"АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕР" ФОРУМНЫҢ АШЫЛУЫ

("Менің алғашқы ұстазым" Республикалық акция аясында)


  
Бастауыш сынып мұғалімдерінің жетістіктерін педагогикалық және ата-аналар қауымдастығында айтып отыру қажет. Ұстаздар Күнін тойлау қарсаңында республика бойынша "Менің алғашқы ұстазым" атты акция жарияланды, ол 21 қыркүйек пен 4 қазанға дейін өткізіледі. "Менің алғашқы ұстазым" атты Республикалық акцияның мақсаты- қоғам назарын білім беру саласына аудару, педагог мәртебесін көтеру, азаматтарды өз ұстаздарын сыйлау мен қолдау көрсетуге үндеу. Акция аясында республика бойынша "Алғашқы мұғалім" атты облыстық форумдар өтеді

2015 жылдың 21 қыркүйек жұлдызында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалының Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты "Алғашқы мұғалімдер" облыстық форумның ашылуына арналған флешмоб ұйымдастырды.

Флешмобтың негізгі мақсаты – облыс мұғалімдері арасында өткізілетін форум жұмысын бастау. Флешмобқа қатысушылар – институт қызметкерлері мен облыс мұғалімдері.

Аталған іс-шара флешмоб қатысушыларына көтеріңкі көңіл күй және облыс аудандары бойынша республикалық акциясын өткізуге бағыт берді.

Республикалық акцияның қорытындысы онлайн режимінде өтетін "Алғашқы мұғалім" атты форуммен аяқталады.

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.