«Оқушыларды  критериалды  бағалау  әдістері:

халықаралық  зерттеулер, отандық  тәжірибе» тақырыбында өткізілген

 облыстық ғылыми-практикалық конференция  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ жедел жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында                               2016 жылдың  27-сәуірі күні «Оқушыларды  критериалды  бағалау  әдістері: халықаралық  зерттеулер, отандық  тәжірибе» тақырыбындағы облыстық  ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына барлығы 97 педагог, соның ішінде институт ғалымдары, кафедра оқытушылары, деңгейлік бағдарламалар Орталығы мен Педагогикалық шеберлік Орталығының тренерлері, НЗМ педагогтары және аталған тақырыптағы облыстық тәжірибелік-эксперименттік алаңдардың Ақтөбе қаласындағы, Хромтау, Темір аудандарындағы сертификатталған мұғалімдері қатысты.

Конференция бағдарламасы бойынша пленарлық мәжіліс, Шебер-кластар шеруі, секция жұмыстары жүргізілді. 

Пленарлық мәжіліс критериалды бағалаудың өзекті мәселесі шеңберіндегі халықаралық зерттеулер мен отандық тәжірибелер туралы сұрақтарын қамтыды. 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.К.Қағазбаева  Қазақстан Республикасында PISA,ТІМSS,PIRLS халықаралық зерттеулерін жүргізудің қажеттілігі мен оның нәтижесін ортаға салып, Ақтөбе облысының рейтингтік көрсеткішіне тоқталды.   

«Критериалды бағалау білім беру сапасын дамыту моделі ретінде» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың ғылыми жетекшісі Е.С.Давлеткалиева эксперименттік алаңдардың жұмыс нәтижесін көрсетті. Аталған жұмыстың бейімделген нәтижесі 2015 жылдан бергі институтішілік экспериментке негіз болғанын және облыс педагогтарының біліктілігін арттыру кезінде қолданылып жүрген критериалды бағалау тәсілі төрт тақырыпшада институт қызметкерлерімен зерттелу үстінде екенін айтып өтті.  

 «Педагогикалық шеберлік орталығының» тренері Т.М.Көпжасарова мен Ақтөбе қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ физика пәнінің мұғалімі Т.В.Юрман оқушы мүмкіндігін арттыру жолындағы критериалды бағалау моделін тәжірибеде жүзеге асыру тәсілдері туралы баяндама оқыды. 

Ақтөбе қаласы №17 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі                       Е.Г.Макарова оқыту мен оқуды сапалы басқару ретіндегі бағалау әрекетін сызба түрінде көрсетті. 

         Конференцияға қатысушылар Шебер-кластар шеруі кезінде алдыңғы қатарлы тәжірибелермен келесі тақырыптар бойынша танысты:

-Айшуакова Э. К., Ақтөбе қаласы № 23 орта мектеп-лицейінің   орыс тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі. Тақырыбы: «Оценивание для обучения, оценивание обучения»;

-Емельянова Т. П., Ақтөбе қаласы № 9 ОМГ математика-информатика пәнінің мұғалімі. Тақырыбы: «Критериальное оценивание как процесс формирования предметных компетенций учащихся»;

-Муканова Ғ.О., институттың  аға оқытушысы. Тақырыбы: «Педагогтардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау-заман талабы».

Конференцияға қатысушылар критериалды бағалау әдістерін қолдану жолдарын пікірталас, тренинг, әдістемелік вернисаж түрінде өткізілген секция отырыстарында талдады. Үздік педагогикалық инновациялық тәжірибені енгізу мақсатында дайындалған 42 әдістемелік басылым әдістемелік вернисажда орын алды. Бұл еңбек-облыстың сертификатталған экспериментатор-мұғалімдері мен институттың профессорлық-педагогикалық құрамының және деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлерінің бірлескен әрекетінің жемісі.

Дәстүрлі түрде дайындалған  «Конференция күнделігінен/Дневник конференции» видео-презентациясы конференция жұмысына шолу жасады.

«Критериалды бағалау-оқушы білімін нақты бағалау» кітап көрмесіне критериалды бағалау туралы әдістемелік басылымдар мен баспасөз беттеріндегі мақалалар қойылды. Филиал сайтында конференция материалдарының жинағы жарыққа шығады.

Облыстық конференцияға қатысушылар білім беру басқармасы ұйымдарының басшыларына, білім беру ұйымдарына және Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессорлық-оқытушылық құрамына арналған ұсыныстар қабылдады. 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.