Кәмелетке толмаған балалар құқығын қорғау мәселелері талқыланды

  Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Тоқжановтың төрағалығымен кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысына бейнетрансляция арқылы аудандар мен Ақтөбе қаласы әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты. Отырысқа комиссия мүшесі,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысындағы филиалының директоры,   ф.ғ.к. Н.М.Абишева қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың сабаққа қатысуы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Облыстың білім басқармасы бастығы Л.А. Уразбаеваның, комиссия мүшелерінің, әкімшілік қызметкерлерінің сөйлеген сөздері кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау мәселелері, сондай-ақ жастар мен отбасылық институтты жан-жақты қолдау үшін білім беру ұйымдарының, қоғамдық құрылымдардың қызметіне қатысты сұрақтарды шешудің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.
Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, сондай-ақ, өмірлік құндылықтарды өзектендіруге негізделген отбасылық білім беру: махаббат, қамқорлық, мейірімділік, кәмелеттік жасқа толмағандардың ішкі әлемін түсіну, қамқорлықты ұйымдастыру және т.б. мәселелер бойынша бірқатар маңызды ұсыныстар жасалды.
Жас ұрпақтың санасын нығайтуға, мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтауға, қоғамдық сана-сезімін «күшті және жауапты адамдардың бір ортасына айналдыру» үшін орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, педагогикалық және ата-ана қауымдастығының қызметін күшейту туралы мәселелі әңгіме жүргізілді.

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша көптілді тұлғаны дамыту, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мақсатында көпаспектілі жұмыстарды жүргізуде. Институтта өткізілетін форумдар, конференциялар, оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер педагогтардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға, рухани-адамгершілік дәстүрлерді жаңғырту мен сақтауға, білім беру мәдениетіне, көптілділікке ұмтылуға бағытталған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға зор үлес қосқан белсенді педагогтерді алғыс хаттармен марапаттады. Марапатталғандардың ішінде жаңа технологиялар және жаратылыстану ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылым магистрі, «Рухани жаңғыру» жобасы бойынша институт координаторы Г. К.Жапакова болды.

Тілдерді дамыту басқармасына ұжымның қызметін бағалағаны үшін алғыс білдіреміз. Ел болашағының өркендеуі үшін жемісті әрі табысты жұмыс тілейміз.

Педагогтің сыбайлас жемқорлыққка қарсы мәдениетін дамыту

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-ның Ақтөбе облысы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментімен бірлескен жоспары бойынша «Біліктілігін арттыру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы педагог мәдениетін дамыту» жобасы аясында құрастырылған тұжырым негізіндегі жұмыстар өз жалғасын табуда.

Жоба мақсаты: білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру негізінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және жемқорлықтың болуына «нөлдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру жолында сыбайлас жемқорлыққа қарсы педагог мәдениетін дамыту. Мақсатты жүзеге асыруда жоба міндеттеріне сәйкес теориялық және пратикалық сабақтар түрінде келесі жұмыстар жүргізілді: оқыту семинарлары, дөңгелек үстел, акция, жемқорлықтың жағдайын бағалау және диагностикалық зерттеу, болжам жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдау және себебін анықтау.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті 2018 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай өз үлесін қосқан үздік ақтөбеліктер ескерілді, соның ішінде, аталған жоба координаторы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ инновациялық даму бөлімінің бас маманы С.А. Бектенгалиевтің жұмысы бағаланды.

Құттықтаймыз!!! Кәсіби табыс және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

Мұғалім мәртебесін көтеру мәселесі талқылануда ...

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Е.Бектұрғановтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысы өтті. Видеотрансляция арқылы өңірлік комиссия мүшелері, оның ішінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы өкілдері де қатысты.

Комиссия мәжілісінде «Мұғалімнің мәртебесі туралы» және «Оқушы мен мұғалімнің жүктемесін төмендету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары талқыланды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваның, Қазақстан салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары А.М.Мұқанованың сөйлеген сөздері мазмұнды болды. Сонымен қатар қатысушы тұлғалар да қосымша білім беру мұғалімдерінің, ТжКБ ұйымдарының мәртебесін жоғарылату бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Республика бойынша ұсынылған жобаларға өзгерістер мен түзетулер енгізу бойынша ауқымды жұмыс басталады. Педагогтер қауымдастығын осы мәселелерді талқылауға қатысуға шақырамыз!

 

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

Педагогтің сыбайлас жемқорлыққка қарсы мәдениетін дамыту «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-ның Ақтөбе облысы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментімен бірлескен жоспары бойынша «Біліктілігін арттыру жүйесінде сы

24 декабря 2018 года кафедрой инновационных технологий и методики преподавания естественно-научных дисциплин совместно с отделом инновационного развития и методического обеспечения, отделом аналитики и мониторинга в информационном центре института провели круглый стол «Роль личности педагога в обеспечении качества образования». в рамках обсуждения Послания Президента РК Н.А.Назарбаева от 5 октября 2018 г.

Цель мероприятия: повышение статуса и роли педагога в контексте Послания Президента РК Н.А.Назарбаева «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни» - программного документа в развитии страны.

Со вступительным словом выступила заместитель директора института, к.п.н. Кибатаева Н.К., которая в своей речи подчеркнула историческое значение Послания.

С докладом выступила ведущий специалист отдела инновационного развития и методического обеспечения Отарбаева Л.Л., раскрывшая направления молодежной политики РК в рамках реализации проекта «ZhasProject» в Актюбинской области.

В ходе мероприятия специалистом информационного центра Назарбаевой Р.К. была организована книжная выставка и проведен библиографический обзор литературы по данной теме.

В завершении мероприятия организаторы поблагодарили участников круглого стола и отметили, что коллектив полностью поддерживает политику Президента РК в дальнейшем развитии страны и приложит все усилия, для воплощения поставленных задач Послания в жизнь. Для этого корректируются планы работы кафедр, отделов, института по выполнению новых поставленных задач.

 

Бухарбаев Б.К.,

старший преподаватель кафедры

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ПЕДАГОГ ТҰЛҒАСЫНЫҢ РӨЛІ

2018 жылдың 24 желтоқсанында инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы мен институттың ақпараттық орталығында инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бірлесіп «Білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалімнің тұлғасының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын талқылауға қатысты.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: өмір сүру сапасы мен табыстың артуы» тақырыбы бойынша мұғалімнің мәртебесі мен рөлін арттыру - ел дамуының бағдарламалық құжаты.

Кіріспе сөзді институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.Қибатаева өз сөзінде Жолдаудың тарихи маңыздылығын атап өтті.

Инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Л.Л. Отарбаева Ақтөбе облысындағы «Жас жоба» жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасының жастар саясатының бағыттарын айқындау туралы баяндама жасады.

Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылды және ақпараттық орталығының маманы Р.К.Назарбаева осы тақырып бойынша әдебиеттерге библиографиялық шолу жүргізілді.

Іс-шараның соңында ұйымдастырушылар дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдіріп, ұжым Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің одан әрі дамуындағы саясатын толығымен қолдайтынын және Жолдаудың мақсаттарын іс жүзіне асыру үшін барлық күш-жігерін салатындығын атап өтті. Бұл үшін институттың, кафедралардың және бөлімдердің жаңа тапсырмаларды орындау бойынша жұмыс жоспары түзеледі.

 

 М.Т.Адилханова

Кафедраның аға оқытушысы, магистр

Педагогтің сыбайлас жемқорлыққка қарсы мәдениетін дамыту «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-ның Ақтөбе облысы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментімен бірлескен жоспары бойынша «Біліктілігін арттыру жүйесінде с

24 декабря 2018 года кафедрой инновационных технологий и методики преподавания естественно-научных дисциплин совместно с отделом инновационного развития и методического обеспечения, отделом аналитики и мониторинга в информационном центре института провели круглый стол «Роль личности педагога в обеспечении качества образования». в рамках обсуждения Послания Президента РК Н.А.Назарбаева от 5 октября 2018 г.

Цель мероприятия: повышение статуса и роли педагога в контексте Послания Президента РК Н.А.Назарбаева «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни» - программного документа в развитии страны.

Со вступительным словом выступила заместитель директора института, к.п.н. Кибатаева Н.К., которая в своей речи подчеркнула историческое значение Послания.

С докладом выступила ведущий специалист отдела инновационного развития и методического обеспечения Отарбаева Л.Л., раскрывшая направления молодежной политики РК в рамках реализации проекта «ZhasProject» в Актюбинской области.

В ходе мероприятия специалистом информационного центра Назарбаевой Р.К. была организована книжная выставка и проведен библиографический обзор литературы по данной теме.

В завершении мероприятия организаторы поблагодарили участников круглого стола и отметили, что коллектив полностью поддерживает политику Президента РК в дальнейшем развитии страны и приложит все усилия, для воплощения поставленных задач Послания в жизнь. Для этого корректируются планы работы кафедр, отделов, института по выполнению новых поставленных задач.

 

Бухарбаев Б.К.,

старший преподаватель кафедры

Мерейтой иесіне ҚҰТТЫҚТАУ

    «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПКБАИ өкілдері Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе мемлекеттік  өңірлік  университетінің кеңейтілген ғылыми кеңесінде аталып өткен университеттің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры, т .ғ.к., доценті, «ЖОО үздік оқытушысы» - Абенова Бибигүл Сеиловнаның мерейтойын құттықтауға қатысты. Мерейтой иесінің өміріндегі  елеулі датаға   белгілі  жетістіктермен жеткенін  атай отырып, туған күн иесіне шын жүректен  денсаулық , жақсылық және кәсіби  жетістіктермен   жылы лебіздерін білдірді.

 

 Абулхайрова Г.Е.

кафедра аға оқытушысы

 

«Мектепке дейінгі жастағы балаларды әлеуметтік және адамгершілікке тәрбиелеу»

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ № 10 «Алма» МДҰ «Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтік және адамгершілік тәрбиелеу» тақырыбында кеңес алаң ұйымдастырылды.

Жаңартылған білім беруге байланысты мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің кәсібилігі мен құзыреттілігі мәселесіне ерекше мән беріледі.

Педагогтардың жеке дамуына, педагогикалық дағдыларды және оның шығармашылық бастамаларын жетілдіруге ықпал етедуге, жұмысын жақсартуға әртүрлі жұмыс ұйымдастырылады.

Аға оқытушы Букенова С.С. топтық кеңес әрбір педагогтың педагогикалық дағдыларын жетілдірудің үздіксіз үдерісін қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері Қ.К. Қошмағанбетова педаготардың тәжірибесін, топтың түрін ескере отырып, материалды таныстырудың дифференциалды көзқарастарын қамтамасыз етті.

Кеңес алаңының нәтижелері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби қызметін жетілдіруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар қабылданды.

 

 Букенова С.С

МДТ және ББ кафедрасының аға оқытушысы

Әдістемелік басылымдар панорамасы

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ақпарат орталығында «Әдістемелік басылымдар панорамасы» атты 2018 жылғы жарық көрген әдістемелік құралдарды қорытындылауға арналған презентация өткізілді. Шара аясында институттың профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми еңбектеріне арналған «Ұстаз еңбектерінен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғылыми-әдістемелік құралдар мен әдістемелік ұсынымдардың құрастырушылары және облыс педагогтары қатысты. Институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Кибатаева Н.К. алғы сөзінде ұсынылған ғылыми және әдістемелік басылымдардың білім саласындағы соңғы отандық және шетелдік зерттеулерге негізделгендігін және олардың маңыздылығын атап өтті.

Одан әрі «Мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к.доцент А.Қ.Каплиева шығарылған әдістемелік құралдарда, педагогтың шеберлігі мен тағылым деңгейінің биіктігі жатқандығын, соңғы кездегі талқыланып жүрген педагог мәртебесін көтеру мен педагогтардың дәрежесін айқындау мәселесі білім берудің сапасын арттыратындығын баса айтты.

«Инновациялық технология және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің» басшысы п.ғ.к. Е.С.Давлеткалиева әдістемелік құралдардың заманауи талапқа сай және қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамытуда маңызы екендігін жеткізді.

Шара барысында институттың редакциялық-баспа бөлімінен шығатын республикалық, ғылыми-әдістемелік «Әдіскер жаршысы» және ақпараттық-педагогикалық «Педагогикалық даму» журналдарының материалдары ұсынылды.

Презентацияға қатысушылар көрсетілген әдістемелік құралдардың мәнділігіне жоғары баға беріп, зерттеушілік іс-әрекеттің заманауи педагогтың жұмысындағы басты мақсаттардың бірі екендігін айқындады.

                                                                                

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Табысты ынтымақтастық аясында...

Халықаралық ғылым және инновациялық технологиялар академиясының ұйымдастыруымен өткен «Марапат-2018» салтанатты рәсіміне Орынбор, Шымкент, Ақтөбе қалаларының жоғары оқу орындарынан құрметті қонақтар, өңірлік білім беру ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының әкімшілігі, қалалық білім бөлімі мен облыстық оқу-әдістемелік орталықтың өкілдері де қатысты.

2018 жылдың үздік марапатына мектепке дейінгі ұйымның, орта білім беру ұйымдарының басшылары, ең үздік басшылар мен педагогтер «Үздік басшы», «Зерделі ұстаз», «Ұлағатты ұстаз», «Маман мақтанышы» медаліне ие болды.

Педагогтердің кәсіби шеберлігі мен өз ісіне адалдығына тәнті бола отырып, барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта жеңістер мен жетістіктер шыңына жетуге тілектеспіз!!!

Біз – өрлеуліктер серіктесіміз – Халықаралық ғылым және инновациялық технологиялар академиясымен табысты ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз.

 

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

«Ақтөбе –Өрлеу: жастарды қолдаймыз!»

ZhasProject жобасының басты мақсаты – жастарды қоғамның өміріне тарту, қоғамның игілігі үшін әлеуметтік дағдыларды дамыту. Жастар корпусын дамыту жобасы –Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жоба болып табылады. Жобаның өңірлік жетекшісі – Байменова Куралай Базарбаевна.

Облыстың қоғамдық өміріне қолдау көрсету және оған белсене қатысу – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы қызметінің бірі.

«Біз - мұғалімдер, қоғамды жаңғырту жағдайында жастарға белсенді түрде қолдау көрсетуге тиіспіз, өйткені олар жаңа идеялардың генераторы болып табылады. Жастар еліміздің болашағы ғана емес, бұл бүгінгі күн», - дейді институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе облысы бойынша ZhasProject гранттық жобасының сарапшысы Абишева Нургүл Молдабаевна. Бұдан басқа, институт грант алушы жеңімпаздарға арналған білім беру тұғырнамаларының жұмысына көмек көрсетіп, филиалдың coworkihg орталығында үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдардың табысты өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырды.

Бүгін Нургул Молдабаевна Алға ауданы әкімдігі ұйымдастырған «Jas Barus - 2018» жас волонтерлердің облыстық слетінің құрметті қонағы болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Облыстық слетке жастар ұйымының белсенділері, ауыл жастары, колледждер мен ЖОО студенттері, мектеп оқушылары, жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері қатысты. Барлығы 400-ден астам адам қатысты.

Слет аясында ZhasProject бағдарламасы бойынша қаржылай грант ұтып алған Алға ауданының 14 әлеуметтік жастар жобасының тұсаукесері өтті. Бұл жобалардың жетекшілері – Алға аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Сисен Темірлан Серікұлы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының жетекші маманы Отарбаева Лаззат Лайхатовна.

 

 Слетке қатысушыларға жемісті еңбек тілейміз!

Матсалаева Ж.К.

жетекші маман

Онлайн-конкурсына қатысушыларды құттықтаймыз !

Кітапхана жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданатын кітапханашыларды ынталандыру мен үздік кітапхана сайттарын анықтау және қолдау мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ақпараттық орталығында   “Ең үздік кітапхана сайты” атты облыстық онлайн-конкурсы өткізілді.  Комиссия мүшелері онлайн-конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын талдай отыра, жеңімпаздарды жариялайды:

1дәрежелі диплом  - С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы

 1 дәрежелі диплом – Қобда ауданы, Қобда орта мектебінің кітапханасы

 

2 дәрежелі диплом - Қобда ауданы, И. Тайманов атындағы Қобда гимназиясының кітапханасы

3 дәрежелі диплом  - Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің кітапханасы

 3 дәрежелі диплом   -Шалқар қаласы №2 мектеп-гимназиясының кітапханасы

 

Колледж бойынша

1 дәрежелі диплом - Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің  кітапханасы

 

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!

 

Ұйымдастыру комитеті

 

 

 

 

 

 

 

 


Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік

ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Ақтөбе автожол колледжінің бірлескен жоспарына сәйкес «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге институттың инновация бөлімінің бас маманы С.Бектенгалиев, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың БАҚ және жұртшылықпен байланыс бөлімінің меңгерушісі С.Мәмбетова мен оқу залының меңгерушісі Г.Алтаева, колледждің пәндік әдістемелік бірлестік комиссияларының төрайымдары мен колледж оқытушылары, кітапханашылар, білім алушылар қатысты.

Дөңгелек үстелде ҚР ПРезидентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған Қазақстанның өткені мен болашағы туралы айтылған мәселелер талқыланды. Шындығында, тарих жолы ұлттық болашағын құрудағы даңғыл жол болмақ.

Кездесу барысында қатысушылар жас ұрпақты тәрбиелеудегі Елбасының жаңа жолдауындағы идеяларды негізге алу жөнінде өз пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел Елбасының жолдауда көрсеткен жаңа жобаларын жүзеге асыру бойынша қатысушылардың оң көзқарастарын білдіретін рефлексиямен аяқталды.

Матсалаева Ж.К.

жетекші маман

Біліктілікті арттыру жүйесінде үздіксіз педагогикалық білім беру сапасы

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында өткен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының Ғылыми кеңесі мәжілісінің күн тәртібінде біліктілікті арттыру жүйесінде педагогикалық қызметкерлердің үздіксіз білім беру сапасы мен инновациялық процестер мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында баяндама жасаған филиал директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.Кибатаева, инновациялық даму бөлімінің бастығы, п.ғ.к. Е.С. Давлеткалиева және Ғылыми кеңестің мүшелері, филиалдың қызметі мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында, сондай-ақ, курсаралық және курстан кейінгі кезеңде педагогтерді оқыту үдерісі мен оны ұйымдастыру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

2018 жылғы Ғылыми кеңес жұмысын қорытындылай келе, филиал директоры, ф.ғ.к. Н.Абишева Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында облыс мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған курстар, кездесулер, конференциялар мен басқа да іс-шаралар өткізу бойынша нақты қадамдар жасауға барлық қатысушылардың назарын аударды.

Ғылыми кеңесте қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

Матсалаева Ж.К.,

бөлімінің жетекші маманы

Әлеуметтік серіктестіктің дамуы...

2018 жылдың 12 желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кітапханасының меңгерушісі, магистр Н.Н.Ермекова С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Оқу орны мен әлеуметтік серіктес талабының ұштасуы жағдайында білікті маман даярлаудың жолдары» тақырыбындағы облыстық конференцияға қатысты.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, облыстық, қалалық, аудандық кітапханалардың директорлары мен кітапханашылар және студенттердің қатысуымен ұйымдастырылған конференция ақпараттық және кәсіби кеңістікті қалыптастыруда, әлеуметтік серіктестік қатынастардың нығаюын қамтамасыз етуде атқарылатын іскерлік іс-тәжірибені меңгерту жолдарын анықтады.

Шара барысында Ақтөбе – Өрлеу кітапханасы туралы Н.Н.Ермекова «Кітапхана – жеке тұлғалық дамудың аймағы» атауымен кітапхана процесін автоматтандыру жағдайы мен кітапхана аралық қарым-қатынаста жаңаша бағыттағы істерді, сонымен қатар, сандық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ашылған Co-working – орталығындағы алаңдық жұмыстарды әріптестер назарына ұсынды. Одан әрі институт кітапханасында өндірістік практикадан өткен Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Кітапхана ісі» факультетінің 3 курс студенті Бағдатқызы Аяжан практика кезінде атқарған тәжірибе жұмыстары мен өткізілген шараларына тоқталды.

Қатысушылар заманауи ағымдағы кітапхана ісінің талапқа сай жүргізілуінде әлеуметтік серіктестік талаптарды орындай отыра, білікті де шебер маман даярлаудың өзіндік алар орыны ерекше екендігін мақұлдады.

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Эксперимент алаңындағы кәсіби сұхбат

"Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт ұжымының «Білім берудің жаңару жағдайында педагогтардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту» атты  ғылыми-педагогикалық проблемасын  жүзеге асыру аясында  "Акмеологиялық орта-педагогтердің интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін  дамытудың  табысты негізі" тақырыбындағы облыстық  тәжірибелік –эксперименттік алаңы  облыстың 5 білім беру ұйымдарымен  жүргізілуде. 

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында  АОФМММИ базасында  экспериментатор-мұғалімдермен  «Өрлеу»БАҰО» Ақтөбе облысы бойынша  филиал директорының орынбасары, п.ғ.к., ғылыми жетекшісі Н.К.Кибатаева мен жоба модераторы С.М.Шаштыгарина   педагогтардың  кәсіби қызметінде  АКМЕ шыңға ұмтылу оқушылардың табысты жұмысына қол жеткізуге бағытталған кездесу-кеңес  өткізілді.

Шығармашылық шеберханада  экспериментатор-мұғалімдер  Ж.Х.Нургазина (ағылшын тілі), А.Н.Султанмуратова (орыс тілі), Б. Енсегенова (тарих) іс-тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қатар оқушы туындыларының көрмелері, ғылыми жобалар білім алушылардың  ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуда  тиімді екендігін  көрсетті. Бірлескен кәсіби сұхбатта зерттелетін мәселе бойынша эксперимент алаңының Тұжырымдамасы  мен бағдарламасы бекітілді.

Мұғалімдерге  білім алушыларды сапалы  оқыту, тәрбиелеу  мен дамытуға бағытталған жұмыстарына  шығармашылық табыс  тілейміз!

 

 

Шаштыгарина С.М.,

кафедра аға оқытушысы, магистр

"Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт ұжымының «Білім берудің жаңару жағдайында педагогтардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту» атты ғылыми-педагогикалық проблемасын жүзеге асыру аясында "Акмеологиялық орта-педагогтердің интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін дамытудың табысты негізі" тақырыбындағы облыстық тәжірибелік –эксперименттік алаңы облыстың 5 білім беру ұйымдарымен жүргізілуде. 

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында АОФМММИ базасында экспериментатор-мұғалімдермен «Өрлеу»БАҰО» Ақтөбе облысы бойынша филиал директорының орынбасары, п.ғ.к., ғылыми жетекшісі Н.К.Кибатаева мен жоба модераторыС.М.Шаштыгарина  педагогтардың кәсіби қызметінде АКМЕ шыңға ұмтылу оқушылардың табысты жұмысына қол жеткізуге бағытталған кездесу-кеңес өткізілді.

          Шығармашылық шеберханада экспериментатор-мұғалімдер 
Ж.Х.Нургазина (ағылшын тілі), А.Н.Султанмуратова (орыс тілі), Б. Енсегенова (тарих) іс-тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қатар оқушы туындыларының көрмелері, ғылыми жобалар білім алушылардың  ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуда  тиімді екендігін  көрсетті. Бірлескен кәсіби сұхбатта       зерттелетін мәселе бойынша эксперимент алаңының Тұжырымдамасы мен бағдарламасы бекітілді.
           Мұғалімдерге білім алушыларды сапалы оқыту, тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған жұмыстарына  шығармашылық табыс тілейміз!
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Жасөспірімдердің құқық бұзушылығына – жол Жоқ.....

«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы және Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжімен бірлесіп «Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың мақсатты бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру – қоғам алдындағы ең өзекті және әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығы.

Институт директорының орынбасары п.ғ.к. Н.К. Кибатаева аталған мәселенің маңыздылығын айта келе, қоғам тарапынан қолайсыз ықпалға ұшыраған жасөспірімдердің көптігіне назар аударды. Баяндама жасағандар: Е.К.Балимов – М.Бөкенбай атындағы Заң институтының кафедра меңгерушісі, К.З.Сансызбаева «Өрлеу» институтының аға оқытушысы, С.Ж.Кельбетова – Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ құқық және экономика факультетінің декан орынбасары, Л.Х.Тайланова – Ақтөбе қаласының прокуроры, «Отбасы-Мектеп-Қоғам» бірлестігінің тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау маңыздығын атап өтті.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының мамандары, Ақтөбе қаласындағы байланыс, теміржол, гуманитарлық-техникалық колледждердің тәрбие ісі жұмыстары бойынша орынбасарлары, қалалық ресурстық орталығының қызметкерлері құқық бұзушылықтын алдын алу бойынша шешуді қажет ететін бірқатар маңызды ұсыныстарды ортаға салды. Орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары директорының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасарларының қызметін күшейту бойынша, сонымен қатар «Мәңгілік Ел» болашақ азаматтарын тәрбиелеуде ата-аналар мен педагогтердің маңызды рөл атқаратыны туралы қызу пікірталас болды.

Семинар өз мақсатына жетті, қорытындысында әдістемелік ұсынымдар қабылданды.

 Матсалаева Ж.К.

жетекші маман

 

Ардагер сұхбаты...

Елбасы Н.Ә.Назарбаевты  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ақпарат орталығы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе Қазақстан Республикасы «Бейбітшілік және келісім» кеңесі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Келдібай Еспағамбетовпен болған кездесуге қатысты.

Заман ағымындағы  жақсы істердің  жаршысы бола білген ардагер, өзінің еңбек жолы мен ел Тәуелсіздігіне қосқан үлесін, жастарға елін сүюге, ұлттың рухани мұрасын  дәріптеуге  бастайтын істерге құлшына кірісуде мақсат етуге жетелейтін бағыттарды ашып айтты. Жастар жылында қоғамдағы болып жатқан жаңалықтардың  жанашыры бола білу - ертеңге деген нық сенімді қалыптастыратынын жеткізді. Ардагер еліміздегі жастар саясатының ізгілікті істеріне көңіл толарлық жақсы тілектерін арнады.

Шара соңында Келдібай Еспағамбетов қойылған сауалдарға жауап беріп, естелік суретке түсті. 

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Педагогикалық алаң: балалардың зияткерлік дамуы

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ  жоспарына  сәйкес мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Зияткерлік қадамдар»атты педагогикалық алаңның    төртінші  отырысы, 2018 жылдың  5-желтоқсан  күні «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымында өткізілді.

Жаңартылған мазмұн шеңберіндегі «Оқу үрдісіндегі инновациялық технологиялар.Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды оқытуда интернет-технологияларды пайдалану» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.

Әдіскер Бикмухамбетова Т.Н. мектепке дейінгі ұйымында  оқу үрдісіне интернет технологияларды енгізуде педагогикалық қолдау туралы видео материалдар ұсынды.

Педагог Ахметгалиева И.М. балалармен қысқа мерзімді жобаны көрсеттіп, онда ол балалардың дамуына  мүмкіндіктер ашатын ойын технологиясының тиімділігін атап өтті.

Искакова Ф.Е., Сырбаева Ш.К., интерактивті жабдықты енгізу және интерактивті құралдарды пайдалануда, мектепке дейінгі балаларға арналған ойын кеңістікті байытады, оның қызметін кеңейтуге және тереңдетуге ықпал етеді.

Семинардың соңында қатысушылар мектепке дейінгі білім беруде интерактивті технологияларды қолдану қажеттігін атап өтті.

 

                                                                                                   Букенова С.С.,

кафедра  аға оқытушысы

Жазушымен кездесу

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ақпарат орталығында «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе - ақын, публицист, жазушы, «Адырна» республикалық әдеби журналының бас редакторы,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Бастау», «Жетіген», «Ширақ ғұмыр» т.б. жыр жинақтарының, «Жел өтіндегі тағдыр», «Бейуақтағы мінажат» кітаптарының авторы Мейірхан Ақдәулетұлымен кездесу өтті.

Ақтөбе жастарына өзіндік тағылымымен әсер еткен, ұрпағына айтары мол ақын аға орыс поэзиясының алыптары А.Блок, А.Ахматова, А.Вознесенский секілді ақындардың өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған, адамзаттың ортақ қазынасына айналған  Т.Буркхардтың «Шығыс пен Батыстың киелі өнері», Э.Фроммның «Психоанализ және дзен-буддизм», Ф.Шюонның «Исламды ұғыну», М.Аджидің «Қыпшақ Даласының жусаны» кітаптарының аудармашысы.

Кездесу барысында қатысушылар қазіргі поэзия мен ақынның жыр жинақтарынан, жалпы, өмір өткелдерінен  қойылған сұрақтарға  толыққанды жауап алды. Мағыналы да, мәнді  сұхбат  қатысушыларға   өмірлік құштарлыққа толы әсер берді.

                                                                                                                     

           

Назарбаева Р.К.,

 ақпарат орталығы маманы

Жаңа Жыл қарсаңында - игілікті істер

Балаға кітап сыйлаудың қарапайым түрі    - мектеп кітапханасының   тілегін орындау! Жақсы істерге арқау болуға әрқашанда асығыңыз!

Жаңа Жыл қарсаңында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы ПҚБАИ кітапханасында кезекті қамқорлық акциясы өткізілді, акция мақсаты - Ақтөбе қаласындағы жаңадан  ашылған мектептердің кітап қорын толықтыру. Барлық жиналған кітаптар №62 ОМ, №63ОМ, №64ОМ, №65 ОМ, №8 ОМ, №10 ОМ және «Ақтөбе облыстық арнайы физика-математика мектеп- интернатына » тарту етілді.

Акцияға қатысушы барлығыңызға кітап сыйлағандарыңыз  үшін, кітапханаға деген қамқорлықтарыңызбен кітап пен кітап оқуға  деген сүйіспеншіліктеріңіз  үшін ризашылығымызды білдіреміз. Келе жатқан Жаңа Жыл мерекесі әрбір үйге мейірімділік пен жайлылық әкелсін, бейбітшілік және өрісі кең өркениет  тілейміз!

Жаңа 2018 жыл жемісті және табысты жыл болсын! Баршаңызға  және Сіздің жақындарыңызға бақыт, мерекелік көңіл күй, денсаулық тілейміз!  

Назарбаева Р.К.

Кітапхана маманы 

2017 жыл үздіктері марапатталды...

Жылма-жыл институтта дәстүрлі түрде жыл қорытындысы өткізіледі.  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында институт құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне, үздік оқытушыларға, тренерлерге 2017 жылы жұмыс қорытындысы бойынша құрмет көрсетілді.

2017 жылы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда маңызды іс-шараларға толы табысты жыл болды. Ескі жылды шынайы көңілмен  шығарып салып, педагогикалық қызметте 2018 жыл маңызды жобалар мен жоспарларға, жағымды жаңалықтар мен игі істерге толы жыл болсын!  

Өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық!

 

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы

Балаларға қуаныш пен жылу сыйла...

Сүйіспеншілік пен мейірімділік - кез келген адам үшін ең бағалы сыйлықтар. Олар әрдайым егіз ұғым іспеттес.

Әр баланың қуанышты және бақытты күндері біздің қолымызда. Жаңа жыл қарсаңында 2017 жылдың 27-желтоқсанында Ақтөбе қаласы "Үміт" жетімдер үйінде "Доброта во благо детям!" қайырымдылық мерекесі  ұйымдастырылып, игілікті істің бастамасына «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институт қызметкерлері де қолдау білдірді. Кішкентай кереметтерге жаңа жылдық дәмдер ұсынылды.

Шынайы қайырымдылық – сыйақы беру туралы ойланбастан өзге адамдарға берілетін көмек.

Әкенің жылы сөзі мен ананың аялы алақанын сезінбей өсіп келе жатқан кішкентай бүлдіршіндердің жадында бұл кеш ұзақ сақталары рас. 

Нурмуханбетова М.Ш.,

кафедра аға оқытушысы, магистрі

Ғылыми кеңес отырысындағы мәселелер жан-жақты талқыланды...

       2017 жылдың  26-желтоқсан күні    «Өрлеу»  БАҰО» АҚФ   Ақтөбе облысы бойынша    ПҚБА  институт директоры ф.ғ.к., Н.М. Абишеваның төрағалық етуімен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті. Кеңес отырысында филиал директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, п.ғ.к., – Н.К. Кибатаева және инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, педагогика ғылымдарының магистрі - К.Ж. Рахатовалардың төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалары тыңдалды.

- «Коучинг - мектеп – орта білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтардың кәсіби шығармашылық дамуының тиімді негізі»;

- «Педагогтардың біліктілігін көтеру жүйесіндегі инновациялық үдерістер:  мақсаттан нәтижеге» («Өрлеу»  БАҰО» АҚ  5 жылдығына) ;

  Ғылыми кеңес мүшелері, кеңеске  шақырылған ПОҚжәне  филиал тренерлері күн тәртібінде қаралған мәселелерді қызу талқылай отырып, «Өрлеу»  БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының рухани жаңғыруға ішкі талпынысын жаңарту жағдайында институттың инновациялық қызметіндегі басымдылық бағыттарын дамыту қағидаттары негізінде өзектендіру бойынша ойларын ортаға салды. Кеңесте институт ұжымының  2017 жылғы  жұмысы қорытындыланып, 2018 жылға міндеттер анықталды.  Күн тәртібінде қаралған сұрақтар бойынша нақты ұсыныстар беріліп, шешім қабылданды. 

                                         Абулхайрова  Г.Е.,

               Ғылыми кеңес хатшысы 

 

Латын әліпбиі –заман талабы

2017 жылдың 26 желтоқсанында  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ кітапханасында латын әліпбиіне көшуге байланысты «Латын әліпбиі - әлемдік өркениет»тақырыбындағы оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға институттың  професорлық-оқытушылық құрамы және гуманитарлық колледж студенттері қатысты.

Талдау барысында 32 әріптен құралатын латын әліпбиі, қазақ тілінің  жазылуы мен дыбысталуы, диакритикалық белгілер туралы сұрақтар және  қазақ тілінің табиғатын сақтау қажеттілігі баса айтылды.

Конференцияға қатысушылар Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы бастамасын толығынан қолдайтындықтарын жеткізді.Өткізілім барысында толғантар сұрақтарға толығынан жауап берілді.

 

Назарбаева Р.К.,

 кітапхана маманы 

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

Облыстық қамқоршылық кеңестің І кеңейтілген отырысы аясында «Мәңгілік Ел» болашақ азаматтарын оқыту мен тәрбиелеудің сапасын қамтамасыз ету жағдай жағдайында қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитетінің рөлі» тақырыбында панельдік сессия өтті.

Панельдік сессия жұмысына 300-ден астам облыс педагогтері, соның ішінде қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.

Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымдарында өзін-өзі басқарудың жаңа моделі ретіндегі тәжірибелік қызметі  қарастырылды. Қамқоршылық кеңеспен өзара педагогикалық қарым-қатынасты тиімді қолдану  формалары туралы тәжірибе алмасып, мазмұнды пікір алмасу жүзеге асырылды.

Қорытындысында Қамқоршылық кеңес қызметінің өзектілігі туралы шешімдер қабылданды.

 

 Ж.К.Матсалаева,

әдістемелік қамтамасыз ету және

 инновациялық даму бөлімінің жетекші маманы

«Бір институт – бір кітап» акциясының қорытындысы

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ кітапханасы  «Бір институт – бір кітап» акциясын  М. Мағауиннің «Әйел махаббаты» және «Шеше» шығармаларымен қорытындылады.

Ұйымдастырылған акция мақсаты - ұлттық дәстүрлер аясында халықтың әдеби мұраларымен сабақтастырылған құндылықтарды зерттеу және шығарманың  көркемдік қасиетін анықтау.

Шара соңында  акцияға белсене қатысып, өзіндік үлес қосқан педагогтар алғыс хаттармен марапатталды.

Жаңа жыл қарсаңында барша педагогикалық ұжымды құттықтай отыра, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз! 

 

                                                                         

Назарбаева  Р.К.,

кітапхана маманы 

Колледждегі инклюзивті білім беру ортасы

М.Маметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінде 2017 жылдың 20-шы желтоқсанында  «Колледждегі инклюзивті жағдайдағы білім алушы студенттерді психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинар мақсаты:  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кедергісіз білім беру ортасын құру. Семинардың теориялық бөліміне «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, пед.ғ.к., доцент А.Қ.Қаплиева қатысты.

Семинарға облыстың кәсіптік және  техникалық білім беру мекемелерінің әдіскерлері, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Тәжірибелік семинарда осы колледждің инклюзивтік топтарының оқытушылары білім алушылармен шебер-кластар, кіріктірілген сабақтар өткізді. Семинар соңында психологиялық тренинг өткізіліп, қатысушыларға инклюзивті топтармен жұмыс жасауға бағытталған нұсқаулықтар таратылды.

 

Мирова Ш.Б.,

кафедра лаборанты

Жеңімпаздарды құттықтайық ...

Оқушылардың  санасына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай «Балаларға ел Тәуелсіздігі туралы оқытайық!» атты облыстық  интернет – сайысқа облыс мектептерінің  мұғалімдері, оқушылар және  кітапханашылар қатысты. Әділқазылар шешімімен сайыс қорытындысы анықталды.

Тәуелсіздік мерекесін ұлықтауға арналған шараға белсене қатысқандарыңызға ризашылық білдіре отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс, еліміздің мәртебесін көтерудегі  еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

«ЕҢ ҮЗДІК БУКТРЕЙЛЕР» номинациясы  бойынша

Диплом 1 дәрежелі

Аймурзина К.С. -Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі 

 

«ЕҢ ҮЗДІК КІТАП КӨРМЕСІ» номинациясы бойынша

Диплом 1 дәрежелі

Баймұханова Аксауле Шайхиновна - Қобда орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Диплом 2 Дәрежелі

Жарқын Әйгерім -Новый орта мектебінің  кітапханашысы

Ескарина Райла Жақсыбайқызы-Ақтөбе қаласы Гуманитарлық колледжінің  кітапхана меңгерушісі

Диплом 3 Дәрежелі

Баймуханова Гүлжан Кұлбазаровна - Ақтөбе қаласы   №35  ОМ

Корчагина Жанар Жаңғалиқызы,  Енсеп Кулзат Капаровна - Шалқар қаласы, «№1 мектеп-гимназиясының»  кітапханашылары

Утепбергенова Құралай Умирзаковна - Ақтөбе қаласы №42 ОМ кітапханашысы    


«ЕҢ ҮЗДІК ӘДЕБИ  КЕШ »номинациясы бойынша

Диплом 1 Дәрежелі

Бөлекбаева Венера Миканқызы -Ақтөбе қаласы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық ммандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиешісі

 Диплом 2 Дәрежелі

Бирмаганбетова Жамила Жайлибаевна -Ақтөбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебінің кітапханашысы 

Диплом 3 Дәрежелі

Жұмабаева Айжан Айтқұлқызы-Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс орта мектебінің кітапханашысы

Бахитова Рая Кетебаевна, Таласкалиева Венера Алпысқызы-Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінің кітапханашылары

Жұмабаева Мейрамгүл Айтқұлқызы-Кеңес Нокин атындағы № 65 ЖББОМ кітапханашысы

Кожина Перизат Исабекқызы – Байғанин ауданы Т.Жармағамбетов атынд. ОМ кітапханашысы

 

«ЕҢ ҮЗДІК ЭССЕ» номинациясы бойынша

Диплом 1 Дәрежелі

Терекова  Томирис Абдулажанқызы-Шалқар ауданы № 2 мектеп-гимназиясы 5 «ә» сынып оқушысы 

Мусина Салтанат – Ақтөбе орта мектебі, 10 Б класс оқушысы

Диплом 2 Дәрежелі

Сирко Ольга -Ақтөбе орта мектебі, 10 Б класс оқушысы

Жаксылық Сабыржан Темірханұлы - Шалқар қалалық №2 мектеп-гимназия. 4 «А» сынып оқушысы

Жұмақанова Айзере Талғатқызы - Ақтөбе қаласы  №10 ЖББОМ 6 «б» сынып оқушысы

Диплом 3 Дәрежелі

Ыбырайымова Дияра Бекболатқызы-Шалқар қалалық №2 мектеп-гимназиясы4 «А» сынып оқушысы

 

Қатысқаны үшін сертификаттар:

Дудник Светлана АлексеевнаАқтөбе облысыҚобда ауданы Жарсай негізгі мектебінің кітапханашысы 

Қуатова Нұргүл – Мәртөк ауданы №3 ОМ кітапханашысы

Айжарикова Майра Бидуллаевнаға  - Қобда ауданы Бегалы ОМ кітапханашысы

Ящук Л.Н.  - Қобда ауданы Қызылжар ОМ кітапханашысы

Калиева Бахыт Жантугановна - ГКС -12 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Еспембетова Замзагүл Мирамбекқызы - Шалқар қаласы №2 мектеп-гимназиясы ғылыми  ұйымдастырушы

Умбетова Диана -  Благодар ОМ 8 «Б» сыныбы оқушысы

Әділханова Әлияш Көптілеуқызы - Шалқар қалалық №8 ЖББОМ 8 «а» сынып оқушысы

Махсот Әдемі Нұржанқызы-  Шалқар қалалық №2 мектеп-гимназиясы 4 «А» сынып оқушысы

Ералина  Зуһра  Бауыржанқызы - Шалқар қ. №2 мектеп-гимназиясы 4 «А» сынып оқушысы

Алмағамбетова Айгерім Мұхамедсадыққызы- Шалқар ауд. «Оқушылар сарайы» ММ дизайн үйірмесінің жетекшісі

Калжанова Айголек

Назаров Ернар Қобланұлы - Шалқар қалалық  мектеп-гимназиясы  4 «А» сынып оқушысы

Амангелдиева Ақбота - №10 ЖББОМ 6 класс оқушысы

Ерғазы Айсана - №10 ЖББОМ 6 класс оқушысы

Мұңайтпасова Ж.Т., Құдайбергенова А.С. -Шалқар қ.№1 мектеп-гимназиясы педагогтары

Қалымбетова  Ж.Қ.- №5 ЖББОМ” КММ  кітапханашысы 

 

Ұйымдастыру комитеті 

Үлгілік оқу жоспарының жобаларын талқылау және түсіндіру

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданындағы  Ш. Бекмухамбетова ат. мектеп- гимназия базасында «Өрлеу» БАҰО АҚ мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарын Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА ұйымдастыруымен өзгертулер енгізетініне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген іс-шараға Ойыл ауданы бойынша бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық топ тәрбиешілері қатысты. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы Ж.О.Жубаева «12 жылдық білім:«0+11» таныстырылымы бойынша түсіндіру жүргізіп, енгізулермен таныстырды. Жаңа үлгілік жоспарда енгізілетін өзгерістер мен «Әліппе»,  «Математика» оқулықтары мен жұмыс дәптерлері негізде жұмыс жасау, оқыту үдерісін жоспарлау   мен 5 жасар балаларды оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу қорытындысына сүйеніп, жан-жақты түсіндірді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі 0-сыныптан бастау алатындығы айтылды.

Аталған шараға Ойыл аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Л.О.Оразова мен Г.Жакыпбекова да қатысып, өзіндік пікірлерін білдірді.

 

Жубаева Ж.О.,

кафедра аға оқытушысы  

 

Тарих беттерін парақтасақ...

Тәуелсіздік күні – еліміздің бірлігі пен ынтымақтастығын дәріптейтін,тарих қойнауының тағылым тереңінен таңдап алынған еркін өмірді аңсаған егемен елдің  ұлы мерекесі.

Ел Тәуелсіздігі мерекесіне қарсаңында  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ музейінде  қаламыздағы гуманитарлық колледждің студенттерімен «Тәуелсіздік – ел тілегі, елбасы  - ел тірегі» тақырыбында бейне - салон өткізілді.  Шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры, ф.ғ.к. Н.М. Абишева құттықтау сөзімен ашып,Тәуелсіздіктің мәніне тоқталды. Одан әрі  қазақ елінің тарихи оқиғаларын, ғасыр тоғысындағы азаттықтың айғағы,  әлемдік аренадағы жеткен жетістік биіктіктерін байланыстырған «Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат»  атты бейне – фильмі  көрсетілді.

Шараға қатысушылар мерекемен құттықтап, жас ұрпақ шығар жаңа белестердің биік болуына тілектестігін  білдірді.

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы 

Ұжымнан құттықтау

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Өрлеу»БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ директоры  Абишева Нургуль Молдабаевна Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін»  құрмет белгісімен марапатталды.

 Институт ұжымы шын жүректен құттықтап,

кәсіби жеңістер тілейді!

Ел Тәуелсіздігі – Қазақстан өркендеуінің негізі

Біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып келген Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ фойесінде «Тәуелсіздік және рухани жаңғыру »  тақырыбына ауқымды кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме ел тәуелсіздігінің мызғымас тұғырын айқындайтын Елбасы Н.Назарбаевтың «Жасампаз жылдар», «Стратегия независимости»,» «Еуразия жүрегінде», «Ұлы жібек жолы» т.б. мәңгілік елдің мәдени құндылықтарын санаға сіңіретін,  рухани жаңғырудың тамыры тереңде жатқандығын ұғындырар  жинақтармен топтастырылды.

Ел Тәуелсіздігі күні – барша педагогикалық ұжымға, еркіндігіміздің қуаты болар Қазақстанымыздың  өркендеуіне зор үлес қосар шығармашылық табыс пен денсаулық тілейміз!

 

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Тәуелсіздік күні қарсаңында...

Тәуелсіздік күніне орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Ақтөбе облысы бойынша директоры Нургуль Молдабаевна Абишева тіл жанашыры ретінде мемлекеттік тілді дамытуда жүйелі жұмыстарды ұйымдастырғаны үшін Ақтөбе облысы  тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

 Шын жүректен құттықтаймыз, келешекте де табысты нәтиже тілейміз!

Жапакова Г.К.

кафедра аға оқытушысы

Тәуелсіздік күніне арналады ...

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында  институт қызметкерлері және білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Игі шара институт директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишеваның құттықтау сөзімен басталып,  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні- айтулы мереке жылдан-жылға  мемлекеттік  елеулі өзгеріс табыстарын растайтындығын атап өтті.

Үздік қызметкерлер «Өрлеу» БАҰО» Басқармасы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы, Білім басқармасы, Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымыдарының  құрмет грамоталарымен марапатталды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнінде танымдық-тақырыптық кеш сыйлаған Ақтөбе музыкалық колледжінің ұжымына шексіз алғысымызды білдіреміз. 

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы

Типтік оқу жоспарлары талқыланды...

Қазақстандық ата-аналар ассоциациясының бастамасымен  типтік оқу жоспарына көшу жұмыстарын түсіндіру бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға қызметкері С.К.Коптлеуова Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарымен, мектеп директорларының  оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен, әдіскерлермен және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы кафедрасының  оқытушылық-профессорлық құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында С.К.Коптлеуова  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры Н.М.Абишеваға Ақтөбе филиалының тәжірибелік материалдары жинақталған біліктілікті арттыруды қашықтан оқыту курстарының семинарларын ұйымдастыру және өткізудегі әдістемелік ұсыныстар жинағын табыстады.

 

Трнабаева Н.С.,

бөлім бастығы

Мектеп әрекетіндегі интерактивті оқыту

Ақтөбе қаласындағы  №17 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы  базасында 2017 жылдың желтоқсан айының  7  күні  Ақтөбе  облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында интерактивті оқытуды қолдану» тақырыбындағы  қазақ, орыс және ағылшын тілдері мұғалімдеріне арналған облыстық  семинар өткізілді. 

Семинар барысында №23 орта мектеп-лицейінің директоры Г.М.Наримбетова, кафедра доценті, п.ғ.к. Р.Б. Куспаева, кафедра доценті, ф.ғ.к. А.Б. Уразымбетова, №23 орта мектеп-лицейі директорының орынбасары тілдік білім берудегі жаңартылған білім беру бағдарламасы, критериалды бағалаудың оқушылар әрекетіндегі қызметі және  CLIL тілдік пәндерді кіріктіріп оқыту мәселелеріне тоқталды.

Семинарда бинар сабақтар көрсетіліп, курс тыңдаушыларымен инновациялық тәжірибемен бөлісу мақсатында сабақтар өткізілді. Семинар өз мақсатына жетті.

                                                                        

                                                                         Куспаева  Р.Б.,

кафедра доценті  

ПЕДАГОГ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ АКТ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе Филиалы  «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану  арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытудың тиімді құралы ретінде қолданудың  мәселелері талқыланды.

Институттың профессорлық-оқытушылар құрамы мен облыс мұғалімдері педагогтердің ақпараттық технологиялар арқылы функционалдық құзыреттіліктерін одан әрі жетілдіру қажеттілігін атап өтті.      

Дөңгелек үстел қорытындысында тиісті әдістемелік  ұсыныстар қабылданды.

Абдиров Р. Т.,

кафедра аға оқытушысы,

робототехника бойынша тренер

Балабақшада тәжірибе алмасу

№ 21 «Кәусар бұлак» МДҰ-да   «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалың ұйымдастырумен «Білім беру саласындағы педагогикалық тәсілдер» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

Тәрбиешілер  Туткышбаева Г., Куандыкова А., Изтаева Г. педагогикалық шеберліктерін шыңдап, тәжірибе  бөлісу мақсатында және балалардың танымдық қабилеттерін дамытуда  біріктіліген интеграциялық ойын-сабақ ұйымдастырды.

Қатысушылар семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиешілердің шығармашылық белсенділігі байқалғанын айтып, алғысын білдірді. 

Букенова С.С.,

кафедра аға оқытушысы

ҚР Тәуелсіздік күніне орай облыстық интернет-сайыс

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты 2017 жылдың 7-14 желтоқсан аралығында «Балаларға ел Тәуелсіздігі  туралы   оқытайық!» атты облыстық интернет-сайыс өткізеді.

Сайысқа ел Тәуелсіздігіне байланысты өткізілген жұмыстар (кітап (виртуалды) көрмесі, буктрейлер, жоба, эссе, әдеби - музыкалық шаралар т.б.) қабылданады.

Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын  е-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. поштасына 2017 жылдың 14 желтоқсанына дейін жібере алады.

Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz  сайтында  жарияланады.

Интернет-сайыстың жеңімпаздары марапатталады.

 

Байланыс телефондары: 8(7132)245414;87023924131 - институт кітапханасы.           

Ауыл мектептеріне - тәжірибелік көмек...

Институт жоспарына сай 06 желтоқсанда (2017) Алға ауданында «Шағын жинақты мектепдерде тұлғаны әлеуметтендіру мен тәрбиелеудің жаңа амалдары»  тақырыбында  семинар өтілді. Семинар мақсаты:кешенді тәрбие үрдісінде тұлғаны әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде тиімді әдістерді шығармашылықпен басқару жолдарын анықтау. Семинарға ауданның мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөнінідегі орынбасарлары, класс жетекшілер қатысты.  Семинарға қатысушы тәрбие жұмысының орынбасарларына  қазіргі тәрбие амалдарының тиімді  «Lesson study», «кейс-стади» және топтық, жұмыстарды ұйымдастырудың  белсенді тәсілдері арқылы тренингтер, іскерлік ойындар өтілді. Семинар «Тәрбие тағылымы» рефлексиясы арқылы қортындыланды. Семинар қатысушылары кафедра меңгерушісіне А.К. Каплиеваға алғыс білдірді.

 

Трнабаева Н.С.,

бөлім бастығы

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ

Ынтымақтастық  меморандумды жүзеге асыру аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысына институт қызметкерлерінен Л.Л. Отарбаева, Г.К. Жапақова қатысты.  Отырыста  Ақтөбе облысындағы гендерлік саясаттың негізгі бағыттары,   оларды іске асыру жұмыстарын  дамыту жөнінде қарастырылды.

«Гендерлік теңдік бойынша  педагогтердің біліктілігін арттыру» тақырыбында  «Өрлеу»  БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының жетекші маманы  Л.Л Отарбаева сөз алып, отырыс қорытындысы бойынша   ұсыныстар қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар  жалғасатын болады.

 

Г.К.Жапақова,

кафедраның аға оқытушысы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ЖОБА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес ісі жөніндегі Агенство Департаменті «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалымен бірлескен жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бағдарламалардың облыстық байқауының  жеңімпаздарын марапаттау салтанатын ұйымдастырды. Облыстың білім беру мекемелері педагогтеріне жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамыту бойынша шығармашылық табыс тілейміз!

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы

Қала мектептерімен байланыс

2017 жылдың 5-ші желтоқсан күні Ақтөбе қаласындағы № 5 ЖББО мектебінің тарих пәнінің  мұғалімі  Алмагул Жадрасынова басшылығымен 10-11 сынып оқушылары арасында Табын Бөкенбай батырдың 350 жылдық мерейтойына  орай  ұйымдастырған  «ТАУ ТҰЛҒАЛЫ-БӨКЕНБАЙ БАТЫР» атты ғылыми-танымдық конференциясы өтті. 

Конференцияға  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институтының кафедра меңгерушісі п.ғ.к  А.Қ.Дүйсенбаев қатысты. Конференция барысында Табын  Бөкенбай батырдың өмірі мен ерлік жолдары дәріптелді. Сонымен қатар А.Қ.Дүйсенбаев мектептегі тәрбие сағаттарына қатысып, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мектеп ұжымына әдістемелік кеңес берді.

 Кайдасов А.Ж.,

кафедра аға оқытушысы

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың пәндік және коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру

Ақтөбе  облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес 2017 жылдың желтоқсан айының  4  күні  Ақтөбе қаласындағы  №17 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы  базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың пәндік және коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбындағы  қазақ, орыс және ағылшын тілдері мұғалімдеріне арналған облыстық  тәжірибелік-бағытталған семинар өткізілді. 

Бағдарлама бойынша кафедра доценті А.Б. Уразымбетова алғы сөз сөйлеп, №17 орта мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  А.Е.Кошкинбаева, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.В.Медунцова тілдік білім берудегі жаңартылған білім беру бағдарламасы және критериалды бағалаудың оқушылар әрекетіндегі қызметі туралы баяндама жасады.

Семинарда панорамалық сабақтар көрсетіліп, қатысушылардың қызығушылығын аттыру тренингі өткізілді.   

 А.Б. Уразымбетова,

кафера доценті

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарының басшыларына арналған үздік бағдарламалар байқауын өткізді. Байқау нәтижесінде үздік жұмыстар анықталды:

І орын: Қанат Маркабаевна Қойшыгулова – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді орта мектебінің директоры  («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» бағдарламасы)  

ІІ орын Венера Мәженқызы Машина – Ырғыз ауданы  Т.Шонанұлы атындағы орта мектеп директоры («Адалдық – құндылықтардың бастауы» бағдарламасы)

ІІІ орын: Елена Павловна Юшкевич –  Хромтау ауданы № 2 мектеп-гимназия директоры («Антикоррупционная деятельность» бағдарламасы)

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 

Трнабаева Н.С.,

бөлім бастығы

Пәндік-тілдік курстар-мәреде

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында  Ақтөбе облысы бойынша ПКБАИ 2017 жылдың  2 желтоқсанында «Үш тілде білім беру жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік-тілдік құзыреттерін қалыптастыру» (640 сағат) тақырыбындағы химия, биология, физика, информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы  аяқталды.

Курс соңында тыңдаушылардан Кембридж FCE және TKT CLIL білім беру бағдарламасы аясында сыртқы жиынтық  бағалау алынып, сондай-ақ әрбір мұғалімдерге (сабақ жоспарлары бойынша)  портфолио жасақталды.

Емтиханда Cambridge English: First (FCE) ауызекі сөйлеу, соның ішінде  тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының  грамматикасы мен  лексикасы  және оны тәжірибеде тиімді пайдалану дағдылары  тексерілді.

Облыс педагогтеріне сабақ өткізу үшін халықаралық деңгейдегі сертификатталған шетелдік тренерлер: Joanne Tereza Stournara және Evangelia Kouri шақырылды.

Пән мұғалімдеріне кәсіби білім алудағы табысты нәтиже мен  FCE, TKT CLIL халықаралық деңгейдегі сертификаттарды алуына тілектеспіз!!!

 

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы

Рухы биік елді, рухы мықты ер басқарады

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент Күніне орай    курс тыңдаушыларымен  30 қараша 2017 жылы «Рухы биік елді, рухы мықты ер басқарады» тақырыбында сурет салу байқауын   ұйымдастырды.

Алғаш сөз алған Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директорының орынбасары, п.ғ.к., доцент Н.К. Кибатаева  Қазақстан Республиксының Тұңғыш Президенті Күніне орай  ұйымдастырылған іс шараға қатысудың маңыздылығы  «Мәңгілік ел»  ұлттық  идеяны жүзеге асыру жолында  өскелең ұрпақ бойында ұлттық сананы ояту, еліне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытқан  Елбасы туралы айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қатысушылар Тұңғыш Президент Күніне арнап шығарған құттықтау өлеңдерін оқыды. Байқау «Атамекен» әнімен ашылды. Іс-шара  соңында  салынған  үздік суреттер іріктеліп,  дипломдармен   марапатталды.

Култаева Л.А.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 марапат» атты мерекелік шара

Жыл сайын жылды қорытындылау шарасын салтанатты  мерекеге айналдыру  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» берік дәстүріне  енген.  Осыған орай,  «Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына  25 марапат»  атты мерекелік шара ұйымдастырылып, институттың профессор-оқытушылар құрамы мен тренерлері, ұжым қызметкерлері үлкен марапатқа ие болды. 

Шара институт директоры м.а., ф.ғ.к. Абишева Нургуль Молдабаевнаның  құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде облыс педагогтерінің кәсіби потенциалын көтеруде  сүбелі үлесін қосып келе жатырған профессор-оқытушылар құрамының сапалы білім берудегі нәтижелі  еңбегі мен бірлескен ұжымдық жұмысына ерекше тоқталып өтті. 

Мониторингтік  зерттеу қорытындысы мен комиссия  шешімінің негізінде   «Үздік кафедра», «Табысты кафедра»,  «Озат орталық»,  «Үздік тренер», «Ең Үздік  лектор»,   «Ең нәтижелі тренер-оқытушы»   «Үздік куратор», «Үздік бағдарлама»  «Үздік  оқу–әдістемелік кешен»,  «Табысты оқытушы»  «Жаңалық жаршысы», «Нақты болжам»,  «Нәтижелі зерттеу»,  «Бірлескен ізденіс»,  «Шуақты білім  ошағы», «Шебер қол» номинацияларымен  марапатталып, сертификаттарға  ие болды.

Қазақстанның  білім беру  жүйесін жаһандандыру жағдайындағы  ұжымның бірлескен жұмысына,   «Өзін-өзі тану» пәнінің тренерлеріне Сара Алпысқызы Назарбаеваның атынан жолданған құттықтау хаты оқылып,  табыс етілді.   

Сонымен қатар, ұжым қызметкерлеріне облыстық білім басқармасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, республикалық және облыстық кәсіподақ ұйымының  грамоталары табысталды.

«Қар қиыршығын таңдап ал!» интерактивтік тақтаға жасырылынған игі тілектері  мерекелік  шараның көркін  аша түсті.

Шара соңындағы  институт директоры м.а. Абишева Н.М.  2017 жылға еңбек етуге деген талпынысын күшейтетін қанатты сөздері мен жылы лебіздері  ұжымды жаңа талпыныстарға итермеледі.

Мерекелік шара   кәсіподақ  комитеті дайындаған   жаңа жылдық сыйлықтарды таратумен аяқталды. 


Жапакова Г., 

«Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

Біліктілікті арттыру жүйесіндегі үздік дәріскерлерді марапаттау

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» облыстың ұзақ жылдар бойы  ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға өз үлесін қосып жүрген ғалымдар мен үздік дәріскерлерді, тәжірибелі педагогтерді марапаттау рәсімін ұйымдастырды.  

Шараны  институт директорының м.а., ф.ғ.к. Абишева Нургуль Молдабаевна  ашып, біліктілікті арттыру жүйесінің курстары  аясында  кәсіби,  жоғары  деңгейде    шығармашылықпен  дәріс оқып,  семинар-тренинг, шебер-класс өткізген барлық дәріскерлерді  құттықтады. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық білім басқармасы және кәсіподақ комитетіне, «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасына ерекше алғысын білдірді.

Директордың орынбасары п.ғ.к. Кибатаева Норслу Казангаповна «Дәріскерлер шеберлік  жолында» баяндамасында филиалдың  білім жетілдіру жолындағы шынайы жетістіктері мен жеткен табыстары,  институттың және  ЖОО-ның профессор-оқытушылық құрамы  дәріскерлерінің  шеберлігіне тығыз байланысты екендігіне тоқталып өтті.   Институттың  Құрмет грамоталарымен, Алғысхаттарымен Ақтөбе қаласының белгілі ғалымдары: философия ғылымдарының докторы, профессор -  Тайжанов Алтай Тайжанович,Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор -  Бекназаров Рахым Агибаевич,педагогика ғылымдарының докторы,  профессор  -  Ботагариев Төлеген Амиржанович, филология ғылымдарының докторы, кафедра меңгерушісі  -  Садирова Күлзат Каниевна марапатталды. Келесі марапаттаулар «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының педагог-экперттері, ТжКББ саласының оқытушылары, орта, бастауыш,  мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім-практиктерімен жалғасты. Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, облыстық кәсіподақ комитетінің Алғысхаттарымен  ұжымның  қызметкерлері марапатталып, демалыс шипажай орнына  жолдама алды.  

Шара соңы «Отанға арнау» патриоттық әнін музыка колледжінің студенті Амин Ибрахимнің орындауымен және қатысушылардың  естелік суретке түсуімен  аяқталды.  

Жапакова Г.А.,

аға оқытушысы

 

«Қазақстан – бақытымның ордасы» атты облыстық эссе байқауы

Өткен бейсенбі «Нұрлы болашақ» тақырыбында білім беруге бағытталған болатын. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында институтта 2016 жылы желтоқсан айының 1-14 күндері облыстың білім беру педагогтары арасында «Қазақстан – бақытымның ордасы» атты облыстық эссе байқауын кафедра доценті, п.ғ.к. Р.Б.Куспаева өткізді.

Өткізілген шараның негізгі мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен  жетістіктерін  және де  барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» құндылығын насихаттау мен елжандылықты нығайту болып табылады.

Эссе мазмұнының көпшілігі ширек ғасырда еліміздің білім беру жүйесінің халықаралық білім беру кеңістігіне ену жолындағы маңызды қадамдарын, сондай-ақ, Боллон үрдісіне көшуде педагогикалық кадрларды дайындаудың үшсатылы моделін жасағандығын көрсетеді. Сонымен қатар барлық жұмыстарда заманның талабы мен сұранысына сай талантты  және жан-жақты оқушылардың мақсатты өсіп келе жатқандығы туралы нақты жазылған.

Желтоқсанның 15 күні байқаудың ережесі мен берілген критерийлер негізінде 5 балдық жүйе бойынша байқау сарапшылары қорытындысын шығарып, төмендегідей жеңімпаздарды анықтады:

Гран-при (барлық номинациялардың жеңімпазы) – Н.В.Прохорова., Ақтөбе қаласы №29 ОМ мұғалімі;

1-орын «Ең үздік көркем-әдеби эссе» - Ж.Отарбаева., Әйтеке би ауданы Қыналы негізгі мектебінің мұғалімі;

2-орын «Ең үздік салыстырмалы эссе» - Е.Г.Уманская., Ақтөбе қаласы №9 МГ мұғалімі;

3-орын «Ең үздік сауатты эссе» - Т.Я.Буденко., Ақтөбе қаласы №2 МГ мұғалімі.

Жеңімпаздардың эссе жұмыстары институт сайтына жарияланады. 

 

Прохорова Наталья Викторовна,

учитель русского языка и литературы

ГУ СШ № 29 г. Актобе

Эссе

Казахстан - храм моего счастья

(лирическая миниатюра о Родине и о себе)


                                                              Человеку где тепло, там и родина

М. Горький.

Сентябрьское утро, мой первый урок

Вхожу в кабинет: повзрослевшие лица.

И час воспитательный «Я патриот».

- Ребята, им можно стать, или надо родиться?..

Задумчивы лица моих семиклашек:

Ведь им после лета непросто собраться.

Но вот я диктую им тему эссе…

И что же напишут мои Мереке,

Сабина и Дима, София, Тимур,

И Настя с Алиной?

Наверно-сумбур…

Я стопку тетрадей сажусь проверять,

И время моё устремляется вспять.

Тогда, в девяностом, с дипломом под мышкой

Я в поезд вскочила: есть дочка с сынишкой,

Диплом, направление в край незнакомый,

Волнение мамы: там климат суровый?

Но молодость- время свершений, азарта,

Считаю- счастливая выпала карта.

И город Саратов меня отпускает-

Актюбинск в объятья свои принимает.

Дает мне работу, квартиру, друзей-

Для счастья что нужно?

Улыбки детей, часы как нагрузка,

Да чтоб расписанье…

О чём я, коллеги, ведь нужно Призванье,

Тогда уж улыбки к нему, расписанье,

И прочие радости все мирозданья.

Мы молоды, счастьем наполнены души,

Идеи: страну нашу сделаем лучше!!!

И вот наступает час Х для страны.

В России волненья, в Форос полстраны

Свои направляет тревожные лица.

А маме в России ночами не спится…

- А может быть, дочка, вернешься домой?

Что будет с семьею, что будет с страной?

- Да что ты, родная, я здесь не одна.

Ведь наш Казахстан-это наша семья.

Я вижу, что скоро нас ждут перемены.

Я верю, мы выстоим здесь, непременно

Большую построим страну для детей!

И Родиной будем гордиться своей!

Больших перемен времена наступили:

Столицу построили, имя сменили.

Теперь Астана- сердце Азии всей.

Встречает ЭКСПО, все готовятся к ней.

На выставке многому мир удивится.

И снова страною мы будем гордиться…

Но кажется я отвлеклась от работы.

Уж ночь на дворе, я читаю работы

Подросших за лето моих «малышей».

И что же я вижу… Они размышляют,

Уроки, что жизнь им дает, извлекают.

Читаю эссе их, и воображенье

Уносит меня в временное свершенье…

Вот Дима с Ергеном спешат по степи,

К утру собирают уж войско они,

Врываются в бой за свободу страны…

Горжусь я бойцами, ведь это они

С Кереем, Аблаем ведут диалог.

И жизнь им подносит хороший урок.

А Настеньке ближе недавний наш век,

Где снова к свободе идет человек.

И вот на полях уже новой войны

В неравных боях погибают сыны.

 Маншук, Алия в ленинградских окопах

Мечтают о счастье братишек, сестренок.

И жизнь отдают, чтоб в счастливой стране

О них вспоминали, любили вдвойне…

Алина и Софья, как радостно мне,

Гимны поют тебе, наш Актобе!

Себя они видят в счастливой судьбе!                                        

И славят наш город на белом холме!

«Мы под небом живем одним-

Наш народ в стремленьях един!» -

Вторит им одноклассник Тимур.

И зовет посетить Байконур,

Нашу гордость-ведь в космос полет

Начинает здесь наш народ.

Резюмирует Исатай:

«Казахстан-моя Родина, рай!

Четверть века свободна страна,

Достижениям нет числа:

Байтерек и Атамекен-

Символ нашей страны везде».

Свой Сабина подводит итог,

(Сердце радуется, педагог):

«Наше счастье-в наших руках.

Немец, русский, уйгур, казах,

Под одним шаныраком живем,

Дастархан накрываем в нем.

Мы радушно встречаем гостей.

Обещаем стране своей:

Будем славу ее умножать,

Независимость укреплять»

Р.S.

Вот уж ночь на излет ушла,

Новый день объявляет заря.

Понимает мой милый класс,

Сколько делается для нас!

Лидер Нации нас вперед

По пути «Сто шагов» ведет.

Четверть века в декабрьские дни

Независимостью окрылены.

Юбилейной дате страны

Посвящаем свершенья свои.

Вижу снова счастливые лица.

Патриотом нельзя родиться…

Воспитать его может тот,

Кто во всем пример подает!

Знаю: дети мои взрослеют,

Значит, труд не напрасен мой!!!

С юбилеем тебя поздравляю,

Казахстан! И горжусь тобой!!!

 


 Отарбаева Жансая,

Қыналы негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Тәуелсіздік – бақытымның ордасы

 

Тәуелсіздік... Неткен керемет, киелі ұғым! Осынау киелі де қастерлі сөзді естігенде жүрегіңді үлкен бақыт кернейді.

Тәуелсіздік, ол – еркіндік, теңдік, егемендік, азаттық.

Тәуелсіздік, ол  -  ата-бабалардың сан ғасырлық асқақ арманы, ақ тілегі.

Тәуелсіздік, ол – Қорқыттың күңіренген күйі, Асан Қайғының мұңды зары.

Тәуелсіздік, ол – батырлардың ерлігі, байтақ даламның кеңдігі.

Ой-хай, қазақ даласы, не көрмедің?!

Қанша қурап, қаншама көгермедің?!

Қорқыттың қобызымен боздаттың ғой

Асанның шерге толы өлеңдерін!..

- Иә, ұлан-ғайыр қазақ даласы азаттық жолында не көрмеді десеңші! Ұлтарақтай жерін ешбір жауға бастырмай, ұлын құл, қызын күң етуге жол бермеген бабаларымыз неткен текті еді?!

Тағылымды тарих қойнауына үңілер болсақ, еліміздің ерлік жолына ерекше тәнті боламыз. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған жаугершілік заман, орыс отаршылдығы тұсында ереуіл атқа ер салған Сырым, Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық күрестердің өзінен ерекше батырлықтың үлгісін танимыз. Отызыншы жылдардағы қатар келген қос наубеттің қасіретін ойлағанда бүгінгі күнге шексіз шүкіршілік етеміз. Ел қамын жеген, зұлымдыққа қасқая қарсы тұрған алаш арыстары қандай ауыр азапқа душар болса да адалдықтың ақ туын жықпай, арманда кетті. Сол секілді, миллиондаған жанды ажал құштырған Ұлы Отан соғысының зардабын көзімен көргендер үшін әлі де ұмытылмас ауыр азап.

Кешегі желтоқсанның қытымыр аязында әділдіктің алауын лаулатып, ел намысын ту етіп жанкештілікпен ерлік танытқан аға-апаларымыздың қарсылығы азаттық үшін жасалған серпінді қадам еді. Осылайша, көк бөріге табынған, көк түркінің текті ұрпағы қазақ елінің сағы сынбай, сүрлеу-соқпақтан аман өтіп, егемендікке қол жеткізді. Тағдырымызға мың тәубе! Талай «тар жол тайғақ кешуді» бастан өткерген ұлы дала елін Тәңірі жарылқап, азат ел атанды.

Бүгінде Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына 25 жыл толып отыр. Тәу етер Тәуелсіздігіміздің арқасында 25 жыл ішінде адам нанғысыз жетістіктер мен биік шыңдарды бағындырып, дамушы елдердің қатарынан орын алды. Сонау асылдардың сынығы, тектілердің тұяғы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен сарабдал саясатының көрінісі – біз бүгінде әлем назарындамыз. Қазақ елі төрткүл дүниеге салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын, ұлттық болмысын паш етті. Елдігіміздің ең басты нышандары – Елтаңбамыз жарқырап нұрын шашты, қасиетті туымыз көкте желбіреді, Әнұранымыз әуелете шырқалды. Ана тіліміздің мерейі асқақтап, Ата Заң қабылданды. Еуразия жүрегінде, елімнің төрінде Астана бой көтеріп, сұлулықтың ордасы атанды. Халықтың әл-ауқаты жақсарып, туған еліміз тұрақты даму жолына түсті. Татулық пен бірлікті, ынтымақ пен ізгілікті нық ұстанған еліміз өзге елдермен достық, іскерлік қарым-қатынасын қалыптастырды.

Ширек ғасыр уақыт ішінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену жолында стратегиялық жұмыстар жасалынып, өз нәтижесін берді. Кемеңгер Елбасы бастамасымен барша қазақстандық «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа» жұмылдырылып «Мәңгілік ел» болуға бекінді. Осылайша, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен келген Тәуелсіздігіміз әрбір қазақстандыққа шексіз бақыт сыйлады. Тәуелсіз Қазақстан әрбір елсүйер адам үшін бақыттың мекеніне айналды.

Орындалды ата-баба арманы,

Арайланды, ақ боп атты таңдары

Тәуелсіздік – бақытымның ордасы

Дәл мен үшін, маңызды емес қалғаны.

Тәуелсіздік – елімнің бақыты. Осы күнге дейін арайлы ақ таңда, ашық аспан астында шат-шадыман шаттыққа толы өмір сүрсек, оның тек бір ғана  атауы бар, ол – Тәуелсіздік.

Азанда мәңгі атады ылғи таң күліп,

Бабадан жеткен мұраны сақтау заңдылық

Елімнің бағы – менің бақытым сәулелі

Я, Алла менің бағымды қылшы мәңгілік!

Ата-бабаларымыз үшін Тәуелсіздіктен асқан қастерлі ұғым жоқ. Себебі, олар тәуелсіздікті жанын қиып, жан терін жаспен бірге сығып жүріп алды. Тәуелсіздік жас ұрпаққа берілген Тәңірдің тәтті сыйы. Ал сол Тәуелсіздікті баянды ету – ата-бабалар аманаты.

Олай болса, азаттықтың алтын арқауы, бақытымның басты тұғыры Тәуелсіздіктің ғұмыры мәңгілік болғай. Осынау байтақ мекенде қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресе мен бақыттымын, менің ұрпағым да бақытты.

 


Уманская Елена Геннадьевна,

 учитель русского языка и литературы ГУ СШГ №9


Эссе

Казахстан – храм моего счастья

 

Я думаю, что если у человека есть Родина, то это одна из самых больших ценностей в жизни. Моя Родина – это Казахстан, храм моего счастья, а точнее – Актобе, «город на белом холме». Мы не выбираем, в какой стране родиться, но наша моральная обязанность – любить и оберегать ее, чтобы передать в наследство нашим детям. 

Во-первых,  Казахстан  – это не просто страна, в которой я родилась, училась, работаю, но и духовные ценности народа: язык, культура, особенности менталитета, традиции и обычаи. В каждой семье, которая осознанно относится к культуре и истории, звучат народные песни, они и сегодня на открытых площадках в парках, во время гуляний народа парят очень высоко в небо и летят над степью казахов, когда отмечаются красивые праздники: Наурыз, День столицы, День Президента, а в этом юбилейном году – 25-летие Независимости страны. Люди Казахстана славятся своим гостеприимством и готовы помочь другим. Наша страна самая многонациональная,  и сейчас все нации живут в мире и дружбе. Какое же это счастье слушать на этой земле в Доме народного творчества тончайшие струны домбры, украинские и немецкие песни, видеть, как Доме дружбы танцуют кадриль и лезгинку. Из книги Ильяса Есенберлина «Кочевники» знаю, как много веков понадобилось нашим предкам, чтобы заселить, освоить, защитить её от врагов и передать в наследство нам, ныне живущим. Сколько труда, пота и крови, радости и страданий выпало на долю минувших поколений. Поэтическое наследие Абая Кунанбаева, Султанмахмута Торайгырова,  Шашубая Кошкарбаева,  Беимбета Майлина и других мастеров слова содержит немало завораживающих картин красоты родной земли, её безбрежных просторов, белоснежных громад гор, лазурных гладей озёр… Читать их и понимать для меня, учителя руской литературы, – это тоже счастье.

Во-вторых, с большим интересом стремлюсь познавать свою страну, увидеть достопримечательности, но и всегда рассказываю о своей Родине, если бываю в других странах мира.

А вокруг – аромат цветов,

Шорох трав и шелест листов.

В тишине нам о счастье шепчут

Голоса зеленых лесов.

Я видела синеву Каспия в Актау, была в горах Кокчетау, а озеро Боровое так прозрачно, что на семиметровой глубине видно его дно. Алматы покорил меня неповторимым обликом, зеленым нарядом, величеством, вершинами гор, каскадами фонтанов, прямыми широкими улицами, уникальными зданиями и сооружениями, большим количеством парков, театров, музеев. В Астане на курсах по обновленному образованию познакомилась с коллегами из тринадцати городов республики. Теперь стало традицией делиться не только профессиональным опытом, но и звать друг друга в гости, вдыхать в себя жизнь нашей богатой страны и делать себя и других счастливее. Я приехала в Отрар, развалины которого хранят следы завоевания Чингисхана, увидела мавзолей суфийского поэта и мистика Ходжи Ахмеда Яссави, куда ежегодно приезжают паломники-мусульмане со всего мира. И, как у всех, есть мечта побывать на самом знаменитом космодроме Байконур, откуда Гагарин совершил первый в истории человечества полет в Космос. И это замечательно, что не только я, но и другие люди имеют возможность увидеть мир, представить свою страну и гордиться ею, когда поднимается ввысь Государственный флаг и звучит Государственный гимн моей страны. Ощущаю в эти торжественные минуты  могущество Казахстана среди мировых держав и горжусь прошлым своей республики, а жизнь свою посвящаю будущему страны – детям. И в этом мое призвание.   

Следовательно, такой красивой и необъятной Родины, на которой живется радостно мне и другим казахстанцам, нет ни у кого, только у жителей нашей страны. Мы должны беречь ее и гордиться, что родились, учились, работаем и отдыхаем именно здесь.

 


 Буденко Татьяна Яковлевна,

учитель русского языка и литературы

ГУ «Общеобразовательная средняя школа-гимназия №2» города Актобе

 

Конкурс эссе, посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан

Казахстан – храм моего счастья 


Родина… Как часто мы произносим и слышим это слово! Я замираю от счастья, сердце сжимается…душа пребывает в каком – то особом, радостном состоянии…мысли устремляются к небу…и чувствую защищенность, свободу и торжество. Особое, возвышенное состояние души! Это от того, что я на родной земле, в моем Казахстане… Только здесь, на родной земле, я по-настоящему счастлива!.. Думая о своей родине, я вспоминаю таинственную и сказочную степь: отары овец на склонах холмов, похожие на белые пушистые облака; быстрых, как стрелы, коней; юрты, словно перевернутые пиалы; звуки домбры, передающие чарующие звуки степи…Земля моей родины наполнена  жизнью, любовью, теплом… Мне дорог каждый родной уголок: бескрайняя прикаспийская степь  или озеро Шалкар, Большие Барсуки или Мугаджарские горы. Разве можно прожить без всего этого?! 

Да, моя страна богата природными ресурсами, но самое главное достижение Казахстана – сплоченность народа, а главное достояние – сам народ. Человек любого вероисповедания, любого цвета кожи принят в нашей стране как добрый друг и желанный гость.  В моем Казахстане проживает более ста национальностей, и все мы – единый народ Казахстана, единое общество, гордость страны. Люди должны приносить радость и счастье друг другу, быть уважаемыми и уважать окружающих. «Человек – достойное человека имя»,- гласит народная мудрость. Вспоминаются слова великого Абая, который ещё два века назад  говорил о качестве настоящего гражданина:

Я человечность ставлю во главу.

Для меня человечность – это достойный человек, отзывчивый и гуманный. Гуманный- значит уважающий язык, культуру, обычаи другого народа. Отзывчивый – значит понимающий соседа, готовый прийти на помощь нуждающему. Одним из приоритетов Программы «Казахстан- 2030» названа национальная стабильность. Только вместе, в согласии, мире, уважении наше общество добьется поставленных задач.

По- моему, понятие слова «родина» связано и с семьей. Нашу большую страну вижу в образе дружной семьи, где есть только родные и дорогие люди, твои единомышленники. Я живу в многонациональной семье: среди моих родственников -  украинцы, болгары, молдаване, казахи, поляки, русские, татары, башкиры, немцы. Интернациональность моей семьи - это результат того, что Казахстан радушно принял на свои земли в разное время людей разных народов. Казахстан для меня – это память об истории моей семьи, моей страны. Это память сердца обо всем, что было со мной, с моим народом. В Астане по инициативе Президента страны Н.А.Назарбаева открыт Дворец мира и согласия, ставший символом добра, взаимопонимания и диалога цивилизации. Сердце наполняется гордостью, что именно в моей стране создан такой дворец. Я горжусь своей страной, моим   Казахстаном, многонациональным и гостеприимным!

Моя страна - независимый Казахстан, и все годы независимости (четверть века!) Казахстан не участвует ни в одном военном конфликте. Матери страны не теряют своих детей на войне, не льются слезы вдов и сирот! Это великое достижение и большое счастье в современном неспокойном мире. Я ощущаю это, радуюсь и восхищаюсь политикой моего государства. 

Человек без Родины подобен перекати- полю: у него нет точки опоры в жизни, нет корней, питающих его силой, нет завтрашнего дня. Я твердо убеждена, что тот, кто не верит в себя, никогда не добьется цели и не принесет пользу своей земле. Тот, кто потерял надежду на лучшее, не обретет счастья. Тот, кто не любит свою родину, свой родной уголок, не найдет достойного места в мире.  Не представляю свою жизнь без Казахстана!  Я счастлива, потому что у меня есть родина - мой Казахстан. Моя опора. Моя жизнь. Моя обитель. Храм моего счастья!  

 

Куспаева Р.Б.,

жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми гуманитарлық

 пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, п.ғ.к.

«Жаңа білімге - заманауи көзқарас» тақырыбындағы облыстық педагогикалық байқауы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ   филиалы «Ақтөбе облысы  бойынша  педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру  институты жоспарына сай  2016 жылдың 14 желтоқсанында «Жаңа білімге - заманауи көзқарас»тақырыбындағы  облыстық педагогикалық байқау ұйымдастырылды.

Мақсаты: Педагогтердің білім беру үдерісінде білім мазмұнын жаңарту кезеңіндегі инновациялық-педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру және Smart технологияларын белсенді пайдалану және ынталандыруға бағытталған.

Байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде17.10-07.11. аралығында  бейне сабақтар қабылданды, Екінші кезеңі 07.11.16 – 25.11. аралығында өтіп,  эксперттік  комиссия   байқау ережесіне сәйкес 70 мұғалімнің ұсынылған жұмыстары алдын ала жасақталған бағалау критерийлеріне сәйкес сараптамадан өткізілді. Оның ішінде 16 мұғалімнің жұмысы «Үздік сабақ» деп танылып байқаудың үшінші кезеңіне  жолдама берілді. Үшінші кезеңінде мұғалімдердің  шебер сынып шеруінде іс-тәжірибелері ортаға салынды.

Байқау қорытындысы бойынша Ережеге сәйкес жеңімпаздар  І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар «Қазақстандық салалық  білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Серікова Раушан Серікқызы  Мұғалжар, Хромтау, Байғанин аудандарының  мұғалімдерін бағалы сыйлықтар табыстап,  «Мерке» шипажайына жолдама  ұсынды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз:

I дәрежелі диплом – 1

1.Мукиева О.  Ә. - Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №3 ОМ

II  дәрежелі диплом – 2

1.Жакешева Г. Т. Ембі қалалық №3 ОМ

2.Сағынов Д.О. Байғанин ауданы, Қ.Жазықов ат.ОМ

III  дәрежелі диплом – 2

1.Ташигулова З.М. Хромтау ауданы, Хромтау № 5 МГ,

2.Мұстафа Н.Қ. Байғанин ауданы, Қ.Жазықов ат.ОМ

Номинациялар:

«Жаңашыл идеяларды енгізу» -2

1.Казахова А. Е. - Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №3 ОМ  

2.Жиенбаева А.Е. - Мәртөк ауданы №4 Мәртөк ОМ

«Оқу мен оқыту үрдісіндегі жаңа тәсілдер» - 2

1.Султанова А. Б. - Мұғалжар ауданы,  Ембі қалалық №1 ОМ

2. Ашубаева Л. - Ақтөбе қаласы, №50 ОМ

«СМАРТ технологияларын қолдану» - 2

1.Сарсенова Г. – Ақтөбе қаласы, №41 ОМ

2.Жаназилова А. - Ақтөбе қаласы, №12 ОМ

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» - 2

Қыстаубаева Д. - Ақтөбе қаласы, Новый ОМ

Қожабек М. - Ақтөбе қаласы, Новый ОМ

«Оқушы зияты мен шығармашылығын дамыту» - 2

1.Есеева Т. - Ақтөбе қаласы, Новый ОМ

2.Кушекбаева З. - Ақтөбе қаласы, Новый ОМ

«Оқушының мотивациялық, танымдық қызығушылығын дамыту» - 1

1.Асқарова Г. И. - Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №3 ОМ

Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

 

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасы

Заманауи Қазақстанның индустриализациясы

2016 жылдың 13 желтоқсаны күні «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ҚР Тәуелсіздік  күніне орай  «Заманауи Қазақстанның индустриализациясы»тақырыбымен     семинар өткізілді.Семинар жұмысына институттың профессор-оқытушылар құрамы мен бөлім қызметкерлері қатысты.  Мақсаты: өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік құрылыстар туралы тарихи білімдерді игертуде заманауи талапқа сай тарихи тәжірибені талдау дағдыларын қалыптастыру.

Институт директоры м.а., ф.ғ.к Абишева Н.М. өз сөзінде: қазіргі Қазақстанның индустриализациясына, экономиканың өзекті буыны саналатын өндіріс саласына жаңа леп келіп, еліміздегі отандық өнім өрісінің қарыштап  кеңейгеніне тоқталып өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуының маңызды құжаты – Ұлт жоспары: 100 нақты қадамның «Индустрияландыру және экономикалық өсім» тарауында айтылғанбірқатар мәселелер де назардан тыс қалмады.  Модератор, кафедра меңгерушісі Туксанбаев А.М. елімізде жүргізіліп жатқан елеулі өзгерістерге, ел игілігіне жасалынып жатқан мемлекеттік бағдарлама аясындағы кәсіпкерлерді қолдау,  қолжетімді баспана, ауыл шаруашылығын дамыту, білім және денсаулық саласындағы маңызды өзгерістерді кеңінен сөз етті. Сонымен бірге, индустрияландыру жағдайларында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп, ең алдымен оның көмір, мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамығандығын мысалдармен дәлелді.

Қолданбалы ғылымды отандық өнеркәсіпті жаңғырту міндеттеріне бағдарлау, генерацияның тиімді жүйесін жасау мен экономикада білімді пайдалану жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізуіне бағытталған «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын» табысты іске асыру барысында  Қазақстанды индустрияландыру  механизмнің картасы құрылды.  Аталғандардың барлығы  мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен инфрақұрылымды дамытуда Мәңгілік Елдің тұрақты дамуы мен гүлденуіне жасалған маңызды бастамалар.

 

Туксанбаев А.М.,

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

ҚР білім беру мазмұнын жаңарту аясында тілдерді деңгейлеп оқытуды меңгерту бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту

2016 жылдың 13 желтоқсан күні «ҚР білім беру мазмұнын жаңарту аясында тілдерді деңгейлеп оқытуды меңгерту бойынша  мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларына шағын сабақ презентациясы ұйымдастырылды. Сисенбаева Бақытгүл  Серікқызы  8 класс бағдарламасы негізінде  М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша өткізді.

Мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту аясында тілдерді деңгейлеп оқытуды меңгерту бойынша  мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, педагогтардың кәсіби құзырлылық деңгейін жетілдіру.

Мұғалімдер жаңартылған бағдарлама талаптарына сай сабақты тиімді жоспарлау тәжірибесімен бөлісті. Сабақ рефлексиямен қорытындыланып, мазмұнын терең талқылауға ықпал етті. Қатысушылар жаңартылған мазмұн жағдайында білім сапасын арттырудың басым бағыттарын белгіледі.

Уразымбетова А.Б.,

 «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ПҚБАИ «Мұғалімдердің психологиялық,

педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының доценті

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы

Ағымдағы жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Осы мерекеге байланысты елімізде түрлі іс-шаралар өтуде. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ оқытушылары К.З.Сансызбаева, В.Т. Андирова, Г.А.Сеткереева ұйымдастыруымен 2016 жылдың 10 желтоқсанында Мәртөк ауданы №2 орта мектеп-гимназиясы базасында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинар мақсаты: тәуелсіз Қазақстан өткен жолын талдау, ұлттық тренд болып табылатын Президенттің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеясын талқылау.

Семинарға қатысушылар әлеуметтік қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талдап, жаһандық дағдарыс кезіндегі жағдайда біздің мемлекетімізде экономиканы жаңарту саясаты дұрыс екенін дәлелдеді.

Семинар барысындағы жан-жақты пікірталаста мемлекет дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілмей тұрған жағдайда Президент ұсынған бағдарламаның халық үшін берер жақсылығы өлшеусіз екені туралы қорытынды жасалды. Еңбек адамына мұндай жағдай әлемді қаржылық дағдарыс шарпып тұрған сәтте ешбір елде жасалынған емес. Жұмыспен қамту бағытында ешбір елде мұндай бағдарлама қабылдаған емес. Еңбек адамына жасалынған қамқорлықты пайдалана білу маңызды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес көпдеңгейлі әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі құрылған. Әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі елдің дамуының экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен анықталады.

Семинарға қатысушылар әлеуметтік жаңғыртылу мәні ел азаматтарының санасын түбегейлі өзгерту - тұтынушыдан белсенді өмірлік позицияға көшу қажеттілігі туралы тұжырымға келді. Бұл тек қана мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар үшін емес, әрбір қазақстандық азаматтың іс-әрекетінің жетекшілігіне айналуға тиісті.

Семинар соңында қатысушылар мемлекетік әнұранды айтты.

 

 В.Т. Андирова, Г.А.Сеткереева,К.З.Сансызбаева,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ оқытушылары 

ЭКСПО-жасыл технология

12 желтоқсан 2016 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚФ “Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ“ ұйымдастырған «ЭКСПО-жасыл технология» тақырыбындағы семинар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл қарсаңында өтіп, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Семинар өткізудегі мақсат жоспарланып отырған халықаралық мамандандырылған «Болашақ энергиясы»  көрмесі, альтернативті электр көздерін дамыту туралы түсінік беру болды.

Институт директорының міндетін атқарушы, ф.ғ.к. Абишева Н.М. семинарға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде "Экспо 2017"  көрмесін өткізу маңыздылығы, оның Қазақстанның  халықаралық көрме және ақпараттық-жобалық орталық ретінде қалыптасуындағы негізгі қадам екенін айтты.

Семинар модераторы кафедраның аға оқытушысы Муканова Г.У.  халықаралық мамандандырылған  "ЭКСПО"  көрмесіне әлемнің 100 елі мен 10 халықаралық ұйымдары қатысатынын хабарлады.  Көрмеде  әлем елдерінің ғылым мен техникадағы жаңалықтары, даму болашағы, тарихы, дәстүрлері, мәдениеті демонстрацияланады. Көрмені өткізу нәтижесі болып халықаралық, экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейту табылады.

Семинарға қатысушылар  «ASTANA  EXPO -2017» пайдасы мен мүмкіндіктерін белсенді талдады. Олар еліміздің имиджі мен экономикалық жағдайын  көтеру үшін  туристерді тарту,  индустриальды саясат аясында жаңа объектілерді енгізу, жаңа жұмыс орындарын тарту маңызды деді.  Барлық әлем Қазақстан және оның дәстүрлері туралы білетін болады, ал біз әлемдік ғылымның дамуының бір бөлшегі боламыз.

Қорытындылай келе, семинарға қатысушылар бұл көрме энергия сақтайтын технологиялар аясын дамыту саласында нағыз сілкініс болады деген қорытындыға келді. Осындай шараны өткізу институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен бөлім қызметкерлерін «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ақпараттандырып, шараның  маңыздылығын түсінуге   бағытталған деді. 

 

 

Муканова Г.У.,

;аңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді

оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

«Мұғалім-оқушы-ата-ана» ынтымақтастығы»

Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай,  9- желтоқсан  күні ҚР Тәуелсіздік  күнін мерекелеу аясында «25 жұлдызды күн» акциясына орай Елек орта мектебімен  «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  «Мұғалім-оқушы-ата-ана» ынтымақтастығы»  тақырыбында бірлескен семинар-практикум ұйымдастырды. «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау, сынып пен мұғалім, мұғалім мен оқушы, педагог пен ата-ана арасындағы  қарым–қатынасты дамытуға, жетістікке жетуде  бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау үшін отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешуге бағытталған   маңызды басқосу  үштік одақтың  ынтымақтастығын одан әрі нығайта  түсті.Қазіргі таңдағы  білім берудің барлық сатысында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын негізге ала отырып, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары мен патриоттық сезімге тәрбиелеу бағдарламалары да назардан тыс қалмады. Соның негізінде  мектептің оқушылары, мұғалімдері және ата-аналары «Қазақстан – Мәңгілік Ел» видеоролигі аясында «Бақытты отбасы-бақытты ел – Қазақстан   ұстаздары» туралы  идея таңдаудан басталып, оны шынайылыққа айналдыруға дейінгі өз тәжірибелерімен бөлісті. Одан әрі, «Бірге шешейік! Өмірдегі жағдаят»қоғамда  кездесетін «мұғалім-оқушы-ата-ана» арасындағы қарым-қатынас  оларды тиімді ұйымдастыру мен шешу жолдарына  бірлескен зерттеу жүргізу нәтижесінде өз көзқарастарын бір арнаға тоғыстырып, рөльдік ойындар арқылы жеткізді. «Мәңгілік Ел» - отбасы тәрбиесінің мызғымас іргетасы» ұстанымының негізінде   «Менің елім-мәңгілік Ел», «Креативті мұғалім», «Заманауи отбасы», «Еркін жол»  Жобасын топ болып  шығармашылықпен орындады.  Семинар қорытындысында құрметті мұғалімге, аяулы ата-анаға, қымбатты оқушыға «жадынама» үлестірілді. Айтулы шара  көңілді ынтымақтастық флешмобымен аяқталды.       

 

 Г.Жапақова,

аға оқытушы, г.ғ. магистрі

Отбасы – өмір шуағы

2016 жылдың 8 желтоқсанында «Отбасы – өмір шуағы»  атты тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, ата-анамен бірлесе отырып, баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Тренингке Ақтөбе қаласы және Мартөк, Алға,Темір аудандарының білім беру мекемелерінен «Өзін өзі тану» пәнінен 27 мұғалімдері  қатысты. Тренингті  «Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасымен  Токбасова А.С,  Ақтөбе қаласы №35 орта мектебінің мұғалімі Жалимова Ж.К,  №4 Мартөк орта мектебінің мұғалімі Камзина А.А өткізді.

Мұғалімдер отбасы құндылықтарын  аша білді: балаға өз әрекетімен үлгі болу; мейірімді, жанашыр, қамқор болу;  баламен сүйіспеншілік тілінде сөйлесу.

Тренинг қатысушылардың  «Ана-әке» әнін үндесіп орындауымен аяқталды.   

 

Токбасова А.Ж.,

өзін-өзі тану пәнінің тренері

Орта білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық идеялары

"Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» курсының аясында, 2016 жылдың 8-желтоқсаны күні «Орта білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық идеялары»тақырыбындағы облыстық шығармашылық диалог өтті.

Бастауыш класс пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында өткен шығармашылық диалог барысында  бастауыш класс мұғалімдері бір-біріне тиімді сұрақтар қойып, мәселені шешуде бірлесе жауап берді.

Ақтөбе қаласы  Новый ОМ   экспериментатор мұғалімдері Ж. Б. Хабибуллина мен М. Ш. Қожабек  бастауыш класс пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді тәжірибеде қолдану біліктерін ортаға салды.

«Құндылық», «Дағдылар», «Білім беру салалары», «Инновациялық технологиялар», «Педагогикалық тәсілдер» тобына жұмылдырылған педагогтер  шығармашылық алаңда белсенді  жұмыстанды. 

Қазақстандық патриотизм, құрмет, ынтымақтастық құндылықтары сынды ХХІ ғасыр дағдыларын  оқушы бойына дарыту жолдары, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқытудың белсенді әдістері,    орта білім мазмұнын жаңарту жолындағы инновациялық технологиялар, проблемаларды шешу, бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеуді жүргізу жұмыстары, меңгерілген білімді шығармашылықпен қолдану-шығаршашылық диалогтың мазмұнын аша түсті.

Жұмыс нәтижесінде жаңартылған бағдарлама аясында біліктілігін арттырған облыстың бастауыш сынып  мұғалімдері ортақ  мақсат, бір бағыт, түйінді көзқарасқа жұмылдырылды.   

Шығармашылық диалог соңында педагогтер біліктілікті арттыру институтымен әріптестік байланысты үзбеуге бірауыздан ұсыныс қабылдады. 

К. Ж. Рахатова,

инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету

                                              бөлімінің  бастығы  

Жаңартылған бағдарлама – табысты болашақ кепілі

2016 жылы 8 желтоқсанында «Өрлеу БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  ПКБАИ ұйымдастыруымен Мәртөк ауданы №4 орта мектебінде орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Жаңартылған бағдарлама – табысты болашақ кепілі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

Мақсаты: жаңартылған бағдарламаның ғылыми-әдістемелік негіздерін зерделеу, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, педагогтардың кәсіби құзырлылық  деңгейін жетілдіру.

Ғылыми-тәжірибелік семинардыңтеориялық бөлімінде кафедраныңаға оқытушылары п.ғ.к. Сансызбаева К.З. мен Андирова В.Т. «Білім мазмұнын жаңарту – сапаны арттырудың басты шарты» тақырыбында кіріспе баяндама жасады.

Әдістемелік панорама барысында «Тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған қазіргі білім беру технологиялары негізінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбы бойынша №3 Мәртөк орта мектебінің мұғалімдері Мусина Г.Т., Айниязова А.М.,  Амиршина К.Т.  және Крицкий А.Н. баяндады. Тұлғаның танымдық белсенділігі мен құзыреттілігін қалыптастыру кезеңдері тұралы №4 Мәртөк орта мектебінің мұғалімі   Узакбергенова М.Х. және Саржансай орта мектебінің мұғалімі Ильясова А.Т. атап өтті. 

Жетістік алаңы аясында Жайсаң орта мектебінің  ағылшын тілі пәні мұғалімі Абирова Д.Р. «СLIL тіл мен пәнді кіріктіру» жолдарын таныстырса,   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Бакбергенова К.А, Бисенова А.А., Имангалиева Т.Х. жаңартылған бағдарлама талаптарына сай тиімді сабақты жоспарлау тәжірибесімен бөлісті.

Аққайың орта мектебінің мұғалімі Скороходова Л.В. орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында пәнаралық байланысты нығайтудағы интербелсенді тәсілдерді қолдану  тәжірибесінің таныстырылымын ұсынды.

Семинар «ОНДТ» тәсілі бойынша ұйымдастырылған ұжымдық рефлексиямен қорытыланып, семинар мазмұнын терең талқылауға ықпал етті. Қатысушылар жаңартылған мазмұн жағдайында білім сапасын арттырудың  басым бағыттарын белгіледі. 

 

Сансызбаева К.З., Андирова В.Т.,

«Өрлеу БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  ПКБАИ 

педагогтардың кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық

дамуын жетелеу  кафедрасының аға оқытушылары

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру негізі

8 желтоқсан 2016 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚФ “Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ“ ұйымдастырған  экспериментатор-мұғалімдерге арналған: «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру негізі» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға №57 мектептің экспериментатор-мұғалімдері  қатысты. 

Семинардың модераторы қызметін Муканова Г.У.-  “Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»“ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі атқарды.

Семинар мақсаты педагогтардың қалыптасқан кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде әдістемелік қолдау көрсету, мұғалімдердің инновациялық жұмыс тәжірибесін кеңейту барысында әдістемелік жүйені өңдеп, практика жүзінде қолдануға ықпал ету болды.

Семинар барысында мектеп директоры Досжанова М.Б. және математика пәнінің мұғалімі Мухамбетова Г.Е.  «Әркім әркімді оқытады» әдісін қолданып, «Коммуникативті құзыреттілік қазіргі педагогтың кәсіби құндылығы»  тақырыбында психолого-педагогикалық тренинг өткізді. Семинарға қатысушылар педагогтың тиімді кәсіби қызметіндегі коммуникативтік құзыреттіліктің ролі және құрылымымен танысты. Кафедраның аға оқытушысы  Муканова Г.У. «Педагогтың кәсіби инновациялық құзіреттілігі – жаңартылған білім беру үдерісінің маңызды құраушысы» тақырыбында шебер-сынып көрсетті, онда  Морозова Т.В. әдістемесі бойынша мұғалімдер эксперимент жүргізу барысындағы өздерінің деңгейіне баға берді. 

Жубангарина А. Б. және Мухамбетова Г.Е «Жаңартылған бағдарлама аясында мектеп мұғалімдерінің құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында коучинг өткізді. Семинарға қатысушылар педагогтың құзыреттілігін көтеру мақсатында  сыни ойлауды қолдану дағдылары мен білімдерін бекітті.

Экспериментаторлар Абдрахманова Э.Б. және Тогжанова Ж.К. «Педагогтардың қалыптасқан кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіш деңгейіне сипаттама» тақырыбында ақпараттық-аналитикалық шолу жасады, педагогтың инновациялық құзыреттілігін дамыту бойынша негізгі бағыттармен  таныстырды.

Семинарға қатысушылар белсенді талдау жасай отырып, педагогтың қалыптасқан кәсіби инновациялық құзыреттілігінің көрсеткіш деңгейінің  картасының сипаттамасын жасады, тәжірибелік-экспериментальдық жұмысты жүргізуге  және педагогтардың кәсіби инновациялық құзыреттілігін көтеруге жүйелі көзқарас ұсынды. 

Кафедраның аға оқытушысы Сугурбаева А.С. өткізген «SWOT» әдісі бойынша рефлексия эксперименттің «Басымдылық-Әлсіздік-Мүмкіндіктер-Қауіп» әдісімен  басымдылықтарын, әлсіз тұстарын, мүмкіндіктерін, қауіпті тұстарын анықтады, нәтижесінде  мұғалім-экспериментаторлар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының әдістемелік қолдау көрсетуін жоғары бағалағаны байқалды.   Семинардың қорытындысы бойынша мұғалімдер ақпараттық-әдістемелік материалдар құжаттарының пакеті мен инновациялық құзыреттілікті қалыптастыруды жалғастыру бойынша нұсқауларды алды.

Семинар белсенділік көрсеткен экспериментатор-мұғалімдерді Алғыс хаттармен марапаттаумен аяқталды.

  

 

Муканова Г.У.,

жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымының магистрі

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2016 жылдың 8-ші желтоқсан күні «Рауан» жеке тұлғаны дамыту Орталығының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы қысқамерзімді біліктілікті арттыру курс аясында облыстың мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымда заманауи технологияларын қолдану» атты семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикум мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің балаларды дамытуға деген алуан түрлі интегративті амалдарды кең таңдауға, педагогикалық үдерістерді жобалауға, Қазақстан Республикасының жаңа МДББМБС және мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа үлгілік бағдарламасын енгізу жағдайындағы тұрақты кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруға, бейімделе алу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау мектепте дейінгі білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыруды, педагогикалық қызметті құрылымдауды, даму ортасын ұйымдастыруға көмектесуді қамтамасыз ететін, бала тұлғасын дамытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану бойынша отандық және шетелдік ең үздік үлгілерді зерделеу арқылы тәрбиешілердің кәсіптік құзыреттілігін жетілдіру қажеттілігін қарастырады.   

 

Кенжегалиева Д.К.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

кафедрасының аға оқытушысы 

Бала денсаулығы – ұлт болашағы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасының аға оқытушысы Кенжегалиева Д.К. 2016 жылдың 3-ші желтоқсан күні «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы қысқамерзімді біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларымен «Бала денсаулығы – ұлт болашағы» атты сұхбат өткізді.

«Денсаулық - зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.

Сұхбат барысында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті, себебі тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі ұйымдарда беріледі. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық - денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. 

 

Кенжегалиева Д.К.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

кафедрасының аға оқытушысы 

Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» 2016 жылдың 8-желтоқсан жұлдызында кафедра аға оқытушысы, п.ғ.м. А.С.Сугурбаева Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»тақырыбындағы идеялар панорамасыноблыстың тіл мамандарымен өткізді.Шараны«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының міндетін атқарушысы, ф.ғ.к. Н.М.Абишева: «2016 жыл – әрбір қазақстандықтардың өміріндегі ең маңызды кезең, себебі біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толғандығының куәсіміз»,-деген алғы сөзбен ашты.   

Мақсаты:педагогтарға«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты саяси Жолдауды насихаттауда қазақстандық патриотизмді, азаматтық ұстанымды және ұлттық құндылықтарды сақтауды қалыптастыруға ықпал ету.

Идеялар панорамасында тіл мамандары: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің сарабдал саясатының негізінде Тәуелсіз Қазақстанның барлық салаларында толағай табыстарға кенеліп жатыр. Қазақ елі заманауи бағытта өркендеп, өсуде»,-деген ойларын ортаға салып, ел жетістігі туралы белсенді көзқарастарын айтты.

Шараның қорытындысы «Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі.»,- деген Елбасы Н.Назарбаевтің сөзімен түйінделіп, бейнебаян көрсетілді.  

Сугурбаева А.С.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ»

кафедра аға оқытушысы, п.ғ.м.

Облыстық танымдық кеш «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім» (2)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту қарсаңында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында 2016 жылдың 8 желтоқсан күні «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім» тақырыбында   облыстық танымдық кеш өтті.

Шараға «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілі, Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты, республикалық ғылыми- техникалық кітапханасының Ақтөбе қ.филиалы, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы,Хромтау ауданы №6 гимназиясының кітапханасы, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы, С.Бәйішев атындағы облыстық  ғылыми – әмбебап кітапханасы,  Ақтөбе қаласы Елек ОМ тарих пәнінің мұғалімдері,  институттың профессорлық-оқытушылық  құрамы  қатысты.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты » директорының м.а. ф.ғ.к. Абишева Нұргүл Молдабаевна барлық қатысушыларды мерекемен құттықтай отыра, мемлекеттің бейбіт  өмір саясаты мен интеллектуалды және экономикалық әлеуеттілігін дамыту  – болашақтың әл-ауқатының  кепілі болмақ екендігіне тоқталды.

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілі Сахиев Ақылбек Мырзажанұлы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Декларациясы -Қазақстанның қазіргі және болашақ ұрпақтарын,  егемендік пен Тәуелсіздікті сақтау мен нығайтуға, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ардақтауға және арттыруға шақыратын  маңызды құжат екендігін атап өтті.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағатының ғылыми қызметкері Ешмұратова Бақытгүл Жақсымұратқызы  мұрағат қорындағы Ақтөбе облысының тарихына қатысты құжаттар мен  қызықты қолжазбаларды «Тарихи құжаттарды парақтасақ» деген атаумен оқырман назарына ұсынды. Кітап керуені бөлімінде «Тәуелсіздікке тағзым», «Ұлы мақсаттың үлкен мәресі – Мәңгілік Ел», «Тәуелсіздік - бақыт, Мәңгілік ел – мұрат» атты тақырыптарға ұйымдастырылған көрмелер көрсетілді.

Таныстырылымдық көрмелер  еліміздің ширек ғасырда қол жеткізген жоғары көрсеткіштері - «Қазақстан - 2050» стратегиясы, Елордамыз - Астананың дамуы, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы туралы  мәселелерді қамтыды.

Шақырылған кітапхана қызметкерлері өздерінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына арналған  тәжірибелерімен белсене бөлісті.

Кеш қорытындысы ұсыныстар қабылданып, сертификаттар берілумен аяқталды.

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

 

ҚР білім беру мазмұнын жаңарту аясында тілдерді деңгейлеп оқытуды меңгерту бойынша мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту

8 желтоқсанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «ҚР білім беру мазмұнын жаңарту аясында тілдерді деңгейлеп оқытуды меңгерту бойынша мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Егемендік алған жылдардан бастап елдің өркендеу, даму кезеңдеріндегі толағай табыстарына арқау болған тәуелсіздікті құндылық ретінде танып, оны қастерлеу туралы пікірталас ұйымдастыру. Халықтың әл-ауқатының жылдан-жылға дамуы мен ішкі-сыртқы саясаттағы болып жатқан жаңалықтардың барлығы азаттықтың арқасында екені туралы пікір алмасу. Тәуелсіз Қазақстанның мәдени жетістіктерін саралау.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің ұшқыр ойымен бөлісіп отырды. Мерекелік шара жылы лебіздермен, құнды пікірлермен әсерлі өтті. Сонымен қатар, мұғалімдердің шеберлігіне қарай өз туындыларын оқыды.  

Уразымбетова А.Б.,

кафедраның аға оқытушысы, доцент, ғ.к. 

Ағылшын тілін үйрену мотивациясын дамыту арқылы көптілді тұлғаны қалыптастыру

2016 жылдың 30 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» «Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған» тақырыбындағы курс аясында «Ағылшын тілін үйрену мотивациясын дамыту арқылы көптілді тұлғаны  қалыптастыру»атты облыстық  әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты: ағылшын тілін үйрену мотивациясын арттыру үшін көптілді тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде жаңа технологияларды пайдалану

Семинардың жұмысы үш секция бойынша жүргізілді. Бірінші секцияда  педагогикалық практикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен тәсілдерді қолдану тәжірибесі ұсынылды.

Екінші секциясында белсенді оқыту стратегиясы және оларды оқу үрдісіне қолдануы қарастырылды. Секция жұмысында белсенді оқытудың бағыттары, оқушы сыни ойлауға бағыттайды.  

Үшінші секцияда білім беру процесінде критериалды бағалауды қолдануы дескрипторларды әзірлеу, оқу процесінде тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін кері байланысты қолдану  түрлері көрсетілді.

Рефлексия кезінде педагогтар өз ойларын ортаға салды. Семинар соңында "Ашық микрофон"жарияланды.

Әдістемелік семинар мақсатына жетті, ағылшын тілі мұғалімдері белсенді оқыту стратегияларын қолдануы мен критериалды бағалаудың жүйесін енгізудің қазіргі заманғы халықаралық білім берудін талабы болып табылады.

 

Айпеисова Айсауле Куанышевна,

мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық

кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасының аға оқытушы 

Дені сау ұлт – жетістікке апарар жол

Денсаулық - әрбір адамның ғана емес, қоғамның да  құнды байлығы.

 Бұл адамның жұмысқа қабілетін анықтайтын және жеке тұлғаның гармониялылығын қамтамасыз ететін бірінші

және маңызды адамның қажеттілігі.

Қазақстанда халықтар  қауіпсіз және оңтайлы  өмір сүруі керек.

Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан Республикасының  Президенті

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында 2016 жылдың 5-желтоқсан күні «Дені сау ұлт – жетістікке апарар жол» интерактивті тренингі өтті.

Өткізілген шараның мақсаты  -  еліміздің әрбір азаматы өз отанын сүюге, елінің тарихын,  ұлттық мәдениетін құрметтеуге, салауатты өмір сүру үшін денсаулық құндылықтарын дамытуға тәрбиелеу,  спортпен шұғылдануға ықпал ету.

Институт ұжымының мамандарымен өткізілген белсенді тренингтердің басты бағыты - адамның дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтауға,  салауатты өмір сүру салты мен денсаулық құндылықтарын қалыптастыруға негізделді.

Сонымен қатар шарада ұлт тарихын, ел мәдениетін дәріптеуге арналған бейне материалдар қолдану арқылы ақыл-ойды дамытуға арналған және де қазіргі қоғамда заманның сұранысына сай зор табыстарға қол жеткізге бағытталған психологиялық тренингтер де тиімді жүргізілді.

Шараның соңында институт қызметкерлерінің түйінді ой, қорытынды пікірлері тыңдалып, өзара талдаулармен кері байланыс жасалды.

Бухарбаев Б.Х.,

жаңа технологиялар және жаратылыстану ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушы 

«Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев және Қазақстан Республикасы» тақырыбында тақырыптық кітап көрмесі

  «Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы кітапханасында Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев және Қазақстан Республикасы» тақырыбында тақырыптық кітап көрмесі мен библиографиялық дайджест ұйымдастырылды.  Дайджест Қазақстанның жаңа тарихын, саяси үдерістер мен оқиғаларды зерттеушілерге, мұғалімдерге, сонымен қатар отандық тарих пен саясаттанудың өзекті мəселелері қызықтыратын оқырмандарға арналған.

Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ə. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, мемлекетіміздің тəуелсіздігінің қалыптасуындағы оның тарихи рөлін көрсетуге арналған кітаптар мен Г.И. Толмачевтың «Лидер», М.Б. Касымбековтың «Первый», «Елбасы» т.б. еңбектері қойылды.

 

 

Ермекова Н.Н.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ

кітапхананың меңгерушісі

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында пәнаралық байланысты тиімді пайдалану

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының ұйымдастыруымен  «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында жалпы білім беру пәндері оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі» тақырыбындағы курс аясында Ақтөбе  өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің базасында жалпы білім беру пәндері оқытушыларына арналған облыстық семинар өткізілді.

Семинармақсаты: Жастардың бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастырудағы бүгінгі  кәсіби білім беру саласының жаңа талаптарына сай білім алушылардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру, әлеуметтік серіктестердің олардың кәсіби дағдыларды шыңдауда  инновациялық технологияларды пайдалану,кәсіби бейімділігін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін арттырудағы іс-тәжірибелерін  оқып-үйрену.  Семинарда колледждің  жалпы  білім беру пәндері оқытушылары  (М.Айжарикова -физика пәні оқытушысы, Г.Е.Саекешова- география пәні оқытушысы және Ж.Е.Кенджебаева, Д.А. Садыкова арнайы пән оқытушылары) жалпы білім беру пәндері мен  арнайы пән бойынша кіріктірілген сабақта сын тұрғысынан ойлау стратегиларын, білімін шығармашылықпен пайдалану , зерттеушілік дағдыларын, АКТ-ны  тиімді пайдалану , коммуникативтік дағдыларды   қалыптастыру жолдарын табысты жүзеге асыру үшін  белсенді  және  командалық оқыту,  пәндік  кіріктірілген  оқытудың  озық  педагогикалық әдістерін қолданды.  Семинар соңы рефлексиямен  қорытындыланды.

 

  Г.Е.Абулхайрова

Инновациялық дамуды әдістемелік

 қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.