Құрметті әріптестер!
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жоспарына сәйкес «Цифрлық Қазақстан» багдарламасын жүзеге асыру аясында адами капиталды дамыту» (2019 жыл- Жастар жылына арналған) атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Өткізу мерзімі: 30 сәуір 2019 ж.
Конференция мақсаты: адами капиталды дамытудың басым бағыттарын талқылау, «Сандық қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру контекстінде жастарды жан-жақты қолдау және міндеттерді шешу үшін тиімді педагогикалық тәжірибені тарату.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1.Білім берудегі цифрландырудың жаһандық үрдістері: халықаралық және отандық тәжірибе.
2.Қазақстан Республикасының цифрлық экономикасындағы білім беру жүйесін жаңғырту.
3.Адами капиталдың дамуы үшін білім берудегі сандық технологиялар.
4.Шығармашылық ойлау және техникалық дағдылар - жас ұрпақтың цифрлық сауаттылығын дамытудың негізі.
Қатысуға: облыстық білім басқармаларының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, колледж мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақша, орысша.
Конференцияның өткізілетін орны: Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»
Материалдар 20.04.2019 ж. дейін қабылданады.
Ақпараттық ресурс: конференция материалдары orleu-aktobe.kz филиал сайтында жарияланады.
Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастырушының мекен-жайына келесі құжаттарды жіберуіңіз сұралады:
1. Конференцияға қатысу туралы өтінім.
2. Баяндама/ мақала мәтіні.
3. Электрондық пошта мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс., «Конференция» деп белгіленген.
Ұйымдастырушы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы.
Ұйымдастыру комитетінің адресі: 030000, Ақтөбе қ., Тургенев к-сі, 86.
e-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.
Байланыс телефоны: 8 (7132) 54-91-88
ұялы.тел.: Истляуп Разия Аманжоловна 8-701-487-26-06
Ермекбаева Ляззат Женисовна 8-701-654-07-50
Қосымша 1
«Цифрлық Қазақстан» багдарламасын жүзеге асыру аясында адами капиталды дамыту» (2019 жыл- Жастар жылына арналған)» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін
ӨТІНІМ
1
|
Т.А.Ә.
|
|
2
|
Жұмыс орны, лауазымы
|
|
3
|
Ғылыми дәрежесі, атағы, санаты
|
|
4
|
Баяндама тақырыбы
|
|
5
|
Байланыс телефоны
|
|
6
|
Электронды поштасы
|
|
7
|
Қатысу форматы(күндізгі, сырттай, он-лайн)
|
|
Қосымша 2
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Файл атауы –тегі, қала (мысалы:Ахметова_Актобе);
- формат –MSWord-тың кез-келген нұсқасы;
- көлемі –А4 форматының кітап бағдарындағы 3 бетке дейін;
- шрифт – Times New Roman; кегль – 12; кестелер үшін – 11;
- жиектер: сол жақ-2,5 мм, оң жақ, жоғарғы, төменгі -2,0 мм;
- жоларалықинтервал –1
- тегістеу –ені бойынша;
- азат жол – 1 см;
- беттерді нөмірлеу –нөмірсіз;
- Word арқылы терілген графика,суреттер, схемалар жинақталуықажет;
- Әдебиеттергесілтемелеріннөмірлеуөтпелі, сілтеменөмір тік жақшағаалынады. «Әдебиет» айдарыортасындатегістеледі, қалыңшрифтпентеріліп, 12 кегльменбасылады.
Мақаланың атауы – ортасында, сөздердің жазылуы – жартылай қалың, тасымалдаусыз, екі аралық интервалдан кейін автордың Т.А.Ә., E-mail (авторлардың – 3-тен артық емес) – ортасында, сөздердің жазылуы – жартылай қалың, бір аралықтан кейін фамилияның астында жұмыс орны,екі аралықтан кейін мақаланың мәтіні жазылады.
Ұсынылған материалдардың мазмұны үшін автор жауапты. Конференция тақырыбы мен мазмұны, дизайны талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ұйымдастыру комитеті қабылдаудан бас тартуға құқылы.