Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 2016 жылдың 16 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары аясында «Қазіргі заманғы сабақ» тақырыбында педагогикалық жәрмеңке өткізілді.

Курс барысында мұғалімдер білім беру бағдарламасының нақты пәндік аспектілерін меңгеруде теорияны тәжірибеде жүзеге асырады. Пәннің ерекшеліктері қа­растырылатын сабақтар кезінде жаңа теория («абстрактілі ұғыну») ұсынылып, ол ықшамса­бақтардың келесі сатысында іс жүзінде қолданылады. Ықшамсабақтар жәрмеңкесі кезінде мұғалімдер «Жаратылыстану» пәнінен өздерінің оқыту тәжірибесіне «эксперимент» жасап, ол рефлексия және талқылау кезеңдерімен ұласты. «Жаратылыстану» пəні негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пəндерінің негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіруге, сипаттау және болжау жасау білігін дамытуға бағытталған.

Тыңдаушылар 4 топқа топтастырылып, жәрмеңкенің өтілу барысымен және оқыту шеберлігі, ойлау деңгейі, жаңартылған оқу бағдарламасын түсіну, жоспарлау, белсенді оқу, пәндік білім, оқушы қажеттіліктерін ескеру, критериалды бағалау қамтылған сегіз критерий бойынша бағалау нысанымен таныстырылды.

Жәрмеңке кезінде мұғалімдер «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдарға жан-жақты жауап берді.

Қазіргі заман сабағы жіті ойластырылып, түрлі мәселелерді шешуге бағытталып, ашық сұрақтар негізінде оқушыларды белсенді жұмысқа тартуды көздейді. Мұғалімдер оқыту үдерісін тиімді басқаруға дағдыланғаны жөн. Оқушылардың бойында өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыру мақсатында бастауыш сыныпқа арналған пәндердің аясында мұғалімдер әрбір оқу жылында нені оқыту керектігін және оқу сапасы қандай болу керектігін нақты білуі тиіс.

Осы міндеттерді меңгеріп, жаңартылған білім беру бағдарламасының идеясын түсінуде жәрмеңке жұмысы өнімді болды.

 

Жубаева Жангуль Онаевна,

«Мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру»

кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.