«Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру  кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі»  атты арнаулы курс аясында «Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік» тақырыбындағы семинар

 

2016 жылдың 4-қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» кітапханасында «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру  кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі» атты арнаулы курс аясында «Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік» тақырыбында   семинар өтті.

Семинар барысында педагогика, психология, білім беру, мәдениет салалары бойынша кітапхана қорындағы басылымдардан кең көлемдегі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар Интернет желісіндегі «Тwig-bilim»,«BilimLand» білім беру платформалары, «iTest», «iMektep» виртуалды кешендері, заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпарат беретін «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы таныстырылды. Семинар нысаны Қазақстан Республикасының электрондық кітапханасы, кітап.кz, әдебиет, тарих порталдарының  мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында «Кітапхананың ақпараттық функциясы: ілім және заманауи тәжірибе » тақырыбындағы оқыту тренингін өткізумен жалғасты.

Кітапхана қызметкерлері  Н.Н Ермекова және Р.К.Назарбаеваның ұйымдастыруымен семинарға қатысушы кітапханашылар  арасында  заманауи білім берудегі өзекті мәселе болып саналатын  оқушылардың кітап оқуға деген  қызығушылығын арттыруға бейімделген көрме ұйымдастырудан шебер класс өткізілді.

Семинар соңында кітапхана қызметкерлері мектеп оқытушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Шынтасова Г.Е.,

                                                                                                                                   кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.