"Ақтөбе - Өрлеу": Конституция қарсаңында...

30 тамыз -  Конституция күніне орай «Өрлеу» БАҰО АҚ  Ақтөбе облысы ПҚБАИ  ақпарат орталығы «Конституция – өркениет пен мәдениеттің тоғысы»атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу тарихы, отандық тарих ғылымында тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан жаңа тарихи көзқарастар және ғылыми айналымға қосылған тарихи деректерді қамтитын кітаптар қойылды. Қазақ, орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «.... бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам - қайырымды қоғам» деген Әбу Насыр әл-Фарабидің сөзінен басталған Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы «...екі мыңжылдықтың тоғысындағы ұлттық тарихтың жаңа мәтінін жазу – Астананы құру» деген Н.Назарбаевтың жүрекжарды ойынан бастау алады. Бұнда қала шежіресі, Елорда эстетикасы, Астана аңсары деген тараулардан құралып елінің игілігі үшін халықтың мәдениеті мен өркениеті кең қамтылған.

Ал,үштілді,фотосуретті энциклопедиялық «Қазақстан» басылымы оқырмандарды еліміздің облыстары мен басты қалаларының картасы, ландшафтысы, табиғаты, климаты, әлеуметтік жағдайы мен тарихымен таныстырады. Бұл жоғары дәрежедегі тартулық басылым. Е.Ш. Шаймерденовтың «Елтаным» кітабы- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы жан-жақты ғылыми-көркем пайымдау арқылы замандастарымыздың бойында мемлекеттік мұраттарға адалдық, ұлттық құндылықтарды, отаншылдық сезімдерді оятуға бағытталған. «Елтұтқа» кітабында 150-ге тарта әйгілі тарихи тұлғалар туралы ғылыми мағлұмат берілген.  

Көрме уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан алынған  басылымдар және ұлық тұтар ұлы заңының мәртебесін арттырар кітаптармен топтастырылды.

Мәңгілік елдің тұғыры болар Конституция күнімен құттықтай отыра, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық ,елімізге тыныштық тілейміз!

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Балалар роботехника кабинетінде...

Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының  Co-working- орталығы жазғы каникулдың соңғы күндерінде балаларды робототехника құрылыстарымен таныстырды.

Робототехника балаларға шығармашылықпен айналысуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға,баланың ғылымға, техникаға деген қызығушылығын арттыруға жетелейді, топпен жұмыс жасауға үйретеді.  

Шара соңында балалар робот көрсетіліміне ризашылығын білдіріп, тамаша эмоцияларымен бөлісті.  

 

Назарбаева Р.К.

Co-working - орталығы

«Ақтөбе-Өрлеу»: «Мектепке жол» акциясы аясында

2018 жылдың 28-тамыз күні  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты.

Жаңа оқу жылы қарсаңында материалдық қолдауды қажет ететін жандарға жасалған игі шара тиімді болды. Аз қамтылған 10 отбасының балаларына мектепке қажет оқу құралдары берілді. Оқушылардың ата-аналары көрсетілген материалдық көмектері үшін институт ұжымына өзіндік алғыстарын білдірді.

Сондықтан да қайырымдылық іс үшін баршаңызды қаржылық көмек көрсетуге шақырамыз. Кез келген көмек түрі: мектепке қажетті оқу құралдары немесе киім, оргтехника және концелярлық тауарлар, жиһаз немесе спорттық инвентарьлар, азық-түлік немесе кітаптар  - басталғалы тұрған жаңа оқу жылында балаларды мектепке дайындау үшін қолдау және көрсетілетін жәрдем болып табылады. 

Трнабаева Н.С.,

бөлім бастығы

Еңбегі сіңген марапат...

Тамыз....Облыстық педагогикалық конференция....Жұмыс нәтижелерін қорытындылау..... Біз сіздермен қуанышты  хабарды бөліскіміз келіп отыр. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының өзін-өзі тану және  бастауыш білім беру бойынша сертификатталған тренері Тоқбасова Айжан Серікбайқызын облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру ісіне қосқан зор үлесі үшін табысталған «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен құттықтаймыз.

Айжан Серікбайқызы педагогикалық білім беру жүйесінде 40 жылдан астам үздіксіз жұмыс жасады, әр мұғалімнің жүрегінде жақсылықтың нұрын жақты. Жүрегіңіздің жылуы мен мейірім шуағы үшін Сізге алғысымыз шексіз!

Матсалаева Ж.К.

жетекші маман

Балаларға арналған дамыту тренингтері...

Ойын балаларды достастырады, қарым-қатынастарын нығайтады. 2018 жылдың 22 тамызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы филиалындағы  Co-working-орталығындажиналған балаларға «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы С.С.Букенова әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген, зейін тұрақтандыруға  арналған «Ән айтамыз, сөйлейміз, ойнаймыз» тренингін  ұйымдастырды.

Бұл күні орталықта әрбір қатысушының жеке қасиеттерін арттыру үшін әлеуметтік-мәдени кеңістікте бағдарлау икемділігін барынша дамытуға мүмкіндік беретін достық атмосфераны құру басты  бағытта тұрды.

             «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Кім байқағыш?», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап» т.б. дидактикалық және қозғалыстағы ойындарға балалар  құлшына қатысты.

             Әр түрлі ойындардың қызығына кенелген   балалар  көңілді   ризашылықпен тарады.

             

  

Назарбаева Р.К.

Co-working-орталығы маманы

Жаныңызға жақын кітап бізде...

«Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ ақпараттық орталығы жазғы алаңда тағы да өз оқырмандарын кезекті  кітап оқуға  шақырды.

Бұл шара - ашық аспан астында оқырмандардың барлық жас  ерекшеліктерін қамтиды, тұрғындар үшін кітап оқуға қолайлы мүмкіндік тудырады. Топтамаларда әртүрлі классикалық әдебиеттер, махаббат туралы романдар, балаларға арналған әдебиеттермен  бірге журналдар да бар.

Жиналғандарды  көп жыл бойы шәкіттерін ғылым теңізіне жетелеген зейнеткер ұстаздың қазіргі басылымдағы батырлар жырының өткен басылымдардағы деректермен салыстыра отырып әңгімелеуі қызықтырды.

Әр аптада үзбей кітап ұсынатын шара өз оқырмандарына   өмірге құштарлықты насихаттайтын әдебиеттерді көбірек оқуға кеңес берді.

Саялы  бақтың сыйлығы - жаныңызға жақын кітаптарды осы жерден таба аласыз. Келіңіз, кітап оқиық!

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығы маманы

Co-working-орталығында: Ұлттық ойындар күні

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы филиалының  Co-working-орталығында балаларға арналған саяхат ұйымдастырылды. 

Көңілді гимнастикадан басталған бұл күн «Бәрін білгім келеді» сұрақ-жауап ойынымен жалғасты. Бұдан әрі балалар педагогикалық мұражайға саяхат жасап, онда   институт тарихымен, түрлі экспонаттармен және№1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі, қолөнер шебері Н.С.Жақыбаевтың жеке көрмесіндегі    қазақтың ұлттық  ыдыс түрлерімен танысты.

Мұражайда өткізілген саяхаттың ең бағалы сыйлығы – қазақтың ұлттық ойындарының бірі - асық ойыны болды. Ұлттық құндылықтың  бастауы болатын, мергендікке, ептілікке, батылдыққа, шешімділікке баулитын асық  – балаларды бірден ойын қызығына кенелтті. Міне асық ойынының кереметі осында! «Атыспақ» ойынында жақсы нәтижеге жеткен балалар бұл күнді көңілді өткізді.

 

Назарбаева Р.К.,

Co-working-орталығы маманы 

Жоспарлы шараға шақырамыз...

           Облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып отырған «Бақытты бала» жобасының аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының  Co-working- орталығы бірқатар шараларды атқаруда. 

Басты мақсат - балалар үшін қолайлы жағдай жасау, олардың интеллектуалдық, адамгершілік, жан-жақты рухани дамуына  ықпал ету.

 Ағымдағы жылдың 13 тамызында 9-11жастағы балаларды біріктірген  саз әуендерінің мейрамы  өтті. Бұл күні  сертификатталған тренерлермен  әртүрлі жұмыс түрлері: караокемен ән шырқалып, заманауи үлгідегі әуендердің  сазымен би топтамаларынан жарыс ұйымдастырылып, көрнекі-әрекеттік ойлауға орай «Жұлдызды сәт»тренингі және  «Просто так» мультфильмі көрсетілді. Келесі алаңда дойбы, «Іздеп тап», «Пирамида»т.б. ойындары ойнатылды. Ата-аналарымен келген кішкене бүлдіршіндерге  «Монтессори» кабинетінде  зейін тұрақтандыруға арналған әдістер көрсетіліп, балдырғандар өздерінің өнерлерімен  тамсандырды.  

Барлығыңызды жоспарлы түрде өткізілетін шараларға күн сайын  сағат 14.00-тен  16.00-ға  дейінгі уақытта шақырамыз! Сенбі, жексенбі күндері –демалыс.

 

 

 

Назарбаева Р.К.

Co-working-орталығы маманы

Робототехника бойынша жазғы мектепке шақырамыз!

Жаздың соңғы  күндерін қызықты өткізіңіз, сабақтан тыс кезде Сіздер қызығушылық танытатын салалар бойынша өздеріңізге арналған жаңа мүмкіндіктерді ашып, робототехника әлемінен сабақ алыңыз.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы «КазРоботикс» Қазақстандық  білім және спорттық  робототехника федерациясымен  бірлесе 2018 жылдың 22-24 тамыз аралығында  робототехника бойынша жазғы мектеп ұйымдастырады.

Жазғы мектеп робототехника мұғалімдері үшін IT-технологиялар саласындағы перспективалық бағытты дамыту, мұғалім қызметін сапалы ұйымдастыру және робототехникалық іс-шараларда жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған.

Барлық келушілер 2018 жылғы 20 тамызға дейін онлайн режимінде тіркелуі тиіс:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc_RuH2bs7gELBaD knXx2hdGr3y3nbpqx2FwyAWMMLfitW3g/viewform, өзіңізбен бірге Лего немесе Ардуино білім беру құралын алып келіңіз.

     Барлық сұрақтар бойынша жазғы мектептің жетекшісі мен тренерге  хабарласуыңыз  сұралады:

  • Гончаров Александр Сергеевич, Казроботикс вице-президенті (ұялы тел.: 87078924589, 87052883301).
  • Абдиров Раушанбек Тулгабекович,  робототехника тренері, Ақтөбе облысы БАИ кафедрасының аға оқытушысы (тел.: 8-701-782-57-82).

Өткізілу орны: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы  (Тургенов көшесі,86), Робокабинет

Табиғат аясындағы жылжымалы көрме

  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының ақпараттық орталығы Абай даңғылы аллеясында кезекті кітап көрмесін ұйымдастырды. Дәстүрге айнала бастаған бұл бастаманың негізгі мақсаты қала тұрғындарының, оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, демалыс сәттерінде мәдени -рухани  қазынамен сусындату.

  Табиғат аясындағы бұл көрме көпшілік-танымдық, көркем әдебиеттермен қоса салт-дәстүрді, табиғатты, қоршаған ортаны дәріптейтін кітап жинақтарымен толықтырылды. Көрме жанына жиналушылар кітап мазмұнына шолып қана қоймай, өздері оқыған әдебиеттерді баяндап, өмірден жинақтаған тағылымдарымен бөлісті.

  Жалғасы бар шараның  мәнділігін оқырманның өз ойларымен бөлісуі арттыра  түсті.

Р.К. Назарбаева

Ақпараттық орталық маманы


ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТЕР!

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛЕР ПАНОРАМАСЫ» байқауына бейне-сабақтар мен бейне-дәрістерін сапалы дайындауда кеңес беру және байқау материалдарын қабылдау жұмыстары жалғасуда. Дәріс, сабақ, семинар түрінде ұсынылған жұмыстар байқау ережесінің талаптарына сай болуы керек.

Құрметті педагогтер! Байқауға белсенді қатысатындарыңызға және Сіздердің кәсіби табыстарыңызға сенеміз

Айбары асқақ Ата заң

Конституция - мемлекетіміздің тұрақты дамуының, өркендеуінің, әр қазақстандықтың құқығы мен бостандығының негізі.Атаулы  мереке күніне орай ағымдағы жылдың 29-ші тамызында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кітапханасында «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге келген курс тыңдаушылары мен институт қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы және Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы таным-түсінігін арттырып, Ата Заңды құрметтеу, белсенді азаматтық ұстанымдарын, саяси-құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға бағытталған басылымдармен танысты. Көрмеге Қазақстан Республикасы Конституциясының әр жылдардағы басылымдары, еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткен табыстары,  жетістіктері, мемлекет тарихы мен құқығы, құқықтық жүйенің қалыптасуы мен заң шығару саясатына қатысты әдебиеттер ұсынылған.

 Н.Н. Ермекова,

кітапхана бөлімінің бастығы

                                                        

Отбасы – отанымыздың ошағы

Қазақстан Республикасы  орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясы, облыстық білім басқармасы, облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесе отырып  «Отбасы мен мектептің өзара тиімді қарым-қатынасының заманауи түрлері мен тәсілдері» атты облыстық слеті өтті. Слетке қатысушылар колледж қызметкерлері, қала және аудан  мектептерінің мұғалімдері     биылғы жылғы институт қабырғасынан ашылған педагогикалық музей экспонаттарымен және «Отбасы – ұлт рухының айнасы» атты кітап көрмесімен танысты. Солардың ішінде философия ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Тайжанов музей экспонаттарының негізінде өзіндік ой-пікірлермен бөлісіп, рухани жаңғыруға байланысты ұлт болашағының тарихпен үндестігіне тоқталды.

  

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Пікірталас алаңында - отбасы, мектеп, қоғам…

2017 жылғы 18 тамызда облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының бастамасымен және білім басқармасының «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтымен бірлесе ұйымдастыруымен «Отбасы мен мектептің өзара тиімді қарым-қатынасының заманауи түрлері мен тәсілдері»тақырыбында облыстық слет өткізілді.

 Слетте сан түрлі мәселелер қарастырылды –  жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің күш біріктіруі, тұлғааралық қарым-қатынастардың мәдениетін дамыту, бәсекеге қабілетті тұлғаның білім деңгейін арттыру, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, өмірде қиын жағдайға тап болған әйелдерді қолдау, отбасы мен мектепте жемқорлыққа қарсы тәрбие беру.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Хон Акмарал Рахметоллаевна және институт директоры, ф.ғ.к. Абишева Нургуль Молдабаевна слет тақырыбының кездейсоқ алынбағанын, бүгінгі таңда баланың табысты білім алып, тәрбиеленуі отбасы мен мектеп арасында тығыз байланыс болғанда ғана мүмкін екендігіне баса назар аударды.

Слетке  облыс әкімдігінің, үкіметтік емес ұйымдардың, ҚР мемлекеттік істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, ювеналды полицияның өкілдері, ғалымдар мен институттың әлеуметтік серіктестері, педагогикалық және ата-аналар комиетінің қауымдастығы қатысты.

Слеттің құрметті қонақтары – «Мерейлі отбасы» (2016,2017ж.)  республикалық байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары Абдулла Нұскабаевтар, Бекіш Ғалымовтар, Кали  Исмаиловтар отбасы және 14 бала тәрбиелеп отырған Өмірхан Жетесов пен Амангуль  Ешпанованың  отбасы.

Абдулла Нұскабаев ақсақалдың атынан сөйлеген немересі Ерболат Қайратұлы  ынтымағы берік отбасының негізі өзара түсінушілік, сыйластық пен еңбекқорлықта деп атасының аманатын жеткізді.

Педагогтер мен ата-аналарды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиевтің атынан марапаттау рәсімінен кейін  Жетесовтер отбасы слет қатысушыларына музыкалық шашу ұсынды.

Ақтөбе облысы бойынша білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы Р.С.Серікова Жетесовтер отбасының балаларына оқу құралдарын және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт ұжымы ақшалай сертификат  табыстады.

  Сонымен қатар Р.С.Серікова үздік педагогтерге «Мерке» сауықтыру санаториіне жолдама табыстады.

Слеттің екінші бөлімі  инновациялық алаңдардағы шебер кластармен жалғасты, облыс мұғалімдері жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас тәжірибелерін көрсетті.

Облыстық слет ашық, ынтымақтастықта өтті, қатысушылар іс жүзінде жүргізіліп жатқан жұмыстар және мектеп пен отбасы байланысын нығайтудағы жобалардың нәтижелерімен танысуға мүмкіндік алды.

 Слетке қатысушылардың жоғары дәрежедегі  бірлескен жұмысы облыстағы қоғамдық және әлеуметтік ұйымдардың педагогтер мен ата-аналар қауымдастығымен белсенді қарым-қатынас негізінде жүзеге асырылды.

 Слет қорытындысы бойынша облыстағы барлық білім беру қызметкерлері мен ата-аналар қауымдастығына арналған үндеу қабылданды.

 

Матсалаева Ж.К.,

баспа қызметі және

қоғамдық ортамен байланыс бөлімінің жетекші маманы

Жаңартылған білім беру мазмұны – заманауи талаптар деңгейі

Оқу жылының қарсаңында, 2017  жылдың 14 тамызы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты республикалық тамыз кеңесі аясында «Жаңартылған білім беру мазмұны – заманауи талаптар деңгейі» тақырыбында семинар-мәжіліс өткізді.

 Семинар жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі –  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім институтының директоры Рақымжанов Қайыржан Алдашұлы қатысты.

Өз сөзінде Қайыржан  Алдашұлы білім беруді жаңғырту және жаңа талаптарға сәйкес педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселелерді ортаға салды.  

Институт директоры, ф.ғ.к. Абишева Нургуль Молдабаевна  кездесудің маңыздылығына тоқталып, жаңартылған білім мазмұны пән мұғалімдерінен кәсіби құзыреттілік пен шығармашылық амалдарды және жан-жақты дайындықты талап ететінін атап өтті. 

Шараға   облыстың пән мұғалімдері, әдіскерлер, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Жұмыс қорытындысы бойынша қажетті ұсынымдар қабылданды.

К. Рахатова,

институттың инновациялық даму және

 әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы 

Ақтөбе-Өрлеу: пәндік-тілдік курстар

2017 жылдың 14 тамызында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында алғаш рет 640 сағаттық  бағдарлама бойынша 36 химия, биология, физика және информатика пәндері мұғалімдеріне арналған пәндік-тілдік курс басталды. Мұғалімдер  курста ағылшын тілін білу деңгейін  жетілдіріп, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесін меңгереді.

Курстың жаңашылдығы,  «Өрлеу» БАҰО АҚ алғаш рет тұтастай тәжірибеге бағытталған әдістемелік жүйе жасады, үштілді білім беруге кезең-кезеңмен көшу жағдайында пәндер мен тілдерді кіріктіре оқытуды меңгеруде мұғалімдер «Тeaching Кnowledge in Content and Language Integrated  Learning» (TKT CLIL) дағдыларын қолданады.

Білім беру үрдісін ұйымдастыруда күн сайын рефлексия жүргізіліп, материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін шағын сабақтар презентациясы көрсетіледі және белсенді оқыту стратегиялары мен өзара қарым-қатынастың жаңа түрлері қолданылады.

Курсты сертификатталған тренерлер, ағылшын тілінің оқытушылары Курманбекова М.Б., Изтлеуова З.С., Айпеисова А.К. жүргізеді.

 

Матсалаева Ж.К.,

баспа қызметі және қоғамдық ортамен

байланыс бөлімінің жетекші маманы

«Ustudy» тестілеу Орталығының өкілдерімен кездесу

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы мен «Ustudy» тестілеуді ұйымдастыру сұрақтары бойынша жеке шаруашылық серіктестігімен жасалынған меморандум аясында 2017 жылдың 9-тамызы күні  жетекшісі А.  Б. Кошербаев және директоры  К.  Ж. Абашев  институт қабырғасында дәріс алып жатырған пән мұғалімдерімен  кездесті. 

 «Аналитикалық есеп-білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында сөз сөйлеген  Алжанбек  Болысбекович Кошербаев педагогтердің біліктілігін арттырудың өзекті мәселелерін қозғады және мектеп оқушыларын тестілеу қорытындыларымен мұғалімдерді таныстырды. 

Кездесу позитивті көңіл-күйде өтіп, педагогтердің көпшілігі  тақырыпқа сәйкес өздерін толғандырған сұрақтар төңірегінде жауап алды.     

К. Рахатова,

инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.