Мектеп психологтарына арналған

«Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау,  жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы

Өту мерзімі: 31.10.-11.11.2016 ж.

 

Қазір білім мен тәрбие мазмұнын жаңарту мақсатында оқушылардың денсаулығын және психологиялық қауіпсіздігін қорғау, әрбір білім беру ұйымдарының және мұғалімнің жұмысында міндетті бағдары және осы заманғы білім берудегі жетістіктері болып табылады. Қазіргі жағдайда тәрбие беру мен әлеуметтендірудің үйреншікті сызбалары қарқынды емес екендігі анық, сондықтан да жаңа шарттарға жауап беретін тәрбие беруде жүйелі жаңару қажеттілігі туындады.

31.10.-11.11. 2016 ж аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облыстық филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мектеп психологтарының «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтіп жатыр. Курс мақсаты – білім беру ортасында психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқушылардың психикалық денсаулығын сақтауда мектептің психологиялық қызметінің әрекетінің негізігі бағыттарын талқылау.

Курс аясында «Педагог-психологтің күш көрсетуді болдырмау мен өзіне-өзі қол жұмсаудың  алдын алу бойынша отбасымен жұмыс жүйесі» тақырыбында тәжірибелік сабақта аға оқытушы Қ.З. Сансызбаева курс тыңдаушысы О.А. Топильскаямен бірлесіп «Өмір құндылықтары» тренингін өткізді. Тренинг мақсаты – жасөспірімдерге өмірдің құндылығын көрсету, өмірлік мақсаттарға оң көзқарасты қалыптастыру, өмірге құштарлықты қалыптастыру. Тренинг басында Қ.З. Сансызбаева тыңдаушыларға балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері, түрлері туралы айтылды. Мектеп психологтарының қол жұмсауды алдын алуда, зорлық-зомбылықты болдырмауда өткізілетін іс-шаралары, жұмыс түрлері талқыланды.

Тренингті О.А.Топильская тыңдаушылармен сергіту сәтінен басталып, түрлі жаттығулармен жалғасты. Тренинг модераторлары Қ.З. Сансызбаева мен О.А. Топильская тыңдаушылар алынған ақпарат пен өздерінің тәжірибесіне сүйеніп талқыланып отырған мәселені сезіну үшін жағдай жасауға тырысты. Жаттығулар барысында тренингке қатысушылар өздерінің өмірлік құндылықтарын маңыздылығына қарай жіктеді. Тренинг соңында қатысушылар бір-бірімен пікір бөлісті. Тренинг тыңдаушылардың белсенді қатысуымен өтті.

 Қ.З.Сансызбаева,

курс жетекшісі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.