«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының ғалымдары мен профессорлық - оқытушылық құрамы  Ғылыми  кеңесте бас қосып, бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірегейіне айналып отырған педагогтың кәсіби дамуына ғылыми –ізденушілік жұмыстың әсерін  талқылады. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  ДБО жетекшісі, п.ғ.к. Е.С.Давлеткалиева институтта кафедралармен бірігіп атқарылып отырған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталып, қаралған мәселе  бойынша эксперимент жұмыстарының жетекшісі ретінде көпшілікке өз талдауын ұсынды. Аталмыш  мәселеге қатысты  сөз алған п.ғ.к., доцент,  мұғалімдердің педагогикалық–психологиялық дамуын жетілдіру  кафедрасының  меңгерушісі А.К.Каплиева және  п.ғ.к., мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасының меңгерушісі А.М.Тоқсанбаев кафедра тарапынан жасалған жұмыстарын ғылыми кеңес мүшелерімен ортаға салды. Келесі кезекте көпшілік назары Филиалдың жедел жоспарының тиімді орындалуын жүзеге асыру, зерделеу және талдауға аударылды. Бұл мәселеге қатысты өз баяндамасын инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету  бөлімінің бас маманы А.К.Табынбаева ұсынды.  Сонымен қатар баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімінің ұйымдастыру – үйлестіру жұмыстарының жаңа мүмкіндіктері, талдауы мен нәтижелері бойынша баспа бөлімі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімі басшысы М.Ш.Нурмуханбетова филиалда жасалған жұмыстарға тоқталды. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер қызу талқыланғаннан кейін  ғылыми кеңес мүшелері баяндамашылар ұсынған кеңес шешімдерінің жобасын бірауыздан қабылдап, ұжым болып атқарылатын жұмыстарды жаңа серпіліспен орындауға бір мәмілеге келіп   тарқасты.

 

 Абулхайрова Г.Е.

 «Өрлеу» БАҰО АҚФ

Ақтөбе облысы бойынша

ПКБАИ бөлімінің жетекші маманы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.