АҚТӨБЕ-ӨРЛЕУ: БАЙҚАУ НЕГІЗІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР ...

    Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын жариялайды.

   «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының педагогикалық ұжымы конкурстың аймақтық кезеңіне қатысуға ниет білдірген мұғалімдер үшін кеңестік жұмыс жүргізіп келеді.

   Кеңес беру барысында байқауға қатысу шарттары, «Өрлеу» білім порталындағы мазмұнды орналастыру ерекшеліктері, авторлық құқықты сақтау мәселелері талқыланды.

   Байқауға қатысушыларға қызықты педагогикалық идеяларды іске асыруда сәттілік тілейміз!

   Конкурсқа шығармашыл, жан-жақты ойлайтын, белсенді мұғалімдерді шақырамыз!

Co-working орталықта мейірімділік күні

         

         Қазіргі заманғы отбасы үшін еңбек ету өте маңызды. Жетістікке жету жолында үнемі өзін-өзі дамыту, білімін жалғастыру, артық жұмыс жасайтын кездерде отбасындағы баланың жан-жақты тұлға ретінде дамыту қажеттілігін, оның қызығушылығын ұмытпаған абзал...

       Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ Co-working орталығында мейірімділік күні болып, әртүрлі жастағы балалар қатысты. Институттың сертификатталған тренері А. Нуганова «Мандала өзін-өзі реттеу тәсілі» тақырыбында арт-терапиялық сабақ өткізді. Бала көпшілікпен қарым-қатынас жасап үйрену үшін 10 минут суреттегідей мандала бояп, мынадай сұрақтарға жауап берді:

-          Бояған суреттерің өздеріңе ұнады ма?

-          Қандай көңіл-күйде болдыңыз?

       Мейірімділік тақырыбында  институттың сертификатталған тренері Г. Жапақова «Мейірімділік дегеніміз не?», «Жақсы істер», «Сыпайы адам» тақырыбында еркін әңгімелесу, «Бір-бірімізге жақсы сөз айтайық» тренингі, Дүниежүзілік шоколад күніне орай балалармен «Шоколад жаңбыры» ойынын өткізді. Балалар күні бойы ойын ойнап, кітап оқып, мультфильмдер көрді.

      Co-working орталығында үнемі кестеге сәйкес сурет салу, балаларға арналған математика, ағылшын тілі, аппликация, қоршаған ортамен байланыс, шығармашылық шеберхана, спорттық ойындар бойынша сабақтар өтеді. Барлық сабақтар жүйелі түрде балалардың негізгі дағдысы мен шеберлігін дамытуға, сондай-ақ логикасына, есте сақтау, көркемдік талғамының қалыптасуына, ересектер мен құрбыларымен қарым-қатынас жасауға бағытталған.

                                                                                                                      Ермекова Н.Н.

            Co-working-орталығы

 

ПЕДАГОГТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ  «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

        «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Жедел жоспарға сәйкес «Қазақстандық білім және спорттық робототехника «КазРоботикс» Федерациясымен бірлесе «Робототехника: табысты болашақ жолында» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.    

Өткізу мерзімі: 18 қазан 2018 жыл.

Конференция мақсаты: оқыту үрдісінде робототехниканы дамытудағы өзекті мәселелерді және оның табыстылығын талқылау.  

         Конференция жұмысының бағыттары:

  1. Робототехниканы дамыту аясында кәсіби қоғамдастықты қалыптастырудағы мәселелер және даму болашағы.
  2. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі: робототехникадағы психоэмоционалды және социогуманитарлық аспектілер.
  3.  Робототехникадағы  когнитивті технологияларды тәжірибеде қолдану. 
  4. Сайыстық робототехниканың интеллектуалды дамыған тұлға қалыптастырудағы маңызы.   

        Конференцияның жұмыс тілі: қазақша, орысша

     Конференцияға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының және ПШО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, тренерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ТжКБ, орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, робототехника орталықтарын қатысуға шақырады. 

      Конференцияны өткізу орны: Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86,        «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты».

        Материалдар 2018 жылдың қазанның 5-не дейін қабылданады.

          Ақпараттық ресурс: конференция материалдарының жинағы филиалдың  orleu-aktobe.kz сайтында жарияланады.  

          Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастырушылық комитеттің мекен-жайына қажетті ақпараттарды жіберуіңіз керек: 

  1. Конференцияға қатысу өтініші. (Қосымша1)
  2. Мақала/баяндама мәтіні. (Қосымша2)
  3. Электронды пошта мекен-жайы: «Конференция» деген белгісімен.

       Ұйымдастыру комитеті:     «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасы

       Мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86

       e-mail : kafedra-ndo@mail.ru  

       Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7132) 54-91-88.

       Ұялы телефондар:   8-701-132-05-16  Нурписова Рыскуль Коянбаевна

                                8-701-782-57-82    Абдиров Раушанбек Тулгабекович 

Ұйымдастыру комитеті

 

Қосымша 1

 

«Робототехника: табысты болашақ жолында»

атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін

ӨТІНІШ

 

1

Тегі, аты, әкесінің аты

 

 

2

Жұмыс орны, қызметі

 

 

3

Ғылыми дәрежесі, атағы, санаты

 

 

4

Мақала тақырыбы

 

 

5

Байланыс телефоны

 

 

6

Электронды пошта мекен-жайы

 

 

7

Қатысу формасы  (іштей, сырттай, он-лайн)

 

 

 

Қосымша  2

 

Материалдарды көркемдеуге қойылатын талаптар:

 

-        файл атауы – тегі_қала (мысалы: Ахметова_ Ақтөбе);

-        формат – кез-келген нұсқа MS Word

-        көлемі – үш беттен бес бет аралығында А-4 форматында – кітаптық орентация;

-        шрифт – Times New Roman; кегль – 12; таблица үшін – 11;

-        қызыл жиек: сол жақ - 2,5 мм, оң жақ, жоғарғы, төменгі - 2,0 мм;

-        жоларалық интервал – бірлік;

-        тегістеу – көлденеңнен;

-        қызыл жиек – 1 см;

-        бет номерлері – номерсіз;

-        графиктер, суреттер, схемалар, Word алынған құралдарын міндетті түрде топтастыру;

-        әдебиеттер ссылкасын номерлеу, ссылка номері тік жақша арқылы беріледі. «Әдебиеттер» бөлімі ортасы бойынша тегістеледі, 12 кегльмен қою  шрифтпен жазылады.

 

         Мақала атауы – ортасында, жартылай қою ғаріптермен, тасмалдамай, төменде екі интервалдан кейін – автордың тегі, аты, әкесінің аты, E-mail (авторлар – 3 адамнан аспауы қажет) – ортасында, жартылай қою ғаріптермен, төменде бір интервалдан кейін тегінің астына – жұмыс орны, төменде екі интервалдан кейін – мақала мәтіні.

         Егерде ұсынылған материалдар конференция тақырыбына, мазмұнына  және талаптарға сәйкес келмесе, ұйымдастыру комитеті автордың жұмысын жарияламауға құқығы бар.

 

                                    

Астана мерекесі қарсаңында онлайн-сайыс қорытындыланды

             Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Елімнің жүрегі – Астана: 20 жыл» атты облыстық  онлайн-сайыс қорытындысы анықталды.

             Астана қаласының тарихын, 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерін, жан-жақты насихаттау арқылы заманауи жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.

             Қазылар алқасы тапсырылған жұмыстардың сапасын, мазмұны мен безендірілуін, шығармашылық және кәсіби деңгейін бағалай отырып, қорытындылады.

 

Диплом 1 дәрежелі

Баймұханова Аксауле Шайхиновна - Қобда орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

 

Диплом 2 Дәрежелі

Айжарикова  Майра  Бидуллаевна -Бегалы  негізгі мектебінің кітапханашысы

С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы

 

Диплом 3 Дәрежелі

Ескарина Райла Жақсыбайқызы - Ақтөбе қаласы гуманитарлық колледжінің  кітапхана меңгерушісі

Сапина Нургул – Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің оқытушысы

Қазыбаева Шарагүл – Алға ауданы, Есет батыр атындағы мектеп-бақша тәрбиешісі

 

Қатысқаны үшін сертификаттар:

 

Жұмабаева Мейрамгүл Айтқұлқызы - Ақтөбе қаласы №65 ОМ кітапхана меңгерушісі

Ящук Любовь Николаевна  - Қобда ауданы Қызылжар ОМ кітапханашысы

Муканова Айсұлу Сагиндыковна - Қандыағаш №1 ОМ кітапхана меңгерушісі

Отеуова Ляззат Тулегенқызы - Шалқар ауданы, ГКС – 12 ОМ кітапханашысы

Сарқытбаева Перизат Берікқызы- Ақтөбе қаласы №61ОМ  9«а»класс оқушысы

Оралбаева Марфуга - Ақтөбе қаласы №61ОМ  кітапханашысы

Нишпаева Жанар Сабиржановна –Ш. Қалдыаяқов атындағы моделді ауылдық кітапхана меңгерушісі

Бахила Гүлжайнар Бақбергеновна- Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 ОМ

кітапхана меңгерушісі

Мұқашева Айнагуль Нурлановна - Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 ОМ кітапханашысы

 Ермекбаева К.О., Максимова Э.В.  - Благодар орта мектеп кітапхана мамандары

 

Еліміздің айтулы мерекесіне арналған шараға белсене қатысқандарыңызға ризашылық білдіре отырып, бейбіт өмір, шығармашылық табыс, еліміздің мәртебесін көтерудегі  еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

 

 

Ұйымдастыру комитеті

CO-WORKING орталық: Астананың 20 жылдығы қарсаңында...

Астана – барша қазақстандықтардың мақ­танышы, сондай-ақ тұрақтылық пен бірлік, экономикалық өсу мен гүлденуіміздің символы.  Астана – Қазақстан жаңғыруының келбеті мен ай­ғағы.

Бүгін сo-working  орталығында Астана күнін мерекелік тойлау шарасы өтті. Мерекелік шараға орталыққа келген Ақтөбе қаласының балалары  мен ата-аналары, институттың оқытушы-профессор құрамы белсене қатысты. Қатысушыларды «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының  директорының орынбасары, п.ғ.к. Н. Кибатаева айтулы мерекемен құттықтап, Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны ретінде Астана қаласын салудағы стратегиялық жетістіктеріне тоқталды.     

Астана мерекесіне арнап балалар әннен шашу шашып,  би билеп, «Астана – елімнің бақ ордасы» тақырыбында сурет салды. Олар өз орындауларынан  ерекше әсер алып, басқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлады. Кездесу сәтті өтті! Туған күніңмен, Астана!!!

 

 

Н.Н. Ермекова 
Сo-working орталығы

3d tour

Яндекс.Метрика