Отзыв на тренера Шаштыгарину С.М.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын  жаңарту шеңберінде  бастауыш сынып пәндері бойынша  педагогикалық  кадрларының  біліктілігін арттыру  курсына

Пікір

2017 жылдың 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында өткен  курс  жұмысы өте оңтайлы жоспарланған.  Курстың алғашқы күнінен–ақ қызу жұмыс басталып кетті. Жұмысымыз  біліктілікті  арттыру  мақсаттарын шолудан басталып, жаңа білім беруді  реформалау жөніндегі  кең ауқымды  жұмыстарға қарай   қисынды ауыстырыла өткізілді. Білім беру бағдарламасының үйлесімді компоненттері-Бағдарлама–Оқыту тәсілдері- Бағалауды бір мақсатқа жұмылдыра  жүргізілді.  Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы», «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты»   тәжірибеде қолданылып келген түрлерімен салыстыра отыра талдау жасап,  жаңартылған бағдарлама бойынша теориямен танысып қана қоймай, бұл теорияны  тәжірибеде іске  асыра алу үшін  оқыту практика жүзінде  белсенді әрекетте бірлесе оқу арқылы  ұйымдастырылды.  Пән бойынша оқу бағдарламалары, оқу жоспарларын  әр тыңдаушы  нақты пәндік  аспектілерінде меңгеруіне  бағытталды. Мұғалімдер  оқу бағдарламасы мен  сабақ жоспарларына   топта, жұпта, жеке талдау жүргізіп, олармен жұмыс жасауды үйрендік. Сындарлы оқыту теориясын игерту  сындарлы  педагогикалық әдіс-тәсілдермен ұштастырыла жүргізілді.    Күнделікті  немесе белгілі бір  тақырып өтілгеннен кейінгі кері байланыс, рефлексиялық жұмыстар түрлері   тәжірибелік дағдыларды арттыра түсуге  ықпал етті.

Мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру жұмысы ересектерді  оқытуда қолданылатын  эмперикалық  тәсілдерге  негізделгендігін курс аясында түсіндім. Ол  Колбтің оқу  циклі –Тәжірибе- Рефлексия –Абстрактілік ұғыну- Эксперимент»  арқылы  қамтылды.

Сонымен қатар  бағдарлама идеясын тәжірибелік  ықшам сабақтар  беру  арқылы  оқыту тәжірибесіне эксперимент  жасалса,   ол рефлексия,  талқылау кезеңдеріне ұласты. Біліктілікті арттыру курсын жоғары деңгейде,   ынтымақтастық ахуалда ұйымдастырып, уақытты тиімді пайдалануға   жеке қасиеттерімен үлгі көрсеткен біліктілікті де ойы ұшқыр  курс  тренері - Шаштығарина Сарагүл Мұстафақызына  алғысым  шексіз.

Курс өз басымдағы кәсіби қажеттіліктеріме толық  жауап бере алғанына  куаныштымын.

 

 

Пікір беруші:                                 Есеналина Сауле Советовна          

                                                         Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта мектебінің мұғалімі

 

 

 ПІКІР

ЖАҢА ҚАДАМ  - ЖАҢА КӨЗҚАРАС

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш класс мұғалімдеріне арналған курсынан өз білімімді жетілдірдім. Курс барысында тренер Сарагул Мустафақызы Шаштыгарина осы білім саласындағы өзгерістің ерекшелігімен таныстырып, алдағы жұмысымызды жоспарлауға бағыт беріп, өз білгенін бізден аямады. Теорияны практикамен  ұштастырып,  нақты талапқа көзімізді жеткізді. Білім беру де, білім алу да- өзара үйлесімділікте жүретін үздіксіз үрдіс. Сондықтан білген бір жөн, оны үйретуде, үйренуде  бір жөн  екенін ажырата білдік.

Қазіргі таңда мұғалім алдында тұрған міндет- еліміздің болашағы- жас  ұрпақты сауатты ету. «Елу жылда ел жаңа»-демекші, өзгерістен кеш қалмай  жаңалыққа ұмтылуымыз  керек. Бұл курстан кейін тәжірибемізге қаншама жаңалықтар қосамыз алдымыздағы қояр мақсатқа  да, міндетке де, талапқа  да, оны жүзеге асыратын тәсілге  де, жетістікті бағалау мен оқушы іс-әрекетіне қолдау көрсетуімізге  де түбегейлі жаңа көзқарасымызға тікелей байланысты.  Жаңа ой, жаңа сөз, жаңа баға, жаңа қадам – бәрі осы курстан   алған- түйгенімізге қатысты жүзеге асырылмақ.

Бұл  курстың  ынтымақтастықпен  басталып, топпен, жұппен жұмыс орындау арқылы бір-бірімізді үйрете отырып үйренуімізде, сараланып тапсырма алуымызда жаңа бағдарламаны игеруге бағыт берді. Көп сөзден- нақты іске көшуге, білгенді  айтып қана қоймай - қоғаммен  байланыстыруға, дайын затты алудан – басқадан  іздеп табуға,  үйретуге даярмыз деуге болады. Табысты оқытудың үш компоненті біз үшін  еш ұмытылмас  бағдаршамның  үш көзіндей болды. Оқудың төрт дағдысы жылдың төрт мезгіліндей ауысып, байланысып келіп отырса, бірін-бірінен ажыратпай үйлесіп тұрса,  ол да еңбектің жемісі емес пе?!

Мен үшін бұл курс көп мәлімет берді, өз тәжірибеме оң өзгерістер енгізуіме мүмкіндік туды. Бұған дейінгі білгенімді жаңа біліммен үйлестірсем, ұштастырсам  «Қазіргі қоғамның жеке тұлғасын қалыптастыруға» өз үлесімді қосатындығымда білемін. Өз білгенімді әріптестеріме де айтуға даярмын.

Бағдарламаның қыр- сырын үйретуден жалықпаған, сапалы білім берген тренерге айтар алғысымыз шексіз.Тренердің сөйлеу мәнері мен басқаны өзіне тарта білу шеберлігінен әр оқушының қажеттілігін қанағаттандыруды  есте сақтау басты мақсат екенін ұғындық. Осы курсты ұйымдастырған «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының барлық ұжымына  және өз кәсібінің шебері тренерім Сарагүл Мустафақызына  еңбектеріңізге зор шабыт тілей отырып, бәсекеге қабілетті рухани бай  тұлғаларды  даярлауда шаршамасын демекпін.

 

Ақтөбе қаласы

№41жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш класс мұғалімі

Отешова Зинеш Женисовна

10 наурыз, 2017жыл 

«Личным кредо каждого казахстанца должно стать «образование в течение жизни».

  Президент РК  Н.А.Назарбаев.


Сагадиев Ерлан Кенжегалиевич

Министр образования и науки РК     |      Блог


 

 Ахметова Гульнас Кенжетаевна

Статьи председателя         |         Блог

Председатель Правления АО «НЦПК «Өрлеу» | доктор педагогических наук, профессор


Абишева Нургуль Молдабаевна

Биография              |
 Блог

 Директор ФАО «НЦПК «Өрлеу» «ИПК ПР АО»

Республика Казахстан, 030020, г.Актобе,

ул.Тургенева, 86

тел/факс+7(7132) 56-05-37,

e-mail: akt@orleu-edu.kz, ipk_aktobe_rk@mail.ru

3d tour

 «УЧИТЕЛЬ УЧЕНИЧЕСКИХ ПРИЗНАНИЙ»

4945068
Сегодня
Вчера
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
8890
19290
194089
321129
4945068

Яндекс.Метрика