2016 жылдың 25 қазаны күні  «Дуалды оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбындағы арнайы пән оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы аясында Тәжірибелік оқытуды өндірісте ұйымдастыру арқылы  білім алушылардың кәсіби біліктер мен  дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп,  жан-жақты кәсіби дамуына жасалатын  мүмкіндіктерін көрсету, теориялық білім мен тәжірибенің  өзара байланысын, бір-біріне  әсерін,  өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы  кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыруға  үлес қосу мақсатында тәжірибелік-семинар  өткізілді.

Семинарға Ақтөбе облысының кәсіптік және техникалық оқу орындарының арнайы пән оқытушылары қатысты. Шараны «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПКБАИ инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Г.Е. Абулхайрова ашып, еліміздің экономикасының қарыштап дамуы, бәсекелестікке төтеп беруі үшін сапалы маман қажеттігіне тоқталды. Маман дайындаудың маңызды шарты кәсіптік тәжірибені өткізу болашақ мамандардың кәсіптік құзыреттілігін қалыптасуына іскерлік пен кәсіби дағдыларын меңгерудегі роліне және мұның маман даярлаудағы маңызды да шешуші фактор екендігіне жиналғандардың  назарын аударды.   Сапалы кәсіби білім беру – әлеуметтік серіктестіктің нәтижесі екендігіне тоқталған «Рауан» көпсалалы колледжінің директоры  М.О.Косымбаева оқу орны мен серіктестікпен бірлескен жұмыстар туралы айтып өз тәжірибесімен бөлісті. «Бізбен бірге бар әлем!» тәрбиеленушілер мен  аталмыш колледж студенттерінің музыкалық композициясынан (музыкалық сәлемдесуінен) кейін кезек «Рауан» ЖТДО-ң әдіскері С.С.Дошимоваға берілді. Ол болашақ педагог мамандарды кәсіби қалыптастыруда кәсіптік практиканың рөліне тоқталды. Өндірістік тәжірибені әдістемемен жабдықтау – жас маманның жетістікке жету кепілі  тақырыбында ой қозғаған   «Рауан»  ЖТДО-ң жоғары санатты тәрбиешісі Г.А. Тимошенко тәжірибеден өту барысында  болашақ маманның қызығушылықтарын арттыратындығын, өздігінен білім алуын арнайы пәндер бойынша  білімін бекіту іскерлігін қалыптастыруға көмектесетіндігіне тоқталды.

«Рауан» көпсалалы колледжінің ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары А.Т.Турмаганбетованың  Тәжірибелік  оқытуды  өндірісте ұйымдастырудың  тиімді  жолдары тақырыбындағы дәрісі және  Арнаулы пән оқытушыларының интерактивті сабақтар жүргізудегі кәсіби құзыреттілігі  бойынша  өткізген тәжірибелік сабағы мен шебер-класы курс тыңдаушыларының  бойында қызығушылық  тудырып, өздерінің тәжірибелік маңызды ақпарат алып қана қоймай , сабақта пайдалануға қажетті тиімді әдістерді меңгергені үшін ризашылықтарын білдірді. Шара соңында рефлексиялық нысана арқылы семинар нәтижесі  қорытындыланды.

 

   Абулхайрова Г.Е.

 «Өрлеу» БАҰО АҚФ

Ақтөбе облысы бойынша

ПКБАИ бөлімінің жетекші маманы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.