Мұғалімдер күні – бұл ерекше мереке, еліміз бұл мерекені құшағы гүлге толып, жан жылуы жарқырап қарсы алады. Мұғалім – Шығыс халқында үлкен әріппен жазылатын сөз. Себебі, ұстаз - бұл тек мамандық қана емес, мұғалім- бұл адамнан үлкен жауапкершілікті, еңселі қажырлылықты талап ететін , мәртебесі биік мамандық.

Кез-келген ата-анаға өз баласына ең бірінші рет білім есігін аштырған алғашқы мұғалім қымбат. Сондықтан, алғашқы ұстаз болудың жауапкершілігі үлкен. Алғашқы ұстаз, Тек Сіз ғана - мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршінді жан жылуымен қарсы аласыз. Тек Сіз ғана - бала жанының жабырқауын түсініп, жан жарасын емдейсіз. Тек Сіз ғана - олар шыққан биіктерге  өздерінен де өзгерек қуанасыз. Сіздің жүрегіңіз ғана шәкірт жүрегінің соғысымен үндеседі.

Мұғалімдер күнінің қарсаңында республика аймағында «Менің алғашқы ұстазым» атты акция жариялануда, бұл әркімнің өзінің алғашқы ұстазы жөнінде алғыс-тілектерін жазуға мүмкіндік береді. Біздің сайтта «Алғашқы ұстаз» форумы ашылып, онда облыстың алғашқы ұстаздарына арналған «Құрмет Кітабы», «Менің алғашқы ұстазым», «Алғашқы ұстаз-әріптес көзімен», «Үздіктің үздігі», «Кері байланыс», «Алғашқы ұстаздар династиясы», «Форумға белсенді қатысушылар» "Алғашқы мұғалімдер" айдарлар  жарияланады.

Сіздерге алда да үлкен шығармашылық ізденіс тілей отыра, қашанда талантты, жан-жақты, тамаша адам болып қалуларыңызға ниетімізді білдіремін!

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.