Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, жан-жақты талқылады. Отырыста институттың директоры ф.ғ.к. Н.М.Абишева Жолдаудың мазмұны мен маңыздылығына тоқталып, өзіндік талдаулар жасап, өз пікірімен бөлісті. Сонымен қатар, ұжымның профессорлық-оқытушылық құрамы, атап айтар болсақ, «Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Е.С.Давлеткалиева, «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. А.К.Каплиева, кафедра аға оқытушылары Г.Е.Абулхаирова, А.С.Сугурбаева, жетекші маман А.А.Айбусиновалар Жолдаудың жаңа бағыттарын, ондағы айтылған өзекті мәселелерді толыққанды талдап, өзіндік ойларын ортаға салды. Отырыс қорытындысында, институт ұжымы бірауыздан Жолдауды тиімді жүзеге асыруға қолдау көрсететіндіктерін айтты.

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.