2016 жылдың 27  қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы  бойынша  педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты «Үштілді білім беру: ізденіс, проблемалар және даму болашағы» тақырыбымен  on-line режимінде  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты -  білім беру саласында үштілділікті басым бағыт ретінде ұстанудың қазіргі жайы мен болашағын талқылау. Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.

Конференция жұмысына шекаралық, аймақтық серіктестікті нығайту мақсатында көршілес Ресей мемлекетінен Орынбор Мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік педагогика және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д, профессор Сальцева Светлана Васильевна; п.ғ.д., профессор Жданова Светлана Николаевна қатысты.

Инновациялық тәжірибе алмасу мақсатындағы  зерттеу мәселелері бойынша Конфуций институтының директоры, Цин Зун академигі, профессор  Ли Цзяньхун,  Конфуций институтының директоры ф.ғ.д., профессор Шоқым Гүлжан Тынышбайқызы, Ақтөбе қаласы «Назарбаев зияткерлік мектебі» директорының  орынбасары  (АҚШ) азаматы  Нейтон Лоурер, Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының директоры (Түркия азаматы) Мызрак Якуп, Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының тілдер кафедрасының меңгерушісі Баймуратова Зинаида Жахиевна,  ААМУ ф.ғ.к., доцент Жубанова Ардақ Есетовна,  сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалдарының мамандары мен жетекшілері сөз қозғады.

Пленарлық мәжілісті институт директоры м.а. ф.ғ.к. Абишева Н.М. ашып, білім мазмұнын жаңарту аясында көпмәдениетті ортада тұлға дамуының негізі  үштілділік мәселелеріне баса назар аударылды.

 On-line режиміндегі конференция жұмысына: «Өрлеу» БАҰО АҚФ Тараз қаласы бойынша ПҚБАИ Жуматаева Меруерт Муратовна; Орынбор облыстық  Нежинск лицейінің директоры  Жоламанова Жанчак Болабековна; Қытай Халық Республикасының Іле педагогикалық университетінің профессоры Жүніс Нурсара; Әл-Фараби атындағы КазҰУ  ф.ғ.д., профессоры Жубанова Айнаш Ахметовна,  Алматы қаласы Сүлеймен Демирел атындағы университетінің п.ғ.к., профессор Сыздықов Канат Әлімбекұлы қатысты.

Конференцияның екінші жартысы 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды:

  1. Үштілділік – әлемдік білім кеңістігінде полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі.
  2. Үштілділік тұжырымдамасы жоғары білімді мемлекеттің бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау құралы ретінде.
  3. Тіл пәндері мұғалімдерінің үштілділікке бағытталған кәсіби құзыреттілігін дамытуда біліктілікті жетілдіру жүйесінің рөлі.
  4. Жаңартылған мектеп бағдарламасы жүйесінде үштілділікті тиімді енгізу жолдары.
  5. CLIL кіріктірілген оқыту бағдарламасы негізінде ғылыми - жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі.

Панельдік сессия форматында зерттеліп отырған тақырып бойынша эксперттік дискуссияға түсіп, модераторлар қатысушыларға сұрақтар қою негізінде диалогтық қарым-қатынасқа түсіп белсенділік танытты.

Конференция қорытындысында Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті және Қытай халық Республикасынан Конфуций атындағы институтпен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Конференция  жұмысы  ұсыныстар қабылдаумен, белсенді қатысушыларды марапаттаумен аяқталды.

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

Дүйсенбаев А.К.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ

Ақтөбе облысы бойынша

ПКБАИ кафедрасының меңгерушісі 

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.