«Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» - ұлылығымызды дәріптеу

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы барша қоғамымызға зор сілкініс әкелді. Елбасы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының бағдарларын ұсынған.

Олар: « Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.Эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты.Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге - Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ - жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.»

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.».- деген  Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың сөзі ұлы бастаманың арқауы.

Еліміздің ертеңіне көз тіккен Елбасымыз ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбилеуге айрықша мән беріп, киелі мекендер мен басқа да жәдігерлер кешенін өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен орнықтыруды меңзейді.

Осы тұрғыда руханият саласындағы серпіліс оқырман қауымның елінің, жерінің тарихынан мол мағлұмат алып зерттеуіне жағдай жасайды. Елбасы ұлттық рухтың әр уақытта алда тұруы керектігін көрсете отырып, латын қарпіне біртіндеп көшудің уақыты келгендігін ескертеді. Бұл жолда Қ. Жұбановтың танымындағы латын жазуы мен емлесінің алар орны ерекшеленіп  «Тілдің ілгері басып дамуы үшін оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс шешілмей болмайды. Болмайтын себебі сол өркендеп алға басқан тілдің түрлі тарауының бәрі де сол  емле, терминологиямен сабақтасады да отырады.».- деген өрелі ой тастаған-ды.   

Рухани жаңғыру бағыты  Қазақстанның құндылықтарының мәнін ашып қана қоймай оны өскелең ұрпақ сезініп, көзімен көретін, өмірлік тәлім-тәрбие алып бабалар алдындағы қарымызды өтеуді, кешенді ізденістер мен мемлекеттік оң көзқарасты талап етеді. Рухани жаңғыру  рубрикасы шығармашылық табыстарға жетудің баспалдағы. Осы бағыттарды жүзеге асыруда өзіндік ой-пікірлерімен бөліскен, рухани құнды мағлұмат беретін кейбір мақалалар жинағымен  таныстырмақшымыз. Сіз де өз үлесіңізді қосуға асығыңыз. 

 



«Мәңгілік ел» – қазақ елінің ұлттық идеясы!



Институт қызметкерлерінің мақалалары:


Рахатова Куляйм Жетписбаевна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы бөлім  басшысы, п.ғ.м. 

Түменбаев Ш.Б.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  баспа және қоғамдық ортамен байланыс бөлімінің жетекші маманы

Бектенгалиев Серик Аскарович,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі басқармасының бас маманы, гуманитарлық ғылымдарының  магистрі

Айбусинова Алия Аскаровна, Камыспаева Самал Омаровна

академиялық бөлімнің бас мамандары,педагогика ғылымдарының магистрлері

Абишева Нургуль Молдабаевна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты

 Жапакова Гульдана Каныбековна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы

 Абулхайрова Гульнара Едилбаевна,

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасының аға оқытушысы

Абулхайрова Гульнара Едилбаевна,

"Өрлеу" БАҰО" АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасының аға оқытушысы

Табынбаева Алмагуль Каматаевна, 

гл. специалист отдела методического обеспечения инновационного развития филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Актюбинской области    

Отарбаева Лаззат Лайхатовна,

ведущий специалист отдела методического обеспечения инновационного развития филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Актюбинской области, магистр истории

 

Библиографиялық дайджест

Абишева Н.М.

Елдік бастамаға үн қосу ортақ парыз // Егемен Қазақстан, 2017.-19қазан.-№201(29182).-4 бет.

Мақалада  «Өрлеу»БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  директоры фил.ғ.к. Н.М.Абишева латын тіліне көшу еліміздің болашағы үшін маңызды істердің бірі екендігін ашып айтады. Латын графикасын қолдану – ақпарат алмасудың кең құралына айналуы тиіс, ол алдағы  келелі істердің шешуі дегенді айқындайды. 


Айталы А.

Рухани код-ұлттың ішкі жан дүниесі // Егемен Қазақстан, 2017.- 6 қараша.-№ 213(29194).-8 б.

Философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы  рухани жаңаруды  этнофилософиялық, этноәлеуметтік танымдық тұжырымдарға сүйене, ұлттың рухани кодының он маңызды индикаторларына тоқталады. Биологиялық тұрақтылық, төлтума бітім, ұлттық тәрбие арқылы ұлттың құндылықтарды сақтап қалуға болатынын зерделейді.


Бітік Д.

Рухани жаңғыру- идеологиялық жұмыстың платформасы // Егемен Қазақстан,2017.-6 қараша .-№213(29194).-1-2 б.

Мақалада  мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан»партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қаралған жаңғыруға қатысты партияның фракциялық қызметінің жетілдірілгені, тәртіптің нығайтылғаны, жастарды, сарапшылар мен зиялы қауымды тарта отырып әртүрлі диалог алаңдары жүргізетіндігін баяндайды.


Жұмағұлов Б.

Келелі ой, кемел шешім //   Егемен Қазақстан, 2017.- 8 қараша.-№215(29196).-7 бет.

Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі,Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласы негізінде тіл мамандары мен ғалымдар атқарар   келелі істерге тоқталады,сөздің жазылуы мен айтылуы барысында тіл білімі өкілдеріне ой тастайды.Ұлт болмысын сақтау мен ой сананы уақыт талабына қарай жаңғыруда, өркениетті 30 елдің қатарынан табыларымыз сөзсіз екендігін жеткізеді.  


 Абишева Н.М.

Жаһандану  заманының  талабы // Білімді ел- образованная страна.-2017.- № 35(96).- 19 сентября.-4 бет.

 Мақалада «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын, барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екендігіне тоқталады. Әлемдегі ең дамыған ғылыми және әдеби туындылар осы әріптермен жазылатындықтан, жаһандық өркениетке жақындауға зор ықпал ететін құнды мәселеленің заман талабының негізі екендігін баса айтады.       


 Ахметов Ә.

Латын графикасы мен ағылшын тілінің әлем өркениетіндегі орны //Егемен Қазақстан.-2017.-№184(29165).-26 қыркүйек.-3 бет.

Мақалада Ресей және Қазақстан Халықаралық жоғары мектеп ғылым академияларының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов латын әліпбиінің түп негізінен бастап, латын графикасының  әлемдік үстемдікке ие болу жолдарына дейінгі кезеңдерге тоқталады.


 Базарбаева З.

Казахская латиница: опыт и перспективы //Казахстанская правда. – 2017.-185 (28564)№ - 27 сентября.– с.4.

 Статья члена-корреспондента НАН РК, доктора филологических наук посвящена главной проблеме – нахождения оптимальных путей и способов перехода казахского языка на латиницу, трудность которой состоит в том, чтобы передать все существующие фонемы(звуки) казахского языка ограниченным числом букв латинского алфавита. Автор подчеркивает, что «историко-традиционное письмо на латинской основе отстает от развивающейся звуковой системы, требует реформирования с целью приближения к современным литературным языкам».


Бектас Г., Исләмбек А.

Алаш ұстанымы – ұлттық жаңғыру ұстыны // Айқын.-2017.-№143(3215).-22қыркүйек.-5 бет.

Алаш қозғалысының құрылғанына  100 жыл толу оқиғасына орай алаштанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, жазушы, тарихшылар  Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Айқын» газетіне арнайы өзіндік  құнды  пікірлер мен идеяларынан сұхбат бергені туралы  мақалада толық жазылған.Соның ішінде XX ғасырдан басталған Қазақстан тарихын қалпына келтіру,есімдерді бірегейлендіру сияқты нақты мәселелерге де тоқталған.


 Ерсұлтан А.

Рухани жаңғырудың кепілі // Айқын.-2017.-№143(3215).-22қыркүйек.- 4 бет.

 Мақаланың өзегі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен рухани жаңғырудың бағыттары, оның ішінде латын әліпбиін енгізудегі дәстүр мен жаңашылдықтары, ғылыми-әдіснамалық тұғырын зерттеуді қолға алу мәселелері.Сонымен бірге  латын әліпбиін меңгерту мен оқытудың мазмұнын айқындау, ғылыми негіздерді зерттейтін жұмысшы тобын құру туралы ұсыныс жасалған.


 Калымов А.

Золотая кладовая Жетысу //Казахстанская правда. – 2017.-183 (28562).- 25 сентября. – С.6-7

В статье отмечается,что по поручению Президента в республике началась масштабная краеведческая работа, повсеместно продолжают восстанавливаться памятники и другие культурные объекты, в регионах открылись офисы по реализации программы «Рухани жаңғыру». К примеру, в Алматинской области разработано 108 проектов, один из них посвящен вопросам сохранности музеев под открытым небом. «Нет сомнений, что реализация задач, обозначенных в статье Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания», внесет большой вклад в развитие культуры, пропаганду духовных и исторических ценностей, традиций и великого наследия предков», -уверен автор.


 Молдахметұлы Ж.

Латын әліпбиінің артықшылығы көп// Айқын.-2017.-№143(3215).-22қыркүйек.- 4 бет.

Мақалада Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінде «Латын графикасындағы мемлекеттік тілдің стандартты әліпбиінің ғылыми-әдіснамалық негізі» тақырыбында өткен тәжірибелік конференциясындағы әлемдік қайта жаңғыру, сандық жүйеге көшу кезеңінде еліміздің ғаламдық коммуникацияға еркін енуі толық қамтамасыз етілетіндігі айтылған.


Бейсенова Ә. 

ЭКСПО – жаңғырудың қозғаушы күші// Егемен Қазақстан. -2017.- 7- қыркүйек. - Б.5.

Академик Әлия Бейсенова еліміздің жаңа кезеңге аяқ басуы, біртұтас ұлт болуға ұмтылысы, болашаққа қалай қадам басатынымыз, сананы қалай өзгертетініміз туралы ойларымен бөліседі. Мақалада қазақ елінің 25 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері мен рухани жаңғыру тек бүгін басталған жұмыс екенін, тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше бағытта тарихи, мәдени нысандарды жаңғыртып, тарихтың жаңа беттерін ашылғанын, Елбасының стратегиялық бағдарламалары арқылы жүзеге асып жатқанына тереңірек тоқталады. Ел экономикасын жақсарту мақсатында ЭКСПО-2017 көрмесінің Астанада абыроймен өтуі – Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін үлкен зор мақтаныш екенін «елдегі инновациялық рухты жандандырудың, ғылымға ұмтылудың таптырмас тетігіне айналды», «Елбасының талабы жастарды технология тетіктерін үйренуге, ғылыми жаңалықтар ашуға, бұрынғы қалыптасқан сананы өзгертіп ғылымның өрісін кеңейтуге бағыттайды», - дейді профессор Әлия Бейсенова.  


Дауылтаев  Т.

Латиница – это не смена языка//Актюбинский вестник. - 2017.-№ 102(20.271).- С.6.

В статье руководитель управления по развитию языков Актюбинской области Гюлайым Тюлебаева отвечает на вопросы о переходе на латиницу. Тюлебаева Г. считает, что переход на латиницу – вопрос не смены языка, а необходимость модернизации и сохранения первозданности казахского языка, способствующий изучению казахского языка в мировом пространстве. 


Елеусинова Б.

Программа активных действий //Актюбинский вестник .- 2017.- № 101(20.270).-5 сентября.- С.2

В статье руководитель областного управления внутренней политики Елеусинова Б. рассказывает о комплексной работе, которая ведется в нашей области по реализации задач, указанных в программной статье Главы государства Н.А.Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания». По области проведено 335 мероприятий, в которых приняли участие 122 тысячи человек, информационными группами организована пропаганда содержания статьи во всех двенадцати районах области, а также установлены 121 билборд, 146 баннеров и 64 растяжек. Программная статья условно была разделена на малые программы: «Воспитание и образование», «Духовное богатство», «Атамекен» в осуществлении которых предложено внести свой вклад государственным и негосударственным учреждениям, общественным организациям, этнокультурным объединениям. 


Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің Түркі әлеміне әсері//Егемен Қазақстан.-2017.-6 қыркүйек.- Б.6

Түркияның Daily Sabah басылымында жарық көрген «Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің Түркі әлеміне әсері» атты мақаласын ықшамдап оқырман назарына ұсынады. Мақалада еліміздің латын қарпіне көшу жөніндегі қадамын түркі жұртының жылы қабылдағаны туралы айтылғандықтан, қазақ жұртшылығы үшін маңызы зор оқиға екенін газет редакциясы таныстыруды жөн санаған. Daily Sabah Н. Назарбаевтың латын қарпіне көшу жөніндегі шешімін Мұстафа Кемал Ататүріктің шешімімен салыстырады. Мақала авторы латын қарпіне көшу қазақи жаңа болмыстың мәдени және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.


Латынға көшу өткенімізді қайтарумен тең // Айқын.-2017. - 7 қыркүйек. - Б.4.

Мақалада Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдиновтың латын әліпбиіне көшудің маңызы мен бүгінгі қоғамға әсері жайында сұхбаты берілген. Латын  әліпбиін таңдай отырып, жаңа технологиялар мен инновацияларды тез меңгеруге қол жеткізетінімізді, дамыған, озық елдерге жақындай түсетінімізді айтады. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы ақылы танылғаны, оның өзгеруі халықтың мәдени өміріне, әлеуметтік психологиясына әсері туралы өз пікірін ортаға салады.


Тұяқбай Т. 

Латыншаға көшуге дайынбыз ба?// Ана тілі. -2017.-№  36 (1398) . 7-13 қыркүйек. - Б.5.

Мақалада автор қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты өз пікірін білдірген. Қазақ тілінің әліпбиіне неміс тілінің әліпбиі тәжірибесін қолдануды ұсынады. Неміс тілінде дыбысталуы жағынан қазақ тіліне тән кейбір дыбыстардың ұшырасатындығы,  қазақ тіліндегідей сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей болып келетіндігіне мысалдар келтіре отырып тоқталады. 26 әріптен (таңбадан, белгіден) тұратын стандартты латын әліпбиіне толық сәйкес келетін қазақ әліпбиін ұсынады.  


Имамбаева Д.

100 жаңа оқулық: аударма ісінде көңіл бөлер жайттар бар// Ана тілі. -№  35 (1397) . 30 тамыз-6 қыркүйек - Б.5.

Мақалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы аясында «Ұлттық аударма бюросының» атқарушы директоры  Рауан Кенжеханұлы әлемге танымал авторлар жазған әлеуметтану, философия, мәдениеттану, дінтану және филология ғылымдары бойынша 17 оқулықтың аудармасы аяқталуға таяу екендігіне, осы жобаға 90-нан аса ұстаз-ғалымдар мен аудармашы-редакторлар жұмылдырылғаны туралы айтылған. Сонымен қатар дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы оқулықтарды іріктеуге қойылатын талаптарға қатысты «Ең алдымен оқулық дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында қолданыста болуы, кемінде үш рет баспа жүзін көруі, соңғы үш жылда оқушылар мен оқытушыларға қажеттті болуы шарт» екендігін баяндады. Жобаға атсалысып жатқан республикамыздың іргелі оқу орындарының ғалымдарының ой-пікірлері берілген.


Нұрбаева А.

Рухани жаңғыру: жүйелі жұмыстар мен жоспарлар //Ақтөбе, №100(20.533). 25 тамыз. – Б.3

Мақалада «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын облыста жүзеге асыру барысы бойынша жиын өткендігі баяндалған. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, қоғамдық кеңес, Қазақстан халқы Асссамблеясының жергілікті өкілдері, мемлекеттік мекемелердің , жоғары және арнаулы оқу орындарының өкілдері қатысты. Облысымызда «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» бағдарламалары жасалып, «Туған жерге тағзым» акциясы, «Туған өлке мәдениеті», «Ұлттық құндылықтар –ел бірлігі», «Асыл ұрпақ», «Қазақстанның сакральды географиясы», «Қасиетті Қазақстан» «Мәдени даму» арнаулы  жобалары бойынша атқарылған жұмыстар баяндалған. Бағдарламалар аясында  жаңа ғимараттар ашылып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы өзара ынтымақтастық меморандумдарға қол қойылған. Осы өңірде туып-өскен Республикаға танымал білікті мамандардың қатысуымен түрлі ғылыми-тәжірибелік конференциялар,  шебер-кластар, семинар-тренингтер, театрландырылған қойылымдар өткізілетінін, «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті орындарының тізіміне» Абат-Байтақ, Есет батыр Көкіұлы кесенелері мен «Қобыланды батыр», «Хан моласы» мемориалды кешендері енгізілгені туралы айтылған.


Аяған Б.

Латын қарпіне көшіру хақында //Айқын, №130(3202). 30 тамыз. – Б.4

Мақалада ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Б. Аяған  «латын әліпбиіне өту – халықаралық аренада Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі мен субъектілігін айтарлықтай нығайтады» деп пікір айтады. Ол қазақ әліпбиін латынға ауыстыру барысында айтылған ақын Олжас Сүлейменовтың «латын мен кириллица арасындағы күрес бүкіләлемдік сипатқа ие» деген ойына келіспейтіндігін жазады. Европаның поляк, чех словак, хорват т.б көптеген славян халықтары көп ғасырлар бойы латын әліпбиін қолдануда, ал Ресей мен Украинада орыс және украин тілінен латынға ауыстыруға пікірталастар қайта-қайта туындап жатқанын айта келе, 1990 жылдары Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан елдерінде латынға өтудің өзіндік қиындықтары болғандығын, заманауи  IT-технологиялар ол жылдарға қарағанда анағұрлым арзанға жасауға мүмкіндік беретініне тоқталады. Мақаланы профессор «біздің бай тарихи және халықаралық тәжіриеміз бар, сондықтан біздің міндет өзгеше соншалықты ауқымды реформадан әдеттегі қателіктер, келеңсіз үрдістерден құтылу бай тәжірибемізді сауатты пайдалану» деп аяқтайды.


Вологодская Г.

Духовная сокровищница Востока // Казахстанская правда, 2017. - №157(28536). – 4-5 стр.

Статья посвящена памятникам истории и культуры казахстанского Алтая,  богатой созидательной истории края, в которой веками рядом мирно жили народы разных национальностей, религий и культуры. Автор подчеркивает актуальность программы «Тұған жер», которая ставит перед собой задачи о необходимости организации серьезной краеведческой работы в сфере образования, экологии и благоустройства, изучение региональной истории, восстановление культурно-исторических памятников и культурных объектов местного масштаба. 


Дүйсенбаев А.

Руханиятқа қосылған үлес // Ақтөбе, 2017.- №97(20.530).-5 бет.

Мақалада «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кафедра меңгерушісі, п.ғ. кандидаты, доцент  А.Қ. Дүйсенбаев философия  ғылымдарының  докторы, профессор Алтай Тайжановтың «Отан» баспасынан шыққан «Мұхтар Әуезов дүниетанымы» атты ғылыми-танымдық еңбегі туралы жазады. Автор өз еңбегінде жазушы шығармашылығындағы этномәдени құндылықтардың көріністеріне, ұлттық психология мен таным бірлігіне, халықтық таным мен тәрбиенің маңызына тоқталып, ізгіліктік, отансүйгіштік пен жалпы адамзаттық диалектикасы жазушы шығармашылығының өзегі деген тұжырымға келеді. 


Жаймағамбетова И. «Хан моласы» мемориалдық кешені // Ақтөбе, 2017.- №97(20.530).-24 бет.

Мақалада Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде «Қазақстанның киелі орындарының географиясын» жасау бағыттары бойынша Әбілқайыр хан мемориалдық кешені туралы нақты деректер беріліп, көне жәдігердің тарихи тұлғаларға қатысты 20 киелі орынға енгенін мәлімдейді.


Фиронова В.

Бозок – сакральное сердце столицы // Казахстанская правда, 2017. - №159(28538). – 3 стр.

Статья посвящена Ишимской археологической экспедиции, раскопкам средневекового городища Бозок, который является историческим памятником Казахстана. А ученым, вернувшим из «небытия» древнее поселение, стал легендарный археолог Кемаль Акишев, чье имя ассоциируется с одним из символов нашей страны – Золотым воином. Он является автором свыше 200 научных трудов: монографий, учебных пособий, статей. «Люди обеспечивающие сохранение и преемственность культурного пространства, не менее значимы для сильной страны, чем ее обороноспособный потенциал. Кемаль Акишевич Акишев это доказал своим подвижническим трудом», -  подчеркивает автор статьи Фиронова В.

Республика Казахстан, 030020, г.Актобе,

ул.Тургенева, 86

тел/факс+7(7132) 56-05-37,

e-mail: akt@orleu-edu.kzipk_aktobe_rk@mail.ru

«Личным кредо каждого казахстанца должно стать «образование в течение жизни».

  Президент РК  Н.А.Назарбаев.


Сагадиев Ерлан Кенжегалиевич

Министр образования и науки РК     |      Блог


 

 Ахметова Гульнас Кенжетаевна

Статьи председателя         |         Блог

Председатель Правления АО «НЦПК «Өрлеу» | доктор педагогических наук, профессор


Абишева Нургуль Молдабаевна

Биография              |
 Блог

Директор ФАО «НЦПК «Өрлеу» «ИПК ПР АО»

3d tour

«ҰСТАЗ – ШӘКІРТ МАҚТАНЫШЫ»

4945819
Сегодня
Вчера
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
9641
19290
194840
321129
4945819

Яндекс.Метрика