Әдістемелік қызметтің ролін арттыру

2019 жылдың 31 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы  ПК БАИ жоспарына сай «Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу жағдайында педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырудағы әдістемелік орталықтың ролі» тақырыбында он-лайн режимінде облыстық семинар өтілді.

Ғылыми -әдістемелік қызметтің негізгі мақсаты - педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.

Семинарда «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.К.Кибатаева, кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.Қ.Қаплиева, Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қаласы бойынша филиалының директоры -Т.А.Акимова,Хромтау ауданы, Хромтау№6 гимназиясы, - директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Т.Ешкеева, Ақтөбе қаласы,Новый орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.А.Абжалелова, Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Ж.Ж.Есенжолова жаңартылған білім беру жүйесіне көшу жағдайында педагогтардың кәсіби құзырлылығын көтеру және шығармашылық іскерлігін жетілдіру мақсатында ғылыми-әдістемелік қызметті жетілдіруді  жүзеге асырудағы өз идеяларымен бөлісті.

Семинарда,кітапханалық дайджестте институттың қызметкерлері шығарған әдістемелік құралдар мазмұнына шолу жасалды.  Қатысушылар үшін ашық микрофон ұйымдастырылып ұсыныс пікірлері мен ой бөлісті. Он-лайн семинар жұмысына барлығы 70-тен аса облыстың білім беру салаларының мекемелері тікелей байланысқа шықты. Семинар соңы әдістемелік ұсыныс қабылдаумен қортындыланды.     

Каплиева А.К.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

Жаңартылған бағдарламасы – білім жаңғыруының басты тетігі

Білім жаңғыруы – әлемді жаңғыртудың негізгі құралы. Бүгінгі күні өркениетті елдер қатарына бағыт алған кезеңде жаңартылған білім бағдарламасы – сол мақсаттарға жетелейтін басты тетік.

Білім берудегі жаңартылған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ағымдағы жылдың 31-қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ Ақтөбе қаласы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында «Жаңашыл сабақ: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикумға облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Жұмыстың барысында аталмыш білім ордасының озық тәжірибелі тіл мамандары қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи сабақ үлгісін көрсетіп, өзіндік іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылармен оқыту үдерісіндегі кейбір мәселелі сұрақтарға жауап беріп, өзара ой, пікірлерін ортаға салды.

Ұйымдастырылған жұмыс жоғары кәсіби деңгейде өтті. Оқушыларға сапалы білім беруге, тәрбиелеуге мен дамытуға бағытталып өткізілген мазмұнды да тиімді жұмысты жүргізген «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалына және  мектеп ұжымына қатысушылар өз алғыстарын білдірді.


А.С.Сугурбаева,

аға оқытушы, п.ғ.м.

Облыстық кәмелетке толмаған жасөспірімдердің істері жөніндегі комиссиясының ашық отырысы

Қазіргі жағдайда әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың өсуін төмендету жолдарын іздестіру болып табылады.

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті ашық отырысында облыс әкімінің орынбасары М.Т. Тоғжанованың төрағалыымен мектеп, колледждердегі оқушылар арасында құқық бұзушылықтарға байланысты конкурстар мен байқаулар ұйымдастыру мәселелер бойынша пікірталас өткізілді.

Кездесуге қала әкімінің орынбасары Қ.А. Айдарханов, облыстың білім басқармасының бастығы Л.А. Оразбаева, қалалық білім бөлімінің меңгерушісі С.С.Сүлейменов, «Өрлеу»БАҰО АҚ Ақтөбе филиалының директоры, п.ғ.к. Н.М.Абишева, Облыстық жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының міндетін атқарушы Ж.Л. Макаревич, сондай-ақ білім беру органдарының өкілдері, ата-аналар қауымы, білім беру ұйымдарының басшылары, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. Аталған мәселелердің өзектілігі уақыттың қиындықтарымен   аймақтағы жағымсыз жағдайлардан туындады.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысы болдырмау мақсатында оқу орындарында тәрбие жұмысын күшейту, мектеп, отбасы және қоғам арасында жасөспірімдер арасындағы топтық жекпе-жектердің ауыр салдарын болдырмау, өмірлік құндылықтарды өзектілендіру, психологтар мен әлеуметтік педагогтардың рөлін күшейту үшін тығыз қарым-қатынас жасау үшін бірқатар маңызды ұсыныстар мен ұсынымдар берілді. Отбасылық тәрбиені дамыту, кәмелетке толмағандардың ішкі әлемін түсіну, қамқорлыққа алу және т.б.

Талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ж.Куканова,

жетекші маман, магистр

«Ақтөбе-Өрлеу»: жастарды қолдайды!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы қызметінің бір бағыты жастарға қолдау көрсету.

2018 жылдың тамыз айында Халықаралық қайта құру және даму банкінің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Ақтөбе облысындағы Жастар корпусын дамыту жобасы іске қосылды. Жобаға 14 жастан 29 жасқа дейінгі (оқушыларды қоспағанда) жастар қатысып, қатысушыларға грант және әлеуметтік шәкіртақылар ұсынылды. Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бойынша менторлармен оқыту тренингтері жүргізілді. Жобаның сараптаушысы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы АО ПКБАИ директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева және бөлім маманы Л.Л.Отарбаева менторлық қызмет атқарды.

Ақтөбе облысында 163 әлеуметтік гранттың жүзеге асырылу қорытындысы ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Жастар корпусын дамыту жобасының өңірлік форумында көрсетілді.

Форум жұмысына гранттар иелері, менторлар, өңірлік үйлестірушілер, Үйлестіру агенттігінің басшысы, Ақтөбе қаласының әкімі, Мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Аймақтық үйлестіруші Құралай Базарбайқызы Байменова мотивациялық сөз сөйлеп, аталған жобаның алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде көрсеткен жауапкершілігі мен табандылығы үшін форумның барлық қатысушыларына алғыс білдірді.

 

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы «ZhasProject»  жоба қатысушыларына  жеңіс тілейді:

Арманда! Ұсыныс! Іске асыр!

  

Ж.К.Матсалаева,

бөлім маманы

Оқытушының кәсіби шеберлігі – білікті маман даярлаудың факторы

Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында оны  Жастар жылы деп жариялаған болатын. Бүгінде жастарды кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналып отыр, лайықты кәсіби білім алу үшін барлық жағдай жасалуда.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы аясында 2019 жылдың 25 қаңтар күні колледж базасында «Оқытушының кәсіби шеберлігі – білікті маман даярладың факторы» тақырыбында облыстық  семинар өтті. 

Семинарда колледждің білікті мамандары еңбек нарығына қажетті болашақ маман даярлауда заманауи оқу тренажерлерін қолдана отырып өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ашық тәжірибелік сабақтар көрсетті. Сабақтар оқытудың заманауи әдістері мен стратегияларын пайдалана отырып, жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізілді.

Семинар соңында психологиялық тренинг ұйымдастырылып, рефлексия өткізілді. Қатысушылар Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі оқытушыларына зор алғыстарын білдіріп, жаңа үлгідегі мамандарды дайындауға бағытталған міндеттерді жүзеге асыруда табыс тіледі.

 

Утаров Б.С.,

академиялық бөлім басшысы

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған

«Өрлеу» БАҰО акционерлік қоғамының 2018-2022 жылдарға арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» Республикалық жобасы мен «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын  жүзеге асыру аясында, 2019 жылдың2  ақпаннан – 17 мамыр арасында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарға сай,  «Туған өлкеге қосқан үлесім» тақырыбында

ОБЛЫСТЫҚ АКЦИЯ  өткізеді.


 

Облыстық акцияны өткізу ЕРЕЖЕСІ

 

Негізгі миссия: Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» (2017), «Ұлы даланың  жеті қыры» (2018) атты  мақалаларының негізгі идеяларын жүзеге асыру.

Акция мақсаты – білім беру саласында өз өлкесінің дамуына  үлесін қосқан педагогтардың зерттеулерін,  ізденістерін,  жетістіктері туралы мұрағаттар қорын жинақтау.

Акцияға білім беру саласының барлық педагогтар қауымы қатыса алады.

І. Акция бағыттары:

1.Туған өлке шежіресі (бұл бағытта өзінің туған ауылының тарихын, тарихи атауларын және өз өлкесіндегі білім саласына үлес қосқан педагогтар туралы деректемелер, альманахтар жинақтау )

2. Туған өлке экологиясы (бұл бағытта әр алуан минералды шикізаты бар, таза экологиялық қоры мол демалыс орындары туралы видеоконтенттер, видеотаспалар және географиялық суреттемелі картасын жасау)

3. Туған өлке табиғаты (бұл бағытта өз өлкесі табиғатының классификациялық макетін модельдеу, жылжымалы паркинг жасау)

4. Туған өлке  педагогикасы (педагогтар ұрпақтары туралы мәліметтер қорын жасақтау, «Қалдырған ізің мәңгілік» суреттемелі баннерлер жасау)

ІІ. Акцияның өту барысы:

Қатысушы аудандар акция бағыттарын өздері таңдайды (1-уін немесе 2-уін)  жинақталған жұмыстардың жетістіктері  2019 жылдың 01 мамырына  дейін облыстық ұйымдастыру комитетіне тапсырылады.

3.  Облыстық кезең:  2019 жылы 17 мамырдаинститут базасында өтіледі.

Акцияның таңдалынған бағыттарында  қатысушылардың  материалдары (деректемелер, суреттемелер,  альманахтар,  видеоконтенттер,  видеофильмдер,  карталар, макеттер, модельдер,  мәлімет қорлары) институттың  «Облыстық педагогикалық  музей» қорына орналастырылады.      

ІІІ. Акцияға қатысушыларды марапаттау

Акция қортындысы бойынша жеңімпаздар «Үздік өлке шежіресі», «Үздік өлке экологиясы», «Үздік өлке табиғаты», «Туған өлкеге үлес қосқаны үшін», «Үздік педагогтар отбасы» номинацияларымен, мақтау қағаздарымен, сертификаттармен, сыйлықтармен марапатталады.

 

Ұйымдастыру комитеті

Ақтөбе-Өрлеу: ашық есік күні

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облыстық филиалында  Жастар жылы мен мен серіктестік Меморандум аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» факультетінің студенттеріне ашық есік күні өтті.

Экскурсия барысында сырттай оқу бөлімінің студенттеріне кітапханадағы КАБИС автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі негізінде жасалған электронды каталог пен оқырмандарға электрондық кітапханалық қызмет көрсету көрсетілімі ұсынылды.

Студенттер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстан кітапханалары» жобасының аясында ұйымдастырылған Коворкинг- орталығымен, сондай-ақ балаларды дамытуға арналған  Монтессори студиясымен танысты. Coworking-орталығында қатысушыларға QR кітапханасының кітаптары көрсетілді.

Институт тарихының педагогикалық мұражайындағы мұғалімдердің  біліктілігін арттыру институтының қалыптасуы мен даму кезеңдеріндегі  оқиғаларды бейнелейтін деректер, экспонаттар студенттерге ұмытылмас әсер қалдырды.

Іс-шара соңында студенттер Ақтөбе-Өрлеу институтының ұжымына  қызықты және мазмұнды кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

 

Ермекова Н.Н.,

ақпараттық орталық

БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ: SMART МАҚСАТТАН ТАБЫСТЫ ОҚУШЫҒА

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе Филиалы  №3  ОМ базасында ағымдағы жылдың 24 қаңтарында «Білім  мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды. Семинар жаңартылған білім мазмұны аясында сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату  мақсатына бағытталды. Семинар барысында қалыптастырушы бағалауды енгізуде педагогтермен тәжірибе алмасудың  диалогтік алаңы құрылып, облыс педагогтеріне қалыптастырушы бағалауды сапалы енгізу мәселесі бойынша тәжірибелік қолдау көрсетілді. Фасилитация сабақтар, фокус топтармен жұмыстар жасалынды. Бірлескен талқылау барысында қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың мәселелері мен қиындықтары туралы сөз қозғалып, оларды шешу жолдары ұсынылды.

Облыс педагогтері  қалыптастырушы бағалау тапсырмасының (SMART оқу мақсаты, бағалау критерийлері, ойлау дағдысының деңгейлері, тапсырма, дескрипторлар, сындарлы кері байланыс) мәнін ашу үшін әртүрлі тапсырмалар орындады. Тапсырмаларды орындауда қалыптастырушы бағалаудың әдістерін сабақ жоспарлауда қолдану туралы ойларын шағын топта талқылаған облыс педагогтері әрбір оқушының оқу барысында жеткен жетістігін өзге оқушылармен салыстырмай, тек, баланың қабылдау деңгейі мен оның жұмыс істеу қабілетіне байланысты сыни көзқарас нәтижесі арқылы бағаланатын бұл жүйенің әрбір мектепке қажеттілігін атап өтті. 

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы

Педагогтердің назарына!

«Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2019 жылдың 20 ақпанында «4K моделі:  педагогтың кәсіби шеберлігін дамыту жолында»(on-line) тақырыбында Республикалық педагогикалық пікірталас алаңын  өткізеді.

Мақсаты:Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазанда жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында 4K моделін зерделеудің өзекті мәселелерін талқылау және педагогтердің  кәсіби шеберлігін дамытудың стратегиялық бағыттары мен болашағын анықтау.

Республикалық педагогикалық пікірталас алаңына университет ғалымдары, облыстық  білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының тренерлері мен профессорлық- оқытушылық құрамы шақырылады.

Педагогикалық пікірталас алаң жұмысын  фокус топтар түрінде ұйымдастыру ұсынылады. Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

 

№ 1 – Білім берудегі 4 К модель үлгісі: теориядан тәжірибеге

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

 

1. Заманауи білім берудегі 4K моделінің теориялық аспектілеріне, тұжырымдамаларына шолу жасау.

2. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында қарастырылатын болашақтағы білім беру мәселесі  XXI ғасырдың негізгі құзыреттілігі болып табылады.

3. Білім беру жүйесінің жетекші моделі ретінде 4K үлгісін дамытудың негізгі стратегиясы мен мүмкіндіктері.

 

№ 2 - Білім беру білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтың білім беру тәжірибесіндегі  4 К модель үлгісі

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

 

1.  Педагогтердің үздіксіз білім алуының заманауи жүйесі:жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы жаңа сын-қатерлер

2. Педагогтердің  кәсіби шеберлігін  жетілдіру  үшін біліктілікті арттыру курстарындағы  жаңартылған білім беру бағдарламаларының рөлі.

3. 4 K модель үлгісін  жүзеге  асыру бойынша  негізгі проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылау.

 

№3 - 4K моделін жүзеге асыру бойынша біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытудың тиімді жолдары

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

 

1. 4K моделін жүзеге асыру аясында  педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдірудің тиімді жолдары.

2. Педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары.

3. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде білім беру қызметтерінің сапасын басқару.

 

№4 - 4 К модель үлгісі педагогтың ғылыми-зерттеу жұмысында

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

 

1. Жобалау-зерттеу қызметі – педагогтың кәсіби шеберлігін  дамыту факторларының бірі.

2. Жылдам өзгерудегі заманауи әлемде педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытудағы ғылыми-әдістемелік қолдау.

2. Педагогтердің ғылыми жобаларға, байқауларға, кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуы.

 

Педагогикалық пікірталас алаңының белсенді қатысушыларына сертификат табысталады және алғыс хаттармен марапатталады (1,2 Қосымша).

Облыстық білім беру ұйымдарының педагогтері мен әдіскерлері  педагогикалық пікірталас алаңына қатысу үшін online.ripkso.kz/aktobe сілтемесі бойынша онлайн өткізу бөлмесіне кіре алады. Тіркеу: сағ. 9.00-10.00. Өткізілу мерзімі: Сағ.10.00-11.30 (жерг.уақытпен)

Қосымша мәліметтерді алу:

Электронды  адрес: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.

Байланыс телефоны: 8-7132-560537

 

 

 

 

1 қосымша

ӨТІНІШ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының тренерлері мен профессорлық- оқытушылық құрамының «4K моделі:  педагогтың кәсіби шеберлігін дамыту жолында» (on-line) тақырыбындағы  Республикалық педагогикалық пікірталас алаңына қатысуы

 

1

Толық аты-жөні

 

2

Қызметі (толық) ғылыми атағы

 

3

Фокус топ  түрі

 

4

Тақырыбы

 

5

Филиал атауы

 

6

Жұмыс телефоны (қаланың кодын көрсету)

 

7

Телефон (ұялы)

 

8

E-mail

 

 

 

2 қосымша

ӨТІНІШ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының тренерлері мен профессорлық- оқытушылық құрамының «4K моделі:  педагогтың кәсіби шеберлігін дамыту жолында» (on-line) тақырыбындағы  Республикалық педагогикалық пікірталас алаңына қатысуы

 

1

Толық аты-жөні

 

2

Қызметі (толық) ғылыми атағы

 

3

Фокус топ  түрі

 

4

Филиал атауы

 

5

Жұмыс телефоны (қаланың кодын көрсету)

 

6

Телефон (ұялы)

 

7

E-mail

 

 

Қатысуға шақырамыз!

Құрметті әріптестер!

 

2019 жылдың 5 наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру: теориядан тәжірибеге» тақырыбында  облыстық  ғылыми – практикалық конференция өткізеді.

Өткізілетін орны: Ақтөбе қаласы, «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Конференция мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді психологиялық-педагогикалық қолдаудың  маңыздылығын талдау, педагогикалық қызметте тәжірибе алмасу.

Конференция келесі мәселелер бойынша жұмыс жасайды:

  1. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау: әлеуметтік аспект;
  2. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендірудің практикалық маңызы;
  3. Білім алушылардың  қажеттіліктеріне байланысты білім мазмұнын бейімдеу ерекшеліктері

Баяндама мәтіні мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде қабылданады. Конференция материалдары электорндық нұсқада институт сайтында жарияланады. Конференцияның электрондық форматына ену үшін ұйымдастыру комитетіне: баяндама (мақала) және конференцияға қатысушының тіркеу формасы (баспа түрінде - мақаланың 1 данасы және электронды түрде) өткізілуі қажет.

Мақала материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптар қатаң сақталу керек:

Баяндама (мақала) мәтіні 5 парақтан аспауы қажет және тіркеу формасы МS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы керек:

1.Кестелердің, сызбалардың, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек.

2.Парақтың параметрлері: жоғары - 2 см, төменгі - 2 см, сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см.

3. Шрифт: Times New Roman, кегль-12.

4. Жол аралық: 1 интервалмен.

5. Жаңа жол:0,9 см.

6. Бір жолдан кейін ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН) жазылады.

7.Баяндама тақырыбының төменгі жағына бір жолдан кейін парақ ортасына жай әріптермен (қою шрифтпен) автор(лар)-дың тегі, аты-жөні жазылады.

8.Төменгі жағына жұмыс орындалғанмекеменің толық аты (қою шрифпен).

9. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары жазылады.

10. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде квадрат [ ] жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сәйкес нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілсін: [1, 250 бет].

 

Тіркеу формасы

 

  1. Тегі, аты-жөні толығымен__________________________________________________________
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________________________
  3. Жұмыс жасайтын мекемесі, қызметі__________________________________________________
  4. Мақала тақырыбы_________________________________________________________________
  5. Секциясы________________________________________________________________________

Баяндама материалдары 01 наурызға дейін (2019) дейін e-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. қабылданады. Тел: 8 (7132) 55-06-37

Ұйымдастыру комитеті

Көрме «Туған жерге» арналады...

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасының аясында «Туған жер» жобасының жүзеге асырылуына орай «Өрлеу» БАҰО АҚфилиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ақпараттық орталығында «Туған өлкем-тұнған тарих, қазынам» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – тарихы терең, бай материалдық-рухани мұраларды, архитектуралық кескін-келбетімен бейнелеген өлкеміз жайында жазылған тарихи деректермен оқырмандардың қызығушылығын арттырып, жас ұрпақтың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Оқырман назарына  ұлт қайраткері, Алашорда үкіметінің төрағасы, сан қырлы дарын иесі Ә. Н. Бөкейханның өмірбаяндық деректері мен қызметі жөнінде, ғылыми, публицистикалық аударма мұралары туралы мақалалары енген «Әлихан Бөкейхан» энциклопедиясы, Қазақстанның ерекше бағаланатын табиғи мұра және танымал археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтері жинақталған  «Атамекен» ақпараттық-танымдық жинағы, жаңа әліпбиде емле ережелерін әзірлеу, сараптау, талқылау жұмыстарының барысы баяндалған «Латын әліпбиіне көшу: ғылыми-тәжірибелік негіздер, даму процесі және басты мәселелер» атты ұжымдық жинақ, 2 томдық  «Елдес Омарұлы шығармалары» атты жазу, емле, дыбыс,таңбалар т.б. туралы бұрын баспада  шығарылмаған еңбектері және  Қ.Күдеринованың «Бірге ме, бөлек пе?» атауымен қазақ тілі орфографиялық ережесі мен сөздігіне сәйкес  сатылап меңгертуге арналған оқу әдістемелік құралы ұсынылды.

Барлық оқырмандарды  жаңа әдебиеттермен   танысуға шақырамыз!  

Назарбаева Р.К.,

 ақпарат орталығының маманы

Отбасылық тәрбие талқыланды...

Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясымен арадағы серіктестік аясында Ақтөбе қалалық сотының ұйымдастыруымен  дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның басты тақырыбы – отбасындағы ата-ана тәрбиесінің рөлі, отбасылық өмірде қиындыққа ұшыраған жандарға психологиялық қолдау көрсету. Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы А.Р.Хон,  Дағдарыс орталығының директоры  К.Т.Есенбаева, Батыс Қазақстандық медиация және келісім орталығының директоры А.В.Куртаева, «Қыз – елдің көркі» жобасының жетекшісі К.А.Садыкова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының жетекші маманы Ж.К.Матсалаева және қалалық сот қызметін атқарушылар С.Е.Мукашева, А.А.Абдуллина, К.С.Сембеков қатысып, өз тараптарынан аталған мәселеге қатысты ой-пікірлерін білдірді.

Қалалық сот жанынан 2018 жылдың 29 қарашасында ашылған «Отбасы орталығы» бастамасымен «Отбасылық сот» жобасы іске қосылған. Осы жоба аясында жүзеге асырылатын шаралар талқыланып, серіктестік негізінде жүргізілетін жұмыстардың ауқымы жоспарланды.

Матсалаева Ж.К.,

бөлімінің жетекші маман

Тренерлердің кәсіби шеберлігін арттырамыз...

2019 жыл «өрлеуліктер» үшін табыспен басталды... «Өрлеу» БАҰО» АҚ мен  «Назарбаев интеллектуалды мектебі» АҚ серіктестігі аясында Астана қаласында 3 қаңтардан бастап өткізіліп жатырған «Тренерлердің кәсіби бағдары» оқыту семинарына Ақтөбе филиалының тренерлері де қатысуда.

Семинар барысында оқушыларды  критериалды бағалау мен дифференциалды оқытуға байланысты мәселелер белсенді түрде қарастырылуда. Оқу сабақтары мектепте жүргізілетін пәндер бойынша ұйымдастырылды. Семинар жаңартылған білім мазмұнына сай тренингтік форматта өткізілуде, тәжірибеге бағдарланған бұл жұмыс түрі облыс педагогтеріне әдістемелік көмек беру үшін тренерлерге өте қажет. Оқуда белсенді оқыту стратегиясы қолданылып, әр күн рефлексиямен қорытындыланады.

Барлық «өрлеуліктерге» табысты жұмыс тілейміз! Кәсіби шеберлікті шыңдауда шынайы нәтижелерге жету үшін әріптестермен тиімді қарым-қатынас орнатуға тілектеспіз!

Жаңа 2019 жыл, жаңа бастауларымен...

Жаңа жыл ізгі ниеттер мен жарқын қуаныштар сыйлайды... Жаңа жыл-жаңа үміттер, жаңа бағыттар, жоспарлар...

2019 жылдың «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының директорымен бекітілген оқу жоспарына сәйкес 3 қаңтардан бастап Қалалық Білім бөлімінің сұранысы негізінде №10 және №53 жалпы білім беретін мектептерде «Білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық ойлары аясында оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістері» тақырыбында, №60 жалпы білім беретін мектепте ««Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында және Шалқар аудандық Білім бөлімінің сұранысы негізінде «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбындағы пән мұғалімдеріне арналған курстар  табысты бастаулармен жалғасуда.

Дәрістерді ҚР БҒМ-мен бекітілген оқу бағдарламалары мен оқу әдістемелік кешені негізінде дәріс берушілер, сертификатталған тренерлер, магистрлер: Рахатова К.Ж., Култаева Л.А., Шаштыгарина С.М., Сеткереева Г.А. өткізуде.

Курс барысында дәріскерлер тыңдаушыларға оқу бағдарламасының модульдерінің мазмұнымен, құрылымен және міндеттерімен таныстырып, пән бойынша  мақсаттарына жету үшін критериалды бағалау жүйесін түсіну, пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, курс аясында қатысушылар жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған білімдерін тренинг және тәжірибелік сабақтар арқылы жүзеге асырылуы жоспарлануда.

Әріптестерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз!

Бұл жылдың жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болуына тілектеспіз!

Жаңа 2019 жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық пен мол жақсылықтар әкелсін!

Құрметті педагогтер, біз Сіздерді біліктілікті арттыру курстарына қатысуға шақырамыз!

 

А.Айбусинова, С.Камыспаева,

академиялық бөлім

Пікірлесу алаңында: латын графикасының тарихи аспектілері

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында 31.01.2018 күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласының  басым бағыты болған латын әліпбиін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша облыс педагогтерімен бірге «Латын графикасының тарихи аспектілері» тақырыбында облыстық пікірлесу алаңы ұйымдастырылды.

Пікірлесу алаңының жұмысы латын графикасына көшуді табысты жүзеге асырудағы тарихи факторларды талдау және әліпбидің жаңа Жобасын бірлесе зерделеуге бағытталды.

Шараның алғашқы бөлімінде кафедра меңгерушісі,  п.ғ.к. А.К.Дүйсенбаев Қазақстан Республикасы «Ғалымдар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі және тілтанушылар ұсынып отырған латыннегізді әліпбидің жаңа Жобасына  жан-жақты ғылыми-танымдық ақпарат беріп, мәтінді жазу мен жазылған мәтінді көзшалыммен шапшаң игерудегі жаңа Жобаның ерекшеліктері мен тиімділігіне  тоқталып өтті.

Кезінде ұлы ғалым, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл», - деген екен. Ендеше, өркениет көшіне ілесу үшін латын қарпіне көшу қажет деген ортақ пікірге облыс педагогтері  бірауыздан келісіп,  Елбасының рухани жаңғыру жолындағы идеялары мен бастамаларын қолдайтындығын білдірді. 

 

Г.К.Жапакова,

кафедра аға оқытушысы, магистр

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласының  негізгі ережелерін түсіндіру бойынша  ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық іс-шараларының желілік кестесі аясында «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық диалогтік  алаңы ұйымдастырылды.

Өңірдің белгілі ғалымдары мен институт мамандары, облыс педагогтары «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе филиалының пікірлесу алаңында педагогикалық идеяларды  таныстыру және талқылау үшін бас қосты. Диалогтік алаң жұмысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бойынша идеялар мен педагогикалық көзқарастар ұсынылды. Филиал директоры, филол.ғ.к. Н.Абишева өңірдің педагогикалық қауымының алдында тұрған маңызды мемлекеттік міндеттер туралы айтып, алаң жұмысында қарастырылатын  негізгі тақырыптарға бағыт берді.

Пікірлесу алаңы ғалымдар мен педагогтардың, білім беру ұйымдарының тәжірибелері мен көзқарастарын үйлесімді мазмұнда біріктірді. Олар: Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ  ғылым және инновация бойынша проректоры, тарих.ғ.к.,  профессор Р.А.Бекназаров, Ақтөбе қаласы «Нұр Отан» филиалының кеңесшісі, п.ғ.к. М.С.Ержақыпов, институттың кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. А.К.Дуйсенбаев, ф.ғ.к., профессор А.К.Мырзашова, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері А.С.Токбасова, кафедраның аға оқытушысы  Г.Е.Абулхаирова, институт кітапханасының меңгерушісі Н.Н.Ермекова.

Диалогтік алаңға қатысушы 100-ге жуық  педагог, жастармен жүргізілетін  патриоттық тәрбиелеу жұмыстарының дамуы, олардың білім берудегі этномәдени негіздерімен байланыстары, саналы тұлға мен білім берудегі стратегиялық мақсаттарды қалыптастыру, рухани құндылықтарды сақтау жолдары, отбасы институтының маңыздылығы, ұлттық мәдени мұраға бет бұру мәселелерін кәсіби  тұрғыда талқылап, мәнін ашуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, кешегі күннің адамы мен бүгінгі цифрлік өмірдің өкілі арасындағы айырмашылықтар, мамандық таңдау өзектілігі мен саналы шешім қабылдау, мамандық таңдау мәдениеті  туралы мәселелер де айтылды.

Қатысушы педагогтар білім беру қызметінің жетістіктері мен өзекті аспектілерін талдауда жоғары белсенділік танытты. Қорытындысында білім беру ұйымдарында бағдарламалық мақаланы одан әрі жүзеге асыру үшін ұсыныстар қабылданды. Пікірлесу форматындағы жұмыс   интербелсенді өтті.

 

Ж.К.Матсалаева,

жетекші маман

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ ДАЙЫНДАУ МЕН РЕСІМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында 26.01.2018 күні мектеп пен колледж педагогтарына ғылыми-әдістемелік жарияланымдарды дайындау технологиялары бойынша оқыту әдістемелік семинары өтті. Семинар жұмысы педагогтардың жарияланымдық белсенділігін  арттыру және ғылыми-әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталды.

Семинар жетекшісі – филол.ғыл.к., PhD, проф. А.Қ.Мырзашова жарияланымдарды дайындау технологияларын интербелсенді режимде және тренинг форматында меңгертті. 60-қа жуық облыс педагогтары белсенді қызығушылық танытып, жарияланымдардың барлық аспектілеріне үңілді – мазмұндық, стилистикалық, лингвистикалық, техникалық, ақпараттық-ресурстық. Соның ішінде – ғылыми-әдістемелік жарияланымның нысаны, проблемасы, оның құрылымы мен құрамды бөліктері, негізгі элементтері, әдебиеттерді ресімдеу ережелері, сілтеме талаптары практикалық назарға алынды.

Қатысушылар  «Өрлеу» Ақтөбе филиалына осындай форматтағы семинарға, оның мазмұнына жоғары баға беріп, өз пікірлерін алғыс сөздерімен жеткізді; семинар жетекшісіне – сапалы деңгейдегі біліктілікті арттыру жұмысы үшін шын алғыстарын білдірді. 

Трнабаева Н.С.,

бөлім бастығы, магистрі 

БІЗ – ЖЕҢІМПАЗБЫЗ!

«Өрлеу»  БАҰО» АҚ 2017 жылғы «Өрлеу: сандар мен деректер» республикалық бейнероликтер байқауының  қорытындысы шығарылды. «Өрлеу»  БАҰО» АҚ ПҚБА республикалық институты, Қостанай БАИ, Павлодар БАИ жүлделі орындарға ие болды, ал жүлделі І орынды Ақтөбе филиалы иеленді.

Байқауға қатысу жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыратын «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының  біртұтас  желісінде кәсіби шеберлер мен пікірлес адамдардың  жүйелі жұмысының нәтижесін  көрсетті.

Матсалаева Ж.К.,

бөлімінің жетекші маманы

«Робосумо» бойынша облыстық чемпионат ашылды

26 қаңтар күні қалалық техникалық шығармашылық орталығында  спорттық және білім технологиялары робототехникасын кең тарату және осы бағыттағы жоба жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында «Робосумо» бойынша облыстық чемпионатының ашылуы болды.

Аталған чемпионат «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеясын жүзеге асыру аясында «Өрлеу «БАҰО АҚ Ақтөбе облысы филиалы мен «KazRobotiks» республикалық қоғамдық бірлестігі және «Ақтөбе-Дарын» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығымен өзара тығыз байланыста өткізілуде. Чемпионатқа облыстық білім беру ұйымдарынан 46 өкіл қатысуда.

Чемпионаттың ашылу салтанатында Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Абишева Н.М., қалалық техникалық шығармашылық орталығының директоры Пашкевич А.А., «KazRobotiks» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе филиалының вице-Президенті Гончаров А.А. «Төртінші өнеркәсіптік  революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» (10 қаңтар 2018 ж.) атты  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының мәтмәтініндегі сандық білім беру үдерісі мен жас ұрпақтың ғылыми-зерттеу ортасын құруда техникалық шығармашылықтың маңыздылығы мен ерекшелігін атап өтті.

Қатысушыларға шығармашылық табыс және жеңіс тілейміз! 

 

Абдиров Р.Т.,

кафедра аға оқытушысы

«Заманауи білімге жаңаша көзқарас: идея және тәжірибе» Халықаралық конференциясы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ

 «Ақбөбек» білім  беру орталығы

 

«Заманауи білімге жаңаша көзқарас: идея және тәжірибе»

Халықаралық конференциясы

29-30 наурыз 2018 жыл. Ақтөбе қаласы

 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалы және«Ақбөбек» білім беру орталығы Ақтөбе қаласында 2018 жылдың 29-30 наурызда өткізілетін  «Заманауи білімге жаңаша көзқарас: идея және тәжірибе»аттыхалықаралық  конференцияға  қатысуға шақырады.

 Конференцияның  мақсаты:

  • жаңартылған білім беру мазмұны бойынша педагогтердің педагогикалық шеберлігін шыңдау;
  • білім беру мен тәрбиелеудің жоғары сапасына қол жеткізудің негізгі шарты – жаңартылған білім мазмұнын дамытудың перспективалары мен мүмкіндіктері;
  • үздік оқу орындарының және педагогикалық қызметкерлердің жетістіктерін тану мақсатында шетелдік және қазақстандық тәжірибені көрсету;
  • педагогикалық тәжірибеде жаңа формалар мен әдістерді қолдану бойынша мұғалімдердің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

Конференция Қазақстан, Финляндия, Ресей педагогтерінің ынтымақтастығын нығайтып тәжірибе алмасуын көздейді. Конференцияға мемлекеттік білім беру ұйымдарының мамандары, қазақстандық және шетелдік педагогтер қауымы, педагогикалық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің басшылары және орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатынасады.

Конференция бағдарламасы пленарлық және секциялық отырыс бойынша төмендегі бағыттарды қамтиды.

  1. Бастауыш білім беру: Тәжірибе және инновация.
  2. Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу арқылы игі іске қол жеткізу.
  3. Рухани жаңғырудың негізі – ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.
  4. Кіші жастағы балалардың интеллектуалдық және шығармашылық  әлеуетін  дамыту.

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың материалдары  электронды  жинақ болып  шығарылады.

Халықаралық конференция «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ, «Ақбөбек» білім беру Орталығы және Педагогикалық шеберлік Орталығының  бірлесуімен ұйымдастырылады.

Конференция жайлы қосымша мәліметтерді, қатысуға арналған сұраныс формасын web-сайтте www.orleu-edu.kz сайтынан  біле аласыздар.

Сұранысты және жинаққа материалды 2018ж. 1 наурызға дейін  Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.  электрондық поштаcына жібере аласыздар.

Байланыс телефондары: 8-7132560537(кафедрамен байланысты сұрау).

 

 Ұйымдастыру комитеті

ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ – ІЗДЕНІС ҮСТІНДЕ...

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПКБАИ 2018 жылдың  25 қаңтары күні М. Дулатов атындағы№63 ЖББОМЛ базасында «5-7 сыныптарда жаңартылған білім мазмұны аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.

Семинар сындарлы диалогке құрылып, қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті  сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған  тиімді әдіс-тәсілдерді   тәжірибеде қолданды.

Жұмыс барысындағы  семинардың теориялық бөлімінде пән мұғалімдері А.Е.Бакытжанова және З.К.Тулеубаева «Оқи жүріп, үйренейік» коучингін өткізді.  Коучинг жұмысы мұғалімдерге ғылыми-теориялық ақпараттарды шынайы тұрғыдан қабылдауға үлкен мүмкіндік берді.

Тәжірибелік бөлімінде мұғалімдер Ш. А. Дәулетова, Г. Ж. Оңғарбаева, Қ. М. Тажикенова, А. Е. Джаппарова, К.Қ.Тоқсанбаева, З.К.Төлеубаева, М. Ә.Сарина, А. М. Елекеевалар оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытуға бағытталған (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)  ашық сабақтар шеруін көрсетті.

Семинар форматының ерекшелігі,  яғни қатысушылар өздері оқушылар рөлінде болып  жұмыс барысында «QR, Kahoot» бағдарламаларын тиімді пайдаланды.

Қорытынды бөлімі  «Тиімді кері байланыс: бағалау және талдау» рефлексиясы бойынша жүргізілді. Мұғалімдер аталған семинардың маңыздылығына тоқталып,     сындарлы кері байланыс ұсынды. Облыстық семинар-практикум қойылған мақсатына толықтай жетті. 

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы, магистр 

«Ертегілер еліне саяхат» атты облыстық интернет - сайыстың ережесі

1. Жалпы ереже

1.1.Оқу мәдениеті мен ақпараттық құзыреттіліктерін жоғарылату мақсатында 1- 4 сынып оқушыларын кітап оқуға баулуда білім беру ұйымдарыныңкітапханашылары арасында «Ертегілер еліне саяхат» атты облыстық интернет-сайыс (одан әрі - Сайыс) өткізіледі.

1.2. Бұл Ереже  сайыстың өткізілу тәртібін, сайысқа ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптарды, сайыс қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттауды анықтайды.

2. Сайыстың мақсаты және талаптары 

2.1. Сайыс мақсаты: Оқушының тілін, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту.  Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, оқу сауаттылығына баулу. Еліміздің болашақ ұрпағына халық мұрасының қазыналарын жетік  білуіндегі танымдық көзқарасты қалыптастыру, оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.


2.2. Сайыс міндеті :

Оқушыларды  кітап оқуға тартуға жетекшілік ету;

-қоғамдық іс-шараларды  өткізуде  озық тәжірибені іске асыру, кітапхана қызметтерін алға жылжыту;

 -кітапхана жұмысындағы инновациялық іс-тәжірибелерді енгізуде кітапханашылардың  кәсіби  біліктілігін жетілдіру.

3.     Сайыстың өткізілу тәртібі

3.1.  Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын  қазақ және орыс тілдерінде жібере алады.

3.2. Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын электронды түрде 2018 жылдың 20-шы ақпанына  дейін жібере алады.

3.3.Бекітілген уақыттан кейін жіберілген конкурстық жұмыс қабылданбайды.

3.4.Ұйымдастыру комитетінің функциясы:

- сайысты ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

- сайыс жұмыстарын қабылдау;

 -ереже талаптарына сай келмейтін сайыс жұмыстарын қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығару;

- сайыстың талаптарға сай өтуін қадағалау;

3.5. Сайыс жеңімпаздарын  Ұйымдастыру комитетінің мүшелері анықтайды.

3.6. Сайысқа қатысу сайыс талаптарына  келісетіндікті    білдіреді.

4.     Сайыс материалдарын рәсімдеу талаптары :

4.1.Әрбір қатысушы өз жұмысын  тек бір ғана номинация  бойынша көрсете алады.

Номинация «Ертегі патшалығы шақырады» – кітап көрмесі  

Номинация «Ертегілер мейрамы» – әлем ертегілеріне арналған шаралар (кітап презентациясы, ертегі авторының презентациясы , кітап-дефиле, тб.)

Номинация «Ертегі әлеміндегі кейіпкерім» - ертегідегі сүйікті кейіпкерлерді сомдау.

Номинация «Сүйікті ертегіден үзінді»  - тақырып бойынша 2-3 минуттық бейнеролик,буктрейлер

Номинация «Біз қай ертегіденбіз?» - тақырып бойынша ойындар (ертегіден алынған үзінді көрінісінің тақырыбын табу)  

5. Бағалау өлшемдері

- берілген материалдардың мазмұны педагогикалық мақсатқа, білім беру міндеттеріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі;

- сайыс тақырыбына сәйкес болуы;

- тақырыптың ашылу деңгейі: сауаттылығы, айқындылығы, көлемі, пайымдылығы;

- оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктеріне сай жобаның дизайны (түстері, бірыңғай стиль, визуалді эффектілері);

- сайысқа қатысушының кәсіби шеберлігі, эрудициясы, шығармашылық жұмысының жоғары деңгейі.

6.     Марапаттау

6.1.Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz жарияланады.

6.2. Интернет-сайыстың жеңімпаздары диплом және серитификаттармен, алғыс хатпен марапатталады.

 

                                                                                                Ұйымдастыру комитет

Қоғамдық кеңесте Жолдау талқыланды

2017 жылғы 24 қаңтар күні  «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесі өтті.Отырыста «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Кеңеске облыстың «Нұр Отан» партиясының, қазақ тіл қоғамының мамандары, ЖОО профессорлары, оқытушылары қатысты.

Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде, «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалының директоры, ф.ғ.к. Абишева Н.М. жаңа технологиялық қалыпты нығайту мақсатында білім мазмұнын жаңартуды жүзеге асыратын  педагогтерді дайындау сапасын  күшейту қажеттігі туралы пікірін білдірді.

Матсалаева Ж.К.,

бөлімінің жетекші маманы

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ

2018 жылдың қаңтар айында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушылары Б.З.Асанбай мен С.М.Шаштыгарина Ақтөбе гуманитарлық колледж базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында таным үрдісіне  инновациялық әдістерді енгізу жолдары»тақырыбында  семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикум мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру  бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін  арттыру.

Аталған шара  барысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында танымдық үрдісті жалпы білім берудің жаңартылған бағдарламасына сәйкес тиімді жүзеге асыруды, педагогикалық қызметті құрылымдауды, даму ортасын ұйымдастыруға көмектесуді қамтамасыз ететін инновациялық әдістерді  қолдану, критериалды бағалауды тәжірибеге енгізу мәселелері бірлесе талқыланды.  

Рефлексия кезінде  қатысушылар семинар-практикумның  мазмұнды және тәжірибелік деңгейде өткізілгенін айта келе өздерінің іс-тәжірибесінде оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын  жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің   екі жағын да қадағалай біледі деген тұжырымға келді.

      Шаштыгарина С.М.

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» 

кафедрасының аға оқытушысы

 

Тарих пәнін жаңартылған бағдарлама негізінде оқыту

        Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ   17.01.2018 ж.  тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім бағдарламасы: тарих пәнін тарихи концептілер арқылы оқыту» тақырыбында  семинар өткізілді. Семинарға қала, аудан мектептерінің мұғалімдері тартылып, өздері оқытып жатқан Отан тарихынан жаңартылған білім бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасты.

        Семинар мақсаты:оқыту үдерісінде мазмұны жаңартылған білім бағдарламасы бойынша тарих пәні  белсенді әдістеме негізінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды талқылау, тарих пәнін тарихи концептілер арқылы оқытуды үйрету. Семинарда бас қосқан мұғалімдер  мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасының маңыздылығы мен тиімділігі туралы ой бөлісіп , тарих пәнін тарихи концептілер арқылы оқытуды   тиімді  ұйымдастыру  жолдарын үйренді. 

 

                                                                                             Абулхайрова  Г.  

 кафедраның аға оқытушысы 

                                   

 

 

 

Облыстық педагогикалық эссе байқау

«Астана – ғылым мен білім ордасы»

Облыстық педагогикалық эссе байқауының ережесі

 

 1. Жалпы ереже

1.1.Бұл ереже   «Астана – ғылым мен білім ордасы»  облыстық педагогикалық эссе байқауының  (бұдан әрі - байқау) ұйымдастырушылық қолдау қызметін, байқауға қатысу шарттарын және байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

1.2. Байқау  ұйымдастырушылары: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы.

1.3. Байқау қашықтан, Интернет технологиялары арқылы жүргізіледі.

2. Мақсаттары мен міндеттері

Байқаудың мақсаты - тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Астана қаласының дамуына қазақстандықтардың бірлігі мен мақтаныш сезімін күшейту және елордалық имиджді көтеруге мұғалімдердің белсенді қатысуы.

Байқау міндеттері:

- дарынды мұғалімдерді анықтау, кәсіби, жеке және шығармашылық әлеуетті дамыту және жүзеге асыру;

- Қазақстан мемлекеттілігінің идеясын, Қазақстанның ғылыми және мәдени жетістіктерін нығайту, Астананың оң имиджін қалыптастыру мәселелері бойынша педагогикалық тәжірибемен алмасу үшін шығармашыл мұғалімдерге, тәрбиешілерге, оқытушылар мен студенттерге пікірлесу алаңын ұсыну;

- мұғалімнің білім беру үрдісіндегі азаматтық ұстанымының негізінде  жас ұрпақ санасында Қазақстан астанасының имиджін бекіту;

- жаңа білім беру технологияларын, инновациялық әдістерді қолдану және педагогикалық тәжірибені тарату. 

3. Байқауға қатысу

3.1.  Байқауға білім беру ұйымдарының педагогтері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, бастауыш, орта және кәсіптік білім беру ұйымдары, түзету білім беру ұйымдары, қосымша білім беру ұйымдары) қатыса алады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері де өз жұмыстарын ұсына алады.

3.2.  Қатысушылардың жасы және педагогикалық тәжірибесі шектеулі емес.

3.3. Жіберілген материалдарға пікір берілмейді және қайтарылмайды. 

4. Байқау шарттары мен тәртібі

4.1. Қатысушылардың материалдарын қабылдау 2018 жылдың 17 қаңтарынан басталып, 12 ақпанға дейін қабылданады.  

4.2.  Облыстық байқау қорытындысы 15.02.2018ж. филиал сайтында жарияланады.

4.3. Байқауға қатысу  үшін сұраныс тақырыбына  байқаудың атауы және қатысушының аты-жөні толық көрсетіледі.

4.4.  Материалдарды тапсырудың мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ, Тургенев көшесі, 86, e-mail  Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.. 

5. Байқау материалдарына қойылатын талаптар

5.1. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіреді. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, аталған мәселені еркін баян ету, дәлелдеу бойынша ізденіс жасау.

5.2. Байқауға Интернетте бұрын жарияланбаған жұмыстар қабылданады. Интернеттен, кітаптан және бұқаралық ақпарат құралдарының мәтіндерін пайдалануға, плагиатқа жол берілмейді.

5.3. Бірлескен авторлыққа жол берілмейді (эссені бір мұғалім жазуы тиіс).

5.4. 5.4. Жұмыс мәтіндік редактордың Word түрінде жазылу керек. Қарпі - Times New Roman, өлшемі 14, жол аралығы – 1, парақ енімен тегістеу. Жұмыстың көлемі А-4 форматының 2-3 бетінен аспауы керек (титулды бетті қоспағанда). Жұмыстың титулдық бетінде келесі ақпаратты қысқартуларсыз көрсету қажет: автордың аты-жөні, лауазымы, білім беру ұйымының толық атауы, конкурстық жұмыс атауы. 

6.Байқау материалдарын бағалау критерийлері

6.1.  Материалдар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

- жұмыстың тақырып мазмұнына сәйкес келуі;

- логиканың болуы, баяндау бірізділігі;

- сауаттылық, орыс немесе қазақ тілі нормаларының сақталуы;

- педагогтың авторлық жеке ұстанымының айқын көрінуі;

- тақырыпты  ашуға нәр беретін айқын, түрлі-түсті салыстыруларды қолдану;

- жағдайды жеке талдау, қызықты мысалдар, мәселені тиімді шешу, пайдалы ұсыныстар;

- нақты, теориялық, мазмұнды, грамматикалық, емле және пунктуациялық  қателердің болмауы;

- тақырыпты ашуға  стандартты емес тәсіл қолдану;

- материалдардың сапасы (эмоционалдылық, баяндау жеткіліктігі, ресімдеу);

- техникалық талаптарға сәйкестігі. 

7. Қорытындылау

7.1. Байқау нәтижелерін, жеңімпаздар  мен жүлдегерлерді Сараптама комиссиясы анықтайды.

7.2. Жеңімпаздар мен  жүлдегерлерге Дипломдар мен грамоталар беріледі.

 

 

 

Орындаған: Матсалаева Жазира Калдыбаевна

Байланыс телефоны: 8-7132-545929

Инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі.


Кітапханашылар арасында облыстық он-лайн режимінде сайыс

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты 2018 жылдың 1-ші ақпанынан 20-шы ақпанына дейінгі   аралықта1-4 сынып оқушыларыныңоқу сауаттылығы мен кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту және оқу мәдениеті мен ақпараттық құзыреттіліктерін жоғарылату мақсатында кітапханашылар арасында «Ертегілер еліне саяхат» атты облыстықон-лайн режимінде сайыс өтеді. Сайысқа ертегілерге байланысты өткізілген жұмыстар (кітап (виртуалды) көрмесі, буктрейлер, жоба, әдеби - музыкалық шаралар т.б.) қабылданады.

Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын  е-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. поштасына 2018 жылдың 20-шы ақпанына  дейін жібере алады.

Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz  сайтында  жарияланады.

Сайыс жеңімпаздары марапатталады.

 

Байланыс телефондары: 8(7132)245414; 87023924131 - институт кітапханасы. 

Ағылшын тілін үйренейік, әдемі сөйлейік

№ 38 «Достық»  мектепке дейінгі ұйымында 2018 жылдың 10 қаңтар күні    «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалың ұйымдастырумен «Баланың зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинар мақсаты: білім беру процесінде ағылшын пәні  мұғалімдерін белсенділігін арттыру, оқу қызметінің сапасын жақсарту мақсатында өзара тәжірибе алмасу.

Мектепке дейінгі ұйымының педагогтері Абайбекқызы А, Тайжанова Д.У., Бахманова Г.С.   ағылшын тілін оқытуда шығармашылық тапсырмаларды ұсынды. Педагогтар оқытудағы көптілді білім беру мен коммуникативтік тәсілді қолдану тәжірибесімен бөлісті.                                

Семинарға қатысушылар жүргізілген іс-шара мен оның практикалық маңыздылығына оң бағаларын берді.

 

Букенова С.С.,

кафедра аға оқытушысы

Президент Жолдауы оқылуда...

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында облыс педагогтерімен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқыланды.

Институт директоры, ф.ғ.к. Н.М. Абишева және «Жаңа технологиялар және жаратылыстану – ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі А.Қ.Дүйсенбаев, Мемлекет басшысының Қазақстан дамуы стратегиясының 10 өзекті міндеттерін анықтап, әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына кіругін тездетуді нақтылағандығын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мұғалімдер мен дәрігерлердің беделін арттыру, зейнетақы төлемдерінің өсу мәселелеріне тоқталды.

Мұғалімдер бекітілген біліктілікке байланысты жаңартылған оқу мазмұны бойынша курстан өткен мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы мәлімдемелерді зор ықыласпен қабылдады. 

 

Назарбаева Р.Қ.,

кітапхана маманы 

Жаңартылған білім мазмұнының практикадағы идеясы...

10 қаңтар  2018 жылы Ақтөбе қ. №10 орта мектеп базасында химия-биология пәні мұғалімдеріне арналған: «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбындағы семинар өтті.

Семинар міндеті: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың инновациялық технологияларын тиімді пайдалану арқылы табысқа жету жолдары

Семинарды мектеп директоры Иманова Г.Б. және әдіскері Көбейсін С.О. ашты. Семинардың барысында  тыңдаушылар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың инновациялық технологияларын тиімді пайдалану тақырыбында іс-тәжірибе алмасып сабақтар, тәжірибелік жұмыстар жүргізді.   Тыңдаушылармен «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы заманауи тәсілдер» тақырыбында коучинг өткізілді. Семинар барысында ашық сабақтар сериясы көрсетіліп, педагогтардың жаңашылдыққа қаншалықты бейімделгенін зерттелініп, оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі формалары көрсетілді.

Кафедраның аға оқытушысы Ермекбаева Л.Ж. өткізген рефлексия нәтижесін қатысушылар жоғары бағалады.  

 

Ермекбаева Л.Ж.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ “Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ“

кафедрасының аға оқытушысы, э. ғ.магистрі

Ақтөбе облысы бойынша робототехника – "Робосумо" білім беру мекемелерінің оқушылары арасында ашық чемпионат

Құрметті ұстаздар!

2018 жылдың  26-27 қаңтары күні  бірлескен жоспарға сәйкес  Ақтөбе облысы бойынша  робототехника – "Робосумо" (Казроботикс ережелері бойынша) білім беру мекемелерінің оқушылары арасында ашық чемпионат өтеді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ,  Республикалық қоғамдық бірлестігі Федерациясы спорттық және білім беру робототехника (KazRobotics),«Ақтөбе – Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы,  қалалық техникалық шығармашылық орталықтарының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Өткізілу мақсаты: робототехника бағытында оқытуды насихаттау, ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту, оқушылар арасында инженерлік мамандықтар беделін арттыру, шығармашыл жастарды қолдау.

Қатысушылар: мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері,  робототехника жобаларының жетекшілері.

Жеңімпаздар конкурс қорытындысы бойынша грамоталармен марапатталады.

Қатысу үшін онлайн тіркеледі.

https://docs.google.com/forms/d/1NIVRcdFGKpjerDLiwYD3NpHVBEi0dX2ND12a0LybyL4/edit?usp=sharing

      

Жарыс ережесі 

https://drive.google.com/file/d/1XaUJHW97zl9zJCCjKElqIBuj3v2ektWF/view?usp=drivesdk

     

 

Жауапты тұлға: Абдиров Раушанбек Тулгабекович, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ кафедраның аға оқытушысы, робототехникадан сертификатталған тренер. Байланыс телефоны: 8(701)7825782.

География пәнін оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізудің оқу-әдістемелік негіздері

2017 жылдың қаңтар айының 16-27 аралығында «Өрлеу» БАҰО» Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында тренер Л.Ж.Ермекбаеваның жетекшілігімен география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәнін оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізудің оқу-әдістемелік негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курс мақсаты – критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдістемелік негіздерін жетік меңгерту және алған теориялық білімдерін практикалық білімдерімен ұштастыра отырып, өзіндік бағалау дағдыларын дамыту арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру. Курс барысында мұғалімдердің оқу жетістігін бағалаудағы білімін бағалау критерийлерін дайындауға арналған тақырыптар қарастырылды. Курс аясында Назарбаев Зияткерлік Мектебі базасында «География сабағында сыни ойлау арқылы оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану», №1 ОМ базасында «Оқытудың жетістігін бағалауда Блум таксономиясын қолдану әдістері» және  №33 ОМ базасында «География пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын сыни тұрғысынан ойлау арқылы дамыту» тақырыптарында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында тыңдаушылардың шығармашылық шеберлігін арттыруға негізделген бүгінгі күннің жаңартылған, шебер сынып, тренингтер, тәжірибе алмасу сабақтары арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселелері қарастырылды. Кері байланыс орнату мақсатында тыңдаушылар шағын сабақтар көрсетіп, жоба жұмыстарын қорғады. Курстың қорытындысында тыңдаушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталып, мұғалімдер институт ұжымына, курсты жоғары деңгейде ұйымдастырған тренерлерге өздерінің алғыстарын білдірді.

Ермекбаева Л.Ж.,

аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі

Жақсылық жолымен жүреміз

Ағымдағы жылдың 17-қаңтары күні  Ақтөбе қаласындағы №6 ОМ базасында «Тәжірибе күні» ұйымдастырылды.  «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған курс аясында тренер Култаева Ляззат Аймаганбетованың  жетекшілігімен   мектеп мұғалімі  Г.Т.Алдиярованың  1 «Б» класы оқушыларымен  «Өзін-өзі тану»  пәнінен «Жақсылық жолымен жүреміз» тақырыбында сабақ өткізді. Тәжірибе күнін өткізудегі басты мақсат – «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  тұлғаның бойында  рухани-адамгершілік  білім беріу, адам өміріндегі жақсылық жасаудың мәнін ұғындыруда мұғалімдер арасында  тәжірибе алмасу. Тәжірибе күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының өзекті мәселелері құндылықтарды бала бойынан жарыққа шығарудың тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуы талқылаумен, өзара тәжірибе алмасумен аяқталды. 

Култаева Л.А.,

«Өзін-өзі тану» ДБО тренері

Химия (биология) пәндерін оқыту барысында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту

2017 жылдың қаңтар айының 16-27 аралығында «Өрлеу БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» кафедра аға оқытушысы Муканова Г.У. жетекшілігімен «Білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық ойлары аясында химияны (биологияны) оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістері»тақырыбындағы базалық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс мақсаты: МЖБС концептуалды негізінде химиялық (биологиялық) білім беру үрдісінің жобалануы, оқытудың бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздандырылуы, МЖБС талаптарына сәйкес химия, биология пәндері бойынша жаңа ОӘК-ң ерекшеліктері, оқытудың жаңа әдістері туралы түсінік беру.

Курс аясында Ақтөбе қаласы №33 ЖҚОББ мектебі базасында химия-биология пәндерінің тыңдаушыларына курс аясында іс-тәжірибе алмасу мақсатында: «Химия (биология) пәндерін оқыту барысында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту»тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға Ақтөбе қаласы және облыстан 56 мұғалім қатысты.

Курстың тыңдаушылары  үшін семинардың практикалық маңызы жоғары болды. Мектептің биология пәні мұғалімі  Әбіреш Қ.Қ. жаңа білім стандарты бойынша оқушылардың дағдыларын дамыту жолдарын Дэвид Колбтың теориясына сүйеніп оқытудың төрт түрін: «белсенділер», «ойшылдар», «теоретиктер» және «прагматиктер».   қолданып оқытумен таныстырса, химия пәні мұғалімі Саркулова Н.Н. жаңа әдіс-тәсілдер, бағалаудың жаңа форматын қолдануды шебер көрсете білді, биология пәні мұғалімі Жумина Г.Н. сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілі арқылы оқыту сапасын көтеру жолдарын практикада көрсетті.

Курс аясында мұғалімдерге шағын сабақтарын қорғау кезінде өз білімдерін ортаға салып, бөлісуге мүмкіндік берілді. Олар сыни ойлау стратегияларын қолданып, өздерінің шағын сабақтарын, жобаларын, шебер-сыныптарын көрсетті.

Тыңдаушылар екі апталық курстан оң әсер алғанын, мазмұнының терең болғанын, көптеген мәселелер бойынша нақты ақпараттар ала алғанын және куратордың іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарға куәліктер тапсыруы олардың ынтасын көтеруге ықпал ететінін баяндады. 

 

Муканова Г.У.,

кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі

Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе

2017  жылдың қаңтар айының 25 күні «Өрлеу» БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен Ақтөбе  қаласындағы №41 жалпы білім беретін орта мектебі  базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.  Семинарға 25 мұғалім қатысты.

Семинар мақсаты –жаңартылған білім беру  мазмұны жағдайында мұғалімдердің кәсіби қызырлылығын арттыру, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және әдістемелік көмек ұсыну.

 Семинар мазмұны оқытудағы инновациялық тәсілдерді қолдану, жүйелік-әдістемелік порталмен  жұмыс жасау, қалыптастырушы бағалауды қолдану мәселелерін қамтыды. Семинар барысында жаратылыстану пәні бойынша Оспағанбетова А.С., Сафина В.Н. математика пәнінен Сарсенова Г.А,  дене шынықтыру пәнінен Божыбаева А.К. жаңартылған бағдарлама талаптарына сай тиімді сабақты жоспарлау тәжірибесімен бөлісті.  Семинар барысында мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмысы талқыланды. Семинар соңында ұсыныстар қабылданды.

 

 А.А.Изтлеуова,

деңгейлік бағдарламалар  орталығының  тренері

Мемлекеттік жаңа білім стандарты талаптарына сәйкес химиялық білім беруді модернизациялау

2017 жылдың қаңтар айының 23 жұлдызында «Өрлеу БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» базасында «Мемлекеттік жаңа білім стандарты талаптарына сәйкес химиялық білім беруді модернизациялау» тақырыбында химия, биология мұғалімдерінің курс тыңдаушыларына арналған конференцияөткізілді. Конференция жұмысына 56 облыс педагогтары қатысты.

Конференцияның модераторы: Муканова Г.У.- «Өрлеу» БАҰО АҚФ “Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ“ “Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»“ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі

Конференция мақсаты: білім беру жүйесін модернизациялау аясында инновациялық технологияларды қолдану, педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету, іс –тәжірибе алмасу болды.

Конференцияның теориялық бөлімінде:

- Ойыл ауданы Жамбыл МББ биология пәні мұғалімі Қошқарова А.О. «Қазақстандағы қазіргі білім берудің негізгі бағыттары»;

-   Темір ауданы Жамбыл МББ химия пәні мұғалімі Мухамбетова Мөлдір Қуатқызы «Білім жүйесін модернизациялау озық дамудың негізгі инновациялық стратегиясы» тақырыптарында сөз алды.  Олар бүгінгі күннің өзекті мәселелері: іс-әрекеттегі зерттеу, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, бағалаудың жаңа формаларын енгізуді қарастырды.

Конференцияның практикалық бөлімінде өздерінің іс-тәжірибелерімен:

- Темір ауданы Құмсай НМ биология пәні мұғалімі Махамбетрзина Р.С. «Нәтижеге бағытталған білім-жаңаша оқыту»;

- Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы №5 ОМ химия, биология пәндерінің мұғалімі Алмаганбетова Ж.К. «Применение методов критического мышления на уроках химии и биологии» тақырыбында бөлісті. Онымен қатар Ақтөбе қаласы №51 МГ химия пәні мұғалімі  Дауылбаева А.М. «Химия, биологиядан білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Шебер-сынып барысында конференцияға қатысушылар  «Идеялар жаңбыры» әдісімен өздерінің идеяларын айтып, оқу үрдісінде оқытудың жаңа формаларын қолдану туралы ойларын ортаға салды.

«Активатор 3/2/1» әдісімен жасалынған рефлексия жүргізілген шара педагогтардың қоржындарын жаңа идеялармен толтыруға көмектескенін, жаңа білім стандарты талаптары туралы түсінік қалыптастырғанын айтса, көптеген мұғалімдер иннациялық іс-тәжірибемен алмасудың жүйелі болуы қажет екенін ұсынды. 

Муканова Г.У.

кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі

Дамытушы ойындарының баланың интеллектуалды дамуына ықпалы

2017 жылдың 18-ші қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ №27 «Айгөлек» МДҰ қатысуымен қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларына «Жаңа заман дамытушы ойындарының баланың интеллектуалды дамуына ықпалы» атты семинар-практикумын өткізді.

Семинар-практикум мақсаты: білім беру процесіндежаңашыл ойын технологияларын қолдана отыру арқылы тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыру; З.Дьенеш блоктарын, Х.Кюизенер таяқшаларын, В.Воскобовичтің дамытушы ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуында колдану.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау мектепке дейінгі білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыруды, педагогикалық қызметті құрылымдауды, даму ортасын ұйымдастыруға көмектесуді қамтамасыз ететін, бала тұлғасын дамытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану бойынша отандық және шетелдік ең үздік үлгілерді зерделеу арқылы тәрбиешілердің кәсіптік құзыреттілігін жетілдіру қажеттілігін қарастырады.   

                                                                               

       

Кенжегалиева Д.К.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

кафедрасының аға оқытушысы 

«Тәжірибе күні»

Ағымдағы жылдың 17-қаңтары күні  Ақтөбе қаласындағы №25 ОМ базасында «Тәжірибе күні» ұйымдастырылды. Тәжірибе күнін өткізудегі басты мақсат – «Өзін-өзітану» пәні бойынша  тұлғаның бойында  рухани-адамгершілік  білім беруді дамытуда мұғалімдер арасында  тәжірибе алмасу.

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған курс аясында тренер Токбасова А.С. жетекшілігімен  мектеп мұғалімдері Шайхина Л.У. және  Ковганенко Г.В.  6 «А» және 8 «В» кластары бойынша мұғалімдер арасында  «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ көрсетті. 

Тәжірибе күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының өзекті   мәселелерін талқылаумен, өзара тәжірибе алмасумен аяқталды. 

Токбасова  А.С.,

тренер НДО «Самопознание» 

Волейбол. Ойын әдістемесіне, техникасына үйрету

2017 жылдың 18-ші қаңтар күні Ақтөбе қаласы №15 орта мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізілді. Семинарға 25-тен астам мұғалім қатысты.

Семинардың мақсаты:  дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, пәнді оқытуды деңгейлік жетілдіру, волейбол ойынының негізгі элементтерін үйретуде тәжірибе алмасу.

Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылып, талқыланды: дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, мазмұны жаңартылған білім беру жағдайында дене шынықтыру пәнін оқытудағы мазмұндық ерекшеліктер мен әдістеме. Түсіндірілген теориялық материалдар практикалық жаттығулармен бекітіліп, қатысушы мұғалімдермен көрсетілді. Семинар эстетикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыда жоғары деңгейде өтіп, пән мұғалімдері қалыптасқан бағаларын алды. 

Бухарбаев Б.Х.,

аға оқытушысы, магистр

Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру

2017 жылы қаңтар айының 9-20 аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» тренер  Б.К.Бухарбаевтың жетекшілігімен  дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс мақсаты- білім беру үрдісін жаңартуда дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи сабақты ұйымдастыруға және жобалауға ықпал ететін құзыреттілікті игерулеріне жағдай жасау.

Курс аясында Ақтөбе қаласы НЗМ базасында «Дене тәрбиесі білімдік саласының мазмұнын жаңарту жағдайында дене шынықтыру сабағының мүмкіндіктерін дамыту» тақырыптарында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында  пән мұғалімдері бүгінгі күннің жаңашыл, кіріктірілген сабақтарын, шебер-сынып, тренинг көрсетті. НЗМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Б.Ж. Срымова тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық шеберлігін арттыруға негізделген тәжірибе алмасу сабақтарын өткізді. Курстың қорытындысында тыңдаушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталып, мұғалімдер институт ұжымына, курсты жоғары деңгейде ұйымдастырған тренерге өзіндік алғыстарын білдірді.

 

                      Бухарбаев Б.К.,

кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі

Критериалды бағалау дене шынықтыру сабағында

2017 жылдың 16 қаңтар айында  «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында «Критериалды бағалау дене шынықтыру сабағында» тақырыбында дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізілді. Семинарға 38 педагог қатысты.  Семинар мақсаты – мұғалімдердің оқушылардың оқу жетістігін критериалдық бағалауда Блум таксономиясын қолдану дағдыларын дамыту, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәсілдерін қарастыру, тақырып бойынша дене шынықтыру мұғалімдерінің білім деңгейін анықтау маңыздылығын көрсету. Семинар барысында мұғалімдердің оқу жетістігін бағалаудағы білімін, оқушылардың білімін бағалау критерийлерін әзірлеуге арналған тақырыптар  қарастырылды. Семинар соңында тыңдаушылар оқытуда нәтижеге жетудегі бағалаудың әдістері арқылы өзінің кәсіби даму  бағдарламасын жасады. Семинар қойылған мақсатына жетті. Мұғалімдер қойылған сұрақтарға толық жауап алды

Бухарбаев Б.К.,

кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқыту

Ағымдағы  жылдың қаңтар айының 9-20 аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған  «Мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін оқыту»  тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының жаңаруы жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін  дамытуға бағытталды.

Курс барысында мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытуда пайдаланылатын тиімді педагогикалық технологиялар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны жаңаруының  түйінді басымдықтары мен бағыттарын меңгеру, ағылшын тілін үйретуде мектеп жасына дейінгі балалардың жетістіктерін бағалау мәселелері қарастырылды. Кері байланыс орнату  мақсатында тыңдаушылар шағын-сабақтар көрсетіп, жоба жұмыстарын қорғады.

Курс қорытындысында тыңдаушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды

 

  

 Изтелеуова З.С.,

кафедра аға оқытушы

ҰБТ-ның жаңа форматы жөнінде

2017 жылдың 19 қаңтар күні «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Ұлттық тестілеу орталығының ресми өкілі UStudy тестілеу орталығы пән мұғалімдерінің қатысуымен облыстық семинар өткізді. Семинарға бас директордың орынбасары, тест бөлімінің бастығы Кошербаев Алжанбек Болысбекұлы  және Ақтөбе қаласының аймақтық тестілеу орталығының директоры Абашев Қуаныш Жеңісұлы қатысты. Өз сөздерінде UStudy тестілеу орталығының өкілдері ҰБТ-ны тапсырудың және оқушылардың білімін тексерудің ең тиімді жолдарын талқылады. Семинарға 120 астам курс тыңдаушылары және кафедра оқытушылары қатысты. Семинар қойылған мақсатына жетті. Мұғалімдер сұрақтарына толық жауап алды.

 

Камыспаева С.О.,

академиялық бөлімнің бас маманы

«Content and Language Integrated Learning» пәнін және тілдерді кіріктіру әдістемесін меңгеру бойынша қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» (2)

2017 жылы қаңтар айының 4-13 аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» тренер А.С.Сугурбаеваның жетекшілігімен облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Content and Language Integrated Learning» пәнін және тілдерді кіріктіру әдістемесін меңгеру бойынша қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»  тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс тыңдаушыларымен жалпыеуропалық стандартқа сәйкес CLIL  сабақтарында сөйлеу дағдыларын дамыту (CLIL-CEFR), тілді және пәнді кіріктіре оқытудың әдістемесі негізінде оқыту үдерісінің ерекшеліктері мен критерийлері, Б.Блум таксономиясының оқу мақсаттары аясында оқушыларды белсенді оқыту, кіріктірілген сабақтарда сын тұрғысынан ойлауды дамыту, академиялық (CALP - Cognitive Academic Language Proficiency) тілді дамытуға және  коммуникативті тілмен (BICS - Basic Interpersonal Communication Skills) жұмыс жасауға арналған лексикалық жаттығулардың түрлерін құрастыру бағытында дәрістік және практикалық жұмыстар жүргізілді.

Курс аясында Ақтөбе қаласы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында «Тілдерді кіріктіре оқыту: тәжірибе және әдістеме» тақырыптарында облыстық семинар өткізілді. Семинар жұмысында М.Қ.Жантөре, А.Б.Нұрманова, А.Н.Нуртасова, Л.Ә.Сқақ, Г.У.Мамутова сынды білікті пән мұғалімдері бүгінгі күннің жаңашыл, кіріктірілген сабақтарын көрсетті. Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық шеберлігін арттыруға негізделген семинар өзара тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік туғызды.

Курстың қорытындысында тыңдаушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталып, мұғалімдер институт ұжымына, курсты жоғары деңгейде ұйымдастырған тренерге өзіндік алғыстарын білдірді.

Сугурбаева А.С.,

каф.аға оқытушысы, п.ғ.м.

 

Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

2017 жылдың 4-13 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ базасында «Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курстың мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Курс барысында жаңартылған бағдарлама бойынша дәрістер мен тренингтер, шеберлік сыныптары, тәжірибелік сабақтар көрсетілді. Сондай-ақ, №30 ОМ бастауыш сынып мұғалімдері семинар-практикум өткізді. Қолданылған ресурстар мен белсенді оқыту тәсілдері курс тыңдаушыларының кәсіби жетілуіне зор үлес қосты.

 

Жубаева Жангуль Онаевна,

кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.магистрі

Б.Блум таксономиясы - оқытуда нәтижеге жетудегі бағалау әдісі

  2017 жылдың 04.01-09.01 аралығында Ақтөбе қаласы № 60 орта білім беру мекемесінің  сұранысына сай «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ «Б.Блум таксономиясы аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында базалық курс өткізді. Курсқа  жалпы пән мұғалімдері қатысты. Курстың мақсаты – мұғалімдердің оқушылардың оқу жетістігін оқыту критериалдық бағалауда Блум таксономиясын қолдану дағдыларын дамыту. Курсқа қатысушылар сандық білімділік ресурстар арқылы, пән сабақтарында критериалдық бағалауды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқытудың табыстылығын бағалау әдістемесімен Блум таксономиясын қолданудың тиімді және белсенді әдістерін меңгерді. Курс соңында оқытуда нәтижеге жетудегі бағалаудың әдістері арқылы өзінің кәсіби даму матрицасын жасады. 

Қаплиева А.Қ.,

 кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.