2016 жылдың  2-қарашасында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы  бойынша  педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты»  «Дінтану курсын оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері» тақырыбындағы арнаулы курс аясында  «Дін және дәстүр» тақырыбында облыстық семинар өткізді.                   

Семинар жұмысын  институт директоры, ф.ғ.к., доцент  - Абишева Нургуль Молдабаевна ашты. Семинарда М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медицина университеті «Саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасының меңгерушісі, фил.ғ.д., профессор - Тайжанов Алтай Тайжанұлы Қазақстандағы діни білім мен рухани тәрбие беру үрдістеріне тоқталды. Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы - Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы мен «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы - Сүлейменов Жандаулет Отарбайұлы  дін мен дәстүр және радикалды діни ағымдардың қоғамға кері әсері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы - Бекназаров Рақым Ағыбайұлы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталық әдіскері - Турмашева Асия Кадыровна, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессорлық оқытушылық құрамы және облыстың жалпы білім беретін мектептердің дінтану пәні мұғалімдері қатысты. Отырыста қазіргі кездегі облыстағы діни мәселелер, соның ішінде діни ағымдармен күресу жолдарындағы өзектілік пен оны шешу жолдары туралы кең көлемде  талқылау, талдау жасап, тыңдаушылар тарапынан  өзіндік  ойлар  айтылды.

Семинардың «Ашық микрофон» айдарында шақырылған қонақтарға қарастырылып отырған «Дін және дәстүр» тақырыбында мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылып мағыналы жауаптар алынды.  

Семинардың қорытындысында Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы -Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы барлық мұғалімдерді өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде, отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

 

 

Дуйсенбаев А.К.,

жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.