«Дуалды оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында арнайы пән оқытушылары  кәсіпкерлер Палатасында болған кездесуде орта және шағын бизнесті дамытуға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Тыңдаушылар курс барысында ғылыми-теориялық, әдіснамалық тұрғыдан алған білімдерін кәсіпорындарда тәжірибемен сабақтастырды. Тәжірибелік сабақтар топтамасымен танысу барысында «Әлеуметтік серіктестіктерді дамыту - сапалы кадрларды даярлаудың кепілі», «Кәсіптік  мамандықтарды заман талабына сай  даярлаудағы  арнаулы пән оқытушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары», «Дуалды оқыту жағдайында арнаулы пән оқытушыларының интерактивті сабақтар жүргізудегі әдістері және тәжірибелік оқытуды өндірісте ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыптарында арнайы мамандар жан-жақты  қажетті ақпарттарды бере отырып,  қазіргі заманауи форматтағы шетелдік технологиялармен жұмыс жасауды үйретті.

Соның ішінде экономиканың кластерлік саласын дамытуда өзіндік үлесі бар сүт өнімдерін өндіретін   «Айс» ЖШС және  «Актөбе полиэтилен құбырлар зауыты» ЖШС қалдықсыз өнім шығару өндірістерінде тәжірибелік сабақтар педагогтардың кәсіби құзыреттіліктері мен шеберліктерін жетілдіруге ықпалын тигізді. «Айс» сүт зауытының технологі - Г.Р.Аргатюк өндірістегі технологиялық процестерді нақты түсіндіріп, өнеркәсіптің шетелдік (Германия) компаниялардан сатылып алынған  заманауи құрал-жабдықтарын пайдалану ерекшеліктеріне тоқталса, «Актөбе полиэтилен құбырлар»  зауытының бас инженері - Б.М.Дузбаев  Германия мемлекетінің іс-тәжірибесімен бөлісті.   

Бәсекеге қабілетті,  өндірістің жаңа технологияларын меңгерген мамандар даярлаудағы тың идеялар мен мазмұнды  тақырыптарға толы аталмыш курстардың  алдағы уақытта  өз жемісін берері сөзсіз.   

 

                                                                                          Инновациялық дамуды әдістемелік

қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы

 Г.Е. Абулхайрова

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.