07.11-18.11.2016 ж. аралығында «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында «Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.  Жалпы курс  қосымша білім беру педагогының кәсіби қызметіндегі құзыреттілігін  қалыптастырудағы теориялық және әдістемелік дайындықты тереңдетуге бағытталған. 

2016 жылдың 11 қарашасында, осы курс аясында Ақтөбе қалалық «балалар және жасөспірімдер шығармашылығы» орталығымен бірлесе «Жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында оқытудың  жаңаша әдістері» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді. Практикалық сабақтың кіріспе бөліменде кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.Қ.Қаплиева білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қосымша білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттілік деңгейін дамытуға бағытталған инновациялық әдістермен мен технологияларды пайдалану мүмкіндіктерімен мәселелері туралы айтып өтті.

Сондай,ақ практикалық сабақта «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы  орталығының» пеадагогтары: Н.Н.Сажнова «Сурет салу, бейнелеу және өнер сабақтарындағы дәстүрлі емес тәсілдер», А.К.Файзрахманова «Бимен айналысуда қажетті жағдайларды дамыту», У.А.Ешниязова «Ұлттық биді үйретудің бастапқы кезеңінде өткізу әдісі»,  А.З.Нигматуллина «Театр қызметін қосымша білім беруде пайдалану» тақырыптарында шебер-класстар өткізіп өз тәжірибелерін бөлісті. Қатысушылар практикалық сабақта қосымша білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін эмоционалдық жағдайда өзін-өзі реттеу әдістемесімен, шығармашылық қабілетті  дамытуда  мерекелік іс-шараларды жаңаша  өткізудің жолдарымен танысты. Практикалық сабақ қортындысында рефлексия өткізіліп, жаңаша әдістерді өз  тәжірибелерінде қолдану ұсынылды.

 

                                        Қаплиева А.Қ.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.