Тәжірибе жетілдіру шеберлікке жол ашады. 11 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жаңартылған  білім беру бағдарламасы біліктілікті арттыру курсы аясында «Жаңартылған бағдарлама: ізденіс және тәжірибе» әдістемелік галереясын ұйымдастырды.

«Мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының аға оқытушысы Жұбаева Жангүл Оңайқызы галерея тынысымен таныстырып, оның қызметі мен маңызына тоқталды. Қатысушылар төрт бөлмеге маршрут картасы арқылы топтастырылды.

Әдістемелік галереяның №1 қызыл бөлмесінде №2 Бадамша ОМ  бастауыш сынып мұғалімдері Суйналина А.Б., Тапаева Г.А. жаратылыстану, математика сабақтарын түрлендірудің жаңаша тәсілдерін көрсетті.

 №2 жасыл бөлмеде №2 Бадамша ОМ мұғалімі Коптенова Л.У. мен М.Арын атындағы  Қарғалы  ҚОМ бастауыш сынып мұғалімі Алипова Г.К. оқушылармен жобалық жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудегі шығармашылық ойларынан ұсыныстар берді.

№3 сары бөлмеде Жосалы ОМББ Елеуова К.С. және Қос-Истек ОМ мұғалімі Абилова Г.С. тілдік пәндерді оқытуда дидактикалық құралдарды қолдану тәсілдерін көрнекі түрде түсіндірді.

  №4 көк бөлмеде Хлебодаровка ОМ Дуйсенгалиева Г.У., Ойыл ҚОМ бастауыш сынып мұғалімі Тлепова Г.М. тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Рефлексия кезінде Кеңсахара ОМ бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Д.Т. әдістемелік галерея бойынша мұғалімдердің пікірлеріне шолу жасап, қолтаңба кітабындағы жазбасымен бөлісті. Әдістемелік галерея өз мақсатына жетіп, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруіне үлес қосты.

Жубаева Жангуль Онаевна,

мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби

дамуын жетілдіру кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.