Дамудың жаңа бағыттары

«Өрлеу» БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ақпарат орталығында «Қазақстанның  даму стратегиясының жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық  дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі А.Сахиев, институттың профессорлық-оқытушылар құрамы, Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанындағы «Тілдерді оқыту орталығының» маманы Д.Б.Нұрмуханбетова, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен С.Жиенбаев атындағы  облыстық жасөспірімдер кітапханасы,№6   Хромтау гимназиясы кітапханасының меңгерушісі және Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттері  қатысты.

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ақылбек СахиевҚазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде көрсетілген бастамалар бойынша халықтың ертеңгі күнге деген сенімін арттырар, әлеуметтік жағдайының жақсаруына септігін тигізер, әрбір студент жастың алаңсыз  білім алуына жағдай жасайтын жан-жақты шешімін тапқалы отырған мәселелерді ашып түсіндірді.

«Тілдерді оқыту орталығының» маманы ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатын латын әліпбиін игеруге байланысты атқарылып отырған  жұмыстарды, рухани жаңғырудағы инновациялық серпілістерге  септігін тигізер бірқатар атқарылған істерге кітапхана қызметкерлері  тоқталды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Шара алдағы уақытта бірегейлікті нығайтуда бірлесе жұмыс жасауға шақыратын жарқын пейілмен аяқталды.

Р.Қ.Назарбаева,

ақпарат орталығының маманы

Кітапханашылар байқауы өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ақпарат орталығы С.Жиенбаев атындағы  облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған  Қ.Шаңғытбаев пен Т.Ахтановтың шығармашылығына арналған «Қос алыптан қалған із» атты облыстық кітапханашылар байқауына әділқазы мүшесі ретінде қатысты. Кітапхана мамандарының кәсіби шеберліктерін шыңдауға бағытталған байқау көпшілік көңілінен шықты.

 

 

Ермекова Н.Н.,

ақпарат орталығының маманы

«Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру»

         Білім беру жүйесінде лайықты орын алған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім берудің барлық деңгейлерінде үздіксіздік пен сабақтастықты қамтамасыз етеді. Адамға шынайы бақытқа, өмірлік қанағаттану мен ішкі тыныштыққа жетуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттерге ие лайықты азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады.Осыған орай  2018 жылдың мамыр айының 24-і күні  «Өрлеу» БАҰО»  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру»тақырыбында семинар Ақтөбе қаласындағы №7 Арман» мектепке дейінгі гимназия  базасындаұйымдастырылды.

Пилоттық білім беру мекемесінің  тәрбиешілері З.Сатаева      А.Апсаликова  және   «Өзін-өзі тану»  пәнінің мұғалімдері Ж.Умудова,  Д.Молдахметова , М.Умбетова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.  «Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік  білім беру Бағдарламасын тәжірибеде жүзеге асырудағы пайдаланылған ізгі  әдіс-тәсілдер педагогтердің білімін тереңдетуге, ішкі әлеуетінің ашылуына  ықпалын тигізетінін және семинар өз мақсатына жетіп, жалғасын табатындығын  айтып, семинарға қатысушыларға алғыс білдірілді.

 

 

Култаева Л.А

 «Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік  білім беру

Бағдарламасының тренері

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік көпір

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ жоспарына сәйкес   2018 жылдың 24 мамыр күні «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында тілдік дағдыларды дамыту»тақырыбында бастауыш  сынып мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік көпір өткізілді.

Аталған шараның  мақсаты, жаңартылған білім  беру мазмұны жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

                             Әдістемелік көпірдің негізгі міндеттері: Жаңартылған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына көмектесу,   оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда белсенді оқыту тәсілдерін қолдануды  өзектендіру

Семинар  барысында  мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасын, оқудан күтілетін нәтижелерді талдап, сонымен қатар  тілдік дағдыларды жетілдіруде тиімді  әдіс-тәсілдерді  тәжірибеге енгізу жолдарын бірлесе талқылады.

 Рефлексия барысында  қатысушылар әдістемелік көпір жұмысының   мазмұнды және тәжірибелік деңгейде өткізілгенін  атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

 

 

  аға оқытушы

 С. М. Шаштыгарина

Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

2018 жылдың 23 мамырында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына облыстық әкімшілік басшылары, комиссия мүшелері, облыстың ІІД өкілдері, Ақтөбе қаласының мектеп  директорлары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.

Отырыста  мектептер мен колледждердің 2018 жылғы түлектерінің жазғы демалысы және олардың жұмыспен қамтылуы, мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру мәселелері, белсенді демалыс орындарындағы қауіпсіздік мәселелері және мемлекеттік органдардың жасөспірімдердің құқын қорғау және құқық  бұзушылықтың алдын алу  мәселелері қарастырылды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары нақты тапсырмалар берілді.

 

Матсалаева Ж.К.,

бөлімінің жетекші маман

«Мирас» Ақтөбе облыстық кеңес аясындағы партиялық тыңдалым

«Мирас» аймақтық кеңес аясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бойынша партиялық тыңдалым өтті. Мәжілісте облыстағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің атқарған жұмыстары, Қазақстанның киелі жерлер географиясы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, «Рухани қазына» кіші бағдарламасының Ақтөбе облысында іске асырылуы туралы айтылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының директоры, ф.ғ.к. Н.Абишева «Мирас» ұйымының мүшесі ретінде қатысты.

Қорытындысында облыс ғалымдары, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері арасында қызу пікірлесу болды.

Қарастырылған жұмыс бағыттары бойынша облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда.

  

  Матсалаева Ж.К.

инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету

бөлімінің жетекші маманы

Халықаралық жобаны іске асыру…

«Өрлеу»  Ақтөбе  Британдық Кеңесімен бірлесе халықаралық жобаны жүзеге асыру мақсатында озық тәжірибені тарату, мұғалімдердің  кәсіби дамуы үшін «The English for Engagement and Employability» ағылшын пәнінің тренерлеріне семинарлар өткізуде.

2018 жылдың 19 мамыр күні  «Critical thinking and 21st century skills» оқу модулі бойынша семинар өтті. Семинардың алғашқы тыңдаушылары қалалық, аудандық орта мектептер мен колледждерінің ағылшын пәнінің мұғалімдері болды.

Оқытудың мақсаты  сын тұрғысынан ойлаудың теориялық және практикалық негізін меңгеру және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.

Семинар барысында  сыни ойлауды, ғаламдық сананы,коммуникативтік дағдыларды, сандық сауаттылықты дамытуға арналған материалдар мен тапсырмалар жүргізілді. Семинаржоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан жақсы баға алды.

Курманбекова Марина Беркиновна,

кафедрасының аға оқытушысы

Тілдік пәндерді оқытудың тиімді стратегиялары

2018 жылдың 18 мамырында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА  жоспарына  сәйкес «Тілдік пәндерді оқытудың тиімді стратегиялары» тақырыбында курсаралық семинар өткізілді.

Семинарда қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндерінің мұғалімдері тілдерді оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерге байланысты пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе  алмасу мақсатында шебер-класс, тренинг жүргізді.

Семинарға  қатысушылар тілдік пәндерді үйретуде тиімді стратегиялардың орны ерекше екенін атап өтті.

Уразымбетова А.Б.,

ф.ғ.к., доцент

Мектепке дейінгі ұйымдағы сенсорлық тәрбие

2018 жылғы 16 мамыр күні  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарына сәйкес  Ақтөбе қаласының «Нұр-ай» балабақшасымен бірге мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда сенсорлық тәрбиенің рөлі» тақырыптағы облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты-мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ұйымдастырылған оқу қызметінде мектеп жасына дейінгі балалардын түрлі ойындар арқылы танымдық қызығушылықтарының дамыту жолдарын талдау.

Тәрбиешілер  Ф.Б.Орынбасарова, И.Е.Танирбергенова ортаңғы және ересек топ балаларымен, білім берудің бес салаларын қамтып, соның ішінде «Таным» саласына ерекше көңіл бөліп, дәстүрден тыс бір қатар ашық оқу қызметін көрсетті.

           Балабақшаларда қолданылатын жаңа инновациялық технологиялардың түрлері бойынша педагогтер А.М.Сапарова, Н.Е.Жеткерген, Т.М.Амангельдиева, А.М.Калыбаева құм терапиясының жұмыс элементтерін қолданып, түрлі бағыттағы дидактикалық ойын түрлерін көрсетіп, әдістемелік тәсілдер арқылы балалармен жұмысты тиімді өткізу жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.

Семинарға қатысушылар өткізілген семинар жұмысын жоғары бағалады және осындай үздік тәжірибемен бөлісу қажеттілігін атап өтті.

 Букенова С.С.

аға оқытушы  

МДҰ тәжірибелік эксперименттік жұмыстар

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтардың интелектуалдық-шығармашылық даму үрдісін басқару» тақырыбындағы эксперимент жұмысының бастапқы кезеңі, Қобда ауданы  «Нұрлы  болашақ» мектепке дейінгі ұйымында 2018 жылы 11 мамыр күні облыстық семинар ұйымдастырылды. МДҰ директоры  Ж.Ертлеуова  өз сөзінде балаға  жүйелі білім беріу, ынта – ықыласын дұрыс бағыттау, қабілет - қасиеттерін дамыту балабақшадағы педагог-тәрбиешілердің ұйымдастыру шеберлігінен  бастау алатынына тоқталды. Семинарда көрсетілетін оқу қызметінде педагогтар жаңашыл  әдіс-тәсілдермен бөлісетіндіктерін айтты.

Семинардың қорытынды сәтінде  қатысушы педагогтар бүгінгі іс-шарада пайдаланылған   тиімді тәсілдер  интелектуальдық –шығармашылық әлеуетін   ашуға және  жаңа көзқарасын қалыптастыруға бағытталғанын айтып, алғыстарын білдірді.

 

Букенова С.С.,

аға оқытушысы

Кәсіби шеберлік табыстары!

Институт жоспарына сәйкес  оқытушылар мен тренерлер қатысқан әдістемелік құралдар байқауы өтті.

Білім және ғылым қызметкерлерінің Ақтөбе облыстық кәсіподағының жетекші маманы А.Ж.Серимбетов жеңімпаздарға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыстады.

«Үздік әдістемелік өнім» кәсіби байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз. Шығармашылық серпін және табыс тілейміз!

 

                                                                  Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

Барлық әлемге бейбітшілік!

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында мамыр мерекелеріне арналған салтанатты шара өтті. Институттың қадірлі азаматтарын  Отан қорғаушылар мерекесімен және барлық шараға қатысушыларды Ұлы Жеңіс күнімен  құттықтады.  Жеңіс рухы жүректерді шаттыққа бөлеп, әлемде бейбітшілік орнасын!

Институт ұжымы гуманитарлық колледж студенттеріне ән шашумен жақсы көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс білдірді.

 Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

Зияткерлік қадамдар

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА  жоспарына  сәйкес педагогикалық алаңының  мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Зияткерлік қадамдар» атты  бірінші  отырысы,   2018 жылы  03 мамыр күні  № 33 «Нұрсәт» МДББО «Өзіндік кәсіби шеберлігін арттыру және педагогтың жеке даму траекториясы» облыстық семинар ретінде  өткізілді. Семинарға облыстан 25 астам педагог қатысты.

Педагогтер Игликова Ж.М.,  Римова Р.Р.,  Курпишева В.Т., «Интеллектуальная игра»,  «Конструирование по робототехнике», «Мнемотехника в изучении языков» атты оқу қызметін ұйымдастыру барысында балалардың интеллектуалдық  дамуына  ықпал ететін шығармашылық көзқарас танытты.

Тәжірибелік жұмыс кезінде педагогтер Галамай С.Н, Сорокина Л.Н, Жолдыбаева Н.К.,  Биртаева Г.С. кәсіби дағдылардын, ақпараттық-әдістемелік сауаттылығын сонымен қатар  коммуникативтік мәдениетті көрсете білді.

Семинарға қатысушылар әдістемелік жұмыстың  мазмұндығы  мен өзектілігін атап өтті.

Букенова С.С.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

Үздіктер анықталды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» білім жүйесі кітапханаларының әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған “Кітапхана – ақпарат пен білім жаршысы” атты облыстық интернет-сайыстың қорытындысы шығарылды.

Байқау комиссиясы «Ең үздік жоба», «Ең үздік буктрейлер», «Ең үздік кітап көрмелері» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтады.

 «ЕҢ ҮЗДІК ЖОБА» НОМИНАЦИЯСЫ

1 дәрежелі диплом  - Аманжолова  Гүлнәр Шакизақызы, Шалқар ауданы,  №2 мектеп-гимназия

1 дәрежелі диплом -Елеусизова Алия Муханбетовна, Хромтау ауданы, № 6 Хромтау гимназиясы

2 дәрежелі диплом - ЖидехановаЖұмағаным  Жонысқызы, Шалқар ауданы, №5орта мектеп

2 дәрежелі диплом -Аймурзина Күнсұлу Сапақызы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназия

2 дәрежелі диплом –Ақтөбе гуманитарлық колледжі

3 дәрежелі диплом –Дудник Светлана Алексеевна, Қобда ауданы, Жарсай негізгі мектебі

3 дәрежелі диплом –Шакибаева Гулсим  Муханбетовна  Ақтөбе қаласы, №1 ОМ 

«ЕҢ ҮЗДІК БУКТРЕЙЛЕР» НОМИНАЦИЯСЫ

1 дәрежелі диплом  -Баймұханова  Аксауле  Шайхиновна, Қобда орта мектебі

1 дәрежелі диплом  - Ларина  Нейля  Идрисовна,  №9 орта мектеп-гимназия

1 дәрежелі диплом  - Авдеева Ирина Николаевна, Ақтөбе политехникалық колледжі

1 дәрежелі диплом  - Жолдасбаева Гулнар Насеновна, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі

3 дәрежелі диплом -  Куатова Нургул Тулеповна, Мәртөк ауданы №3 орта мектеп

«ЕҢ ҮЗДІК КІТАП КӨРМЕСІ» НОМИНАЦИЯСЫ

1 дәрежелі диплом - Жұмабаева Айжан Айтқұлқызы Байғанин ауданы, Жарқамыс орта мектебі

1 дәрежелі диплом – Жарқын Әйгерім, Новый орта мектебі

2 дәрежелі диплом - Мапутова Ақжарқын, Шалқар қаласы №6 орта мектеп

2 дәрежелі диплом  - Абдуллаева Салия Турганбаевна, Шалқар қаласы №6 орта мектеп

3 дәрежелі диплом - Жужгина Татьяна Васильевна, Ақтөбе қаласы №12 ОМ

3 дәрежелі диплом  - Ешниязова Гулжамал Алимбаевна, Мұғалжар ауданы, «Ембі қ. № 4 ОМ»

 

Қатысқаны үшін алғыс білдіреміз:

  1. Хасенова Х. Шалқар ауданы,  №6 орта мектеп
  2. Муканова А.С.Мұғалжар  №1 ОМ
  3. Шакибаева Р. Мұғалжар ауданы, №3 ОМ
  4. Жұбаназарова Э. Шалқар ауданы,  Бозой орта мектебі
  5. Кожина П.И.- Байғанин ауданы «Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебі» М М
  6. Мұхангазина А.К - Шұбарқұдық гимназиясының кітапханашысы
  7. Нигметова Ш. С.- Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі
  8. Есбосынова А.К. Мұғалжар ауданы, Құмжарған ОМ
  9. Бахатова Б.А. –Қ. Жұбанов атындағы орта мектеп
  10. Ноғай Н. А.-  Байғанин ауданы, Ноғайты ауылы Сағыз ОМ
  11. Мұхашева Г.М. Ырғыз орыс орта мектебі
  12. Силаганова М. –Жаңажол ОМ

Бүгінгі инновациялық процестер кезеңінде кітапханалардың білім-мәдени жұмыстарын жаңдандыру, білім алушыларды кітап оқуға, оны сүюге, қастерлеуге баулу, жаңаша келбет, жаңаша серпін қалыптастыру өзекті мәселе. Кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған осындай сайыстар жаңартылған білім беру жағдайында жаңаша тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

  

Н.Н. Ермекова,

кітапхана бөлімінің бастығы                                              

Облыстың барлық педагогтерінің назарына!!!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ және Microsoft Kazakhstan бірлесіп Қазақстан Республикасы мектептерінің мұғалімдері және колледж оқытушыларына арналған «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол»  тақырыбында Республикалық байқау өткізетіндігін хабарлайды.  

Байланыс телефоны: 545929

 


«SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол»

мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының

Республикалық конкурсы  туралы

Ереже

 

1.     Жалпы  ережелер

Осы Ереже «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының Республикалық конкурсын (бұдан әрі - Республикалық конкурс) өткізу және оған қатысу тәртібі мен шарттарын реттейді.   

1.1. Республикалық конкурс педагогикалық қызметкерлердің тиімді тәжірибелерін тарату, оларды педагогикалық практикада ақпараттық технологияны пайдалануға тарту нысаны болып табылады.

1.2. Республикалық конкурсты өткізу педагогикалық ғылым мен  практиканың, цифрлық технологиялар жүйесіндегі жетістіктердің бірігуіне, білім жүйесіндегі инновациялық қызметтің нысаналы дамуына, педагогтердің АКТ-құзыреттілігі мен компьютерлік сауаттылығын, 21-ғасыр дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

1.3. Республикалық конкурсты ұйымдастырушылар -  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы ( бұдан әрі -  «Өрлеу» БАҰО» АҚ), «Microsoft Kazakhstan».

1.4. Республикалық конкурсты ұйымдастыру және өткізуүшін Орталық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі-Ұйымдастыру комитеті) құрылады. Оның құрамын  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы, Өңірлік ұйымдастыру комитеттері (бұдан әрі - ӨҰК), республикалық конкурсты аудандық, қалалық, облыстық деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге жауаптылар анықтайды.

1.5. Түскен жұмыстарға сараптама мен бағалау жүргізу мақсатында  ғылыми дәрежелері мен атақтары бар білікті мамандардан, «Microsoft Kazakhstan» өкілдерінен тұратын Сараптама кеңесі кұрылады және тиісті кезең Ұйымдастыру комитетінің төрағасымен бекітіледі.

1.6. Әрбір кезеңнің өңірлік ұйымдастыру комитеті Республикалық конкурсты ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, Сараптама кеңесінің жұмысын қамтамасыз етеді.

1.7. Ұйымдастыру комитеті Республикалық конкурстың қорытынды кезеңінің мерзімін және өткізілетін жерін анықтайды. 

2. Мақсаты

Республикалық конкурс мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, үздік педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату мақсатында ұйымдастырылады. 

Міндеттері

-      педагогикалық қызметкерлердің  өз шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, республика педагогикалық қауымдастығының мәдени-кәсіби құндылықтарын бекіту және дамыту үшін  жағдай жасау;

-  педагогикалық бастамаларды, оңтайлы білім беру тәжірибелерін  анықтау және қолдау;

-  инновациялық қызмет тәжірибелерін тарату бойынша педагогикалық қауымдастықтың қызметін біріктіру;

-  кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту;

-   өз жұмыс тәжірибесін жинақтау арқылы педагогикалық қызметкерлердің рефлексивті икемдерін дамыту.

 3. Республикалық конкурс  жұмысының мазмұны мен нысандары:

3.1.    Республикалық конкурс жұмысының мазмұны «Білім туралы» Заңғасәйкес анықталады.

3.2.    Республикалық конкурс  мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін:

-  пленарлық отырыстар мен секциялық жұмыстарды ұйымдастыру;

-   таныстырылымдар көзделеді.

3.3. Республикалық конкурстың  басым бағыттары:

Орта білім беру.

«Мектеп мұғалімдерінде заманауи АКТ құзыреттіліктерін қалыптастыру».

Техникалық және кәсіптік  білім беру

«Колледж оқытушыларында заманауи АКТ құзыреттіліктерін қалыптастыру».

 4.      Республикалық конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1.  Республикалық конкурс кезең-кезеңмен өткізіледі:

-      1 кезең – аудандық (қалалық) кезең -  мамыр-маусым 2017;

-      2 кезең – «Microsoft Kazakhstan» порталында қашықтан оқу - маусым- шілде 2017;

-      3 кезең – облытық кезең -  қыркүйек-қазан 2017;

-      4 кезең – Республикалық кезең -  23-24 қараша 2017ж., Алматы қаласында, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты».

4.1.1.          Бірінші кезеңде (аудандық/қалалық) – конкурстық жұмыстар 2017 жылғы 12 маусымға дейін өңірлер мектептері мен колледждерінен Өңірлік ұйымдастыру комитеттеріне түседі;

4.1.2.          Өңірлік ұйымдастыру комитетінің үздік жұмыстарды іріктеуі  2017 жылғы 13-16 маусым бойында жүргізіледі. 2017 жылғы 19 маусымда – ӨҰК қатысушыларға келесі кезеңдерге өткендіктері туралы хабарлайды

4.1.3.          Екінші кезеңге сәтті өткен мектеп оқушылыры мен колледждер оқытушылары:

а) Өздерінің конкурстық жұмыстарын Microsoft компаниясының порталында жүктеуге тиіс https://education.microsoft.com/Story/Content/Create?type=Lesson&categoryid=502). Конкурстық жұмыстар мынадай  форматтарда тапсырылуы мүмкін: 3-5 минуттық бейне немесе Sway таныстырылымы немесе  Office MIX таныстырылымы немесе  PowerPoint таныстырылымы;

б) Microsoft компаниясының білім порталында (https://education.microsoft.com/Learning/LearningPrograms/Detail/316) міндетті, тегін қашықтан оқудан өтуге тиіс. 

Оқу барысында қатысушы екіден бастап үшке дейінгі қашықтық курстарынан өтіп, кемінде  1000 балл жинауға тиіс, олардың бірі  «Технология негіздерін оқыту» міндетті болып табылады Бір курстан өткендігі үшін алуға болатын ең жоғары балл – 500. 1000 балл үшінші кезеңге рұқсат үшін өту балы болып табылады. Қашықтық  курстарында оқу  2017 жылғы 20- 30 маусым мерзімінде өтеді.

Қашықтан оқудан өткеннен кейін Республикалық  конкурсқа қатысушыға конкурс жұмыстарын жетілдіру үшін мүмкіндік беріледі. 2017 жылғы  1-30 шілде мерзімінде 1000 балл жинаған қатысушылар  жетілдірілген конкурс жұмыстарына орналастыру жүргізе алады.  Конкурс жұмыстарының түпкілікті нұсқасы  3-5 минуттық бейне немесе Sway таныстырылымы немесе  Office MIX таныстырылымы немесе  PowerPoint таныстырылымы форматтарында жүктелуге тиіс.

4.1.4.          Екінші кезеңнің барлық тармақтары бойынша толық нұсқаулық мына сілтемеде берілген: https://sway.com/GPOLbTNSN6cKicR7?ref=Link

4.1.5.          Облыстық кезең 2017 жылғы 1 қыркүйек пен 20 қазанның бойында өтеді. Бұл кезеңде конкурстық жұмыстар екісатылы іріктеуден өтеді: бірінші сатыны конкурстық жұмыстағы қолданылатын ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың болу мәніне  Microsoft өкілдері өткізеді. Екінші сатыны – педагогикалық мазмұнның және конкурстық жұмыстағы қолданылатын әдістеменің сәйкестік мәніне ӨҰК өткізеді.

4.1.6.          Облыстық кезең ӨҰК Мүшелері алдында конкурстық жұмыстарды қорғаумен аяқталады. Бағыттары бойынша жүлделі бірінші орынды алған қатысушылар Республикалық кезеңге қатысуға ұсынылады.

4.1.7.  Республикалық кезең 2017 жылғы   23-24 қарашада Алматы

қаласында, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» базасында өтеді.

 5.      Республикалық конкурсқа қатысу тәртібі:

 5.1. «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» Республикалық конкурсына қатысу үшін меншіктік нысаны мен түріне, ведомстволық қатыстылығына қарамастан мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары шақырылады.

5.2.   Республикалық конкурсқа қатысушылар жеке орындалған жұмыстарды ұсынады.

5.3.    Республикалық конкурс жұмыстарының басым бағыттарына сәйкес қатысушылар таңдалған тақырыпты ашу үшін қажетті сабақтар немесе сабақтар топтамасы түрінде ұсына алады.

5.4.    Республикалық конкурсты өткізудің 1,2,3 кезеңдерінде үздік конкурстық жұмыстарды   өңірлік ұйымдастыру комитеттері іріктейді.

5.5.        Өірлік ұйымдастыру комитеттері облыстық кезеңде  «Өрлеу»

БАҰО» АҚ орталық ұйымдастыру комитетінің Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. электронды поштасына   «Республиканский конкурс» белгісімен Республикалық кезеңге қатаысуға ұсынылған қатысушыларға ұсынымдарды (1 қосымша) және қатысушылар материалдарын (материалдар форматы 5.6 тармақта көрсетілген) 01.11.2017ж.дейін  жібереді.

5.6.        Барлық кезеңде конкурстық жұмыстарды тапсыру форматы

мынадай болуы мүмкін:

1. PowerPoint таныстырылымы–30 слайдқа жуық;

2. бейне – 5 минутқа жуық;

3. Sway;

4. OfficeMIX таныстырылымы – 5 минутқа жуық.

5.7.    Қатысушылардың жұмыстары мен фотосуреттері (формат *.jpg) файлдың атауы ретінде қатысушының тегі мен өңірі көрсетілген (мысалы, Иванов Павлодар jpg), жеке файлдарда ресімделеді.

5.8.    Кешіктіріліп алынған материалдар қарастырылмайды.

 6. Ұсынылатын материалдардың өлшемдері

6.1. Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері:

  1. Конкурстық жұмыс мазмұнының Республикалық конкурс  бағыттарына сәйкестігі;
  2. Жұмыс тақырыбының өзектілігі, ҚР білім беру жүйесін дамытудың басымдықтарына сәйкестігі;
  3. Мәселені мазмұнды және нақты қою;
  4. Тақырып өзектілігінің және зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерінің дәйектілігі:
  5. Жоба идеясының сонылығы,
  6. Жаңашылдығы.
  7. Практикаға енгізу келешегі.
  8. Материалды ұсыну қисындылығы және бірізділігі. Іс жүзінде жүзеге асырылу деңгейі, нәтижеліліктің, рефлексияның болуы.
  9. Әлеуметтік маңыздылығы.

Өлшемдердің әрқайсысы бойынша 0-ден 2 баллға дейін (іске асырылмаса -0 балл, жартылай іске асырылса - 1 балл, толықтай  іске асырылса - 2 балл) қойылады.

Баяндамашының таныстырылымдық құзірет деңгейі  жеке бағаланады – ең жоғарысы - 2 балл.

Бадардың ең жоғары саны – 22.

6.2. Авторлық бағдарламаларды бағалау өлшемдері:

6.2.  MSөлшемі

  1.  Майкрософт технологиясын пайдалану

(https://sway.com/f4rJAIEBxSEnQwl8);

  1. Конкурстық жұмыста қолданылған АКТ құралдарының ұтқырлығы;
  2. Конкурстық жұмыс арқылы шынайы әлем проблемаларын шешу;
  3. Білім беру үдерісіне қолданылған АКТ құралдарын кіріктіру;
  4. Конкурстық жұмыс 21-ғасыр дағдыларын алуда (креативтілік, сыни тұрғыда ойлау, проблемаларды шешу, шешімдерді жеке қабылдау, коммуникацииялар дағдылары) оқушыларды айқын қолдайды;
  5. Майкрософт курстарынан өткеннен кейін жобадағы оң өзгерістер көрініп тұр.

Өлшемдердің әрқайсысы бойынша 0-ден 2 балға дейін (іске асырылмаса - 0 балл, жартылай іске асырылса - 1 балл, толықтай  іске асырылса - 2 балл) қойылады.

Баяндамашының таныстырылымдық құзірет деңгейі жеке бағаланады – ең жоғарысы - 2 балл.

Баллдардың ең жоғары саны – 12.

Ескертпе. Талқылауларды қоса алғанда, қатысушылар баяндамалырының ең жоғары ұзақтығы – 10 минут.

Таныстырылым үшін қатысушыларға мультимедиялық қондырғылар жиыны беріледі (ноутбук, мультимедиялық проектор).

7. Қорытындылау, қатысушыларды марапаттау

7.1. Республикалық конкурс қорытындысы бойынша әрбір бағыт бойынша орындар белгіленеді: жеңімпаз (1-орын) – 1 қатысушы, жүлдегерлер (2-орын) – 2 қатысушы, жүлдегерлер (3-орын) – 3 қатысушы.

Ерекше жағдайларда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ұйымдастыру комитеті Төрағасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер орындарының саны көбеюі немесе азаюы мүмкін.

7.2. Республикалық конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, барлық қатысушылар Республикалық конкурсқа  қатысқандықтарын растайтын сертификаттармен мараптталады.

7.3. Республикалық конкурс қорытындылары бойынша қатысушылардың жұмыстары енгізілген материалдар жинағының электрондық форматы қалыптастырылады. Педагогикалық оқулардың әрбір қатысушысы «PDF» форматындағы материалдар жинағын алатын болады.

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ кітапханасында 31 мамыр - саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алуға орай пікірлесу ұйымдастырылды. Еске алу отырысы зобалаң жылдардың айғағындай болған Ақтөбе облысы бойынша шығарылған 3 томдық “Қуғын-сүргінқұрбандары – Жертвы репрессии” атты кітаптыңтарауларымен  ашылып, тарих парағында қасірет-қиындығымен орын алған Түйетөбе  сайындағы жаппай қуғын-сүргін құрбандары атылған мекеннің тарихи маңыздылығын атап көрсетті.

Пікірлесу аясында курс тыңдаушылары Мәртөк ауданы Хлебодар орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Мырзагалиева Дина Тлекқабылқызы  өз бабаларының сол жылдардың зардабын кешіп қуғын-сүргін құрбаны болғанын, есімі жазылған «Ойрандалған Адай даласы», «Қырдағы қырғын» атты кітапқа енгенін мәлімдесе, Алға ауданы Нұрбұлақ орта мектебі  тарих пәнінің мұғалімі Жайшылықов Думан Елеусізұлы әулетінде әлі де болса сыры ашылмаған сақтаулы естеліктер және ұрпаққа үлгі болар баба ізінің бар екендігін  тебірене  толғады.

Тақырыпқа байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесі мен суретті слайдта өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, халық қасіретінің шежіресіндей болар   Алаш азаматтарының  еңбектері  насихатталды.

Сұхбат соңында ақтаңдақтар ақиқатында жазықсыз жапа шеккендер мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын тағзым етіп ұмытпау - ұрпағына парыз екені айтылды.

 

                                              

      Назарбаева  Р.К.

Кітапхана маманы  

«Қазақстандық тренер: тәжірибе, ынтымақтастық және келешегі»

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ,  Деңгейлік бағдарламалар орталығы тренерлерінің 22-23.05.2017ж. Астана қаласында өткенIVРеспубликалық семинар-кеңеске қатысу қорытындысы туралы.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ, Деңгейлік бағдарламалар орталығы тренерлері 22-23.05.2017жылы Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен  IV Республикалық семинар-кеңеске қатысты.

Семинарда  қызықты білім беру жобалары ұсынылды. Мысалы ЭЫДҰ желісі бойынша НЗМ АҚ зерттеу Департаменті ұсынған «Білім беру-2030»  жобасы. «Болашақ Инжиринг – STEM білім беру» компаниясы ұсынған «STEAM» жобасы  семинарға қатысушыларының қызығушылығын тудырды. STEM -оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде  академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі.   Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату (Tsupros, 2009).

Аталған жоба қазіргі таңда Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Өскемен қалаларында белсенді енгізілуде.

Семинарға қатысушылар ПШО оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары   Ж.Ж. Кабдыкаримова ұсынған  "Мәдениетаралық білім беру" халықаралық жобасы туралы қызықты ақпарат тыңдады. Осы жобаның мақсаты қазіргі заманғы оқушының когнитивті, әлеуметтік, эмоционалдық, мінез-құлық салаларын дамыту болып табылады. Педагогикалық шеберлік орталығы осы тақырып мәнмәтінінде ғылыми зерттеу бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

Семинар қатысушыларына «Lesson study» жобасы бойынша мониторингтік зерттеу жүргізу ұсынылды. Бұл жоба аясында Педагогикалық шеберлік орталығы мектеп тренерлері үшін біліктілік арттыру курсының бағдарламасын әзірлеуде және бұл қуантарлық жағдай, себебі көптеген педагогтер білімін байытып, кәсіби құзырлылығын көтеруге мүмкіндік береді.

Халықаралық білім беру Ассоциациясының басшысы  Гин Анатолий Александровичтің (РФ,  Москва қ.) баяндамасы  семинар қатысушыларының   үлкен қызығушылығын туғызды.  Аталған халықаралық жобаға қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 20 мектептің қатысып отырғаны  қуантарлық жағдай болып отыр.

Республика тренерлері үшін «Тренер жұмысындағы фасилитация» оқуы ұйымдастырылды. Семинар-кеңесте оқыту мен оқуда фасилитациялық тәсілдерді қолдану бойынша қатысушылармен тренинг өткізілді. Аталған бұл секцияның спикері Светлана Крутских болды, ол бизнес-әкімшіліктендіру министрі, «Ренесанс» агенттігінің негізін қалаушы әрі басқарушы серіктесі. Сессия Chevron компаниясының қолдауымен өтті. 

Семинардың тәжірибелік бөлімі негізгі және орта білім мазмұнын жаңғырту шеңберінде біліктілік арттыру бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстыруға  бағытталды және CLILE пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту әдісінің жаңа тәсілдері  қарастырылды. Сонымен қатар білім беру мазмұнын жаңғырту бағдарламалары бойынша білім алушыларды, педагогтарды бағалау процедурасына енгізілген соңғы өзгерістер туралы  Педагогикалық өлшемдер орталығы эксперттері айтып берді.

Семинар-кеңес жұмысы ұйымдасқан түрде, белсенді, өнімді жұмыс жасады,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары тренерлерімен, ПШО, НЗМ тренерлерімен құрылымдық өзара әрекеттер, идея алмасулар жүзеге асты. Семинар тренерлік қызметтің  болашақтағы негізгі бағыттарын белгіледі.

 

Семинардың ұйымдастырылуы,  өткізілуі жоғары деңгейде болды. Семинар қатысушылары «Қазақстандық тренер: тәжірибе, ынтымақтастық және келешегі» IV Республикалық семинар-кеңес жұмысына қатысуға  мүмкіндік жасағаны үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ және НЗМ ПШО АҚ басшыларына алғыстарын білдірді. Сонымен қатар қазіргі білім беруді дамытуға және оның сапасын көтеруге  бағытталған  ұсынылып отырған  инновациялық жобаларды енгізуге дайын екендіктерін білдірді.

Семинар-кеңеске қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылды.

 

  Давлеткалиева Е.С.

ДБО тренері, п.ғ.к.

№11 «Ақбота»мектепке дейінгі білім беру ұйымы: арнайы күтімдегі балалармен жұмыс тәжірибесі

Ағымдағы жылдың  24-мамыры күні  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедрасының аға оқытушысы Р.Абдировтің жетекшілігімен   Ақтөбе қаласындағы №11 «Ақбота» мектепке дейінгі ұйымның базасында «Жас зерттеушілер»  тақырыбында  семинар-практикум өтті. Балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта, жеке  жұмыс жасап, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер беріп қолайлы жағдай туғызған осы семинардың тағылымдық-танымдық тұрғыдан айтары да, берері де көп болды.

Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі Ж.Ж.Измаева өз сөзінде: «...қарым-қатынас жасау үшін адамның сөздік қоры ең басты роль атқарады. Бала туғаннан өсе келе қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеуге тура келеді. Балабақшаға келген балаларда сенсорлық период болғандықтан, түрлі ойындар, әңгімелесу мен сұрақтар қою арқылы ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілетінің дағдыларын арттыруымыз қажет. Осы орайда,  М.Монтессори кабинеті балаларға үлкен мүмкіндік береді...» деген өзіндік ойын білдіріп, жабдықталған Монтессори кабинетінің балалардың сөйлеу тілінің  дамуына ықпалы зор екендігін, жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып өтті. Семинар барысында  тәрбиешілер С.С.Джалмухамбетова,  Б.Ж.Бигельдинова, М.С.Хайретдиновалар сөйлеу тілі мен көру қабілеті бұзылған балаларды дамытудағы түрлі жаттығуларды ұсынды. Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері Г.К.Жумагазина  Монтессори жүйесін қолдану балалардың дамуына өте тиімді екеніне баса назар аудартты.

         Нәтижесінде тыңдаушылар мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда шығармашылықпен жұмыс жасаған №11 «Ақбота» мектепке дейінгі ұйымның ұжымына үлкен алғыстарын білдіріп, шынайы көңіл-күй, ерекше ықыласпен тарқады.

 

Абдиров Р.Т.

кафедра аға оқытушысы

Семинар-практикум «Білім еліне саяхат»

2017 жылдың 23 мамырында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы №40 «Балдәурен» балабақшасында мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне арналған «Білім еліне саяхат» семинар-практикумы өтті.

 Семинар мақсаты –  оқу қызметінің сапасын арттыру және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

 №40 «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымының әдіскері Т.Н.Бикмухамбетова семинарды ашып, мектепке дейінгі ұйымның білім беру үрдісіне инновациялық әдістерді енгізудің маңыздылығына баса назар аударды.

Семинар жұмысында тәрбиешілер К.У.Турашева, С.Ж.Тукебаева, А.К.Жумабаевалар кіріктірілген саяхат-сабақтар өткізді.

Қорытындысында семинарға қатысушылар инновациялық әдіс-тәсілдерді білім беру үрдісіне енгізудің педагогтер  мен балалардың қызметін белсендіруге ықпалы зор екендігін атап айтты.   №40 «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымының ұжымына мазмұнды семинар ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтып, алдағы уақытта да әріптестік қарым-қатынаста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

 Абдиров Р.Т.

Кафедра аға оқытушысы

Өрлеу: институт басшыларының бірлескен пікірталас алаңы

Киелі өңір – Сыр елінде республиканың біліктілік арттыру институтының мамандары білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін бас қосты.

Қызылорда қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Инновациялық білім беру технологияларының педагогтің кәсіби өсуіндегі рөлі» атты облыстық семинар өтті.  Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – педагогтің кәсіби өсуінде инновациялық білім беру технологияларының мәні мен маңызын ашу, оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану мен білім беру жүйесінің қазіргі заманғы тенденциялары мен келешегін талқылау, білім беру мекемелері педагогтерінің инновациялық технологияларды қолданудағы отандық тәжірибелерін тарату мәселелері бойынша пікірталас алаңын құру.

Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрайымы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы модераторлық жасап, барлық институт филиалдарының басшылары мен қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, саяси ғылымдар докторы, профессор Мұрат Бақтиярұлы да бүгінгі білім саласындағы ауқымды мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

Семинарға қатысушылар мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамытудағы деңгейлік бағдарламалармен, балаларды ерте жастан дамытудағы Монтессори технологиясын енгізуде нақты жүргізіліп жатқан тәжірибелік жұмыстармен, сапалық көрсеткіштерді арттырудағы әдістемелік материалдармен танысты.

Сондай-ақ семинар жұмысында мемлекетіміздің ұстанған саясатына сәйкес жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін оқыту, үштілділік білім берудегі білім-инновация мектептерінің іс-тәжірибесі ортаға салынды. Оқыту процесіне жаңа технологияларды қолдану уақыт талабы. Осыған сәйкес Оқыту процесінде SMART технологиясын қолдану жолдары туралы құнды мәліметтер берілді. Дуальды оқыту  және жоғары оқу орындарында интербелсенді оқыту әдістемелерін қолдану жайы да семинар жұмысының өзекті тақырыптарының арқауы болды.

Семинар аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының кеңейтілген отырысы өткізіліп, біліктілікті артыру жүйесінде педагогикалық инновацияларды зерттеу, енгізу, тарату бойынша ұйымдастырушылық, әдістемелік жұмыстарды белсендіру, педагогикалық инновацияны ендіру жұмыстарын ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.     

 Қонақтар Сыр елінің ең киелі орны – Қорқыт ата кесенесіне барып тағзым етті. Тарихы терең, тағлымы мол кесененің мемлекет руханиятында алар орны ерекше. Осындай тарихы тылсым терең сырға толы елдің қонақжайлылығы, ұлттық салт-дәстүрді сақтауы, ашықтығы қонақтарға жақсы әсер қалдырды.

Семинар жоғары деңгейде өтті. Шараны ұйымдастырушы   «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасына, Қызылорда қаласының институт ұжымына алғысымыз шексіз.

Ж.К.Матсалаева,

баспа қызметі және қоғамдық

ортамен байланыс бөлімінің жетекші маманы

«Білім Айнасы» республикалық ғылыми-танымдық газетінің презентациясы

«Өрлеу» БАҰО  АҚ  «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» институттың профессор-оқытушылық құрамы және колледж оқытушылары арасында  «Білім Айнасы» республикалық ғылыми-танымдық  газетінің  өкілі Искаков Жәнібек Қуанышұлымен кездесу болып өтті.

Кездесудің мақсаты педагогтардың шығармашылық ізденістерін  дамыту және «Білім Айнасы» газетінің бағыты мен мазмұнын таныстыру. Газет өкілі басылым бетінде жариялатын мақалалардың  өзектілігі мен тәрбие және білім саласында  жарияланатын мақалаларды нақты түсіндіріп,алдағы уақытта бірігіп жұмыс жасауға шақырды. 

Р.К. Назарбаева,

кітапхана маманы 

"Педагогикалық қызметті критериалды бағалау жүйесі: жаңа стратегиялар мен мүмкіндіктер" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік он-лайн конференция

 "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында "Педагогикалық қызметті критериалды бағалау жүйесі: жаңа стратегиялар мен мүмкіндіктер"тақырыбындағыхалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция он-лайн тәртібінде өткізілді.

 Конференцияда көтерілген негізгі мәселелер – білім берудегі критериалды бағалау жүйесін енгізуде инновациялық тәжірибе алмасу үшін бірыңғай пікірталас кеңістігін қалыптастыру, біліктілікті арттырудың жаңа үлгісі жағдайында педагогикалық қызметті дамыту, білім беру сапасына жетуде қазіргі заманғы бағалау технологияларының  рөлі. 

Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы С.Р.Умербекова алғы сөзінде конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.

Конференция модераторы – филиал директоры, филилогия ғылымының кандидаты Абишева Нургул Молдабаевна өз баяндамасында заманауи білім берудің қажеттілігіне байланысты мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізудің конференция тақырыбына таңдалғанындығын атап өтті.  Аталған тәсіл орта білім беру жүйесінде мектеп оқушыларының жетістіктерін бағалау үшін белсенді қолданысқа енді. 

Институтта бірнеше жыл бойы біліктілікті арттырудың қазіргі моделі аясында педагогикалық қызметті бағалау бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді.

Халықаралық конференцияға жоғары оқу орындарының ғалымдары,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының басшылары, филиалдардың профессорлық-оқытушылық құрамы, білім беру ұйымдарының және әдістемелік қызметтің басшылары, педагог-экспериментаторлар, орта білім беру ұйымдарынан шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер қатысты. 

 Сонымен қатар, пленарлық мәжілісте облыстық мәслихат депутаты, т.ғ.к. Мухамбетпаизова Жеңіскүл Сагидолаевна; білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Серикова Раушан Сериковна; Ресей Федерациясы  Челябинск педагогикалық қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының п.ғ.к., доцент Чипышева Людмила Николаевна; Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Умербекова Сауле Рахимовна; Ақтөбе қаласы педагогикалық шеберлік орталығының директоры Акимова Тавиля Адиетовна; Корей тілі орталығының директоры Сон Шимон; «Назарбаев Зияткерлік» мектебінің директоры Садуакасов Сабыржан Умиртаевич; білім жүйесін бақылау департаментінің басшысы, ф.ғ.к. Кайшыгулова Жанна Тілеуовна;  Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің ф.ғ.д., профессор Кусанова Бибигуль Хакимовна;  Ақтөбе облыстық мамандандырылған дарынды жасөспірімдерге арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының директоры Мызрак Якуп; «Назарбаев Зияткерлік» мектебінің мұғалімі А.А.Аймжанова Агилаш Адигановна   қатысты.  

Ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнымен, нәтижесімен таныстырған  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі, п.ғ.к.  Давлеткалиева Елизавета Султановна біліктілікті арттырудың жаңа моделі жағдайында критериалды бағалау технологиясын қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін анықтаудың тәсілдеріне  тоқталып өтіп, Ақтөбе облысының эксперименталдық алаңдарымен  таныстырды:

Олар – Ақтөбе облысының М. Құсайынов ат. дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Ақтөбе қаласы № 9 орта мектеп-гимназиясы, № 41 орта мектебі, №26 орта мектебі, № 57  орта мектебі, Мартук ауданының № 2 мектеп-гимназиясы.

Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік педагогика және әлеуметтану кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессоры С.В.Сальцева Светлана Васильевна, Сейнайоки қаласы Скандинавиялық (Финляндия) Ұтқыр академиялық институтының  ректоры Элина Ванхемпинг он-лайн тәртібінде әріптестерімен критериалды бағалау технологиясын зерттеу мен оны тиімді жүргізудің озық тәжірибелерімен бөлісті.

Конференцияның қорытынды бөлімінде облыстың экспериментальдық алаңдарының директорлары мен басшыларын марапатталды.

Конференцияның екінші бөлімі 3 секция жұмысымен жалғасты.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарынан жинақ шығарылды. Білім беру басқармасы ұйымдарының басшыларына, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарына және білім беру ұйымдары мен педагогтерге арналған конференция ұсынысы қабылданды.

  

Рахатова К.Ж.,

бөлімінің бастығы

Ақтөбе «Өрлеу» - Челябинск ПҚ БАИ: «Педагогтің кәсіби қызметін кешенді бағалау амалдары»

 2017 жылғы 11 мамырда  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Ресей Федерациясы Челябинск біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты арасында жасалынған Меморандум негізінде «Педагогтің кәсіби қызметін кешенді бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің амалдары: кәсіби стандартқа көшу жолындағы тәжірибе және болашақ»тақырыбындағы2 күндік семинар аясында 36 сағаттық арнайы курс өткізілді.Арнайы курсты Челябинск педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-аналитикалық жетелеу зертханасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Л.Н.Чипышева өткізді.

Лектор педагогтердің кәсіби дамуын ғылыми-әдістемелік    жетелеу сұрақтары бойынша ресейлік әріптестердің тәжірибесімен бөлісті.

Арнайы курс мақсаты:  инновациялық білім беру өнімдерін құруда  педагогтер мен білім беру мекемелерінің басшыларын желілік қауымдастыққа біріктіруді көздейтін заманауи ресурс мүмкіндіктерін ғылыми-қолданбалы жобалар арқылы қолдану жолындағы педагогтердің  тьюторлық қызметінің мазмұнын ашу.

Қатысушылардың қызығушылығын туғызған өзекті сұрақтар біліктілікті  арттырудың  қазіргі  тәсілдерін қолдану және инновациялық білім беру мекемелеріндегі тәжірибені шыңдау мәселелері төңірегінде болды.

Филиалдың профессорлық-оқытушылық және тренерлік құрамы өздерінің әріптесі Челябинск біліктілік арттыру және қайта даярлау институтының тәжірибесімен танысты, талқылады және нәтижелерін ортаға салды. Арнайы курс ашық және достық қарым-қатынаста өтті.   

 

 

Б.С.Утаров

Инновациялық даму және әдістемелік

қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы 

ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш класс мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық шеберлігін жетілдіру

         2017 жылдың 4 мамырында "Өрлеу" БАҰО АҚ  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында курс тыңдаушыларына арналған «ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш класс мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық шеберлігін жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

         Семинар мақсаты: мұғалімдердің ішкі әлеуетін ашу, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша сабақ жоспарлау тәжірибесімен бөлісу.

         Институт директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты  Кибатаева Норслу Казангаповна семинарды ашып, қазіргі білім берудегі жаңашылдықтар туралы өзінің пікірін білдірді: «Қоғамда болып жатқан өзгерістер заманауи мұғалімге жаңа талаптар қояды. Сәт сайын өзгеріске ұшырайтын жағдайлардың жаңа міндеттерін шешуге тура келеді. Жаңа заманның мұғалімі болу қиын, бірақ мүмкіндігі мол. Ол әрдайым оқушы жанынан табылуы керек. Жаңа мұғалім оқушыны оқытып қоймай, өзі де оқу керек. Мұғалімнің білімін жетілдіруі – бұл шеберліктің, кәсіби құзіреттіліктің кепілі».

        Семинар қатысушылары бастауыш класс сабақтарында критериалды бағалауды қолдану мәселелерін,  белсенді оқыту тәсілдері арқылы танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын, сабақты тиімді жоспарлау оқыту сапасының кепілі екендігі туралы мәселелерді талқылады.

       Мұғалімдер шараның тәжірибелік маңызына жоғары баға берді. Іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеяларды жүзеге асыруға шығармашылық серпін алды. Семинар жаңалыққа жаны құмар педагогтардың «Біз әрқашан біргеміз» әнін орындаумен аяқталды. 

Токбасова А.С

ДБО тренері

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдығы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін  арттыру институтында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдығына   арналған салтанатты мереке  өтті. Бұл тек осы салада қызмет атқарушы  әскери азаматтар үшін ғана емес,бүкіл қазақ елі үшін маңызды мереке. Еліміздің әр азаматы бүгінгі күні  өз Отанымыздың қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.

Салтанатты кешті   «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры Н.М. Абишева ашып, ұрпақтар  сабақтастығының символындай болар  бұл мерекелер Отанға  деген сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухтың жалғасындай деген баға берді.  Мерекеге «Ушаков» орденінің кавалері, «Флотское братство» қоғамдық ұйымының төрағасы, ардагер Марат Гумарович Сердалиев қатысты.  Ардагер ерен еңбегінің айғағындай болар «Морская дружба» атты кітабының жарыққа шығуымен таныстырып, институт қызметкерлерін «За активную военную патриотическую работу» атты қоғамдық медалмен марапаттады.

Патриоттық сезімге толы кеш соңы ер-азаматтарды төл мерекелерімен  құттықтаумен жалғасты.

 

Назарбаева Р.К.,

 кітапхана маманы

Кітапханадағы патриоттық сағат

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша біліктілікті арттыру институты кітапханасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерекесі мен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдық мерекесіне орай курс тыңдаушылары арасында «Отқа оранған от жүрек»атты патриотттық сағат өтті.

Патриоттық сағат рух беретін «Әлия» әнімен басталып, Отан қорғаушылардың қатарында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлдары мен немерелерінің борышын өтеуі -– ұрпақтар сабақтастығының  түп тамыры  екендігіне тоқталынды.

Одан әрі   екінші дүниежүзілік соғыстың салдары мен сол соғыста ерен ерлік көрсеткен Қазақстандықтар туралы қысқаша мәліметтер берілді. Екі топқа бөлініп  ұйымдастырылған сайыстың мәні мен мағынасын «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» деген рубрика аша түсті.  «Соғысқа қатысқан Абай ұрпақтары туралы айтарыңыз бар ма?» деген сұрақ төңірегінде тың деректер айтылды. «Жеңіс жолдарының ізімен» атты бөлімде қатысушылар Ұлы отан соғысы туралы оқыған шығармалар жинағын  атады.

Шара соңында тыңдаушылардың күшімен тақырыпқа сай мерекелік  әндер шырқалды.

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

«Білім беру процесін жобалау» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар

Білім берудің дамуындағы тенденциялар педагогтердің кәсіби өсу мен дамуға, жетілуге ынтасынмен, білім беру үрдісіне педагогикалық жаңашылдықтарды әзірлеу мен енгізуінің дайындығымен байланысты  05.05.2017 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша  ПҚ БАИ базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау»  семинары ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты: білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес   тиімді әдістерді пайдалану, тәрбиешілердің жұмысының сапасын арттыру.

Семинардың ашылуында   Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директорының орынбасары, п.ғ.к., доценті Н.К. Кибатаева  мектепте дейінгі білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыруды, педагогикалық қызметті құрылымдауды, даму ортасын ұйымдастыруға көмектесуді қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім бала тұлғасын дамытудың инновациалық әдістері мен, технологияларын қолдану бойынша отандық және шетелдік ең үздік үлгілерді зерделеу арқылы тәрбиешілердің кәсіптік құзыреттілігін жетілдіру қажетт екендігі айтып өтті.

Семинардың барысында   «Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылуының заманауи тенденциялары», - «Өрлеу»  БАҰО» АҚФ, Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш» кафедрасының аға оқытушысы С.С. Букенова сөз қозғады.  шетелдік және отандық тәжірибе негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс белсенділігін дамыту және дене қасиеттерін қалыптастырудың маңыздылығын туралы  мұғалжар ауданының «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі Ж.А.Жариева ой бөлісті.

Өз іс-тәжірибиесі негізінен  Темір ауданы «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі Ы.Н.Артықбаева  оқытудың белсенді нысандары арқылы  балаларды оқу әрекетіне қалыптастырудың тиімди тәсілдерін ортаға салды.  мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы инновациялық  жолдарына   Ақтөбе қаласы.№ 40 «Бәлдаурен»  тәрбиешісі   Г.Ж. Есалина тереңрек тоқталды.

Ақтөбе қаласы, № 49  тәрбиешісі – В.М. Таухабаева мектеп жасына дейінгі балалардың  театр өнері  баулу түрін тыңдаушылармен топтық жұмыс ұйымдастырса, Ақтөбе облысы бойынша ПҚБИ «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.магистр Л.А.Құлтаева  кәсіби-педагогикалық қарым-қатынаста  жағымда орта қалыптастырудың түрлерін тәрбиешілердің шеберлігімен  сахналық қойылым арқылы жүзеге асырды.

Рефлексия сәтінде жалпы білім берудің жаңа үлгідегі  бағдарламасын тәжірибеде жүзеге асыруда білімін тереңдетуге ықпалын  тигізгенін айтып өтті. 

  

Букенова С.С.,

кафедра аға оқытушысы

СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ «КӨКТЕМНІҢ ҒАЖАП СЫРЛАРЫ»

 2017 жылдың 3 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ Ақтөбе  қаласының №16 «Аққайын» балабақшасы базасында мектепке дейінгі тәрбиешілер үшін «Көктемнің ғажап сырлары»мектеп жасына дейінгі балалардың кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша тәжірибелік семинарын ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың оқу іс-әрекетін кіріктіруге ұйымдастырылған міндеттер мен мақсаттарды іске асыруда тәрбиешілердің  кәсіби құзырлығын дамыту.

Семинарды № 16 «Аққайын» мектепке дейінгі ұйымының меңгерушісі М.С.Ермағанбетова аша отырып, балабақшаның педагогикалық жұмыстары  тәрбиеленушілердің  жасқа байланысты ерекшеліктеріне сай дамуы  және білім беру облыстарының кіріктірілу принциптерінемен  білім беру үрдісіне жаңа технологияларды белсенді енгізу бағыты негізінде құрылатындығына  баса назар аударды.

Тәрбиеші Жумагалиева А.С.  педагогтарды  ойын технологиялары арқылы мектеп жасына дейінгі балаларына арналған зерттеу  дағдыларын дамыту жолдарымен таныстырды.

Тәрбиеші А.К. Сәлікжан және  музыка жетекшісі Б.И.Маратова

ұйымдастырылған оқу қызметі барысында  кіріктірілген тәсілдемені жүзеге асыру әдістерін қолданып, мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тұрғыдан дамытуға бағытталғанын көрсетті.

Балабақшадағы орыс тілі пән мұғалімі  Миранова Т.М., ағылшын  тілі пән мұғалімі Нурболатова Л.М  оқытудағы көптілді білім беру мен коммуникативтік тәсілді қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар кіріктіріліп ұйымдастырылған жұмыстың ұйымдастыру тәсілдерін талқылады. Қорытындылай келе, жүргізілген іс-шара мен оның практикалық маңыздылығына оң бағаларын берді.

Букенова С.С.

Мектепке дейінгі тәрбие және

бастауыш білім кафедрасының

аға оқытушысы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.