Орта білім мазмұнын жаңарту: жаңа мүмкіндіктер мен даму болашағы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» үстіміздегі жылдың 10-маусымы күні «Орта білім мазмұнын жаңарту: жаңа мүмкіндіктер мен даму болашағы» тақырыбындағы облыстық дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің, бастауыш кластардың және Ақтөбе қаласының пилоттық мектептері-№ 9 ОМГ мен Новый ОМ-інен барлығы 38 мұғалім  қатысты. 

Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру-негізгі мақсат болып алынды. 

Мұғалімдердің кәсіби, жеке, өзіндік педагогикалық «Меніне» бағытталған кең мүмкіндіктерді  біліктілікті  арттыру жүйесінде қалай дамытуға болатыны туралы  институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Кибатаева Н. К.  кіріспе сөзде  айтып өтті.

Диалогтық құрылымдық алаң режимінде өткен дөңгелек үстел барысында талқыға түскен мәселелер келесідей болды:

1.Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңартудың   қажеттілігі. 

2.Үдемелі білім беру моделі: жаңа идеялар мен оқыту мүмкіндіктері.

3. Қазақстанда үштілді білім беру: проблемалары мен болашағы .

4. Мұғалім мен оқушы: бірлесе түсіну-бірлескен әрекет-ынтымақтастық.         

5. Рефлексияның педагогикалық шеберлікті жетілдіруге әсері.

Теориялық білімдерімен А.Е.Такенова, Н.Н.Клесс, А.Р.Туремуратова,  А.Т.Анимкулова, М.Т.Абылхатовалар бөліссе, пилоттық мектептерден келген мұғалімдер Г.К.Досжанова мен Т.В.Михайлова бірінші класс оқушыларымен, олардың ата-аналарымен кездесетін қиындықтарды және оны шешу жолдары туралы мәселелерді ортаға салды.  Сонымен бірге,       жаңартылған орта білім мазмұнын оқу үдерісіне енгізу үшін алдымен ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы айтылды. Орта білім мазмұнын жаңарту үшін  мұғалім алдымен өз ісін сүйетін, әр пәннің ерекшелігін білетін, теорияны тәжірибемен оңтайлы ұштастыратын маман болуы қажет екені баса айтылды. 

Дөңгелек үстел соңында әдістемелік ұсыныстар қабылданды.  

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.