«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының ғалымдары мен профессорлық - оқытушылық құрамы  Ғылыми  кеңесте бас қосып, бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірегейіне айналып отырған педагогтың кәсіби дамуына ғылыми –ізденушілік жұмыстың әсерін  талқылады. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  ДБО жетекшісі, п.ғ.к. Е.С.Давлеткалиева институтта кафедралармен бірігіп атқарылып отырған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталып, қаралған мәселе  бойынша эксперимент жұмыстарының жетекшісі ретінде көпшілікке өз талдауын ұсынды. Аталмыш  мәселеге қатысты  сөз алған п.ғ.к., доцент,  мұғалімдердің педагогикалық–психологиялық дамуын жетілдіру  кафедрасының  меңгерушісі А.К.Каплиева және  п.ғ.к., мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасының меңгерушісі А.М.Тоқсанбаев кафедра тарапынан жасалған жұмыстарын ғылыми кеңес мүшелерімен ортаға салды. Келесі кезекте көпшілік назары Филиалдың жедел жоспарының тиімді орындалуын жүзеге асыру, зерделеу және талдауға аударылды. Бұл мәселеге қатысты өз баяндамасын инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету  бөлімінің бас маманы А.К.Табынбаева ұсынды.  Сонымен қатар баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімінің ұйымдастыру – үйлестіру жұмыстарының жаңа мүмкіндіктері, талдауы мен нәтижелері бойынша баспа бөлімі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімі басшысы М.Ш.Нурмуханбетова филиалда жасалған жұмыстарға тоқталды. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер қызу талқыланғаннан кейін  ғылыми кеңес мүшелері баяндамашылар ұсынған кеңес шешімдерінің жобасын бірауыздан қабылдап, ұжым болып атқарылатын жұмыстарды жаңа серпіліспен орындауға бір мәмілеге келіп   тарқасты.

 

 Абулхайрова Г.Е.

 «Өрлеу» БАҰО АҚФ

Ақтөбе облысы бойынша

ПКБАИ бөлімінің жетекші маманы

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының  Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы кеңейтілген форматта өткізілді. Кеңес отырысында жаңартылған білім бағдарламасы бойынша облыс  педагогтерінің  біліктілігін көтеру курстарының  сапалы өткізілуі төңірегінде қызу пікір алмасылды. Үштілді білім беру проблемалары және оны шешу жолдарыда  ғалымдар  мен институт  қызметкерлерін  бей-жай қалдыра алмайтындықтары байқалды.  Кеңесте қаралған  мониторингтік  зерттеу нәтижелері педагогтердің  кәсіби  құзыреттіліктеріне қойылатын талаптың да жоғары екендігінің айғағы болды.

Ғылыми кеңес отырысының қорытындысы бойынша білім беру үдерісін сапалы үйлестіру және институттың білім беру қызметін жетілдіруге  бағытталған ұсыныстар қабылданды.        

Абулхайрова Г.Е.,

кафедраның аға оқытушысы

«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалында ғылыми кеңес отырысының бекітілген жоспарына сәйкес екі өзекті мәселе қарастырылды: «Біліктілікті арттыру жүйесінде латын әліпбиіне көшу жұмыстарын тиімді жүзеге асыру», «Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері».

 Қарастырылған мәселенің бірі тікелей Елбасы Н.Назарбаев бекіткен жаңа әліпбидің жаңа нұсқасына байланысты болды.

 Кеңеске төрағалық жасаған филиал директоры, ф.ғ.к. Н.Абишева отырыс барысында жаңа әліпбидің бекітілгені туралы, оның қоғам үшін елеулі өзгеріс екенін атап өтті.

 Бірінші мәселе бойынша жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Г.Жапақова латын әліпбиіне көшуде қоғаммен, педагогтар қауымымен, ата-аналармен жүргізілген түсіндірмелі жұмыстардың нәтижесіне тоқталып, бекітілген жаңа әліпбидің басымдықтарын атап өтті.

  Екінші мәселе бойынша инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Утаров Б.С. КжТББ мазмұнын жаңарту идеясын жүзеге асыруда білім беру стандарттарының енгізілуіне назар аударды.

 Әр тақырыпты талқылауға ғылыми кеңес мүшелері белсенді қатысып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында институт қызметін жетілдіруге ұсыныс жасады.

 Мәселелерді талқылау барысында тақырыптарға сәйкес ұсыныстар қабылданды.

 

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалында институт директоры, ф.ғ.к. Абишева Н.М. төрағалығымен ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, онда келесі мәселелер қарастырылды:

- Педагогтердің ғылыми-зерттеу қызметінің өзекті бағыттары: өсудің жаңа сапасы;

- Рухани жаңғыру: мектепке өлкетану курсын оқытудың теориясы мен әдістемесінің проблемалары.

Институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Кибатаева Н.К., жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Дүйсенбаев А.К. өз сөздерінде облыс педагогтерінің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлкетану» курсын оқу үрдісіне енгізу бойынша жоғарыда аталған мәселелерге тоқталды.

Мәселелерді талқылау барысында институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, облыстық эксперименттердің ғылыми жетекшілері мен модераторлары белсене қатысты, іс жүзінде олар шығармашылықпен айналысатын мұғалімдермен өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың жаңа формаларын қолданады. Осы бағыттардағы жұмыстарды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

Ғылыми кеңес жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

Матсалаева Ж.К.,

ғылыми кеңес хатшысы

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында өткен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының Ғылыми кеңесі мәжілісінің күн тәртібінде біліктілікті арттыру жүйесінде педагогикалық қызметкерлердің үздіксіз білім беру сапасы мен инновациялық процестер мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында баяндама жасаған филиал директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.Кибатаева, инновациялық даму бөлімінің бастығы, п.ғ.к. Е.С. Давлеткалиева және Ғылыми кеңестің мүшелері, филиалдың қызметі мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында, сондай-ақ, курсаралық және курстан кейінгі кезеңде педагогтерді оқыту үдерісі мен оны ұйымдастыру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

2018 жылғы Ғылыми кеңес жұмысын қорытындылай келе, филиал директоры, ф.ғ.к. Н.Абишева Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында облыс мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған курстар, кездесулер, конференциялар мен басқа да іс-шаралар өткізу бойынша нақты қадамдар жасауға барлық қатысушылардың назарын аударды.

Ғылыми кеңесте қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

Матсалаева Ж.К.,

бөлімінің жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.