«Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы аясында 

Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабынан шығармалар оқу айлығы

 

2016 жылдың қазан айынан бастап ұйымдастырылған«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы барысында қазақ сөз зергерлерінің әдебиетке, соның iшiнде поэзияға  қоғамдық сипат берген, поэзияны өнер  құралы деп танып, оны айта бiлген ақын Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабынан шығармалар оқу айлығы аяқталды.

 

Мәңгілік мұра тағылымындай болар жырларын кейінгі ұрпаққа өсиет ретінде қалдырған ақын шығармалары институтымыздың кітапханасында өзіндік орын алар өсиет-өнегелерімен қабысқан шаралардың біріне айналды.

Акцияға Дулат Бабатайұлының шығармаларынан тәлімді жыр шумақтарын институт қызметкерлері «жаңатехнологиялар және жаратылыстануғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»  кафедрасының меңгерушісіА.Қ.Дүйсенбаев, «мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім»кафедрасының аға оқытушысы М.Ш.Нұрмұханбетова, кітапхана қызметкерлері Н.Н.Ермекова, Г.Е.Шынтасова, Р.К.Назарбаева толғана оқыды.

Ақын шығармаларының тізбегі жарияланған кітаптармен қоса «100 кітап» жобасына орай оқылуға тиіс әдебиеттердің тізімдері институт сайты арқылы педагог қызметкерлерге ұсынылып, «Ұлы дала дүбірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тартымды жырлары, жасындай жарқылдаған өткір тілдерімен тәлімділіктің талмас биігіне шынар бола білген ақын көкірегінен шыққан ой-толғам қазіргі ұрпақ өкілдеріне үлкен өнеге.

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.