Астананың 20-жылдық мерекесі қарсаңындағы спорттық эстафета

2018 жылғы 27 маусымда Ақтөбе мұнай және газ колледжі базасында Қазақстан Республикасы астанасы – Астана қаласының 20-жылдық мерекесі қарсаңында «Көңілді старт»  сайысы өткізілді. Ұйымдастырушы – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Ақтөбе облыстық кәсіподақ комитеті. Спорттық сайысқа «Ақтөбе-Өрлеу» қызметкерлері мен Ақтөбе қаласы колледждерінің оқытушылары қатысты. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Жеңіспен құттықтаймыз!

 

Матсалаева Ж.К.,

бөлімінің жетекші маманы

Жас педагогтермен кездесу

«Ақтөбе-Өрлеу» және Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық Орталығының арасындағы ынтымақтастық меморандумын жүзеге асыру аясында облыста белгілі қоғам қайраткері Қ.Есмағамбетовпен жас педагогтердің кездесуі өтті. Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуымен байланысты мәселелер қарастырылды. Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ж. Табылғанов шараның модераторы ретінде сөз сөйледі.

Шара қорытындысында жас мұғалімдердің жаңа жобалары мен идеялары ортаға салынып, рефлексия жасалды.

 

 

 

 Ж.К. Матсалаева

жетекші маман

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Г.К. Ахметованың ҚР педагогтарына жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында, Білім және ғылым министрлигінің тапсырысымен, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» республика ұстаздары арасында бейне-сабақтардың «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты Республикалық байқауын өткізеді.

                                                   

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АЛҒЫС...

Әрқайсысымыз өмірімізде бір рет болса да  МҰҒАЛІМГЕ  алғысымызды білдіреміз! Оқу жылының соңында өткізілген  мерекелік іс-шаралардың арасында мұғалімдерді құрметтеу салтанаты ерекше орын алады.

Республикамыздың түрлі өңірлерінен келген 80 мұғалімді қоғам тарапынан кәсіби маман ретінде танылғаны үшін  Халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар ғылым академиясы «Маман мақтанышы» медалімен марапаттады.

Марапатталғандар арасында біздің әріптестеріміз – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының МАЙТАЛМАН МАМАНДАРЫ – институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Кибатаева Норслу Казангаповна және    академиялық бөлімнің бастығы  Агнязова Әлия Сакенқызы жоғары кәсіби деңгейдегі еңбегі және мұғалімдердің біліктілігін арттыруда  адал да ұзақ мерзімді  еңбек етіп, оқу үрдісінде инновациялық технологияларды және белсенді оқыту стратегияларын енгізудегі үлестері  үшін медальмен марапатталды.

Әріптестерімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыс, креативті  идеяларды, ең мықты жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыруда  сәттілік тілейміз!

Матсалаева Ж.К.

жетекші маман

 

«Елімнің жүрегі – Астана: 20 жыл» атты облыстық онлайн – сайыс жариялаймыз ...

Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2018 жылдың18-ші маусымынан  3-ші шілдесіне  дейінгі аралықтатуған елге, отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеуде, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында  білім беру ұйымдарының кітапханашылары арасында «Елімнің жүрегі – Астана: 20 жыл» атты облыстықонлайн – сайыс өтеді. Сайысқа Астана тарихына байланысты өткізілген жұмыстар (кітап (виртуалды) көрмесі, буктрейлер, бейнетур, бейнеролик қабылданады.

Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын  е-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. поштасына 2018 жылдың 3-ші шілдесіне дейін жібере алады.

Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz  сайтында  жарияланады.

Сайыс жеңімпаздары диплом және сертификаттармен, алғыс хатпен марапатталады.

Білім беру ұйымдарының кітапханашылары арасында өткізілетін  «Елімнің жүрегі –Астана: 20 жыл» атты облыстық  онлайн-сайыстың Ережесі

Байланыс телефондары: 8(7132)245414; 87023924131 – институт кітапханасы. 

 

 

 

Оргкомитет

Білім беру мазмұнын жаңарту: пайымдаймыз, талдаймыз...

«Өрлеу» БАҰО» АҚ жоспары бойынша 15 маусым 2018 жылы ПҚ БАИ мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту кафедрасы Ақтөбе облысы бойынша орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімдерінің қатысуымен «ҚР білімінің мазмұнын жаңарту үдерісіндегі тәжірибеші-мұғалімнің көзқарасы» облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - мұғалімдердің «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспарларын түсіну және қолдану, білім мазмұнын жаңарту тұрғысынан критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылады.

Институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Кибатаева Н.К. мұғалімнің оқу үрдісіндегі орны мен рөлі туралы жаңа көзқарас қалыптастыру, оқушыға жаңа көзқарас қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондықтан мұғалім жаңа өзгерістердің мәнін, жаңа білім сапасының мағынасын және жаңа білім беру нәтижелерін өзі түсінуі қажет. Кулшарова А.М., Әдебиетова Л.Ә., Султанова В.С., Кабылканова Л.К., Ыскакова Э.Н., Казиева М.З., Свижакова Р.М., Естөре М.Д. тәжірибеші-мұғалімдер пән бойынша оқу материалдарын

қолдану тәжірибесі, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критерийлік бағалау жүйесін қолдану жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.

Рефлексия барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру идеяларын енгізудің өзектілігін және маңыздылығын атап өтті, тиісті ұсынымдар қабылданды.

 

Қайдасов А.Ж.

жетекші маман

ТЖКБ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «ТжКБ-да инклюзивтік білім берудің үздік педагогы» атты Республикалық байқаудың облыстық кезеңін өткізетіндігін хабарлайды.

Байқауға облыстың барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары қатыса алады.

Байқау ережесімен көрсетілген сілтеме арқылы таныса аласыздар   .

Байқауға қатысу өтініштері мен материалдардың электронды нұсқасы 2018 жылдың 01 қазанына дейін қабылданады.

Байқауға белсенді түрде қатысуға шақырамыз!

Утаров Б.С.,

бөлімінің бас маманы

Ақтөбе-Өрлеу – «Еркемай» МДҰ педагогикалық алаң

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ  жоспарына  сәйкес мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Зияткерлік қадамдар»атты педагогикалық алаңның    екінші  отырысы,   2018 жылдың  8-маусым күні   «Еркемай» мектепке дейінгі ұйымында өткізілді.

Жаңартылған мазмұн шеңберіндегі «Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған шебер-класска  облыстан 25 тен астам педагог қатысты.

          Балаларды тәрбиелеудегі әкелердің мәртебесі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында педагог  А.С. Бурибаева «Вместе с папой мы дружны, вместе с папой мы сильны» атты жұмыс үзіндісін көрсетті, сонымен қатар Каргабаева Г.А.  ата-аналармен бірлесіп дайындаған «Баламның болашағы»видео-сұхбат материалын ұсынды.

Іскерлік ойын барысында А.Т.Мусина.,Ж.К. Бажбановақарым-қатынас стильдері мен түрлері туралы тәжірибе таратып, тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарттарын ортаға салды.

Шебер класс жұмысы соңында педагогтер қарым-қатынас жасаудың тиімді тәсілдерін қолдану мен коммуникативтік дағдылардың  оң ықпалын сақтау қажеттігін атап өтті.

 

 

Букенова С.С

кафедра  аға оқытушысы

«ӨРЛЕУ» БЕЙНЕ-САБАҚТАР МЕН БЕЙНЕ-ДӘРІСТЕРДІҢ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын жариялайды.

 

Конкурстың мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

Конкурс келесідей бағыттарды қамтиды:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар;

- орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар;

- техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар;

- жоғары білімді оқытудағы заманауи технологиялар;

- қосымша білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар.

 

Конкурстың тілі:

Қазақ, орыс, ағылшын.

 

Бейнематериалдың түрі:

- дәріс;

- сабақ;

- ашық сабақ;

- практикалық/лабораториялық жұмыс;

- семинар.

 

Конкурсқа қатысу тәртібі:

-        Конкурсқа ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан жиырма екі аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.

-        Конкурсқа педагогтер жеке дара, сондай-ақ шығаршылық ұйымдар арқылы қатысуға құқылы.

-        Конкурсқа қатысушылар беретін бейне материалдар саны шектелмейді. Әрбір  бейне материалға Конкурсқа қатысу өтінімін толтыру қажет.

-    Конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған бейне материалдар жіберіледі.

 

Конкурсекі кезеңде өткізіледі:

-       1 кезең – Өңірлік

-       2 кезең  – Республикалық

 

Конкурстың Республикалық кезеңінің жүлде қоры:

Жүлделі орындар үшін ақшалай сыйақылар қарастырылған. Жүлделі орындар әрбір тақырыптық бағыттар үшін анықталады (1,2,3 орындар жиырма екі аталымға берілетін болады).

 

Конкурсқа қатысу мәселесі бойынша  мына телефон арқылы 8 (7132) 54 59 29 (e-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.) хабарласыңыз.

 

Конкурстың толық Ережесімен мына сілтеме >>> арқылы танысуға болады.  

«Өрлеулектердің жылы жүрегінен» акциясы жалғасуда...

Балалар біздің болашағымыз және өміріміздің жалғасы! Барлық балалардың балалық шағы тыныш, қауіпсіз, болашағы жарқын болса екен деп тілейміз!

Халықаралық балаларды қорғау мерекесі қарсаңында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ұжымы сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №10 «Алма» МДҰ бүлдіршіндеріне қабілеттерін дамытуға арналған конструктор және жұмсақ ойыншықтарды сыйға тартты.

Барлық балаларға бақытты балалық шақ тілейміз!

 

Трнабаева Н.С.,

бөлім бастығы

Ақтөбеде республикалық әкелер слеті өтті

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ профессорлық-оқытушылар құрамы институт директоры Н.Абишеваның басшылығымен ІІІ Республикалық «Камқор әке - бақытты балалық» форумына қатысты. Іс-шара балаларды қорғау күніне сәйкес келді, бұл форум Ақтөбе жерінде өтіп жатқандығы кездейсоқ емес, 2018 жыл облыс әкімі - «Бақытты бала» жылы деп жариялаған болатын. Облыс әкімі Сапарбаев Б.М. өзінің құттықтау сөзінде бұл оқиға балаларды тәрбиелеу, отбасын нығайту, рухани-адамгершілік дәстүрлері мен отбасылық құндылықтарды қалпына келтіру және сақтау үшін әкелердің мәртебесі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Слет жұмысына Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан делегаттар қатысты. Сөз алғандардың ішінде - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшелері, "Қазақстан әкелер Одағы" ҚҰ өкілдері және т. б.

Әкелер қозғалысының маңыздылығы, қазақстандық әкелердің проблемалары және оларды шешу жолдары, жауапты әкелердің ұрпақты тәрбиелеуі, балаларды оқытуда жеке үлгі қажеттілігі - бұл форумның басты аспектілері.

Ұжым атынан ұйымдастырушыларға форумға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз.

Қайдасов А.Ж.,

бөлімінің жетекші маманы

Шәкәрім әлемі мұраларын зерттеу

 «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді...»

«Үш анық» Ш.Құдайбердіұлы

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ақпараттық орталығында биылғы жылдың «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясының таңдауына ие болған  Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» атты шығармасы оқылды. Бұл, Шәкәрімнің қазақ философиясына өзінің жеке тұжырымдарынан туындаған «үш анығы» барын танытқан, дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің, тіршіліктің мәні мен сыры, жан мен тән секілді мәселелерді қарастырған философиялық трактаты.

Институт қызметкерлері осы тұрғыдағы  өзіндік ой-пікірлерді ғылым негізіндегі талғамдармен салыстыра отырып жеткізді.

Барлығыңызды Шәкәрім мұраларының ғибраттарымен сусындауға шақырамыз!

 

Р.К. Назарбаева,

ақпарат орталығының маманы

«Астана – менің жүрегімде» тақырыбында сурет салу байқауы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты «Астана-Алаштың бақ ордасы» атты апталық  аясында   курс тыңдаушыларымен  29 маусым 2017 жылы «Астана – менің жүрегімде» тақырыбында сурет салу байқауын   ұйымдастырды.

Алғаш сөз алған Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директорының орынбасары, п.ғ.к., доцент Н.К. Кибатаева Елорданың туған күні егемен Қазақстанның бірлігі мен тәуелсіздігін бейнелейтіндігін, бүгінде Астана – барлық қазақстандықтардың сүйікті қаласы екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қатысушылар байқауды «Астана» әнімен ашты.Байқау соңында  салынған  үздік суреттер іріктеліп,  дипломдармен   марапаттауға  ұсынылды.

Култаева Л.А.

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

«Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы курста тәжірибе күні

Баланың денсаулыққа және бақытты өмір сүруге деген құқығын іске асырудың бірден бір жолы, жаз кезеңінде мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

   Осыған орай  28 маусым 2017 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтының біліктілікті арттыру  курс тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласындағы №7 «Арман» МДҰ  базасында «Тәжірибе күні» ұйымдастырылды. Әдіскер  Ж.А.Есенова  жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру жолдарына тоқталды. Заманауи үлгідегі «Көпіршіктер әлеміне саяхат» атты ұйымдастырылған ойын-сауықта   тәрбиеші З.С.Сатаева мен  логопед М.М.Джумабаева балаларға сүйіспеншілік көңіл-күйін сыйлады. Г.О.Имангалиева мен Э.М.Елемесова  ересек жастағы балалармен сурет салудан  «Жазғы бояулар» атты шығармашылық  жұмыс түрін көрсетті    

Тәжірибе күнінде қолданылған жазғы кезеңдегі әдіс-тәсілдер педагогтардың білімін тереңдетуге ықпалы мол екенін айтып, алғыстарын білдірді.

 

Култаева Л.А.

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

«Қазіргі заманға сай отбасы және мектеп арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімді әдістері мен формалары» тақырыбындағы Облыстық Слеттің ЕРЕЖЕСІ

      Облыстық слет  «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты мен Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның біріккен жоспарына сай  2017 жылдың  24 тамызында   өтіледі.

Слеттің мақсаты: отбасы мен мектептің өзара тиімді іс-әрекетін қалыптастыруды психологиялық-педагогикалық қолдау

Слеттің міндеттері:

  1. Оқушылардың  оқу әрекетіндегі  табыстылығын қамтамасыз етуде отбасы мен мектеп арасындағы өзара  қарым-қатынастың ролін  арттыру;
  2. Мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасындағы психологиялық мәдениетті көтеру;
  3. Отбасы мен мектептің өзара  тиімді қалыптасқан әрекеттегі іс- тәжірибені тарату.

Өткізілетін  мерзім кезеңдері:

1 кезең: Мамыр айы. Слетті өткізу туралы ұйымдастыру комитетін құру.

Слетті өткізу туралы ақпарат хат дайындап білім беру мекемелеріне жіберу.

2 кезеңТамыз айы:  Слеттің  облыстық қорытынды кезеңі        

Слеттің бағдарламасы:

1.   Ғылыми -практикалық   конференция:  «Мұғалімдер мен ата-аналардың тиімді байланысын ұйымдастырудың формалары мен әдістері»

2. Дөңгелек үстел: «Отбасы тәрбиесінде балалармен  қарым-қатынастың психологиялық  жай-күйі»

3. Мастер-класс: «Отбасы - тәрбие  тал бесігі»

      Слетке қатысушылар: Білім беру мекемелерінің  психологтары, әлеуметтік педагогтары, тәрбие жұмысының орынбасарлары, класс жетекшілері және ата-аналар комитетінің төреаймы (төреағасы) қатыса алады.

 Өткізу тәртібі: Қатысушыларбаяндама мәтінін қазақ, орыс тілдерінде электронды нұсқада жібере алады. Мәтін WINDOWS XP форматында, Times New Roman шрифтімен, А4 форматында бастырылуы керек. Шрифт көлемі – 14, аралық интервал – бір, барлық жиектердің ені – 2 см., абзац – 1,0 см. Көлемі 5 бетке дейін. Парақтың ортасына бас әріптермен баяндаманың аты жазылады. Әдебиеттер тізімі – мәтін соңында.  Көлемі – 5-6 бетке дейін. Конференция материалдары институт баспасынан электрондық түрде шығарылады.

Қатысу туралы сұраныс  15 тамызға дейін  2017ж.«Өрлеу» ҰБАО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыру комитетіне мына e-mail:Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.   жіберуіңіз сұралады.

 

Қатысушының

ат-жөні

Қатысатын бөлімі

Тақырыбы

Мекен-жайы, (сот.тел.,электрондық поштасы)

 

Марапаттау жеңімпаздар дипломдармен және мадақтамалармен, сертификаттармен  марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті

«Астана – жаңа Қазақстанның қуаты»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтында әлем көз тіккен Астанамыздың мерейлі мерекесіне орай өткізіліп жатқан «Астана-Алаштың бақ ордасы» атты апталықтың кезекті күні курс тыңдаушыларымен «Астана – жаңа Қазақстанның қуаты» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: тәуелсіздік туын жалындата желбіреткен Астана төріндегі салтанатты сәттен көріністер беру және  өлке тарихының сырларын мәлімдеу. Тыңдаушыларды қызықтырған көрмеде кітаптар жиынтығымен жазылған «Астана» жазуында кітап инсталляциясы жасалып, салт-дәстүрді, тарихты зерделейтін әдебиеттермен толықтырылып, оқырмандарға «Арман-ПВ» баспасынан шығарылған «История Астаны»,«Народ Казахстана: история и современность» тб., «Алматыкітап» баспасынан шыққан «Қазақстан» атты  үш тілдегі энциклопедиялық кітаптардың құнды мағлұматтар бергені сөзсіз.  

Р.К. Назарбаева,

кітапхана маманы

« Әлем таныған Астана »

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасы  «Астана-Алаштың бақ ордасы»атты апталықтың екінші күнінде «Әлем таныған Астана» атауымен курс тыңдаушылары арасында ақпараттық-танымдық сағат өткізді. Кітапхана мамандары Р.К. Назарбаева және  Г.Е. Шынтасова курс тыңдаушыларын  Астана бастауының  хронологиялық даму сатысынан бастап таныстырып,  «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесінің мәніне, келушілер санына, көрме бейнелеріне толығынан тоқталды.Одан әрі  айтылған барлық мәліметтер негізінде «Кім жүйрік?» интеллектуалдық ойыны жүргізіліп,  «Бәйтерек» және «Есіл» топтарына  шығармашылық жетістіктерін көтеру мақсатында сұрақтар берілді. Жарыс соңында кітапхана меңгерушісі Н.Н. Ермекова Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылған байқауды хабарлап, жеңімпаз тыңдаушыларға сыйлықтар ұсынылды.

Назарбаева Р.К.

кітапхана маманы 

Заманауи тәрбие мен білім беруге біздің көзқарасымыз

Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –

бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім

 оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан

 сол деңгейде болады. Сондықтан

 ұстазға жүктелген міндет ауыр

Н.Назарбаев

«Қандай тәрбиесіз балалар!», «Қашан көрсеңде ұялы телефонға үңіліп жүреді!», «Ешкімді көрмейді, ешкімді естімейді!» деген сөздер жастарға жиі айтылады.  Шынымен де, қазіргі заманауи жастардың ең өзекті мәселесінің бірі  – танымдық белсенділігінің  төмен болуы.

Неге бұлай болады?

Біздің көзқарасымыз бойынша,  жас ұрпаққа  оқыту және тәрбие беру саласында әртүрлі әдіс-тәсілдердің жете қолданылмауы деп білеміз. Әрине сабақтардың бірсарынды жүретіні, оқушылардың сабақта белсенділік танытпайтыны, өте керемет деген сабақтың өзінде барлық тапсырмаларды мұғалімнің өзі дайындап келетіні жасырын емес еді. Оқушылар тек дайын білімді алды. Мектептің алдында оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен ынтасын арттыру проблемасы тұрды.

Бүгінгі күні оқушылардың оқуға деген қызығушылығын қалай ояту керек? Сабақта оқушылардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдануқалай керек? Сабақта қолдануға тиімді модульдерді қалай пайдалану керек?

Бұл сұрақтарға жауап беруге бізге  жаңартылған  білім беру мазмұнының пилоттық жоба бойынша жұмыс жасайтын №9  мектеп – гимназиясының мұғалімдері: Абылхатова М.Т., Мирук Т.Н., Штукина О.А., Уманская Е.Г келді. Олар презентация, панорамалық сабақ көрсетіп, тренер Куспаева Райхан Булешовнаның басшылығымен орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша курстан өтіп жатқан тыңдаушылардың  көптеген сұрақтарына мазмұнды, толық  жауап берді.

Мұндай кездесулер педагогтарға Қазақстан мектептеріне жаңартылған білім мазмұнын енгізу кезіндегі қиындықтарды жеңуге септігін тигізді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі, аланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясындағы құндылықтарды бала бойына дарыта отырып, жаңа мазмұнда білім беру оң нәтиже береді деп сенеміз. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру, баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеге жеткізу ұстаздық шеберлікті қажет етеді.

Қазақстанның болашағы – жаңартылыған білім мен тәрбиеде!

 

Куспаева Р.Б.,

п.ғ.к., кафедрасының доценті

Байқаулар жарияланады ....

Құрметті педагогтер!

Астана күні мерекесіне орай «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында ағымдағы жылдың 26.06.-05.07. уақыт аралығында «Алаштың бақ ордасы – Астана» атты апталық өткізіледі. Апталық аясында видеолекциялар, кітап көрмелері ұйымдастырылады.

Сонымен қатар «Астана – менің жүрегімде» тақырыбында үздік өлең, үздік шығармашылық эссе, үздік сурет байқаулары жарияланады. Ақтөбе облысы  педагогтерін  байқауға белсене қатысуға  шақырамыз.  Байқау жұмыстары инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөліміне (каб. №35) тапсырылады. Жұмыс түрі – еркін.

Байл.тел.: 54-59-29, 8705 5384800

Ұйымдастыру комитеті

 

«Астана – арман қала, бас қала»

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасы 6 шілде - Астана күніне арналған «Астана – арман қала, бас қала» атты апталықтың бірінші күнін  курс тыңдаушыларымен  бейне дәріс түрінде өткізді. Дәрісті  Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында, Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық, бұрынғы Бозақ қаласынан бастау алатын елорда тарихының құрылғаны туралы кафедра меңгерушісі п.ғ.к. доцент А.Қ. Дүйсенбаев бастады. Одан әрі Астана қаласының бейне фильм көрсетілімі басталып, қазіргі көркейген Астананың  сәулетті кешендерінің тарихымен  таныстырылды. Тәуелсіздіктің  көк туын  желбіреткен Елордамызда әлемдік аренаның айшықты тұстарында қазіргі жүріп жатқан «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің өткізілу барысы туралы айтылды.

 

 Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы 

Тіл мерейі - ел мерейі

Қазақстан елінде, Ақтөбе облысында тіл мерейін көтерер «Қазақстан –ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XIV халықаралық олимпиадасының жабылу сәтінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева ұжым атынан байқау жеңімпаздарын құттықтап, Монғолиядан, Ресейден, Ираннан, Өзбекстаннан,Қытайдан келген әріптестеріне және оқушыларға ұшқыр ой мен шығармашылық шабыт тілеп, Ақтөбеден креативті естелік сыйға тартты.

 

Р.К. Назарбаева 

кітапхана маманы

Коммуникативтік құзыреттілік оқушы тулғасының даму құралы ретінде

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ білім беру мазмұның жаңарту курстары аясында «Формирование коммуникативной компетентности младших школьников на уроках русского языка» атты облыстық шығармашылық диалог-панорамасын өткізді.

Диалог-панораманын мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелері бойынша орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамыту.

Қатысушылардың пікірі бойынша коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырып, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Рефлексия барысында қатысушылар диалог-панораманын қызықты және жоғары ғылыми-тәжірибелік деңгейде өткізілгенің айта келе өздерінің іс-тәжірибесінде қолданылуга болатын педагогикалық идеялармен бөлісті.

 

Кенжегалиева Д.К.,

«Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» пәндері бойынша

жаңартылған бағдарлама тренері

 

Педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесі "Нұр-Отан" партиясының бақылауында...

2017 жылдың 23 маусымында Ақтөбе облыстық мәслихатында 2015-2019 жж. арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды  дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Білім" бағыты бойынша Комиссия жұмысының жоспарына сәйкес «Нұр Отан» партиясының фракциясымен  бірлескен отырысы өткізілді. Отырысқа білім басқармасының өкілдері,аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық, қалалық ғылыми-тәжірибелік орталығының, кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Комиссияның бірлескен отырысын облыстық мәслихат депутаты, өңірлік  жетекші, "Білім" және "Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту" бағыты бойынша комиссияның басшысы, т.ғ.к. Мухамбетпаизова Женискуль Сагидоллаевна ашты. Қала әкімінің орынбасары Байырханов Жандос Бакытбекович 2015-2019 жж. арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша  Ақтөбе қаласы мен ауылдық мекендердегі 2016-2017 жж. білім нысандарының құрылыс барысымен таныстырды.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының директоры, ф.ғ.к. Абишева Нургуль Молдабаевна жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі туралы мәселелерді ортаға салды. Өз сөзінде Нургуль Молдабаевна Мемлекет басшысының 2017жылғы жолдауындағы тапсырмалардың білім мазмұнын ұйымдастырудағы жаңа концептуалды тәсіл екендігін ерекше атап өтті. Жаңартылған білім мазмұны аясында педагогтерді оқыту жүйесін ұйымдастыруға қатысты мәселелермен таныстырды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.

Матсалаева Ж.К.,

баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімінің маманы

Педагогикалық мұражайда тәлімгер ұстазбен кездесу

 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ педагогикалық мұражайында көп жылдар бойы дарынды балалармен жұмыс бөлімін басқарған, «Дарын» облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының іргетасын қалаған   ардагер-ұстаз Исмурзина Найман Адайқызының келуіне орай курс тыңдаушыларымен кездесу өткізілді.  Шараны институт директоры Н.М. Абишева ашып, мұражайдағы  деректердің  құндылығына тоқталды. Одан әрі  кездесуді  институт қызметкері Н.Н. Ермекова   мұражайдағы  әр түрлі экспозиция бағыттарына мол мағлұмат беріп,  мәдени жәдігерлердің тарихымен таныстырды    және «Мерейтой қарсаңында» бейнефильмінің көрсетілуімен жалғастырды. 2000 жылдары біліктілікті арттыру институты жанынан құрылған «Дарын» орталығы бөлімінің  тәжірибелі тәлімгері, көп жылдар бойы педагогика саласына еңбегі сіңген қайраткер Найман Адайқызы іскерлік тәжірибенің кейбір кезеңдеріне тоқталды, мұражай қоры алдағы уақытта құнды жәдігерлермен  толықса деген жүрекжарды тілегін білдіріп, ұрпақты ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелейтін ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тіледі.

Кездесу  соңында тарих пәні мұғалімдері ұлағатты ұстаздың іскерлік тәжірибеде үлгі болар істеріне алғыстарын білдірді.

 

Р.К. Назарбаева,

кітапхана маманы

«Жаңартылған білім беру аясында орыс тілін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қазақстанда 2015 жылдан бастап орта білім мазмұнын жаңарту үрдісі басталды.

2017 жылдың 20 маусымында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалында жаңартылған білім беру біліктілікті арттыру курсының аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Жаңартылған білім беру аясында орыс тілін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Алғы сөзді аталған іс-шараның мақсаты мен бағдарламасымен таныстыру үшін курс тренері К.З. Сансызбаева алды. Алға қаласының №3қазақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Ж. Джаукен  «Ассоциациялар» психологиялық тренингін өткізді.

Ақтөбе қаласының №11 орта мектеп –гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Коптлеуова Р.С. «Жаңартылған білім беру аясында орыс тіліне оқыту» тақырыбында баяндама жасады. Никельтау орта мектебінің ұстазы О.Б. Абдрахманова «Бастауыш сыныптың орыс тілі сабағында критериалды бағалауды қолдану» шебер-класын көрсетті.

Ақтөбе қаласының №45 орта мектебінің мұғалімдері Ш.Т. Нурмаганбетова мен А.М. Табулдинова өткізген тренинг «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған білім бағадарламасының құрылымын, мазмұнын, мақсатын, міндеттерін талдап, орта білім беру жүйесіне жаңашылдық енгізудің маңыздылығы туралы пікір алмасуға мүмкіндік берді.    

Дөңгелек үстел соңындағы рефлексияда педагогтер орыс тілі мен әдебиетті оқытуда инновациялық процестерді енгізудің өзектілігін атап өтті.  

 

Сансызбаева К.З.,

мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-

педагогикалық жетілдіру кафедрасының аға оқытушысы

«Ақтөбе облысының үздік жас мемлекеттік қызметшісі - 2017» облыстық конкурсы

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 16 маусымында  «Ақтөбе облысының үздік жас мемлекеттік  қызметшісі -2017» облыстық конкурсы өкізілді. Байқау мақсаты –  жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге тарту, мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту және насихаттау.

Әділқазылар құрамына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Абишева Нургуль Молдабаевна шақырылды.

 Байқаудың жеңімпаздары мен номинанттарын  жеңістерімен құттықтаймыз!

«Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы курста тәжірибе күні

            Мектепке дейінгі білім бала тұлғасын дамытуда инновациалық әдістер мен технологияларды қолдану  қажеттілігін қарастырады.    Осыған орай  14 маусым 2017 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтының біліктілікті арттыру  курс тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласындағы №48 «Нұрай» МДҰ  базасында «Тәжірибе күні» ұйымдастырылды.  МДҰ меңгерушісі  Н.И.Балмагамбетова  балаларды дамытуға бағытталған алуан түрлі интерактивті амалдарды кеңінен қолданатындықтарын атап айтты. Заманауи үлгідегі  ұйымдастырылған  сабақтарда  тәрбиешілер  И.Е.Танирбергенова  ертегі  желісіне сәйкес үйлесімді қимыл мен  әңгімелеу жолдарын көрсетсе, Ф.Б.Орынбасарова кіші жастағы балалармен М.Монтессори әдісін тәжірибеде қолданудың тиімділігімен бөлісті. А.М.Сапарова  мүсіндеу арқылы шығармашылықты ерте дамыту әдістерін ұсынды.. МДҰ әдіскері М.Б. Аппазова  мектепке дейінгі ұйымда білім берудің үрдісін ұйымдастыру жолдарымен таныстырды.

        Тәжірибе күнінде қолданылған әдіс-тәсілдер педагогтардың білімін тереңдетуге ықпалы мол екенін айтып, алғыстарын білдірді.

 

                                            Култаева Л.А.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш

білім беру кафедрасының аға оқытушысы

«Өрлеу»: самғау тарихы» ( «Өрлеу»: 5 жылдыққа орай)

2017 жылы 15 маусымда  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ 5 жылдығына орай «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында алғашқы педагогикалық мұражайының ашылу салтанаты өтті.

Алғашқы педагогикалық мұражайдың ашылу мерекесіне еңбек ардагерлері, Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің өкілі, иституттың бұрынғы басшылары, облыстық білім басқармасының, кәсіподақ ұйымының өкілдері, облыстық ардагерлер қауымдастығының өкілдері, тілдер департаментінің директоры, институт қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысты.

Мұражайдың ашылу құрметі педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын Ақтөбе институтының бұрынғы басшылары Балябина Мария Харлампьевна мен тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Абдуллаев Нуртаза Акишановичке берілді.

         Қонақтардың назарына  мұражайдағы «БАИ қызметінің тарихы», «Институт тарихының беттерінен», «Оқыту мен тәрбиенің кірігуі», «Педагогикалық тәжірибелер панорамасы», «Ғылыми зерттеулер тарихы», «Институт мақтанышы», «Өрлеу»: самғау тарихы» секілді экспозиция бағыттары ұсынылды.

         Институт директоры Абишева Нургуль Молдабаевна педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қалыптасу тарихына қосқан зор үлесі үшін ардагерлерге алғыс айтты. Еңбек ардагерлері де өз кезегінде алғыстарын айтып, институт өмірінің әр жылдарынан қызықты сәттерді естеріне түсірді, мұражайға өткеннен естелік болар қолжазбалар, фотосуреттер мен кітаптарды сыйға тартты.

          Қорытындысында қонақтарға «Мерейтой қарсаңында» бейнефильмінің тұсаукесері көрсетілді.

«Өрлеу» педагогикалық мұражайы тарихи сабақтар өтетін, тыңдаушыларға саяхат жүргізетін алғашқы орын болды. Мұражай естеліктермен толықтырылып, одан әрі дәстүр бойынша жұмысын жалғастырады. 3D TUR ORLEU


Ж.К.Матсалаева,

баспа қызметі және қоғамдық

ортамен байланыс бөлімінің жетекші маманы

           

 

 

 

 

 

 

«Тәрбиелеу мен оқытудың сапалық нәтижесін бағалаудағы квалиметриялық құрал»

       «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша  ПҚ БА институтының жоспарына сай 9 маусым 2017 жылы «Тәрбиелеу мен оқытудың сапалық нәтижесін бағалаудағы квалиметриялық құрал» тақырыбындағы облыстық  ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің сапасын арттыру, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін көтеру.

          Семинардың ашылуында   кафедраның аға оқытушысы Л.А. Култаева  қазіргі уақытта мектепке дейінгі жастағы балаларға білім берудің сапалық нәтижесін бағалаудағы  ең тиімді құралы  – квалиметриялық құрал болып отығаны жөнінде айтып өтті.

         Семинар жұмысына белсене қатысқан Ақтөбе облысының кәмелетке толмаған балаларды оңалту орталығы тәрбиешісі - А.С.Осерова;  Ақтөбе қ. №55 ОМ  шағын орталық тәрбиешісі -А.Б.Әмитжан;  №4 «Көктем» МДҰ тәрбиешісі -Т.В.Спанова; Ойыл ауданы «Асанәлі» МДҰ тәрбиешісі - А.Н.Бактыгалиева және т.б. өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.   

Семинар жұмысының соңында, барлық қатысушылар ғылыми-тәжірибелік деңгейде ұйымдастырылған семинарға алғыстарын білдірді. 

Култаева Л.А.

Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру

кафедрасының аға оқытушысы 

Экономикалық индустриялық-инновациялық даму жағдайында кәсіптік техникалық білім мазмұнын жаңғырту(семинар ТжКБ)

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2017 жылы 8 маусымда аталған колледж базасында  «Экономикалық индустриялық-инновациялық даму жағдайында кәсіптік техникалық білім мазмұнын жаңғырту» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, ф.ғ.к., НургульАбишеваның және  Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжінің директоры т.ғ.к. Женискуль Мухамбетпаизованың алғы сөзімен семинар жұмысы ашылды.

Өз сөздерінде басшылар жаңартылған білім мазмұнын енгізу идеялары бойынша ТжКБ ұйымдары оқытушыларының инновациялық тәжірибе көрсету және өзара алмасуға, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жаңа форматтағы мамандарды даярлау мәселелерінде ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Семинарға колледж директорларының орынбасарлары, әдіскерлер, «Өрлеу» БАОҰ» АҚ филиалының өкілдері, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Жұмыс барысында қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртуға байланысты мәселелерді белсенді талқылады. Институттың «Инновациялық  дамуды  әдістемелік  қамтамасыз  ету»  бөлімінің жетекші маманыБакытбек Утаров«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлем кеңістігінде ықпалдастыру сұраныстарына сәйкес  жаңғырту» тақырыбындағы баяндамасында жаңартылған білім беру мазмұныны жағдайындағы ТжКБ жүйесі құрылымдардың негізгі басымдықтарын анықтап айтып өтті.

Сондай-ақ өздерінің тың ойларымен колледждердің алдыңғы қатарлы оқытушылары да тәжірибелерімен бөлісті:Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжінің «Жол және жол шаруашылығы» бірлестігінің жетекшісі, арнайы пән оқытушысы Б.А.Машимбаева«Дуальді оқытудын-жаңа инновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгерудің дайын жұмысшы мамандарды даярлаудағы рөлі» баяндамасымен, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің өндірістік оқыту шебері А.Ж.Кожахметова««Токарь» мамандығы бойынша біліктілікті жоғары мамандарды дайындауда өндірістік оқыту шеберінің рөлі» және т.б.. Олар  өз баяндамаларында ТжКБ мамандарының үздіксіз кәсіби даму мәселелерін шешудің тәжірибесі  мен жолдарын ұсынды. Ақтөбе политехникалық колледжінің ЦӘБ төрағасы, арнайы пән оқытушысы Дархан Шаңбаевтыңтехникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жаңа форматтағы маман даярлауда инновациялық технологияларды пайдалану  бойынша тәжірибесі қатысушылардың ерекше қызығушылықтарын туғызды.

Семинар соңында қатысушылар осы іс-шараның маңыздылығын атап өтіп,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен ТжКБ ұйымдары бірге одан әрі кәсіби қарым-катынастарын жалғастыруына ниет білдірді. Семинар қатысушыларына сертификаттар  табыс  етілді.

 

Утаров Бакытбек,

«Инновациялық  дамуды  әдістемелік  қамтамасыз  ету»  бөлімінің жетекші маманы

«Шағын орталық тәрбиешілерінің кәсіби іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбындағы курста тәжірибе күні

Қазіргі уақытта  мектеп жасына дейінгі балаларға  тәрбие мен білім беруде  арт-терапия әдісін қолданудың тиімділігі өте зор. Осыған орай  6 маусым 2017 жылы «Өрлеу» БАҰО»  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтының біліктілікті арттыру  курс тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласындағы №21 « Кәусар бұлақ» МДГ  базасында «Тәжірибе күні» ұйымдастырылды.  Гимназия тәрбиешілері  Р.Ахметова , АРТ терапияны дене тәрбиесінде  қолданудың  - тиімді əдістерімен бөлісіп, бала денсаулығын нығайтуға, көңіл-күйінің жақсаруына  әсері зор екенін түрлі ойын-жаттығулар арқылы көрсетсе,   Ж.Ж.Жолдасбаева  мектепке дейінгі жастағы балалардың  сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар және қимылмен үйлестірілген өлең жолдары  балалардың сөйлеу дағдыларын орнықтыра түсетінін жеткізе білді. Тәрбиеші Р.А.Кулмурзина балабақшадағы  балалардың тілін дамыту үшін мнемотехника әдісін пайдаланудың тиімділігі мен оны пайдалану жолдарын көрсетіп,  балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, көру, есте сақтау қабілеттерін  нығайтатындығына тоқталды.   Тәжірибе күнінде қолданылған әдіс-тәсілдер педагогтардың білімін тереңдетуге ықпалы мол екенін айтып, өзара тәжірибе алмасты.

 

Култаева Л.А.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы

Педагогтердің назарына!

"Өрлеу" БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру иституты барлық тілек білдірушілерге республикалық маңыздағы  "Әдіскер жаршысы" (есепке алу куәлігі  №15636-Ж   22.10.2015 ж.) және "Педагогикалық даму" (есепке алу куәлігі  №16242-Ж от 06.12.2016 ж.) журналдарына ІІ жарты жылдыққа жазылу жұмыстары жалғасуда екенін естеріңізге салады.

 

Байланыс телефондары: 8 7132 560537, 541329

Серіктестікке шақырамыз!

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.