«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасы жылдағы дәстүр бойынша Абай даңғылы аллеясында өз оқырмандарын отандық және әлем әдебиеттерімен таныстырды. Демалушылар мен балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға септігін тигізер жазғы оқу алаңында кемел ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармалары, ұлттық тарихымыз бен халықтық дүниетанымымыздың көркем шежірелері жинақталған «Жеті ғасыр жырлайды», «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы», «Бүлдіршіндермен қызықты әңгімелер», Қазақстан жануарлар сериясынан «Құстар» энциклопедиялары, көненің көзіндей болып тораңғы табиғатта сақталған бейнелерімен қызықтырар «Қазақ жерінің 100 аңызы», балаларға арналған «Күншуақ» басылымдары, сан түрлі ертегілер, тағы басқа да әдебиеттер жинақтары қойылды.

Табиғат аясындағы бұл демалыс мәдени-рухани қазынаның қайнар көзі -кітаптан алар құндылықтың сәтті сағаттарымен жалғасты. Көрмеде тағылым биігіндегі философиялық ойлары мен тереңіне тартар ғұлама Абайдың оныншы және он төртінші «Қара сөзін» қайтара оқыған оқырманның ойы мақсаттыға жол сілтегендей әсер қалдырды.

Қызықты оқиғаларымен қызықтырар кітап әлемі оқырман қауымды көркем әдебиетпен сусындауға шақырады.

Кітапхана ісі бойынша бас маман

Р.К. Назарбаева

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.