ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығымен бекітілген “Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы” және ҚР Премьер-Министрінің өкімімен “Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын” жүзеге асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында 2019 жылдың 24 маусым күні жаңа қазақ әліпбиі бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілетін кабинеттің ашылу салтанаты болды.

Іс-шараға «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы,Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау саласы қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахиев Роман Рахиұлы, Ақтөбе облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Сүгірбаева Ақмарал Сағынбайқызы және де облыс педагогтары қатысты.

Инстиут директоры,ф.ғ.к.Абишева Нүргул Молдабайқызы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру –қазақ тілі тарихындағы жаңа дәуір екендігін атап өтті. Кабинеттің мақсат - міндеттерімен латын графикасы бойынша сертификатталған тренер Шаштыгарина Сарагүл Мұстафақызы таныстырды. Ол кабинеттің компьютерлік техникамен /25б./, интерактивті тақтамен, стендтермен, латын графикасына негізделген арнайы әдебиеттермен жабдықталғанын айтты.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды оқыту жоспарлануда.

Институттың оқытушы-профессорлар құрамының бес тренері А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі институтында жаңа әліпби бойынша біліктілігін арттырды.

Ақтөбе облысының педагогтары үшін кабинет құтты орынға айналады деген үміттеміз.

https://youtu.be/2sVMsGRsbf8

Шаштыгарина С.М.

Тренер, магистр

 

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.