Инклюзивті білім беруде қауіпсіз орта құру

 «Өрлеу» БАҰО  АҚ  филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  2019 жылдың  28 ақпан  күні «Инклюзивті білім беруде қауіпсіз орта құру» тақырыбындағы облыстық семинар-тренинг өткізді. Семинар  жұмысына жалпы білім беретін мектеп педагогтары, психологтары  қатысты.

Cеминар-тренинг  барысында педагогтар оқыту мен тәрбиелеуде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қорғау, қауіпсіз орта құру жолдарына бағытталған инновациялық әдістемелерді, технологияларды және әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білді:

- арттерапия арқылы әлеуметтендіру;

- «Эбру» техникасы;

-  құм терапиясы.

Семинар-тренинг  қатысушылар   практикалық мазмұнын жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді

 

Сеткерева Г.А.,

кафедраның аға оқытушысы

«Ақтөбе-Өрлеу» және «KazRobotics»: ынтымақтастық әрекеті!

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында «Роботтарды теңдестіру жарысы» санатындағы аймақтық чемпионаттың ашылуы өтті!

Чемпионат «Рухани жаңғыру» идеясын іске асыру шеңберінде «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе филиалы, «KazRobotics» республикалық қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе облысының білім беру басқармасы, Ақтөбе-Дарын аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, Техникалық шығармашылық орталығы мен тығыз байланысы. «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалының атынан чемпионатқа робототехниканың сертификатталған тренері,  кафедра аға оқытушысы, магистр Асанбай Бадағұл Зейноллақызы қатысты.

«Роботтарды теңдестіру жарысы» категориясы бойынша облыстық чемпионаттың нәтижелері !!!

- Туребек Бекжан, Аманғали Ахмед (тренер - Жулекенов Абылайхан Аманжолович)

- Щербаков Никита, Исламгулов Салават (тренер - Гончарова Елена Алексеевна)

- Жакибай Бекарыс, Жакибаев Мирас (тренер - Гончаров Александр Сергеевич)

- Муқанбет Дәулет, Абдрахимов Ильдар (тренер - Небылица Владимир Александрович)

- Тәжіғалиев Әсет, Қозбағаров Айдын (тренер - Гончарова Елена Алексеевна)

- Абдрахманов Медет, Төлеухан Дархан (тренер - Гончаров Александр Сергеевич)

Жеңімпаздармен  олардың көшбасшы-мұғалімдерін құттықтаймыз !!!

 

 

Куканова Ж.М.,

бөлімі маманы

4K моделі: педагогтың кәсіби шеберлігін дамыту жолында

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалының Операциялық жоспары бойынша 2019 жылдың 20 ақпанында Ақтөбе облысы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру институты «4К моделі: мұғалімнің кәсіби дағдыларын дамыту жолында» тақырыбындағы  республикалық пікірталас алаңын  онлайн  режимінде  өткізді.

Шараның мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында 4K моделін зерделеудің өзекті мәселелерін талқылау және мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамытудың стратегиялық бағыттары мен даму болашағын анықтау болып табылады.

Фокус-топтардың жұмысына Ақтөбе облысының педагогтері, облыстық білім беру ұйымдарының әдіскерлері, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Астана, Батыс Қазақстан филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен тренерлері белсене қатысты.

Пікірталас алаңына қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:

- білім берудегі 4 К модель үлгісі: теориядан тәжірибеге;

- білім беру білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтың білім беру тәжірибесіндегі  4 К модель үлгісі;

- 4K моделін жүзеге асыру бойынша біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытудың тиімді жолдары;

-4 К модель үлгісі педагогтың ғылыми-зерттеу жұмысында.

Педагогикалық алаңның қрытындысы бойынша әдістемелік ұсыным қабылданды.  Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

 

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

Жаңартылған білім мазмұны – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде

“Өрлеу” БАҰО” Ақтөбе филиалының  жоспарына сәйкес ағымдағы жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Колледжде білім мазмұнын жаңғыртуда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар-тренинг өтті.

Семинарға  облыстың білім беру ұйымдары мен  техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары қатысты.

Семинар жұмысы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасуға бағытталды. Колледж жағдайында жаңартылған білім беру мазмұны аясында түрлі іс-шаралар жүргізілді.

Колледж оқытушылары ашық сабақтар мен тренингтер өткізіп,практикалық тұрғыдан жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жақтарын көрсетті. Семинар соңында қатысушылар семинардың өзектілігін, оның практикалық маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

М.Т.Адилханова,

аға оқытушы,  магистр

Ұлы даланың рухани мұрасы - білім мен тәрбиенің бастауы

“Өрлеу” БАҰО Ақтөбе филиалы 2019 жылдың 14 ақпан күні  Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжімен бірлесіп, «Ұлы даланың рухани мұрасы-білім мен тәрбиенің бастауы» тақырыбында облыстық  семинар өткізді.

Семинарға  облыстың білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары қатысты.

Семинар  барысында  Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім мен ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш екендігін насихаттау барысында түрлі іс-шаралар жүргізілді.

Сан ғасырлық рухани құндылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру бойынша озық тәжірибелермен бөлісу мақсатында жоғары санатты  шебер педагогтар ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарын өткізді.

«Жаралған жан дүнием – ізгі өлеңнен...» жас ақындармен кездесу,  «Мұқағали поэзиясы - рухани құндылықтың қайнар көзі» тақырыптарында поэзиялық кеші қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Семинар қатысушылардың тарапынан жоғары бағаланды.

                                                                                              М.Т.Адилханова,

аға оқытушы,  магистр

Жаңа әліпби – ұлт болашағының негізі

“Өрлеу” БАҰО Ақтөбе филиалы 2019 жылдың 12 ақпан күні Ақтөбе политехникалық колледжімен бірлесіп, «Жаңа әліпби – ұлт болашағының негізі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізді.

Семинарға облыстың білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары, ЖОО-ның ғалымдары, арнаулы оқу орындарының студент жастары қатысты.

Шара барысында жаңа қазақ әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, жаңа емле-ережелерді оқыту мазмұны талқыланды.

Теориялық бөлімде латын қарпінде сөздердің жазылудағы грамматикалық ерекшеліктері айтылып, латын әліпбиіне көшудің тарихи тағылымы мен өркениетке ілесудегі ілгерінді сипатына ғылыми тұрғыдан талдау жасалды. Латын әліпбиіне көшуді табысты жүзеге асыру жолындағы мәселелері жөнінде Қ.Жұбанов атындағы АМӨУ теория және практикалық тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Н.Ә.Сәдуақас баяндама жасап, келелі ойларымен бөлісті.

Практикалық бөлімінде тіл мамандары латын әліпбиі туралы орамды ойларын айтып, өзіндік тұжырымдарын ортаға салды.

Семинар қазақ әліпбиіне қатысты ойларымызды байыта түсіп, жаңа қазақ әліпбиіне көшудің біз білуге тиіс қыр-сырларына бойлады.

 

М.Т.Адилханова

аға оқытушы, магистр

«Ақтөбе-Өрлеу»: экперименталды алаңнан хабар...

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директордың орынбасары, п.ғ.к., ғылыми жетекшісі Н. Кибатаеваның   "Акмеологиялық орта - педагогтардың интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін табысты дамытудың негізі" атты тақырыбында Ақтөбе қаласының 5 орта білім беру ұйымдарының педагог-эксперименттатор шығармашылық топтары тақырыпты  зерттеді.

Мектептің, сыныптың акмеологиялық ортасы дегеніміз не? Педагогтардың интеллектуалды -шығармашылық әлеуетін дамытудың акмеологиялық негіздері неде? Осы және басқа да мәселелер бойынша Ақтөбе қаласындағы № 15 орта мектепте институттың эксперименталды алаңы талқыланып, облыстық семинар өткізіліді.

Семинар теоретиклық және практикалық екі бөлімнен тұрды. Мектеп директоры Н.Ж.Байниязова өз сөзінде мектепте барлық субъектілерде жеке тұлға мен социумды дамытуға қажетті кәсіби табыс, жоғары жетістіктер туралы түсінік қалыптастыру және дамыту үшін орта( жағдай) құру бойынша ғылыми-әдістемелік шаралар қабылданғанын атап өтті.

Мәселенің теоретиклық және практикалық аспектілері ғылыми жетекшімен талқыланып, "Педагогтың кәсіби және тұлғалық өсуі" тренингінде талқыланды, оның модераторы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектептің эксперименттік алаңының жетекшісі Ж. М. Маканова болды.

Сабақтың инновациялық галереясын гуманитарлық пәндер  мұғалімдері: Тукешева И. Ж., Сабанбаева А. Ж.,Мусаева Ж. М., Естурина Р. Б., Қанаева Б. Е ұсынып,  оқушылардың зияткерлік және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу бойынша барынша қолдау көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Семинар қорытындысы бойынша мектеп психологы А. Б. Избасарова "Көбелек сыры" жалпы рефлексиясы кәсіби шеберлік АКМЕ-ге ұмтылатын педагогтардың кәсіби қызметінің өзіндік талдауына, мамандықтың өзін-өзі жетілдіруге бағыталды.

Семинарға қатысушылар мектеп ұжымына семинар бағдарламасын жүзеге асыру, шығармашылық әдіс – тәсілдері үшін үлкен алғыстарын білдіріп, қойылған мақсатқа-оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық АКМЕ-ге қол жеткізу бойынша шабыттандырып,  шығармашылық  жұмыс тіледі.

 

                                   Куканова Ж.М.,

жетекші  маман, магистр

АРАЙЛЫ МЕНІҢ МЕКЕНІМ

Балаға  мектепке дейінгі жастан  бастап өз аймағының, өз елінің тарихын үйрететін болсақ,  болашақта өз мемлекетінің саналы  азаматы болып өсуіне мүмкіндік береді.

Ақтөбе қаласының 150- жылдық мерей тойына орай «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты мен мектепке дейінгі ұйымдар  арасында балаларды отан сүйгіштікке, өз қаласы  туралы білімдерін  тереңдетуге, өз қаласына  деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу мақсатында бірнеше  іс-шаралар жоспарланды. 

7 ақпан күні  № 21 «Кәусар бұлақ» МДҰ «Өсе бер, өркендей бер құтты мекен Ақтөбе» атты семинар ұйымдастырылды.

Тәрбиешілер Жумагалиева М, Кулмурзина Р,  «Коммуникация» және «Шығармашылық» білім беру саласын  біріктіріп, қаланың қалыптасу тарихын қамтитын оқу қызметін  көрсетсе,  Ермұханбетова Б. Шоқатова Ж. орыс, ағылшын тілдерінде  мектепалды даярлық топ балаларымен ертегіні сахналады

Семинар соңында қатысушылар барлық сабақтардың қызықты және мазмұнды өткенін  атап  айтып,  ұйымдастырушыларға білім беру үдерісіне шығармашылық көзқарас үшін алғыстарын жеткізді.

 

Букенова С.С., Култаева Л.А.,

кафедра аға оқытушылары

Педагогтардың акмеологиялық мәдениетін дамыту

2019 жылы 28  қаңтар мен 08 ақпан   аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  жоспарына сәйкес  Хромтау ауданы № 3 орта мектеп базасында  «Қазақстан Республикасының  бастауыш білім берудің жалпыға міндетті   мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында   бастауыш сынып мұғалімдерінің  кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»  тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін  арттыру курсы өткізілуде.

Курс мақсаты: жаңартылған білім мазмұны жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Міндеттері: жаңартылған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына көмектесу, белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану дағдыларын өзектендіру.

Курс аясында  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында  педагогтардың акмеологиялық мәдениетін жетілдіру жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум  ұйымдастырылды. Аталған шара   барысында Хромтау ауданы №6 мектеп гимназиясының мұғалімдері Г.Т. Суюндикова,Ж.Ж. Жуминова, Г.С. Биржанова,  Сарысай орта мектебінің мұғалімі  Б.А.Аманбаева, Көктау орта мектебінің мұғалімі О.К. Мырзабаевалар  коучинг, шебер сынып, тренингтер өткізіп,  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Рефлексия барысында қатысушылар семинар-практикумның  мазмұнды және тәжірибелік деңгейде өткізілгенін айта келе, мұғалімдердің оқу процесін ұйымдастырудағы шығармашылық көзқарасы, саралау әдістерінің мәні, олардың жіктелуі,  педагогтардың кәсіби кемелденуінде  АКМЕ шыңға жетуге бағытталғандығын атап өтті.

Шаштыгарина С.М.,

кафедраның аға оқытушысы

Жастар жобасы басталды ...

2019 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің жас ұрпағына арнап «Жастар жылы» деп жарияланды. Бүгінгі күні жастарды жан-жақты қолдау филиалдың білім беру саясатының басымдығы болып табылады. «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалы жауапты және білімді жас мұғалімдерді оқыту бойынша нақты бастамаларды іске асыру мақсатында Ақтөбе жастар ресурстық орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ақтөбе қаласындағы жастар ресурстық орталығымен Ынтымақтастық Меморандумның  негізінде биылғы жылдың 2 ақпанында Ақтөбе облысының жастары қатысқан «Біз бірге күштіміз» жобасының басталуы туралы жарияланды.  Жұмыстың мақсаттары, міндеттері мен мазмұны анықталды. Жоба шеңберінде волонтерлер тренингтік оқыту формасында оқытылады.

Оқу курсы теориялық және практикалық мәселелерді қамтитын 3 айға есептелген, соңында қатысушылар тиісті үлгідегі сертификат алады. Жобаға қатысу жастардың өзін-өзі жүзеге асыруға, қойылған міндеттерді орындауға септігін тигізеді.

Сіздерге жаңа идеяларды іске асыруда табыстар тілейміз!

Білім беру жүйесі кітапханашыларына арналған облыстық онлайн-конкурс

Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерекесіне орай  2019 жылдың 4-28 ақпан аралығында білім беру жүйесі кітапханашыларына арналған «Өзіңмен мақтанамын, Актөбе» атты облыстық онлайн-конкурс өткізеді. Сайыс мақсаты - оқушылардың бойына  өзінің өскен өлкесіне, ауылына, қаласына, оның тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарауға үндейтін шынайы патриотизмді қалыптастыру.

Сайысқа кітапханашылардың Ақтөбе қаласының тарихына, туған жерге арналған жұмыстар: кітап (виртуалды) көрмесі, буктрейлер, ғылыми жоба, әдеби-музыкалық шаралар т.б. қабылданады.

Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын   Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. электронды поштасына 2019 жылдың 28-ші ақпанына  дейін жібере алады.

Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz  сайтында  жарияланады.

Сайыс жеңімпаздары марапатталады.

Байланыс телефондары: 8(7132)245414; 87023924131

 

Ұйымдастыру комитеті


 

«Өзіңмен мақтанамын, Актөбе»  атты

облыстық онлайн-сайыстың

ережесі

 

1. Жалпы ереже

1.1.«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «Өзіңмен мақтанамын, Актөбе» облыстық онлайн-сайысы (бұдан әрі - Конкурс) өткізіледі.

1.2. Бұл Ереже сайыстың өткізілу тәртібін, сайысқа ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптарды, сайыс қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттауды анықтайды.

2. Сайыстың мақсаты және талаптары 

2.1. Сайыс мақсаты:

 

  • оқушылардың бойына  өзінің өскен өлкесіне, ауылына, қаласына, оның тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарауға үндейтін шынайы патриотизмді қалыптастыру.
  • көркем және танымдық әдебиеттерді оқу дағдыларын дамытуға бағытталған кітапхана жұмысын белсендендіру, сауатты оқырман мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал ету;
  • білім беру орындарының кітапханаларының инновациялық тәжірибесін анықтау және тарату;
  • білім беру ұйымдарың кітапханашыларының педагогикалық рөлін өзектендіру.

2.2. Сайыс міндеті:

  • облыстағы кітапханалардың озық инновациялық тәжірибесін, шығармашылық жобаларды зерделеу, алға жылжыту, жаңашыл шығармашылық жобаларды ынталандыру;
  • кітапхана мамандарының кәсіби дағдыларын жетілдіру, олардың шығармашылық қызметін ынталандыру;
  • қоғамдағы кітапхана мамандығының әлеуметтік қажеттілігін, мәртебесін көтеру.

3. Сайыстың өткізілу тәртібі

3.1. Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын қазақ және орыс тілдерінде жібере алады.

3.2. Сайысқа қатысуға өтініш пен конкурс материалдарын электронды түрде 2018 жылдың 4 - 28-шы ақпанына дейінжібере алады.

3.3.Бекітілген уақыттан кейін жіберілген конкурстық жұмыс қабылданбайды.

3.4.Ұйымдастыру комитетінің функциясы:

- сайысты ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

- сайыс жұмыстарын қабылдау;

-ереже талаптарына сай келмейтін сайыс жұмыстарын қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығару;

- сайыстың талаптарға сай өтуін қадағалау;

3.5. Сайыс жеңімпаздарын ұйымдастыру комитетінің мүшелері анықтайды.

3.6. Сайысқа қатысу сайыс талаптарына келісетіндігін білдіреді.

4. Сайыс материалдарын рәсімдеу талаптары :

4.1 Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі:

1) «Мерейтойыңмен, сүйікті қалам Ақтөбе!» - 2019 жылы мерейтойын атап өтетін ескерткіштер, естелік орындары туралы, Ақтөбе облысының елді мекендері туралы материалдар: 150 жыл - Ақтөбе.

2) «Менің атақты отандастарым» - сіздің қалаңыз, аудан, облысыңызда туылған, өмір сүрген немесе қандай-да бір түрде байланысқан ғалымдар, композиторлар, суретшілер, педагогтар туралы материалдар.

3) Оқитын өлке –Ақтөбе! - Ақтөбелік ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында өткен  шаралар.

5. Бағалау өлшемдері

- өзектілігі;

- материалдардың мазмұнын білім беру міндеттеріне, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі;

- конкурстық тақырыбын қамту;

- тақырытың ашылу деңгейі: сауаттылғы, айқындығы, толықтығы, мақсатқа сәйкестігі;

- конкурстық жұмыстардың дизайны (түстері, бірыңғай стиль, визуалды эффектілер);

- конкурсқа қатысушылардың кәсіби шеберлігі, эрудициясы, шығармашылық жұмысының жоғары деңгейі.

6. Марапаттау

6.1.Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz жарияланады.

6.2. Интернет-сайыстың жеңімпаздары марапатталады.

                                                                                                Ұйымдастыру комитеті

Аудандық (қалалық) білім бөлімдерімен байланыс

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 28.02.2018ж. «Ақтөбе облысында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында облыстық он-лайн семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңесте біліктілік арттыру курстарында педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру және педагогикалық дағдыларын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Он-лайн семинар-кеңеске институт қызметкерлері, аудандық (қалалық) білім беру мекеме басшылары, әдіскерлері, орта білім беру мекемелер ұжымдары қатысты. Семинар барысында институт директорының орынбасары, п.ғ.к-Н.Кибатаева 2017 жылға талдау және 2018 жылға міндеттерді көтерді.

Cонымен қатар, 2018 жылы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының жоспарымен академиялық бөлім бастығы-А.Агниязова, педагогтердің шығармашылық шеберлігін курсаралық жұмыстар арқылы ғылыми-әдістемелік жетелеуде әдістемелік қамтамасыз ету инновациялық даму бөлім бастығы-К.Рахатова, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін анықтауда мониторингтік зерттеу туралы мониторинг бөлімінің бас маманы-Ж.Меделбаева және өзінің іс-тәжиребесі аясында Шалқар білім бөлімінің әдіскері-Н.Жақсыбаева ауданда өткізілгетін педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру курстарының маңыздылығы мен ерекшеліктерін баяндап өтті.  

Семинар-кеңесте ұсыныстар қабылданып, сұрақтарға ашық микрофон қолданылды. Семинар-кеңес өз мақсатына жетті.

Камыспаева С.О.,

бөлімінің бас маманы

«Орынбор-Ақтөбе» күн тәртібінде – инклюзивті білім беру

Қол қойылған меморандум аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе  облысы бойынша ПҚ БАИ»-да «Инклюзивті білім беруді жағдайындағы  білім берудің кедергісіз ортасын құру» тақырыбында Сальцева Светлана Васильевна, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің п.ғ.д,профессор қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді институт директоры, ф.ғ.к. Абишева Нургуль Молдабаевна ашты.

Тақырып маңызды және бұл ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мұғалімге қажет. Барлық балалар мінездерімен, сыртқы кескін-келбеттерімен, темпераменттерімен, өмірлік ұстанымдарымен және құндылықтарымен бір-бірінен ерекшеленеді. Бірақ солардың ортасында мүлдем басқаша көрінетіндер де бар. Дөңгелек үстел осындай балалармен жұмыс жасауға арналған.

Сальцева Светлана Васильевна ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстың негізгі бағыттарын ашып берді. Дөңгелек үстел мазмұны аса маңызды және психологиялық-педагогикалық қолдаудың барлық бағыттарын да қозғады. Педагогтерге өздерінің жеке құндылықтарын басқаша ойлауға, толеранттылық деңгейін анықтауға  мүмкіндік берді.

Дөңгелек үстел аяқталған соң қатысушылар  педагогтердің әрқайсысы әрі қарай жұмыс жасауына  қажетті білім байлығын алғаны туралы .

 

                                                                                        Сеткереева Г.А.,

кафедраның аға оқытушысы

Кегельрингтен ашық чемпионат

       «Өрлеу» БАҰО»   АҚ Ақтөбе филиалы, спорттық және робототехникалық білім беру республикалық қоғамының  Қазақстан федерациясы, «Ақтөбе-Дарын» АОҒТО, қалалық шығармашылық орталықтарымен  бірлескен жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы 23-24 ақпан аралығында  білім беру ұйымы оқушылары арасында кегельрингтен облыстық ашық чемпионат ұйымдастырды.

            Чемпионаттың ашылуына  Ақтөбе облысы білім беру бөлімінің бастығы Ш.Х.Шакирова,  «Өрлеу» БАҰО»  АҚ Ақтөбе филиалының директоры Н.М. Абишева, қалалық техникалық шығармашылық орталығының жетекшісі А.А. Пашкевич,  «Өрлеу» БАҰО»  АҚ Ақтөбе филиалы директорының орынбасары  Н.К.Кибатаева, Қазақстан Федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А.С. Гончаров қатысты.

Чемпионат дарынды балаларға қолдау көрсету мен оларды жарыққа шығару және балалардың ғылыми-техникалық  шығармашылығын насихаттау, ақпараттық-коммуникативтік  технология аясында аталған  мамандықтың беделін арттыруға бағытталды.

Чемпионат  робототехника бойынша  білім беру аясында оқушыларды техникалық  шығармашылықпен айналысуға тарту, жоғары және жаңа инновациялық  технологиялар саласында жастар мен балаларды ынталандыру мақсатында жүргізілді.  Чемпионатқа Ақтөбе облысы мектептері мен колледждерінен  41 команда қатысты.

            Қазылар құрамы«Өрлеу» БАҰО»   АҚ  Ақтөбе филиалының робототехника бойынша сертификатталған тренерлері - М.Ш. Нурмуханбетова, Р.Т.Абдиров.

            Жеңімпаздарды  дайындаған команда тренерлері «Алғыс хатпен» марапатталды.

Жеңімпаздар мен  жүлдегерлерді құттықтаймыз! Командаларды  дайындаған педагогтерге алғыс айтамыз!

Барлық қатысушыларға  жаңа жеңістер мен жетістіктер  тілейміз!

                                     

 

Нурмуханбетова  М.Ш.,

кадфедра аға оқытушысы

 

 

«Ертегілер еліне саяхат» тақырыбындағы облыстық интернет-сайыстың қорытындысы

Ертегі – бала қиялын дамытатын, баланың ой ұшқырлығын шыңдайтын, мейірімділікке жетелейтін  ғажайып құралдардың бірі. Кітап оқуға тартуда кейіпкерімен қызықтыра жүріп, ертегілерді түрлендіре отырып оқушыларды оқу мәдениетіне тәрбиелеуге болады.         Осыған орай «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ақпараттық орталығында өткізілген  сайыстың жеңімпаздарын жариялайды.

«Ертегілер патшалығы шақырады»  номинациясы

1 дәрежелі диплом - Дудник Светлана Алексеевна -  Қобда ауданы, Жарсай ауылы,Жарсай ОМ кітапханашысы

2 дәрежелі диплом - Шакибаева Гүлсім Муханбетовна   кітапхана меңгерушісі, Бижанова Гүлзат Болатқызы кітапханашы - Ақтөбе қаласы №1 орта мектебі

2 дәрежелі диплом -Досмаганбетова Маншук Капиятовна -  Ақтөбе қаласы Новый ОМ кітапхана меңгерушісі

3 дәрежелі диплом - Бахила Гүлжайнар Бақбергенқызы  кітапхана меңгерушісі, Мукашева Айнагүл Нурлановна  кітапханашы- Ш.Кұдайберді атындағы  № 66 ОМ

3 дәрежелі диплом - Ермекбаева Күлаш  Оңдасыновна - К.Нокин ауылы Благодар ОМ кітапханашысы

3 дәрежелі диплом - Сарсен Гүлмира Ағыбайқызы - Байғанин ауданы, Кемерши ауылы, Қ.Жазыков атындағы ОМ кітапханашысы

 

«Ертегілер мейрамы »  номинациясы

1 дәрежелі диплом - Аманжолова Гүлнәр Шакизақызы – Шалқар қаласы №2 мектеп-гимназиясы кітапхана меңгерушісі 

2 дәрежелі диплом - Жұмабаева Мейрамгүл Айтқұлқызы  -К.Нокин атындағы №65 ЖББОМ ОМ кітапханашысы

3 дәрежелі диплом - Дәнекерова Мадина Әбілқазықызы  - Ақтөбе қаласы  №30 ОМ кітапхана меңгерушісі

 «Ертегі әлеміндегі кейіпкерім»  номинациясы

1 дәрежелі диплом - Оңғарбаева Г.Ж. -М.Дулатов атындағы №63 ЖББ ОМЛ кітапханашысы 

2 дәрежелі диплом - Нурманова Айнур Тажигалиевна -  Қызылжар ОМ кітапханашысы

2 дәрежелі диплом -Жарқын Әйгерім Жарқынқызы – Ақтөбе қаласы Новый ОМ  кітапханашысы

3 дәрежелі диплом  - Акказиева Гульбиби Кайроллаевна - Хромтау  №2  гимназиясы кітапхана меңгерушісі

3 дәрежелі диплом -Ескарина Райла Жаксыбаевна -Ақтөбе гуманитарлық колледжі  кітапхана меңгерушісі

«Сүйікті ертегіден үзінді »  номинациясы

1 дәрежелі диплом - Баймуханова Аксауле Шайхиновна -Қобда ауданы  Қобда ОМ кітапхана меңгерушісі 

2 дәрежелі диплом - Мұқанова Айсұлу Сагындыковна -  Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №1 ОМ кітапхана меңгерушісі

3 дәрежелі диплом - Толепбаева М.А.,Калымбетова Ж.К. - Ақтөбе қаласы №5 ЖББОМ кітапханашылары

«Біз қай ертегіденбіз?»  номинациясы

1 дәрежелі диплом - Толешова Г.А.  –Ақтөбе қаласы   №24 ЛМГ кітапханашысы

2 дәрежелі диплом - Ниязова Құралай Рахметуллаевна  - Мұғалжар ауданы, Қайыңды ЖББМ  ОМ кітапханашысы

3 дәрежелі диплом -Ящук Любовь Николаевна – Қобда ауданы, Қызылжар ОМ кітапханашысы

 

«Ең үздік ғылыми жоба» номинациясы

Диплом –Әбдінағиева Амансұлу -Шалқар қаласы №2 мектеп-гимназия кітапханашысы 

 

« Балаларға ертегі оқытайық! » номинациясы

1дәрежелі диплом - Сейт Нұргүл Мырзанқызы -Қ.Жазықов атындағы ОМ бастауыш        сынып мұғалімі    

2 дәрежелі диплом - Жилгельдина Хамида Абиловна   -Ақтөбе қаласы №36  ОМбастауыш класс мұғалімі

 

Қатысқаны үшін сертификат :

1.Қоңырова Н.М, Иламанова С.И. Ақтөбе қаласы №39 қазақ ЖББОМ кітапханашылары

2. Куанова Рыскуль Аскарбековна кітапхана меңгерушісі, Жумагулова Нуржамал Амреевна кітапханашы - Ақтөбе қаласы № 40 ОМ

 

3.Силаганова Марина Мусаевна -Мұғалжар ауданы Жаңа жол ОМ кітапханашысы

4.Телина Гүлшат Рахимовна  -Облыстық туберкулез санаториясы мектеп-гимназиясы КММ кітапханашысы

5.Отеуова Ләззат Төлегенқызы - Шалқар ауданы Қауылжыр ауылы ГСК -12 ЖББОМ

6. Ищенко Елена Ивановна – Қобда ауданы  Калиновка ОМ кітапханашысы

 

7. Сагандыкова Раушан Балтауовна  - № 1Мәртөк  ОМ кітапханашысы

8.Утениязова Гульмира - Ақтөбе қаласы  №60 ЖББОМ кітапхана меңгерушісі

 

 Құрметті әріптестер, шығармашылықтың биігіне шырқай беруіңізге тілектестігімізді білдіреміз

 

 

 

 

 

 

 

Электронды форматта қызмет алу – заман талабы

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерісті өзіңнен баста» жоба аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» маманы Мустафина Асель, электрондық форматтағы қызметтерді тек қана «электрондық үкімет» веб-порталы алу керектігі туралы толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бектенгалиев С.А.

бас маман

Төртінші технологиялық революция аясындағы STEM білім беру

 Бүгінгі әлемде төртінші технологиялық революция: шұғыл ақпараттар ағыны, жоғары технологиялық инновацияларды әзірлеу және қазіргі заманғы өмірдің барлық саласын дамытады.

Көптеген елдерде STEM білім беру түсінігі оқу бағдарламаларында белсенді түрде енгізілуде. STEM – орталықтар мен зертханалар құрылып, оларда семинарлар, тренингтер ұйымдастырылуда.

Сонымен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ мен Ақтөбе «STEM center» оқыту орталығы (бірлескен меморандум аясында) 2018 жылдың 21-ақпан күні жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пән мұғалімдеріне арналған кезекті семинар-практикум өткізілді.

Семинардың ашылуында институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.К. Кибатаева, Ақтөбе қ. STEM орталығының  басшысы  А.Иманқұлов және филиалдың кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.Қ. Дүйсенбаев STEM білім беру мәселелерін дамыту өзектілігі мен маңыздылығына  тоқталды.

Аталған мәселелерді талқылауға шығармашылықпен жұмыс жасайтын облысымыздың қала және ауыл мұғалімдері STEM - білім берудің оқу процесінде қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

Мұғалімдер  STEM - білім берудің оқу үдерісінде қолдануда инженерлік және технологиялық мамандықтарға ынталарын көрсетуге ықпал етуде шығармашылық есептік ойлау қабілетін қалыптастыру және ғылыми – зерттеу дағдыларына бастау алатындықтарын тәжірибеде көрсетті.

STEM білім беруді енгізуде тәжірибесіне педагогтер онлайн-платформалар, зертханаларды құруды қолдайтындықтарын білдірді.

Рефлексия қорытындысында ұсыныстар қабылданып, сертификаттар табыс етілді.

 

                   

    

Нұрмұханбетова М.Ш.

 кафедраның аға оқытушысы

 

«Ақтөбе – Өрлеу» ғылыми кеңесі: жаңа қазақ әліпбиін қолдайды

     «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалында ғылыми кеңес отырысының бекітілген жоспарына сәйкес екі өзекті мәселе қарастырылды: «Біліктілікті арттыру жүйесінде латын әліпбиіне көшу жұмыстарын тиімді жүзеге асыру», «Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері».

 Қарастырылған мәселенің бірі тікелей Елбасы Н.Назарбаев бекіткен жаңа әліпбидің жаңа нұсқасына байланысты болды.

 Кеңеске төрағалық жасаған филиал директоры, ф.ғ.к. Н.Абишева отырыс барысында жаңа әліпбидің бекітілгені туралы, оның қоғам үшін елеулі өзгеріс екенін атап өтті.

 Бірінші мәселе бойынша жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Г.Жапақова латын әліпбиіне көшуде қоғаммен, педагогтар қауымымен, ата-аналармен жүргізілген түсіндірмелі жұмыстардың нәтижесіне тоқталып, бекітілген жаңа әліпбидің басымдықтарын атап өтті.

  Екінші мәселе бойынша инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Утаров Б.С. КжТББ мазмұнын жаңарту идеясын жүзеге асыруда білім беру стандарттарының енгізілуіне назар аударды.

 Әр тақырыпты талқылауға ғылыми кеңес мүшелері белсенді қатысып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында институт қызметін жетілдіруге ұсыныс жасады.

 Мәселелерді талқылау барысында тақырыптарға сәйкес ұсыныстар қабылданды.

 

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы

Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Баланың жеке қабіллетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортада жұмыс  ұйымдастырудың тиімділігін көрсетеді. Осыған орай  облыс көлемінде  мектепке дейінгі ұйыдарының тәрбиешілеріне «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтыны Ақтөбе қаласындағы №11 «Ақбота»  балабақша   базасында  оқыту семинары ұйымдастырылды.

М.Монтессори технологиясын қолданудың тәжірибедегі ерекшеліктеріне   меңгеруші  Ж.Ж. Измаева тоқталса,  балалармен ұсақ моториканы, қозғалыс координациясын дамыту, көптеген ұсақ операцияларды бірізді орындауға негізделген әдістермен  тәжірибелік аймақта ұйымдастырылған оқу қызметінде тәрбиешілер Т.Н Утешова., С.С. Джалмухамбетова., М.С.Хайретдинова бөлісті.

Семинарға қатысушы педагогтар М.Монтессори әдісінің  балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеуге, баланы дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретіндіктерін және  балабақшада қолданудың тиімділігін айтып, алғыстарын білдірді.

Букенова С.С., Құлтаева Л.А.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабының таныстырылымы

Мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған курс тыңдаушыларына 2018 жылдың 16 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының таныстырылымы болды.

Таныстырылым барысында институт  директорының орынбасары, п.ғ.к  Н. Қ. Кибатаева  Тәуелсіз мемлекет құрудағы Елбасының рөлі туралы айтып өтті. Адам капиталының жаңа сапасына  мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының  меңгерушісі, п.ғ.к.А.Туксанбаев  тоқталды.

Тыңдаушы педагогтар А. Иркатанова, Б. Жақсылық, Р. Кулмурзина  Кітап беттерінде Қазақстанның іргетасы қаланған сәттен бастап, егеменді ел болу кезеңдері сипатталғаны жөнінде баяндады.

Баяндамашы  Р. Назарбаева өз сөзінде кітапхана қоры  тәуелсіз мемлекеттіміздің  дамуы көрініс тапқан тағы бір кітаппен толыққанын, Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын оқу керектігіне тыңдаушылардың назарын аударды. 

 Букенова С.С., Құлтаева Л.А.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

«АҚТӨБЕ-ӨРЛЕУ»: ТӨЛ ШЕБЕР ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Институт жоспарына сәйкес  ағымдағы жылдың 15 ақпан күні  бейнелеу өнері және сызу, технология пәндері мұғалімдерінің   арасында  Темір ауданының технология пәні мұғалімі Н.С.Жакыбаевтың қатысуымен ұйымдастырған сәндік-қолданбалы өнер көрмесі мастер – класс өткізілді.

Шебер-кластың мақсаты: дәстүрлі халықтық қолөнерді сақтау мен насихаттау, сәндік-қолданбалы өнердің жаңа бағытындағы талантты шеберлерді анықтау және қолдау, халық шығармашылығындағы мәдени мұраны сақтау. Ғасырлар бойы қалыптасқан сәндік-қолданбалы өнер халықтық дәстүр дамуында маңызды рөл атқарады. Өткізілген шебер-класс барысында ең бастысы ақпаратты беру емес, тәжірибелік қызметтің әдістері немесе технологиясы басты болып табылады. Іс-шараға облыстың аудандары мен  Ақтөбе қаласынан технология, бейнелеу өнері және сызу пәндерінен 49 мұғалім қатысты. Шебер-класс педагогтердің  кәсіби шығармашылығын дамытуға ықпалын тигізді.

Сәндік-қолданбалы өнердің арқасында біз халықтық мәдениетке жақындаймыз, қоршаған әлемнің сұлулығын танимыз, өзіне деген сенімділік арттыра отырып өз қолдарымен шығармашылық әлеуеттерін арттырды.

Бухарбаев Б.К.,

кафедрасының аға оқытушысы

«Бір кітап – бір топ» акциясында…

Ұжымдық кітап оқудың ерекшелігі - бірлесе талқылау мен кітап оқуға деген қызығушылықты арттырады. Топ болып пікірлесуде әр оқырманның өзіндік  талғамындағы ой – өзегі  айқындалады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ  ақпараттық орталығы мектеп кітапханашыларына арналған  біліктілікті арттыру курсының аясында тыңдаушылармен  Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» хикаятын оқыды.

Жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресі арқылы кейіпкердің ішкі жан сарайына үңілген бұл шығарма қатысушылардың қызу талқылауына ие болды. Өр Алтай өңірінің табиғатымен үндескен хикая әлі де қайталана оқылар шығармалар  қатарында  өз оқырманын  кітап оқуға шақырады.

Назарбаева Р.К.,

ақпарат орталығының маманы

Астана – ғылым мен білім ордасы

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған  «Астана – ғылым мен білім ордасы»  облыстық педагогикалық эссе байқауы  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

Облыстық байқау 17.01.-15.02.2018 ж. аралығында өткізіліп, оған барлық білім беру ұйымдарының мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Олар өз эсселерінде еліміздің астанасындағы қол жеткен білім мен ғылым  жетістіктерін зор мақтанышпен толғап, болашақтағы жарқын  армандарымен бөлісті.

Педагогикалық эссе байқауына  МДҰ–20 мұғалім, ОМ-130 мұғалім, колледж-29 оқытушы және 4 студент қатысып, үздіктері жүлделі орындарға ие болды.

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР

І орын

Баймуратова Кенжегул Елекбаевна, Ақтөбе қаласы  № 51 «Жарқын бала» МДҰ.

ІІ орын

Арстанова  Алия  Батаевна, Ақтөбе қаласы  №14 «Қонжық» МДҰ.

ІІІ орын

Әлжанова  Мереке  Дәрібайқызы, Ақтөбе қаласы  №44 «Тұлпар»  МДҰ.

Алғыс хат

Курамысова Жансая Адилгалиевна,  Ақтөбе қаласы №17 «Шұғыла» МДҰ;

Вивтоненко Наталья Ивановна,  Ақтөбе қаласы № 40 «Балдәурен» МДҰ;

Ергалиева Венера Бисеновна, Ақтөбе қаласы  «Балауса» балабақшасы.

 

ОРТА МЕКТЕПТЕР

І орын

Бурибаева Ляйля Жетписбаевна, Ақтөбе қаласы № 9 МГ;

Отарбаева Майра Мухидуллаевна, Ақтөбе қаласы №61 ОМ;   

Ташигулова  Зауре  Мергенбаевна,  Хромтау  қаласы   № 5 гимназиясы;                                                               

 Бегимкулова Рста Аманжоловна,    №1 Хромтау ОМ;

Базарбаева Жания Садуокасовна, Ақтөбе қаласы  Благодар ОМ.

ІІ орын

Койшыгулова Бактыгул Жумабековна, №3 Алға қазақ ОМ;

Қосымова Гүлжан, Әйтеке би ауданы  Жабасақ ОМ;

Шойнова Алтынай Сембайқызы,  Қандыағаш қалалық №4 ОМ;

Жабагин Руслан Кенжигалиевич, Мәртөк ауданы Аққайың ОМ;

Сейт Нұргүл  Мырзанқызы, Байғанин ауданы Қ. Жазықов атындағы ОМ;

Лаукенова Өркен Дүйсенқызы,  Ақтөбе қаласы  №61 ОМ;

Бисембаева Ақтоты Жалғасбайқызы, Ақтөбе қаласы   №61 ОМ.  

ІІІ орын

Шамилова Сарагүл Ибрайвна, Ақтөбе қаласы №60 ЖББОМ;

Бозшин Бекболат Жагалбайливич, Ақтөбе облыстық физика-математикалық мектеп-интернаты;

Аймағанбетова Илмира Қожановна, Ақтөбе қаласы №41 ОМ;

Қанапин Бекзат Оразұлы, Ақтөбе қаласы № 24 ЛМГ;

Айтжанова Гүлмира Спановна,  Алға ауданы Тоқмансай ОМ;

Иванцова Ольга Ивановна,   № 4 Хромтау ОМ;

Елентаева Жанот Узакбаевна,  Қарғалы ауданы  №2 Бадамша ОМ;

Саймаганбетова Ботакоз Сериковна,  Қандыағаш қалалық №4  ОМ;

Жайылғанова  Гүлзира Қыдыралықызы,  Шалқар қаласы №3 ОМ.

Алғыс хат

Оралбаева Марфуга  Абилатовна, Ақтөбе қаласы №61 ОМ;   

Аскарова Гульмира Амангельдиевна, Ақтөбе қаласы  №9 МГ;

Ахметова Гүлжан Закулгадинқызы, Ақтөбе қаласы  М.Дулатов атындағы №63 ОМ;

Достанова Асель Жангелдиевна,    Мұғалжар ауданы  Ембі қалалық №2 ОМ;

Қонақбергенова Айгүл Асқарқызы, Байғанин  ауданы Т. Жармағанбетов ат. ОМ;

Нуралина Айман Беркимбаевна,   Әйтеке би ауданы  Ж.Сәрсенов ОМ;                                                      

Тлепбергенова Айзада Серіковна,  Ойыл ауданы Екпетал МБ;

Раймкулова Айгуль Базарбаевна,   Ақтөбе қаласы  №56 ОМ;

Сармесова Тлектес, Қобда ауданы  Қобда  гимназиясы

Мединаева Гулнар Максотовна, Ойыл ауданы Құрман ОМ;

Сәду Маржанкул Көшкінбайқызы, Байғанин  ауданы  Қарауылкелді ОМ;

Дильмагамбетова Камшат Болатовна, Қарақобда МБ;

Естурлина Әсемгүл Озатқызы, Мәртөк ауданы  Хлебодаровка  ОМ;                                                  

Абдирахманова Багила Шамшина, Әйтеке би ауданы  Жабасақ ОМ;

Мұқанов  Сағынхан  Жаймағанбетұлы,  Алға  ауданы Маржанбұлақ ОМ.

 

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ

 

І орын

Арыкова Гайша Жаугашевна, Ақтөбе байланыс және  электротехника  колледжі.

ІІ орын

Тулегенова Алтыншаш Мухтаровна,  Ақтөбе гуманитарлық колледжі;

Сагидуллина Салтанат Жанатовна,  Ембі қызмет көрсету саласы колледжі.

ІІІ орын

Жамекова Бибигуль Мустафиевна, Ақтөбе гуманитарлық колледжі;

Жазықова Раушан Балғалиқызы,  Ақтөбе медициналық колледжі;

Рысбай Гүлшат Асқарқызы,  Байғанин техникалық колледжі.

Алғыс хат

 Садыкова  Нургуль Зайлагиевна,  Ембі қызмет көрсету саласы колледжі;

Жулмагамбетова Нургуль Казтаевна,  Ақтөбе медициналық колледжі;

Итибаев Батанияз Қуанышбекович,  Ақтөбе политехникалық колледжі;

Акимова Гулсара Мурзагалиевна, Ақтөбе автожол колледжі.

 

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ студенттері алғыс хаттармен марапатталды.

Адилбаева Ақмарал,  Ақтөбе гуманитарлық колледжі;

Гартвиг Светлана,  Бадамша агротехникалық колледжі;

Мұқатай Гүлмаржан,  Ақтөбе гуманитарлық колледжі;

Тасмұханов Қуаныш,  Ақтөбе Мұнай және  газ колледжі.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

Мектеп кітапханасы: жаңаша көзқарас

«Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастыру- дағы кітапхананың ролі»тақырыбындағы мектеп кітапханашыларына арналған біліктілікті арттыру курсының аясында қаламыздағы №17 ЖББ мектеп-гимназиясында «Мектеп кітапханасының  ақпараттық-білімдік ортасы» атты семинар өткізілді.

Семинар мектеп кітапханасына экскурсия жасаумен басталып, кітап оқуды насихаттау жөніндегі жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерінің тұсаукесерімен жалғасты.Одан әрі оқушылар легімен ұйымдастырылған кітап флешмобы және «Кітап немесе Ғаламтор: жақтаймыз ба әлде қарсымыз ба?» атты дебаттың қызықты талқылауларымен көрнекілене түсті.

Рухани жаңғырудың жарқын жолы коучингімен  Отан жүрегі –Астанаға арналған эссе, шығармалар байқауы семинарға қатысушыларды өзгеше бір  бірегейлігімен қызықтырды.

Кәсіби шеберлікті шыңдаудағы кәсіптік флэш тренингі және рефлексия тыңдаушыларға іс-тәжірибеден алынар мол шеберлік сағатындай болды. Семинар соңында  кітапханашылар жоғары деңгейде ұйымдастырылған ұжымға  ризашылықтарын  білдірді. 

 

Назарбаева Р.К.

ақпарат  орталығының  маманы 

Курс қатысушыларымен «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылаймыз

Еңселі ел болу жолында ұлы істердің ауқымын қамтыған Қазақстан Республикасы Президентінің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы курсқа келуші бастауыш класс мұғалімдеріне ерекше әсер қалдырды. Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуын баяндайтын тарихи оқиғаларды талдау еркін  әңгімелесу түрінде  өтті. Курсқа келген мұғалімдер кітаптағы еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік күрделі мәселелер мен оны нақты шешу жолдарын баяндалған оқиғаларды оқи отырып, Елбасы саясатының алдағы уақытқа жарқын жолға жетелейтін жағымды көзқарас қалыптастыратын шығарма және бүгінгі жеткен жетістіктеріміз - Қазақстан халқының мақтанышы екендігіне тоқталды. Елбасы еңбегі жас ұрпақтың бойына жақсы қасиеттер дарытудың, еңбекке, ерлікке үндеудің үлгісі болатын шығарма.

 

  Р.К. Назарбаева, 

ақпарат орталығының маманы 

Тәрбиешінің шеберлік сатысы

Мектеп жасына дейінгі баланың қызығушылығы  мен шығармашылық әлеуетін, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызы зор.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтының біліктілікті арттыру  курс тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласындағы №7 «Арман» МДҰ  базасында «Тәрбиешінің шеберлік сатысы» тақырыбында тәжірибе күні ұйымдастырылды.  МДҰ меңгерушісі   Ж.Есенова мектеп жасына дейінгі   балалардың  тілдік, танымдық, шығармашылық қабілетін дамуында театр түрлерін  кеңінен қолданатындықтарын атап айтты. Тәрбиешілер  Ж.Утепова, Г.Макатова, Б.Өмірбекова  мектепке дейінгі жастағы балалардың  сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар және театрлық қойылымға  үйлестірілген өлең жолдары  балалардың сөйлеу дағдыларын орнықтыра түсетінін заманауи үлгідегі  ұйымдастырылған  сабақтар арқылы жеткізе білді.

Тәжірибе күнінде тыңдаушылар № 7 «Арман» мектепке дейінгі ұйымының ұжымына жүргізілген іс-шара мен оның практикалық маңыздылығына оң бағаларын беріп  алғыстарын білдірді.


Букенова С.С.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

Интеллектуалдық серпілістен болашаққа...

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында ғылыми жетекшісі, директор орынбасары, п.ғ.к. Н.К.Кибатаева және  кафедра аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі,  үйлестірушісі – С.М.Шаштығаринаның ұйымдастыруымен «Акмеологиялық орта – педагогтердің интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін дамытудың табысты негізі» эксперимент алаңының тақырыбы аясында директор орынбасарлары және әдіскерлермен кездесу өтті.

  Кездесуде аталған тақырып төңірегінде зерттеуге қатысты ұйымдастырушы-әдістемелік сұрақтар қызу талқыланды.  

Сонымен қатар, ғылыми тұжырымдамаларды әзірлеу жұмыстары бойынша алғашқы қадам жасалынып, алдағы екі жылға арналған эксперименттік жұмысының  іс-қимыл Жоспары қабылданды.  

Ғылыми жобаның  қатысушылары  облыстық физика-математикалық мектеп-интернаты,  дарынды балаларға арналған интернат,  "Білім –инновация" музыкалық мектебі, Қазанғап орта мектебі және Ақтөбе қаласындағы №15, 47, 39 ОМ.

Жобаның   барлық қатысушыларына АКМЕ-ге ұмтылу,  кәсіби жетілу және шеберлікті шыңдауда «Мен-тұжырымдамасын» жаңарту бойынша қызықты педагогикалық ізденістер мен сәттілік тілейміз!

  

Трнабаева Н.С.,

бөлімінің бастығы, техника ғылымдарының кандидаты

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ...

Қазіргі кезде білім мен тәрбие мазмұнын жаңарту мақсатында оқушылардың денсаулығын және психологиялық қауіпсіздігін қорғау, әрбір білім беру ұйымының және мұғалімнің жұмысында міндетті бағдары және осы заманғы білім берудегі жетістіктері болып табылады. «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-да 2018 жылдың 29.01.-09.02. аралығында «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында педагог-психологтар үшін біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

Аталған курс аясында Ақтөбе қаласының №1 орта мектебінде «Психолог – адам жанының бағбаны» атты мектеп психологтарына арналған семинар-практикум өз деңгейінде өтті. Мектеп психологтары Ж.Т.Нұрмаханова мен М.А.Пузаренко  әріптестеріне оқушылармен жұмыс істеудің түрлі формалары туралы айтып,  тренигтер өткізді.

 Семинар-практикум мақсатына жетіп, рефлексиямен аяқталды, ұсыныстар қабылданды.

К.З. Сансызбаева,

аға оқытушы 

Жаңа тарихты қамтыған құнды еңбек

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылады.

Құнды еңбектің жасампаз халыққа, келешек ұрпаққа арналуымен, ел басынан өткен тарихи кезеңдерінің баспалдақтарын межелей жинақтаған кітаптың  талқылауын институт директоры,филология ғылымдарының кандидаты Н.М. Абишева бастады.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Н.А.Абдоллаев «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегінің тарих беттеріндегі негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдеріне дейінгі келтірілген мағлұматтарға тоқталды.  Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» мәдениетті дамыту аймақтық кеңесінің төрағасы Е.Ж.Құрманбеков сапалы еңбекті түсіндірудегі танымдық ерекшіліктерге мән беріп, «тұтас дәуірдің тарихын қамтыған құнды шығарма» деген баға берді. Институттың «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасы меңгерушісі, п.ғ.к. А.Туксанбаев кітап мазмұнының ішіндегі «Адам капиталының жаңа сапасы. Білім, ғылым, мәдениет, спорт » бөліміндегі білім беру жағдайына байланысты жинақталған мәліметтерін саралап түсіндірді.

Ал,«Мұғалімдердің психологиялық,педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. доцентА.Қ. Каплиева өзіндік ой-пікірді «Жаһандық технологиялық өзгерістер»тарауына,Елбасы Жолдауларындағы келешекке жетелеуде рухани байлықтың мәйегі болар тәрбие тағылымдарының негіздерін жетілдіруге арнады.Институттың кітапхана бөлімінің бастығы Н.Н.Ермекова Елбасы еңбегінің ел тарихына арналғанын  зерделей жеткізді. «Біздің жолымыз –даму жолы» тақырыбымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.Пікірлесу соңы қатысушылардың Мемлекет басшысы еңбегінің әлем көз тіккен Қазақстанның жасампаз халқына,ұрпағына арнаған құндылық көзі екенін  дәлелдеді.

Р.К.Назарбаева,

кітапхана маманы

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ САПАЛЫ ОРЫНДАУ - СӘТТІ ЖОБАЛАР КЕПІЛІ

«Өрлеу» БАҰО АҚ ПҚБАИ Ақтөбе облысы бойынша біліктілікті арттыру курстары аясында 2018-жылғы 7 ақпан күні Ақтөбе қаласы №56 орта мектеп базасында «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру» атты облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп зертханаларында химия және биология пәні  мұғалімдерінің  оқушылардың жұмыс технологиялары мен тәжірибесіне бағытталды.

Семинар ашық, достық жағдайда өтті, педагогтер жаратылыстану-математикалық бағыттағы ғылыми жобаларды іске асырып жатқан тәжірибе мен нәтижелермен танысуға мүмкіндік алды.

Семинар қатысушылары жаратылыстану-ғылыми бағыттарындағы жоба және зерттеу қызметінің сыныптарында оқушыларды ынталандыру дағдыларын дамыту өзектілігінің ерекшелігін  атап өтті.

Семинар соңы әдістемелік ұсынымдар қабылдаумен аяқталды.

 

Ермекбаева Л.Ж.,

кафедраның аға оқытушысы

Кегельринг бойынша облыстық ашық чемпионат

Құрметті ұстаздар!

2018 жылдың  23-24 ақпаны күні  бірлескен жоспарға сәйкес  кегельринг (Казроботикс ережелері негізінде) бойынша  білім беру мекемелерінің оқушылары арасында облыстық ашық чемпионат өтеді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ,  Республикалық қоғамдық бірлестігі Федерациясы спорттық және білім беру робототехника (KazRobotics), «Ақтөбе – Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы,  қалалық техникалық шығармашылық орталықтарының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Өткізілу мақсаты: робототехника бағытында оқытуды насихаттау, ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту, оқушылар арасында инженерлік мамандықтар беделін арттыру, шығармашыл жастарды қолдау.

Қатысушылар: мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері,  робототехника жобаларының жетекшілері.

Жеңімпаздар конкурс қорытындысы бойынша грамоталармен марапатталады.

Қатысу үшін онлайн тіркеледі.

https://docs.google.com/forms/d/17Jdg_-NOH6mQGBvBzW3PVtD93KYKOjEZpiPoxnIcQKU/edit?usp=sharing

      

Жарыс ережесі 

https://drive.google.com/open?id=1PV4x5QagkSeo99lP66n_AKjo5xTsK7Jb

 

 


«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы - заманауи уақыттың ұлы мұрасы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ «Бір институт – бір кітап» акциясы аясында Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылады.

Талқылау институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.К. Кибатаеваның  кітапта келтірілген еліміздің негізі қаланған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі барлық игіліктері және  қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктерін қамтыған мағлұматтарды жеткізуімен басталды. «Мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының меңгерушісі  п.ғ.к. доцент А.Қ. Каплиева Қазақстан жаңғыруының үш кезеңі нақты зерделеген бұл кітаптағы  «тарихи әділеттілік салтанаты», «тұғыры берік мемлекеттік құрылым», «басты құндылығымыз – бейбітшілікті қастерлей білдік» деген тараулардың тарихи маңыздылығы мен тұлғалық көзқарастың ерекшелігіне тоқталды. Тарихи публицистика жанрында жазылған еңбектің «қазақстанның даму үлгісінің табиғаты» мен басты ұстанымдары кеңінен ашылғандығына орай «Мониторинг және талдау бөлімінің» бастығы Д.К. Халетова өзіндік пікір қосты. Жаңа жаһандық ахуал жағдайын жаңғыртатын сүбелі еңбектің мән-мағынасын  одан әрі  тереңірек түсіну мен талдау үшін электрондық нұсқасы әр кафедра бөлімдеріне жіберілді.  

Аталған кітаптың әр тарауындағы бөлімдерді зерделей отыра институт ұжымы –еңбектің  құндылығын, өміршең мәселелерін, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары  қол жеткізген жетістіктерін  қызу талқылауда еңбектің елдігіміздің іргетасына айналып, ұрпаққа үлгі боларына сенім білдірді. 

Р.К. Назарбаева,

кітапхана маманы

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУІ

Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыты – латыннегізді әліпбиге көшу мәселесі бойынша жоспарланған жүйелі жұмыстардың жалғасы ретінде «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың басым бағыты» тақырыбындағы  кездесу   алаңы ағымдағы жылдың 8 ақпан күні  өтті.

Кездесу барысында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бойынша  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары,  қазақ тілін дамыту және әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне енгізу   үшін  латын  әліпбиіне көшудің  қажеттілігі,  латыннегізді әліпбидің жаңа Жобасы қарастырылды.

Кездесуге Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы  М.А.Жонасова,С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінен филология ғылымдарының кандидаты Т.Ж.Тоқсанбаева, еңбек ардагерлері Қ.Қуан, Қ.Шүкіров және институт қызметкерлері қатысты.

Алаң  модераторы, институт директоры, ф.ғ.к. Н.Абишева  Елбасының Рухани жаңғыру жолындағы идеялар мен бастамаларды негізге ала отырып,  сөз мәдениетін және жазу сауаттылығын жоғары деңгейде қалыптастыру үшін латыннегізді әліпбиді қолдайтындығын білдірді.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ф.ғ.к. Т.Тоқсанбаева компьютерлендіру дәуірінде қазақ әріптерін сан жағынан ықшамдай отырып интернет-технологияға бейімдеу,  ағылшын тілін жеңіл игеру, әлемдік білім кеңістігіне енуде латыннегізді әліпбидің тиімділігіне тоқталды.

Шара барысында  облыстың  еңбек ардагерлері қоғамдағы оң өзгерістерге өз пікірлерін айтып, тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойын­да оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың  ізін айқындап тұратын ұлы күш екендігіне тоқталды.

Қатысушылар  көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мамандармен пікірлесті.

        

Ж.Матсалаева,

институттың жетекші маманы

Б.Блум таксономиясы – сапалы оқытудың тиімді жолы

Бастауыштағы Б.Блум таксономиясы оқушының ойлау деңгейін анықтайтын тиімді тәсіл екенін  басты назарда  ұстанған облыстық семинар-практикум Ақтөбе қаласы № 1 ОМ базасында өтті. Теориялық бөлімде облыстың бастауыш класс мұғалімдері Б.Блум  таксономиясының оқу жүйесін құрастыру бойынша өз ойларын ортаға салды.

Тәжірибелік бөлім мектеп мұғалімдерінің коммуникативтік дағдыларын, белсенді әдістерін, шығармашылық әрекеттерін, сыни көзқарастарын көрсеткен ашық сабақтар шеруіне ұласты.  

Семинар-практикум ашық микрофонмен және мұғалімдердің өзара рефлексия жүргізуімен қорытындыланды.

 

К. Рахатова,

бөлім басшысы 

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЛАТЫН НЕГІЗДІ ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ

ҚР Президенті Н.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде студенттермен «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бағдар»тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қоғамымызда латын әліпбиіне көшу жағдайына байланысты өзекті мәселелері мен оның шешу жолдарын бірлесе түсіндіру, ой бөлісу, пікірлесу.

Дөңгелек үстелге колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Д.Дабылова, институттың аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі А.С.Сугурбаева, «Жалпы пәндер» бөлімінің меңгерушісі А.О.Байжанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Х.С.Таналиева мен орыс тілі пәнінің оқытушысы А.С.Каушовалар қатысып, айшықты ойларын ортаға салып, өзіндік пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу – болашаққа, жаһандық кеңістікке кірігу құралы екендігі туралы тұжырымдар айтылып,  нақты дәлелдер келтірілді. Отырыс өз мақсатына жетті.

 

Сугурбаева А.С.,

кафедра аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі

Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша курстар басталуда

      Жаңартылған білім мазмұны аясында пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсын ұйымдастыру мен өткізуге дайындық кезеңі басталды. Ағымдағы жылдың 7 ақпанында «Өрлеу» БАҰО»  АҚ Ақтөбе филиалында «Жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында педагогтердің кәсіби кедергілері бойынша тренерлердің қызметі» тақырыбында  кеңес өтті.

       Кеңес жұмысы барысында институт директорының орынбасары Н.К.Кибатаева, академиялық бөлім басшысы А.С.Агниязова, сертификатталған тренерлер п.ғ.к. Е.С.Давлеткалиева, педагогика және психология магистрі К.Ж.Рахатова, гуманитарлық ғылым магистрі Г.К.Жапаковалар курстық білім беру  мазмұнының сапасына, филиал тренерлерінің оқу сабақтарын өткізу тиімділігіне баса назар аудару керектігіне тоқталды.

        Мұғалімдердің негізгі мәселелері талқыланды: сабақты жоспарлау, оқушылардың оқу қызметін критериалды бағалау, Блум таксономиясы бойынша жасалған тапсырмалар туралы әзірлеу. Мұғалімдерді курстан кейінгі кезеңде қолдау және олармен кері байланыс жасау мәселелері де қаралды.

       Институт директоры ф.ғ.к. Н.Абишева талқыланған тақырыптарды қорытындылап, курстық оқыту жағдайларын, оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз етудің негізгі шешу жолдарын атап айтты.

 

 

                                                 Матсалаева Ж.К.,

институттың жетекші маманы     

                      

            

                                                                                                                                         

Білім – сыбайлас жемқорлықсыз!

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен «ӨРЛЕУ» БАҰО» Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты арасындағы өзара Меморандумды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.

2018 жылдың 7 ақпанында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысы Е.М.Толыбаевтың, облыс педагогтары мен институт қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.     

Педагогтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті жөнінде пікірлер айтылды. Қатысушылардың қойған сұрақтарына толыққанды жауап берілді.

 

Н.С. Трнабаева,

бөлім бастығы, пресс-секретарь,

техникалық ғылым магистрі

Жақсы істердің жаршысы

Кітапхана  - заманауи білім берудің басты құралдарының бірі. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының  терең тағылымдық бағыттарын ұрпақ санасына сіңіруде, тәлімдік –тәрбиелік мәнін ашуда кітапхана кеңістігінің алар орны ерекше.

Осы орайда кітапхана арқылы оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге,  жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына жағдай туғызуды қалыптастыруға ықпал жасауда   «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ПҚБАИ кітапханасында «Заманауи білім берудегі кітапхана: болашаққа көзқарас» атты облыстық семинар өтті. Семинарда рухани қазына көзі –кітап пен кітапхананың ерекшеліктері және олардың атқарар істеріндегі ұрпақ тәрбиесінің игілігіне айналған тиімді жолдарды мысалға келтіре отырып, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының консультанты М.С. Ержақып  тәлімгерлік аясында өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті.

С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасы,С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Алға облыстық балалар үйі кітапханасы, Ойыл ауданы Көсембай НМ, Қандыағаш қаласы №3 МГ кітапхана мамандары қазіргі кездегі кітапхана ісіндегі өзекті мәселелер мен оқырман  арасында өткізілетін әртүрлі жаңа жобадағы шараларға тоқталды.       

Ал, «Рухани жаңғыру - елдігімнің негізі» тақырыбына сәйкес көркемделе бейнелеген флешмоб қатысушылардың бағдарлама аясында атқарылар істерінің жалғасындай   болды. «Кітапхана - рухани жаңғыру жолында»атты   кітап инсталяциясы  жасалды. Семинар соңы рухани орда – кітапхананың және кітапхана мамандарының құзіреттілігін арттыруға арналған  тиімді ұсыныстар мен ризашылық білдірген ықыласты   серпілістермен аяқталды.

         Р.К. Назарбаева,

кітапхана маманы 

Педагогтердің назарына!

Құрметті әріптестер! 

Сіз  инновациялық STEM-білім беру  саласында көшбасшы болғыңыз келе ме? Олай болса «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында өткізілетін семинарға STEM-технология, STEM-білім беру саласындағы білім мен дағдыларды меңгеруге асығыңыз.

«Өрлеу» БАҰО»  АҚ Ақтөбе филиалы мен Ақтөбе қаласы Stem-орталығы арасында жасалған меморандум аясында  жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған оқыту семинар-практикумы өткізіледі(ақылы негізде).

  14-15 ақпан – Ақтөбе қаласы мектептерінің пән мұғалімдері;

  21-22 ақпан – облыстық білім беру ұйымдарының мұғалімдері.

   Семинарға қатысатын педагогтер сұранысты төмендегідей үлгіде  Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. электронды поштасына  жіберулері сұралады. 

Аты-жөні, тегі

Туған  жылы, күні, айы

Ауданы, жұмыс орны

Пед. өтілі, санаты

Телефоны

1

 

 

 

 

 

 Байланыс телефондары: /87132/560537 , /87132/ 541329


Гендерлік мәдениет – гендерлік білімнің негізі

         Гендерлік сәйкестік және өзін-өзі тану дегеніміз не? Гендерлік көзқарас негізінде оқу үдерісін қалай ұйымдастыруға болады? Ол неге қажет? Гендерлік құзыреттілікті қалыптастыруда қоғамның рөлі қандай? Құқықтарды және міндеттерді қалай үйлестіру керек?

         «Өрлеу« БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік семинарында жоғарыда аталған өмірлік мәселелерді талқылау, қиын жағдайлардан шығу жолында сындарлы шешімдерді іздестіру тақырыптары қарастырылды. Осы мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандар: Ивченко А.А., Елеуова Б.А., Гришина Н.Б., Жумагалиев А.Р., Закирова Г.К., Юрчик Л.М., Лысенко О.В.

          Семинар қатысушылары    ер балалар мен қыздарға гендерлік тәрбие беру үлгісін ескере отырып, әлеуметтік және отбасылық тәрбие беруде қолдану болашағын талдай отырып, гендерлік тәрбие беру мен оқытуды мектепке дейінгі жастан бастау керек деген қорытындыға келді. Адам өз ақыл-ойына, жасына, жынысына сәйкес келетін жыныстық білім алуға тиіс.

          Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар қабылданды.

        

        

Отарбаева Л.Л.,

бөлімнің жетекші маманы

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда...

Қайырымдылық - адамгершілік белгісі.  Жас ұрпақтың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту-келешекте ұлы белестерге шақырар даңғыл жолдардың бірі. Осындай парасаттылық баспалдағының жалғасы  ретінде – «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының консультанты М.С. Ержақып «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ПҚБАИ кітапханасына «Қазақ тіліндегі араб, парсы елдерінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», «Менің Отаным» сериясымен шыққан энциклопедиялық және басқа кітаптар жинағын сыйға тартты. Тағылымы мол табысты істерге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз, әріптестер! 

Р.К. Назарбаева,

кітапхана маманы

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен Білім басқармасының кеңейтілген отырысында білім беру секторын қаржыландыру, бала тәрбиесі мен  білім беру сапасын арттыруға  байланысты мәселелер қарастырылды. Облыс әкімі мектеп директорларын, Қамқоршылық Кеңес және қоғам мүшелерін жас ұрпаққа  рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытындағы жұмыстарды белсендіруге шақырды.

Кеңес жұмысына «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе филиалының директоры, ф.ғ.к., Білім басқармасының кеңес мүшесі Н.М.Абишева қатысты.

Кеңес  қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.       

Матсалаева Ж.К.,

бөлімінің жетекші маманы

Кәсіптік білім - болашақ кепілі

Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Ақтөбе политехникалық колледжі бірлесе отырып   курс тыңдаушыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушыларының педагогикалық шеберліктерін дамыту»тақырыбында облыстық  семинар-практикум өткізді. 

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бөлімінің бас маманы Б.С.Утаров және  колледж бас директорының ҒОӘЖ жөніндегі орынбасары п.ғ.к. А.Т.Аймукатовсеминар жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды. Өз сөздерінде олар жаңартылған білім мазмұнын енгізу идеялары бойынша ТжКБ ұйымдары оқытушыларының инновациялық тәжірибе көрсету және өзара тәжірибе алмасуға, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жаңа форматтағы мамандарды даярлау мәселелерінде ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Колледждің білікті мамандары ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану, өндірістік жағдайларда алғашқы көмек көрсетудің әдіс-тәсілдірі биология мен математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар қарастырылған мәселелердің өзекті екендігіне тоқталып, өз пікірлерімен бөлісті.

 



Б. Утаров,

инновациялық  дамуды  әдістемелік  қамтамасыз  ету  бөлімінің бас маманы

Мұражай жұмысы жаңа серпілісте...

Мұражай  - мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, ел келешегін жалғастырушы, бәсекеге қабілетті жас мамандарды тәрбиелеу міндетін де атқаратын тәрбиелік орын. 

Мұражайдың қазіргі заманғы коммуникациялық моделі түрлі аудиториямен жұмыс жүргізуге бағытталған.

2018 жылдың 02 ақпанында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ курсқа келуші тарих пәні мұғалімдері педагогикалық мұражайдың  жәдігерлерімен танысты.   Келушілер Ақтөбе облысының тарихи даму кезеңдері мен Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытуға өз үлестерін қосқан педагогтердің іс-тәжірибелерімен танысты. Экскурсия соңында оқытушылар оң пікірлерін білдіріп, жаңа ақпараттармен сусындады.

Р.К. Назарбаева,

                                                                                  филиал кітапханашысы 

«Ақтөбе-Өрлеу»: салауатты өмір салты үшін!

«Ақтөбе-Өрлеу» филиалында «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты  Институттың   қуатты  жастарынан құрылған бастамашыл топ аурулардың алдын алу, денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған қадамдар мен шараларды қолға алды. Сауықтыру салтына айналдырған шаралар – волейбол бойынша секция жұмысы,  қысқы туристік базаға шығып серігу, қысқы жарыстар мен табиғатты тамашалау. Қазіргі таңда «Ақтөбе-Өрлеу» волейбол командасы облыстық жарыстарға дайындық жүргізуде.

Салауатты өмір салты Ақтөбедегі өрлеуліктердің корпоративтік мәдениетін нығайтуға, қызметтік міндеттерді тиімді орындауға, жұмыс бабындағы эмоционалдық және психологиялық кедергілерді жоюға ықпал ететіні сөзсіз.  

«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» тобы барлық қызметкерлерді осындай салауатты  шараларға  қосылуға, дене шынықтыру жаттығуларын әдетке айналдыруға, салауатты әдеттерді өмір стиліне айналдыруға  шақырады.  Жарайсындар, өрлеуліктер, тек алға!

        

                                

Мырзашова А.К.,

бөлімінің жетекші маманы, филол.ғ.к., phD, профессоры

Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы

«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының негізінде жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани жетілдіру идеясы оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым-қатынас нормасымен таныстырады, азаматтық мәдениетке қалыптастырады және дамытады.

Осыған орай  ағымдағы жылдың 1 ақпан күні  Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндіктің  ашылу салтанаты өтті. Шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтының  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру   бағдарламасы тренерлері А.Токбасова мен Л. Култаева қатысып, жоспарланған шаралардың маңыздылығы мен оқу орнының пилоттық білім беру ұйымы ретінде ерекшелігіне тоқталды.  Қатысушылар онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралармен танысып, іс-шараны «Мейірім төккен ана» тақырыбында ұйымдастырылған кітаптар көрмесінен бастады. Іс-шараға колледждің барлық бөлімдерінің педагогтары мен  студенттері қатысты.

 

Токбасова А.С., Култаева Л.А.,

филиалдың сертификатталған тренерлері

Азаматтарды «Білім» бағыты бойынша қабылдау

Үстіміздегі жылдың бірінші жұмасында, 02 ақпан күні Ақтөбе облысының «Нұр Отан» партиясы филиалының жанындағы Қоғамдық қабылдауы негізінде облыс азаматтарын тақырыптық мәселелер бойынша қабылдау өз жұмысын бастады. «Ақтөбе-Өрлеу» БАҰО филиалының директоры, филол.ғыл.канд. Н.М.Абишева «Білім» бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасының Комиссия мүшесі ретінде осы жұмысқа атсалысты.

«Ақтөбе-Өрлеу» БАҰО филиалы қоғамдық жұмыстарға араласу бағыты бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп, аймақ үшін маңызды әлеуметтік жобаларға тұрақты түрде қатысады. «Ақтөбе-Өрлеу» филиалының мұндай қоғамдық қызметі әлеумет пен педагогикалық қауымдастық  сабақтастығын қамтамасыз ететін өзекті біліктілікті арттыру бағдарламаларын жасақтауға ықпал етеді. Педагогтар үшін бұл жұмыс түрлерінің екі жақты маңыздылығы бар, олар –  қоғам өкілдері болып табылатын ата-аналар қауымдастығымен байланыс жүргізсе, екінші жағынан, болашақ қоғам азаматтарын – оқушыларды дайындайды. 

Мырзашова А.К.,

бөлімінің жетекші маманы, филол.ғ.к., PhD, профессоры

Тарих сабағында инновациялық-педагогикалық технологияларды қолдану

Тарих пәнін оқытуда білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері Ақтөбе қаласының  №1орта мектебінде талқыланды. «Инновациялық-педагогикалық технологияларды тиімді қолдану – мұғалімнің кәсіби өсу факторы» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум аясында тарих пәнінің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасып, қазіргі кездегі тиімді оқыту үдерісін жетілдіру бойынша пікір алмасты.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде мектеп мұғалімдері Қазақстан тарихынан панорамалық сабақтарын ұсынып, өздерінің шығармашылық қызметін, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, коммуникативті құзыреттіліктерін көрсетті.

Қорытындысында тақырыпқа сәйкес әдістемелік ұсыныстар қабылданды.

Отарбаева Л.Л.,

институттың жетекші маманы

«Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясының басты құндылықтарын оқыту үдерісінде қолдануға арналған облыстық семинар

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 31 күні өткізілген облыстық семинарда бас қосқан   тарих пәнінің мұғалімдері  білім беру үдерісін жаңарту аясында тарих пәні оқытушылары үшін оқытуда құндылықтарға бағытталған тәсілді пайдаланудың  тиімді тұстарын қызу талқылап, тәжірибе алмасты. Аталмыш шара Ақтөбе қаласының № 30 ОМ ұйымдастырылды. Семинарды мектеп директоры Ж.У.Терекова ашып, мектепте білім мазмұнын жаңарту мәселесі төңірегінде жүргізіліп жатқан істерге жиналғандардың назарын аудардыСеминар барысында мектептің тарих пәнінің оқытушылары: Д.Ы.Абдуллина мен  А.Д.Джугунысовалар 5-ші және 7- класта өткізілген сабақтарында оқу әрекетін құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу тәсілдерімен облыстың түпкір-түпкірінен жиналған әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Отан тарихын ұлттық идеологиямыздың негізгі өзегіне айналып отырған  Мәңгілік Ел идеясы негізінде оқыту - білім мазмұнын жаңартудағы  педагогтар алдында тұрған басты міндеті. Облыстық семинар   «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын тарих сабақтарында жүзеге асыру жолдары бойынша пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасып, пікірлесуіне жағдай жасау арқылы өз мақсатына жетті.      
«Өрлеу»  БАҰО АҚ филиалы ПҚБАИ ұйымдастыруымен өткізілген  бүгінгі шара  «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея екендігінің тағы бір айғақты дәлелі болды.

 

Абулхайрова Г.Е.,

«Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы ПҚБАИ, кафедраның аға оқытушысы

"Өрлеу": кәсіби міндеттерді шешу жолында

Жиналысты институт директорының  орынбасары, п.ғ.к.  -  Кибатаева Н.К. ашып, Білім және ғылым министрлігінің  жұмысында қаралған  «Өрлеу» БАҰО АҚ педагогтерінің  біліктілігін арттырудың басымдықтары мен  нәтижеге бағытталған сапалы біліммен қамтамасыз етудегі мұғалімдерді курсаралық қолдау,  білім мазмұнын жаңартуды іске асырудағы  білім беру үдерісіне критериалды бағалауды енгізу, мектептегі білім беруге енгізілген негізгі жаңалықтар бойынша қоғамдық пікірді зерттеудің Талдамалық есебіне, үштілді білім беруді дамытудағы пәндік-тілдік курстарды ұйымдастыру мен  білім мазмұнын жаңартудағы  түйінді өзгерістерді  басты назарға ала отырып, кеңінен тоқталды.

«Өрлеу» БАҰО АҚ Басқарма Төрағасы, п.ғ.д., профессор – Ахметова Г.К. маңызды басқосудағы    филиалдардың білім беру қызметтерінің жұмыс барысына, сапасы мен бірлесіп  шешім қабылдауына үлкен көңіл бөлінді.

Филиалда жаңартылған білім беру мазмұнына көшу аясында оқу мен оқытуды сапалы біліммен қамтамасыз етудің қадамдары мен білім сапасын дамытудың өзекті мәселелері бойынша өзара пікір алмасып, ұсыныстар тыңдалды.  

 

Жапакова Г.К.,

кафедрасының аға оқытушысы

Білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау

«Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  филиалының кітапханасында  «Білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану  және сақтау» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға 55-тен астам қала және аудан кітапханашылары қатысты.

Семинар мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп кітапханаларының ақпараттық-білімділік ортасын құру, кәсіби деңгейін көтеру,кітапханалық-ақпараттық қызмет саласындағы кәсіби біліктілікті арттыруға ықпал ету.

Семинарда «Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы кітапханасының меңгерушісі  Н.Н Ермекова білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметінің бағыттары ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тұлғаның жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына жағдай жасау болып табылатынына тоқталды. Ақтөбе қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» - аға педагог-кітапханашысы Г.И.Уриспаева кітапхана жұмысында электронды каталогтарды ұйымдастыру, кітапхана қызметтерін жарнамалауда Интернет пен веб-сайттарды қолдану  арқылы ақпараттыққызмет көрсету саласындағы озық тәжірибелерімен таныстырды.Хромтау ауданы №6 гимназияның кітапхана меңгерушісі Ә.М.  Елеусізова  «Дәстүрлі кітапхана технологияларын жетілдіру және кітапхана процестерін автоматтандыру мәселелері»,«Әдістемелік шеберхана – тәжірибе алмасу және  жаңа білімге өрлеуге үйрету» тақырыбында кітапханашыларға тренингтер мен коучинг өткізді. Қобда орта мектебі кітапханасының меңгерушісі А.Ш. Баймұханова «Кітап қорын қалыптастыру. Оқулықтар қорымен жұмыс»бағытында практикалық жұмыс жүргізді. Ақтөбе қаласы № 10 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі В.Қ. Исмаганбетова өз тәжірибесінде кітапхана жұмыстарындағы қиындықтары және жетістіктерімен бөлісті. Бадамша агротехникалық  колледждің кітапханашысы Л.А. Полякова мен А.Ш.Баймұханова «Жетістікке жету ағашы» рефлексиясын жүргізді. Семинарға қатысушылар  пікірлері мен ұсыныстарын қалдырды. Институт кітапханасының  маманы Р.К. Назарбаева осы жылдың сәуір айында  өткізілетін «Кітапхана – ақпарат пен білім жаршысы“ тақырыбындағы онлайн конкурстың талаптарымен таныстырды. Семинар қорытындысы бойынша  “Кітапхана –ақпарат әлеміндегі жаңалықтар бастауы » атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ұсыныстар қабылданып,қатысушыларға сертификат берумен аяқталды.

 

Назарбаева Р.К..,

кітапхана маманы

«Smart – оқыту: басым бағыттар мен даму болашағы» тақырыбындағы облыстық семинар

«Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының бастамасымен облыс мектептерінде Smart – оқытуды еңгізу мақсатында «Білім беру сапасын көтерудегі Smart – оқытудың тиімділігі» тақырыбында2014 жылдан бастап тәжірибелік – эксперименттік жұмыс басталған болатын.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс  білім беру ортасын құру, инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын дайындау және енгізу, педагогтердің ғылыми-зерттеушілік мәдениетін дамыту мен кәсіби құзыреттілігін арттыру міндеттерін шешуге бағытталынды.

Эксперимент жұмысы басында Ақтөбе қаласының № 10 ОМ, № 28 ОМ және № 23 ОМЛ эксперименттік алаң болып бекітілсе, жұмыс мазмұны мен көлемінің кеңеюіне байланысты аталған қатарға 6 білім беру ұйымдары (Ақтөбе қаласының №14 ОМ, №31 ОМ,  №42 ОМ,  Пригород ОМ және №40  МДҰ, Хромтау ауданы № 3 ОМ) қосылды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізілген үш жыл ішінде ғылыми тұжырымдама дайындалды, жұмыс тобы мен зерттеушілік қызметтің жеке кестесі құрылды, жаңашыл педагогтарға институт қызметкерлері тарапынан әдістемелік көмек үнемі көрсетіліп отырды. 

Институт жоспары негізінде 2017 жылдың 23-ақпаны күні Ақтөбе қаласы № 23 ОМЛ базасында экспериментатор-мұғалімдерге арналып семинар өткізілді. 

Семинарэкспериментатор мұғалімдердің іс-тәжірибесін эксперименттік жұмыстың қорытынды кезеңіне енгізумақсатын қамтыды.

Шарағаэкспериментатор мұғалімдер, мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Мектеп директоры Наримбетова Г.М. эксперименттік алаң жұмысының негізгі аспектілері мен нәтижелері жөнінде сөз қозғап, болашақта жасалынатын жұмыстарға да шолу жасап өтті. 

Семинар жұмысы барысында қамтылған мәселелер:

  • «Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың негізгі кезеңдеріндегі экспериментатор-мұғалімдердің қызметіне талдау»-Рахатова К.Ж., институттың инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Отарбаева Л.Л. («Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалынының  жетекші маманы), Абдиров Р.Т. (институт кафедрасының аға оқытушысы).
  • «Оқушылардың математика және информатика сабақтарындағы смарт құзыреттілігін көрсету»-№ 23 ОМЛ мұғалімдері Укибаева С.Т., Досмаганбетова Г.А., Шраева Г.К..
  • «Оқыту үдерісіндегі 3D принтерін қолдану тиімділігінің мүмкіндіктері» - Таурбаев Т.Р., № 23 ОМЛ информатика пәні мұғалімі Ақтөбе облысында  алғаш рет 3D принтерді оқу үдерісінде қолдану тәжірибесімен бөлісті.   

Семинар соңында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.К. Алмагамбетова  коучинг-сессия өткізіп, жалпы орта білім беретін мектептен  Smart-мектепке көшу мәселесін ортаға салды және институт қызметкерлері тарапынан эксперименттік алаңдарда өткізілетін жұмыстардың болашақтағы жоспары талданды.

Өткізілген шарадан жақсы әсер алған Сандыбаева А.М., Сақтапберген А.Т.  төмендегідей жедел шумақ шығарды: 

Смарттарды біздің елде көп дейді,

Бола берсін, бола берсін көп мейлі,

Смарт деген ақылды ғой, әдемі,

Ақылдылық бізге көптік етпейді.

 

 

Отарбаева Л.Л.,

«Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы 

инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің

жетекші маманы

Қалалық көркем сурет лицейінде тәжірибе күні

2017 жылдың ақпан  айының 13-24 аралығында «Өрлеу БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» «Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында базалық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қосымша білім беру педагогтерінің ұйымдастырушылық және педагогикалық аспектілері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

23 ақпан күні курс аясында қосымша білім беру педагогтерінің құзыреттілігін дамыту және іс-тәжірибемен алмасу мақсатында Ақтөбе қаласының көркем сурет лицейінде «Тәжірибе күні»  ұйымдастырылды. Курс тыңдаушылары лицей оқушылары мен түлектерінің топтастырылған  жұмыстарының  көрме залын тамашалады.

Қосымша білім беру педагогтері  Г.Д.Биханова мен  Ю.С.Козлова  шығармашылық пәндер бойынша шебер-кластар өткізді және өздерінің тиімді әдіс-тәсілдері мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту технологияларын көрсетті, сонымен қатар тәжірибе күнінің практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.

Тәжірибе күні шығармашылық пен мейірімділікке толы көңіл-күйде өтті, сонымен қатар, қатысушы облыс және қала педагогтерінің  жақсы пікірлері мен жоғары бағасына ие болды. 

Г.А.Сеткереева,

кафедра аға оқытушысы

Кәсіби дамудағы психологиялық кеңес беру

2017 жылдың 22 ақпанында «Өрлеу» БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ «Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Сангилбаев Оспан Сейдуллаұлының қатысуымен «Білім беру жүйесіндегі психологиялық кеңес беру» тақырыбындасеминар өткізілді. Семинарға М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медициналық университетінен тарих ғылымдарының кандидаты Төлепбергени Жанар Төлеубайқызы, педагогика ғылымдарының магистрлары Бекешова Гульмира Утеғалиқызы,Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы, Phd докторы Книсарина Малика Мақсатқызыжәне де облысымыздың білім беру жүйесіндегі психологтар, курс тыңдаушылары мен институтымыздың профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинардың мақсаты-білім беру жүйесіндегі психологиялық кеңес берудегі жаңа тенденциялармен және әдіс-тәсілдермен таныстыру.

Семинар  барысында «Топтық динамика» тренингін кафедраның аға оқытушысы, пс.ғ.к.  Қ.З. Сансызбаева, «Психологиялық кеңес беру қызметі» профессор О.С. Сангилбаев жүргізді. Семинарға қатысушылар өздерінің педагогикалық шеберліктері мен шығармашылықтарын дамытуда психологиялық кеңес берудің әдіс-тәсілдерімен танысты.

Семинар қорытындысы бойынша «Ашық микрофон» өткізілді және ұсыныстар қабылданды.

 

Уразымбетова А.Б.,

кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

Бірлік пен татулық - Казақстанды өркендетудің кепілі

2017 жылдың 21-ақпан күні Ақтөбе қаласы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы ғимаратында «Нұр Отан» партиясының хатшысы - Зауытбек Тұрысбековпен кездесу өтті. Кездесуге «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессорлық-оқытушылық құрамы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих-өлкетану ғылымдарының ғалымдары, сондай-ақ, облыстағы білім беру ұйымдарының тарихшы мамандар қатысты.

Кездесу барысында Зауытбек Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру негізінде жүргізіліп жатқан біршама жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар отырыста «Дала даналары» тақырыбында деректі фильм көрсетіліп, «ұлттық мұра», «ұлттық құндылық», «ұлы дала ұлылары», «ұлттық мәдениет» сынды ұғымдарға тереңірек тоқталып, аталмыш құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып, жалғасатындығын түсіндірді.

Отырыс соңында білім беруді жаңарту және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бойынша Елбасы Жолдауында маңызды және ерекше еленгендігі туралы қатысушылармен өзара пікірлесулер жүргізіліп, жан-жақты ойлар айтылып, түйінді қорытындылар жасалды. 

«Оқу мен оқытудағы инновациялық технологиялар» коучинг-мектебінің ашылуы

Ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында облыс педагогтерінің кәсіби шығармашылығын арттыру, ынтымақтастық әріптестікті нығайту  мақсатымен  «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен «Сымбат»  жеке білім беру кешені  арасындағы қол қойылған ынтымақтастық  Меморандумы негізінде«Оқу мен оқытудағы инновациялық технологиялар» тақырыбымен  коучинг-мектеп жұмысы құрылып,   ақпан айының 22-сі күні Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке білім беру кешенінде 60-қа жуық  шығармашылықпен жұмыс жасайтын облыс педагогтері  арасында Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік»  Жолдауын жүзеге асыру аясында «Білім - экономикалық стратегия мен азаматтардың әлеуметтік жағдайының өсімі ретінде»   тақырыбымен семинар-коучинг өткізілді.     

ҚРҚазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңартуды енгізу бойынша педагогикалық қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, педагогтердің шығармашылығымен бастамаларын ынталандыру мақсатына  бағытталған коучинг жұмысында  оқу мен оқытудағы инновациялық технологиялар, оқу-тәрбие үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау негізінде модельдеу, критериалды бағалау жүйесі, кіріктірілген,  диалогтық,  өз бетінше оқу, «CLIL» технологиясы,  сыни ойлауды дамыту, SMART-технологиялар, робототехника негіздері дамыту мәселелері қарастырлды. Коучингте жоспарланған барлық тәжірибелік сабақтар мен тренингтерді   Ақтөбе облысы бойынша біліктілік арттыру институтының  профессор-оқытушылар құрамымен сертификатталған  тренерлері жүргізеді.

Салтанатты ашылу рәсімін  «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы, Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры   Абишева Н.М ашып,  ҚР білім мазмұнын жаңарту аясында  нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде Ақтөбе облысы бойынша білім беру ұйымдарымен әріптестік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына, Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына, білім беру қызметтерінің сапасын арттыруда педагогтермен іс-тәжірибе алмасудың  ерекшелігіне  тоқталып өтті.  

«Сымбат» жеке білім беру кешенінің директоры, э.ғ.к. Тасыбаева Р.М. мектептің техникалық-материалдық базасына, әдістемелік қызмет жұмысына экскурсия жасады.Коучинг-сессияның модераторы  -  «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы» АО ПҚБАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері, п.ғ.к. Давлеткалиева Е.С. Коучинг-семинар келесідей бағыттар бойынша: «Елестету негізінде сыни ойлауды дамыту», «Ауызша куәлар  негізінде сыни ойлауды дамыту», «Сыни ойлауды дамыту: салыстыру және синтез» қарастырылды.

Аталған сессиялар бойынша оқытудың тиімді әдістерін қолдана отырып, тұлғаның сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар, тәжірибелік сабақтар көрсетілді.   

Жоғары деңгейде өткізілген шара қорытындысында  әдістемелік ұсыныстар қабылданып, семинар алға қойған  мақсатына жетті.  Коучинг-мектеп жұмысы  жыл бойы белсенді жұмыс жасауға жоспарланған.

 

    Отарбаева Л.Л.,

инновациялық дамуды  әдістемелік қамтамасыз ету

 бөлімінің  жетекші маманы 

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үдерісін дамытудағы тиімді тәсілдер

«Өрлеу» БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен Шалқар қалалық № 5 орта мектебі  базасында  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үдерісін дамытудағы тиімді тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға  жаратылыстану-математикалық бағыттағы 40 пән  мұғалімі  қатысты.

Семинардың мақсаты- жаңартылған білім беру  мазмұны жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын арттыру, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және әдістемелік көмек ұсыну.

Семинар мазмұны оқытудағы инновациялық тәсілдерді қолдану, жүйелік-әдістемелік порталмен  жұмыс жасау, қалыптастырушы бағалауды қолдану мәселелерін қамтыды.

Семинар  барысында жаңартылған бағдарлама мазмұнының талаптарына сай тиімді сабақты жоспарлауда математика  пәні мұғалімі Сальменова Г.,  физика пәні мұғалімі Бегімбаева Ж.К.(Шалқар  №5 ОМ) өз тәжірибелерімен бөлісті. Көшетованың Г.Ж. (Шалқар  №5 ОМ)  «Рисуем в координатной плоскости» тақырыбында математика пәнінен әдістемелік жинағының  тұсаукесері өтті. Ауданның  математика пәні мұғалімдері  Есмағанбет К.З.(Шалқар  №1 МГ)  және Бисембаева А.Е.(Шалқар №6 ОМ)  «Жаңа формат-жаңа іске бастама» тақырыбында аудан мұғалімдерімен коучинг-сессия жүргізді. Семинарда мұғалімдер өздерінің педагогикалық шеберліктері мен шығармашылықтарын көрсете білді.

Семинар қорытындысы бойынша оқу және оқыту үрдісін дамыту перспективалары анықталып, білім беру мазмұнын жаңартуда алға қойған міндеттерді іске асыру стратегиялары белгіленді. Семинар соңында  жаңашылдық  тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге  алғыс хаттар табысталды.

Изтлеуова  А.А.,

деңгейлік  бағдарламалар  орталығының  тренері, 

техника ғылымдарының  магистрі

Мектепке дейінгі ұйымдағы түзету топ логопедтері мен психологтарына арналған семинар

Ағымдағы жылда «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облыстық филиалында «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»тақырыбындағы МДҰ психологтары мен логопедтеріне арналған біліктілік арттыру курсы өтті. Курс мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдау, балалармен жұмыс жүргізудегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары психологтары қызметінің ақпараттық-білімдік, тұлғалық-психологиялық және кәсіби құзіреттілігін дамыту.

Курс аясында мектепке дейінгі ұйымдардардың психологтарының, логопедтерінің құзыреттелігін дамыту және іс-тәжірибемен алмасу мақсатында Ақтөбе қаласының № 11 «Ақбота» балабақшасында семинар ұйымдастырылды. Бала бақша педагогикалық ұжымы семинарға қатысушыларды психологтың, логопедтың жұмыс түрлерімен таныстырды.

Логопед А.Б.  Ұзақбаева  «Ата - аналармен  бірлескен жұмыстың жаңаша формалары» тақырыбында практикалық жұмыс формаларын (тіл дамыту жаттығулары, массаж және т.б.) көрсетіп, практикалық тренинг өткізді. Психолог Э.И. Байтерекова «Балалық шақ әлеміндегі кездесу»   шебер  – класс барысында кәсіби шеберлігімен бөлісті. 

Семинар соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасты, өткізілген рефлексия семинар мақсатына жеткенін дәлелдеді.

 

К.З. Сансызбаева,

кафедрасының аға оқытушысы,

психология ғылымдарының кандидаты

ҚР Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Қазақстандағы білім беру үдерісіндегі нәтижеге бағытталған білім сапасын өзгертудің өзекті мәселелерінің бірі – жаңартылған білім беру бағдарламасының енуі. Жаңа бастаманың тәжірибеге енуі аясында  2017-жылдың 17-ақпаны күні  №9 мектеп - гимназиясы  базасында  “Білім беру мазмұнын жаңарту аспектісінің  бірі – критериалды  бағалау» тақырыбында  облыстық  семинар-практикум өткізілді.

Семинардың басты мақсаты – педагогтерге ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды енгізудің өзекті мәселелерін №9 пилоттық мектеп – гимназиясы мұғалімдерінің  іс-тәжірибесінде көрсету.

Семинарды мектеп-гимназиясының директоры С.С.Казбаева ашып, мектеп өмірінің тыныс-тіршілігі және жеткен жетістіктерімен таныстырып өтті. Семинардың теориялық бөлімінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу үдерісіне критериалды бағалау жүйесін енгізуді сүйемелдейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға баса назар аударылса, тәжірибелік бөлімі педагогтердің қысқа мерзімді жоспардың ерекшеліктерін ескере отырып жоспар жасау дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар жақын арада даму аймағын анықтай отырып, ынтымақтастықтағы бірлескен жұмысты ұйымдастыру арқылы бір-біріне кәсіби қолдау көрсетуге және бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалауды тиімді ұйымдастыруға бағытталды. Сонымен қатар, қазақ тілі пәнінен М.И.Блялова “Cаяхат”, М.О.Еңсепова «Қазақстанның үлкен қалалары»,  Б.А.Мустафина «Наурыз мейрамы»  тақырыбында сабақтар өткізсе,  А.Т.Дузкеева “Әдебиет сабағындағы тіл қызметін арттыру стратегиялары” тақырыбында шебер-класс көрсетті.  О.Г.Свет, А.Д.Уразбаева, Н.Қ.Байманова «Оқу жетістігінің нәтижесі – критериалды бағалау» тақырыбында коучинг өткізді. Ж.И.Аралбаева НЗМ іс-тәжірибесі негізінде құрылған  «Қазақтың 100 әні» жобасының мақсатымен таныстырып, педагогтер караокемен «Атамекен» әнін шырқады. 

Семинар қорытындысы Ж.А.Таушанбаеваның «Нысана» рефлексиясын  жүргізумен, әдістемелік ұсыныстар қабылдаумен аяқталды.

Жапакова Г.К.,

кафедрасының аға оқытушысы, магистр

Технология, бейнелеу өнері және сызу сабағында инновациялық технологияларды қолдану

2017 жылдың 14 ақпан айында Ақтөбе қаласының техникалық шығармашылық орталығы базасында технология, бейнелеу өнері және сызу пәндері мұғалімдеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар тақырыбы: «Технология, бейнелеу өнері және сызу сабағында инновациялық технологияларды қолдану».

Мақсаты: технология, бейнелеу өнері және сызу пәндері мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін арттыру.

Міндеттері:
- қазіргі заман мұғалімінің креативті құзыреттіліктерін қалыптастыру;
- педагогтардың кәсіби дамудағы қабілеттіліктері мен белсенділіктерін арттыру.

Семинар аясында қалалық техникалық шығармашылық орталығының педагогтары «Квиллинг техникасы» тақырыбында Г.К.Шемболова және «Қағаз моделдері» тақырыбында В.И.Петров шебер-кластары жоғары ғылыми – практикалық деңгейде өткізілді. Тыңдаушылар технология, бейнелеу өнері және сызу сабақтарында қолданылатын түрлі әдіс – тәсілдермен танысып, бағалы әдістемелік тәжірибе алмасты. Семинар қойылған мақсатына жетіп, қатысушы облыс және қала мұғалімдерінің жақсы пікірлері мен жоғары бағасына ие болды.

 

Бухарбаев Б.К.,

кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі 

Ақтөбе қаласының «Ертостік» мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ біліктілікті арттыру курсы аясында Ақтөбе қаласының «Ертостік» мектепке дейінгі ұйым қатысуымен «Жаңа жалпы білім беру Типтік бағдарламасының контексінде ұйымдастырылған оқу қызметін құрылымдау» атты облыстық тәжірибелік семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Типтік бағдарлама талаптарын ескере отыру арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін құрылымдаудың  жаңа амалдарын меңгеруі.

Облыстық тәжірибелік семинар мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің балаларды дамытуға деген алуан түрлі интегративті амалдарды кең таңдау, педагогикалық үдерістерді жобалау, мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту үшін жаңа Типтік бағдарлама аясында тұтас педагогикалық үдерісті жобалау, жоспарлау және жүзеге асыру дағдыларын дамытуға бағытталған.

Рефлексия барысында қатысушылар семинардың қызықты және жоғары ғылыми-тәжірибелік деңгейде өткізілгенің айта келе өздерінің іс-тәжірибесінде қолданылуга болатын педагогикалық идеялармен бөлісті.

 

Кенжегалиева Д.К.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

кафедрасының аға оқытушысы 

«Идеядан бастап іске асыруға дейін» ұранымен жобалау жұмыстары мен дизайнерлік макеттерінің «EXPO-2017» Республикалық Интернет-байқауының ЕРЕЖЕСІ

Техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларының арасында «Идеядан бастап іске асыруға дейін» ұранымен жобалау жұмыстары мен дизайнерлік макеттерінің«EXPO-2017»Республикалық Интернет-байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

 1.НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕ

1.1.Бұл Ереже техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқытушылары арасында «Ойдан іске асыру» ұранымен  «EXPO-2017»жобалау жұмыстары мен дизайнерлік макеттерінің Республикалық Интернет-байқауыныңмақсаттарын, міндеттерін, тәртібін және өткізу жағдайын реттейді. (әрі қарай - Байқау);

Байқау қатысушыларына талап;

Байқау жұмыстарын бағалау көрсеткіштері;

Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі;

Байқауды өткізу жағдайы және уақыты.

1.2 Бұл Интернет-байқауды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалыАстана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ТжКББ жүйесінің педагогтары мен өндірістік білім беру шеберлерінің кәсіби, жеке және шығармашылық әлеуетін қолдау және анықтауға жағдай жасау мақсатында өткізіледі.

1.3. Міндеттері:

  1. Байқау қатысушыларының дизайнерлік макеттерімен және инновациялық жоба жұмыстарымен, сонымен қатар олардың сәулет және дизайн саласындағы шығармашылық жетістіктерімен танысу. 
  2. ТжКББ жүйесі оқытушыларының дизайн және сәулет саласындағы жетістіктері мен шығармашылықтарына педагогикалық ұйымдардың назарын аудару.

2. Байқауға қатысу тәртібі және өткізілу мерзімі.

2.1. Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар тіркеме файлдар түрінде электронды поштаға жіберіледі:

2.2. Байқауға қатысу өтініші берілген қосымша бойынша (1 қосымша).

2.3. PowerPoint презентациясы (9 слайдтан аспау керек, әр слайдтың көлемі 50 Мб дейін) номинацияларды толық сипаттау, сонымен қатар автордың жұмыс кезеңдерінің фотосымен және қорытынды нәтижелерімен.

2.4. Байқау өтініші мен материалдарын  Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. электрондық поштасына 2017 жылдың 20 наурызына дейін жіберуге болады.

2.5. Байқауға қатысуға техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік білім беру шеберлері шақырылады.

2.6. Байқауға қатысушылардың жасы шектелмеген.

2.7. Байқауға байқау комиссиясының мүшелері қатыса алмайды.

3. Байқауды өткізу шарттары:

3.1. Байқауға авторлық орындаудағы жеке және ұжымдық жұмыстар қабылданады.

3.2. Байқауға әр бағыт бойынша әр қатысушы 1 жұмыстан ғана тапсыруға құқылы.

3.3. Байқау жұмыстары 2017 жылдың 1 – 20 наурыз аралығында қабылданады. Ұйымдастыру комитетіне 2017 жылдың 20 наурызынан кешігіп түскен, сонымен қатар талаптары дұрыс орындалмаған  Байқау материалдары қарастырылмайды. 

3.4. Үздік жұмыстар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалыАстана қ. бойынша ПҚБ АИ (http://orleuastana.kz/) сайтының Web-витринасында pptxформатында жарияланады.

4. Байқауға жұмыстарды ұсыну тәртібі:

4.1. Байқауға авторлық орындаудағы жеке және ұжымдық жұмыстар қабылданады.

4.2. Байқауға әр бағыт бойынша әр қатысушы 1 жұмыстан ғана тапсыруға құқылы.

4.3. Байқау жұмыстары 2017 жылдың 1 – 20 наурыз аралығында қабылданады. Ұйымдастыру комитетіне 2017 жылдың 20 наурызынан кешігіп түскен, сонымен қатар талаптары дұрыс орындалмаған  Байқау материалдары қарастырылмайды. 

4.4. Үздік жұмыстар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалыАстана қ. бойынша ПҚБ АИ (http://orleuastana.kz/) сайтының Web-витринасында pptxформатында жарияланады.

5. Байқау нәтижелерін қорытындылау

5.1. Байқау жеңімпаздарын байқау комиссиясы анықтайды. Ең көп қорытынды балл жинаған қатысушылардың жұмыстары үздік болып табылады.

5.2. Байқау комиссиясы сәулет, дизайн және бейнелеу өнері салаларының жетекші мамандарынан құрылады.

Байқау жұмысын бағалау көрсеткіштері:

- идеяның түпнұсқалылығы;

- байқау тақырыбына сәйкестігі;

- тақырыпты ашу, ұсынылған жұмыстардың инновациялылығы;

- көркемдік және композициялық шешімі;

- жұмыстың орындалу сапасы;

- безендендірудің эстетикалық жағы.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жобалау

«Өрлеу» БАҰО» жоспарына сәйкес 2017 жылдың 10-ші акпан күні Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасы Ақтөбе қаласының 80-нен астам мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатысуымен «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» атты қалалық семинар-практикумын өткізді.

Семинар-практикум мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәрбиешілерінің кәсіби біліктілігін арттыру.

Семинар-практикумнын алғы сөзі п.ғ.к., институт директоры орынбасары Кибатаева Н.Қ.берілді. Балалардың жеке қажеттіліктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, оларды ерте дамыту бойынша заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін сұрыптау, апробациялау және енгізудің құралдарын мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің қолданып үйрену маңыздылығы айтылды. Себебі тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі ұйымдарда беріледі.

Тәжірибелік бөлімінде «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі Жетесова Б.Ж., әдіскері Казкенова А.С. мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау мектепке дейінгі білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыру, педагогикалық қызметті құрылымдау, даму ортасын ұйымдастыруға көмектесуді қамтамасыз ететін, бала тұлғасын дамытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану бойынша отандық және шетелдік ең үздік үлгілерді зерделеу тәжірибесімен бөлісті. «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері Тутасбаева Ж.С., Балтасова А.К., психологі Болатқызы Ү. жаңа жалпы білім беру үлгілік бағдарлама контексіндегі ұйымдастырылған оқу қызметін құрылымдау бойынша семинар қатысушыларымен тәжірибелік жұмыс ұйымдастырды.

Семинар-практикум қорытындысында рефлексия өткізіліп, ұсыныстар қабылданды. Белсенді қатысушылары алғыс хат, сертификаттармен марапатталды. Семинар-практикум өз мақсатына жетті.

Кенжегалиева Д.К.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш

білім кафедрасының аға оқытушысы

ҚР Президентінің жолдауы: адами капиталды жақсарту жолында

2017 жылдың 3 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мұғалімдермен бірге ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 31 қаңтар, 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы жолдауына арналған дөңгелек үстел өтілді.

Дөңгелек үстелді институт директорының орынбасары Н.К.Қибатаева ашып биылғы жолдаудың стратегиялық басымдылықтарының білім беруді басқару саласындағы маңызы туралы айтып өтті. Дөңгелек үстелде төмендегідей мәселелер қарастырылды:

  • қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту;
  • оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау;
  • IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу;
  • үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу;
  • 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқыту;
  • «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру

 Қатысушылар биылғы жолдаудағы стратегиялық басымдылықтарды білім беру жүйесінде қалай басшылыққа ала отырып жүзеге асырудың жолдарын талқылады. Дөңгелек үстел қортындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Каплиева А.К.,

институтының кафедра меңгерушісі, п.ғ.қ., доцент

Педагогикалық квалиметрия – тиімді басқаруды қамтамасыз ету құралы

2017 жылдың  31 қаңтар – 3 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлеріне арналған «Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтілді.

Курс мақсаты – сапалы   басқарудағы кәсіби квалиметриялық құзіреттілік деңгейді арттыру. Курс тыңдаушыларына білім беру ұйымдары қызметін  сапалы басқарудағы өздік бағалаудағы квалиметриялық амалдарды пайдалану өлшем әдістері туралы квалиметрия мәнін түсінудегі практикалық икемділік құзіреттілік, оқу жетістігін бағалаудағы  басты басымдықтар мен механизмдер туралы ақпарат беріледі.

Курс соңында  тыңдаушылар квалиметриялық бағалаудың негізгі критериялары арқылы «Педагог портреті», «Кәсіби даму баспалдағы» диагностикалық өлшем идеяларымен бөлісті.

Каплиева А.К.,

институтының кафедра меңгерушісі, п.ғ.қ., доцент

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.