2019 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі  Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің Республикалық тамыз конференциясы шеңберінде «Өзін-өзі» тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қалыптастыру» тақырыбындағы секциялық отырысымен басталды.  Секция жұмысына  ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК  директоры Р. Шер, «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиал директорлары, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының Білім басқармаларының басшылары, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша базалық білім беру ұйымдарының басшылары, жаттықтырушылары қатысты. Сондай-ақ Ақтөбе облысының педагогтары, білім басқармасының орынбасары Н.  Л. Бертлеуова «Ақтөбе облысының негізгі білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын интеграциялау» тақырыбында баяндама жасады. Отырыста білім алушылардың рухани-адамгершілік  дамуы, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және оқыту, білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, әдістемелік сүйемелдеу мәселелері қарастырылды. 

 Құрметті әріптестер! «Өрлеу» БАҰО филиалдары болашақ үшін жасалып жатқан ұлттық жобаларды бірлесіп атқаруға шақырады. Бізбен бірге болыңыздар! 

Ермекова Н.Н.,

PR, SMM-маман, магистр

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.