07.11-18.11.2016ж. аралығында  «Білім беру парадигмасының өзгеруі жағдайында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында мектепалды даярлықтың тәрбиешілеріне, педагогтеріне арналған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізіледі.

Білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің балаларды дамытуға деген алуан түрлі интегративті амалдарды кең таңдауға, педагогикалық үдерістерді жобалауға, Қазақстан Республикасының жаңа МДББМБС және мектеп дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа Үлгілік бағдарламасын енгізу жағдайындағы тұрақты кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруға, бейімделе алу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Курс мазмұны білім беру сапасын бағалау саласындағы нормативтік құжаттарды, квалиметрияның теориялық және практикалық мәселелерін қарастыруға, өлшемдердің мәліметтерін өңдеу және талдау, мектепке дейінгі ұйым жағдайы мен тиімділігін бағалау, т.б. бойынша тәжірибе жинақтауға бағдарланған.

Аталған курс барысында білім мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі №40 «Балдәурен» және бастауыш білім мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етудегі №27 ОМЛ мектепалды даярлық тәрбиешілері балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалану  дағдыларын дамытудағы іс – тәжірибелерімен бөлісті. Кластан тыс шаралар аясында оқушылар мен тәрбиеленушілердің коммуникативті құзыреттіліктерін дамытуда М.Монтессори әдісімен ертегілерді сахналауды көрсетті.

Семинар қорытындысында №27 ОМЛ психологы психологиялық тренинг өткізді. Тәжірибелік сабақтар тақырып бойынша мақсатына жетіп, өз шеберліктерін жетілдіруге шабыттандыра түсті.

Нурмуханбетова М.Ш.

Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.