2019 жылдың 16 шілдесінде «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе филиалы кураторлары мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері үшін жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауына қатысуға дайындық мақсатында консультациялар ұйымдастырды.

Лаборатория меңгерушісі Г.У.Каллибекова Ақтөбе қаласы №10 «Алма» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне конкурстың мақсаттары мен міндеттері туралы баяндап, ұсынылған жұмыстардың бағыттары мен талаптарын, оларды бағалаудың критерийлерін, іс-шараның шарттарын таныстырды және әдістемелік көмек көрсетті.

Конкурсқа қатысу үшін дайындық процесін оңтайландыру мақсатында видеобағдарламалардың тиімді технологиялық және әдістемелік аспектілері қарастырылды.

Каллибекова Г.У.,

лаборатория меңгерушісі

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.