Тамыз кеңесі өз жұмысын «Білім беру жүйесінің латын графикасына көшу міндеттері мен шешу жолдары» атты секция жұмысымен жалғастырды. Отырыста  еліміздің рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс - латын графикасына көшіру мәселелері талқыланды. Секция жұмысына еліміздегі білім беру орындарының өкілдері, лингвист ғалымдар қатысып, латын графикасына көшудің ғылыми негізділігіне, өзектілігі мен кезең-кезеңмен көшу жолдары аясында атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.  «Өрлеу» БАҰО АҚ басқарма төрайымы,  педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ахметова Гульнас Кенжетаевна «Латын графикасына көшу жағдайында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада латын графикасына көшу жағдайында Республиканың тіл үйрететін педагогтарының кәсіби біліктілігін арттыру, семинарлар, курстар ұйымдастыру,  тілді оқытуға байланысты түрлі заманауи тәсілдерді қолдану, мұғалімдерге қолдау көрсетіп, тығыз байланыста жұмыс жасау мәселелерін ортаға салып, қатысушылардың көңілін аудартты. 

Білім беру саласында латын гафикасына көшу - ауқымды шаралар арқылы жүзеге асырылады. Еліміздің дамуы үшін жасалатын маңызды шараға «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бірлікпен атсалысуға шақыра отырып, сәттілік тілейміз!! 

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.