«Үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтың рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту» тақырыбында республикалық on-line режимінде әдістемелік көпір

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ   Х А Т

Құрметті әріптестер!

 

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспары бойынша   «Үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтың рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту» тақырыбында республикалық  on-line режимінде әдістемелік көпір өткізеді.

Білім беру ұйымдарында кітапханашылар арасында ұйымдастырылатын облыстық интернет- сайыстың Ережесі

1. Жалпы ереже

1.1.Білім беру жүйесі кітапхана мамандарына арналған “Кітапхана – ақпарат пен білім жаршысы” атты облыстық интернет- сайыс өткізіледі.

1.2 Бұл Ереже  сайыстың өткізілу тәртібін, сайысқа ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптарды, сайыс қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттауды анықтайды.


2. Конкурстың мақсаты және талаптары 

2.1. Сайыс мақсаты:

- оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,  кітапханашыларды шығармашылық  жұмыс жасауға  ынталандыру;

2.2. Сайыс міндеті :

- кітапханашылардың  шығармашылық және кәсіби шеберліктерін айқындау және қолдау;

-қоғамдық іс-шараларды  өткізуде  озық тәжірибені іске асыру, кітапхана қызметтерін алға жылжыту;

 - кітапхана жұмысындағы инновациялық іс-тәжірибелерді енгізуде кітапханашылардың  кәсіби  біліктілігін жетілдіру.

 

3.     Конкурстың өткізілу тәртібі

3.1.  Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын  қазақ және орыс тілдерінде жібере алады.

3.2. Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын электронды түрде 2017 жылдың 20 мамырына дейін жібере алады.

3.3.Бекітілген уақыттан кейін жіберілген конкурстық жұмыс қабылданбайды.

3.4.Ұйымдастыру комитетінің функциясы:

- сайысты ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

- сайыс жұмыстарын қабылдау;

 -ереже талаптарына сай келмейтін сайыс жұмыстарын қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығару;

- сайыстың талаптарға сай өтуін қадағалау;

3.5. Сайыс жеңімпаздарын  Ұйымдастыру комитетінің мүшелері анықтайды.

3.6. Сайысқа қатысу сайыс талаптарына  келісетіндікті    білдіреді.

 

4.     Сайыс материалдарын рәсімдеу талаптары :

4.1.Әрбір қатысушы өз жұмысын  тек бір ғана номинация  бойынша көрсете алады.

«Ең үздік кітап көрмесі» - кітап көрмесі, виртуальды кітап көрмесі;

«Ең үздік жоба» - келесі бөлімдерден тұрады:

Жоба атауы

Аннотация

Өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы

Мақсат және міндеті

Жобаның жүзеге асыру мерзімі, кезеңдері

Шаралар тізімі

Жоба қорытындысы

Жоба тиімділігін бағалау

«Ең үздік буктрейлер» - қызықты кітап жөнінде 2-3 минуттық бейнеролик.

 

5. Бағалау өлшемдері

- берілген материалдардың мазмұны педагогикалық мақсатқа, білім беру міндеттеріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі;

- сайыс тақырыбына сәйкес болуы;

- тақырыптың ашылу деңгейі: сауаттылығы, айқындылығы, көлемі, пайымдылығы;

- оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктеріне сай жобаның дизайны (түстері, бірыңғай стиль, визуалді эффектілері);

- сайысқа қатысушының кәсіби шеберлігі, эрудициясы, шығармашылық жұмысының жоғары деңгейі.

 

6.     Марапаттау

6.1.Сайыс жеңімпаздарының материалдары «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz жарияланады.

6.2. Интернет-сайыстың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.

 

                                                                                                Ұйымдастыру комитеті

«Қоғамда, жанұяда және мектепте зорлық көрсету мен көрсетпеу ұстанымдары» тақырыбында облыстық семинар

2016 жылдың 21қарашасы күні  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы   Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  «Қоғамда, жанұяда және мектепте зорлық көрсету мен көрсетпеу ұстанымдары» тақырыбында  облыстық семинар  өткізеді.

«Тәуелсіздік – ұлт рухы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Өткізілген орны: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  «Ақтөбе облысы  бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты, басталуы сағат 10.00

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты: «Мәнгілік Ел» Ұлттық идеясымен құндылықтары аясында облыс педагогтарының  патриоттық рухани-мәдени  дамуына ықпал ету.

Мұғалімнің жеке кәсіби дамуының мониторингі

Мониторинг және талдау бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық(қалалық) білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған “Мұғалімнің жеке кәсіби дамуының мониторингі» тақырыбында  2016 жылдың 16 қараша айында сағ: 10.00-де облыстық семинар өткізіледі.

3d tour

Яндекс.Метрика