Діни экстремизм және терроризм: оның туындау себептері

   Жастар арасындағы аса маңызды бағыттардың бірі - экстремизмнің алдын алу жұмыстарын өткізу болып табылады. Мамандардың айтуынша, діни экстремизм және терроризмнің бағыттарына   ену ортасына психикалық тұрғысы әлі қалыптаспаған   оқушылар тобы жатады.
   Сондықтан да педагогтардың басты міндеттерінің бірі - экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу шараларын қабылдауға, анықтауға және экстремистік және террористік қызметтерін жүзеге асыруға бейімделген себептер мен жағдайларды   жоюға ықпал етуді   жүзеге асыру.
   2015жылдың 23 қыркүйегінде
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында "Діни экстремизм және терроризм: оның туындау себептері" атты облыстық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: адамның қауіпсіздігі,   діни экстремизм және терроризм көріністерінің қоғамға қауіптілігінің алдын алу және оған жол бермеу.

   Дөңгелек үстелде облыс мұғалімдері экстремизмнің пайда болуының негізгі себептерін белсене талқылап, діни экстремизм мен лаңкестік   идеологиясының тетіктеріне қарсы әрекетті, оқушылардың бойындағы жағымсыз қарым-қатынасты , экстремизм мен терроризм ұйымдарының өскелең ұрпақты өз іс-әрекеттеріне тартуды түбегейлі өзгерту мәселелеріне тоқталды.
  Бүгінде білім беру жүйесі экстремизм мен ұлтшылдық көріністердің алдын алу, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды төзімділік рухында,(толеранттылыққа) тәрбиелеуде барлық қажетті ресурстарға ие.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.