ДЕБАТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қалалық «Жас көшбасшы» пікірталас орталығының Ақтөбе қаласы №55 орта мектебіндегі  ашылу салтанатына Ақтөбе қаласының білім беру бөлімінің басшысы Сулейменов С.С., Инновациялық технологиялар арқылы оқыту орталығының директоры, Ұлттық дебат орталығының өңірлік үйлестірушісі Имжарова З.У., қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Есенжолова Ж.Ж., педагогикалық еңбек ардагері Мұханбетова Ж.Ж., «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалының өкілдері Матсалаева Ж.К., Отарбаева Л.Л., сонымен қатар мұғалімдер, студенттер мен оқушылар қатысты.

Бұл орталықты ашу Ақтөбе қаласында пікірталас турнирлерін ұйымдастыру және үйлестіру қажеттілігінен туындады. Нәтижесінде командада жұмыс жасай алатын оқушылар мен қала жастарын пікірталас орталығында біріктіруге мүмкіндік пайда болды.

Шара аясында Ақтөбе, Орал және Атырау қалаларының үздік дебатшыларының қатысуымен пікірталас өткізілді және турнир жеңімпаздары  марапатталды.

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

Joomla Plugins

Тарихи маңызды шешім бірауыздан қолдау тапты

Қазақстан астанасының атауын өзгертуді қолдау мақсатында өткізілген Демократиялық  күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық аймақтық коалициясы мен «Мирас» аймақтық кеңесінің бірлескен отырысында кеңес мүшелері Астанаға «Нұр-Сұлтан» атауын берудің тарихи маңыздылығын бірауыздан қолдады.

Отырысқа «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы Е.Ж.Құрманбек, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, ф.ғ.к., доцент М.О.Миров, «Ербақыт» спорттық-патриоттық клубы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.А.Қойлыбаев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ ​ Ақтөбе ​филиалының директоры, ф.ғ.к. Н.М. Абишева, «Жас Отан» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы А.Ж.Бүркіталин және т.б. мүшелері қатысты.  Сөз сөйлеушілер мен қатысушылар Елбасының сарабдал саясатының маңызын атай келе, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына сіңірген еңбегіне зор құрмет білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы және тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ұлы тұлға болып қалатыны  айтылды. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті  ретінде елдің стратегиялық дамуына белсенді ықпал ететіні де назарға алынды. Барлық қазақстандықтарға және халықаралық қоғамдастықтарға Бас қаланың атауын өзгерту арқылы  Елбасы саясатының одан әрі қолдау табатыны жеткізілді.

Joomla Plugins

Жаңартылған мазмұндағы біліктілік арттыру курстары жалғасуда...

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында Ақтөбе облысының педагогтері білімнің жаңа форматын меңгеруді жалғастыруда. «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе  филиалының базасында 2019 жылдың  26 наурыз күні  институт  жоспарына сәйкес «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті», «Ағылшын», «Математика», «Физика», «Химия» және «Жаратылыстану» бағдарламалары бойынша орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі біліктілікті арттыру курстары басталды. 

Кітап тұсаукесері өтті ...

Ағымдағы жылдың 18-наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының коворкинг орталығында курс қатысушыларына  «Отбасы хрестоматиясы» сериясының тұсаукесері өтті.

Кітап тұсаукесерінде «Әлдиден эпосқа дейін», «Салт-дәстүр сөйлейді», «Сияр-Шәріп», «Логотерапия немесе өмірге ғашық болу», «Яссауи феномені», «Өмірге ғашық болу», «Махаббаттың мәні», «Өркениетті адам» басылымдарымен таныстырып, осы орталықтың бас менеджері Бақыт А.Д. оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қамтыған «Логотерапия немесе өмірге құштарлық», «Өмірге ғашық болу» кітаптарына педагогтер ерекше қызығушылық танытты. Логотерапия - 20 ғасырдың ортасында австриялық психиатр және психолог Виктор Франк әзірлеген өмірдің мағынасын іздеу және талдау негізінде психотерапияның бір түрі.

Тұсаукесерде қатысушылар өздерін қызықтырған кітаптар туралы  сұрақтар қойып, пікір алмасты.

 

 

Ермекова Н.Н.,

коворкинг орталығы

Пилоттық мектеп тәжірибесін тарату жалғасын табуда

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес, «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында  оқушылармен саралау жұмысын жүргізу жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған облыстық семинар-практикум 2019 жылдың 13-наурызы күні өткізілді.

Семинар-практикум республика бойынша жаңартылған білім беру мазмұнын апробациядан өткізуші 30 пилоттық мектептің бірі- Ақтөбе қаласы Новый орта мектебі базасында жүргізілді. Аталған  мектеп жаңа бағдарлама бойынша төртінші жыл жұмыс жасауда, сол себептен саралау, критериалды бағалау, дескриптор, қажеттілікті қолдауды күшейту туралы айтары көп.

Семинар-практикум барысында жаратылыстану, математика, әдебиеттік оқу сабақтарында жаңартылған білім беру мазмұнын тиімді қолдану мен саралап оқытуды ұйымдастыру туралы озық тәжірибелер көрсетілді. Мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту үдерісі, бағалау, саралау жөнінде туындаған сауалдары мен өзекті мәселелерді шешу жолдары туралы теориялық және тәжірибелік мәлімет алды.

Жұмыс соңында «Рефлексия пирамидасы» жүргізіліп, қатысушы педагогтер нені білгенін, нені үйренгенін ортаға салды.

 

Рахатова К.Ж.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.

Блум таксономиясы негізінде оқушы жетістіктерін критериалды бағалау

2019 жылы 4-15 наурыз   аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  жоспарына сәйкес  Әйтеке би ауданы Т.Жүргенев атындағы орта мектеп базасында «Білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық ойлары аясында оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістері» тақырыбында  жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілік  арттыру курсы өткізілуде.

Курс мақсаты - оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістерін жүзеге асыруда педагогтардың кәсіби шеберліктерін дамыту.

Міндеттері: оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістерін табысты іске асыруда белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану дағдыларын өзектендіру.

Курс аясында  «Блум таксономиясы негізінде оқушы жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Аталған шара   барысында

Р.Х.Жалғасбаев - С.Оразалин      атындағы  ЖББОМ,   география  пәнінің  мұғалімі,

Е.Ә.Нұртай – Ж.Сарсенов атындағы ЖББОМ информатика пәні  мұғалімі

Н.Н. Куанышов - Толыбай  ЖББОМ, математика пәнінің  мұғалімі 

А.Т.Маханова  - Жабасақ ЖББОМ,  математика пәнінің  мұғалімі 

Г.Қ.Мұқашева  - Қарашатау ОМ,  математика пәнінің  мұғалімі 

Р.М.Акмурзина- Үшқатты ОМ,  биология пәнінің  мұғалімі  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Рефлексия барысында қатысушылар семинар  мазмұнды және тәжірибелік деңгейде өткізілгенін атап өтті.  Оқушы жетістіктерін бағалауды Блум таксономиясы негізінде жүзеге асыруда педагогтердің   кәсіби дамуына бағытталғандығын атап өтті.

 

Асанбай Б.З.,

кафедраның аға оқытушысы

Кітапханашылар сайысының қорытындысы...

Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мен «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған «Өзіңмен мақтанамын, Ақтөбе» облыстықонлайн-конкурсының қорытындысы шығарылды.

Қазылар алқасы «Мерейтойыңмен сүйікті қалам Ақтөбе!», «Менің атақты отандастарым», «Оқитын өлке – Ақтөбе!», «Туған жерім – тұнған өлке» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтады.

 

 «Мерейтойыңмен сүйікті қалам Ақтөбе!» номинациясы бойынша

(мектептер)

1 дәрежелі диплом -Төлепбаева Мейрамгүл, Ақтөбе қаласы №5 ОМ

2 дәрежелі диплом -Базилюк Татьяна, Ақтөбе қаласы ОМ

3дәрежелі диплом -Изтлеуова Клара Салимкереевна, Хромтау қаласы №1 ОМ

3дәрежелі диплом-Жумабаева Мейрамгуль Айткуловна, Ақтөбе қаласы №65 ОМ

(Колледждер)

1 дәрежелі диплом– Ескарина Райла, Ақтөбе гуманитарлық колледжі

2 дәрежелі диплом– Тыныштыкова Гульбану Болатовна, Хромтау тау-кен техникумы

Диплом қатысқаны үшін- Душанова Шайзада Өмірзаққызы, Тоғыз ОМ Шалқар ауданы

 

«Менің атақты отандастарым» номинациясы бойынша 

1 дәрежелі диплом– Айтбаева Рахида Сейткалиевна, Ақтөбе қаласы №17 ОМГ

2 дәрежелі диплом–Елеусизова Алия Муханбетовна, Хромтау қаласы №6 МГ

3дәрежелі диплом– Досболова Күнім, Шалқар аграрлық-техникалық колледжі

 

«Оқитын өлке – Ақтөбе!» номинациясы бойынша 

1 дәрежелі диплом -Жолдасбаева Гульнара Насеновна, Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжі

2 дәрежелі диплом– Ибраева Сағыныш Нағметуллақызы, Шалқар ауданы Тоғыз ОМ

3дәрежелі диплом– Калдыбаева Светлана Рахымжановна, Темір ауд. Ж.Кереев ат. ОМ

 

«Туған жерім – тұнған өлке» номинациясы бойынша 

1 дәрежелі диплом– Телеш Татьяна Алексеевна, Мәрток ауданы Шевченко НМ

2 дәрежелі диплом- Баймуханова Аксауле  Шайхиновна -Қобда ауданы, Қобыланды-батыр ат.Қобда ОМ

3дәрежелі диплом- Жұмағали Айнұр Базарбайқызы, Қобда ауданы Ә.Молдағұлова ат. ОМ


Қатысқаны үшін  сертификат:

  1. Тасмагамбетова Айгул Успановна , Қобда ауданы Қобда ОМ
  2. Мукашова Разида, Қандыағаш қаласы №1 Қандыағаш ОМ
  3. Ташаманова Замзагуль Утепбергеновна,Әйтеке би ауданы Басқұдық ОМ

 

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Ермекова Н.Н.,

кітапхана меңгерушісі

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру: теориядан тәжірибеге

2019 жылдың наурыз айының 5 күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру: теориядан тәжірибеге» облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.  

Конференция мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді психологиялық-педагогикалық қолдаудың  маңыздылығын талдау, педагогикалық қызметте тәжірибе алмасу.

Конференция 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі: пленарлық мәжіліс, мұнда ерекше білім беруге қажеттілігі бар  балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлеуметтік маңызын,  білім беруді қажет ететін балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіруде білім мазмұнын бейімдеу ерекшеліктерінің қолдану әдістерінің теориялық маңызы туралы кең ауқымды мәселелерді талдайды.

Екінші бөлім: Фасилитациялық сессия:  «Қолыңды сөз....» деп аталады. Мұнда топтық жұмыс арқылы қатысушылар білім беруді қажет ететін балаларды бейімдеуге бағытталған дидактикалық құралдар ресурстарын жасайды.

Конференция жұмысына  облысымыздың мектепке дейінгі,  орта білім беру, арнайы білім беру,  кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының психологтары, дефектологтары, әлеуметтік педагогтері және қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығы мамандары қатысады.

Конференция соңында ұсыныстар қабылданады.

Каплиева А.К.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

Мектепке дейінгі мекемелерде роботехникасының дамуына алғашқы қадам жасалды

Мектепке дейінгі мекемелерде робототехниканы енгізу қажетпе?5 жəне 6 жасар балалар қандай роботтар жасай алады? Мектепке дейінгі мекемелерде қандай əдістемені жəне құрастырмаларды қолдану керек жəне ол қалай жүргізіледі? Осындай сұрақтар 1 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО АҚ –ның Ақтөбе филиалында ұйымдастырылып, мектепке дейінгі мекемелерден жиналған 100 педагогтың робототехника туралы теориялық жəне іс жүзіне қажетті қойылған сұрақтарына толыққанды жауапа лған «Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде робототехниканы дамыту жолдары «Казроботикс» федерациясының тəжірибе алаңының ролі» атты аймақтық семинарда түгелдей қамтылды. Аймақтық семинардың модераторы «Өрлеу»БАҰО АҚ-ның директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева қатысушыларға нəтижелі жұмыс, мазмұнды əңгіме мен тиімді қарым-қатынас тілеп, алғы сөзін сөйледі.  «Казроботикс» Федерациясының Президенті А.А.Жекеева өз алғыс өзінде қатысушыларды Қазақстандағы робототехниканың дамуымен таныстырып өтті. Ақтөбе облысының білім басқармасының өкілі Р.С.Жамансарина, қалалық техникалық шығармашылық орталықтың директоры -А.А.Пашкевич, Ақтөбе қаласының НЗМ-нің информатика мұғалімі-Б.С.Шоқанов, «Казроботикс» Федерациясының вице-президенті -А.С.Гончаров өз сөздерінде айрықша назар мектепке дейінгі тəрбиеге аударылатындығын, себебі осы кезеңде баланың жеке тұлға болып қалыптасуының, балалардың шығармашылық жəне танымдық қайраткерлігінің барлық алғы шарттары құрылатындығын, ал бұл өз кезегінде құрылымдық дамытуды талап ететінін айтып өтті. Робототехниканы мектепке дейінгі мекемеде дамытудың жолға қойылған тəжірибесімен Петропавл қаласының «Алтын бесік» бала бақшасының меңгерушісі М.Т.Дарбаева бөлісті. RadioMart.kz компаниясының өкілдері Д.В.Лямцев, И.С.Синенко мектепке дейінгі мекемелерге арналған робоқұрылғылары мен таныстырды.

Семинардың іс жүзіндегі бөлімі бойынша қатысушылар Ақтөбе қаласының–№33 «Нұрсəт», №43 «Гүлдəурен», №52 «Құлагер» мектепке дейінгі мекемелерін аралап, өздерінің алғашқы робо-жобаларын аса қызығушылықпен ұсынып жатқан балаларды көрді.

Семинардың қортынды бөлігінде қатысушылар шараның жоғарғы деңгейі мен мектепке дейінгі мекемелердің тəжірибесін жоғары бағалап, педагогтар ұжымы мен балаларға алғыс білдірді. Мектепке дейінгі робототехниканың дамуына деген алғашқы қадам-жасалды.  Біздің облысымыздағы мектепке дейінгі мекемелерде семинарда көрсетілген тəжірибелер орындалуына үміт білдіреміз!

 

Куканова Ж.М.,

бөлімінің жетекші маманы

Тіл жаңғыруы: жаңа қазақ әліпбиі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» саяси бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру жағдайында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» кафедра аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі  А.С.Сугурбаева 2018 жылдың 30-наурызда Шалқар қаласы №8 орта мектебінде тіл мамандарымен «Тіл жаңғыруы: қазақ тілінің жаңа әліпбиі және әлемдік білім кеңістігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты:тіл мамандарымен жаңа қазақ әліпбиінің маңыздылығы туралы, тіл жаңғыруының кезеңдік жоспары негізінде ой бөлісу, өзара пікірлесу.  

Жұмыс барысында институт кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі А.А.Изтлеуова «Латын негіздегі жаңа әліпби – әлемдік кеңістікке бастар жол» тақырыбында ой қозғаса, ал Шалқар ауданы Бозой ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  С.Ж.Мақпырова және Шалқар қаласы І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ж.Мұқанова көтерілген тақырып бойынша өзіндік пікірлерімен бөлісті.

Қорытынды «Әліпбиді бірге үйренейік!» бөлімінде қатысушы тіл мамандары бірге жаңа латын негіздегі әліпби бойынша мәтіндер құрасырып жазып, оқыды. Соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Сугурбаева А.С.,

кафедра аға оқытушысы, магистрі

ҮШ ТУ, ҮШ ЕЛ, БІЛІМДЕГІ ҮШ ТӘЖІРИБЕ

Ақтөбе қаласында, қала әкімдігі және Скандинавия академиялық ұтқырлық институты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қала әкімі Ілияс Испанов «Заманауи білімге жаңаша көзқарас: тәжірибе және даму болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларды құттықтады.

Іс-шараға төрт жүзден астам: ғалымдар, Ресей Федерациясы, Финляндия  білім беру ұйымдарының ғалымдары,  ғылыми қызметкерлер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, біліктілікті арттыру институттарының әдіскерлері, басшылары және педагогтар, қосымша білім ұйымдарының, мектепке дейінгі, орта,  кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты.

Пленарлық бөлімдегі әр баяндамашы аудиторияның белсенділігін арттыруға жағымды жағдай туғызды. Баяндамашылар қатысушыларға алғашқы минуттан-ақ, ақыл-ой жаңаруының керектігін, бұрынғыша жұмыс жасаудың қажеттілігі жоқтығын түсінікті жеткізді. Конференция қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Ванхемпинг Элина (Сейнайоки қаласы, Финляндия), Индрен Лаура (Хельсинки қаласы, Финляндия), Карьялайнен Кари (Хельсинки қаласы, Финляндия), Крылова  Наталья Александровна (Екатеринбург қаласы, Ресей Федерациясы), Сальцева Светлана Васильевна (Оренбург қаласы, Ресей Федерациясы), Игтисамова Галия Рашитовна (Уфа қаласы, Башкерия) Ақтөбе облысы педагогтары кең қамтылған шебер-сыныптар өткізді. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөліскен қонақтарға жылы лебіздерін білдірді.

Скандинавия академиялық ұтқырлық институтының ректоры Ванхемпинг Элина өз сөзінде, мынадай белсенді аудиторияда жұмыс жасау керемет деп өз ризашылығын білдірсе, Ресейден келген ғалым Сальцева Светлана Васильевна – заманауи мұғалім өзін-өзі жүзеге асыруда өмір бойы ізденісте болу керек деп секция жұмысын қорытындылады.

Біздің ортақ міндетіміз – ғылым мен білім   беру саласын біріктіре отырып педагогтерін даярлау сапасын  арттыру.

Біз, бұл бағытта финдік Скандинавия академиялық ұтқырлық институты базасында ұйымдастырылатын стажировкалар мен Хельсинки қаласы мектепке дейінгі білім беру ұйымының әріптестерімен уағдаласқан мүмкіндіктерге бірлесіп қол жеткіземіз – деді «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалының директоры  Нұргүл Абишева.

29-30 наурызда Ақтөбе қаласында өткен ғылыми конференция білім беру мекемелерінің басшылары, педагогтар қауымы үшін маңызды оқиға ретінде есте қалады.


Каплиева А.К.,

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

Құрметті оқытушылар!

     Финляндия елі фин оқушыларының білім деңгейін жоғары деңгейде қамтамасыз етудегі тиімді үлгісімен әлемде білім берудегі көшбасшы болып табылады. Финдік әріптестер өздерінің инновациялық тәжірибесін Ақтөбе облысының мұғалімдерімен қуана бөліскісі келеді.

        Ақтөбе қаласында 29 наурыз күні «Заманауи білімге жаңаша көзқарас: тәжірибе және даму болашағы»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

         Пленарлық мәжілістен кейін шебер-класс жоспарлануда:

     Ванхемпинг Элина – Скандинавия академиялық ұтқыр институтының ректоры;

        Индрен Лауры–  білім бөлімінің басшысы, ғылым магистрі;

       Карьялайнен  Кари - Хельсинкидегі балабақшаның бастығы.

       Сонымен қатар, Ресей Федерациясынан әріптестердің шеберлік кластары өтеді: Сальцева Светлана Васильевн - п.ғ.д., профессор (Орынбор қ.), Крылова Наталья Александровна - АНО магистрі (Екатеринбург), Абдуллина Гульфира Рифовна - ф.ғ.д., Валиева Гүлназ Дауратовна- ф.ғ.к.(Уфа), Сейтова Марат Сұлтанұлы - биология ғылымдарының докторы, профессор және Паршина Татьяна Юрьевна - биология ғылымдарының докторы (Орынбор).

        Сізді ынтымақтастыққа шақырамыз!

    Қатысу үшін жеке және ұжымдық өтінімдер  konf2018-03@bk ru    электронды поштасы арқылы қабылданады.

        Мерзімі мен өткізілетін орны: 29.03.2018ж. 1000-1300 

тіркеу  09:00-9:30.

Пленарлық бөлім - Ақтөбе қаласы. Шығармашылық академиясы, Батыс – 2.  24Г, аялд. НЗМ

Шебер кластар - «Өрлеу» БАҰО» АҚФ, Тургенева, 86, тіркеу сағ.14:00-14:30.

Дуалды және модулды оқыту-заман талабы

«Өрлеу» БАҰО  АҚ  филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  мен Ақтөбе автожол колледжі бірлесе отырып 2018 жылдың  14 наурызында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде  дуалды   және   модульді оқыту»  тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді. Никалжәне кәсіптік білім беру

Семинар міндеті: білім беру үдерісінде  заманауи техникаларды белсенді қолданатын оқытушыларымен  тәжірибе алмасу, әлеуметтік серіктестік негізінде дуалды және модульді білім беруді қолдану арқылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жасау мәселелерін қарастыру.

Семинар жұмысы барысында колледждің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері «Принцип работы холодильного оборудования», «Қозғалтқыш сезгілері», «Ознакомление  с органами управления автокрана на тренажере», «Кривошипті-шатунды механизм», «Автомобиль дөңгелектерін теңгеру», «Баспа өндірісінде жарнама өнімдерін дайындау технологиясы», «Технологические приемы обработки наружных цилиндрических и  торцовых поверхностей»  тақырыптарында шебер-кластар көрсетті.

Семинарға облыс колледждерінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Семинар соңында тиісті әдістемелік ұсыныстар қабылданды.

 

Бакытбек Утаров,

инновациялық  дамуды  әдістемелік  қамтамасыз 

ету  бөлімінің бас маманы

Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық менеджмент

«Өрлеу» БАҰО» жоспарына сәйкес 2018 жылдың 15-ші наурыз күні Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасы Ақтөбе қаласының №43 «Гүлдәурен» МДҰ базасында облыстың мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысуымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық менеджмент» атты облыстық семинар-практикумын өткізді.

Семинар-практикум мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының (меңгерушілерін), әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің заманауи мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы педагогикалық менеджмент, стратегиялық жобалау бойынша, білім беру мен тәрбиелеу үдерістерін жүйелі модельдеу мәселелері бойынша кәсіби шеберлік деңгейлерін арттыру.

Семинар-практикумнын алғы сөзінде №43 «Гүлдәурен» МДҰ меңгерушісі Жетесова Б.Ж. педагогикалық менеджмент тұрғысынан нәтижеге бағытталған мектепке дейінгі ұйым қызметін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырудың тетіктері мен жолдары туралы айтты. «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйымның қазақ тілі мұғалімі Танжарикова И.Е., орыс тілі мұғалімдері Урдагалиева М.М., Балтасова А.К., ағылшын тілі мұғалімі Қасымова Г.Ә., тәрбиеші Тутасбаева Ж.С. қатысушыларымен ұйымдастырылған оқу қызметін құрылымдау бойынша тәжірибелік жұмыс ұйымдастырды.

Семинар-практикум қорытындысында рефлексия өткізіліп, ұсыныстар қабылданды. Семинар-практикум өз мақсатына жетті.

 

 Кенжегалиева Д.К.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш

білім кафедрасының аға оқытушысы

Көрісу күні

Наурыз мерекесі аясында Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Ақтөбе облыстық әкімшілігі  Тұңғыш Президент саябағында көктем мерекесін ұйымдастырды. «Өрлеу» БАҰО АҚ  Ақтөбе филиалының қызметкерлері «Бауырсақ мерекесі» байқауына, ұлттық спорт жарыстарына және концерттік бағдарламаларға белсене  қатысты. Ұйымдастырушыларға – РЕСПЕКТ!

BilimLand ресурстары – білім берудегі АКТ қолдану туралы қазіргі заманғы құрал

2018 жылдың 14 наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының профессорлық-оқытушылық құрамына тренинг өткізілді. Тренинг барысында BILIM MEDIA GROUP электрондық білім беру саласындағы мәселелерді шешуді қарастырды.

Тренинг модераторы болып аталған компанияның өкілі  Б.Б. Дуйсекеева сөз сөйледі.

 Қатысушылар bilimland.kz сайтында жарияланған интерактивті сабақтар мен симуляторлар, виртуалды зертханалар мен  жаттығулардың үлкен коллекцияларымен  танысты. Ресурстық орталықтар, семинарлар, тренингтер, вебинарлар, мастер-кластар, «Жаңашыл педагог» конкурсы сияқты мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстардың  кең ауқымы ұсынылды. Қатысушылар қосымша iTest.kz, iMektep.kz, Twig-Bilim.kz, Kitap.kz. ресурстарынан толық ақпарат алды.

 «Bilim Media Group» – Қазақстан үшін жаңа электрондық оқыту нарығын құратын(e-learning), оқыту контенттерін жасау, таратумен айналысатын, сонымен қатар технологиялармен,  қызметтермен байланысты инновациялық компания.

Семинар соңында қорытынды жасалып, өзекті мәселелер талқыланды. Оқу барысында меңгерілген білім педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінде қолданылатын болады.

 

Трнабаева Н.С.,

бөлім бастығы, техникалық ғылымдарының

магистрі

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар жетістіктерін бағалау

Инстиут жоспарына сай, 2018 жылдың 6 - наурызында жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне арналған «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар және үйде оқытылатын балалардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша ұсынымдар»  тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел  мақсаты: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдай отыра оқу жетістіктерін бағалаудың жүйесімен таныстыру.

Дөңгелек үстелге қатысушылар инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық-педагогикалық маңызын, оқу жетістіктерін жалпы бағалаудың технологиялық жүйесін әзірлеудің әдістемелерімен ой бөлісті. Дөңгелек үстел ұсыныстар қабылдаумен қортындыланды.

Қаплиева А.Қ.,

кафедра меңгерушісі,

п.ғ.к., доцент

Хореографтардың назарына...

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 12-16.03.2018ж. аралығында хореографтарға арналған «Жалпы білім беретін ұйымдарда би өнерін үйрету әдістері»  тақырыбында арнаулы (ақылы)  курс өткізеді.

Курсқа қатысатын тілек білдіруші тыңдаушылар сұранысты төмендегідей үлгіде академиялық бөлімнің телефон нөміріне 54-13-29 (электронды поштасына: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.  жіберулері тиіс.

 

Аты-жөні, тегі

Туған  жылы,күні, айы

Ауданы, жұмыс орны

Пед. өтілі, категориясы

Курстан өткен жылы

Телефон номері

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Монтессори жүйесімен оқыту

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институты  біліктілікті арттыру  курс тыңдаушыларына «Монтессори жүйесімен оқыту» тақырыбында  оқыту семинарын ұйымдастырып, Монтессори философиясы және педагогиканың теориялық негіздерін практикада іске асыру және мұғаліміне қойылатын талаптар талқыланды.

Семинар барысында  Монтессори ортасына баланың дамуына ықпал ететін біртұтас білім беру кеңістігі ретінде ерекше назар аударылды, олар өздері айналасындағылардың әлемін өз бетімен зерттеуге және зерттеуге мүмкіндік береді. Топтағы мұғалім не істейді? Балалармен қалай қарым-қатынас жасайды, олар қалай әрекет етеді, қандай тапсырмалар, қалай ұсынылады, балалар бір-бірімен қалай байланысады, топтағы тәртіп бар ма. Ересек адамның міндеті - белгілі бір баланың даму қажеттіліктерін түсіну.

 Филиалдың базасында М. Монтессори әдісімен жабдықталған кабинетінде педагогтерге әртүрлі даму аймақтарының материалдары көрнекі түрде ұсынылады. Даму аймақтарға бөлу балаға ұсынылатын материалдардың әртүрлі бағытын өзгертуге, олардың мағынасы мен мақсатын жақсы түсінуге және тәртіпті сақтауға көмектеседі.

Педагогтер балалармен жұмыс істеу, оларға көмектесу, оларды дамыту үшін, біз ересектер (педагогтер, ата-аналар) ең алдымен балаға қатысты өз көзқарастарын және жұмысында қолданылатын тәсілдерді өзгертуі керек екендігін ескерді.

Семинардың соңында тәрбиешілер іс-шараның практикалық маңыздылығын атап өтті.

Букенова С.С.,

кафедра аға оқытушысы

Педагог қызметінің жаңаруға бағытталуы

2018 жылғы 2 наурызда «Өрлеу» БАҰО АҚФ “Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ Ақтөбе қаласындағы № 56 ОМ базасында химия және биология пәндері мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбындағы семинар өткізілді. Семинардың міндеттері жаңартылған мазмұндағы білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, әдістемелік жұмысқа инновациялық көзқараспен қарау және сабақты практикалық жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Семинардың ашылуында мектеп директоры Г.Б.Абдығалиева және директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Е.С.Нұғыманов құттықтау сөз сөйледі.

Семинарда жаңартылған білім беру жағдайындағы инновациялық әдістерді енгізу мәселелері талқыланды.

Семинар барысында оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің түрлі формаларын ұйымдастыру және педагогтардың инновациялық қызметке бейімделуін көрсету мақсатында ашық сабақтар легі ұйымдастырылды. Кафедра аға оқытушысы Л.Ермекбаева өткізген семинардыңрефлексиялық бөлігінде мұғалімдер институттың профессорлық-оқытушылық құрамы ауқымды әдістемелік көмек көрсеткенін атап өтті.

 

 

Ермекбаева Л.Ж.,

кафедра аға оқытушысы, э.ғ.магистрі

1 наурыз- Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПК БА институтында 2018 жылдың 19 ақпаны мен 2 наурыз аралығында алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы өтуде. Курс аясында 1 наурыз - Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне орай Ақтөбе қаласы №63 мектеп-лицейінде «Төтенше жағдай кезіндегі қызметкерлер мен оқушылардың әрекеттері (химиялық қауіп және өрт қаупі)» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Шараға облыстық әкімдік, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, Ақтөбе қаласының жалпы білім беру ұйымдарының директорлары, сондай-ақ қала және аудан мектептерінің 25 алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары шақырылды.
Мақсаты - оқушылар мен мұғалімдерге химиялық қауіпті объектілерде апат болған жағдайда құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша практикалық іс-қимылдарды үйрету.

Семинар – тренинг соңында педагогтер төтенше жағдай кезінде пайда болған қауіпті жағдайлардың алдын алуда кездесетін аймақтық және халықты қорғауға байланысы өзекті мәселелер бойынша берілген сұрақтарға жауап берді.

 

Бухарбаев Б.К.

кафедра аға оқытушысы

  

 

«ӨРЛЕУЛІКТЕРДІҢ ЖЫЛЫ ЖҮРЕГІНЕН»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы Наурыз мерекесі қарсаңында, Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасы негізінде  «Бақытты бала – Мәңгілік ел кепілі»  девизімен бастау алған «Балалар жылы» жобасын қолдау мақсатында «Өрлеуліктердің жылы жүрегінен!» қайырымдылық акциясын өткізеді. Акция барысында Ақтөбе қаласы №6 «Орман ертегі» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиеленушілеріне үстел үсті және дамытушы ойын материалдарын сыйға тартып, аниматордың қатысуымен мерекелік шара ұйымдастыру жоспарлануда.

Институт ұжымы 2018 жыл бойы «Балалар жылы» жобасы барысында бірқатар қайырымдылық акциялары мен мерекелік шараларын өткізуді жоспарлауда.

 

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

М.Монтессори әдістерін қолдану

М.Монтессоридің дидактикалық жүйесі білім беру және тәрбие жұмысының жоғары гуманизмі, бүкіл жүйенің баланың табиғатын қалпына келтіруімен ерекшеленеді. Осыған орай  облыс көлемінде  мектепке дейінгі ұйыдарының тәрбиешілеріне «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институты Ақтөбе қаласындағы мектепке дейінгі білім беру орталығы базасында  оқыту-тәжірибелік  семинары ұйымдастырылды.

Орталық директоры Каюдина Н.Г. балалармен жұмыс істеу Монтессори қағидасына негізделген, онда баланы жаттығулар арқылы үйреніп, өз тәжірибелерін алу жөнінде айттып өтті.  Тәрбиеші Диль О.В.  екінші  кіші топ  балаларымен ойындарды  пластилинография мен қол ұсақ моторикасын  дамытатын дидактикалық ойындарды пайдаланып, көңілді  өқу қызметін  ұсынды.

Педагогтер  Едирбаева, М.Т., Белова, А.А., Таңатар  М.М., Матекова, А.Б. тыңдаушылармен  бірге іс жүзінде,  балалар  таңдаған материалдармен жұмыс істеудің дұрыс әдісін-тәсілдерін  көрсетті. Олар Монтессори әдісімен балаларды дамыту бостандық пен тәртіпті, қызықты ойын және бір уақытта маңызды жұмыс екенін айтты.

Тыңдаушылар  семинарды ұйымдастырушыларға іс-шараның қаныққанына ризашылығын білдірді.

Букенова С.С.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

 кафедрасының аға оқытушысы

Критериалды бағалау оқушыларды оқытудағы жаңа тәсіл ретінде

Бастауыш және орта білім беру мазмұнын жаңарту идеяларын жүзеге асыру аясында  ағымдағы жылдың 30-наурызы күні Ақтөбе қаласы №25 мамандандырылған орта мектеп базасында «Критериалды бағалау оқушыларды оқытудағы жаңа тәсіл ретінде» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Семинар жұмысына  шығармашылықпен жұмыс жасайтын 38 мұғалім белсенді  қатысты.

Семинар мақсаты: мектеп оқушыларын оқытудағы жаңа тәсіл ретінде  педагогтардың критериалды бағалау туралы түсініктерін дамыту.

Семинар барысында мұғалімдердің электронды журнал жүргізу, критериалды бағалау жүйесі  туралы түсініктерін және сабақта оқушылардың жетістіктерін бағалау критерийлерін құрастыру дағдылары мен біліктерін қалыптастыру міндеттері шешілді.

Семинардың бірінші бөлімінде критериалды бағалау жүйесінің теориялық аспектілері ұсынылды. «Критериалды бағалау жүйесін негіздеу», «Оқушыларды  критериалды бағалауды жүргізу тәртібі туралы», «Электронды журнал» бейнеконтенттері қаралды.

Екінші бөлімде тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды, педагогтар бағалау критерийлерін, дескрипторларын әзірледі, критерий бойынша тапсырмалар құрастырды.

Семинардың қорытынды бөлімінде педагогтар өздерінің тәжірибелік жұмыстарын қорғады.

Сонымен қатар оқу жылының басынан бастап бірінші класқа бағалаудың критериалды жүйесін табысты енгізіп келе жатқан бастауыш класс мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар өздерінің қандай қиындықтармен кездескенін және оны шешу жолдарына  қалай қол жеткізгендерін айтып берді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды табысты қолдану тәжірибелері бойынша әріптестеріне бірқатар ұсыныстар ұсынды.

Рефлексия қорытындысы бойынша қатысушылар семинар-практикум өз мақсатына жеткенін және критериалды бағалау туралы білімдерін қалыптастыруға, оны оқушыларды оқыту үдерісінде қолдану дағдылары мен біліктерін дамытуға ықпал еткенін  атап өтті.

 

Давлеткалиева Е.С.,

деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі,п.ғ.к.

ХХІ ғасыр мектебі: білім беру үдерісіндегі құзыреттілік тәсіл

Қазіргі қоғамның дамуы жағдайында құзыреттілік тәсіл білім берудегі  басым бағыттардың бірі болып табылады.   Бұл білім беру мақсаттарының жалпы принциптері жиынтығын анықтау, білім беру мазмұнын іріктеу ғана емес,   білім беру үдерісін ұйымдастыруды өзгертуге және оның нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беруге негізделген.

Өзара тәжірибе алмасу мен өзекті мәселелерді талқылау мақсатында   ағымдағы жылдың 31 наурызы күні Ақтөбе қаласының №5 орта мектеп базасында «Білім берудің жаңа философиялық идеялары  контекстінде оқу үрдісіндегі құзыреттілік тәсіл: мәселелер және оны шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты:Білім беру мазмұнын жаңарту контекстінде оқу үдерісінтиімді жобалау  бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Оқушы бойында ізденімпаздықты, шығармашылық қабілеттер мен коммуникативтік дағдыларды, мәселелердің шешімін анықтау қабілетін дамытуда Ақтөбе қаласы №5 ОМ мұғалімдері  Г.М.Токраулова,  Ж.С.Қарамурзина, Д.Н. Алипов, Л.М. Джангылышбаева және Ақтөбе қаласы №46 ОМ  мұғалімі Ж.Е. Абдешева өз тәжірибелерімен бөлісті.  Дөңгелек үстел барысында қарастырылған  мәселелер тұлғаның оқу үдерісіндегі  белсенділігін арттыруға, білімді шығармашылықпен қолдануға, коммуникативтік, сыни ойлау дағдыларын дамытуды жетілдіруге  бағытталды.

Нәтижесінде тыңдаушылар сапалы біліммен қамтамасыз етудегі  оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз бетінше іздену, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруда құзыреттілік тәсілдердің маңыздылығына   ерекше тоқталып, дөңгелек үстел жұмысы рефлексия жасау арқылы қорытындыланды. 

 

Асанбай Б.З.,

деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері 

«ӨРЛЕУ»: SMART-ОҚЫТУ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТАТОР МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕТІСТІГІ

2017 жылдың 29-30 наурыз күні Алматы қаласы Халықаралық білім беру Корпорациясының нысанында Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар  Ғылым Академиясының басшысы Ш.А.Сатенованың  ұйымдастыруымен «ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ»тақырыбындаІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Аталмыш конференцияға Ақтөбе қаласынан №23 орта  мектеп лицейінің информатика пәнінің   мұғалімі, т.ғ.м. Талгат Рүстемұлы Таурбаев қатысты.

«Өрлеу БАҰО» АҚ Филиалының Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары, п.ғ.к Норслу Казангаповна Кибатаеваның ғылыми жетекшілігімен Ақтөбе филиалының «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі SMART-оқытудың тиімділігі» енгізу мақсатында басталған эксперимент жұмысын  қорытындылай келе,  өзінің «SMART технологиясы келешекке бағытталған білім» атты тәжірибелік - эксперименттік ғылыми жұмысы өте жоғары деңгейде бағаланып, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолданудың тәжірибелік маңыздылығын көрсетті.

Конференция қорытындысының нәтижесінде  Талгат Рүстемұлы Таурбаев бірінші дәрежелі дипломмен мараппатталып, академияның «ЗЕРДЕЛІ ҰСТАЗ» төсбелгісін иеленді.

«Өрлеу» Ақтөбе ұжымы жас зерттеуші-педагогті жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!!!

Отарбаева Л.Л.,

инновациялық дамуды

әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы

Ақтөбелік педагогтермен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кездесуі

2017 жылдың 30-наурызы күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев бастаған делегация Ақтөбе облысының педагогикалық қауымымен кездесу өткізді.

Кездесуге облыстың жалпы білім беретін мекемелердің басшылары, педагогтер, ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты.

Білім және ғылым министрі өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды айтып өтіп, мазмұны жаңартылған бастауыш және орта білім беру аясындағы өзекті мәселелерге тоқталып, сондай-ақ, мектепке дейінгі, қосымша және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа бағыттары мен даму болашағын атап өтті. Сонымен қатар елімізде ҰБТ-ны өткізу, ЖОО-да қазіргі кезде сұранысқа ие педагогикалық мамандарды дайындауда мемлекеттік гранттардың санын көбейту, оқыту үдерісіндегі критериалды бағалау жүйесі, электронды журналды қалыптастыру және де қаржыландыру мәселелеріне, әсіресе, білім беру мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы бірқатар өзекті сұрақтарға жан-жақты тоқталып, өзіндік талдау жасады.

Кездесуде қатысушыларға  Министрге тек сұрақ қоюға ғана мүмкіндік туған жоқ, олар мазмұны жаңартылған білім беру жағдайында кәсіби қызметте маңызды және қажетті  деп саналатын мәселелерді көтеріп, өзіндік ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Барлық сұрақтарға қатысты, соның ішінде,  оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, көптілділікті дамыту, критериалды бағалау жүйесі, кәсіби стандарттың өзгеруі, сағат жүктемесінің қысқаруы туралы ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сагадиев және ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева толыққанды әрі нақты жауаптар берді.

Ерлан Кенжеғалиұлы өзара пікір алмасу кезінде өзінің қызметтік өсу жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, қазақстандық ұлт капиталының маңыздылығы мен билингвалды білім беру ортасын құруда бүгінгі заманауи әлемде  біздің бәсекеге қабілетті түлектер зор жетістігіміз болып табылатындығын айтты.  

Педагогтер Білім және ғылым министріне осындай ашық және ынтымақтастық диалог форматында өткен сәтті кездесу үшін, сондай-ақ, қазақстандық мұғалімдердің еңбегін жетілдіру жағдайында мұғалімнің мүддесін арттырудағы қолдауы үшін өзіндік алғыстарын білдірді. Қазақстан  Республикасының  Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев, Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Б.А. Ердембеков, Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Т.Ж.Ынтымаков, Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ж.Т.Кайшыгулова, Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы С.Р.Умербековалар «Өрлеу» БАҰО»  АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жаңартылған білім бағдарламасы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің  біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларының сабақтарына қатысып, олармен тікелей сұхбаттаса отырып, оқу үдерісіне  инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу идеялары бойынша мазмұнды диалог жүргізді. Ресми тұлғаларды облыс педагогтерінің  біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларына курс кезінде және курсаралық мерзімде жасалынатын қолайлы  жағдаймен, институттың материалдық–техникалық базасын институт директорының м.а. Н.М.Абишева  таныстырып өтті.

 

А.С. Сугурбаева,

кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м.

Өрлеу: Springer Nature ақпараттық ресурстарын қолдану

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес  «ҒТАҰО» АҚ және Springer Nature компаниясы индекстелген Scopus және (Thomson Reuters) импакт-факторы бар Springer  журналында қазақстандық ғалымдардың белсенді жариялымдарын жетілдіру үшін, сондай-ақ,  қазіргі таңдағы алдыңғы қатарлы заманауи ақпараттық  ресурстарды белсенді қолданатын мекемелер санын арттыру бойынша тренинг өткізді. 

2017 жылдың 30-наурыз күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Springer Nature компаниясымен бірге «Шетелдік басылымдарда қазақстандық авторлардың белсенді жариялымдарын жетілдіруде Springer Nature ресурстарын қолдану» тақырыбында семинар өткізді. Семинар аясында «Ғылыми нәтижені жариялау үшін рейтингтік журналды қалай табуға болады?», «Зерттеуге бағытталған мақала үлгілерін таңдау және талдау», «Сапалы мақаланы қалай дайындауға болады?», «Импакт-фактормен шетелдік рейтингтік журналдарда мақаланы қалай жариялауға болады?» деген қадамдық тренингтер жүргізілді.

Семинарды дәріскер,  Springer Nature лицензиялық менеджері  Александрова  Ирина Алексеевнажүргізді.

Семинардың мақсаты: индекстелген Scopus және (Thomson Reuters) импакт-факторы бар Springer  журналында қазақстандық ғалымдардың белсенді жариялымдарын жетілдіру.

Семинар жұмысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессорлық-оқытушылық құрамы, сертификатталған тренерлер белсенді қатысты.

Семинардың нәтижесінде тәжірибелік даярлықтан өткен қатысушыларға сертификат берілді.

 

Сугурбаева А.С.,

кафедра аға оқытушысы, п.ғ.м.

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ - ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ

Қазіргі таңда мұғалімдерге  шығармашылықтың теориясы мен тәжірибесі жайлы білім беріп қана қоймай, сол игерген білімді шығармашылықпен қолдануға жұмыстану бүгінгі күннің  өзекті мәселесі.

Осыған сәйкес, ағымдағы  жылдың 29-наурызында Ақтөбе қалалық №31 ОМ базасында технология және сызу пәні мұғалімдерінің  біліктілікті арттыру курсы аясында «Мәңгілік Ел» идеясы - ұлттық тәрбие мен білімнің негізі» тақырыбында  семинар-практикум ұйымдастырылып, облыстың білім беру мекемелерінің 28 мұғалімі белсенді қатысты.

Семинар мақсаты: педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану және терең білімді тұлға психологиясы негізінде ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуде технология және сызу пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.     Семинар-практикумның теориялық бөлімінде «Мәңгілік ел» идеясы - ұлттық тәрбие мен білімнің негізі» тақырыбының аясында  баяндама тыңдалды. Ал,  тәжірибелік бөлім «Мен өз елімнің патриотымын» шебер-класы және тренингтермен жалғасын тапты.

Семинар кезінде  олар шығармашылықтың жаңа түрі адамның өзін-өзі өзгертуі, қайта түлетуі арқылы  кәсіби шеберліктің шыңына көтерілуінің жолдарын меңгерді. Осы қағиданы басты құндылық деп түсінген педагогтер қауымы жас ұрпақ бойында дәл сондай қажеттіліктерді қалыптастыра алатындығын осы семинарда тағы бір мәрте дәлелдеді.

Семинар-практикум барысында педагогтерді алдағы уақытта шығармашылық дамуға жетелейтін сұрақтарға жауап берілді. Семинар-практикумның соңында пікірталас өткізіліп,  қорытынды жасалды.

 

Бухарбаев Б.Х.,

магистр, кафедраның аға оқытушысы

Өмірінің бәрі өлең!

Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жас ұрпақтың мәдени, эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда. Еліміздегі білім беру саласының  жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың  болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. Осы орайда,  Ақтөбе қаласындағы Елек орта мектебінің базасында  музыка пәнінің мұғалімі С.А.Аманов «Ән, мен сені аялап өтем!» тақырыбында шығармашылық кеш өткізді. Аталған шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы АО ПҚБАИ оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектептердегі  қоғамдық-гуманитарлық және эстетикалық бағыттың пән мұғалімдері  қатысты.

Педагогикалық кештің мақсаты - музыка сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталды. Шығармашылық кеште қазақ халқының бай қазыналы өнері мен  музыка мәдениетінің құдіреті мен   құндылықтары сөз болды.

«Сыңғырла,  менің домбырам» атты  С.А.Амановтың тыңдармандармен өткізген шебер-класында  ережеге сәйкес домбыраны тартуда  дене сымбатын дұрыс ұстау,  оң және сол қолдармен иекемді  жұмыс жасаудың қыр-сырымен, сондай-ақ,  қазақтың ұлттық аспабы домбыраның ерекшеліктері негізінде дауыс ырғағын қоюға  жұмыстанды. Нақтыласақ, сайын даланың сырын шертетін төкпе күйлер мен домбыраның  қоңыр үні  кеш конақтарын  тың саз әлеміне жетелеп, ерекше ықыласқа  бөледі. Кеште 6-сынып оқушыларының белсенді қатысуымен  «Алтайдан ән қосқан қазақтың   Майрасы» тақырыбында   панорамалық  сабақ өтті. Панорамалық сабақта оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруда жеке, жұптық, топтық жұмыстар  қолданылды.  Оқушылардың ынтымақтастықтағы бірлескен еңбегінің нәтижесі  білімді шығармашылықпен қолдануда өздері күткендегіден де асып түсті.  Шығармашылық кеште   музыка пәнінің мұғалімі С.А.Аманов пен оның ізбасараларының күні бүгінге дейін жеткен жетістіктері  бенефис шоуда  жалғасын тапты. 

Кездесу соңындағы  С.А.Аманов авторлық әні «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде ұлттық рухты көтеруде қазақ елінің киелі домбыра үнін тағы бір мәрте сезіндіріп, ұшқыр ойға жетеледі. 

Г.Қ.Жапақова,

кафедра аға оқытушысы, г.ғ.магистрі 

«Өрлеу» мен «Сымбат» арасындағы ынтымақтастық әрекет

«Сымбат» оқу-білім орталығы базасында Наурыз мерекесіне орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф серіктестікте ҚР  Білім және ғылым  вице-министрі Э.А.Суханбердиева және үш өңірдің әкімдері, нақтылайтын болсақ, Ақтөбелік –Б.М.Сапарбаев, Жамбылдық – К.Н.Кокрекбаевтің қатысуымен облыс педагогтері арасында кездесу өткізілді.

Білім беру ісінің үздігі,  э.ғ.к. Р.М.Тасыбаева жетекшілік етіп  отырған «Сымбат» оқу орталығында наурыз мерекесінің құрметті қонақтарымен экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылардың дамуы мен өзін-өзі жетілдіруге ыңғайлы білім орталығы  керемет оқу-материалдық, техникалық базамен жабдықталған.  Тиімді оқу мен оқыту ортасын қалыптастыруда  оқу процесінде заманауи технологияларды енгізу бойынша  «Өрлеу» орталығымен ынтамақтастықтағы «Коучинг-мектеп» жұмысында педагогтер үлкен мүмкіндік алды. Кездесу соңында  ҚР  Білім және ғылым  вице-министрі Э.А.Суханбердиева жергілікті облыстық және қалалық білім беру ұйымдарына, нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы балалар үшін жасалынып жатқан игі істері үшін  «Сымбат» шығармашылық  орталығына ерекше алғысын білдірді. 

Г.Қ.Жапақова,

г.ғ.магситрі

Жалпы білім беретін мектептердің информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсының аңдатпасы

27.03-07.04.2017ж. аралығында  «Білім беруді жаңарту жағдайында информатиканы оқытуда Smart технологияны пайдалану» тақырыбында информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізіледі.

Smart-оқытуды қалыптастыруды жүргізудің басты бағыты электронды ортада педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады, сәйкесінше, мектепте бұл жұмыспен информатика пәнінің мұғалімі айналысу қажет. Ол Smart-оқыту мен басқа педагогтар және оқушылар арасындағы байланыстырушы болу қажет.

Smart-оқыту педагогтарға «үнемі, кез келген жерде және кез келген уақытта» білім алу қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, кәсіби өсім траекториясын өздігінен дамытуға мүмкіндік береді, қалалық және ауылдық мектептер педагогтарының білім деңгейін теңестіруге, халықаралық білім беру кеңістігіне жол ашады.

Курс  мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында Smart технологияларын ұғыну арқылы информатика мұғалімдерінің кәсіби біліктіліктерін дамыту.

Міндеттер:

- Smart learning жүйесін қолдану бойынша халықаралық тәжірибені талдау, соның ішінде Оңтүстік Кореяның, Ұлыбританияның тәжірбиесіне талдау жасау;

- білім мазмұнын жаңарту жағдайында Smart learning енгізу жүйесі мәселелерін анықтау;

- информатика сабақтарында Smart енгізу бойынша SWOT-талдауын құрастыру;

- мектептердің Smart learning жүйесі мүмкіндіктерін және материлды-техникалық базасын есепке ала отырып информатика бойынша сабақтарды жобалауды үйрету;

- тәжірибеде сандық білім контенттерін дайындау және енгізу;

- информатиканы оқытуда заманауи мультимедиа-қорларын, «алшақтық (облачных)» және ғаламтор қызметтерін қолдану техникасын меңгеру

Тыңдаушылардан курс мазмұнын толық және нәтижелі қабылдау мақсатында ноутбук әкелуіңіз сұралады

 

Абдиров Р.Т.,

кафедрасының аға оқытушысы 

Қош келдің, тәуелсіз елімнің көктемі!

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке.

Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің,  іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, игі тілекпен жаңа Наурызды қарсы алуда Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залындағы  мерекелік концертке «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ұжымы, білім беру жүйесінің  ардагер ұстаздары, педагогтері қатысты.

Мерекелік  шараны  Ақтөбе облыстық білім беру Басқармасы бастығының орынбасары - М.А.Мыржахпаева ашып,  білім саласының ардагерлері - Ш.О.Ахметова, Г.Т.Дулатбаевалар  концерт қонақтарына жылы лебіздерін арнады.

  Мерекелік концертте  халқымыздың ерлігі мен даламыздың кеңдігі әнмен өріліп, ширек ғасырда жеткен жетістіктеріміз мен ұлттық құндылықтарымыз алып экран арқылы жиналған жұрттың назарына ұсынылды. 

Сонымен қатар, домбыраның қоңыр үні мен күмбірі,  мың бұралған бишілер, балғындар сызылта салған әуезді әуендер бірінен-бірі үйлесім тауып, шараның көркін кіргізді.  Ерекше ықыласқа бөленген лық толы зал көреремендерінің  қуанышында шек болмады.

Ұжым үшін бүгінде таңғажайыпқа толы күн болды.

Тәуелсіз елімізде осындай қуанышты сәттер көп болсын деп тілейік!

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

 Г.Қ.Жапақова,

кафедра аға оқытушысы, г.ғ.магистрі

«Өрлеу» назарында: оқытудың белсенді әдістері

Қазіргі білім беру жүйесінің жаңашыл форматына сәкес тілді үйретудегі белсенді тәсілдер мен тиімді әдістерді қолдану мәселесі, оларды оқыту үдерісінде оқу табыстылығының, білім сапасының артуына ықпал ету мақсатында шебер пайдалану жолдарын үйрену тұрғысында 2017 жылдың 17-і наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-да «Тілді үйретуде оқытудың белсенді тәсілдерін қолдану: ізденіс және тәжірибе»тақырыбында облыстық әдістемелік конференция өтті.   

Конференция ұйымдастырудың негізгі мақсаты - тілді оқытудың жаңашыл форматы аясында тиімді әдістер мен белсенді тәсілдерді қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен әдістемелік құзыреттілігін жетілдіру.

Міндеттері:

*мұғалімдерге тиімді оқыту түрлерін қолдану арқылы конференция мазмұнын толыққанды игеруге ықпал ету;

*оқыту мен оқудың тиімді әдістері мен белсенді тәсілдері негізінде  тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін болжау;

*тиімді кері байланыс жасау арқылы мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін  анықтау.

 Конференция жұмысына институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ филология саласының ғалымдары және облыстың жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Аталмыш шара белгіленген жоспар бойынша құрылған бағдарлама негізінде жүрді.

Жұмыс барысында институт кафедрасының аға оқытушылары теориялық бағыт бойынша «Үйрете жүріп, үйрену» коучингін жүргізді. Коучинг мұғалімдердің ғылыми-теориялық ақпаратты жеңіл әрі толыққанды игерулеріне оң ықпалын тигізді. Сонымен қатар «Шебер мұғалім оқытпайды, үйретеді» әдістемелік-тәжірибелік бағыт бөлімінде өзіндік іс-тәжірибелерімен бөлісті. қазіргі оқытудың заманауи форматында, атап айтар болсақ, оқу мен оқытудың белсенді стратегияларын қолдану арқылы оқу мақсатына жетудегі тілдік (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дағдыларды дамыту, бағалау критерийлерін тиімді қолдану, сабақ барысындағы кері байланыс, т.б. негізде мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша шағын сабақ қорғады.

Ал қорытынды бөлімі «Тиімді кері байланыс: нәтижені талдау және бағалау» (тренинг) бойынша өтті. Тыңдаушылар конференция жұмысына «оң баға» беріп, өзіндік ойларын, құнды пікірлерін, түйінді қорытындыларын айтты. Өзіндік көзқарастар, өзіндік пайым мен шынайы болжамдар жасалды. Конференция жұмысы белгіленген мақсатына сай, мазмұнды өтті.

Сугурбаева А.С.,

кафедра аға оқытушысы, п.ғ.магистрі

Оқушылардың коммуникативтік дағдысын дамыту

Бастауыш және орта білім мазмұнын жаңарту аясында 2017 жылдың 14 наурыз күні «Өрлеу БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Мұғалжар ауданы №3 мектеп-гимназия базасында «Оқушылардың коммуникативтік дағдысын дамыту» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Семинар барысында жаңартылған мазмұн бойынша курстан өткен мұғалімдер бастауыш және орта білім жүйесінде оқушылардың коммуникативтік дағдысын дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназия директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Мукатова Луара Муратқызы мен кафедраның Андирова Венера Теміржанқызы «Мектеп оқушыларын оқытуда тілдік дағды және оның маңызы» тақырыбында идеялар аукционын өткізді.

Аукционның мақсаты - оқушылардың тілдік дағдысын дамытудағы педагогтардың инновациялық тәжірибесін тарату.   Қандыағаш қаласы №5 орта мектептің мұғалімдері Алданова В.А. мен Ермекбаева Г.С. оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес тәжірибелік тапсырмалар ұсынды.

Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназия мұғалімдері Беркимбаева Р.Ш. мен Смагулова Г.М.  «Бастауыш сатыда инновациялық тәсілдерді қолдану тиімділігі» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.

Семинар №3 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.А.Утекешеваның «Оқушылардың коммуникативтік дағдысын қалыптастырудағы оқытудың белсенді тәсілдері» атты шеберлік сыныбымен аяқталды.

Рефлексия нәтижесінде қатысушылар семинар-практикумның белгіленген мақсатына жеткендігін және педагогикалық ортада шығармашылық  қарым-қатынасқа ықпал ететіндігін атап көрсетті. 

                                                                                                                              Андирова, В.Т.

кафедра аға оқытушысы, магистр

Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп!

Күн мен түннің теңескен уақыты - көктем мерекесі. Жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару күні, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін тойлауды  институт ұжымы дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Біліктілікті арттыру жүйесінің ардагер ұстаздары, ұжымның профессор-оқытушылар құрамы мен  қызметкерлері  қатысқан бүгінгі мерекелік  шарада  Ақтөбе қалалық Оқушылар сарайының   өнерлі өрендері  көрермендерді ерекше ықыласқа бөледі.  

Құлақтан кіріп бойды алар әуезді әндер мен көңілдің құрышын қандыратын күмбірлі күй, композициялық қойылымдар  кеш шырайын кіргізді.Асқақтаған мерекелік думаннан мың бұралған бишілер де қалыс қалған жоқ.  Биші қыздардың өнері жұртшылықты тәнті етіп, елдің ыстық ықыласына шомылды. Ұлттық билерімізді насихаттауға үлкен үлестерін қосып жүрген өнер жұлдыздарына  соғылған шапалақ пен ыстық ниеттің бағасы ештеңемен өлшенбеді.  

«Наурызға тарту» әнімен мәресіне жеткен концертте «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева  жиналғандарды наурыз мерекесімен құттықтап, Ақтөбе қалалалық Оқушылар сарайының ұжымына ерекше алғысын білдірді. Сонымен қатар, айтулы күнде наурыз айында дүниеге келген туған күн иелері де назардан тыс қалмады. Мерейлі сәтте ардагер ұстаздарда  ақ тілегін жеткізді.

 Ұлтымыздың мерейін өсіретін, дәстүр-ғұрпымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесінде сыйлықтар таратылып, мерекеге арналған шашулы дастарқаннан, ұлттық дәмнен дәм татып, ерекше көңіл-күймен осылайша, жаңа маусымға қадам бастық!

Г.Қ.Жапақова,

кафедра аға оқытушысы, г.ғ.магистрі

Эксперимент жұмысының аяқталу кезеңі

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны, қашықтан білім беруді және электронды білім беруді дамыту бүкіләлемдік  smart-education жаңалығына жол ашты. 

Білім беру мекемелерінің инновациялық технологиялар бойынша оқытуы мен ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды орындау белсенділігі Smart-education арқылы арта түсті. 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының «Білім сапасын арттырудағы Smart оқытудың тиімділігі» атты тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жоспары негізінде 2017 жылдың 15-наурызында «Білім саласында SMART  оқыту жүйесін қолдану»облыстық семинары Ақтөбе қаласы Пригород ОМ базасында өткізілді.

Семинар жұмысына экспериментатор-мұғалімдер,  шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтар және институт қызметкерлері қатысты. 

Эксперименттік кластар мен бақылау класындағы оқушылардың білім сапасының арасындағы ерекшеліктерге тоқталып өткен мектеп директоры  Г.Б. Жанина семинар жұмысын ашып берді.   

Теориялық бөлімде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, п.ғ.к. Н. К. Кибатаева Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында smart технологияны қолданудың қажет екендігін атап өтті. Институттың «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Р. Т. Абдиров қатысушыларға контент түрлері мен оларды қалай құрудың тиімді жолдарын көрсетіп берді. 

Семинардың тәжірибелік бөлімінде Ақтөбе қаласы Пригород ОМ математика және информатика пәні бойынша экспериментатор-мұғалімдері Абишова А. К. мен Туркменбаева А. А. сабақ үстінде bilimland.kz, google drive, web whatsapp бағдарламалары мен сервистерін қолдану туралы өз тәжірибелерін ортаға салды. Экспериментатор-мұғалімдердің барлығы да өз сабақтарында smart технологияны пайдаланып, белгілі бір нәтижелерге жеткендігін атап өтті.

Семинар соңында «Smart технологиясы бойынша сабақ берудің тиімділігі» коучингі өткізіліп,  әдістемелік ұсыныстар қабылданды. Осылайша, ауылдық жерде орналасса да жаңалықтан қалыс қалмайтын Пригород ОМ  облыстық тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың өзекті мәселелерін шешу жолындағы нәтижелі еңбегі облыс педагогтеріне паш етілді. 

Ұжымның жаңашылдыққа деген белсенділігін, шығармашылыққа деген ынтасын қолдау мақсатында жазылған жүрекжарды өлеңін оқыған мектеп директоры Г. Б. Жанина семинарға қатысушыларға шығармашылық ізденіс жолында талмас талап пен қажымас қайрат тіледі:  

Заманына - адамы

SMART - пенен дамыды.

Оқытуға  тиімді

Әдістеме  барлығы.

 Білімменен жетілер

Оқушылар қадамы.

Отарбаева Л.Л.,

бөлімінің жетекші маманы

«Тәуелсіз ел-Мәңгі ел» тақырыбындағы ғылыми-танымдық конференция

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы айтылған ойы отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар, ғалымдар  пікірлерінде кең көрініс тауып,  еліміздің рухын көтеретін,  ұлы мақсаттарға жетелейтін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.  Осыған орай, 2017 жылдың 15 наурызында  Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған    «Тәуелсіз ел-Мәңгі ел» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылып, конференция жұмысына  Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы -  Н.Е.Жолдасбекұлы, Ақтөбе облысы  ҚХА атқарушы хатшылығының меңгерушісі – Б.О.Елеусинова,  «Бірлік» ақсақалдар Кеңесінің төрағасы – Е.Ж.Құрманбек,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе  облысы бойынша ПҚ БАИ директоры - Н.М.Абишева,  институт директорының орынбасары  Н.К. Кибатаева қатысты.  

Конференция жұмысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы -  Н.А.Абдоллаев   «Мәңгілік ел-көп ұлтты ұлы Дала халқының қалыптасуы» тақырыбында жүйелі, әрі мазмұнды баяндамасымен бөлісті. Ақтөбе облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы – Г .Т. Төлебай «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл. Мемлекеттік тіл – Мәңгілік ел идеясының негізгі өзегі» екеніне ерекше тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы – Р.А.Бекназаров «Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті екенін, ұлттық құндылықтар мен тәрбие Мәңгілік ел – идеясының тарихи бастауы» екендігін айтып өтті.

Ғылыми-танымдық конференция жұмысында облыс ғалымдары  «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіре отырып,    ұлттық тәрбие беру мәселелеріне, тұлғаның ұлттық сана-сезімі,  ұлттың өткен тарихы, оның бүгінгісі мен болашағына,   ана тілін құрметтеу, төл мәдениетті  игерудегі  ұлт мүддесі мен құндылық бағдары бүгінгі күннің бұлжымас аксиомасы екенін қатысушылардың көкірегіне шынайы сүйіспеншілікпен ұялатты.

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы, магистрі

Білім беру мазмұнының өзгеруі жағдайында педагогтардың кәсіби өсуі - заман талабы

14 наурыз 2017-03-14 жылы №57 орта мектеп базасында экспериментатор-мұғалімдерге арналған: «Білім беру мазмұнының өзгеруі жағдайында педагогтардың кәсіби өсуі-заман талабы»тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға №57 мектептің экспериментатор-мұғалімдері  қатысты. 

Семинар мақсаты:педагогтардың қалыптасқан кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде әдістемелік қолдау көрсету, мұғалімдердің инновациялық жұмыс тәжірибесін кеңейту барысында әдістемелік жүйені өңдеп, практика жүзінде қолдануға ықпал ету.

Семинарды мектеп директоры Досжанова Маншук Булатовна және кафедраның аға оқытушысы Муканова Гайнижамал Успановна «Өзіндік басқару – педагогтардың кәсіби сапасын қалыптастыруды тьюторлық бағдарламамен жүзеге асыру»  тақырыбындағы дөңгелек үстелмен ашты. Мұғалімдер дөңгелек үстел барысында педагогтың тиімді кәсіби қызметіндегі білім мазмұнының өзгеруі жағдайындағы инновациялық қызметтің ролі мен қызметі туралы білді.

Семинардың жалғасында «Оқушылардың жетістікке жетудегі дағдыларын қалыптастыруда педагогтардың ынталандыру маңыздылығы»тақырыбында мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Токжанова Женис Кереевна постер-сессия жүргізді.   Онда  «Галереяға саяхат» әдісімен оқушылардың жеткен жетістіктері таныстырылды. 

«Бірлескен жұмыс – жаңа форматтағы дағды мен құзіретті қалыптастырудың шарты» тақырыбындағы коучингті математика пәнінің мұғалімі Муханбетова Гүлбану Ералықызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбдірахманова Элеонора Булақызы өткізіп, педагогтардың дербес іс-әрекетін ұйымдастыру, оқушылардың жеке білім алу бағытын басқару біліктілігін дамыту туралы түсінік берді.

Педагогтардың білім беру процесін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету деңгейін жетілдіру мақсатында «Жаңартылған білім аясында сабақ сапасын жақсарту үшін ресурстар маңызы»тақырыбында тәжірибелік жұмысты бастауыш класс мұғалімдері: Жубангарина Алма Булатовна, Жайыкова Ақмарал Асылбекқызы, Есенгазина Гүлмира Рахимбековна жүргізді.

Семинар барысында ашық сабақтар сериясы көрсетіліп, педагогтардың жаңашылдыққа қаншалықты бейімделгенін зерттелініп, оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі формалары көрсетілді.

Кафедраның аға оқытушысы Сугурбаева А.С. өткізген рефлексия нәтижесінде  мұғалім-экспериментаторлар кафедраның оқытушылық құрамының әдістемелік қолдау көрсетуін жоғары бағалағады.   

Муканова Г.У.,

кафедрасының аға оқытушысы, магистрі

«Өрлеу»: тәжірибе күні

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-да 2017 жылдың  наурыз айының 14-күні облыстық психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнаулы түзетім мектеп-балабақша базасында «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер.» тақырыбындағы   семинар ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты: шағын жинақталған мектеп жағдайында арнайы білім беруді қажет ететін балалардың қажеттілігіне сәйкес оқыту мен түзету және тәрбиелеу бойынша мұғалімдердің   кәсіби құзырлылықтарын қалыптастыру.

Семинарға  қатысушылар  ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың бейімдеу ортасын құру, қажеттілігі бар балалардың ерекшелігін зерделеу,  ақпараттық-коммуникативтік және жеке әдістемелік технологияларды қолдану тәжірибесімен  бөлісті. Осы  семинар аясында шебер-класс, түрлі санаттағы ауытқушылықтары бар балаларға жеке коррекциялық оқыту сабақтары өтті.

Семинар соңы өзекті   мәселелерін талқылаумен, өзара тәжірибе алмасумен аяқталды. Рефлексия нәтижесі бойынша семинарға жоғары пікір айтылды.

Сеткереева Г.А.

кафедра аға оқытушысы, магистрі 

«Шебер болу өз қолыңда!» шығармашылық шеберхана

Педагогикалық тәжірибені таратуда  кәсіби өсуге мүмкіндік беретін  шығармашылық шеберхана тиімді жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Мұндай қызықты, әрі белсенді  шығармашылық кездесу ағымдағы жылдың 11-наурызы күні Ақтөбе қаласы, Елек ОМ базасында  ұйымдастырылды. 

Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында  технология пәнінен  тиімді әдістер мен тәсілдерді көрсету. Мектеп мұғалімдері А.Сержанова, Ж.Сейт, Е.Алимуханов педагогтер арасында фетрадан жағалар жасау, білезіктер тоқу, бисерлерден бұйым жасауды тәжірибеде игертті. Есте қаларлығы, барлық қатысушылар теориялық мағлұматты  меңгеріп қоймай, өздерінің  ой елегінен өткізе отырып,  бұйымдарды «hand-made» стилінде жасап шығарды. Сонымен қатар, өз қолдарынан туындаған өнімдердің жаңа технологияларды жетілдіруге және оны жасауға ынталану мен өзін-өзі дамытуға бағытталғандығын  шығармашылық шеберхананың  нәтижесі екенін атап көрсетті. 

Шығармашылық шеберхана «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының курсараралық ең үздік педагогикалық тәжірибені таратуға  бағытталған.

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы, магистр

Жаңа республикалық ақпараттық-педагогикалық «Педагогикалық даму» журналының презентациясы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ кітапханасында  институт қабырғасынан осы жылғы алғаш рет  шыққан «Педагогикалық даму» журналының тұсаукесер рәсімі өтті. Рәсімге институт қызметкерлері мен курс тыңдаушылары қатысты, таныстырылымның  алғы сөзін «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институты директорының орынбасары п.ғ.к.  Н.Қ. Кибатаева ашып, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу аясында білім сапасын дамытудың өзекті мәселелерін шешуде басылымның  ақпараттық  жинақталумен   өзара тәжірибе алмасудың деңгейі жоғарылайтындығына тоқталды. Ақпараттық –педагогикалық журналдың ерекшелігі мен өзектілігін институттың «Мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының меңгерушісі,п.ғ.к., доцент А.Қ.Каплиева және «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы п.ғ. магистрі Г.Ж.Рахатова   нақтылай отыра, орта білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұнды білім беру –XXI ғасырдың басты талабы екендігін айтты.

Одан әрі журналда жинақталған рубрикаларға модератор  Р.К.Назарбаева  талдау жасап, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде педагогикалық іс-әрекет дамуының жоғары деңгейі – кәсіби даму екендігін зерделеді. 

Аталған басылым бір жылда төрт  рет шығарылып, өзіндік ой-толғамды жинақтайтын, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруде теориялық білімді игерту мен жаңғыртуда жаңа қадамдарға жетелейді. Презентация соңы институт қызметкерлері мен тыңдаушылардың  журнал басылымы жөніндегі  жеке пікірін білдіріп, сәттілік тілеуімен аяқталды.

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Жаңашыл талаптар деңгейінде функционалдық сауаттылықты дамыту

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-да 2017 жылдың 20-ақпан  мен наурыз айының 3-і  аралығында кафедраның аға оқытушысы С.К.Сулейменованың жетекшілігімен «Programme for International Student Assessment» халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту»тақырыбындағы базалық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс мақсаты:  PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша   ғылыми-жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту.

Курс аясында Ақтөбе қаласы  №2  мектеп-гимназия  базасында жаратылыстану-математикалық  бағытының  тыңдаушыларына іс-тәжірибе алмасу мақсатында: «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін дамыту негізі» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Ақтөбе қаласы және облыстан 35 мұғалім қатысты. Семинар  барысында  «МИФ» әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Математика пәні мұғалімі Н.Н.Власова «Треугольники в радиолокации»  тақырыбында  шебер-класс өткізді. Г.С.  Аухадеева оқушылардың жоба жұмыстарымен таныстырды. Курстың тыңдаушылары  үшін семинардың практикалық маңызы жоғары болды.   Сонымен қатар тыңдаушылар Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған  мектеп мұражайна саяхат жасады. Мұражайда мұғалімдер мектеп педагогтері мен оқушылардың көп жылдар жасаған еңбектеріне куә болды.

Курстың қорытынды бөлімінде  мұғалімдерге шағын сабақтарын қорғау кезіңі аясында өз білімдерін ортаға салып, бөлісуге мүмкіндік берілді. Олар белсенді оқыту стратегияларын қолданып, өздерінің шағын сабақтарына оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмаларын енгізіп, жобаларын қорғап, шебер-сыныптарын көрсетті. Тыңдаушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды.

Сулейменова С.К.,

кафедра аға оқытушысы, т.ғ.м.

Мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісінде мектеп кітапханасының ақпараттық-білімдік іс-әрекеті

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  кітапханасында «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың ролі» тақырыбындағы мектеп кітапханашыларына арналған біліктілікті арттыру курсының аясында«Мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісінде мектеп кітапханасының ақпараттық-білімдік іс-әрекеті» тақырыбына практикалық сабақ өтті.

Сабақ мақсаты: Тұлғалық- бағытталған білім беру кеңістігінде мектеп кітапханасының оқырмандармен өзара ықпалдасуын, білім мазмұнын жаңарту жағдайында іс-әрекетті жоспарлау және ақпаратпен қамтамасыз етуді қалыптастыру.

Сабақ барысында тыңдаушыларға мектеп оқушыларының өзін-өзі анықтау үдерісінде мектеп кітапханасының атқаратын басты бағыттары айқындалып,  тыңдаушылардың  топтық жұмысты әр түрлі тәсілдермен орындалуы  қарастырылды. «Мен жазамын» әдісі бойынша мектеп оқушыларының  өзіндік ой-өрісін дамытуға жетелеуде «Эссе» жазу үлгісі «Мәнерлеп оқу» тәсілімен байланыстырылып, тыңдаушылар «Менің сүйікті кәсібім», «Мен оқыған бір кітап» атты мақаладан «Тыңдаушының  өз ойы» және «Санамызға нені түйдік?» «Ой  толғау» стратегиясымен  тыңдаушылар өз талдауларын жүргізді. Бұдан әрі кітапханада ақпараттық ресурстарды уақтылы насихаттауда «Библиографиялық  дайджест » үлгісі құрастырылды.
«БҮБ тәсілі – Білеміз,үйрендік,білдік»тәсілімен белгілі бір топ курс барысында үйреніп, білгендерін сатылай жазып талқылады. Мектеп кітапханасының ақпараттық-білімдік іс-әрекетін нығайту деңгейінде оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын айқындауда және кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында барлық топ «Кітап инсталяциясын» жасады. Бұнда тыңдаушылар «Кітапхана» деген атауды кітаптардан құрастыра отырып  жазып, әр түрлі нысандағы көріністерді  бейнеледі.

 Сабақ қорытындысы «Себет» толтыру әдісінде жинақтайтын әрбір тыңдаушының өзіндік пікір–ұсынысын кітапхана ісін дамытуда кітапханашылардың кәсіби шығармашылық қызметінің деңгейін арттыру, тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастырудағы инновациялылық, жаңа ілімдерді жинақтауға қол жеткізетін идеяларды  толықтырумен аяқталды.

 Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

ІЗГІЛІК – БІЛІМ ҮШІН, БІЛІМ – ӨМІР ҮШІН

Ағымдағы жылдың наурыз  айының 3- күні  «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт базасында  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсының «Жүректен жүрекке» бірінші  кезеңін қорытындылау мақсатында  «ІЗГІЛІК – БІЛІМ ҮШІН, БІЛІМ – ӨМІР ҮШІН» тақырыбындағы дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.  Дөңгелек үстелде курс тыңдаушылары  өзінің мұғалім әрі адам ретіндегі жаратылысын жаңаша ұғынуға көмектескен сапалы жүргізілген дәрістерден алған әсерлерімен бөлісті.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыруда мұғалім жетекші рөл атқаратындығын «Мен өзгердім» қойылымымен қызықты сәттерінен көрініс көрсетті. Курс мазмұны педагогтардың білімін тереңдетуге ықпалын тигізгендерін, шабыттандырғанын айтып  мысалдарымен , өлең шумақтарын оқып, Әсем әнмен дөңелек үстелді аяқталды. Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысының білім саласындағы департаментінің басшысы Ж.Койшыгулова, Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт  директоры м.а. Н.М.Абишева, директордың орынбасары Н.К.Кибатаева, ДБО меңгерушісі Е.С.Давлеткалиева қатысты.

Култаева Л.А.,

ДБО тренері

Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады!

2017 жылдың 3 наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚФ» Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы курстың «Жүректен жүрекке» деп аталатын бірінші кезеңінің аяқталуы бойынша «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады!» атты облыстық семинар өтті.

Педагогтар рухани – адамгершілік білім берудің маңыздылығы туралы айтып, өзін – өзі тану барысында жан дүниелерінің өзгергенін, рухани толысқанын және өзін – өзі жетілдірудегі жетістіктерімен бөлісті.

Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО АҚФ» Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ-ның директоры Абишева Н.М., директордың орынбасары Н.К. Кибатаева, Ақтөбе облысының білім саласындағы  бақылау  департаментінің басшысы  Кайшыгулова Ж.  және  ДБО жетекшісі Давлеткалиева Е.С. өз үлестерін қосты. Олар тыңдармандарды төрт апта бойына өтетін  «Құндылықтар тәжірибесі» кезеңіне «Балаларды шабыттандыру шеберлігі – сіздердің жүректеріңізде. Тек жаны мен ойы сұлу педагог қана ғажайып жасай алады. Тек Нұрлы мұғалім ғана айналасына мейірім  шуағын төгеді.  Ал ол Нұр – Сіздер!» деген айшықты ойларымен шабыттандыра білді.

                                               Токбасова А.С., 

«Өзін- өзі тану» адамгершілік–рухани

білім беру бағдарламасының тренері

 

Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру

2017 жылдың  20 -28 ақпаны аралығында Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Совет одағы батыры  І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп базасында   “Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі“ кафедрасының аға оқытушысы Б.К. Бухарбаевтың жетекшілігімен «Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру» тақырыбында  дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курстың мақсаты: адамдардың физикалық дамуын оптимизациялау бойынша мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту, жеке физикалық ерекшеліктері және соған қатысты қабілеттерін, рухани-адамгершілік қасиеттерін тұтастай тәрбиелеуді жетілдіру.

Курс аясында 28 ақпанда мектеп базасында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында «Денешынықтыру пәні сабақтарында инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинар жұмысына 33 облыс педагогтары қатысты.  Семинар барысында курс тыңдаушылары мектеп музейін қарады, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын  тиімді әдістерді, тәсілдерді қолданып шебер-сынып көрсетілді.

Семинар шығармашылық, қолайлы жағдайда өтіп, курс тыңдаушылары жақсы тілектерін білдіре отырып, жоғары баға берді. Курс соңында мұғалімдер дене шынықтыру сабақтарын өткізуді ұйымдастыру үдерісі және оқыту мәселелеріне қатысты қажетті, актуальды ақпараттарды алғандығы туралы ойларын айтты.

Бухарбаев Б.К.,

кафедра аға оқытушысы, магистр

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үдерісін дамыту

2017 жылдың 16 ақпан  мен наурыз айының 3  аралығында «Өрлеу БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» ДБО тренері Изтлеуова А.А. жетекшілігімен «Білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық ойлары аясында оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістері» тақырыбындағы базалық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс мақсаты:  МЖБС концептуалды негізінде білім беру үрдісінің жобалануы, оқытудың бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздандырылуы,  МЖБС талаптарына сәйкес жаңа ОӘК-ң ерекшеліктері, оқытудың жаңа әдістері туралы түсінік беру.

Курс аясында Ақтөбе қаласы  №9  мектеп-гимназия  базасында жаратылыстану-математикалық  бағытының  тыңдаушыларына іс-тәжірибе алмасу мақсатында: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үдерісін дамыту»  тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Ақтөбе қаласы және облыстан 47 мұғалім қатысты.

Семинар  барысында  информатика сабағында оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін дамыту мәселері бойынша информатика пәні мұғалімдері Г.Г.Ледяева., Р.Т.Темиргалиева өз тәжірибелерімен бөлісті. Физика пәні мұғалімдері О.В. Несмиянова., Л.В. Полякова білім ортасындағы инновациялық әдістеменің бірі ретінде  «Кейс технологиясын» ұсынды. Математика пәні мұғалімдері Т.П. Емельянова., А.К. Куанышбаева., Л.В. Новицкая, Т.В. Почтарева мұғалімдер назарына «Бағалау – оқушы жетістігінің кепілі» және   «Сабақ кезеңдеріндегі рефлексия»  тақырыбында  коучингтер өткізіп,  бағалаудың жаңа форматын қолдануды шебер көрсете білді.  Курстың тыңдаушылары  үшін семинардың практикалық маңызы жоғары болды.  Семинар қорытындысы бойынша оқу және оқыту үрдісін дамыту перспективалары анықталып, білім беру мазмұнын жаңартуда алға қойған міндеттерді іске асыру стратегиялары белгіленді.

Курс аясында мұғалімдерге шағын сабақтарын қорғау кезінде өз білімдерін ортаға салып, бөлісуге мүмкіндік берілді. Олар сыни ойлау стратегияларын қолданып, өздерінің шағын сабақтарын, жобаларын, шебер-сыныптарын көрсетті.

Тыңдаушылар екі апталық курстан оң әсер алғанын, мазмұнының терең болғанын, көптеген мәселелер бойынша нақты ақпараттар ала алғанын баяндады. 

 Изтлеуова  А.А.,

деңгейлік  бағдарламалар  орталығының  тренері, 

техника ғылымдарының  магистрі

 

«Өрлеу»: ҚР БжҒМ өкілдерінің қатысуымен болған ҰБТ-ның жаңа форматы

«Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессор-оқытушылар құрамы  ҰБТ-ның жаңа форматына жаңа міндеттер қойды. Бүгін аталған мәселе бойынша қазіргі таңдағы оқушылардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуге қатысты біліктілікті арттыру педагогтері ҰБТ-ның жаңа форматы туралы талдады.

Аталмыш мәселе төңірегінде институт ұжымы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті,  Білімнің мазмұны және әдістемесі басқармасының басшысы -  Жакенов Талғат Жұмабекұлы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім институтының директоры -  Рақымжанов Қайыржан Алдашұлымен кездесті. Маңызды басқосу  Білім және ғылым Министрлігінің  (22 ақпандағы), хаттамасын іске асыру шеңберінде білім алушыларды қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ның жаңа форматы-2017 жылға  бағытталды. Кездесу барысында «ҰБТ-ның жаңа форматы-2017» бойынша өзекті мәселелер басты назарға алынып, 2017 жылғы ҰБТ Қазақстан тарихы, математика, эссе жазу талаптарының бағалау әдістерінің бағыттары жете түсіндіріліп, «Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациялауды ұйымдастыру бойынша дайындық және әдістемелік нұсқау" әдістемелік құралы мен нормативтік құжаттары жөнінде толық ақпарат беріліп, институт ұжымының профессор-оқытушылар құрамына біліктілікті арттыруға келген барлық мұғалімдерді осы құжаттар негізінде  ақпараттандыру керектігі жөнінде айтылды. Сонымен қатар кездесуде  Ақтөбе облыстық білім Басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы -  Кулыбекова Гульжан Кулыбековна, Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің бөлім басшысы - Сулейменова Гулназ Туралиновна  іскерлік-кәсіби қарым-қатынастың қатысушы куәсі болды. Айта кетсек, ұжым тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап алынып, кездесу  белсенді,  әрі бейресми  атмосферада өткізілді.

Филиал директорының міндетін атқарушы, ф.ғ.к. Абишева Н.М.  ҚР Орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырудың  жаңаша әдіс-тәсілдеріне  қысқаша тоқталып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің ұжым алдына қойған кәсіби міндеттерін атқаруға бар күш-жігер салатынына  сенімін білдірді.   Кездесу соңы ұжымның Жакенов Талғат Жұмабекович пен Рақымжанов Қайыржан Алдашевичке  жүйелі және мазмұнды, әрі құнды ақпараты үшін ерекше алғыстарын, үлкен құрметін білдіруімен аяқталды. 

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы

ӨҢІРДІҢ ҒЫЛЫМИ СЕРІКТЕСТІГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

2017 жылдың 28-ақпаны күні ғылыми серіктестікті дамытудың   өзекті мәселелелерін талдау бойынша «Инновациялық үдерісті басқару. Инновациялық инжиниринг технологиясының моделі»  тақырыбында «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жетекшілігімен  институт директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева және директордың орынбасары, п.ғ.к. Н.К.Кибатаевалардың қатысуымен семинар өтті.

Семинар  білім беретін және ғылыми ұйымдарда инновациялық  қызметті тиімді жүзеге асырудағы  жаңашыл талаптарға сай ұйымдастырылды. Жұмыс барысында «R&IID ғылыми-өндірістік консорциум» Халықаралық Инновациялық Кеңесінің Төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор  - Евгений Алексеевич Ан семинар тақырыбына сәйкес маңызды әрі мазмұнды өзіндік көзқарасын білдіріп, құнды пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ректорының кеңесшісі қазіргі таңдағы өнеркәсіптік сектордың сұранысына сай жобалық жұмыстардың мәселелерін шешуде кооперацияларды және оларды коммерцияландырудың ғылыми технологияларын енгізу негізінде жан-жақты ақпараттар берді. Сонымен қатар семинарға  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректораты, ғалымдары,  ғылыми құрылымдар  мен грант жобалары бөлімінің  жетекшілері, оқу-өндірістік лабораториялары мен орталықтарының жетекші мамандары қатысты.

Семинардың қорытынды бөлімінде аталмыш жұмысты әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданып, сертификаттар табысталды. 

 

Н.С.Трнабаева,

баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімінің басшысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.