттады, оның ішінде «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалының директоры ф.ғ.к. Н.М.Абишева алғыс хатпен марапатталып, институт ұжымының еңбегі бағаланды.

Біздің еңбегімізді жоғары бағалап, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамын және тренерлер ең басты жоспарлар мен жобаларды орындауға шабыттандырды.

Куканова Ж.М.

жетекші маман

Педагогтардың спорттық жеңістері - салауатты өмір нышаны: Тұңғыш Президент күніне арналды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ақтөбе қалалық "Жас Отан" жастар қанаты филиалы мен Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "ӨРЛЕУ" БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кубогі үшін Ақтөбе қаласындағы білім саласы қызметкерлері арасында волейбол жарысы өткізілді. Жеңімпаздары құттықтаймыз!!!

Бектенгалиев С.А.,

бөлімінің бас маманы

Сапалы ТжКБ жолында...

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжімен бірлесіп 2017 жылғы қарашаның 30 күні  «Техникалық және кәсіптік білім беру сапасы: стратегиялар мен жаңа мүмкіндіктер»тақырыбында облыстық  семинар өткізді.      

Семинарда  инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету  бөлімінің маманы Б.Утаров, колледж  директорының орынбасары М.Рамазанов жаңартылған білім беру мазмұныны жағдайындағы ТжКБ жүйесі құрылымдардың негізгі басымдықтарын анықтап айтып өтті.  Семинар барысында колледж  оқытушылары  өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға ашық тәжірибелік сабақтар көрсетті. 

Семинар қорытындысы бойынша тиісті әдістемелік ұсыныстар қабылданып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 

Утаров Б.С.,

әдістемелік қамтамасыз

ету және инновациялық даму бөлімінің бас маманы

Президенті күні қарсаңында: кітап сыйланды

 «Өрлеу»БАҰО» Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш  Президенті күніне орай «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында 50-ден аса кітап пен әдебиеттерді қаламыздағы №10 орта мектепке сыйға тартты.  Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратын көркем әдебиет және танымдық жинақтармен қоса «Жасампаз жылдар», «Тарих толқынында» атты Елбасы еңбектері  де кітап қорын толықтыруға зор көмегін тигізері сөзсіз.

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

 

Жұбанов оқулары

 2017 жылдың 30 қарашасы күні  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын «Жұбанов тағылымы» IX – шы халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференцияның құрметті қонақтары – Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың ұлы- филология ғылымының докторы, профессор, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов пен Ахмет Қуанұлы Жұбановтың қызы - Қазақстан Ұлттық Академиясы  жаратылыстану ғылымдарының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, биология ғылымының докторы Ажар Ахметқызы Жұбанова мен қазақстандық және ресейлік ғалымдар,  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ профессорлық-оқытушылық құрамы және облыс педагогтары қатысты.

Шараны Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков ашты.

Құдайберген Жұбановтың өмірбаяны мен ғылыми еңбектеріне арналған  «Жұбановтар – ұлт мақтанышы» және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай  «Елін сүйген, елі сүйген, Елбасы» атты ауқымды кітап көрмелері қатысушыларға көптеген мағлұматтарды жеткізді.

Конференция аясында Қ.Жұбановтың ғылыми тұрғыдағы  мұрасының ерекшеліктері, қазіргі қазақ тіл білімінің жаңа бағыттары, ұлттың мәдени танымдық қоры, сөз тұлғасы мәселелеріне арналған баяндамалар жасалды.

 

 

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Байғанин ауданыныдағы іскер әйелдер форумы

Осы жылдың 29 қарашасында  Байғанин ауданында  «Іскер әйелдер-мемлекет тірегі» атты  форум өтті. Форумды Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы, Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы өткізді. Форумды аудан әкімі А.Т.Шериязданов ашты. Аталған форумға институтымыздың кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Айгүл Қыдырбайқызы Қаплиева қатысты. Форумда  Ел басшымыздың іргелі саясатының негізігі стратегиясы шағын бизнесті дамыту, рухани сана түсінігін қалыптастыру  арқылы қоғам сұранысын қанағаттандыру, адами капиталдың бәсекеге қабілеттігін арттыру мәселелері туралы кездесулер, шебер-кластар өтілді.

 

Мирова Ш.Б.,

кафедра лаборанты

Латын қарпі: білім кеңістігіне табысты ену қажеттілігі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламамалық мақаласын жүзеге асыру аясында институтта дәстүрлі түрде жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінде жүйелі жұмыстың жалғасы ретінде қазақ әліпбиінің латын қарпіне  көшу бойынша «Жаһандық білім кеңістігіне ену – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Мақсаты – латын әліпбиіне көшуді табысты жүзеге асырудағы тиімді тұстарды талқылау және әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне ену үшін  латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі туралы ой бөлісу.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін жаңғыртудың маңызды қадамы деген ой-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар жаратылыстану-математика пәндерінің мұғалімдері латын қарпін білім беру үдерісінде қолдану тәжірибелерімен бөлісті (Ақтөбе қаласы №31,40,55 ОМ мұғалімдері) .

Бүгінгі басқосуда латын әліпбиінің тиімді тұстары талқыланып, әр мұғалім өзінің пәні тұрғысынан тәжірибе жүзінде дәлелдеді.  Педагогтер жаңа латын әліпбиіне көшуді мемлекетіміздің дамуына бірден-бір серпін беретін жарқын істердің бірі деп таниды. 

Матсалаева Ж.К.,

әдістемелік қамтамасыз ету және

инновациялық даму бөлімінің жетекші маманы

Назарбаев оқулары – жастар жүрегінде

«Өрлеу» БАҰО» Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасының меңгерушісі Н.Н. Ермекова  Тұңғыш Президент күні қарсаңында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өткен «Біз елбасымен біргеміз» атты онлайн режиміндегі республикалық Назарбаев оқуларына  қатысты. Шараға Қарағанды, Теміртау қалаларындағы кітапхана мамандары, студенттер, оқушылар  атсалысты.

Қатысушылар Елбасының  өмірі мен қызметі жолындағы еңбектеріне деген жастардың көзқарасы, «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген өзекті мәселелерді айқындайтын ой-пікірлерімен бөлісті.   

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Өз тәжірибелерімізбен бөлісеміз...

Ақтөбе  облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес 2017 жылдың қараша айының 29   күні  Ақтөбе қаласындағы  №60 жалпы білім беретін орта мектеп  КММ базасында «Жаңашыл тәжірибе мен кәсіби дамудың жаңа бағыттары» тақырыбындағы  бастауыш класс  мұғалімдеріне арналған облыстық  идеялар панорамасы өткізілді. 

Бағдарлама бойынша кафедра аға оқытушысы  Займолдина Ж.Г. алғы сөз сөйлеп, №60 ОМ директоры  Тажимишев А.А «Педагогтардың кәсіби дамуы туралы және  инновациялық технологияларды тиімді  қолдану»  тақырыбында баяндама жасады.  Семинарда панорамалық сабақтар көрсетіліп, қатысушылардың қызығушылығын аттыру тренингі өткізілді.   

Семинар соңында қорытынды жасалып,   идеялар панорамасына   белсене қатысқан шығармашыл мұғалімдерге сертификаттар тапсырылды.

Займолдина Ж.Г.,

кафедра аға оқытушысы

«Ақтөбе-Өрлеу»: жеңіспен!!!

 «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» республикалық байқауының жеңімпазы –  Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің арнайы пән оқытушысы Курманова  Марина  Есболатовнаны шын жүректен құттықтаймыз! Бұл шығармашылық ізденіс пен табысты педагогикалық еңбектің нәтижесі!!!

Кәсіби шеберліктің шыңы – АКМЕ деңгейіне жетуге, жеке даму траекториясын дамытуда табыс тілейміз. 

МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ

Өскелең ұрпақты парасат биіктігінде саналы тәрбие, сапалы біліммен қаруландыру педагогтердің басты мақсаты екені сөзсіз. Бүгінгі қоғам ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтардың өз бетінше іздену дағдыларын  дамытуды қажет етеді.

Осы артылған міндеттерді жүзеге асыру үшін үстіміздегі  жылдың 28 қарашасы күні  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы АО ПКБАИ М.Құрманғалиева атындағы № 32 МГ базасында «Жаңартылған білім мазмұны - жаңашылдыққа бастама» тақырыбымен тіл мамандарына арналған облыстық  семинар өтті.

Мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы оқушылардың коммуникативтік шығармашылығын дамыту.

Семинарды  гимназия директоры А.С.Джамбулова ашты. Еліміздің білім беру жүйесіндегі критериалды бағалаудың ерекшеліктері мен мүмкіндері туралы К.Б.Утарбаева тоқталып, оны тәжірибе барысында дәлелдесе, тіл мамандары  Г.Н.Қалауова,  Н.Е.Ізімбетова ашық сабақ көрсетті.

Заманымыздың заңғар ақыны Мұхтар Шахановтың  75 жылдығына орай  «Өлеңім-өмірімнің айнасы» тақырыбында әдеби-сазды кеш  ұйымдастырылып, поэзия кешінде қайраткер қаламгердің шығармалары дәріптеліп, жалынды жырлары, патриоттық рухқа толы өлеңдері шырқалды. Жыр сүйер қауым бүгінгі шарада  тарланбоз ақынның ел арасында көп таралған ойлы шумақтарына  саяхат жасап, семинар қатысушылары ұйымдастырушыларға ерекше алғыстарын білдірді.

Г.К.Жапакова,

кафедра аға оқытушысы, г.ғ.магистрі

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ - ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасы 1 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Тұңғыш Президент - ұлт мақтанышы» тақырыбына интеллектуалдық ойын өткізді. Шара аясында мемлекет басшысының сарабдал саясатын баяндайтын «Егемен елдің Елбасы» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Курсқа келген тыңдаушылар Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолынан мәлімет беретін әдебиеттер және әлем көшбасшыларының Президент туралы, оның әлемдік саясатта алатын орны жайында айтқан ой-пікірлерді, «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру»атты бағдарламалық мақаласындағы жаңғыру жаңалықтарының даму жолдарын баяндайтын сұрақтарға  жарыса жауап берді.

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

«Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау»

            Мектепке дейінгі білім бала тұлғасын дамытуда инновациалық әдістер мен технологияларды қолдану  қажеттілігін қарастырады.    Осыған орай  21 қараша  2017 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтының біліктілікті арттыру  курс тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласындағы №33 «Нұрсәт» МДБО  базасында тәжірибе күні ұйымдастырылды.  МДБО әдіскері   Г.С.Биртаева мектеп жасына дейінгі   балалардың  тілдік, танымдық қабілетін дамуында В.Воскобовичтің амалдарын кеңінен қолданатындықтарын атап айтты. Заманауи үлгідегі  ұйымдастырылған  сабақтарда  тәрбиешілер  М.Л.Алькуатова, В.Т.Курпишева, А.Б.Каратаева мен Г.М.Дауылбаева  интеллектуалды-шығармашылық ойындар мен  дәстүрлі емес түрде сурет салу техникасын және АКТ  әдісін тәжірибеде қолданудың тиімділігімен бөлісті.

      Тәжірибе күнінде қолданылған әдіс-тәсілдердің маңыздылығымен педагогтардың білімін тереңдетуге ықпалы мол екенін айтып, алғыстарын білдірді.

       

 Култаева Л.А.

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

         Бүгін ҚР тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шарада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы облыс педагогтерімен бас қосты.

         Шараның ашылу салтанатында директор Н.М.Абишева бұл күннің Тәуелсіз Қазақстан үшін маңызды екендігін, білім беру стратегияларын дамыту кластері, жаһандық әлемнің білім кеңістігіне кірігуі, аймақтың педагогикалық кадрларының даму болашағы туралы сөз сөйледі. Аталмыш шара педагогтердің білім беруді дамыту және жаңа педагогикалық өсу векторы бойынша мәселелерін қарастырып, оның қорытындысымен ұсынылған тәжірибе  негізінде  интербелсенді форматында жүргізілді.

         Шараның соңы  біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары музыка пәнінің мұғалімдерінің мерекелік концертімен аяқталды. Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына ерен еңбегін сіңірген Елбасының атқарған қызметі шараның негізгі бағыттарының бірі болды. Концертте патриоттық әндер арқылы қазақстандықтардың негізгі құндылықтары – халықтар бірлігі және ұлтаралық келісім, бейбітшілік пен тұрақтылық, дәстүрлер мен болашаққа бағдар,  «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы насихатталды. Барлық тыңдаушылар мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін сезініп, патриоттық рухтары оянды.

 

 

Кенжегалиева Д.К.

кафедра аға оқытушысы

Шетелдiк тренерлерге деген құрметпен...

Бүгін 23.11.2017 күні "Өрлеу" БАҰО Ақтөбе филиалында "Үш тілде білім беру жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік-тілдік құзыреттерін қалыптастыру " тақырыбындағы оқыту курсы аяқталды. Курс тыңдаушылары - облыс педагогтары ТКТ СLIL білім беру бағдарламасы бойынша шетелдік тренерлер - Joanne Tereza Stournara мен Evangelia Kouri ағылшын мамандармен дайындықтан өтті. Жаратылыстану-математикалық пәндерінің мұғалімдері тренерлерге алғыстарын білдіріп, өз ықылыстарын шығармашылық концерт бағдарламасымен жеткізді.

Шетелдік тренерлер "Өрлеу" Ақтөбе филиалына қолайлы жағдай мен жоғары деңгейдегі ұйымдастыру жұмыстары үшін ерекше лебіздерін айтты. Сонымен қатар, барлық тыңдаушыларға алдағы емтихандарынан сүрінбей өтуге тілек білдірді.

 КубеноваГ.А.

баспа қызметі және қоғамдық ортамен

байланыс бөлімінің жетекші маманы

Жаңартылған білім мазмұны -болашаққа бағдар

        2017 жылы 23 қарашада  «ӨРЛЕУ»  БАҰО АҚ филиалы  Ақтөбе облысы бойынша   «Жаңартылған білім мазмұнына  сәйкес бастауыш класс мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру»  тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарда  Институт  директорының орынбасары , п.ғ.к. Н. К. Кибатаева өз сөзінде жаңартылған білім мазмұнының  сапалы  болуы  мұғалімдердің жетістікке жетудегі шабыттанған еңбегінің арқасы екендігін ерекше атап өтті.

Семинарда педагогтар жаңа бағдарламаға сәйкес сабақты өткізуді, критериалды бағалау жүйесінде кездесетін негізгі қиындықтар туралы талқылады.  Болып өткен тәжірибе алмасу ұстаздарға шабыт беріп, жаңартылған білім мазмұнына  байланысты идеяларды енгізуде өзіне деген сенімін арттырды.      

Облыстың бастауыш класс мұғалімдері мойындағандай тартымды, қызықты, жаңартылған білім беру- бұл еліміздің болашағына деген сенімді  Жол!            

Семинар рефлексиясы  «Мен болашаққа жанасамын......»    еркін микрофон форматында өтті.

Токбасова А.С.

ДБО тренері

Қоғамдық сананың жаңғыруы – заманауи қажеттілік

                     Институттың пікірлесу алаңында  «Тәуелсіздік – қоғамдық сананың жаңару негізі»  тақырыбында   өзекті мәселе  қозғалды.

       Мақсаты – ҚР Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – қоғамдық сананың жаңғыруы» бағдарламалық мақаласында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында педагогтардың патриоттық сезімін, рухани-мәдениетін дамытуға ықпал ету.

         Алаң жұмысы  қазақ елінің әнұранымен басталды. Институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.К.Кибатаева  ҚР Тәуелсіздігінің жетістіктері мен құндылықтарын өскелең ұрпақ санасына нығайтуда  педагогтардың санасын жаңғырту қажеттілігін атап өтті.  

        Пікірталас алаң жұмысы барысында келесі мәселелер қарастырылды: ҚР білім беру мазмұнын жаңарту аясында қоғамдық сананы жаңғыртуды жүзеге асыру туралы           Д.М. Федюнова (Ақтөбе қаласы №28 ОМ), қазақ халқының ұлттық қозғалысының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын  нығайтудағы ролі туралы А.В.Булыгин (Ақтөбе қаласы №23 МГ).

       А.Ж. Акмухамбетова (Ақтөбе қаласы №9 МГ)  оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру және өлкетану жұмыстарын дамыту мақсатында авторлық жобаларымен таныстырса,  Қобда ауданы Қызылжар ОМ мұғалімі К.С.Аманов «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жерлестердің қосқан үлесі туралы ой бөлісті.

           Қандыағаш қаласы №5 ОМ мұғалімі Ж.К.Турдалина жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында технология сабақтарындағы тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісіп, алаң жұмысының тақырыбының өзектілігіне тоқталып, өзінің Отан  туралы өлеңін оқыды.

         Шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті және ұсыныстар қабылданды.

Матсалаева  Ж.К.

 инновациялық даму және  әдістемелік қамтамасыз ету

бөлімінің жетекші маманы

 

 

Шетелдік дәріскерлер институттың педагогикалық мұражайында

"Өрлеу" БАҰО»  АҚ филилаы  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚ БАИ біздің  құрметті қонақтарымыз - шетелдік тренерлер Evangelia Kouri, Ionne Tereza Stournara және  «Үш тілде оқыту  жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік- тілдік құзыреттілігін қалыптастыру» курсының тыңдаушылары институттың  педагогикалық мұражайында біліктілікті арттыру жүйесінің  тарихына экскурсия  жасады.

Экскурсияның мақсаты  – қонақтарды  мұражайдың экспозицияларымен,  фотосуреттердің коллекцияларымен, облысымыздың танымал педагогтері мен педагогикалық еңбек ардагерлерлері, олардың құжаттарының түпнұсқалары және  көшірмелерімен таныстыру.

Педагогикалық мұражайда тыңдаушылар  үлкен қызығушылық танытып, «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша қонақтармен пікір алмасты.

                                                                                                                                  Изтелеуова З.С.

 Кафедра аға оқытушы 

Тарих пәні мұғалімдерінің әдістемелік қоржынына ...

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ 2017жылдың 21 қарашасында кәсіби біліктілікті арттыру  курсы аясында Ақтөбе қаласындағы №25 ОМЛ «Білім беру мазмұнын жаңартуда тарих пәні мұғалімдерінің әдістемелік қоржыны» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Г.К.  Утепбергенова, Л.В. Денисенко, Г.В. Ковганенко жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде  өзіндік тәжірибемен бөлісіп,  5 сыныпта жүргізілетін сабақтардан үзінді көрсетті, Поцало Е.А. тарих пәні мұғалімдеріне коучинг жүргізді.

Семинар соңында қатысушылар  Утербергенова Гүлмайра Кенжегариқызына  алғыстарын білдіріп, Ақтөбе қаласының №25 ОМЛ ұжымына практиканы өткізуге атсалысқаны үшін ризашылығын жеткізді.

 


 Кайдасов А.Ж.

кафедра аға оқытушысы

« Жақсы кітап- рухани байлық»

 «Өрлеу»БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасында институттың профессорлық-оқытушылық құрамы және қызметкерлерімен «Бір институт – бір кітап» жобасы аясының екінші айналымында Қазақстан Республикасы Әнұранының алғашқы авторларының бірі -   Ж.Дәрібаеваның «Ақ бура сезімдер» кітабы оқылды.

Бұл жолғы кітап оқу жеке-жеке тақырыпқа бөлінген әңгімелерді талдаумен ерекшеленді. Көркем проза жанрында жазылған әңгімелердің,сабырлылық пен пайымдылықты, жанашырлық пен қанағатшылдықты, қайсарлық пен жігерлілікті бейнелеген тұстарын салыстыра талқылаған қатысушылар  бірлесе оқудың ұтымдылығына көз жеткізді. Ұжыммен оқудың мәртебелілігі – өз ойыңның өзге ойымен сабақтастығын түсіну, талғам биіктігін байқау екендігін сезінген оқырман, келесі кезекті тарихи романдар мен классикаға беруді ұсынды.

 

 

Назарбаева Р.К.

Кітапхана маманы

Білім беру «Нұр Отан» партиясы бақылауында

«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе филиалында 2017 ж. 21-қарашасында «ҚР Білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы» мәселелер кеңейтілген мәжіліс отырысында талқыланды. Отырыста білім беру саласының өзекті мәселелері қаралды – Қ.Жұбанов Университетінің проректоры Р.А.Бекназаров; Білім беру басқармасының бөлім басшысы Л.И.Қарағұлова; Ақтөбе облысы бойынша білім беруді бақылау департаментінің жетекшісі Ж.Т.Қойшығұловалар сөз алды.

Партия отырысына шақырылған комиссия мүшелері – «Өрлеу» Ақтөбе филиалының директоры Н.М.Абишева, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Д.Б.Кунанова, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректоры А.Б.Ағзамова ұсынылған материалдар бойынша талқылауға қатысты.

Кеңейтілген мәжіліс қорытындылары шығарылып, тиісті нұсқаулар қабылданды.

Мырзашова А.К.

жетекші маман

Мектеп тәжірибесіңдегі көптілді білім...

             «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ филиалында 2017-жылдың 21-қарашасы күні Ақтөбе қаласы № 9 мектеп-гимназиянің базасында  «Қазақ тілі сабағында  мұғалімнің жаңартылған білім беру аясындағы  жаңаша сабақ үлгілерін көрсету» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізілді.

            Семинар-практикум барысында қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерімен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану аясындағы сындарлы диалог өтті.

            Ақтөбе қаласы № 9 мектеп-гимназиясының мұғалімдері: ӘБ жетекшісі А.Т. Дузкеева, Б.А. Мустафина, Б.И. Корикбаева,  Ш.А. Казангапова, Г.А. Аскарова және А.М.Шарапатовалар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын және шығармашылық қабілеттерін  дамыту бойынша өз тәжірибелерін  ортаға салды.

Шараға қатысқан мұғалімдер тілдік пәндер арқылы жүзеге асырылып жатқан   жобалардың нәтижелері мен тәжірибе  жүзінде танысуға мүмкіндік алды. Семинар өз мақсатына жетті.

 

 

  

Табынбаева А.К.

кафедрасының аға оқытушысы

ОҚУЛЫҚ АВТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

    Ақтөбе қаласында облыстың мұғалімдері  және педагогикалық  қоғам өкілдерімен кездесті 3, 6 және 8-сынып оқулықтарының  авторларымен кездесті.

Кездесу барысында жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу бағдарламасының ерекшеліктері, оқулықтардың  тұжырымдамасы және олардың құрылымы мен мазмұны, оқу-әдістемелік  кешендер бойынша ұйымдастырылған талдау  жұмыстарына  «Өрлеу» БАҰО»АҚ-ның Ақтөбе филиалы оқытушылары мен тренерлері белсенді қатысты.

Тәжірибеге бағытталған жарқын кездесуде оқулық авторлары тарапынан облыс педагогтеріне деген оң әсер қалдырылып, қызығушылықтарын оятты.

Жапакова Г.К. –

кафедраның аға оқытушысы

 

ТАРИХ САБАҒЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ 2017 жылы 17 -қараша күні Ақтөбе қаласындағы  №27 ОМЛ базасында «Инновациялық технологияларды тарих сабағында тиімді қолдану» тақырыбымен  облыстық семинар өткізді.

Өз баяндамаларында педагогтер А. Е.Балсеитова,  М.М.Базарова, А.Т.Галиева, О. Е.Ожерельев өзара тәжірибе алмасып, 5-7 сыныптарда  жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қысқамерзімді сабақ жоспарлары фрагменттерін тәжірибелік тұрғыдан тиімділігін дәлелдеді.

Тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Турышева оқушыламен бірге мұражай экспонаттарына саяхат жасалып естелік ретінде педагогтерге ҚР білім беру ісінің үздігі, Ақтөбе педагогикалық институтының Құрметті профессоры, “Қос шынар” Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербестің Ұлы Отан соғысының 75-жылдығына арналған  «Герои Ржевской битвы» кітабы  таратылды.  

Өзара педагогикалық тәжірибе алмасып мағыналы диалогқа құрылған  семинар  жұмысы тарих пәні мұғалімдерінің қызығушылығын тудырды.  Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ұйымдастырылған семинарға қатысушылар  ерекше алғыстарын білдірді. 

   

Кайдасов А.Ж.,

кафедра аға оқытушысы 

Күн тәртібінде: қауіпсіз білім беру ортасы

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойыншапедагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарына сәйкес осы жылдың 16 қараша  «Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру - сапалы білім беру шарты»тақырыбындаонлайн режимінде аймақтық форум өткізді.

 Форумаға Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлері, жалпы және арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері психологтары, класс жетекшілері, институтымыздың оқытушы-профессорлық құрамы, курс тыңдаушылары қатысты. Форумның негізгі  проблемасын жан-жақты ғылымдар саласында , философия ғылымдарының докторы  А.Т.Тайжанов және Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының біліктілікті арттыру институттарының спикерлері қамтып өтті. Пленарлық мәжілістің Орал қаласы, Батыс Қазақстан индустриальды колледж директорының орынбасары, Г.К.Кабулова мен Хромтау қаласы. №4 Хромтау орта мектебінің психологі,  А.А. Сидакованың шеберлік сыныптарымен  жалғасты.

Аймақтық форумға  қатысушылар білім берудің барлық саласында және   ата-аналар қауымдастығына үндеу қабылдады.

Каплиева А.К.

п.ғ.к, кафедра менгерушісі

 

                                                                                         

«Бір Институт – бір кітап» оқу апталығы

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасында Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері «Бір Институт – бір кітап» жобасы аясында З.Ахметованың «Шуақты күндер» кітабын оқып, оқырмандар дискуссиясын ұйымдастырды.

Оқыған кітаптың қызықты, мағыналы түйінін анықтаудағы Институт ұжымының арасында өткізілген бұл шара, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы маңызды істердің біріне айналды. Қатысушылар бөлініп берілген үзіндіден өзіндік пікірді өмірмен салыстыра отырып талқылады. Қызықты әңгімеленген  тартымды көріністерден тәрбиенің, ата сөзінен алынар  тәлімділіктің үлкен өнеге-үлгісі көрінді. Көп көңілінен шыққан оқу апталығы өз жалғасын табатын шығармаға кезек берді.

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Дарынды балалар және қосымша білім беру

Институт  жоспарына сай  2017 жылдың 10 қарашасында қосымша білім беру педагогтерінің қатысуымен  "Дарынды балалармен белсенді іс-әрекетті ұйымдастыру " атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда белсенді іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

Дөңгелек үстел тақырыбына сай  қосымша білім беру жағдайында  дарынды балалардың шығармашылығын дамытуда заманауи әдістерді тиімді қолданудың тәжірибелік әдістемелері  талқыланды.

Дөңгелек үстел «Ағым» психологиялық рефлексиясы және  әдістемелік ңұсқаулар қабылдаумен қорытындыланды.

Сеткереева Г.А.,

кафедра аға оқытушысы

SMART-МҰҒАЛІМ: ТАРАТУҒА ЛАЙЫҚТЫ ИДЕЯ

Институтта «Сапалы білім берудегі SMART-оқытудың тиімділігі»  облыстық тәжірибелік-эксперименттік  жұмысқа (2014-2017 жж.) қатысушы мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін тарату мақсатында және «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ының 5 жылдығын атап өтуге байланысты «Білім берудің жаңа парадигмасы: Smart-мұғалімнен Smart-мектепке»тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.  

ТЕDхExperiment форматында өткізілген пленарлық мәжілісте Ақтөбе қаласының№10, №14,  №23, №28, №31, №42 мектептер, Пригородный  орта мектебі, Хромтау ауданы №3 ОМ, Ақтөбе қаласының №40 МДҰ педагогтары Smart-оқытуды оқу үдерісіне енгізу тәжірибесімен және идеяларымен бөлісті.

Workshop форматында жүргізілген тәжірибелік бөлімде конференцияға қатысушылар Smart-педагогтың жұмысына жаңаша серпін беретін web-сервисті қолдану,  GeoGebra, PhotoMath, Easy Quizzy, QR-код бағдарламаларымен жұмыс жасау тәсілдерімен танысты.

Алдыңғы қатарлы мұғалім-экспериментаторлар «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы дайындаған арнайы «SMART-МҰҒАЛІМ» белгісімен және мақтау хаттарымен марапатталды.

Конференцияның тақырыбы мен қызықты форматы облыс педагогтарының ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы Smart-оқытуды енгізу болашағындағы жоғары қызығушылық көрсеткіші болды. 

Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданып, әдістемелік материалдардың электрондық жинағы шығарылды. 

 


 К. Рахатова,

инновациялық даму және

әдістемелік қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы

Өткенге бет бұрсақ ...

"Өрлеу" БАҰО" АҚ 5 жылдығына арналады

Рухани-адамгершілік білім берудегі ата-ананың ролі

«Бөбек» орталығының 20 жылдық  мерекесіне орай "Өрлеу" Ақтөбе облысының  филиалы  тренерлері Л.А.Култаева мен  халықаралык педагогикалык форум жұмысына қатысқан А.С.Токбасованың  ұйымдастыруымен «Рухани-адамгершілік білім берудегі ата-ананың ролі»    тақырыбында   2017 ж. 7 қарашасында облыстық семинар өткізілді.

Семинарға «Рух» - ізгілік қоғамының төрағасыЖ.К.Кажигалиев,пилоттық білім беру ұйымдарының педагогтары мен «Өзін-өзі тану»  пәні мұғалімдері қатысты.

Семинардың ашылуында Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры, филол.ғ.к. Н.М.Абишева: Бүгінгі таңда рухани-адамгершілік тәрбие берудегі   ата-ана ролінің маңыздылығына, ата-аналар баланың бойындағы бар ерекшеліктерін іске асыру үшін сүйіспеншілікпен жағдай жасап, рухани-адамгершілік тұрғыда дамытуға көп мән беру керектігіне тоқталды.

Пилоттық ұйым педагогтары З.Р.Епишкина, Ж.А.Есенова, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері Б.Р.Маханалина, Ж.С.Умудова, А.Б.Насухина, Б.Б.Камбарова ынтымақтастық арқылы адамды руханилыққа, адамгершілікке тәрбиелеудегі жүргізілген жұмыстарымен, нақты іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылардың орындауында жүректен жүрекке жеткен «Әке, Ана» әнімен семинар  жұмысы аяқталды.

 

 Култаева Л.А.,

деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

ОБЛЫС ПЕДАГОГТАРЫ ҮШІН СЕМИНАРЛАР ӨТКІЗІЛДІ

        Ағымдағы жылдың 3 қарашасында   «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Нәтижеге қол жеткізу деңгейдегі оқыту дағдыларын бағамдау», «Стратегии активного обучения на уроках казахского и русского языков», «Особенности оценивания на уроках английского языка в рамках обновленного содержания образования» тақырыптарында мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері үшін облыстық семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында практик-мұғалімдер оқытудың белсенді стратегиялары, тиімді бағалау тәсілдері және оларды сабақты қолдану мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Педагогтер аталған семинардың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Семинар соңында мұғалімдерге сертификаттар берілді.

 Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық

 кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасы

CLIL әдістемесін қолдану

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ филиалының жоспарына сәйкес 2017-жылдың 3-қарашасы күні «Пән мен тілді кіріктіріп оқытудағы CLIL әдістемесі» тақырыбында диалогтық алаң өткізілді. Диалогтық алаң жұмысына Ақтөбе қаласы НЗМ мұғалімдері, кафедра оқытушылары, сертификатталған тренерлер А.С.Сугурбаева, З.С.Изтелеуова, М.Ш.Нурмуханбетова, сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс жасайтын пән мұғалімдері белсене қатысты.

Диалогтық алаң қатысушылары пән мен тілді кіріктіріп оқытудың өзектілігін, инновациялық тәсіл, үштілді білім беруге біртіндеп көшу жағдайында ағылшын тілін жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамытудағы тәжірибелік мәліметтер туралы ойларын ортаға салды.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің алдыңғы қатарлы мұғалімдері тілдік білім берудің тиімді әдістері мен жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндерді оқытуда кіріктіруді енгізу тәсілін көрсетті.

Қатысушылар НЗМ мұғалімдеріне өз тәжірибелерімен бөліскеніне ризашылықтарын білдірді.

 

Нурмуханбетова М.Ш.,

кафедраның аға оқытушысы, тренер

Табын Бөкенбай Қарабатырұлының туылғанына 350 жылдығына арналған республикалық конференция

Ақтөбеде қазақ тарихында аты алтын әріппен  жазылған, ХVІІІ ғасырдың  жоңғар шапқыншылығына  қарсы алғашқы болып жеңіс жолын бастаған, еркіндік үшін күрескен айбыны асқан батыр, елдің тұтастығы, халқымыздың жер бетінде аман қалуы үшін ақылы мен айласын, күші мен жігерін асырған, есімі бүкіл қазаққа мәшһүр болған даңқты бабаларымыздың бірі —  Табын Бөкенбай Қарабатырұлының  туылғанына  350 жыл толуына байланысты республикалық    ғылыми   конференциясы өткізілді.

Конференцияға  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институтының кафедра меңгерушісі п.ғ.к А.Қ.Дүйсенбаев пен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Конференция барысында Табын  Бөкенбай батырдың өмірі мен ерлік жолдары дәріптеліп, батыр туралы т.ғ.к И.В.Ерофееваның «Рыцарь – звания  чести» атты кітабының  тұсау кесері мен  батыр ескерткіші  салынатын жерге таңба қойылды. 


Ш.Б.Түменбаев,

жетекші маман 

Ақтөбе-Өрлеу: ашық есік күні

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 02 қараша 2017 жылы ашық  есік күнін өткізді. Институттың педагогикалық музейі мен кітапханаға жасалған саяхатқа қаланың №30 орта мектебі оқушылары  қатысты. 

Таныстыру барысында музей экспонаттарының ішінен 70-80 жылдардағы «жұлдызша» төс белгісі, жазба машинасы мен кинопроектор тұрғыларын тамашалаған мектеп  оқушыларын 90 жылдардағы үнтаспалар қызықтырды. Кітапханада балаларға арнап «Кітапты тап» ойыны ұйымдастырылып, жұмбақтар шешу, электронды киіз үй жинағынан ертегі тыңдалды. Одан әрі балалар суретті кітаптардан  ұнаған ертегілерін ортақтаса бөліп оқып, бейнеленген кейіпкерлердің жақсы мен жамандық жақтарын салыстырды. Өз білгендерін жарыса дауыстаған балалар кітаптағы жекелеген сөздерді үш тілде де жеткізіп отырды. Саяхат соңы зор ризашылықпен, көңілді күйде аяқталды.

 Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде математиканы оқыту

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ филиалында 2017-жылдың 2-қарашасы күні Ақтөбе қаласы М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің базасында «5, 7-кластарда жаңартылған білім беру бағдарламасының математика пәнінде оқытылу ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикум барысында математика пәні мұғалімдерімен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану аясындағы сындарлы диалог өтті.

Тәжірибелі мамандар-А.А.Алишева, М.О.Қаржаубаева, А.С.Усенова, Ж.Т.Ергазина білім мазмұнын жаңартудағы оқушылардың шығармашылық қабілеттілігі мен математикалық сауаттылықтарын дамыту бойынша инновациялық тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар ашық, достық жағдайда өтті, мұғалімдер жаратылыстану-математикалық бағыттағы  жүзеге асырылып жатқан нәтижелері мен тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік алды.

Нурмуханбетова М.Ш.

кафедраның аға оқытушысы, жаратылыстану магистрі

Ақтөбе облысының ауыл әйелдерінің I слетіне қатысу

Бірінші рет Ақтөбе облысында Облыс  әкімшілігінің бастамасымен ауыл әйелдерінің І Слеті өтті. Слеттің басты өзектілігі ауыл әйелдерінің отбасындағы,бала тәрбиесіндегі, қоғамдағы ролін қолдау.  Слет жұмысына «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ қызметкерлері қатысты. Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.Қ.Қаплиева тұлға тәрбиесіндегі адами құндылық қасиетін қалыптастыруда Әйел-Ана, Ана-Әженің ұлттық кодты сақтаудағы бәсекеге қабілетті тәрбиені дамытудың жолдарын айта келіп, қазіргі әйел отбасылық ұйтқы емес, қоғамда өз әлеуетін дамытуда мүмкіншілігі жоғары, Әйел, Ана, Әже және Педагог екеніне басты назар аудару ұлттық тәрбиеге көңіл бөлу  керек екеніне тоқталды. Слет соңындаАқтөбе облысы ауыл әйелдерінің І Слетіне қатысушыларға арналған үндеу қабылданды.

Түменбаев Ш.Б.,

бөлімінің жетекші маманы

Көптілді білім беруді дамытудың стратегиялары

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2017 жылғы 31 қазан күні "Көптілді білім беруді дамытудың стратегиялары" атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына физика, химия, биология, информатика және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында көптілді білім беру, қазіргі заманғы қоғамға көптілді түлғаның қажеттілігі туралы, Қазақстанда көптілді білім беру жүйесін қалыптастыруды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тиісті нұсқаулықтар қабылданды.

 

Айпеисова А.К.,

кафедрасының аға оқытушысы

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін жобалау

2016 жылдың 25 қарашасында «Өрлеу» БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен Мәртөк ауданы №2 орта мектеп-гимназиясы базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін жобалау» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикумның мақсаты мен міндеті – мұғалімдерге жаңартылған білім беру  мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірибені жетілдіру, педагогтардың практикалық дағдыларын қалыптастыру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру. Семинар-практикум аясында қазақ және орыс тілдерінде үш секция жұмыс жасады.

Алғашқы секцияда жаңартылған білім мазмұны негізінде білім беру міндеттерін шешуге бағытталған оқытудың технологиялары мен тәсілдерін қолданудың тәжірибесі ұсынылды.

Екінші секция жұмысы оқу процесінде балалардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тәсілдері мен педагогикалық міндеттерін талқылауға негізделді. Оқушылардың танымдық қызметін белсендіру, шығармашылық қабілетті дамытудағы мақсатты бағыттары сарапқа салынды.

Үшінші секция барысында білім беру процесіндегі критериалды бағалау жүйесін енгізу, тұлғалық жетістіктерді бағалау мен өзіндік бағалау тәсілдері көрсетілді. Семинар-практикум соңында педагогтар оқу процесін жобалауда белсенді оқыту стратегияларын қолдану бағыттарын зерделеп, білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығын критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру қажеттілігін атап көрсетті.

 

Андирова В.Т.,

«Өрлеу БАҰО» АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ

кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі

Басты мақсатымыз – сапалы білім беру

Бүгінгі таңда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесі басты назарда тұр. Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында дербес мемлекетімізде білімнің маңызыдылығы жоғары бағаланып, барынша қолдау көрсетілуде. Әрине, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелен ұрпақты тәрбиелеу мүмкін еместігі бәріне мәлім.

Елімізде орта білім беру мазмұны жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.

Мұғалімдерді жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға дайындау мақсатын көздеген бастауыш сынып  мұғалімдеріне арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша  ПҚБАИ базасында  2016 жылдың 24 қазаны мен 11 қараша аралығында  курс өткізілді.   

Біліктілікті арттыру курсының басты  мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына көмектесу; мұғалімдерге білім беру бағдарламасының мазмұны өзгертілгенін ұғындыру; жаңа оқыту әдіс-тәсілдерінің қажеттілігін түсіндіру болып табылады.

Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адам­гершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім беру­дегі жаңа және нақты жағдайға икемдеуге негізделді. 

Курстың маңыздылығы тыңдаушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесі жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатынын түсінді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы  коммуникативтік  дағдыларын дамытуға (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) аса назар аударылып отырдық.

Жаңа мазмұнды білімнің тиімділігін түсінген тыңдаушылар жаңалықты жақсы қабылдады. Курс барысында оларда теориялық білімдері практикамен ұштаса отырып, білім беру жүйесіне жаңаша көзқарас қалыптасқаны айқын байқалды. Мұғалімдер игерген жаңа мазмұнды бағдарламадан алған әсерімен ой бөлісті.

Шаштыгарина Сарагүл Мұстафақызы,

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім»

кафедрасының аға оқытушысы

Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция «Тәуелсіздік – ұлт рухы»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту қарсаңында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында 2016 жылдың 22 қарашасы күні «Тәуелсіздік – ұлт рухы» тақырыбында   облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты: «Мәнгілік Ел» Ұлттық идеясымен құндылықтары аясында  облыс педагогтарының  патриоттық , рухани-мәдени  дамуына ықпал ету.

Конференция жұмысына қатысу үшін Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметерлерінен  100-ден астам баяндама қабылданды.  Шараға «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, «Өрлеу БАҰО» АҚФ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институтының профессорлық-оқытушылық  құрамы, Актөбе қаласының  облыстық мұражайының  ғылыми қызметкерлері, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдері және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары  белсенділікпен  қатысты.

Пленарлық отырыс барысында «Мәнгілік  Ел» Ұлттық идеясымен құндылықтары аясында  облыс педагогтарының болашақтағы қызметінің  бағыттары анықталды және оқушылардың жоғары әлеуметтік белсенділігін арттыру   үшін  рухани-адамгершілігі, әлеуметтік маңызы зор патриоттық тәрбиені қалыптастыру  мәселелері  талқыланды.  Конференция  мынандай негізгі  бағыттар бойынша өз жұмысын жүргізді:

1.Қазақстан тарихы пәнін оқытуда «Мәңгілік Ел» идеясын пайдаланудың тиімді жолдары.

2.Қазіргі заманғы білім беру  саласының өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі даму стратегиясы.

3.Кәсіби педагогтың дамуы: дәстүрлер мен өзгерістер (орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында).

Облыстық  ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланған тақырыптар Тәуелсіздік  идеяларының  жоғары  маңыздылығын, Тәуелсіздікті сақтау үшін  күш-жігерді  аянбай  жұмсау қажеттілігін  көрсетті.  

Педагогтер қауымына бүгінгі  таңда өскелең ұрпақтың бойына елжандылық  құндылықтарды  қалыптастыруда  үлкен жауапкершілік артылып отыр.  Конференция  қорытындысында шараның маңыздылығына тоқтала отырып, жас педагогтар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдастары  облыстың педагогикалық   қауымына өздерінің    Тәуелсіз мемлекетте дүниеге келгеніне деген   шынайы мақтаныш сезімдерін, Отан  алдындағы  борышын адал қызмет ету арқылы ақтайтындықтарын  жеткізді.  

Конференцияның жұмысы ұсыныстар қабылдап, қатысушыларды  сертификаттармен марапаттаумен аяқталды.


 

Абулхайрова Г.Е.,

инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз

ету бөлімінің жетекші маманы


«Қоғамда, отбасында және мектепте зорлық-зомбылық пен зорлық-зомбылықсыздықтың принциптері» тақырыбындағы облыстық семинар

2016 жылдың 21 қарашасында«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында Республикалық «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында «Қоғамда, отбасында және мектепте зорлық-зомбылық пен зорлық-зомбылықсыздықтың  принциптері»тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты:Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның    назарын аудару, балаларға қоғамда отбасында және мектепте  қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру.

Семинарға Ақтөбе облыстық прокуратурасының, облыстық білім басқармасының, ішкі істер Департаменті жергілікті полиция қызметінің,  облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және                                                              олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының, облыс әкімідігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, Ақтөбе облысының  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің, Ақтөбе қаласының әйелдерін зорлық-зомбылықтан қолдау орталығының мамандары мен басшылары, институттың профессорлық-оқытцшылық құрамы, мектеп психологтары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері және жалпы білім беретін  қала,  аудан мектептерінің  мұғалімдері  қатысты.

Семинарға қатысушылар  балаларға қоғамда  және отбасында көрсетілетінзорлық-зомбылықтарды жою  туралы жан-жақты  талқылады.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар өткізілген шараның маңыздылығын атап өтті және зорлық-зомбылықтың алдын,  алу түзету негізінде ең тиімді шараларды қабылдау  қажеттілігіне  назар аударды. Барлық жауапты адамдардың кәсіби ,тұлғалық және мәдени ресурстарын   қоғамда,  отбасында және мектепте зорлық-зомбылықтың алдын алуға жұмылдырылу қажет деп ой қорытты. Семинар жұмысы облыстың педагогтар қауымына арналған  үндеуді қабылдаумен   аяқталды.  бастауыш класс мұғалімдері  дайындаған «» ,атты әні орындал  

Институт тренеріТокбасова Айжан Серикбаевнаның  ұйымдастыруымен дайындалған «Әлем балалар көзімен» атты бастауыш класс мұғалімдерінің асыл тілектері «Жүректен жүрекке» әнімен ұласты.  Семинар өз мақсатына жетті.

Абулхайрова Г.Е.,

инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз

 ету бөлімінің жетекші маманы

Мұғалімнің кәсіби дамуы - білім беру жүйесін жаңартудың негізі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ағымдағы жылдың 18-қарашасында «Мұғалімнің кәсіби дамуы - білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбымен қазақ тілі пәні мұғалімдері арасында  семинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыруда қазақ тілі  пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту жолдарын қарастыру және  бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған педагогикалық идеяларды жетілдіру. Семинар жұмысы «Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім мазмұнын жаңарту негізі» және «Жаңартылған білім беру бағдарламасын ендіру: мәселелер мен болашағы»  бағытында   жүргізілді.

Теориялық білімді игерип қана қоймай, тәжірибемен ұштастырып, семинар барысында спиральді білім беру бағдарламасы, тиімді оқу және оқыту, белсенді оқу, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру, сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту бойынша   (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), оқу және оқыту үшін критериалды бағалау, белсенді оқудың стратегияларымен жұмыстар жүргізіліп,  орындалған тапсырмалар мақсатқа  жетуге  көзделді.

Семинар қорытындысында тіл мамандары курс аясындағы игерген тәжірибеге сүйене отырып, оқытудың белсенді әдістерін тәжірибеде пайдаланудың негізінде педагогикалық шеберлікті жетілдіру мен ынтымақтастықты нығайтуда  бір шешімге келді.   Нәтижесінде  педагогтер арасында әдістемелік ұсыныстар қабылданып институт сайтына, «Қазақстан-Ақтөбе» жергілікті арнасына семинар туралы  бейнеролик және  ақпарат жарияланды.

 

 

  Г.Қ.Жапақова,

«Өрлеу БАҰО» АҚ Филиалы   Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ

кафедрасының  аға оқытушысы, г.ғ. магистрі

Меморандум аясында жұмыстар жалғасуда

Осы жылдың 17 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  арасында серіктестік меморандум қабылданды.

Қазіргі таңда институттың тыңдаушыларына осы бірлескен жоспар аясында біліктілікті арттыру курстарында аталған мекеменің мамандары семинарлар оқуда.

Меморандум аясында жұмыстар жалғасуда, соның бірі бүгінгі кездесуде курс тыңдаушылары,  институттың профессорлық-оқытушылар құрамы және бөлім қызметкерлері қатысқан семинар болды. Семинарда Қазақстан Республиқасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы кіріспе сөз сөйлеп, істеліп жатқан іс-шаралар жайында айтып өтті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық жайында деректі бейнефильм көрсетілді.

Семинарда кафедра меңгерушісі, ғылым кандидаты Асан Мырзабекұлы Тоқсанбаев, аға оқытушы Болат Қайроллаұлы Бухарбаев тақырып жөнінде өз пікірлерін білдірді. Департамент жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, нақты мысалдар келтірді.

Бүгінгі күнге институт қызметкерлері өз жұмыстарында жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетің қалыптастыру мақсатында адалдық.кз порталында тіркеу жұмыстарың жалғастыруда.           

Альниязов А.А.,

әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі басқармасының бас маманы, заңгер

Мұғалімнің жеке кәсіби дамуының мониторингі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарына сәйкес 2016 жылдың 16 қарашасында Ақтөбе қаласы №28 орта мектеп базасында  мониторинг және талдау бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық(қалалық) ББ әдіскерлері мен білім беру ұйымдарындағы мектеп директорының орынбасарларына арналған “Мұғалімнің жеке кәсіби дамуының мониторингі»  тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Облыс педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру арқылы білім сапасын бағалау және оқу жетістіктерін дамыту жағдайында мониторингтік зерттеу жұмыстарын жетілдіру.

Семинар барысында оқу жетістіктері мониторингісін  жүргізу және құру, олардың нәтижелерінде жаңа әдіс-тәсілдер мен шынайы мысалдар пайдалану туралы өзекті мәселелер талқыланды. Cонымен қатар, мониторингтік зерттеу жұмыстары бойынша диагностикалық инструментарийлер туралы айтылды. Семинарға қатысушылар Шалқар ауданы, №5 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Д. Қалидың, Хромтау ауданы, №4 орта мектеп директоры орынбасары М.К.Нугыманова, Ақтөбе қаласы, №25 орта мектебінің мұғалімі И.В.Исаева, Ақтөбе қаласы, №28 мектеп директоры А.А.Баймагамбетованың іс-тәжірибелеріне қызығушылықтары артты. 

 Семинар білім сапасын бағалау жүйесінде мониторингтің рөлі және оның нәтижесінде жаңа әдіс-тәсілдер мен шынайы мысалдар пайдалану жөнінде көп көмегін тигізді. Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар, өз тәжірибесінде қолдануға үлестірмелі материалдар таратылды. 

Cеминарға белсене атсалысқан  қатысушылар «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының алғыс хаттарымен марапатталды. Семинар соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп мектептегі мұғалімдердің жұмысының жүйелі және кәсіби деңгейінің дамуына мониторингтің тиімді екенін айтып, алдағы уақытта тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындарын баса айтты.

Халетова Д.К.,

мониторинг және талдау бөлімінің бастығы

Ерекше білім беру қажеттіліктерімен оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендендірудің интерактивтік әдістері

2016 жылдың 15-16 қараша күндері «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  дефектолог, логопед, сурдопедагогтеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы аясында Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде  «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды түзете-дамыту жолдары» атты облыстық семинар- практикум өтті.

Семинар-практикум  екі бағыт бойынша жұмыс жасады. «Дамыту және түзету техникалары мен технологиялары – білім беруді қолдау факторы» бағытында теориялық және тәжірибелік сабақтар көрсетілді. «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың оқу іс-әрекет белсенділіктерінің интерактивті әдістері» бағытында шебер-класс, шығармашылық сабақ өтті. Тәжірибелік сабақтарда   оқушылардың жан-жақты білім алуы және жеке тұлға ретінде  әлеуметтік өмірге бейімделуіне ықпал ететін әдіс-тәсілдерді көрсете білді.

Барлық іс- шаралар акпараттық-коммуникациялық технологияны, түрлі электронды оқыту материалдарын, «Дельфа – 142-1,6» логопедиялық тренажерді және мультимедиялық бағдарламаларды қолдану арқылы жүргізілді. Семинар- практикумда алған әсерлерін өз тәжірибелерінде қолдану ұсынды. 

Сеткереева Г.А.,

аға оқытушысы

«Қазіргі заманғы сабақ» педагогикалық жәрмеңкесі

Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2016 жылдың 16 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары аясында «Қазіргі заманғы сабақ» тақырыбында педагогикалық жәрмеңке өткізілді.

Курс барысында мұғалімдер білім беру бағдарламасының нақты пәндік аспектілерін меңгеруде теорияны тәжірибеде жүзеге асырады. Пәннің ерекшеліктері қа­растырылатын сабақтар кезінде жаңа теория («абстрактілі ұғыну») ұсынылып, ол ықшамса­бақтардың келесі сатысында іс жүзінде қолданылады. Ықшамсабақтар жәрмеңкесі кезінде мұғалімдер «Жаратылыстану» пәнінен өздерінің оқыту тәжірибесіне «эксперимент» жасап, ол рефлексия және талқылау кезеңдерімен ұласты. «Жаратылыстану» пəні негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пəндерінің негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіруге, сипаттау және болжау жасау білігін дамытуға бағытталған.

Тыңдаушылар 4 топқа топтастырылып, жәрмеңкенің өтілу барысымен және оқыту шеберлігі, ойлау деңгейі, жаңартылған оқу бағдарламасын түсіну, жоспарлау, белсенді оқу, пәндік білім, оқушы қажеттіліктерін ескеру, критериалды бағалау қамтылған сегіз критерий бойынша бағалау нысанымен таныстырылды.

Жәрмеңке кезінде мұғалімдер«Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдарға жан-жақты жауап берді.

Қазіргі заман сабағы жіті ойластырылып, түрлі мәселелерді шешуге бағытталып, ашық сұрақтар негізінде оқушыларды белсенді жұмысқа тартуды көздейді. Мұғалімдер оқыту үдерісін тиімді басқаруға дағдыланғаны жөн. Оқушылардың бойында өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыру мақсатында бастауыш сыныпқа арналған пәндердің аясында мұғалімдер әрбір оқу жылында нені оқыту керектігін және оқу сапасы қандай болу керектігін нақты білуі тиіс.

Осы міндеттерді меңгеріп, жаңартылған білім беру бағдарламасының идеясын түсінуде жәрмеңке жұмысы өнімді болды.

 

Жубаева Жангуль Онаевна,

«Мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру»

кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.магистрі

«Шығармашылықтан қабілеттілікке»

07.11-18.11.2016 ж. аралығында «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында «Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту»тақырыбында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.  Жалпы курс  қосымша білім беру педагогының кәсіби қызметіндегі құзыреттілігін  қалыптастырудағы теориялық және әдістемелік дайындықты тереңдетуге бағытталған. 

2016 жылдың 11 қарашасында, осы курс аясында Ақтөбе қалалық «балалар және жасөспірімдер шығармашылығы» орталығымен бірлесе «Жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында оқытудың  жаңаша әдістері» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың кіріспе бөліменде кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.Қ.Қаплиева білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қосымша білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттілік деңгейін дамытуға бағытталған инновациялық әдістермен мен технологияларды пайдалану мүмкіндіктерімен мәселелері туралы айтып өтті.

Сондай,ақ практикалық сабақта «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы  орталығының» пеадагогтары: Н.Н.Сажнова «Сурет салу, бейнелеу және өнер сабақтарындағы дәстүрлі емес тәсілдер», А.К.Файзрахманова «Бимен айналысуда қажетті жағдайларды дамыту», У.А.Ешниязова «Ұлттық биді үйретудің бастапқы кезеңінде өткізу әдісі»,  А.З.Нигматуллина «Театр қызметін қосымша білім беруде пайдалану» тақырыптарында шебер-класстар өткізіп өз тәжірибелерін бөлісті. Қатысушылар практикалық сабақта қосымша білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін эмоционалдық жағдайда өзін-өзі реттеу әдістемесімен, шығармашылық қабілетті  дамытуда  мерекелік іс-шараларды жаңаша  өткізудің жолдарымен танысты. Практикалық сабақ қортындысында рефлексия өткізіліп, жаңаша әдістерді өз  тәжірибелерінде қолдану ұсынылды.

 

                                        Қаплиева А.Қ.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

Жаңартылған мектеп жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

2016 жылдың 11 қарашасында «Өрлеу» БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы  №3 орта мектеп-гимназиясы базасында «Жаңартылған мектеп жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – жаңартылған мазмұн аясында педагогтардың кәсіби шеберлік деңгейін жетілдіру, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және  қазіргі заманғы педагогтың мәртебесін оқушының білім кеңістігін ұйымдастырушы, білім процесінің менеджері ретінде көтеру. Семинар жұмысына қатысқан педагогтар жаңартылған бағдарлама мазмұнына сай оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін талқыға салды. Пленарлық мәжілісте сөз алған кафедраның аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Андирова В.Т., Сағашилі орта мектебінің мұғалімдері Бектурлина З.Ж.  и  Елеусизова А.Е., Көлденең-Темір негізгі мектебінің мұғалімі Кадырбек А.Б., Н.Крупская атындағы орта мектеп мұғалімдері   Камал С.А. мен Әбілғазы У.Д. Қазақстан Республикасындағы білім саласындағы жаңаруларға сай өз тәжірибесін өзгерту бағыттарын атап өтті. Пән мұғалімдері ұйымдастырылған тренингтерге белсенді қатысып, сұрақтарына жауап алды. Семинар соғында «Ашық микрофон» айдары ұйымдастырылып, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, жаңа міндеттер нақтыланды.

Андирова В.Т.,

мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру

кафедрасының аға оқытушысы

Білім беру парадигмасының өзгеруі жағдайында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету

07.11-18.11.2016ж. аралығында  «Білім беру парадигмасының өзгеруі жағдайында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында мектепалды даярлықтың тәрбиешілеріне, педагогтеріне арналған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізіледі.

Білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің балаларды дамытуға деген алуан түрлі интегративті амалдарды кең таңдауға, педагогикалық үдерістерді жобалауға, Қазақстан Республикасының жаңа МДББМБС және мектеп дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа Үлгілік бағдарламасын енгізу жағдайындағы тұрақты кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруға, бейімделе алу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Курс мазмұны білім беру сапасын бағалау саласындағы нормативтік құжаттарды, квалиметрияның теориялық және практикалық мәселелерін қарастыруға, өлшемдердің мәліметтерін өңдеу және талдау, мектепке дейінгі ұйым жағдайы мен тиімділігін бағалау, т.б. бойынша тәжірибе жинақтауға бағдарланған.

Аталған курс барысында білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі №40 «Балдәурен» және бастауыш білім мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етудегі №27 ОМЛ мектепалды даярлық тәрбиешілері балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалану  дағдыларын дамытудағы іс – тәжірибелерімен бөлісті. Кластан тыс шаралар аясында оқушылар мен тәрбиеленушілердің коммуникативті құзыреттіліктерін дамытуда М.Монтессори әдісімен ертегілерді сахналауды көрсетті.

Семинар қорытындысында №27 ОМЛ психологы психологиялық тренинг өткізді. Тәжірибелік сабақтар тақырып бойынша мақсатына жетіп, өз шеберліктерін жетілдіруге шабыттандыра түсті.

Нурмуханбетова М.Ш.

Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

кафедрасының аға оқытушысы

«Жаңартылған бағдарлама: ізденіс және тәжірибе» әдістемелік галереясы

Тәжірибе жетілдіру шеберлікке жол ашады. 11 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жаңартылған  білім беру бағдарламасы біліктілікті арттыру курсы аясында«Жаңартылған бағдарлама: ізденіс және тәжірибе»әдістемелік галереясын ұйымдастырды.

«Мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру»кафедрасының аға оқытушысы Жұбаева Жангүл Оңайқызыгалерея тынысымен таныстырып, оның қызметі мен маңызына тоқталды. Қатысушылар төрт бөлмеге маршрут картасы арқылы топтастырылды.

Әдістемелік галереяның №1 қызыл бөлмесінде№2 Бадамша ОМ  бастауыш сынып мұғалімдері Суйналина А.Б., Тапаева Г.А.жаратылыстану, математика сабақтарын түрлендірудің жаңаша тәсілдерін көрсетті.

 №2 жасыл бөлмеде№2 Бадамша ОМ мұғалімі Коптенова Л.У.мен М.Арын атындағы  Қарғалы  ҚОМ бастауыш сынып мұғалімі Алипова Г.К.оқушылармен жобалық жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудегі шығармашылық ойларынан ұсыныстар берді.

№3 сары бөлмеде Жосалы ОМББ Елеуова К.С.және Қос-Истек ОМ мұғалімі Абилова Г.С.тілдік пәндерді оқытуда дидактикалық құралдарды қолдану тәсілдерін көрнекі түрде түсіндірді.

  №4 көк бөлмедеХлебодаровка ОМ Дуйсенгалиева Г.У., Ойыл ҚОМ бастауыш сынып мұғалімі Тлепова Г.М. тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Рефлексия кезінде Кеңсахара ОМ бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Д.Т.әдістемелік галерея бойынша мұғалімдердің пікірлеріне шолу жасап, қолтаңба кітабындағы жазбасымен бөлісті. Әдістемелік галерея өз мақсатына жетіп, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруіне үлес қосты.

Жубаева Жангуль Онаевна,

мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби

дамуын жетілдіру кафедрасының аға оқытушысы

Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабынан шығармалар оқу айлығы

 «Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы аясында 

Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабынан шығармалар оқу айлығы

 

2016 жылдың қазан айынан бастап ұйымдастырылған«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы барысында қазақ сөз зергерлерінің әдебиетке, соның iшiнде поэзияға  қоғамдық сипат берген, поэзияны өнер  құралы деп танып, оны айта бiлген ақын Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабынан шығармалар оқу айлығы аяқталды.

Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама – заман талабы

Қазіргі таңда елімізде білім берудің мазмұны жаңарып, сапалы білім беруге жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білуге үйрету міндеті тұр. Ендеше, білім беру мазмұнын жаңарту – заман талабы. Осыған орай, «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында   ағымдағы жылдың 24.10-18.11 аралығында    қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне  ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша  біліктілікті  арттыру курсы жүргізілуде.  

Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты - орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.  Бағдарламаның ерекшелігі оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге бағытталған.

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыруда    мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын және мақсаттарын біліп түсінуімен қатар, бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдануды меңгеруде. Теориялық білімді игерип қана қоймай, тәжірибемен ұштастырып, сабақ барысында спиральді білім беру бағдарламасы, тиімді оқу және оқыту, белсенді оқу, тиімді қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру, сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту бойынша   (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), оқу және оқыту үшін критериалды бағалау, белсенді оқудың стратегияларымен тиімді  жұмыстар жүргізілуде. Сабақ барысындағы тапсырмалар мақсатқа  жетуге  көзделген.

Педагогтер бастауыш және орта білім мазмұнын жаңарту аясында өз кәсіби шығармашылық құзіреттіліктерін жетілдіруде жаңартылған білім беру бағдарламасын толықтай қолдайды.

 

 Жапакова Гулдана Каныбековна,

Институт аға оқытушысы, тренер 

"Білім беру жаңа философия контекстінде білім беру үрдісіндегі құзыреттілік тәсілі" тақырыбында дөңгелек үстел

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ жоспарына сай 31.10-11.11.2016 жыл аралығында Мұғалжар ауданы Ембі қаласы №1 орта мектеп базасында пән мұғалімдеріне арналған «Білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық ойлары аясында оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың күнтізбелік жоспарына сәйкес пән мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығын арттыру мақсатында «Өрлеу БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ,  деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Б.З.Асанбайдың жетекшілігімен «Білім беру жаңа философия контекстінде білім беру үрдісіндегі құзыреттілік тәсілі»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты:Жаңартылған бағдарлама идеяларын жүзеге асыру аясында  тұлғаның бойында білім, білік, дағды, іскерлік, бәсекеге қабілеттілік, алған білімін өз қажеттілігіне сəйкес қолдана білу  дағдыларын қалыптастыруда  мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын дамыту.

Дөңгелек үстелде мұғалімдердің ақпараттық, коммуникативтік, əлеуметтік-құқықтық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған жұмыстар және оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері қарастырылды. Осы бағыттағы жұмыстарды сабақта қолданутүрлері, тәсілдері туралы  курс тыңдаушылары тәжірибелерімен алмасты. Топтық жұмыс арқылы мини-дәріс, ықшам сабақ түрлері ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе мұғалімдер жаңартылған  бағдарлама идеяларын жүзеге асырып, білім, білік, дағды, іскерлік, бәсекеге қабілеттіліктерін қолдана білді.  Алған білімдерін оқу процесіне енгізіп, пайдаланады.

Асанбай Б.З.,

деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

«Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік» тақырыбындағы семинар

«Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру  кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі»  атты арнаулы курс аясында «Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік» тақырыбындағы семинар

 

2016 жылдың 4-қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚфилиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» кітапханасында «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру  кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі»атты арнаулы курс аясында «Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік»тақырыбында   семинар өтті.

Семинар барысында педагогика, психология, білім беру, мәдениет салалары бойынша кітапхана қорындағы басылымдардан кең көлемдегі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар Интернет желісіндегі «Тwig-bilim»,«BilimLand» білім беру платформалары, «iTest», «iMektep» виртуалды кешендері, заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпарат беретін «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы таныстырылды. Семинар нысаны Қазақстан Республикасының электрондық кітапханасы, кітап.кz, әдебиет, тарих порталдарының  мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында «Кітапхананың ақпараттық функциясы: ілім және заманауи тәжірибе » тақырыбындағы оқыту тренингін өткізумен жалғасты.

Кітапхана қызметкерлері  Н.Н Ермекова және Р.К.Назарбаеваның ұйымдастыруымен семинарға қатысушы кітапханашылар  арасында  заманауи білім берудегі өзекті мәселе болып саналатын  оқушылардың кітап оқуға деген  қызығушылығын арттыруға бейімделген көрме ұйымдастырудан шебер класс өткізілді.

Семинар соңында кітапхана қызметкерлері мектеп оқытушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Шынтасова Г.Е.,

                                                                                                                                   кітапхана маманы

Мектеп психологтарына арналған біліктілікті арттыру курсы

Мектеп психологтарына арналған

«Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау,  жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу»тақырыбындағыбіліктілікті арттыру курсы

Өту мерзімі: 31.10.-11.11.2016 ж.

 

Қазір білім мен тәрбие мазмұнын жаңарту мақсатында оқушылардың денсаулығын және психологиялық қауіпсіздігін қорғау, әрбір білім беру ұйымдарының және мұғалімнің жұмысында міндетті бағдары және осы заманғы білім берудегі жетістіктері болып табылады. Қазіргі жағдайда тәрбие беру мен әлеуметтендірудің үйреншікті сызбалары қарқынды емес екендігі анық, сондықтан да жаңа шарттарға жауап беретін тәрбие беруде жүйелі жаңару қажеттілігі туындады.

31.10.-11.11. 2016 ж аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облыстық филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мектеп психологтарының «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтіп жатыр. Курс мақсаты – білім беру ортасында психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқушылардың психикалық денсаулығын сақтауда мектептің психологиялық қызметінің әрекетінің негізігі бағыттарын талқылау.

Курс аясында «Педагог-психологтің күш көрсетуді болдырмау мен өзіне-өзі қол жұмсаудың  алдын алу бойынша отбасымен жұмыс жүйесі» тақырыбында тәжірибелік сабақта аға оқытушы Қ.З. Сансызбаева курс тыңдаушысы О.А. Топильскаямен бірлесіп «Өмір құндылықтары» тренингін өткізді. Тренинг мақсаты – жасөспірімдерге өмірдің құндылығын көрсету, өмірлік мақсаттарға оң көзқарасты қалыптастыру, өмірге құштарлықты қалыптастыру. Тренинг басында Қ.З. Сансызбаева тыңдаушыларға балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері, түрлері туралы айтылды. Мектеп психологтарының қол жұмсауды алдын алуда, зорлық-зомбылықты болдырмауда өткізілетін іс-шаралары, жұмыс түрлері талқыланды.

Тренингті О.А.Топильская тыңдаушылармен сергіту сәтінен басталып, түрлі жаттығулармен жалғасты. Тренинг модераторлары Қ.З. Сансызбаева мен О.А. Топильская тыңдаушылар алынған ақпарат пен өздерінің тәжірибесіне сүйеніп талқыланып отырған мәселені сезіну үшін жағдай жасауға тырысты. Жаттығулар барысында тренингке қатысушылар өздерінің өмірлік құндылықтарын маңыздылығына қарай жіктеді. Тренинг соңында қатысушылар бір-бірімен пікір бөлісті. Тренинг тыңдаушылардың белсенді қатысуымен өтті.

 Қ.З.Сансызбаева,

курс жетекшісі

«Бірге талдайық» тақырыбындағы пікірлесу алаңы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2016 жылдың 4-қараша күні «Бірге талдайық» атты пікірлесу алаңын ұйымдастырды.

Мәселелі алаң жұмысында жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған тренерлер Жубаева Жангуль Онаевна мен Займолина Жанар Газизовна 2 панельдік сессия өткізіп, «Жаңартылған білім беру бағдарламасының тиімділігін қалай арттыруға болады? Оқушылардың оқу жетістігін бағалауды жетілдірудің қажеттілігі неде? Сұрақтары бойынша бастамашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесіндегі қиындықтарын анықтады.

«Бірге талдайық» атты пікірлесу алаңында облыс бойынша 55 бастауыш сынып мұғалімдері Қазақстандағы 30 пилоттық мектеп құрамына енген Новый орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесіп, пікірлесті.

Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда критериалды бағалауды енгізу, оқушы портфолиосын жасақтау, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау мәселелерін талқылауда экпериментатор мұғалімдер бар тәжірибелеріне сүйеніп, қарастырылған сұрақтардың тиімді шешу жолына бағыт берді. Сонымен қатар Алға, Шалқар, Ойыл аудандары мұғалімдерінің бейне-сұрақтарына тиянақты жауап берді.

 

Жубаева Жангуль Онаевна,

мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби

дамуын жетілдіру кафедрасының аға оқытушысы

Әдістемелік қызметті жаңаша басқару тиімділігі

2016 жылдың 4 қарашасында Ақтөбе қаласы №18 орта мектебінің сұранысына сай «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ «Мектептегі әдістемелік қызметті жаңаша басқару технологиясы» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Оқыту семинарды осы мектептің директоры Тойшыманов Серик ашты. Семинарда білім берудің жаңа мазмұнына көшуде педагогтардың кәсіби біліктілігін дамытуға бағытталған әдістемелік қызметті тиімді жаңаша басқарудың мазмұны мен жүзеге асыру жолдары ортаға салынды.

Сондай-ақ пән бірлестіктерінің жетекшілеріне, педагогтардың кәсіби біліктілігін дамуына бағытталған жұмыс түрлері мен педагогтардың кәсіби біліктілігін дамыту матрицасы, ақпараттық-сараптау картасы банктерін жасау жолдары көрсетілді.

 

Қаплиева А.Қ.,

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ,

 кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

Теориялық оқытумен тәжірибені ұштастыру қазіргі білім беру талабы

«Дуалды оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында арнайы пән оқытушылары  кәсіпкерлер Палатасында болған кездесуде орта және шағын бизнесті дамытуға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Тыңдаушылар курс барысында ғылыми-теориялық, әдіснамалық тұрғыдан алған білімдерін кәсіпорындарда тәжірибемен сабақтастырды. Тәжірибелік сабақтар топтамасымен танысу барысында «Әлеуметтік серіктестіктерді дамыту - сапалы кадрларды даярлаудың кепілі», «Кәсіптік  мамандықтарды заман талабына сай  даярлаудағы  арнаулы пән оқытушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары», «Дуалды оқыту жағдайында арнаулы пән оқытушыларының интерактивті сабақтар жүргізудегі әдістері және тәжірибелік оқытуды өндірісте ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыптарында арнайы мамандар жан-жақты  қажетті ақпарттарды бере отырып,  қазіргі заманауи форматтағы шетелдік технологиялармен жұмыс жасауды үйретті.

Соның ішінде экономиканың кластерлік саласын дамытуда өзіндік үлесі бар сүт өнімдерін өндіретін   «Айс» ЖШС және  «Актөбе полиэтилен құбырлар зауыты» ЖШС қалдықсыз өнім шығару өндірістерінде тәжірибелік сабақтар педагогтардың кәсіби құзыреттіліктері мен шеберліктерін жетілдіруге ықпалын тигізді. «Айс» сүт зауытының технологі - Г.Р.Аргатюк өндірістегі технологиялық процестерді нақты түсіндіріп, өнеркәсіптің шетелдік (Германия) компаниялардан сатылып алынған  заманауи құрал-жабдықтарын пайдалану ерекшеліктеріне тоқталса, «Актөбе полиэтилен құбырлар»  зауытының бас инженері - Б.М.Дузбаев  Германия мемлекетінің іс-тәжірибесімен бөлісті.   

Бәсекеге қабілетті,  өндірістің жаңа технологияларын меңгерген мамандар даярлаудағы тың идеялар мен мазмұнды  тақырыптарға толы аталмыш курстардың  алдағы уақытта  өз жемісін берері сөзсіз.   

 

                                                                                          Инновациялық дамуды әдістемелік

қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы

 Г.Е. Абулхайрова

«Дін және дәстүр» тақырыбында облыстық семинар

2016 жылдың  2-қарашасында  «Өрлеу» БАҰО» АҚфилиалы «Ақтөбе облысы  бойынша  педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты»  «Дінтану курсын оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері» тақырыбындағы арнаулы курс аясында  «Дін және дәстүр» тақырыбында облыстық семинар өткізді.                  

Семинар жұмысын институт директоры, ф.ғ.к., доцент  - Абишева Нургуль Молдабаевна ашты. Семинарда М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медицина университеті «Саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасының меңгерушісі, фил.ғ.д., профессор - Тайжанов Алтай Тайжанұлы Қазақстандағы діни білім мен рухани тәрбие беру үрдістеріне тоқталды. Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы - Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы мен «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы - Сүлейменов Жандаулет Отарбайұлы  дін мен дәстүр және радикалды діни ағымдардың қоғамға кері әсері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы - Бекназаров Рақым Ағыбайұлы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық әдіскері - Турмашева Асия Кадыровна, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессорлық оқытушылық құрамы және облыстың жалпы білім беретін мектептердің дінтану пәні мұғалімдері қатысты. Отырыста қазіргі кездегі облыстағы діни мәселелер, соның ішінде діни ағымдармен күресу жолдарындағы өзектілік пен оны шешу жолдары туралы кең көлемде  талқылау, талдау жасап, тыңдаушылар тарапынан  өзіндік  ойлар  айтылды.

Семинардың «Ашық микрофон» айдарында шақырылған қонақтарға қарастырылып отырған «Дін және дәстүр» тақырыбында мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылып мағыналы жауаптар алынды.  

Семинардың қорытындысында Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы -Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы барлық мұғалімдерді өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде, отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

 

 

Дуйсенбаев А.К.,

жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру» бағдарламасының «Жалпыадамзаттық құндылықтар деңгейі» бойынша (базалық) курсы

2016-жылдың 19-қыркүйегі мен 29-қазан аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру» бағдарламасының «Жалпыадамзаттық құндылықтар деңгейі» бойынша (базалық) курсына облыстың білім беру мекемелерінен 50 педагог (28-і қазақ, 22-і орыс тілдерінде) қатысты.

Курстың соңында тыңдаушылардан кәсіби біліктілігін жетілдіру, шығармашылық құзыреттілігін дамытуға негізделген, рухани-адамгершілік құндылықтарды игеру деңгейін анықтау бойынша біліктілік емтиханы алынды.

Емтиханға тыңдаушылар толығымен қатыстырылды. Емтиханға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары М.Б.Утепов, Г.К.Баймахановалар мен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру» бағдарламасының «Жалпыадамзаттық құндылықтар» бойынша (базалық) курсының тренерлері А.С.Токбасова, Л.А.Култаевалар эксперт ретінде сынақ қабылдады.

Институт директорының м.а. Н.М.Абишеваның қатысуымен қазан айының 28-жұлдызында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 360 сағаттық біліктілікті арттыру (базалық) курсының тыңдаушылары арасында «Жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, өзара пікірлесіп, ой қорытып, курсты аяқтады.

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.