«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ жоспарына сай 31.10-11.11.2016 жыл аралығында Мұғалжар ауданы Ембі қаласы №1 орта мектеп базасында пән мұғалімдеріне арналған «Білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық ойлары аясында оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың күнтізбелік жоспарына сәйкес пән мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығын арттыру мақсатында «Өрлеу БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ,  деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Б.З.Асанбайдың жетекшілігімен «Білім беру жаңа философия контекстінде білім беру үрдісіндегі құзыреттілік тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Жаңартылған бағдарлама идеяларын жүзеге асыру аясында  тұлғаның бойында білім, білік, дағды, іскерлік, бәсекеге қабілеттілік, алған білімін өз қажеттілігіне сəйкес қолдана білу  дағдыларын қалыптастыруда  мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын дамыту.

Дөңгелек үстелде мұғалімдердің ақпараттық, коммуникативтік, əлеуметтік-құқықтық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған жұмыстар және оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері қарастырылды. Осы бағыттағы жұмыстарды сабақта қолданутүрлері, тәсілдері туралы  курс тыңдаушылары тәжірибелерімен алмасты. Топтық жұмыс арқылы мини-дәріс, ықшам сабақ түрлері ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе мұғалімдер жаңартылған  бағдарлама идеяларын жүзеге асырып, білім, білік, дағды, іскерлік, бәсекеге қабілеттіліктерін қолдана білді.  Алған білімдерін оқу процесіне енгізіп, пайдаланады.

Асанбай Б.З.,

деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.