Отбасылық және гендерлік саясат мәселелерін талқылаймыз ...

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссиясның және «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының бастамасымен өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияның тақырыбы – «Гендерлік саясат және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы» (27.09.2018 г.).

Конференцияға қатысушы педагогтер отбасылық және гендерлік саясатты табысты жүзеге асыруда барынша күш-жігер жұмсау қажеттігін түсінді, өйткені отбасылық құндылықтарды жас ұрпақтың санасында нығайту бойынша гендерлік сананы дамытуда қазақстандық педагогке  ерекше жауапкершілік  жүктелген.

Конференцияға модераторлық жасаған институт директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева гендерлік білім берудің негізгі аспектілеріне тоқталды.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссиясының хатшысы - А.Р. Хон, кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. - А.К.Каплиева, Ақтөбе қаласы №56 ОМ директоры - Г.Б.Абдыгалиева, Ақтөбе автожол колледж директорының орынбасары - Б.Ж.Алтай, сонымен қатар «Жанұя» орталығының жетекшісі - А.С.Нургалиева тақырып бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.

Пленарлық мәжілістен кейін «Отбасы және балалармен мектептің өзара әрекеттесу алгоритмі» және «Өзін-өзі реттеудегі жағымды ойлаудың рөлі» тақырыптарында  тренингтер  өткізілді.

Институт қызметкерлері облыстық әкімдіктің алғыс хаттарымен, ал конференцияға белсенді қатысқандар «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының алғыс хаттарымен марапатталды.

Нәтижесінде ұсынымдар қабылданып, конференция материалдарының электрондық жинағы жарық көрді.

Ж.К.Матсалаева,

жетекші маман

Мектепке дейінгі ұйымда - жоба әдісі

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ  жоспарына  сәйкес мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Зияткерлік қадамдар»атты  педагогикалық алаңның    үшінші  отырысы,   2018 жылдың  26-қыркүйек  күні   

№ 15 «Жидек» мектепке дейінгі ұйымында өткізілді.

Мемлекеттік стандарттарды іске асыру мақсатында педагогтер  балалармен  бірлесіп ұйымдастырылған «Удивительный мир театра»,  және  «Путешествия в страну дорожных знаков» тақырыбындағы жобаларды іс жүзінде көрсетті.

Жоба әдісі оқытудың заманауи инновациялық әдістерінің бірі болып табылады, ол білім берудің белсенді әдістерін колдануға мүмкіндік береді.  Педагог Бунчук Н.Н., Балко Н.Н., Муртазина Л.Ж., Улитчева И.Ф. Уразгалиева Б.А. жобалық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау бойынша жұмыс жүйесін көрсете отырып, психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелерін анықтап  балалармен жеке жұмысты және отбасымен өзара байланысты көрсете білді.

Қорытындылай келе, семинарға қатысушылар кәсіби қарым-қатынас үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдіре отырып, жобалық қызметті енгізу педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал ететін  атап өтті.

                                                                                                   Букенова С.С.,

кафедра  аға оқытушысы

БАЙҚАУҒА ҚАТЫС! ЖЕҢІСКЕ ЖЕТ!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы  «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауына қатысушыларды белсендіру мақсатында Ақтөбе қаласындағы техникалық шығармашылық орталығында әдістемелік десант ұйымдастырды.

Инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Давлеткалиева Е.С. мен педагогтер арасында сындарлы диалог жүргізілді, бейнесабақтардың тиімді технологиялық және әдістемелік аспектілері қарастырылды.

Байқауға қатысу педагогтерге оқу процесінен қол үзбей, кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын шыңдауда жаңа биіктерге қол жеткізуге  мүмкіндік береді!

 

Инновациялық даму және

әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі

ПЕДАГОГТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ  «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

        «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Жедел жоспарға сәйкес «Қазақстандық білім және спорттық робототехника «КазРоботикс» Федерациясымен бірлесе «Робототехника: табысты болашақ жолында»атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.    

Өткізу мерзімі:18 қазан 2018 жыл.

Конференция мақсаты:оқыту үрдісінде робототехниканы дамытудағы өзекті мәселелерді жәнеоның табыстылығынталқылау.  

         Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Робототехниканы дамыту аясында кәсіби қоғамдастықты қалыптастырудағы мәселелер және даму болашағы.
  2. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі: робототехникадағы психоэмоционалды және социогуманитарлық аспектілер.
  3.  Робототехникадағы  когнитивті технологияларды тәжірибеде қолдану. 
  4. Сайыстық робототехниканың интеллектуалды дамыған тұлға қалыптастырудағы маңызы.   

        Конференцияның жұмыс тілі: қазақша, орысша

     Конференцияға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының және ПШО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, тренерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ТжКБ, орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, робототехника орталықтарын қатысуға шақырады. 

      Конференцияны өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86,        «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты».

        Материалдар 2018 жылдың қазанның 5-не дейін қабылданады.

          Ақпараттық ресурс:конференция материалдарының жинағы филиалдың  orleu-aktobe.kz сайтында жарияланады.  

          Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастырушылық комитеттің мекен-жайына қажетті ақпараттарды жіберуіңіз керек: 

  1. Конференцияға қатысу өтініші. (Қосымша1)
  2. Мақала/баяндама мәтіні. (Қосымша2)
  3. Электронды пошта мекен-жайы: «Конференция» деген белгісімен.

       Ұйымдастыру комитеті:     «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасы

       Мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86

       e-mail : kafedra-ndo@mail.ru  

       Анықтама үшін байланыс телефондары:8 (7132) 54-91-88.

       Ұялы телефондар:   8-701-132-05-16  Нурписова Рыскуль Коянбаевна

                                8-701-782-57-82    Абдиров Раушанбек Тулгабекович 

Ұйымдастыру комитеті

 

Қосымша 1

 

«Робототехника: табысты болашақ жолында»

атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін

ӨТІНІШ

 

1

Тегі, аты, әкесінің аты

 

 

2

Жұмыс орны, қызметі

 

 

3

Ғылыми дәрежесі, атағы, санаты

 

 

4

Мақала тақырыбы

 

 

5

Байланыс телефоны

 

 

6

Электронды пошта мекен-жайы

 

 

7

Қатысу формасы  (іштей, сырттай, он-лайн)

 

 

 

Қосымша  2

 

Материалдарды көркемдеуге қойылатын талаптар:

 

-        файл атауы – тегі_қала (мысалы: Ахметова_ Ақтөбе);

-        формат – кез-келген нұсқа MS Word

-        көлемі – үш беттен бес бет аралығында А-4 форматында – кітаптық орентация;

-        шрифт – Times New Roman; кегль – 12; таблица үшін – 11;

-        қызыл жиек: сол жақ - 2,5 мм, оң жақ, жоғарғы, төменгі - 2,0 мм;

-        жоларалық интервал – бірлік;

-        тегістеу – көлденеңнен;

-        қызыл жиек – 1 см;

-        бет номерлері – номерсіз;

-        графиктер, суреттер, схемалар, Word алынған құралдарын міндетті түрде топтастыру;

-        әдебиеттер ссылкасын номерлеу, ссылка номері тік жақша арқылы беріледі. «Әдебиеттер» бөлімі ортасы бойынша тегістеледі, 12 кегльмен қою  шрифтпен жазылады.

 

         Мақала атауы – ортасында, жартылай қою ғаріптермен, тасмалдамай, төменде екі интервалдан кейін – автордың тегі, аты, әкесінің аты, E-mail (авторлар – 3 адамнан аспауы қажет) – ортасында, жартылай қою ғаріптермен, төменде бір интервалдан кейін тегінің астына – жұмыс орны, төменде екі интервалдан кейін – мақала мәтіні.

         Егерде ұсынылған материалдар конференция тақырыбына, мазмұнына  және талаптарға сәйкес келмесе, ұйымдастыру комитеті автордың жұмысын жарияламауға құқығы бар.

 

                                    

Ұлт байлығы, ел беделі – мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін, еліміздің өткені, бүгіні мен келешегі арасындағы сабақтастықтың жарық бейнесіне айналған ерекше құнды белгілер.

2018 жылдың 19 қыркүйегінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде Мемлекеттік рәміздерді және Қазақстан Республикасының Конституциясын насихаттау бойынша «Ұлт байлығы, ел беделі – мемлекеттік рәміздер» атты облыстық семинар өтті.

Семинарға Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссияның мүшесі Е.Ж.Құрманбек, Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.О.Нұрғалиев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының оқытушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы, кітапхана қызметкерлері қатысты.  

Семинарды Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар Ассоциациясының президенті Дюсенова А.Е.  жүргізді.

Семинар барысында жоба нәтижелері қорытындыланып, шығармашылық эссе сайыс жеңімпаздары анықталды:

  1. Ә.Ә. Қазбекова – Қандыағаш қаласы № 4 ОМ математика пәнінің мұғалімі;
  2. М.Бақыт  - Темір ауданы Шұбарши  ОМ информатика пәнінің мұғалімі;
  3. Тәңірберген Н. – Ф.Оңғарсынова атындағы №41  МГ мұғалімі;
  4. К.А.Раханова – Алға ауданы Тоқмансай ОМ математика пәнінің мұғалімі;
  5. М.С. Куставлетова - Мәртөк ауданы Хазретовка ОМ математика пәнінің мұғалімі;
  6. Бекетова Н.У- Әйтеке би ауданы Ақтастай ОМ физика пәнінің мұғалімі.

Семинар  көтеріңкі көңіл – күйде орындалған патриоттық  «Атамекен» әнімен аяқталды.

 

Куканова Ж.М.

жетекші маман, магистр

ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ...

Бәрімізге белгілі, тіл дамуының  қоғамда, ұлтаралық, мемлекетаралық қарым-қатынастарда рөлі маңызды. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялағаннан кейін қазақ тілін латын қарпіне көшіру жобасының да өзектілігі күннен-күнге артуда.

Дәстүрлі шараның жалғасы ретінде үстіміздегі жылдың 19 қыркүйек күні  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы латын әліпбиіне көшу жөніндегі президенттік идеяны қолдау мақсатында «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың негізі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Ауқымды шараға қоғам қайраткерлері, облыс педагогтері, жас ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.

Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің басшысы М.А.Жанасова, Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің маманы Д.Нұрмұхамедова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы АО ПКБАИ аға оқытушысы Г.К.Жапақова Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауын іске асыру, үштұғырлы тіл саясатын насихаттау, тілдерді оқыту курсының жайы мен ынтымақтастық байланыс туралы өз ойларын ортаға салып, қазақ тілінің әлем тілдерімен бәсекеге қабілетті болуы әрбір маманның қолында екендігін тілге тиек етті.    Әңгіме барысында қазақ тіліндегі кірме сөздер мен терминдерді заманауи түрге келтіру мәселесі талқыланды.

Тілді қастерлеу, оны заман ағымына сай қолдану аясын кеңейту, мәртебесін асқақтату әрбір қазақстандықтың борышы.

Тіл төңірегінде жасалынып жатқан жаңашылдықтар мен реформаларды жарқын болашаққа қаланған ҚАЗАҚСТАННЫҢ  іргетасы деп білеміз.

Жапакова Г.К.,

кафедрасының аға оқытушысы, магистр

«Рухани жаңғыру – ұлт мұраты» атты облыстық онлайн байқау жарияланады ...

Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты 2018 жылдың 15 қазанынан 15 қарашаға дейінгі   аралықта білім беру ұйымдарының кітапханашылары арасындапатриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағытталған «Рухани жаңғыру – ұлт мұраты» атты облыстық онлайн байқау өткізіледі. Конкурсқа  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде өткізілген жұмыстар (кітап (дәстүлі және виртуалды) көрмесі, буктрейлер, жоба, әдеби - музыкалық шаралар т.б.) қабылданады.

Ақпарат беруде ескерілуі тиіс мәліметтер:

Ақпаратты ұсыну  жаңа форматтағы жаңашылдықты, ізденімпаздықты  көрсетуі және  жаңа  үлгідегі әртүрлі тәсілдерді қолдануымен ерекшеленуі тиіс. Жіберілген материалдар төмендегідей номинациялар бойынша жинақталып,   жұмыстың  өткізілгендігін дәлелдейтін фото-суреттер, мәтін  үзіндісі немесе монологы,  көрсетілген әдебиеттердің  библиографиялық сипаттамасы болуы шарт. Қатысушы осыған дейінгі сайыстарда жіберген жұмыс формасын қайталамауы тиіс.

 Ұсынылатын номинациялар:

  •  «Рухани жаңғыру – болашақ бағыты»
  •  «Туған өлкеңді өзгеден бұрын таны»
  • «Цифрлы кітапхана – мектепте»

Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын  е-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. поштасына 2018 жылдың 15 қарашаға дейін жібере алады.

Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz  сайтында  жарияланады.

Сайыс жеңімпаздары диплом және сертификаттармен марапатталады.

Байланыс телефондары: 8 (7132) 245414, 87023924131 - институт кітапханасы. 


Ғылыми кеңесте талқыланды ...

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында институт директоры, ф.ғ.к. Абишева Н.М. төрағалығымен ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, онда келесі мәселелер қарастырылды:

- Педагогтердің ғылыми-зерттеу қызметінің өзекті бағыттары: өсудің жаңа сапасы;

- Рухани жаңғыру: мектепке өлкетану курсын оқытудың теориясы мен әдістемесінің проблемалары.

Институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Кибатаева Н.К., жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Дүйсенбаев А.К. өз сөздерінде облыс педагогтерінің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлкетану» курсын оқу үрдісіне енгізу бойынша жоғарыда аталған мәселелерге тоқталды.

Мәселелерді талқылау барысында институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, облыстық эксперименттердің ғылыми жетекшілері мен модераторлары белсене қатысты, іс жүзінде олар шығармашылықпен айналысатын мұғалімдермен өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың жаңа формаларын қолданады. Осы бағыттардағы жұмыстарды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

Ғылыми кеңес жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

Матсалаева Ж.К.,

ғылыми кеңес хатшысы

«Құрметке бөленген АНА!»

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы ағымдығы жылдың 14 қыркүйегінде Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен бірінші республикалық аналар слеті қарсаңында «Құрметке бөленген АНА!» атты педагогикалық студия ұйымдастырды.

Педагогикалық студияға құрметті қонақ ретінде бизнесте өз ісінің үздіктері, білім, заң саласындағы әйелдер қауымы: «Атамекен» ресторан кешенінің директоры Садыкова К.А., Ақтөбе қалалық Прокуратурасының аға прокуроры Аманкулова А.Ж., «Жанұя» бала асырап алуға қолдау көрсету орталығының өкілдері Нургалиева М.С. мен Ряхова Л.Н., педагогикалық шеберлік орталығының тренері Кинжибаева Ф.М., сонымен қатар облыстың педагогтар қауымы қатысты.

Педагогикалық студиядағы талқыланған өзекті мәселе: жалпы отбасындағы аналардың рөлі, отбасыдағы құндылықтар мен қалыптасу жолдары.

Кездесуге келген қатысушылар отбасының бақыты анаға деген сыйластық екендігін ана отбасының бірлігі мен мейірімін сақтаушысы екенін атап айтты. Қатысушыларға Ақтөбе музыкалық коледжінің студенттері мейірімділік пен жылулық көңіл-күй сыйлай отырып Ана туралы ән шырқады.

 Педагогикалық студияға келген барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Куканова Ж.М.

жетекші маман

Институттың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында

2018 жыл – Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты үшін мерейтой жылы. Бізге – 70 жыл!

 Облыстың білім беру ұйымдарын, педагогикалық және өзге де бірлестіктерді биылғы жылдың 10 қыркүйегінен бастап 1 қазанға дейін өткізілетін «Өрлеу-Ақтөбе педагогына сүйіспеншілікпен...» бейнеқұттықтау акциясына  қатысуға шақырамыз!

Осы акцияға қатысуға ниет білдірген ұстаздарға: біліктілікті арттыру жүйесінің ардагерлеріне арналған 1-2 минуттық бейнеқұттықтау түсіру керек, профессорлық-оқытушылық құрам және кафедра қызметкерлеріне, бөлімдеріне, өтініш: материалдарды Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. электронды поштасына  немесе 87015381377, 87776609816, 7 747 2187380, +7 775 0002589 ватсап номеріне 2018 жылдың 28 қыркүйегіне дейін тапсыруға ықпал етуіңіз сұралады.

Хат тақырыбына «Бейнеқұттықтау»  деген сөз жазылады  және хатта көрсетіледі:

1. Білім беру ұйымының (бірлестіктің)  атауы.

2. Құттықтауға жауапты адамның  толық аты-жөні.

3. Электрондық пошта  және байланыс телефоны.

Трнабаева Н.С.,

бөлім бастығы, магистр

Назар аударыңыз! Байқау!

«Тиімді сабақ, белсенді әдіс, нәтижелі тәжірибе»  тақырыбындағы

облыстық  байқау ЕРЕЖЕСІ

 

І. Жалпы ережелер

«Тиімді сабақ, белсенді әдіс, нәтижелі тәжірибе»  тақырыбындағы облыстық кәсіби байқауы жаңартылған білім беру жүйесіне көшу аясында біліктілікті арттыру курсының сертификатталған ШЖМ және орта мектептердің жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық пән мұғалімдері үшін (бұдан әрі - Байқау) Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы жоспарына сай өтіледі.

 ІІ.  Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты:білімдендіру үдерісінде жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұнын жүзеге асыру жағдайында Ақтөбе облысының сертификатталған педагогтарының шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдай жасау.

Байқаудың міндеттері:

  1. Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу аясында біліктілікті арттыру курсынан өткен,сертификатталған педагогтарының шығармашылық іс-әрекетін уәждеу;
  2. Тиімді сабақ, белсенді әдіс, нәтижелі тәжірибе бастамашылығында табысты сабақ беретін пән мұғалімдерінің іс-тәжірибесін айқындау;
  3. Ақтөбе облысының сертификатталған мұғалімдер тәжірибелерін таратуда  ашық алаң құру.

ІІІ. Байқауды өткізу, ұйымдастыру және қортындылау

Байқауға  ШЖМ және орта мектептердің жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық пәндер циклінің сертификатталған  мұғалімдері қатыса алады.

Кәсіби байқау 2 кезеңнен өтеді:  1 кезең (сырттай):сертификатталғанпән мұғалімдері ең үздік  1 сабағының  толық талданған қысқа мерзімді жоспары жоспарының (бұдан әрі - ҚМЖ) электрондық түп нұсқасы мен қатысу өтінімін 25 қазанға (2018) дейін төмендегі Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. почтасына жіберу сұралады.

Ұйымдастырушы комитет байқау Ережесіне сәйкес 2018 жылдың  25 қазанына дейін келіп түскен қатысушының ең үздік толық талданған ҚМЖ-ының электрондық түп нұсқасын  жинақталған бағалау критерийлері  арқылы іріктейді. Іріктеуден өткен қатысушы байқаудың облыстық 2 кезеңіне  жіберіледі  (Қосымша 1,2)

2 кезең (облыстық) -  «Үздік сабақ, озат тәжірибе»панорамалық сабақты қорғау (7минут)   

Облыстық кезең 2018 жылдың 09 қарашасында институт базасында өтізіледі.

Кәсіби байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар және «Тиімді сабақ», «Белсенді әдіс», «Сәтті сабақ», «Нәтижелі тәжірибе» номинациялары сертификаттарымен марапатталады. Байқауға қатысушылардың тәжірибелері институттың видео - контент БАНК-сіне іріктеліп, «Өрлеу» білім беру порталына ұсынылады.

Ұйымдастыру комитеті

 

 

Қосымша 1

 

«Тиімді сабақ, белсенді әдіс, нәтижелі тәжірибе»  тақырыбындағы

облыстық кәсіби байқауына қатысуға

ӨТІНІМ

 

Қатысушының толық аты-жөні

 

Аудан (қала)

 

Білім ұйымының толық атауы

 

Лауазымы

 

Оқытатын пәні

 

Жұмыс өтілі

 

санаты

 

Курстан өткен мерзімі

 

Тренердің аты-жөні

 

Мекен-жайы

 

Электрондық поштасы

 

Желілік байланыс нөмері

 

 

 

 

    Қосымша 2

 

Ең үздік  толық талданған ҚМЖ сабақты бағалау критерилері

 

Бағалау критерилері

Ұпайлар саны

1

Жаңартылған  оқу бағдарламасының идеяларын білу

5

2

Оқу мақсатына жетуде оқушы қажеттілігін қанағаттандыруды түсіну

5

3

Белсенді әдістерді қолдануды дәлелдеу

5

4

Сараланған тапсырмалар тәсілдерін  талдау

5

5

Тиімді бағалау жолдарын қолдану

5

6

Тәжірибесінің болашағы туралы ой қозғау (рефлексия)

5

                             БАРЛЫҒЫ

30

«Бір ел – бір кітап» акциясына қатысайық

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы  аясында С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған  «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты 2017 жылдың 02 қазанынан  06 қазанына дейінгі аралықта апталық    өтеді.

Апталық барысында С.Торайғыров шығармаларына «Ғасырлар тереңінен маржан терген» тақырыбында Ақтөбе облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе   кітап көрмесі шеруі ұйымдастырылады. Одан әрі  «20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз» әдісімен  және «Әдебиет айдынындағы жарық жұлдыз» тақырыбындағы әдеби композиция ұйымдастырылады. 

 

Р.Назарбаева,

кітапхана маманы

Оқыта жүріп үйренеміз ...

2017 жылдың  26 қыркүйегі күні  «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ базасында мектепке дейінгі ұйымдарда  ТРИЗ технологиясын қолдану тақырыбында семинар практикум өткізілді.

№12 Інжугүл мектепке дейінгі ұйым педагогтары «Мен білуге құштармын, мен жасай аламын» сынды баланың ішкі уәжін арттыруда өздерінің ТРИЗ технологиясының әдістерін пайдаланудағы тәжірибелерін ортаға салып,  белсенділікпен қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша МДҰ педагогтарына педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда  МДҰ да ТРИЗ технологиясын пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Семинарда бас қосқан педагогтар өткізілген шара туралы өздерінің оң пікірлерін айтты. Семинарда мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытуда олардың жеке іс-тәжірибелерінің шыңдалуына   жағдай жасалғандығына тоқталды. Қатысушылар шарада алған әсерлерін жасыра алмай шараны  ұйымдастырушыларға  жылы лебіздерін білдіріп тарқасты.

 

Табынбаева А.К.,

кафедра аға оқытушысы, магистрі

Рухани жаңғыру - басты тақырып…

«Ақтөбе құтты мекен» форумы аясында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті.  Кездесуде  модератор Балаева Аида Ғалымқызы  «Рухани жаңғыру » бағдарламасын  іске асырудың басымдықтары мен ұйымдастырушылық және түсіндіру жұмыстары жөнінде   баяндады.

Кездесуге қоғам қайраткерлері, ғалымдар, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым  өкілдері мен  облыс мұғалімдері қатысты. Кездесу   қатысушылары бағдарламада талқылқыланған мәселелерге  өздерінің қызығушылығын білдіріп, өзара пікір алмасты.

 

Туменбаева Ш.Б.,

бөлімінің жетекші маманы

Балалар тіл арқылы әлемді таниды

2017 жылғы 27-қыркүйекте Ақтөбе қаласының №19 «Бұлақ» МДҰ базасында  «Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, балалардың коммуникативті – тілдік ортасын қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Шараға қатысқан МДҰ     педагогтары  өскелең ұрпақ үшін қазіргі білімнің  ең маңызды бағыты - тіл үйретудің түрлі әдістерін талқылады.

Семинар барысында педагогтар - Г.Б.Тлеубаева,  Д.Б.Мухамбетьярова, К.Р.Дуйсекешева және А.Т. Тышимовалар өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, кіріктірілген  оқыту   сабағында балалардың көптілді қарым-қатынас дағдыларын тәжірибеде қолдануды  көрсетті, сондай-ақ белгілі бір лексикалық тақырып шеңберінде бүлдіршіндердің сөздік минимумына қажетті  меңгеру бойынша тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған ұсыныстарымен танысты.       

Семинар соңында психолог Ф.У.Нурписова курс тыңдаушыларымен «Таңғажайып әлемдегі ерекше сәлемдесу» тренингін өткізді. Шара  барысында тыңдаушылар белсенді атсалысты.  

Облыстық семинар педагогтарға мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын  жаңартудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.  Қатысушылар курста алған білімдерімен үйренген дағдыларын тәжірибе жүзінде пайдалану мүмкіндігін алғандарына ризашылық білдіріп, тарқасты. 

 

Табынбаева А.К.,

кафедраның аға оқытушысы, магистрі

Инклюзивтік білім беру – уақыт талабы

2017 жылдың 27 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтобе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға қолайлы жағдай туғызу» тақырыбында облыстық  семинар-тренинг  өткізілді.

Семинар қатысушылардың бойындағы мейірімділік пен өмірге деген құштарлықтың арттыруына әсер етті.

Облыстық семинар-тренингтің қорытындысы бойынша әдістемелік нұсқаулар қабылданды.

  

 Сеткереева Г.А.,

кафедра аға оқытушысы,

психология-педагогика ғылымдарының магистрі

Робототехника бойынша курстар жалғасуда

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында 11 қыркүйектен бастап робототехника бойынша курстары жүргізілуде. Курсқа облыстағы білім беру ұйымдарының математика, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері қатысып, робототехника пәніне деген қызығушылықтарын танытуда. Курстың бағдарламасында робототехниканың негіздерінің оқыту платформаларында  роботтарды жобалау, модельдеу және бағдарламалау бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған.

Барлық курс қатысушыларына жаңа жетістіктермен, шығармашылық табыстар тілейміз!

«Өрлеу» критериалды бағалаудың өзекті мәселелерін талқылады

Бағалау үдерісі – заманауи оқыту мен оқудың  маңызды элементі.

Нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде  критериалды бағалаудың өзекті мәселелері облыстық әдістемелік панорамада қарастырылды.   

Білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  педагогикалық  шеберліктерін жетілдіру, білім беру жүйесіне критериалды бағалауды енгізу тұрғысынан  кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында өткізілген  әдістемелік панорамма барысында кафедра  аға оқытушысы Г.К.Жапақова нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде критериалды бағалаудың тұжырымдамалық негіздерінің маңыздылығына тоқталып, курс тыңдаушыларымен тәжірибеде дәледеді.

Тиімді сабақ жоспарлау кезінде  критериалды бағалауды енгізу бойынша   Назарбаев Зияткерлік мектебінің кафедра меңгерушісі Р.Б.Камбарова «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында критериалды бағалауды қолданудың ерекшеліктері», «Қазақ тілі сабақтарында CLIL әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқылым дағдысын дамыту»  тақырыптары аясында шебер-класс көрсетті. 

Әдістемелік панорамма кезінде жұмысты сапалы бағалаудың заманауи амалдарын талқылауда кері байланыс  өзектілігін көрсетті. Қатысушылар білім беру үрдісіндегі мектеп оқушыларын оқытуда дербестік іргетасы ретіндегі критериалды бағалауды оқу процесіне енгізу бойынша кәсіби тұрғыдан  практикалық дайындықты нығайту қажеттілігі туралы  қорытындыға келді.

Г.К.Жапақова,

кафедра аға оқытушысы, магистрі

Blended learning форматында курс

Blended learning жүйесіндегі аралас оқу режиміндегі біліктілік арттыру курсы тыңдаушы мен оқытушының  бетпе-бет немесе он-лайн жүйесінде оқыту арқылы жүзеге асырылады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты ағымды жылдың 25 қыркүйегінде  мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған   Blended learning  форматындағы курсын бастады. Бұл  курс тәрбиелеу мен оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары арқылы жоғары сапалы оқу үдерісін қамтамасыз етуге, материалды толық зерделеудің жолдарын және қарқындылығын бақылауға мүмкіндік береді.  

 

 

Култаева Л.А.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

Кітап оқу – рухани құндылық көзі

Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» кітапханасы 18-22 қыркүйек аралығында Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру» тақырыбында кітап оқу акциясын ұйымдастырды. Акцияға институт қызметкерлері, профессор оқытушылар құрамы, біліктілікті арттыру курсына келген мұғалімдер, қала тұрғындары, балалар қатысты. Акция аясында оқу залында, институт фойесінде, кафедралар мен кабинеттерде, Абай даңғылындағы саябақта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап оқу акциясының мақсаты: мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту, ұлт руханиятының мәртебесін көтеру. Кітап көрмелеріндегі «Бабалар сөзі», «Қазақтың тәлімдік антологиясы», «Балалар кітапханасы» сериясымен шыққан хандар, батырлар, шығыс ғұламалары туралы кітаптар қатысушылардың  қызығушылығын арттырды. Акция соңында кітапханалық флешмоб ұйымдастырылып, бірлік пен достықтың символы ретінде шар ұшырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

 

Ермекова Н.Н.,

кітапхана меңгерушісі

«Өрлеу»-назарында техникалық және кәсіптік білім беру

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру аясында  ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде  «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында «Инновациялық жобалаудағы  шығармашылық құзыреттілікті дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар-тренинг өткізілді.  

Аталған шараға облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, пәндік бірлестік жетекшілері, әдіскерлері  қатысты.

Семинар-тренинг модераторы кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. А.Қ.Каплиева  «Европалық зерттеулердегі инновациялық жобалар: идея және әрекет», «Шығармашылық жоба: ізденіс, зерттеу, талдау» тақырыптарында коучинг, кейс-стади, Lesson study, Smart технологиялары бойыншаіскерлік тапсырмалар мен тренинг өткізді. 

Қарастырылған мәселелер ТжКББ қызметкерлерінің  қызығушылығын тудырды. Қорытындысында тақырыпқа сай ұсыныстар қабылданып, белсенді қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

Утаров Б.С.,

бөлімінің бас маманы, магистрі

Технология пәні сабағында критериалды бағалау

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-да білім беру  жоспарына сәйкес  2017 жылы 22 қыркүйек күні «Технология пәні сабағында критериалды бағалау» тақырыбында дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.

Мақсаты: Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен  жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу. Критериалды бағалау - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Дөңгелек үстел топтық жұмыс түрінде өтті. Баяндамашы №31 ҚОМ мұғалімі М.Б.Смагулованың  өз іс-тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, келген ұстаздарды мардымды жаңалықтарымен тамсандыра алды. Алға қойған мақсаты, тақырыбы ауқымды болды. Оқушыларды ынталандыру, жұмыс жасау талабын жетілдіруде №36 ҚОМ мұғалімі К.К.Райымкулова «Қалыптастырушы және жиынтық бағалау жолдары» тақырыбында тренинг жүргізді. Топ мүшелері белсенді қатысып, жұмыс соңында кері байланыс алынып, рефлексиялық есеппен қорытындыланды. Технология пәні мұғалімдері бүгінгі ұйымдастырылған дискуссияға рахметтерін айтып, көптеген мәлімет алғандықтарына ризашылығын, алғыстарын білдірді.

Бұхарбаев Б.К.,

кафедра аға оқытушысы 

Тілге құрмет...

Ана тілім – намысым, арым-бағым,

Өз жырымды сыйым деп қабылдағын,- деген әдемі жыр өрнегінен басталған әдеби- музыкалық композиция Тілдер күніне арналды. Әдеби-музыкалық композиция барысында облыс педагогтері өздері шығарған өлеңдерін, сонымен қатар М.Шахановтың, М.Мақатаевтың т.б. өлеңдерін  оқыды. Кездесу «Отан.Туған жер. Туған тіл. Достық. Бейбітшілік» деген сөздермен астасып, жылы, ынтымақтастық жағдайда өтті. Қорытындысында кафедраның аға оқытушысы Сугурбаева Анар Сагинбаевна облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыстың бірқатар мұғалімдері: Жаксыгулова Алима Каиржановна, Суймуханова Баян, Керимова Гүлжазира Есенбекқызына «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының Алғыс хаты берілді.

Матсалаева Ж.К.,

бөлімінің жетекші маманы

Ғылыми кеңесте талқыланды ...

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының  Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы кеңейтілген форматта өткізілді. Кеңес отырысында жаңартылған білім бағдарламасы бойынша облыс  педагогтерінің  біліктілігін көтеру курстарының  сапалы өткізілуі төңірегінде қызу пікір алмасылды. Үштілді білім беру проблемалары және оны шешу жолдарыда  ғалымдар  мен институт  қызметкерлерін  бей-жай қалдыра алмайтындықтары байқалды.  Кеңесте қаралған  мониторингтік  зерттеу нәтижелері педагогтердің  кәсіби  құзыреттіліктеріне қойылатын талаптың да жоғары екендігінің айғағы болды.

Ғылыми кеңес отырысының қорытындысы бойынша білім беру үдерісін сапалы үйлестіру және институттың білім беру қызметін жетілдіруге  бағытталған ұсыныстар қабылданды.        

Абулхайрова Г.Е.,

кафедраның аға оқытушысы

«Мәңгілік ел» – қазақ елінің ұлттық идеясы!

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында «Мәңгілік Ел» құндылықтары – ұрпақтар сабақтастығының жалғасы»тақырыбында Ақтөбе облысының қоғам қайраткерлерімен қызықты кездесулер топтамасы өткізілді.

Еркін Құрманбек - ҚР мәдениет қайраткері, құрметті профессор, Қазақстан халық ассамблея жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы - «Мәңгілік Ел- Тәуелсіздік пен Астана»;

Пашкевич Александр Александрович – Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығының директоры -«Мәңгілік Ел - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім»;

Аймагамбетов Избаскан Нурадинович – ҚР құрметті дәрігері, облыстық мәслихат депутаты, еңбек ардагері -«Мәңгілік Ел - Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият»;

Садыкова Қалауша Акмурзовна – кәсіпкер, «Күміс алқа» иегері-  «Мәңгілік Ел - Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім»;

Мухамбетова Жания Жарылгаповна – Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі,  Ы.Алтынсарин  төсбелгісінің  иегері -«Мәңгілік Ел - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы»;

Болдыгарина Роза Баяновна – мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысы туралы деректі фильмдердің редакторы, Астана медалінің иегері-  «Мәңгілік Ел -  Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы»;

Ғалымжан Байдербес –  ҚР білім беру ісінің үздігі, Ақтөбе педагогикалық институтының Құрметті профессоры, “Қос шынар” Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы -  «Мәңгілік Ел - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы».

Кездесуге қатысушылар «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарының маңыздылығына баса назар аударды.

 

Ж.К.Матсалаева,

әдістемелік қамтамасыз ету және

инновациялық даму бөлімінің жетекші маманы

MANGILIK EL 

Жемқорлықсыз білім!

 Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен 2017  жылдың  18 қыркүйекте мектеп мұғалімдеріне арналған  "Жемқорлықсыз білім!"  тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы Толыбаев Ербол Мұратұлымен  бірге  қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық құжаттар, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылады. 

Семинарға 100-ден аса педагог қатысып, курс тыңдаушылары өздерінің тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып,  кеңес алуға мүмкіндік алды.

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы, г.ғ.магистрі

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

2017 жылдың 16 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институты  «Қауіпсіздік білім беру ортасын құру- сапалы білім беру шарты» тақырыбында онлайн режимінде аймақтық ФОРУМ өткізеді

Өткізілетін орны: Ақтөбе қаласы, Ақтөбе ОБПҚБАИ.

Форум мақсаты –қауіпсіз білім беру ортасын құруда  тәрбие беру үдерісінде психологиялық қолдаудың тиімді жүйесін құру арқылы педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Форумға қатысушылар:аудандық (қалалық) ББ мекемелерінің  әдіскерлері,  мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психологтар, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары, әлеуметтік педагогтар, класс жетекшілер, арнаулы оқу орындары (техникалық және кәсіптік) психологтары, жас ғалымдар, магистранттар, ғылыми зерттеушілер, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтар.

«Қауіпсіздік білім беру ортасын құру- сапалы білім беру шарты» тақырыбындағы аймақтық ФОРУМаясында өтілетін іс-шаралар:

 І.  «Психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру– сапалы білім беруді қамтамасыз ету кепілі»тақырыбында ғылыми-практикалық конференция.

Конференция келесі мәселелер бойынша жұмыс жасайды:

  1.  Рухани жаңғыру – ұлттық сананы қалыптастыруды жүзеге асырудағы прагматизм.
  2. «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы негізінде тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың психологиялық- педагогикалық негіздері.
  3. Қауіпсіз білім беру ортасы- жеке тұлға қалыптастырудың маңызды факторы.

ІІ. Мастер – класс:

  • « Өзіңді өзің  сақта»
  • «Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету: ізденіс және тәжірибе»
  • «Тәуекел тобы» жұмыстарын ұйымдастыру: идеядан шығармашылыққа»

     Форумға қатысушылардың материалдары мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде қабылданады. Конференция жинағы электрондық форматта шығарылады.

Мақала материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптар қатаң сақталу керек:

Баяндама (мақала) мәтіні 5 парақтан аспауы қажет және тіркеу формасы МS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы керек:

1.Кестелердің, сызбалардың, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек.

2.Парақтың параметрлері: жоғары - 2 см, төменгі - 2 см, сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см.

3. Шрифт: Times New Roman, кегль-12.

4. Жол аралық: 1 интервалмен.

5. Жаңа жол:0,9 см.

6. Бір жолдан кейін ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН) жазылады.

7.Баяндама тақырыбының төменгі жағына бір жолдан кейін парақ ортасына жай әріптермен (қою шрифтпен) автор(лар)-дың тегі, аты-жөні жазылады.

8.Төменгі жағына жұмыс орындалғанмекеменің толық аты (қою шрифпен).

9. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары жазылады.

10. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде квадрат  жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сәйкес нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілсін:   [1, 250 бет].

Форумға қатысу туралы сұраныс 2017 жылдың  1 қарашасына  дейінАқтөбе қаласы, Тургенев көшесі 86, ОПКБАИ,Мұғалімдердің педагогикалық-психологиялық кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасында  қабылданады. Тел: 8 (7132) 56-05-37 E-mail: kafedrapips @ mail.ru.(Қосымша 1.2.) 87752349977

  Ұйымдастыру комитеті

 

Қосымша1

Форумға қатысушыларды тіркеу формасы 

Фамилиясы

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Жұмыс орны

 

Ғылыми дәрежесі

 

Ғылыми атағы

 

Тұратын мекен-жайы (телефон мәліметі)

 

Электронды почтасы

 

Форумға қатысым туралы мәлімет (қайсысына қатысасыз, астын сызып көрсетіңіз)

ü   конференция

ü  мастер-класс

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

Жинаққа материалды тіркеу туралы.

Баяндама

Тақырыбы

Қатысушының аты-жөні

Қызмет орны:

Қызметі:

Қатысушының бағыты (секция номерін көрсету)

                                                                                                       Ұйымдастыру  комитеті 

Мұғалімдердің мұражайдан алған әсері...

Қыркүйек айының 13-де мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілері мен дінтану курсына біліктілікті арттыруға келген педагогтарға педагогикалық мұражайда экскурсия жасалды. Мұражай қызметкерлері Ақтөбе облысының білім беру саласының тарихи дамуымен, әр жылдарда еңбек сіңірген мұғалімдер мен қызметкерлердің  өмір және еңбек жолдарымен таныстырды. Экскурсия соңында  педагогтар алған әсерлерімен бөлісті. 

«Заман талабына сай білім қажет болған кезде, нақты мәлімет қорының қажеттілігі туындайды. Мәселен, өз пәнінің игілігін шаққан ұстаздың өзі, мағлұмат қорын толықтырып отыруы тиіс. Осы орайда «Өрлеу» БАҰО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жанынан құрылған мұражайдың орны ерекше. Білім саласындағы инновациялардың кешегі, бүгінгі және ертеңгі деректері анық бейнеленген мұражай қоры рухани азыққа бай. Тіпті, ғылыми эстетика және шынайы патриотизмнің алтын бесігі деп атасақ артық болмас. Мәдени мұрамыз бен рухани болмысымызды шыңдаушы, мұражай қызметкерлеріне алғысым шексіз!»

Байдышев Т. А.-Ақтөбе қ., Садовое ауылы

№54 НМ

 

«Мен «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығындағы музейде  экскурсияладым. Іші жарық, адамға әдемі, жылы қөңіл – күй сыйлады. Мұражай қызметкерлері білім беру саласына қатысты қызықты ақпарат берді. Осы мекеменің құрылған күнінен бастап, бүгінге күнге дейінгі тарихын, іргетасын қалап, басшылық еткен басшылар, басқарманың қазіргі құрамы туралы мәліметтер алдым. Осы институтта  музей барына қуандым».

Жолдаспаева Г.М.- Қобда ауданы, Қобда орта мектебінің

мектепалды даярлық класының тәрбиешісі

 

«Во время прохождения курсов на базе института повышения квалификации «Өрлеу»,  я и мои коллеги по курсу посетили библиотеку и педагогический музей истории института. Библиотека очень уютная и комфортная. Библиотечный фонд достаточно большой. Я обнаружила много материалов: методических пособий, периодических изданий и электронных учебников, которые пригодятся мне в работе. Работником библиотеки был  проведен библиографический обзор книг, который прошел в дружеской, приятной атмосфере. В музее слушателям нашего курса провели интересную экскурсию и был продемонстрирован фильм об истории повышения квалификации педагогических работников».

Федюкова Д.М.

учитель истории СШ №28 г. Актобе

Мұражай – болашақ мұраты

Институт  мұражайы - бүгінгі ұрпақтың өткенді танып, сыни көзбен қарап, болашаққа көз жүгіртуіне жол ашуда. Ашылғанына аз уақыт болса да  мұражайға   келушілер саны көбеюде. Бүгін «Робототехника негіздері» курс тыңдаушылары мұражайда болып алған әсерлерімен бөлісті. Мұражайда ерекше орын алатын – Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тарихы. Институттың   тарихи кезеңдерін бейнелейтін фотосуреттер  келушілерге ерекше әсер қалдырды.

Мұражай  курсқа келген мұғалімдердің оқып жатқан кездегі ғылыми ортаның құндылығы мен дәстүрлеріне өз қатыстылығын сезінуіне мүмкіндік туғызады. Еліміздің оның ішінде, Ақтөбе облысының  ғылым-білім саласын дамытудағы атқарған жұмыстарын айғақтайтын  тарихи құжаттар мұғалімдердің  тарихи білімдерін толықтыруға, оқу–тәрбие жұмыстарын жүргізуге көп көмегін тигізетіні сөзсіз.

 

 Ермекова Н.Н., 

кітапхана бөлімінің меңгерушісі

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ құрылғанына 5 жыл толуына орай, Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел жоспарына сәйкес 2017 жылы қазан айының 13-і күні «Білім беру ұйымдары кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары және мүмкіндіктері»тақырыбында аймақтық он-лайн семинар (бұдан әрі – Семинар) өткізеді.

Семинар мақсаты: Ақпараттық кеңістікті кеңейту мен білім берудің рөлін арттыру жағдайында білім жүйесі  кітапханаларының жұмысын жаңа тәсілдерге бағдарлау, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Семинар жұмысының негізгі бағыттары:

‒ білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері;

‒ балалар мен жасөспірімдердің ақпараттық сауаттылығы және кітап оқу мәселелері;

‒ тұлғаны дамытуда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың үйлесімділігі, білімді ұрпақ тәрбиелеуде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі  және «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде жүргізу;

‒ кітапхана жұмысын автоматтандыру процестерін жетілдіру.

Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс өңіріндегі филиалдарының, қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері, педагогикалық қызметкерлер, басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар қатыса алады.

Семинардың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Семинарды өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 86 А, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Семинардың басталуы:сағ. 1100-де(Астана уақытымен).

Семинар қорытындылары бойынша қатысушыларға (pdf-форматында) сертификаттаржіберіледі.

  Семинарға жауапты:  Ермекова Нұргүл Нұрдәулетқызы.

Анықтама телефондары: 8 (7132) 245414, 8-701-392-4131

e-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.

 

Ұйымдастыру комитеті

Ақпараттық хат

Құрметті  әріптестер!

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жедел жоспарына сәйкес 2017 жылы қазан айының 26-ы күні «Педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамытуда инновациялық және ақпараттық білім беруді жобалау» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық      он-лайн конференция (бұдан әрі – Конференция) өткізеді.

Конференцияның мақсаты: инновациялық және ақпараттық білім беруді жобалау аясында педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту міндеттерін шешуде біліктілікті үздіксіз арттырудың инновациялық стратегиясының мүмкіндіктерін пайымдау.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

‒         педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамытуда инновациялық және ақпараттық білім беруді жобалауды енгізудің ғылыми-әдіснамалық негіздері;

‒         педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамыту жолындағы нәтижеге бағытталған кәсіби құзыреттілігі;

‒         педагогикалық қызметкердің біліктілігін үздіксіз арттыруды ұйымдастырудағы тиімді амал-тәсілдер;

Қатысуға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының, білім беру басқармаларының өкілдері, ғылыми қызметкерлер, білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері, басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Конференцияны өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Тургенов көшесі 86 А, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Материалдар 02.10.2017ж дейінқабылданады.

Ақпараттық ресурс: конференция материалдары «Он-лайн конференция» белгісімен orleu-aktobe.kzсайтындажарияланады.

Конференция қорытындылары бойынша қатысушыларға (pdf-форматында) сертификаттар  жіберіледі.

Конференцияның ұйымдастырушы комитетінен электрондық мекенжайыңызға растау хат келген жағдайда, жіберілген материалдар қабылданған болып есептеледі.

Конференцияның жауапты хатшылары:  Сугурбаева Анаргул Сагинбаевна,  Изтлеуова Зульфия Сейлхановна. Анықтама телефондары:            8 (7132) 549188, 8-701-432-17-62, 8-777-800-14-18, e-mail:kafedra_nt@mail.ru

 

1 қосымша

 

«Педагогтің бәсекеге қабілетті тұлғасын дамытуда инновациялық және ақпараттық білім беруді жобалау»тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық он-лайн конференциясына қатысуға

Өтінім 

1

Қатысушының аты-жөні  (толығымен)

 

2

Жұмыс орны, лауазымы (толық атауы, қала, облыс)

 

3

Ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы, санаты

 

4

Материалдың тақырыбы

 

5

Байланыс телефоны

 

6

Электрондық поштасы, E-mail

 

7

Жұмыс бағыты

 

 

2қосымша

 

МАТЕРИАЛДАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

 

     •   Мақала көлемі 5 беттен аспауы керек.
•   Қаріп түрі KZ Times New Roman (12 кегль); бірлік интервал;  азат жол – 1,25 см.; жиектері: жоғарғы – 2 см; төменгі – 2 см; сол жағы – 3 см; оң жағы – 2 см.               
 1.  Мақала мәтіні қатесіз теріліп, мұқият тексерілуі тиіс.

 2. Оң жағындағы жоғарғы бұрышта автордың Т.А.Ә. (толық) жазылады;

 3. Төменде – лауазым, ғылыми атақ (егер болса), ұйым, облыс, қала көрсетіледі;

 4. Мақаланың атауы бас әріппен, қалың қаріппен, соңында тыныс белгісіз, ортасында теңестіріледі;

 5. Бірлік интервалынан кейін материалдың мәтіні теріледі.

 6. Қолданылған әдебиеттердің библиографиялық тізімі соңында ұсынылады. Тізім библиографиялық сипаттаманың ережесіне сәйкес ресімделу қажет. Әдебиетке сілтеме – мәтіннің ішінде, мысалы [4] немесе [4;25б.], әдебиет тізімінде дереккөздің нөміріне сәйкес мәтінде санмен көрсетіледі.

7. Материалдың мәтіні және өтінім бір құжатқа жинақталу қажет.

8. Мақалалардың материалдары бар файлды атағанда, міндетті түрде фамилия мен автордың инициалдарын көрсету қажет, мысалы, А.А.Асқарова, Конференцияға мақала.

9. Ұсынылған мақалалар өзекті және бұрын жарияланбаған болуы керек.

10. Жоғарыда аталған  талаптар сақталмаған және көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген мақалалар қабылданбайды, қарастырылмайды және қайтарылмайды.

11.  Ұсынылған материалдың мазмұнына автор жауап береді.

Мақала мәтіні редакцияланбайды және түпнұсқа болып табылады. Ұйымдастыру алқасы семинар тақырыбына және аталған шарттарға сай келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

 

Ұйымдастыру комитеті


"АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕР" ФОРУМНЫҢ АШЫЛУЫ

"АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕР" ФОРУМНЫҢ АШЫЛУЫ

("Менің алғашқы ұстазым" Республикалық акция аясында)


  
Бастауыш сынып мұғалімдерінің жетістіктерін педагогикалық және ата-аналар қауымдастығында айтып отыру қажет.Ұстаздар Күнін тойлау қарсаңында республика бойынша "Менің алғашқы ұстазым" атты акция жарияланды,ол 21 қыркүйек пен 4 қазанға дейін өткізіледі. "Менің алғашқы ұстазым" аттыРеспубликалық акцияның мақсаты- қоғам назарын білім беру саласына аудару, педагог мәртебесін көтеру, азаматтарды өз ұстаздарын сыйлау мен қолдау көрсетуге үндеу. Акция аясында республика бойынша "Алғашқы мұғалім" атты облыстық форумдар өтеді

2015 жылдың 21 қыркүйек жұлдызында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалының Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты "Алғашқы мұғалімдер" облыстық форумның ашылуына арналған флешмоб ұйымдастырды.

Флешмобтың негізгі мақсаты – облыс мұғалімдері арасында өткізілетін форум жұмысын бастау. Флешмобқа қатысушылар – институт қызметкерлері мен облыс мұғалімдері.

Аталған іс-шара флешмоб қатысушыларына көтеріңкі көңіл күй және облыс аудандары бойынша республикалық акциясын өткізуге бағыт берді.

Республикалық акцияның қорытындысы онлайн режимінде өтетін "Алғашқы мұғалім" атты форуммен аяқталады.

 

Мұғалімдер күнімен!

 

Мұғалімдер күні – бұл ерекше мереке, еліміз бұл мерекені құшағы гүлге толып, жан жылуы жарқырап қарсы алады. Мұғалім – Шығыс халқында үлкен әріппен жазылатын сөз. Себебі, ұстаз - бұл тек мамандық қана емес, мұғалім- бұл адамнан үлкен жауапкершілікті, еңселі қажырлылықты талап ететін , мәртебесі биік мамандық.

Кез-келген ата-анаға өз баласына ең бірінші рет білім есігін аштырған алғашқы мұғалім қымбат. Сондықтан, алғашқы ұстаз болудың жауапкершілігі үлкен. Алғашқы ұстаз, Тек Сіз ғана - мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршінді жан жылуымен қарсы аласыз. Тек Сіз ғана - бала жанының жабырқауын түсініп, жан жарасын емдейсіз. Тек Сіз ғана - олар шыққан биіктерге өздерінен де өзгерек қуанасыз. Сіздің жүрегіңіз ғана шәкірт жүрегінің соғысымен үндеседі.

Мұғалімдер күнінің қарсаңында республика аймағында «Менің алғашқы ұстазым» атты акция жариялануда, бұл әркімнің өзінің алғашқы ұстазы жөнінде алғыс-тілектерін жазуға мүмкіндік береді. Біздің сайтта «Алғашқы ұстаз» форумы ашылып, онда облыстың алғашқы ұстаздарына арналған «Құрмет Кітабы», «Менің алғашқы ұстазым», «Алғашқы ұстаз-әріптес көзімен», «Үздіктің үздігі», «Кері байланыс», «Алғашқы ұстаздар династиясы», «Форумға белсенді қатысушылар» "Алғашқы мұғалімдер"айдарлар жарияланады.

Сіздерге алда да үлкен шығармашылық ізденіс тілей отыра, қашанда талантты, жан-жақты, тамаша адам болып қалуларыңызға ниетімізді білдіремін!

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.