«Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе  филиалы жоспарына сәйкес  білім мазмұнын жаңарту аясында курстар өткізу жалғасуда. 2019 жылдың 4-ақпанынан 28-маусым аралығында барлық пәндер бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Курста мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Негізгі пәндердің құрылымдары «спиральді оқыту бағдарламасы» бойынша беріліп, оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру, оқушылардың оқу жетістіктері арқылы критериалды бағалау жүйесін меңгерді. Осы орайда институттың  сертификатталған тренерлері әр caбағын сaпалы түрде ұйымдастырып, жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жүктелген міндетті табысты орындады. Қатысушылар тренингтер, көптеген оқу стратегияларын, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуді үйренді. Біліктілікті арттыру курсы бойынша 2600-ден астам педагогтар сертификат алды. Сертификат алған барлық педагогтарды құттықтай отырып, жаңаша оқыту бағдарламасы идеясын жүзеге асыруда шығармашылық табыс тілейміз! 

Ермекова Н.Н.,

PR, SMM - маман, магистр

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.