Қазіргі таңда елімізде білім берудің мазмұны жаңарып, сапалы білім беруге жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білуге үйрету міндеті тұр. Ендеше, білім беру мазмұнын жаңарту – заман талабы. Осыған орай, «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында   ағымдағы жылдың 24.10-18.11 аралығында    қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне  ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша  біліктілікті  арттыру курсы жүргізілуде.  

Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты - орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.  Бағдарламаның ерекшелігі оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге бағытталған.

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыруда    мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын және мақсаттарын біліп түсінуімен қатар, бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдануды меңгеруде. Теориялық білімді игерип қана қоймай, тәжірибемен ұштастырып, сабақ барысында спиральді білім беру бағдарламасы, тиімді оқу және оқыту, белсенді оқу, тиімді қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру, сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту бойынша   (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), оқу және оқыту үшін критериалды бағалау, белсенді оқудың стратегияларымен тиімді  жұмыстар жүргізілуде. Сабақ барысындағы тапсырмалар мақсатқа  жетуге  көзделген.

Педагогтер бастауыш және орта білім мазмұнын жаңарту аясында өз кәсіби шығармашылық құзіреттіліктерін жетілдіруде жаңартылған білім беру бағдарламасын толықтай қолдайды.

 

 Жапакова Гулдана Каныбековна,

Институт аға оқытушысы, тренер 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.