2016-жылдың 19-қыркүйегі мен 29-қазан аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру» бағдарламасының «Жалпыадамзаттық құндылықтар деңгейі» бойынша (базалық) курсына облыстың білім беру мекемелерінен 50 педагог (28-і қазақ, 22-і орыс тілдерінде) қатысты.

Курстың соңында тыңдаушылардан кәсіби біліктілігін жетілдіру, шығармашылық құзыреттілігін дамытуға негізделген, рухани-адамгершілік құндылықтарды игеру деңгейін анықтау бойынша біліктілік емтиханы алынды.

Емтиханға тыңдаушылар толығымен қатыстырылды. Емтиханға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары М.Б.Утепов, Г.К.Баймахановалар мен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру» бағдарламасының «Жалпыадамзаттық құндылықтар» бойынша (базалық) курсының тренерлері А.С.Токбасова, Л.А.Култаевалар эксперт ретінде сынақ қабылдады.

Институт директорының м.а. Н.М.Абишеваның қатысуымен қазан айының 28-жұлдызында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 360 сағаттық біліктілікті арттыру (базалық) курсының тыңдаушылары арасында «Жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, өзара пікірлесіп, ой қорытып, курсты аяқтады.

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.