Блум таксономиясы: білімді игеруге бағытталған 6 қадам

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», - демекші, сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздар қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша әр ауданнан жиналып, 2016 жылдың ақпан айының 15-26 аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Б.Блум таксономиясы аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында кәсіби біліктіліктерін арттырды. «Замауи технологияны оқушы санасына сапалы біліммен меңгертемін» деп келген ұстаздар қауымына кафедраның аға оқытушысы, магистр Жапақова Гүлдана Қаныбекқызы жетекшілік етіп, профессор-оқытушылар құрамы  дәріс оқып  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Курс барысында оқуытушылар Б.Блум таксономиясы бойынша  теория мен практиканы ұштастырды. Сабақ құрылымының жоспарын  Б.Блум таксономиясы негізінде жасауды үйрендік. Тәжірибемізді шыңдау мақсатында Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектепке «Оқытудың жетістігін бағалауда Блум таксономиясын қолдану» тақырыбымен облыстық семинарға қатыстық. Курс барысында оқыту мен оқудағы заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, өз-өзін және басқаларды бағалауға үйрену,  сыни тұрғыдан ойлану, критерий бойынша өз білімдерін бағалай білуге дағдыландыру, оқушының танымдық қабілетін, бір – біріне деген қарым – қатынасын қалыптастыруда шебер-сынып, дөңгелек үстел, тренинг жұмыстары жүргізілді.

Курс тыңдаушылары «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру ұжымына  ризашылығымызды білдіре отырып, еңбектеріңізге толағай табыс, сарқылмас жігер, нәтижелі еңбек тілейміз!

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Калиновка ауылы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Бисенғалиева Маржан Жексенбайқызы

және «Б.Блум таксономиясы аясында оқушылардың

оқу жетістігін критериалды бағалау» тобы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.