Педагогикалық квалиметрияның теориясы мен практикасы: мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытудың сапасын басқару

2016 жылы 16.06-01.07 маусым айының 16 жұлдызынан бастап шілде айының 1-ші жұлдызы аралығында  «Педагогикалық квалиметрияның теориясы мен практикасы: мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытудың сапасын басқару» тақырыбында  мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған курс өткізілуде.

Курс мақсаты квалиметриялық амалдарды қолдануды меңгерту арқылы мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, мектепке дейінгі ұйымдарда квалиметрия аясында білімді қалыптастыру мен дамыту тәсілдерін меңгерту.

Курс барысында педагогтар жоба жұмыстарының тақырыптарын таңдап, өз тәжірибесімен бөлісе отырып дайындайды.

Курс аяқталған соң тыңдаушылар кәсіби даму сапасының шарттарын жоспарлау және болжам жасай алады деп, сонымен қатар педагогикалық квалиметрияның технологиялары мен әдіс-тәсілдерін өз іс-тәжірибесінде қолдана алады деп сенім білдіреміз. 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.