УАҚЫТПЕН ҮНДЕСКЕН ЖАҢҒЫРУ

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында  латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін айтып өткен болатын. Осыған орай, «Өрлеу» орталығының Ақтөбе филиалында   «Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің жаңғыруы» тақырыбында 2017 жылдың 17-қазаны күні  Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Қ.Н.Сұлтаналин,  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология ғылымдарының кандидаты, доцент  М.О.Миров және  облыс педагогтерінің қатысуымен пікірлесу алаңы өткізілді.

Пікірлесу алаңындағы басты мақсат- қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіруде  ақпараттық– түсіндіру жұмыстарын  жүргізу мен оны әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне енгізу   үшін  латын  әліпбиіне көшудің  қажеттілігі.

 Ақтөбе облысында бағдарламаны іске асыру барысы туралы бөлім басшысы К.Наганұлының  пікірін  Қ. Жұбанов атындағы АМӨУ филология ғылымдарының кандидаты Мұхтар Миров  латын әліпбиіне көшу дер кезінде жүргізіліп жатқанын және дәуірдің жаңа сын-тегеуріндеріне жауап беретінімен жалғастырды. Бұл ұстаным педагогика  ғылымдарының кандидаты А.К.Дүйсенбаевтың сөзінен де көрініс тапты.  Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің мұғалімі Б.Ш.Абдирахманова латын графикасына көшу тілдің әлемдік мәдениетке жақындауының алғашқы қадамы екенін баса айтты.  

Бүгінгі  қоғам латын әліпбиіне көшіп, ағылшын тілін игеріп, алдыңғы қатарлы білім, ғылым мен жаңа технологияларды игеруді қажет етеді.         

Сондықтан Қазақстанның жаңа қазақ-латын әліпбиі мемлекетімізді халықаралық өркениет кеңістігіне жетелейтін үлкен істердің бірі болатынына сеніммен қарап, маңызды басқосуда қазақ әліпбиін реформалауға   «Өрлеу» орталығы қолдау білдіреді. 

 

Г.Қ.Жапақова,

кафедра аға оқытушысы, г.ғ.магистрі

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

ҚР Президенті Н.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыруда  2017 жылдың 12 қазан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Латын әліпбиіне көшу – жаһандық болашаққа бастар жол» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қоғамымызда латын әліпбиіне көшу жағдайына байланысты өзекті мәселелері мен оның шешу жолдарын бірлесе қарастыру, талқылау және облыс педагогтерімен ой бөлісу, пікірлесу.

Дөңгелек үстелге институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалымдары, Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары және облыстың филолог мамандары қатысып, айшықты ойларын ортаға салып, өзіндік пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу – болашаққа, жаһандық кеңістікке кірігу құралы екендігі туралы тұжырымдар айтылып,  нақты дәлелдер келтірілді. Отырыс өз мақсатына жетті.

Сугурбаева А.С.,

кафедра аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

Ашық педагогикалық алаң

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы  бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты ағымдағы жылдың 21-қыркүйегінде белгілі саясаткерлер Дос Көшім мен Расул Жұмалыұлының және облыс педагогтерінің қатысуымен «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» тақырыбында кездесу өткізді.

Белгілі саясаткерлер Қазақстаннның өскелең ұрпағының қазақ тілінің латын қарпіне көшуіне Ұлт басшысы бастамасын қолдау және талқылауда  Ақтөбе облысының педагогтерімен белсенді пікір алысты.

Г.К.Жапақова,

кафедраның аға оқытушысы

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

2017 жыл  21-қазанда   «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева,  сондай-ақ  институтымыздың партия мүшелері  және  облыстың қазақ тілі пәнінің   мұғалімдері  мен    «Нұр Отан» партиясының  Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Н.С.Ағниязов, ҚР мәдениет қайраткері, партия ардагері Е.Ж.Құрманбек, Ақтөбе облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Т.Төлебаева, Ақтөбе қаласындағы «Әзербайжан қауымдастығы» РҚБ филиалының төрағасы Н.И.Джамалов, «Ербақыт» спорттық-патриоттық клубы» қоғамдық бірлестігінің басшысы М.А.Қойлыбаев, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің кафедра меңгерушісі Т.Ж.Тоқсанбаева  тағы  басқалары қатысты.

Отырыс барысында латын әліпбиіне көшудің негізгі мәселелері қарастырылып, оны халыққа насихаттау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, жүзеге асыру жұмыстары туралы жан-жақты ойлар ортаға салынды.

Отырыс соңында отырысқа қатысқан тіл саласының мамандары және ақпараттық-насихаттау тобынан түскен латын әліпбиіне көшу мәселесіне  қатысты  үндеуі қабылданды.

А.С. Сүгірбаева,

 аға оқытушы, магистр

Латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды

«Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ  директоры ф.ғ.к  Н.М.Абишева 18 қыркүйекте  Ақтөбе қаласындағы  «Мирас» Республикалық кеңесінің онлайн режимінде өткен   кездесуіне қатысты.  Кездесу барысында латын әліпбиіне көшу  мәселесі талқыланып, сарапшы ғалымдар мен  тіл мамандары және белгілі  саясаттанушылар өз ұсыныстарын ортаға салды.

 Туменбаев Ш.Б.,

бөлімінің жетекші маманы

Кездесу аясында латын әліпбиіне көшу талқыланды

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін айтты.

Осы орайда латын әліпбиіне көшу бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ғалымдары, Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдері, Алға аудандық аурухана өкілдері, Ақтөбе қаласы «Шамшырақ» ЖШС ұйымдастырушысы сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар 2017 жылғы 11-12 шілде күндері Қурайлы, Жаңақоныс, Қарақұдық және Маржанбұлақ ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен қажеттілігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Б.С.Утаров «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету»

бөлімінің жетекші маманы

3d tour

Яндекс.Метрика