Ағымдағы жылдың 27-қараша күні  «Ақтөбе-Өрлеу» кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.К.Каплиева Ақмола облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  өткізген  «Ауылдық шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы және даму болашағы» тақырыбында  республикалық желілік ғылыми-практикалық конференцияға онлайн режимде қатысып, ШЖМ педагогтерінің кәсіби дамуын психологиялық- педагогикалық қолдау жайында сөз сөйледі.

 «Ақтөбе-Өрлеу» Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ-ға конференцияға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді және  барлық баяндамалардың жоғары мазмұндылығы мен жұмыстың нақты ұйымдастырылуын атап өтеді.

 

М.Т.Адилханова

PR, SMM- маман, магистр



Joomla Plugins

Ағымдағы жылдың 27-қараша күні «Ақтөбе-Өрлеуде» кафедраның аға оқытушысы, магистр А.А.Изтлеуованың ұйымдастыруымен  «Зерттеу сұрақтың негізінде сабақтарды  тиімді  жоспарлау» тақырыбында онлайн режимінде облыстық семинар өтті.

Іс-шара барысында  облыс педагогтері Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты  Б.Ж.Бозшин, АОДБАММИ С.Ж.Жилгельдин,   Ақтөбе қаласы № 9 ОМГ А.К.Куанышбаева, №24 ЛМГ  Ж.А.Баймуханова,  Шалқар қ., №6 ЖББОМ А.Ш.Досмағамбетова педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.  Педагогтер жаңартылған білім беру мазмұнындағы сабақты тиімді жоспарлау жолдары, интербелсенді тәсілдерді тиімді қолдану, оқушылардың ізденушілік қасиетін қалыптастырудың әдістері туралы  өзара тәжірибе  алмасты.  

Қатысушылар спикерлердің жоғары деңгейін және семинардың  маңыздылығын атап өтті.

 

М.Т.Адилханова

PR, SMM- маман, магистр



Joomla Plugins


Құрметті әріптестер!

Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Сіздерді "STEM БІЛІМ БЕРУ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМНІҢ ЖАҺАНДАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ" атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Өткізілу күні:23желтоқсан  2020 жыл, басталуы сағ.10:00 (Ақтөбе уақыты).

Өткізу форматы: on-linе режимінде, ZOOM платформасында.

Конференция мақсаты:STEM білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін талқылау, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында креативті педагогтің кәсіби дамуы үшін диалог алаңын құру.

Конференция жұмысына "Өрлеу "БАҰО"АҚ Ақтөбе филиалының ғалымдары, басшылары, білім беру ұйымдарының педагогтері, педагог-экспериментаторлары мен ОПҚ шақырылады.

Өтілетін орны:Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 86, «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша электрондық материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

Конференцияның жұмыс тілдері:қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция міндеттері:

-облыстық эксперимент шеңберінде білім беру ұйымдары қызметінің тәжірибесін қорыту STEM білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (Педагогикалық аспект) / / STEM білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (педагогикалық аспект);

- педагогикалық эксперимент жағдайында оқу-тәрбие процесін жетілдіру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын кеңейту;

- оқу процесінің тиімділігін арттыруда, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруде STEM технологиясын қолданудың өзекті мәселелерінің ғылыми, әдістемелік, ұйымдастырушылық мәселелерін талқылау;

- әлемдегі заманауи STEM білім берудің қолданыстағы модельдерін зерттеу және оларды қазақстандық мектепте жаңартылған білім мазмұны жағдайында қолдану;

- STEM білім беруді дамыту, оны жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үшін қолданудың тиімділігі мәселелері бойынша кәсіби тәжірибемен алмасу үшін мүмкіндік жасау.

- жаңартылған білім беру мазмұны аясында креативті педагогтың кәсіби дамуы.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Оқыту және оқыту процесін жүзеге асырудың тиімді нысандары арқылы жаңа білім беру ортасын қалыптастыру;

2. STEM білім беру интеграцияланған тәсіл және педагогикалық кәсіпқойлықтың жаңа форматы ретінде: педагогтердің шығармашылық және зерттеу қызметін ұйымдастыру.

4. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім алушылар үшін жеке білім беру траекториясын жобалау.

5. STEM білім беру жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың негізі ретінде.

6. Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында креативті педагогтың ішкі ұмтылысын дамыту.

Конференцияға қатысу тәртібі:

Конференция жұмысына қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1)көрсетілген үлгі бойынша конференцияға қатысу үшін өтініш(Қосымша1).

2)талаптарға сәйкес рәсімделген жұмыс мәтіні (Қосымша2).

Негізгі бағыттар бойынша материалдарды және өтінішті    2020 жыл11 желтоқсанға дейін келесі электрондық почтаға   Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. «ОҒТК-2020» белгісімен жіберу қажет.

Байланыс телефоны: Сулейменова Сауле Куанышбековна 87021553329

 

 

Қосымша1   

 

«STEM БІЛІМ БЕРУ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМНІҢ ЖАҺАНДАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАС ҰРПАҚТЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ»

тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға

 ӨТІНІШ

 

Басты параметрлері

Параметрлер мағынасы

1

Аты-жөні (толық)

 

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, категориясы

 

3

Жұмыс орны, қызметі (толық атауы, қысқартусыз)

 

4

Конференция бағыты

 

5

Баяндама тақырыбы

 

6

Байланыс телефоны

 

7

E-mail

 

 

 

Қосымша 2

Талаптарға сәйкес рәсімделген жұмыс мәтіні

 

1.     Жұмыстың көлемі 5 беттен аспауы тиіс.

2.     Баяндама мәтіні MS WORD форматында, қаріп түрі Times New Roman -12 кегль, бірлік интервал; азат жол – 1,0 см.; жиектері – 2 см, сол жиегі – 2 см.

3.     Оң жағындағы жоғарғы бұрышта автордың Т.А.Ә. (толық) жазылады.

4.     Төменде – лауазым, ғылыми атақ (егер болса), ұйым, облыс, қала көрсетіледі;

5.     Мақаланың атауы бір интервалдан кейін бас әріппен, қалың қаріппен, соңында тыныс белгісіз, ортасында теңестіріледі.

6.     Бір интервалдан кейін жұмыстың мәтіні жазылады.

7.     Қолданылған әдебиеттер тізімі мәтін соңында ұсынылады. Тізім библиографикалық ережеге сәйкес рәсімделуі қажет. Мәтіннің сілтемесі [1] немесе [1, 17-б.] секілді рәсімделуі қажет.

8.     Материалдың мәтіні және өтініш бір құжатқа жинақталу қажет.

9.     Жұмыстың атауында автордың аты-жөні мен бірінші әріптерін жазу керек, мысалы: Әлиева Р.Ө., «ОҒТК-2020» мақала.

10.  Жіберілген жұмыстар өзекті, әрі еш жерде жарияланбауы тиіс.

11.  Конференцияның мазмұндық және техникалық талаптарына сәйкес рәсімделмеген және көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

12.  Жіберілген жұмыстың мазмұнына автор жауапты.

 


 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

 

Әлиева Роза Омарқызы

педагогика магистрі,102 ОМ мұғалімі

Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы

 

 

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ САБАҚТАРЫНДА КІРІКТІРЕ ОҚЫТУ

 

 

 

Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін.......[1, 17-б.]. ]Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....Мәтін....

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Авторы. Басылым атауы. Басылған жері, баспасы, басылған жылы, беті

 

 

 

 

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Ағымдағы жылдың 26-қараша күні «Ақтөбе-Өрлеуде» «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» аясында «Мемлекеттік тілді жаңаша бағытта оқытудың кейбір мәселелері» тақырыбында онлайн режимінде облыстық идеялар алаңы өтті.

Онлайн алаңда облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі  мұғалімдері-  Шалқар қаласы №8 ЖББОМ  М.Мапутова, АОДБАММИ А.Нұрғали, Шалқар қаласы Ә.Жангелдин ат. ЖББОМ С.Төлеуова,  Хромтау ауданы, Ақжар ОМ А.Абдрахманова,  Ақтөбе қаласы №31 ҚОМ  О.Идирисова, №26 ОМ Ж.Көпбергенова, М.Құрманғалиева ат. №32 МГ З.Табынбаева,  №76 ЖББОМ О.Бегжанов мемлекеттік тілді оқытудың жаңаша бағыттары мен тиімді тәсілдерін ортаға салды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда қазақ тілінің мәртебесін арттыруға үлес қосу, тіл мәселесіне қатысты ой-тұжырымдар айтылды.

Шара модераторы, кафедраның аға оқытушысы, магистр А.С.Сугурбаева озық идеялары үшін  ашық сұқбат алаңы қатысушыларына ризашылығын білдірді.

 

М.Т.Адилханова

PR, SMM- маман, магистр

 


Light Gallery cannot find your image path: images/211120.1!

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.