САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА КӨМЕК РЕТІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР...

Құрметті педагогтер!

  Бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсы жалғасуда!

  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы конкурс қатысушыларына сапалы бейне материалдарды әзірлеуге көмек ретінде әдістемелік ұсыныстар әзірледі.

  Берілген материалдарда фильм жасаудың негізгі техникалық құралдары мен механизмдері көрсетілген.

  Әдістемелік ұсыныстармен танысу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.

   Сілтеме 1

   Сілтеме 2

   Сілтеме 3

   Сілтеме 4

   Әрбір мұғалім үшін Конкурс - олардың педагогикалық тәжірибесі мен кәсіби өсуін көрсету болып табылады.

   Конкурсқа қатысу сіздің жеке педагогикалық тәжірибеңізді құруға және ақпараттық- коммуникациялық құзыреттілігіңізді дамытуға мүмкіндік береді.

 Е.С. Давлеткалиева

Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі

Co-working-орталық балаларды біріктіреді...

  2018 жылдың 19 шілдесінде  «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысындағы филиалындағы  Co-working-орталығында«Өнер күні» өтті. Әр түрлі жастағы  балалар ән айтуда, сурет салуда, би билеу сайыстарында өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

  Солардың ішінде Тажниязова Аружан мен Кызыбаев Арсеннің хип-хоп стиліндегі би композициясы қатысушыларға көптеген жағымды сезімдер мен эмоциялар, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

  Co-working-орталығында мұндай шаралардың өтуі әрбір баланың өзін-өзі тануға, басқа балалармен танысуға, қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді. Осындай әсерлі кездесулер балалардың есінде қалады деп үміттенеміз.

Н.Н. Ермекова

Co-working-орталығы

Құрметті педагогтер!

 «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне–cабақтар мен бейне дәрістерге қатысуға ниет білдірушілер үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы конкурстық материалдарды дайындау және ұсыну бойынша он-лайн консультациялар өткізеді.

  Әрине, кәсіби шеберлік конкурстарының маңыздылығын асыра бағалау қиын. Олар  мұғалім мамандығының беделін арттырып қана қоймай, сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұны аясында бар күш-жігерін аянбай шынайы шығармашылықпен айналысатын педагогтер арасынан ең таланттыларын анықтауға мүмкіндік береді.

  Байқауға қатысушылардың барлығына кәсіби шыңдарды еңсерудегі шығармашылық табыстар тілейміз!

 Он-лайн консультациялар аптасына екі рет: сейсенбі, бейсенбі сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін өтеді. Бейне қоңырауға WhatsApp нөміріне қоңырау шалуыңызға болады Ақтөбе филиалының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі -8-775-485-07-17; ақпараттық технологиялар бөлімі- 8-747-218-73-80.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

   Заманауи қоғамда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытудағы білім беру ұйымдарының негізгі қызметі – орта білім беру мазмұнын жаңарту, заманауи тәсілдерді тиімді қолдану, сонымен қатар оқу мен оқытудың  белсенді стратегияларын, Б.Блум таксономиясы негізінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалаудың тәсілдерін анықтау.

   Ақтөбе облысының білім басқармасының басқарма бастығы Л.А. Оразбаева төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте талқылау аясында аймақтағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері қаралды. Облыстық кадрлар бөлімінің бастығы Г.Жантуринаның, Н.К.Кибатаева - Ақтөбе облысындағы «БАҰО «Өрлеу» ПҚБАИ» филиалының директор орынбасары, п.ғ.к., Т.А. Акимова - Педагогикалық шеберлік орталығының филиалының директоры педагогтармен жүргізілетін жұмыстардың сапасына,мұғалімдердің кәсіби дамуын әдістемелік қамтамасыз ету, мұғалімдердің курстық және курсаралық оқыту мәселелері бойынша сөз сөйледі. Педагогтердің АКМЕ кәсіби өсуіне қатысты сұрақтар қаралды. Тәжірибеде педагог өзінің кәсіби даму жолын саралап, сұрақтарға саналы түрде жауап бере білуі керек: 

  - Өзі біліктілікті арттыру курсының қай деңгейінде?

  - Өз бетінше оқу мен дамуда неге ұмтылады?

  - Өзінің кәсіби өсуі мен шеберлігінің траекториясын қалай құрады?

  - Білім алушылардың оқуда күтілетін нәтижелерге жетуіне көмекте­су үшін не істеу керек?

  Алқада ҰБТ студенттерінің нәтижелері бойынша мұғалімнің кәсіби сапасы, педагогикалық шеберліктің кәсіби конкурстарына қатысу, білім берудің жаңартылған мазмұны аясында біліктілікті арттыру курстары бойынша оқытушылардың сапалы іріктеуі талқыланды. Осы мәселе бойынша облыс алқасының шешіміне бірқатар маңызды ұсыныстар енгізілді.

  Осы мәселені облыс алқасында қарау нәтижелері бойынша Ақтөбе филиалының қызметкерлерімен шарттардың сапасын одан әрі қамтамасыз ету, біліктілікті арттыру курстарында білім беру және оқыту үдерісі, Ақтөбе облысының білім беру басқармасымен, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерімен, ТжКБ ұйымдарымен, облыстық білім беру ұйымдарымен тиімді ынтымақтастық жөнінде кездесу өткізілді.

  Барлық білім беру ұйымдарына бірлескен жемісті жұмыс тілейміз!

 

Кайдасов А.Ж.,

Жетекші маман

Туған күніңмен, өрлеуліктер!

    «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облыстық ПҚБАИ ұжымы туған күн иелерін шын жүректен құттықтады. Ұжымдағы әріптестері туған күн иелеріне мықты денсаулық, жемісті еңбек өздері ойлаған армандары мен мақсаттарының орындалуына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ мерейтой иелері Уразымбетова Алмагуль Багиевна мен Қайдасов Әділет Жеткербайұлына ізгі тілектер мен  жылы лебіздер айтылды.

 

Ермекова Н.Н.

Ақпарат орталығы

 

АҚТӨБЕ-ӨРЛЕУ: БАЙҚАУ НЕГІЗІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР ...

    Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын жариялайды.

   «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының педагогикалық ұжымы конкурстың аймақтық кезеңіне қатысуға ниет білдірген мұғалімдер үшін кеңестік жұмыс жүргізіп келеді.

   Кеңес беру барысында байқауға қатысу шарттары, «Өрлеу» білім порталындағы мазмұнды орналастыру ерекшеліктері, авторлық құқықты сақтау мәселелері талқыланды.

   Байқауға қатысушыларға қызықты педагогикалық идеяларды іске асыруда сәттілік тілейміз!

   Конкурсқа шығармашыл, жан-жақты ойлайтын, белсенді мұғалімдерді шақырамыз!

Co-working орталықта мейірімділік күні

         

         Қазіргі заманғы отбасы үшін еңбек ету өте маңызды. Жетістікке жету жолында үнемі өзін-өзі дамыту, білімін жалғастыру, артық жұмыс жасайтын кездерде отбасындағы баланың жан-жақты тұлға ретінде дамыту қажеттілігін, оның қызығушылығын ұмытпаған абзал...

       Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ Co-working орталығында мейірімділік күні болып, әртүрлі жастағы балалар қатысты. Институттың сертификатталған тренері А. Нуганова «Мандала өзін-өзі реттеу тәсілі» тақырыбында арт-терапиялық сабақ өткізді. Бала көпшілікпен қарым-қатынас жасап үйрену үшін 10 минут суреттегідей мандала бояп, мынадай сұрақтарға жауап берді:

-          Бояған суреттерің өздеріңе ұнады ма?

-          Қандай көңіл-күйде болдыңыз?

       Мейірімділік тақырыбында  институттың сертификатталған тренері Г. Жапақова «Мейірімділік дегеніміз не?», «Жақсы істер», «Сыпайы адам» тақырыбында еркін әңгімелесу, «Бір-бірімізге жақсы сөз айтайық» тренингі, Дүниежүзілік шоколад күніне орай балалармен «Шоколад жаңбыры» ойынын өткізді. Балалар күні бойы ойын ойнап, кітап оқып, мультфильмдер көрді.

      Co-working орталығында үнемі кестеге сәйкес сурет салу, балаларға арналған математика, ағылшын тілі, аппликация, қоршаған ортамен байланыс, шығармашылық шеберхана, спорттық ойындар бойынша сабақтар өтеді. Барлық сабақтар жүйелі түрде балалардың негізгі дағдысы мен шеберлігін дамытуға, сондай-ақ логикасына, есте сақтау, көркемдік талғамының қалыптасуына, ересектер мен құрбыларымен қарым-қатынас жасауға бағытталған.

                                                                                                                      Ермекова Н.Н.

            Co-working-орталығы

 

ПЕДАГОГТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ  «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

        «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Жедел жоспарға сәйкес «Қазақстандық білім және спорттық робототехника «КазРоботикс» Федерациясымен бірлесе «Робототехника: табысты болашақ жолында»атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.    

Өткізу мерзімі:18 қазан 2018 жыл.

Конференция мақсаты:оқыту үрдісінде робототехниканы дамытудағы өзекті мәселелерді жәнеоның табыстылығынталқылау.  

         Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Робототехниканы дамыту аясында кәсіби қоғамдастықты қалыптастырудағы мәселелер және даму болашағы.
  2. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі: робототехникадағы психоэмоционалды және социогуманитарлық аспектілер.
  3.  Робототехникадағы  когнитивті технологияларды тәжірибеде қолдану. 
  4. Сайыстық робототехниканың интеллектуалды дамыған тұлға қалыптастырудағы маңызы.   

        Конференцияның жұмыс тілі: қазақша, орысша

     Конференцияға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының және ПШО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, тренерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ТжКБ, орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, робототехника орталықтарын қатысуға шақырады. 

      Конференцияны өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86,        «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты».

        Материалдар 2018 жылдың қазанның 5-не дейін қабылданады.

          Ақпараттық ресурс:конференция материалдарының жинағы филиалдың  orleu-aktobe.kz сайтында жарияланады.  

          Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастырушылық комитеттің мекен-жайына қажетті ақпараттарды жіберуіңіз керек: 

  1. Конференцияға қатысу өтініші. (Қосымша1)
  2. Мақала/баяндама мәтіні. (Қосымша2)
  3. Электронды пошта мекен-жайы: «Конференция» деген белгісімен.

       Ұйымдастыру комитеті:     «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасы

       Мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86

       e-mail : kafedra-ndo@mail.ru  

       Анықтама үшін байланыс телефондары:8 (7132) 54-91-88.

       Ұялы телефондар:   8-701-132-05-16  Нурписова Рыскуль Коянбаевна

                                8-701-782-57-82    Абдиров Раушанбек Тулгабекович 

Ұйымдастыру комитеті

 

Қосымша 1

 

«Робототехника: табысты болашақ жолында»

атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін

ӨТІНІШ

 

1

Тегі, аты, әкесінің аты

 

 

2

Жұмыс орны, қызметі

 

 

3

Ғылыми дәрежесі, атағы, санаты

 

 

4

Мақала тақырыбы

 

 

5

Байланыс телефоны

 

 

6

Электронды пошта мекен-жайы

 

 

7

Қатысу формасы  (іштей, сырттай, он-лайн)

 

 

 

Қосымша  2

 

Материалдарды көркемдеуге қойылатын талаптар:

 

-        файл атауы – тегі_қала (мысалы: Ахметова_ Ақтөбе);

-        формат – кез-келген нұсқа MS Word

-        көлемі – үш беттен бес бет аралығында А-4 форматында – кітаптық орентация;

-        шрифт – Times New Roman; кегль – 12; таблица үшін – 11;

-        қызыл жиек: сол жақ - 2,5 мм, оң жақ, жоғарғы, төменгі - 2,0 мм;

-        жоларалық интервал – бірлік;

-        тегістеу – көлденеңнен;

-        қызыл жиек – 1 см;

-        бет номерлері – номерсіз;

-        графиктер, суреттер, схемалар, Word алынған құралдарын міндетті түрде топтастыру;

-        әдебиеттер ссылкасын номерлеу, ссылка номері тік жақша арқылы беріледі. «Әдебиеттер» бөлімі ортасы бойынша тегістеледі, 12 кегльмен қою  шрифтпен жазылады.

 

         Мақала атауы – ортасында, жартылай қою ғаріптермен, тасмалдамай, төменде екі интервалдан кейін – автордың тегі, аты, әкесінің аты, E-mail (авторлар – 3 адамнан аспауы қажет) – ортасында, жартылай қою ғаріптермен, төменде бір интервалдан кейін тегінің астына – жұмыс орны, төменде екі интервалдан кейін – мақала мәтіні.

         Егерде ұсынылған материалдар конференция тақырыбына, мазмұнына  және талаптарға сәйкес келмесе, ұйымдастыру комитеті автордың жұмысын жарияламауға құқығы бар.

 

                                    

Астана мерекесі қарсаңында онлайн-сайыс қорытындыланды

             Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Елімнің жүрегі – Астана: 20 жыл» атты облыстық  онлайн-сайыс қорытындысы анықталды.

             Астана қаласының тарихын, 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерін, жан-жақты насихаттау арқылы заманауи жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.

             Қазылар алқасы тапсырылған жұмыстардың сапасын, мазмұны мен безендірілуін, шығармашылық және кәсіби деңгейін бағалай отырып, қорытындылады.

 

Диплом 1 дәрежелі

Баймұханова Аксауле Шайхиновна - Қобда орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

 

Диплом 2 Дәрежелі

Айжарикова  Майра  Бидуллаевна -Бегалы  негізгі мектебінің кітапханашысы

С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы

 

Диплом 3 Дәрежелі

Ескарина Райла Жақсыбайқызы -Ақтөбе қаласы гуманитарлық колледжінің  кітапхана меңгерушісі

Сапина Нургул – Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің оқытушысы

Қазыбаева Шарагүл – Алға ауданы, Есет батыр атындағы мектеп-бақша тәрбиешісі

 

Қатысқаны үшін сертификаттар:

 

Жұмабаева Мейрамгүл Айтқұлқызы - Ақтөбе қаласы №65 ОМ кітапхана меңгерушісі

Ящук Любовь Николаевна  - Қобда ауданы Қызылжар ОМ кітапханашысы

Муканова Айсұлу Сагиндыковна - Қандыағаш №1 ОМ кітапхана меңгерушісі

Отеуова Ляззат Тулегенқызы - Шалқар ауданы, ГКС – 12 ОМ кітапханашысы

Сарқытбаева Перизат Берікқызы- Ақтөбе қаласы №61ОМ  9«а»класс оқушысы

Оралбаева Марфуга - Ақтөбе қаласы №61ОМ  кітапханашысы

Нишпаева Жанар Сабиржановна –Ш. Қалдыаяқов атындағы моделді ауылдық кітапхана меңгерушісі

Бахила Гүлжайнар Бақбергеновна- Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 ОМ

кітапхана меңгерушісі

Мұқашева Айнагуль Нурлановна - Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 ОМ кітапханашысы

 Ермекбаева К.О., Максимова Э.В. - Благодар орта мектеп кітапхана мамандары

 

Еліміздің айтулы мерекесіне арналған шараға белсене қатысқандарыңызға ризашылық білдіре отырып, бейбіт өмір, шығармашылық табыс, еліміздің мәртебесін көтерудегі  еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

 

 

Ұйымдастыру комитеті

«Тиімді оқыту» бағдарламасы басталды


       «Өрлеу» БАҰО АҚ  жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 31 шілдесінде  үшінші бағдарлама бойынша (базалық) «Тиімді оқыту» біліктілікті арттыру курсы басталды. Ақтөбе қаласы мен аудандардан барлығы 81 педагог қамтылды, оның 65,4% – қазақ тілді педагогтер. Курсты институттың сертификатталған тренерлері – п.ғ.к. Е.СДавлеткалиева, Б.З.Асанбай,  А.А. Изтлеуова  жүргізеді.

       Оқудың алғашқы күні әрбір курс тыңдаушысына 8 оқу құралынан тұратын оқу-әдістемелік материалдары берілді.

       Барлық мұғалімдерге «Тиімді оқыту» бағдарламасынының тұжырымдамалық идеяларын   меңгерде және енгізуде табыс тілейміз.

 

              Матсалаева Ж.К., баспа қызметі және

қоршаған ортамен байланыс бөлімінің жетекші маманы

«Рухани жаңғыру: саяси және экономикалық реформа»

     Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын маңызды саяси-идеологиялық жақтарын түсіндіру мақсатында құрылған топ құрамына«ӨРЛЕУ» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мамандары енгізілді. Құрылған топ 26-27 шілде күндері Қарғалы ауданының халқымен кездесулер өткізді. Қарғалы ауданының тұрғындарына бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы  айтылды. Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз — елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Сондықтан Елбасы мақаласында заманға сәйкес жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылып отырғандығы туралы ойларын ортаға салды.

Актөбе-Өрлеу: жаңа оқу жылы қарсаңында

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары аяқталды. Сертификаттар табысталды. Педагогтар «Өрлеу» БАҰО АҚ дайындаған қалыптастырушы және жинақтаушы бағалау оқу-әдістемелік материалдары үшін шын ықыластарымен алғыс білдіруде.

Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

2017 жылдың 3 -14 шілде аралығында Әйтеке би ауданындағы М.Жұмабаев атындағы ОМ базасында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ 80 көлемінде «Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсы өткізілуде.(Әйтеке би ауданының білім бөлімінің сұранысы бойынша) Курста Әйтеке би ауданы бойынша 25 педагог біліктіліктерін арттыруда. Курстың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Курс барысында бастауыш сынып мұғалімдері өзіндік тәжәрибелерін ортаға салып, мультимедиялық оқу ресурстарының мүмкіндіктерін қолданып, заманауи талаптарға сай белсенді оқыту тәсілдері негізінде кәсіби құзыреттілігін дамыта түсті.

 

Жубаева Жангуль Онаевна

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім»

кафедрасының аға оқытушысы, магистр

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.