Біліктілігін арттыру жүйесінің ардагерлері

Просмотр журнала >>>

 

 

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, игі тілекпен жаңа Наурызды қарсы алуда Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залындағы  мерекелік концертке «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ұжымы, білім беру жүйесінің  ардагер ұстаздары, педагогтері қатысты. 

Біліктілікті арттыру жүйесінің ардагер ұстаздары, ұжымның профессор-оқытушылар құрамы мен  қызметкерлері  қатысқан бүгінгі мерекелік  шарада  Ақтөбе қалалық Оқушылар сарайының   өнерлі өрендері  көрермендерді ерекше ықыласқа бөледі.  

 

 

Төленді Каримович Каримов

Төленді Кәрімұлы Кәрімов 1939 жылы 26 желтоқсанда Атырау облысы Теңіз ауданында дүниеге келген. Ол - медицина ғылымының докторы (1988), Халықаралық экология және өмір қауіпсіздігі Академиясының академигі, ҚР МАН-ның корреспондент-мүшесі, «КССРО денсаулық сақтау ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері».

1969 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген соң, осы институтта аспирант (1970 жылдан), ассистент, доцент болып қызмет атқарды. Т.К. Кәрімовтің негізгі ғылыми-зерттеулері фармакология және тағам гигиенасына арналған.

2000 жылдың желтоқсан айынан 2003 жылдың қаңтар айына дейін Ақтөбе облысы бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының директоры қызметінде жұмыс жасады.

Егеменді еліміздің алғашқы жылдарында Ақтөбе облысы ұстаздарының біліктілігін іске асыруда біршама еңбек атқарды. Оған дәлел, қазіргі кезеңдегі ұстаздарға қойылатын талаптарға сай жаңа инновациялық тұрғыда жасақталған және мектеп директорларын қайта даярлау, математика және оқушыларға іргелі білім беретін математика оқу кабинеттерін білікті мамандармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстары іске асырылды.

Институт ұстаздарының ғылым жолындағы еңбектерін диссертациялық жүйеге келтіруге ықпал етіп, 4 ғылым кандидатын (педагогика саласы) дайындауға атсалысты. Олар: Тоқсанбаев А.М., Қибатаева Н.Қ., Өмірбаева К.О., Каплиева А.Қ. Сол жылдары облыс әкімінің көмегімен институтта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Институт кадрларына қолайлы жұмыс жасауға көмек берілді. 

 


Абдуллаев Нұртаза Ақишанұлы

Ф.А.Ж: Абдуллаев Нұртаза Ақишанұлы
Туған жылы: 03.06.1943
Білімі:  жоғары
Жұмыс орны және өтілі: Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, 41 жыл
Факультет: тарих
Кафедра: Тарих және тарихты оқыту әдістемесі
Қызметі: профессор
Ғылыми дәрежесі және ғылыми лауазымы: тарих ғылымдарының докторы, ЖАҚ профессоры
Сыйлықтары: мақтау қағазы, дипломдар, алғыс хаттар-37
Ғылыми жарияланымдары, кітаптары, монографиялары: 174

1991 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақтөбе облысы басшылығының шешімімен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтына директор қызметіне тағайындалған. Оған дейін Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтында тарих және саяси экономия кафедрасын басқарған. Бірінші кезекте бүкіл  тарихында әр мектептің бұрышын сағалап жүрген ұжымға казіргі ғимаратты толық алып институтқа ұстаздар мамандығын жетілдіру деген атақ алған. КСРО орталықтарындағы атаулы ғылыми педагогикалық орындармен тығыз орната білген. Қазақстанның атақты педагогтар тәжірибесін тарататын / Германиядан доктор Манфред, РҒА Лисенкова, Бітібаева, Айтқали т.б./ оқу семинарлар ұйымдастырылған, әр оқу жылында ондаған мұғалімдер атаулы педагогикалық ұжымдарға тәжірибе алмасуға жол сапар жасаған. Әр жылда облыс педагогтарына белгілі педагог ғалымдардәріс оқу тәжірибесі енгізілген.   


Кунбаева Лаура Насановна 

Кунбаева Лаура Насановна 1950 жылы 26 маусымда Ақтөбе облысы  Темір қаласында педагогтер отбасында дүниеге келген.

1967 жылы онжылдық мектепті аяқтағаннан кейін Алматы педагогикалық институтына түсіп, 1972 жылы бітірді. Сол жылы жолдамамен Ақтөбе қаласындағы №30 орта мектепке биология пәнінің мұғалімі болып қабылданып, зейнет жасына дейін осы сала бойынша қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында үкіметтің марапаттауларымен «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Аға мұғалім» атақтарына ие болды.

1995 жылдың қыркүйек айынан бастап  №30 орта мектебінің қайта құрылуына байланысты Облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтына биология кабинетінің меңгерушісі қызметіне қабылданды.

2007 жылы Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының жаратылыстану-ғылыми пәндер кабинеті меңгерушілігін атқарып жүрген  кезде маусым айында ҚР Білім және Ғылым Министрлігі өткізген «Педагог - новатор» атты Республикалық  форумға делегат болып,  «Білім жүйесіндегі инновациялық технологиялардың орны мен рөлі» деген тақырыппен дөңгелек үстелге қатысты.

2008 жылы 11 шілдеде қол жеткен табыстары,  соның ішінде  жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі еңбектерінің нәтижесінде «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Қазіргі таңда Лаура Насановна құрметті зейнет демалысында.

 

 

 


       

Балябина Мария Харлампиевна

                1949 жылғы 9 қарашада Молдова Республикасы Камрад қаласында дүниеге келді. 1972 жылы Кишенев педагогикалық  институтының «Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығын аяқтады. 1988 жылдың қыркүйек айы мен 1992 жылғы сәуір айы аралығында Ақтөбе облысының мұғалімдерді жетілдіру институтының  директоры қызметін атқарды.           1992-2011 жыл аралығында Ақтөбе қаласы №20 орта мектеп-лицей директоры қызметін атқарды. Жоғары санатты мұғалім, педагог-новатор, мектеп директорлары арасында ұйымдастырылған қазақстандық-америкалық байқау жеңімпазы ретінде, тәжірибе алмасу үшін АҚШ-қа шақырту алды.

ЮНЕСКО (2004ж) аясында өткен «Әдемі мектеп» халықаралық байқауында оның мектебі бірінші орынға иеленді.  «Үздік мекеме» (2010 ж.) Республикалық байқауының жеңімпазы, 2008-2011 жылдар аралығында педагогикалық жетістіктер облыстық байқау-марафонында «Облыстың үздік инновациялық мектебі» атағына ие болып, облыс Әкімінің сыйлығын иеленді. ҚР білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин (1993 ж) атындағы медальмен марапатталды, үздік мектеп директоры (1993 ж), «Үздік облыс педагогы» (2009 ж) байқауының жүлдегері, Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы (2000ж).

                     

 

 


 

 Лиман Сандибаевна Буранбаева

 

1990-2001жж. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №3 орта мектепте мектеп директоры қызметін атқарды.

Ол 1997 жылы мектептің онжылдық құрметіне орай ашылған «Жібек жолы»  тарихи-өлкетану мұражайына баға жетпес үлес қосты.

1998 жылы Л.С.Буранбаева басқарған мектеп ЮНЕСКО-ның қолдауымен Қауымдасқан мектептер құрамына кірді.

2000 жылы Лиман Сандибаевна, заманауи мектепті басқарудағы мол тәжірибесінің нәтижесінде Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының мониторинг және аналитика бөлімін басқарды.

Институтта жұмыс істеген жылдары (2000-2009 жж.) өзін белсенді, шығармашылықпен жұмыс жасаудың қыр-сырын игерген жан-жақты білікті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Облыстың білім беру ұйымдарындағы  педагогикалық қызметтің  ғылыми-нақтылыққа бағытталған қадағалау нәтижелерін талдауда мониторингтік зерттеулерді ұйымдастыру  бойынша  бөлімнің шебер басшысы. Оның басшылығымен білім беру ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты жинау және өңдеу, тарату, сақтау жүзеге асырылды.

Жоғары деңгейлі педагогикалық шеберлігі және  белсенді азаматтық ұстанымы үшін облыс педагогтерінің  кәсіби шеберлігін жетілдіруде  Лиман Сандибаевна Буранбаева «ҚР білім беру ісінің Үздігі төс белгісімен» , «Ы. Алтынсарин атындағы Алғыс хаттарымен», облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты мен  облыс және қала Әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.  



Пережогина Людмила Ивановна


Родилась в Украине на Донбассе 24 июня 1958 года.
В 1974 году окончила школу №11 г.Актобе,
в 1976 окончила педагогическое училище по специальности учитель начальных классов. В 2000-м году окончила Актюбинский педагогический институт.
Педагогическую деятельность с 1991 года. Работала в средней школе  №4, средней школе - творческой  лаборатории №12 г. Актобе. В течении 15 лет работала внештатным лектором  ОБЛИПК ИПК. Затем перешла на постоянную работу  в качестве  методиста, заведующего кабинетом воспитания и социализации личности института повышения квалификации. 2013 года являлась тренером Центра уровневых программ.

В течение 26 лет занималась инновационной и опытно-экспериментальной деятельностью в области педагогики. Награждена грамотами ИПКПР, областного отдела народного образования, РИПКСО, имеет диплом наградной лист и премию акима Актюбинской области.


Реймова Мариям Казмағамбеткызы


1947 жылы 4-мамырда дүниеге келген. Білімі арнаулы орта, Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» факультетін 1967 жылы бітірген. Жалпы еңбек өтілі  45 жыл. 1999-2010 жылдары аралығында Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты кітапханасында  жұмыс жасады.

 

 

 


Камшат Есимовна Джамбурчина


Ақтөбе облысы Шалқар қаласында 4 сәуір күні 1957 жылы туылған. 1967 жылы Қобда ауданының Новоалексей орыс орта мектебін бітірген.

1982 жылы Гурьев педагогикалық институты, биология мамандығын, 1985 ж. Мәскеу қаласындағы Тимирязев Академиясын, экология мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1967-1968ж. Қобда ауданы, Новоалексей поселкесіндегі пионерлер үйі, 1978-1979ж. Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатында архивариус, 1998жылы Ақтөбе облыстық кадрларды біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында кадр жөніндегі инспектор қызметін атқарды.


Грушина Лидия Анатольевна

 

1954 жылы туған, ұлты орыс, білімі жоғары, кітапхана жұмысындағы жалпы еңбек өтілі 35 жыл. 2003 жылы кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша Орал қаласындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін бітірді.

Еңбек жолын 1975 жылдан бастап  2012 жылға дейінгі аралықта Ақтөбе облыстық біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтында қызмет атқарған.

Мақалалары халықаралық, республикалық, облыстық конференция жинақтарына еніп, республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарда жарияланған.

Лидия Анатольевна өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген құштарлығын арттыруда,  кітапхана ісін  дамытуда педагогикалық әдіс–тәсілдерді қолдана жүріп еңбектенуінің арқасында (Алматы, 2010ж.) («Сердце, отданное детям») Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздік қызметкерлері анықтамалығына еніп, облыстық білім беру басшылығының және институттың  мадақтау қағаздарымен марапатталған.


Кубенова Шолпан Ивановна

 

Туған күні, айы, жылы:  10.09.1957ж.

Өтілі және еңбек тәжірибесі: 1.1978 -1981 жж. Ақтөбе байланыс колледжінің оқытушысы.Ақтөбе қаласы. 2. 1981-1988жж. Алматы халық шаруашылық институтының Ақтөбе филиалының оқытушысы. 3. 1988-1990жж. Ақтөбе педагогикалық институтының  оқытушысы.4. 1990-1992жж. Украина ССР-і Ғылым Академиясының зерттеушісі. 5. 1992-1996жж. Ақтөбе педагогикалық институтының  оқытушысы. 6. 1996-2002жж. С.Бәйішев атындағы университет Ақтөбе проректоры. 7.2002-2003жж. Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің оқытушысы. 8. 2003-2012жж. Ақтөбе облыстық кадрлардың біліктілігін арттыру  және қайта даярлау иститутының директоры. 9.2012-2016жж. "Өрлеу" біліктілігін арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының филиалы "Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының" директоры

Наградалары,  атақтары,   ғылыми атақтары мен  дәрежелері: физика-математика ғылымдарының кандидаты Қазақстан Республикасының Президентінің Алғысы-2011жыл, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі-2006жыл, ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы-(2010-2011ж.), Орынбор облысы білім министрлігінің Алғыс хаты (2010 жыл), «Семей-Невада» республикалық антиядорлық қозғалысы төс белгімен марапатталды (2009ж.Астана), ҚР-ның  Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин ат.ындағы Ұлттық білім академиясының алғыс хаты (2011ж.Астана қ.), Ұлыбритания елшілігінің «Britih Council» ЕТТЕ жобасын Ақтөбе облысында сәтті жүзеге асырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды (2011ж. Астана қ.), Қазақстандағы АҚШ-тың Бейбітшілік корпусының алғыс хаты (2012ж.Алматы қ.)


Тамбаева Дина Базарбаевна

 

Ақтөбе облысы Темір қаласында 1940 жылдың қыркүйек айының 25-сінші жұлдызында дүниеге келді.

1967 жылдың маусым айының 28-де СССР мемлекеттік банкасының Алматы есеп-кредит техникумын «Есеп және оперативалық техника» мамандығы бойынша бітіріп, «Мемлекеттік банк бухгалтері» квалификациясына ие болды.

1968ж.-нан 1990ж. дейін Ақтөбе райондық мемлекеттік банкының бухгалтері болып жұмыс жасады.

1990ж.-нан 1999ж. Ақтөбе облыстық БЖСМ №8 бас бухгалтер міндетін атқарды.

1999ж.-нан 2012ж. МКҚК Ақтөбе облыстық БАИ және КҚД» бас бухгалтері міндетін атқарды


Асанғалиев Мақсат Жонысұлы

                

1973-1979 жж. Қараой орта мектебінде мұғалім, ұйымдастырушы.

1979-1980 жж.  Ойыл аудандық білім бөлімінде инспектор, аға маман қызметкері.

1993  жылдан бастап Родниковка мектеп-интернатының директоры.

1996 ж. Ақтөбе қаласы физика-математика мектеп-интернатының директоры.

1997 жылдан бастап  Ақтөбе облыстық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері, кабинет меңгерушісі, аға оқытушы.

2012 ж. «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық  орталығы АҚ филиалының «Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы.

2013 ж. «Мониторинг және талдау» бөлімінің бас маманы


Абетова Рысты Кабаковна

 

1964 жылы Ақтөбе педагогикалық  училищесін бітірген. 1969 жылы Орал педагогикалық институтын бітіріп, сол жылдан бастап Қостанай облысы Рудный қаласында бастауыш класс мұғалімі болып еңбек қызметін бастады. 1972 жылдан 1974 жыл аралығында Арқалық қаласында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  1974-1979жж. Қарабұтақ аудандық халыққа білім беру бөлімінің директоры, 1979-1982 жж.  жобалау институтының инженері, 1982-1996 жж. Батыс Қазақстан темір жолында білім беру жүйесі,  1997-1998 жж.  Облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік орталықта,  1998-2003жж. Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында орыс тілі мен әдебиеті кабинетінің меңгерушісі болып қызмет етті.

 Жалпы педагогикалық еңбек өтілі - 34 жыл.

 

 


Прудий Галина Владимировна 

1961 жылы мектепті аяқтады.

1967 жылы  Орал педагогикалық институтының тарих факультетін бітірді.

Педагогикалық қызметін 1967 жылдан бастады,  Орал облысы Шыңғырлау ауданы Новопетровск орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1969 жылы жұмысшы жастарға арналған кешкі  мектепте жұмыс жасады.

1971-1976 жылдар аралығында мектепке дейінгі мекемеде жұмыс жасады.

1976-1989 жылы Ақтөбе қаласындағы №17 орта мектепте жұмыс жасады.

1989- 2007 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық ИПК иПК қызметте болды. ИПК иПК грамоталарымен марапатталған.


Рахметова Алия

 

Білімі:   Алматы қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының музыка факультеті, музыка пәнінің мұғалімі .

Кәсіби тәжірибесі: 1982-1986 жылдар аралығында  Алматы қаласы, №12 қазақ орта мектебінің музыка пәні мұғалімі, 1986-88 жылдар Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы музыка мектебінің мұғалімі, 1988-93 жылдар аталған мектептің директоры, 1993-94 оқу жылы № 1 музыка мектебінің хор бөлімінің меңгерушісі, 1994-2015  жылдарарасында   Актөбе мұғалімдер біліктілігін арттыру иснтитутында  жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты.  Педагогикалық еңбек жолында бірнеше рет  ҚР білім министрлігінің  Құрмет грамотасымен марапатталған.   Онбір жылдық білім беру жүйесіндегі 2-3-4 сыныптың музыка  оқулықтарының, әдістемелерінің авторы.

 


 Берикбала Нургазиевна Желдыбаева

                   

21 қыркүйек 1948 жылы Алматы облысы Талгар ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген.

1966 жылы №12 Октябрь орта мектебін «Алтын белгімен» аяқтаған.1966 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін аяқтады.Педагогикалық  қызметін 1971 жылы бастады. Алматы облысы Талгар ауданының Октябрь ауылы №12 орта мектебінде химия пәнінен мұғалім болып жұмыс жасады.

1974 жылы 25 тамыздан Ақтөбе қаласына семья жағдайына байланысты  қоныс аударып медициналық колледжге әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып жұмысқа орналасты. 2000 жылы Ақтөбе облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына оқу бөліміне әдіскер қызметіне ауысты. Аудандық білім бөлімінің, институт атынан Құрмет грамоталарымен марапатталған.


Турмашева Ботагоз  Кадыровна


1955 жылы 28-сәуірде туған.

1972 жылы орта мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына оқуға түседі. Оқуды «Үздік дипломмен» бітіріп, 1978-1980 жж. Ақтөбе облысы Жилянка ОМ тарих пәнінің мұғалімі болып алғашқы еңбек жолын бастайды. 1981-1982 жж. Батыс Қазақстан облысы Чапаев атындағы ОМ, 1982-1988жж. Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында кітапхана меңгерушісі, 1988-2013жж.

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кабинетінің меңгерушісі, 2013жылдан бастап Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері болып қызмет етіп келеді.

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 38 жыл.


Ергазина  Гульзада Сарсеновна

 

1956 жылы 14-наурызда Ақтөбе қаласында дүниеге келді.

1975 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін бітірді.

1977 ж. Ақтөбе облыстық статистика басқармасында ЭВМ операторы, 1997 ж. «Жылуэнергия» АҚ ЭВМ операторы,  2006 ж. «Ақтөбе –Экорт»  ЖШС, 2009 ж. ҚР  Қызыл Ай қоғамының Ақтөбе филиалында, 2010-2014 жж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ лаборант болып жұмыс істеді.

 


 

 

Муканова Рая Хасангалиевна

 

Білімі: 1969 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесінің бастауыш класс мұғалімі. 1976 жылы  Ақтөбе  педагогикалық институтының  қазақ мектебіндегі орыс тілі факультеті, қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі . Педагогикалық еңбек өтілі  40 жыл.

Кәсіби тәжірибесі: 1969-1971  жылдар аралығында  Ақтөбе облысы, Алға ауданы А.Байтұрсынов ат. ОМ-те бастауыш класс мұғалімі болып жұмыс істеді. 1976-1999 жылдар аралығында  осы мектепте орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып  жұмыс жасады.  1999 жылдан 2003  жылға дейін Батыс Қазақстан гуманитарлық заң колледжінде оқытушы қызметін атқарды. 2003 - 2008  жылдар аралығында  Актөбе облыстық мұғалімдер біліктілігін арттыру иснтитутында  жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Педагогикалық еңбек жолында  1995 жылы мұғалімдердің  IV-ші съезд делегаты болып сайланған.  Облыстық білім басқармасының және ҚР білім министрлігінің  Құрмет грамотасымен, ҚР Оқу ісінің үздігі төс белгісімен марапатталған.


Уралбаева Лиза Шайгазиевна


Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, 1958 жылы 25 маусымда дүниеге келген.
1975 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Калинин совхозы, Темірастау орта мектебін бітірген, 1983 жылы Орал қаласы, А.С.Пушкин атындағы Педагогикалық институттың филология факультетін бітірген.
1983 жылы Ырғыз сегізжылдық мектебінде аға пионер вожатый және қазақ тілі мен әдебиеті пәніның мұғалімі болған. 1994 жылдан отбасылық жағдаймен Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданында Аудандық білім беру бөлімінде әдіскер және Р.Тоқатаев мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағынан берген. 1999 жылы Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №142 орта мектепте мұғалімдік қызметін жалғастырды. Жалпы білім беретін мектептердің 11 класына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша жасалған электронды дидактикалық құралдың, орыс мектептерінің  9-10 кластарына арналған электронды мультимедиалық оқыту бағдарламаларының авторының бірі.
Мұғалім Лиза Шайғазықызы ҰБТ-тің эксперттік комиссиясының құрамында 10 жылдан бері тестолог, эксперт, республикалық комиссияның қазақ әдебиет пәнінің сарапшысы,қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте журналының редакция алқысының мүшесі,ББЖБ және ҒПКБ арттыратын РИ-ның лекторы болып келеді.  2008-2016 жылдар аралығында “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында аға оқытушы қызметін атқарып, зейнерткерлік шықты.


Бектенгалиев Аскар Хайруллаевич

 

Ақтөбе облысы,Темір қаласында 17ақпан 1951ж.туған.

1968ж. Темір орыс орта мектебін бітірді.

1970-74ж.ж. аралығында Ақтөбе педагогикалық институтының физ-мат факультетінде оқыды.

1974-80ж.ж. Кеңес Армиясының қатарында және Темір қаласындағы орыс орта мектебінде физика пәні мұғалімі болып жұмыс жасады.

1980-86ж.ж. Темір ауданындағы СПТУ-11-де директордың оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары болып қызмет етті (УПР).

1986 жылдан бастап 2010жылға дейін Темір қаласы, С.Бәйішев атындағы орта мектебінің директор қызметін атқарды.

2010жылы  Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жаңа технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемелік кафедрасына аға оқытушысы болып ауысты

Облыстық және халықаралық  ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы, «Инновациялық технологияларды оқу процесінде пайдалану» атты жалпы тақырыбы бойынша бірнеше мақалалардың авторы.  «Оқу процесінде үздік инновациялық технологияларды пайдалану» атты Республикалық байқауының дипломанты.

ҚР оқу ісінің үздігі, «Жеңіске 50жыл» медалінің иегері, ОББ және Облыстық кәсіподағының мақтау қағаздарымен марапатталған.


Мангалова Айслу Зулкарнаевна

   Мангалова Айслу Зулкарнаевна  1948 жылы  8 қаңтарда  Новороссийск ауылында, қазіргі  Хромтау ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген.  Оқуға Новороссийск мектебіне барып,  Хромтау мектеп-интернатынан бітіріп шығады. 1967 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті пәні факультетіне түседі.

    Айслу Зулкарнаевна еңбек жолын Хромтау мектеп-интернатында мұғалім болып бастайды. 1968 жылы тұрмыс құруына байланысты Алматы қаласына қоныс аударады. Онда балабақша тәрбиешісі, әдіскер, содан соң №161 балабақшасының меңгерушісі болып қызмет жасайды.

  1948 жылы Айслу Зулкарнаевна Қазақстан Кеңес одағының ағарту министрлігі жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кабинетке әдіскер қызметіне шақырылып, онда 1989 жылға дейін еңбек етеді.

  1989 жылы Алматы облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтындағы  әдістемелік кабинетте мектепке дейінгі білім беру әдіскері болып жұмысын жалғастырады.

  1999 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударып, Ақтөбе облыстық  мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының мектепке дейінгі бөлімінде әдіскер болып жұмыс жасайды.

   Мангалова Айслу Зулкарнаевна «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» атағын алған. Бірнеше рет Облыстық білім басқармасының, Ақтөбе облыстық  мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының алғыс хаттарымен марапатталған.


Муканова Гайнижамал Успановна 

                                                    

Муканова Гайнижамал Успановна  1959 жылы сәуір айының 12-сі күні  Шалқар ауданында дүниеге келген. Ауыл мектебін бітірген Гайнижамал Успановна  Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының «Жаратылыстану»  факультетіне 1978 жылы химия-биология мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1983 жылы бітіріп шығады. Сол жылдан бастап  1998 жылға дейін еңбек жолын Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Қайыңды орта мектебінің химия, биология пәндерінің мұғалімі қызметінде атқарады. 1998 жылдан бастап 2003 жылға дейін Ақтөбе қаласындағы №33 орта мектебінде  директордың орынбасары қызметінде мінсіз еңбек етеді. 2003-2006 жж. Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияда директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Сондай-ақ  2006-2009 жж. аралығында Ақтөбе қаласының «Сымбат» жеке мектебінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. 2009 жылдан бастап кәсіби маман облыстың біліктілігікті арттыру жүйесінде өзіндік еңбек жолын жалғастырып, ол Ақтөбе облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтының жаратылыстану кабинетінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2013-2014 жж. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ АО ПҚБАИ, «Әдістемелік қамтамасыз ету және инновациялық даму»  бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Өз біліктілігін мұғалімдерге насихаттау үшін 2014 жылдан бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚФ АО ПҚБАИ, «Деңгейлік бағдарламалар» орталығының ІІІ (базалық) деңгейлі тренер қызметінде болды.                   

2016 жылдан бастап «Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасына аға оқытушы қызметінде болды. Өзінің жеке білімін жетілдіру үшін 2016 жылы Ресей федерациясының «Жаңа гуманитарлық академиясы» магистратурасында «Педагогика-психология» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Гайнижамал Успановна өз пәні бойынша бірнеше әдістемелік оқу құралдарының авторы, 40 астам халықаралық және республикалық конференциялар мен семинарларда ғылыми мақалалары жарық көрді.

2017 жылы Ұстаздық еңбектегі жетістігі мен тәжірибесі үшін «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 


Умербеков Марат Кыдырбекович


Умербеков Марат Кыдырбекович 1961 жылы 3 ақпанда дүниеге келді.

Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірді.

Марат Кыдырбекович өзінің еңбек жолын 1985 жылы №23 мектеп-лицейінде математика және информатика пәнінің мұғалімі болып бастады. 1989 жылдан бастап №23 мектеп-лицейінде директорының орынбасары қызметін атқарды. 2003 жылдан бастап Ақтөбе педагогикалық қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру институтында информатика кабинетінің меңгерушісі, әрі қарай - директор орынбасары, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қазметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы міндеттерін атқарды.

Педагогикалық қызмет  кезеңінде облыстық білім бөлімінің, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Республикалық оқушылар Сарайының  құрмет грамоталарымен марапатталды. 

 

Республика Казахстан, 030020, г.Актобе,

ул.Тургенева, 86

тел/факс+7(7132) 56-05-37,

e-mail: akt@orleu-edu.kzipk_aktobe_rk@mail.ru

«Личным кредо каждого казахстанца должно стать «образование в течение жизни».

  Президент РК  Н.А.Назарбаев.


Сагадиев Ерлан Кенжегалиевич

Министр образования и науки РК     |      Блог


 

 Ахметова Гульнас Кенжетаевна

Статьи председателя         |         Блог

Председатель Правления АО «НЦПК «Өрлеу» | доктор педагогических наук, профессор


Абишева Нургуль Молдабаевна

Биография              |
 Блог

Директор ФАО «НЦПК «Өрлеу» «ИПК ПР АО»

3d tour

«ҰСТАЗ – ШӘКІРТ МАҚТАНЫШЫ»

4953691
Сегодня
Вчера
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
4064
13449
202712
321129
4953691

Яндекс.Метрика